Главная страница

КПДенсаулықты нығайту силлабус 3 курс сонғысы 2021-2022 — копия.. Курсы iii семестр V


Скачать 331.08 Kb.
НазваниеКурсы iii семестр V
Дата17.02.2022
Размер331.08 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКПДенсаулықты нығайту силлабус 3 курс сонғысы 2021-2022 — копия..docx
ТипДокументы
#365220





Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқу-әдістемелік үрдіс

СМЖ ҮК-07

-тен бет

№5 нұсқасы





КЕЛІСЕМІН

БЕКІТЕМІН

Нұр- Сұлтан қаласы әкімдігінің

№3 қалалық емханасының

Директордың ОӨЖ бойынша орынбасары

Бас медбикесі

__________ Кадышева И.В.

«__» __________20__ж.

__________ Капаева Ш.А.

«__» __________20__ж.



Силлабус

Мамандығы: 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302043 «Жалпы практикадағы мейіргер»

Оқыту түрі: күндізгі

Оқытудың мөлшерленген мерзімі: 3 жыл 10 ай

Циклдер мен пәндердің индексі: ЖКП - 2

Курсы III

Семестр V

Пәні: «Денсаулықты нығайту»

Бақылау түрі: емтихан

Барлық сағаттардың/кредиттердің КZ жалпы еңбек сыйымдылығы 120/5

БӨЖ – 30

БОӨЖ – 5

Аудиториялық – 10

Симуляция – 35

Клиникалық тәжірибе - 40

Нұр-Сұлтан қаласы, 2021
ЖМББС ТжКББ (орта білімнен кейінгі) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау

Министрлігінің №ҚР ДСМ 12/2020 21.02.2020 бекітілген бұйрығы негізінде

Құрастырылды

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 27.02.2020 ж. тіркеу №20071

кім және қай уақытта бекіткен

«Денсаулықты нығайту»пәні бойынша силлабусы

пәннің атауы
Мамандығы 09130100 «Мейіргер ісі»

мамандықтың шифры мен атауы
Біліктілігі 0302043 «Жалпы практикадағы мейіргер»

біліктіліктің шифры мен атауы
Оқытушы Арынбекова А.А

Т.А.Ә.
Пәндік-циклдік комиссия отырысында қаралды

№ 3 ЦӘК жалпы кәсіптік және арнайы пәндер отырысында қаралған__________________

атауы

«__» __________ 2021ж. № ___ хаттама
Төрайымы Карабаева Ж. С.

Т.А.Ә.

Кесілді

Оқу – әдістемелік бөлім басшысы: Тлеужанова А.Б ________________________________

«__» __________ 2021ж.

1.7 Оқытушы туралы мәліметтер:



Аты-жөні

Қызметі

Дәрежесі

1.

Арынбекова Акмарал Абзаловна

Арнайы пәндер оқытушысы

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі



1.8 Байланыс хабарламасы: Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледжі» МКҚК Ш. Құдайбердіұлы көшесі, 16 үй

«Арнайы пәндер» кафедрасы

Сайт www.Astanamed.kz lrc_colled@mail.ru

1.9. Пәннің саясаты: Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледжі» МКҚК 2020-2021 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес бағдарламасын енгізу туралы бұйрығына сәйкес студенттердің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және сумативті (күнделікті бағалау, аралық бақылау, қорытынды сабақ, емтихан) түрінде жүргізіледі.

Студенттердің сабаққа қатыспаған күндері 72 сағаттан аспауы керек (себепсіз сабақ

босатылмауы тиіс). Денсаулығына байланысты босатқан күндер 72 сағат ішіне кірмейді.

Денсаулығына байланысты босатқан күндеріне поликлиникадан анықтама қағаз алуы

тиіс. Босатылған күндері 10 күн ішінде өтелуі қажет (өз бетінше дайындалу және

уақытты өтеп қарыз сабақтары бағаланады). Студент емтиханға қатысу үшін қажетті

балл (1,0-4,0) жинауы қажет. Емтихан қатысу немесе қатыспауы жайында студетке

алдын ала ескертілуі керек.

2.Бағдарлама:

2.1.Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бөлімінің 1 бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі деп көрсетілген. Ал адам өмірінің қорғаушысының бірі медицина мамандары. Жоғары білімді медбике дайындауда оның заман талабына сай бәсекеге қабілетті, құзіретті білімді маман болуына аса көңіл бөліну керек.

