Главная страница

робототехника и комплектация. КурсАкж2. Курсты жмыс Пн Мал шаруашылыы німдеріні ветеринариялы санитариялы сараптау ii таырыбы Эхикакоз кезінде сойыс німдерін вет сан сараптау. Орындаан Муратбекова А. Тексерген Серікова А. Т топ вс803


Скачать 44.78 Kb.
НазваниеКурсты жмыс Пн Мал шаруашылыы німдеріні ветеринариялы санитариялы сараптау ii таырыбы Эхикакоз кезінде сойыс німдерін вет сан сараптау. Орындаан Муратбекова А. Тексерген Серікова А. Т топ вс803
Анкорробототехника и комплектация
Дата03.09.2022
Размер44.78 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКурсАкж2.docx
ТипДокументы
#660802
страница2 из 3
1   2   3
Шығу және жұғу жолдары. Мал соңғы аралық иелердің нәжісімен бірге сыртқы ортаға түскен эхинококктың жұмырткасын сумен және азықпен қосып жұтып қою арқылы личинка түріндегі құртпен зақымданады. Жұмыртқадағы ұрықтар ішектің қабырғасына еніп, қан айналысымен бірге барлық органға тарайды да, одан личинкалар пайда болады. Соңғы аралық иелері личинкасы бар органдарды жеп зақымданады. Олардың ішектерінде одан көптеген жынысы өсіп жетілген эхинококктар өсіп-өнеді ( Қосымша Б Эхинококкоздың таралу жолдары).

Инвазияның қоздырғышының көздері – дефинитивтік қожайындар, негізінен олар: иттер, қасқырлар, шибөрілер және түлкілер, олар екінші дәрежеде болады. Иттер эхинококкозбен ауырған эхинококты қалталары бар өлген малдардың өлекселерін жеумен жұғады. Бұл жағдай көбінесе малшылардың иттерінің арасында көптеп кездеседі және де малды союдың, жарып көрудің және жоюдың ветеринарлық ережелері сақталмаған шаруашылықтарда жиі кездеседі. Инвазияға үй малдары да ұшырайды (қой, сиыр, шошқа, бұғы, түйе, ешкі, аттар). Олар негізінен алиментарлы жолмен жұқтырады да орта иелері болады.

Адамдар негізінен иттерден жұқтырады. Эхинококты қалталар малдарда маусымның барлық кезінде кездесе береді, жыл бойы болып тұрады. Жас төлде 1 жасқа дейін қалталар болмайды. Жануарлардың арасында эхинококкоздың таралуының және адамдарға жұғуының негізгі факторы болып қой да есептеледі. Бұл жағдай бұлай түсіндіріледі: біріншіден, қойларда басқа жануарларға қарағанда эхинококтық цисталар жиі пайда болады, екіншіден, қой шаруашылығы барлық халықта иттермен байланысты, үшіншіден, қойларды сол жайылып жүрген және жататын жерлеріне көптеп сояды. Бұл жерде биологиялық немесе ветеринарлық қадағалау болмай қалады.

Эхинококты инвазияның, етпен қоректенетіндермен адамдар арасындағы таратушы көзі – олар иттер. Малмен бірге, жанында әрдайым жүретін иттердің негізінен барлығы дерлік эхинококтармен зақымдалған (В.А. Бондаревтің 1955 ж.) көрсеткішінде, ал кейде қалалық иттерде де кездескен (С.Қадыров 1959 ж.).

Иттердің жұқтыру деңгейі сойылатын малдың жұқтыруымен байланысты немесе иттерге өлген немесе сойылған малдардың зақымдалған органдарын жеудің мүмкінділігіне тәуелді болып келеді. Содан соң иттердің жас шамасына да байланысты.

Эхинококкоздың адамдар арасында таралуы жөнінен Қазақстан Республикасы, бұрынғы КСРО елдері ішінде соңғы орындарды иемденеді. Өте сирек кездеседі, негізінен жас балалар арасында жиі кездесіп тұрады
1.4 Эхинококкоз ауруының патогенезі

Аталмыш ауру сүтқоректілер мен адамдарда болады. Мал арасында көбінесе қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа - жиі, ал жылқы сирек шалдығады.

Жетілген таспа құрт - эхинококтар етқоректілердің (ит, қасқыр, шибөрі т.б ) ащы ішектерінде, ал личинкалық түрі - жылауықтар тұяқты жануарлар мен адамның органдарында кездеседі.

Иттің ішегіндегі эхинококтардың жұмыртқаға толы жетілген мүшелері үзіліп, нәжіспен сыртқа шығады, сыртқы ортада ол жайылымды, суды, аула мен қораны ластайды.