Елімізде орта буынды жоғары білімді медбикеге деген қажеттілік бүгінгі таңда жоғары. Жоғары білімді медбике техниканы менгерген, экономика және финансқа қатысты мәселелерді де шеше білетін жан-жақты маман болуы тиіс.

2.2. курсты (пәнді) оқыту мақсаты және міндеттері

Курсты (пәнді) оқыту мақсаты:

  1. Халықтың денсаулығын, салауатты өмір салтын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алуы болып табылады.


2.3 Курсты (пәнді) оқытудағы негізгі міндеттер:

1. Салауатты өмір салтты мәселесі жәйлі ұжымның яғыни әрбір мүшесінің ортақ жауапкершілік принципін қалыптастыру.

2. Салауатты өмір салтын ынталандыруға бағытталған білім беру жүйесін құру және қолдау арқылы біздің қазіргі денсаулықты нығайту бойынша ақпаратты арттыру, жарақаттануды алдын алу, денені шынықтыру т.б. мәселелер бойынша тұрақты ағарту жұмыстарын жұзеге асыру .

3. Профилактикалық құрымдас қызметін кеңейту.

4. Бүкіл халық үшін профилактикалық қызметтердің қажетімділігін арттыру.

5. Ауру жүйесі мен денсаулығын сақтау және нығайту мәселсі бойынша қоғамдық хабарлық деңгейін тәуекел факторларына мониторинг қалыптастыру және жетілдіру.

6. Салауатты өмір принципін іске асыру үшін жағдай жасау (салауатты өмір салтын іске асыру үшін инфрақұрылымдылық).

2.4.1.Курсты (пәнді) оқыту нәтижесінде студентте қалыптасатын құзыреттіліктер:
БАЗАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР (БҚ):

БҚ – 1. Оқыту

БҚ – 4. Инновациялар

КҚ – 4. Денсаулықты нығайту

КҚ – 5. Оқыту және басшылық (жетекшілік)
БАЗАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР (БҚ):

БҚ- 1. ОҚЫТУ: белсенді оқыту мақсатта жеке және топта ақпаратты басқару дағдыларын пайдалана отырып, сын тұрғысынан ойлау және шешім қабылдау барысында қажеттілік.

БҚ-1.1. ЖЕКЕ ДАМЫТУ: бұл олардың үздіксіз кәсіби дамытудың ұзақ мерзімді жоспарлау жауапкершілікті қабылдайды, сондай-ақ өз мақсаттарына жету үшін ең тиімді оқыту әдістерін таңдайды.

БҚ-1.2. ТОПТА ОҚЫТУ: бұл ұжымдық міндеттерді анық және уақытылы орындау, топтық мақсаттарға жету үшін тобында білім, тәжірибе және ресурстарды оқыту үшін жауапкершілікті көрсетеді.

БҚ-1.3. АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ ДАҒДЫЛАРЫ: өз ақпараттық қажеттіліктерін анықтау, түрлі көздерден ақпаратты бағалауға сыни табу және, ақпараттық іздеу басым бағыттарын анықтайды, іс жүзінде ақпаратты жинақтау және қолдану.

БҚ-1.4. СЫНИ ОЙЛАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ: логикалық фактілер мен пікірлерін талдай, сынақ гипотезалар және оқиғалардың ықтималдығын бағалайды, қорытынды жасауға және шешім қабылдау үшін мәселені және әлеуетті шешімдерді анықтайды.

БҚ-4. ИННОВАЦИЯЛАР: шығармашылық тиімділігі мен нәтижелігін арттыру үшін пайдаланылатын және қазіргі заманғы технологияларды еңгізу, жеке және топтарда түрлі тапсырмалар мен мәселелерді шеше алады.

БҚ-4.1. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ:бұл жаңа және жақсартылған шешімдерді табу, түрлі қиын жағдайлар мен проблемаларды (мәселелерді) шешуге шығармашылық қабылетті.

БҚ-4.2.ӘЛУМЕТТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӨЗАРА ӘРЕКЕТ: түрлі кәсіптер, пікір және тәжірибе бар адамдардың командасы жұмысының тәтижесінде жаңа идеяларға қабілетті.

БҚ-4.3. ҚАЗІРҒІ ЗАМАНҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНКАЕ,ҚНОЛУ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ: технологиялық қажеттіліктерде басымдықтарын анықтау пайдаланылады және тәтижелігі мен тиімділігін арттыру үшін қазыргі заманғы технологиясын еңгізу жоспарлануда орнатады.


КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР (КҚ):

КҚ-4. ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ: ол жеке отбасылық халық және деңгейінде салауатты өмір салтын насихаттайды.

КҚ-4.1. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ЖӘНЕ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ НАСИХАТТАУ СТРАТЕГИЯСЫ: өмір жолы мен жеке өзін- өзі көмек көрсету, жылжыту, ықпал жасау жолымен денсаулығын жақсарту үшін жеке/ отбасылық/қоғамдастық деңгейінде тиімді мінез-құлық стратегияларын пайдаланады.

КҚ-4.2. ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ БАР АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ:жеке/ отбасылық/ халқы деңгейде тәуекел факторларын анықтау, алдын алу іс-шаралар жоспарлары, осындай іс –шаралар тиімділігін бағалайды.

КҚ-4.3. ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУ САЯСАТЫ: қоғамдастық деңгейінде түрлі стратегиялар мен денсаулығын нығайту саясатын насихаттау қатысады.

КҚ-5. ОҚЫТУ ЖӘНЕ БАСШЫЛЫҚ: науқастарды және түрлі топтарды оқыту және басшылық үшін мейірбике ісі материалдар әдістерінің кең спектірі бар.

КҚ-5.1. КЛИЕНТТІ /НАУҚАСТЫ/ ОТБАСЫНЫ КЛИНИКАЛЫҚ КОНТЕКСТЕ ОҚЫТУ: денсаулығын сақтау және өзін-өзі көмек көрсету үшін жеке/топтар/ отбасылар мен өз ресурстарын қажеттілігін анықтайды; оқу жоспарын әзірлейді, жоспарлауға және олардың тиімділігі мен нәтижелігін бағалауға сәйкес олардың функционалдығын кеңейту, мейірбике науқастың қызметін өзі орындауға дайындайды.

КҚ-5.2. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАР: науқастардың қажеттіліктеріне сәйкес оқыту және басқару әдістері таңдау және қолдану мүмкіндігі, олардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың автономиясын жеңілдету; оқу қызметінің тиімділігін арттыру үшін жаңа ғылыми зерттеулер негізінде клиент/науқас/отбасы мен топтар үшін білім беру және ақпараттық материалдарды әзірлеу.



2.4.2 Оқыту нәтижесі:

Теориялық оқыту нәтижесі:

  1. Ұжымдық міндеттерді анық және уақытылы орындау арқылы оқыту тобын қолдайды.

  2. Әлеуметтік маңызды аурулары бар науқастардың құқықтарын және мүдделерін қорғау үшін, кәсіби этика және деонтология пайдаланып мамандығына адалдығын көрсетеді.

  3. Дәлелді мейірбикелік іс жүзінде әлуметтік маңызды аурулардың білімдерін меңгерген.

Клиникалық практика

  1. Әлеуметтік, науқаста, мәдени ситуациялық (қоршаған орта) және әлеуметтік маңызды ауруларды жеке тәуекел факторларын анықтау және тиімді әдістері мен алдын алу шаралар мен жеке және отбасылық деңгейде әлуметтік маңызды ауруларды оңалту жолдарын таңдаңыз.

  2. Дәлелді мейірбикелік іс жүзінде әлуметтік маңызды аурулар бойынша пациентке бағдарланған медициналық көмектің дағдыларын меңгерген.

Клиникалық практика өтудегі нәтиже:

1. Жедел ауруларға пациентке бағытталған медбикелік күтімді қамтамасыз ету үшін клиникалық іс-машықтар мен технологияларды қолданады.

2. Хирургиялық стационарларда ауруханаішілік инфекцияның алдын-алу

мақсатында қауіпті факторлардың әсерінен қорғану тәсілдерін қолданады.

3. Уақытты тиімді басқару және медбикелік күтімді уақытылы көрсету үшін жедел

аурулар кезінде пациент жағдайын бағалайды.