Шөппен, сумен ілесіп жұмыртқалар малдың ас қорыту жүйесіне түседі. Мұнда жұмыртқадан құрт ұрығы босап шығып, қан айналымы арқылы түрлі органдарға тарайды.

Олар көбінесе өкпеде, бауырда өсіп жетіліп, көлемі жағынан әр түрлі жылауықтарға айналады .

Эхинококтың личинкалық сатысы бұршақтан бастап, баланың басындай көлемге дейін жетеді. Ит осы жылауықтарды жегеннен кейін, ішегінде сақа эхинококтар өсіп шығады. Адамдарға оның жұмыртқалары мен залалданған көкөніс пен жемістен немесе иттен жұғады.

Құрттарының өсіп өну кезеңін сақа құрттар —» одан бөлінген жұмыртқалар —» оны жеген малдар —» тізбегі түрінде көрсетуге болады. Тізбек осы ретпен қайталана береді.

Негізінен бауыр мен өкпені, көк бауырды, жүректі, жыныс мүшелерін, миды, көзді, тіпті сүйектерді де зақымдайды.

Адамның немесе малдың ағзасына түскен жылауықтар өсіп, көлемі үлғайған сайын органдар қысыла түседі. Соның салдарынан семуге ұшырайды, органдардың қалыпты қызметі бұзылады, мал арықтап өледі.

Мал ағзаларындағы жылауықтарға қарсы емдеу тәсілі әлі табылған жоқ. Адам ағзасындағы эхинококты тек хирургиялық жолмен емдейді. Соңғы жылдары бұл сырқат жиі кездесуде
1.5 Эхинококкоз ауруының клиникалық белгілері
Ауру созылмалы түрде өтеді. Шамалы зақымданғанда клиникалық белгілері білінбейді, ал күшті зақымданғанда клиникалық белгілері эхинококк личинкасының жайылуына жәие зақымдаған органдардағы оның санына байланысты болады. Өкпе зақымданған кезде арықтап, жөтел білінсе, бауыр зақымданғанда қолмен басса ауырсынады, бауырының маңайы үлкейеді, ас қорыту органдары бұзылады, өнімі төмендейді, әбден көтерем болады. Личинкаларды алғанда ішектің сірі астары мен плевриттің қабынып ауырғаны байқалады.

Сақтанудың басты шарасы - малдың өлекселерін мал сойғанда эхинококпен залалданған органдарын итке тастай салмай, өртеп көміп тастау керек.

Паразиттің жұмыртқасы асқазан - ішек трактіне түскеннен соң, олардың сыртқы қабаты ас қорыту сөлінің әсерімен ериді де, босап шыққан онкосфера, өзінің ілгектерінің көмегімен қарынның және ішектің кілегей қабығына өтеді де вена қанымен болмаса лимфа арқылы портальды жүйеге түсіп, бауырға барып тоқтайды және бүйір қуысындағы сұйықтыққа өтіп, кейде ауыр анафилактикалық шок әкелуі де мүмкін. Эхинококкты қалта, ішіндегі сколекстермен бірге, ұрықтық қабықтың үзінділерімен бүйір қуысын зақымдап және өсе бастайды. Бұл екінші эхинококкоз болып табылады. Эхинококкоз патогенезінде негізгі ролді өсіп келе жатқан қалталардың органдар мен ткандерге механикалық әсері орындайды. Сколекстер көп жағдайларда органдардың перифириялық учаскелерінде орналасады да паразиттік кистаның (түйірдің) өсуі, әрине, аз қарсылықты бағытта болады. Паразиттің жақсы өсуіне, қоршаған ткандердің жақсы қан айналым да күшті әсер етеді. Зақымданған орган деформацияға ұшырап, көлемі үлкейген болады.

Эхинококты түйіндер (киста) органның сыртында да ішіне бойлай тереңде орналасуы да мүмкін. Микроскоппен түйінді қарағанда, онда ісініп және жіңішкерген орган ткандерін байқауға болады. Органдардың сыртында орналасқан жағдайда тығыз, қатты фиброзды капсулаға көрінеді. Ол әдетте, айналасындағы ткандермен бірге бітісіп кеткен болады. Капсулада кальций тұздары жиналады. Кейде капсуланың бетін түгел басуы мүмүкін. Ол түйіндер (эхинококты түйіндер) дөңгелек немесе сопақ формада болып диаметрі 1 мм-ден 40 мм-ге дейін болады. Мөлдір сұйықтықпен толтырылған, жылтыр хитин қабығымен қоршалған, сұйықтықта ақ түсті өте майда бөлшектер – сколекстер көрінеді. Егер ішіндегі паразит өлі болса, онда кисталар тұнық емес немесе іріңді, кей жағдайларда іріңді-сүзбелі массаларды байқауға болады. Негізінде эхинококкозбен көп жағдайда (85%) бауыр зақымданады. Онкосфералардың бір бөлігі бауыр капиллярларын жанап өтіп төменгі қуысты вена арқылы кіші қан айналым шеңберімен өкпеге түседі де, сонда орнығып қалады. Аз ғана онкосфералар бөлігі артериалды - веналық анастомозға түсе отырып, үлкен қан айналым шеңберіне түсіп, қалған органға немесе тканге жетуі мүмкін. Тканьдерде онкосфера 5 айдың ішінде балапан (личинка) – эхинококты кистаға айналып, диаметрі 5-20 мм-ге жетеді. Бұдан байқайтынымыз, эхинококтар жануарлар мен адам ткандерінде біршама жай өседі. Эхинококты түйіндердің көлемі ткандердің құрылысына байланысты. Өкпеде олар тез өседі, бауырда жайырақ өседі. Сүйек тканьдерінде эхинококтар өте аз болады.

Эхинококтардың патогенезінде үлкен мәнге ие болатын нәрсе ол – қожайын организмнің паразиттің зат алмасу өнімдеріне сенсибилизациясы. Бұл аллергиялық қайта құруларға алып келеді. Паразиттің зат алмасуының өнімдері қанға сіңетіндіктен, ол организмнің улануына әкеп соғады. Сондықтан да әлсіздік, өнімділіктің төмендеуі және әрдайым крапивница тәрізді реакциялар береді [1,2,6,7].

Эхинококтардың организмге улы әсері, паразитті жұқтырғаннан кейінгі алғашқы күндерінен-ақ сезіліп, эхинококты қалтаның сұйықтығын организм сіңіре бастайды да – улануға соқтырады.

Эхинококты қалтаның сұйықтығын малдарға енгізгенде, ентігу, температураның көтерілуі, крапивница, тәбеттің төмендеуі, тышқақтық, құсу, жүрек жұмысының әлсіреуі, арықтау, кей кездерде эхинококтық қалтаның жыртылуы мен жойылуы да болуы мүмкін. Инвазиялық қойлардың қанындағы эритроциттер саны азайып, гемоглобин төмендейді де, лейкоцитарлық формулада эозинофигдердің %-ы көбейеді.

1977 ж. К.Аминжановтың көрсеткеніндей, қанның гематологиялық және биологиялық көрсеткіштерінің өзгеруі, қойлардың эхинококкозында жұқтырудың санына, уақытына, паразит балапанының (личинкасы) өсу деңгейі тәуелді болады. Қандағы жалпы белоктың көбеюі, глобулиндердің көбеюі, лейкоциттер мен эозинофилдердің көбеюі, эритроциттердің азаюы, гемоглобиндердің, ферменттердің және А, В1, В2, С витаминдерінің (дәрумендер) азаюы шығарушы капсулалармен сколекстердің дамуының уақытымен дәл келеді. Бірақ та, бұл өзгерістер басқа аурулар да болуы мүмкін. Қойларда эхинококкозда протеинограмма өзгеріске ұшырайды және өте жай болып көп айларға, тіпті 10-11 айдан соң, жұқтырғаннан соң, біршама интенсивтілігі артып отырады. Эхинококты түйірлердің айналасындағы ткандерде атрофиялық өзгерістер байқалып, олар тез өсу есебінен түйірді сығады. Кейбір жағдайларда инфильтраттар пайда болады, олар негізінен эозинофилдерден тұрады. Паренхиматозды органдардағы эхинококтық түйірлердің айналасындағы қабыну өзгерістері цирроздың кіші түрінен үлкен түріне дейін өсіп - жетілуі мүмкін. Эхинококтармен зақымданбаған көрші органдарда паренхиманың қатты қызарғандығын байқауға болады.

Мидың және өкпе эхинококкозында да эхинококтық түйірдің айналасында капсулалар пайда болып, оған жақын жерлердегі тканьдер және ми қыртыстарында инфильтрация, гидроцефалия, тамырдың қабырғасының жуандауы, некрозды өзгерістер, глиоз және олардың деформациялары байқалады
1.6 Эхинококкоз ауруының патологиялық - анатомиялық өзгерістері

Сойып қарау. Өлімтік әбден арықтаған, зақымданған органдарда көлемі әр түрлі эхинококкты көпіршіктер бар, орган көлемінен үлкейген, органның тканьдық элементтері семген. Кейде дене қуысындағы көпіршіктерді ашу салдарынан көк шандыр немесе көк ет талаурап қабынған. Эхинококкты көпіршіктерді тауып алысымен оларды тенуикольды цистицеркоздардан ажырата білу керек. Бұлар көбінесе паренхиматозды органдарға жайылады және мөлшері жағынан эхинококкоздың личинкасына ұқсас. Цистицеркалардың эхинококк көпіршігінен айырмашылығы сол - олардың жұқа қабығы және көпіршіктің ішкі жағында үлкен бір басы болады ( Қосымша А Эхинококкозбен зақымданған органдар)