4.Кәсіби іс-әрекетінің сапасын жақсарту үшін құрдастарының және өзінің медбикелік күтімді меңгеру іс-машықтарының деңгейін сын тұрғысынан бағалайды.

2.5 Пререквизиттер тізімі (оқытылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, іс-машықтықтар мен коммуникативтік дағдыларды қамтитын пәндер) (курстың пререквизитері мен постреквизиттеріне сауатты түрде сипаттама беру курсты (пәнді) игерудің маңыздылығы мен өзектілігін аша түседі)





Курстың (пәннің) аты


1

Медбикелік іс негіздері

2

Жұқпалы аурулар мен эпидемиологияда м/і

3

Микробиология

4.

Әлеуметтік мәңізі бар аурулар



2.6 Постреквизиттер тізімі (аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, іс-машықтықтар мен коммуникативтік дағдыларды қажет ететін пәндер)




Курстың (пәннің) аты


1

Әртүрлі жас категориясындағы медбикелік іс


2

Созылмалы аурулардағы медбикелік күтім


3

Фармакология, фармакотерапия және медициналық калькуляциялар



2.6.КУРСтың (ПӘН) қысқаша мазмұны

Денсаулықты нығайту, әлуметтік маңыздылығы бар ауруларды алдын-алу, медицина қызметкерлері мен пациенттердің арақатынасы , мейірбике жұмысын ұйымдастыру, медбикенің клиникалық тәжірибеcі арқылы пациенттерерге алдын алу шараларын ұйрету.
2.7 Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқуәдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде ақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс;


Р/н

Тапсырма тақырыптары

Бақылау формасы

Сағат саны

1

2003 жылғы 21 мамырдағы темекіні бақылау жөніндегі негіздемелік конвенция.

ХХІ ғасырдағы ДДСҰ-ның денсаулық сақтау стратегиясының міндеттері.


Презентация,реферат


5

2

Медициналық ұйымдарда медициналық қалдықтарды жинау және сақтау мәселелері.



Презентация,реферат


5

3

Миокард инфарктісінің алдын-алу

Презентация, реферат

5

4

ҚР-да ДСМ-нің бекіткен «Денсаулық 2016-2020» стратегиясының мақсаттары мен мемлекттік мәселелері


Презентация,реферат

5



5

ВИЧ ауруынын алдын алу

Презентация,реферат

5


6

Электромагниттік сәулеленудің әсерінен аурулардың алдын алу


Презентация,реферат


5

Барлығы 30



2.7.1
Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ) - бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы


Р/н

Тапсырма тақырыптары

Бақылау формасы

Сағат саны

1

Жедел ішек инфекцияларының алдын алу.

Жедел ішек инфекцияларының алдын алу.

1

2

Жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларының алдын алу.

Жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларының алдын алу. Жүрек қан-тамыр ауруларының себептері.

1

3

Дәрумендер мен микроэлементтердің маңыздылығы.

Дәрумендер мен микроэлементтердің маңыздылығы. Құнарлы тағамдар.

1

4

Бір жасқа дейінгі балалардың тамақтануы. Ана сүтімен емізу.

Бір жасқа дейінгі балалардың тамақтануы. Ана сүтімен емізу.

1

5

Денсаулық мектебінің маңызы.

Денсаулық мектебінің қызметтері.

1

Барлығы 5


2.7.2 Аудиториялық сабақ (дәріс) (Оқытушының немесе басқа тұлғаның түрлі оқыту тәсілдерін қолданып, ауызша және визуальды презентация арқылы интерактивті (студенттердің белсенді қатысуы) формада жүргізу ұсынылатын, топ мүшелерінің барлығының қатысуымен аудиторияда жүргізілетін оқыту тәсілі)


Р/н

Дәріс тақырыптары

Тақырыптардың мазмұны

Сағат саны

1

Салауатты өмір салты туралы түсінік. Салауатты өмір салтының принциптері. Салауатты өмір салтын насихаттау

Қауіп-қатер факторлардың профилактикасы. Шылым шегудің профилактикасы

Салауатты өмір салты туралы түсінік. Салауатты өмір салтының принциптері. Сала Қауіп-қатер факторлардың профилактикасы. Шылым шегудің профилактикасы туралы

түсінік. Салауатты өмір салтын насихаттау.

2

2

Репродуктивтік денсаулық туралы түсінік. Денсаулық және өмір сапасы

Репродуктивтік денсаулық туралы түсінік. Денсаулық және өмір сапасы, жыныстық қатынас, жыныстық жетілу, жеке бас гигиена.


2

3

Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі глаукоманың алдын алу

Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі глаукоманың алдын алу кезеңіндегі медбикенің рөлі.

2

4

Алғашқы медициналық- санитарлық көмек шеңберіндегі жыныстық жолмен берілетін аурулардың профилактикасы

Алғашқы медициналық- санитарлық көмек шеңберіндегі жыныстық жолмен берілетін аурулардың профилактикасы туралы түсінік.

2

5

Жедел тыныс алу жүйелерінің вирустық инфекцияларының алдын алу

Жедел тыныс алу жүйелерінің вирустық инфекцияларының алдын алу туралы

түсінік. Жоғары тыныс жолы аурулары.

2

Барлығы 10


2.7.3 Симуляциялық/лабораториялық (клиникаға дейінгі) сабақ (шынайы жағдайға жақындатып ойластырылған әр түрлі клиникалық сценарийлер бойынша студенттердің арнайы жасақталған симуляциялық кабинеттерде/ лабораторияларда әр түрлі симуляциялық технологияларды, стандартталған пациенттерді қолданып жаттығуға арналған оқыту тәсілі)





Тақырыптардың атауы

Қысқаша мазмұны

Сағат саны

1

Аурушаңдылық.

«Қант диабеті» мектебі. Артық салмақтың адам ағзасына тигізетін әсері.

1. Аурушаңдылық.

2. Аурушаңдыққа әкелетін факторлар.

3. «Қант диабеті» мектебінің қызметі және маңыздылығы.

4. Артық салмақтың адам ағзасына тигізетін әсері.

5. Артық салмақтан арылу үшін қолданылатын диета.

6


2

«Дені сау бала» мектебінің қызметі

Уақытша еңбекке жарамсыздық пен аурушаңдық көрсеткіштер.

Мінез-құлықтық қауіп факторлары Мінез-құлықтық қауіп факторлары туралы ақпарат.

1. «Дені сау бала» мектебінің қызметі және маңыздылығы.

2. Уақытша еңбекке жарамсыздық пен аурушаңдық көрсеткіштер.

3. Мінез-құлықтық қауіп факторлары туралы ақпарат.

6


3.

Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық сауаттылығы.

Вирус гепатиті таралуының алдын алу шаралары.

«Бронхиалды астма» мектебі .

1. Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық сауаттылығы.

2. Вирус гепатиті таралуының алдын алу шаралары.

3. «Бронхиалды астма» мектебінің қызметі және маңыздылығы.

6



4

Жүрек ауруларының алдын алу шаралары.

Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функциялық жағдайына әсерлері.

1. Артериалық гипертензия» мектебінің қызметі және маңыздылығы.

2. Жүректің ишемиялық ауруларына алып келетін фактор,алдын алу шаралары.

3. Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функциялық жағдайына әсерлері.

6



5.

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Туберкулез ауруының алдын алу. Вакцинация.

1. Аса қауіпті жұқпалы аурулар, олардың таралу жолы, белгілері, алдын алу шаралары.

2. Туберкулез ауруына әсер ететін факторлар және алдын алу.

3. Вакцинация және егу шараларының күнтізбесі.

6


6.

Қатерлі ісік ауруының алдын алу шаралары.

1.Өкпе қатерлі ісігі, әсер етуші фактор, алдын-алу шаралары.

2. Жатыр мойыны қатерлі ісігі, әсер етуші факторлар, алдын алу шаралары.


5


Барлығы 35


2.7.4 Клиникадағы тәжірибе


Р/н

Тапсырма тақырыптары

Бақылау формасы

Сағат саны

1.

Скринингтік зерттеудің негізгі бағыттары. Қазақстанда онкологиялық ауруларды анықтау.

Арнайы тұлғалар үшін пайдаланылатын балаларға, жүкті әйелдер, ересек адамдарға арналған оқыту құралдары.

Жеке пациенттің,отбасының және топтың өзіне өзі көмек көрсетуінің және дұрыс тамақтануының мотивациясы


Күнделік есебі


6

2.

Туберкулезге қарсы іс-шараларда химизатор кабинетінің атқаратын жұмысы.

Денсаулықты нығайтудағы дисциплина аралық тобы. Жеке кеңес. Топтық кеңес.


Күнделік есебі


6

3.

Жеке науқастар мен отбасылар,топтардың салауатты өмір салтына деген мотивациясы.

«Дені сау бала» кабинетінің мақсаты мен қызметтері. Дені сау бала кабинетіндегі медбикенің рөлі.

«Жүрек ишемия ауруы» денсаулық мектебі. ЖИА денсаулық мектебінің мақсаты мен міндеті


Күнделік есебі


7

4.

Денсаулық нығайту мектептерінің құжаттамалары.

Шылымға қарсы орталықтардың мақсаты.

«Қант диабеті» мектебі. Қант диабеті мектебінің мақсаты мен міндеттері. «Дені сау балалар» кабинеті.



Күнделік есебі



7

5.

Халықты скринингтік тексеру кабинеттерінің қызметі.

Аурулардың профилактикасы бойынша халықты ақпараттандыру тәсілдері. «Отбасын жоспарлау» мектебі.



Күнделік есебі


7

6.

Алғашқы медициналық- санитарлық көмек шеңберіндегі бронхиалды астманың профилактикасы. «Денсаулық» бағдарламасының іске асыру нәтижелерінің мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және көрсеткіштері.




Күнделік есебі



7

Барлығы 40


2.8. Оқыту тәсілдері:

  • Дәрістер: шолу – иллюстративті, өзекті.

  • Практикалық сабақтар: муляж, манекен және де басқа күту құралдарымен жұмыс істеу; ауызша сұрау, ситуациялық тапсырмаларды шешу; шағын топтарда жұмыс істеу; жағдайды бейнелеу.

  • Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ): өтілген практикалық сабақтар бойынша фантоммен, манекенмен, муляжбен жұмыс жасау арқылы тәжірибелік дағдыларды машықтану, оқу-клиникалық симуляциялық орталықта сабақ өту, тәжірибелік сабақта туындаған кейбір сұрақтарды тереңдете оқыту, науқас төсегінің қасындағы жұмыс, мейірбикелік ауру тарихын қорғау, презентация және реферат дайындау, дискуссия, мейірбикелік араласу картасын құру және науқасты қарау, медициналық құжаттаманы толтыру, жеке және топтық тапсырмаларды орындау шешімін талқылау, туындаған сұрақтар бойынша оқытушыдан консультация алу, аралық бақылау тапсыру.

  • Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (БӨЖ): студенттердің қосымша және электронды әдебиеттермен жұмыс жасауы, тест тапсырмаларын дайындау және шешу, мейірбикелік қажеттілік көлемінде науқасты курациялау және мейірбикелік ауру тарихын дайындау және қорғау, ситуациялық тапсырмаларды дайындау, шешу. Топтық түрде стенд, жеке түрде презентациялар дайындау және қорғау.


2.9. Білімді бағалау ережелері мен критерийлері


Бағалау әдістері

Өз-өзін бағалау, жазбаша жұмыс, емтихан.

Баға критерийлері


Үздік (А, А-): студент, этикалық құндылықтармен күтім принциптерін жанжақты түсінгенін көрсетеді. Студент, пациент күтіміндегі мамандық құзыреттілігінің ролін түсінеді. Студент, шешім қабылдай алатынын және күтімді жоспарлай алатынын көрсете алады. Студент, тәжірибелік жұмыстарды жоғары жауапкершілікпен орындайтынын көрсетеді. Күнделікті қауіпсіз тәжірибеге қолданылатын заң ұсыныстарын жеткілікті деңгейде білу. Жоғары жан-жақты мәдениеттіліктің, күнделікті тәжірибеде шешім қабыладауға, әсерін тигізетінін түсінеді. Курсты игеру мақсатымен, студент өзі қосымша ғылыми мәліметтерді ізденіп тауып қолданады.
Жақсы (В+, В-, В С+): студент, этикалық құндылықтармен күтім принциптерін түсінгенін көрсетеді. Студент, пациент күтіміндегі мамандық құзыреттілігінің ролін түсінеді. Студент, шешім қабылдай алатынын және күтімді жоспарлай алатынын көрсете алады. Студент, тәжірибелік жұмыстарды жауапкершілікпен орындайтынын көрсетеді. Күнделікті қауіпсіз тәжірибеге қолданылатын заң ұсыныстарын біледі. Жан-жақты мәдениеттіліктің, күнделікті тәжірибеде шешім қабыладауға, әсерін тигізетінін түсінеді. Курсты игеру мақсатымен, студент өзі қосымша ғылыми мәліметтерді ізденіп тауып қолданады, өзінің жіберген маңызды емес қателіктерін, өзі түзетеді, оқытушының көмегімен материалды игергенін көрсетеді.
Қанағаттанарлық (D, D+ С, С-): студентке, этикалық құндылықтармен күтім принциптерін түсіну қиындық тудырады. Студентке, пациент күтіміндегі мамандық құзыреттілігінің ролін түсіну қиындық тудырады. Студент, шешім қабылдай алатынын және күтімді жоспарлай алатынын көрсете алады. Студент, тәжірибелік жұмыстарды орындай алады. Студент, оқытушы ұсынған қосымша мәліметтерді қолданды.
Қанағаттанарлықсыз (F): студент, этикалық құндылықтармен күтім принциптерін түсінбейді. Студент, пациент күтіміндегі мамандық құзыреттілігінің ролін түсінбейді. Курс бағдарламасының жартысынан көбін игере алмады, жауаптарында маңызды қателіктер жіберді.Студент, оқытушы берген оқу әдебиетімен ғана шектелді, материалды жүйелендіру қиындық тудырды. Оқуға деген қабілеттілігін, өз білім деңгейін түсінбейді, ескертулерге мән бермейді, сабаққа салғырт қарайды.



Қорытынды бақылауды бағалау өлшемі
Қорытынды бақылауды бағалауға пәннің қорытынды бағасының R 60 %-ын құрайды, оған емтихан бағасы қосылады: Е 40%

Одан әрі қорытынды баға мына формуламен есептеледі: І = R x 0.6 + E x 0.4

Емтихан ведомосына пән бойынша қорытынды баға төмендегі кестеге сәйкес балдың сандық және әріптік мәні қойылады
Пән бойынша әріптік –баллдық – рейтингтік бағасы

Әріп жүйесіндегі баға

Сандық эквивалент

Баллдар

Дәстүрлік жүйе бойынша баға

А

4,0

95 - 100

Үздік


А-

3,67

90 - 94

В+

3,33

85 - 89

Жақсы



В

3,0

80 - 84

В-

2,67

75 - 79

С+

2,33

70 - 74

С

2,0

65 - 69

қанағаттанарлық

С-

1,67

60 – 64

D+

1,33

55 – 59

D

1,0

50 – 54

F

0

0 - 49

қанағаттанАРЛЫҚСЫЗ


3.1 Ұсынылатын әдебиеттер:

Қазақ тілінде

Негізгі

1. Онлайн ресурстар: www.who.int/tb/en/www.who. int/topics/hiv_aids/en/www.stoptb.org/wg/tb_hiv/tbics.asp/www.pih.ru/,www .tuberculosis.ru/index.htm, www.who.int/tb/ru/

2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі, 29 қыркүйек 2009 ж.

3. «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбегін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсанда № 2018 Қаулысы.

4. Ж.Н.Күмісбаева, Д.А.Даулетбаева. Жұқпалы ауруларда және эпидемиологиянда мейірбикенің ісі. «Эверо». 2014 ж.
Орыс тілінде

Негізгі:

1. Аканов А.А., Сейсенбаев А.Ш., Айтжанова Г.Б. и др. Алгоритм действий медицинских работников на уровне ПМСП по основным факторам риска хронических неинфекционных заболеваний (Методические рекомендаации для работников ПМСП). Алматы, 2000, 39 с.

2. Аканов А.А. и др. Руководство по формированию здорового образа жизни, профилактике заболеваний и укреплению здоровья (Издание первое). Алматы, 2002.

3. Здоровье - 21- здоровье для всех в 21-ом столетии. Изд.ВОЗ.Копенгаген, 1999, С.124-125 (физическая активность)..

Қосымша:

1. Қазақстан Республикасынын Денсаулық сақтау Министрлігінің әдістемелік ұсынымдары.


написать администратору сайта