1.7 Эхинококкоз ауруының диагностикасы

Тірі кезінде диагноз клиникалық белгілеріне және тері ішіндегі аллергиялық реакцияның нәтижесіне қарай қойылады; өлгеннен кейінгі диагноз эхинококк көпіршіктерінің табылуына байланысты қойылады. Зақымданған органдардың тканы семген және органның өзі күрт үлкейген. Клиникалық белгілеріне қарап дұрыс диагноз қою мүмкін емес, сондықтан тірі кезінде эхинококкозбен ауырған қойларға аллергиялық тері іші егуді қолданады.

Қосалқы гемагглютинация реакциясы, флокуляция реакциясы бенотинмен бірге және сколексопреципитация реакциялары қолданылады.

Т.Е.Бурделев (1945ж.) көрсеткендей тері іші аллергиялық егу (проба) 88,8%-дан 94,7%-ға дейін дұрыс нәтиже береді. Аллергиялық реакция малдарға жұқтырғаннан кейін 15-ші күннен бастап дұрыс нәтиже береді.

С.Д.Ульянов пен И.Б.Бондаливтердің (1961ж.) жүргізген тәжірибелері көрсеткеніндей, бұл жағдайда оң реакция (положительная реакция) 12 айға дейін сақталатындығы анықталды. Бұл әрине ұзақ мерзім және де реакция әлсіз көрінеді, егер қиыршықталған (обызвествленные цисты) цисталар болған жағдайда.

1962 ж. Р.С.Шульц пен Р.Г.Исмагилова эхинококкоз диагностикасы үшін сколексопреципитация реакциясын ұсынды. Сонымен қатар, 1966ж. В.Г. Эврамова мен Г.И.Янина, эхинококкозбен ауырған тірі малдың диагностикасында тері ішілік аллергиялық егу (проба) және гемагглютинация реакциясын ұсынып жақсы нәтижелер алынды. Сколексопреципитация реакциясы көбінесе қарсы реакция (отрицательная) береді [1,2,8,9].
1.8 Эхинококкоз ауруының емделуі

Эхинококкозды емдеуде (И.Л. Брегадзе, Г.А. Моргунов 1961 ж., В.Т. Ромазанов 1968 ж. т.б.) бірнеше тәжірибелік жұмыстар жүргізген. Олар іздену жұмыстарын мына бағытта жүргізді, қолданылған препараттардың әсері тікелей сколекстерге немесе оқшауланған эхинококты қалталарға болуын көздеді. Ол үшін олар мыналарды қолданды: фенол, йод, азур - эозин, трипофлавин, проминтик, минтик, бубулин, бриллианты көк, көгілдір генциан, метиленді көгілдір, қышқыл фуксин, кармин, сафронин, төртхлорлы көміртегі, гетол, дертил О, билавин Р, хлорофос, битионол оксиді, сагимимд, феносал, тисбендазол, овитгельм, пиперазин, Люголь ерітіндісі, дитразин, фенотиозин, нилверм, левамизол, лебендазол. Бұл препараттарды әр түрлі концентрацияда қолданып көрді. Дегенмен, бұлардың ешқайсысы эхинококтық қалтаға өлтіретіндей әсер ете алмады.

Ұйымдастыру шаруашылықты және санитарлық - түсіндірмелік жұмыстарды жүргізу қой эхинококкозының алдын алуда үлкен маңызға ие. Олардың қатарына мыналар жатады: қаңғыбас, бос жүрген иттерді жою, шопандардағы ит санын қысқарту, иттері қатаң есепке алып, оларды паспорттау. Шаруашылықтағы және де тұрғындардағы иттерді бәрін есепке алып, мүмкіндігінше оларды қысқарту.

Эхинококкозбен ауырған қойларды дер кезінде анықтап, мүмкіндігінше оларға емдеу жұмыстарын жүргізу, ол болмаған жағдайда оларды тез арада сойып, етке өткізу. Амалсыздан сойылатын малдарды арнайы мал сойылатын қасапханаларда жүргізу. Жойылуға тиісті эхинококкозбен ауырған немесе өлген малдарды дер кезінде зарарсыздандыру, қойдың ішкі органдарын (бауыр, өкпе, тамақ т.б.) зарарсыздандыру. Малшылардың немесе жергілікті тұрғындардың арасында эхинококкоз ауруының қалай пайда болып, қалай жұғатындығы жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Міндетті түрде барлық иттерді, олар 3 айлық жасқа толғаннан бастап, әрбір 45-50 күнде дегельминтизациядан өткізу қажет.

Иттерді дегельминтизациялау үшін негізінен ескі дәрі-дәрмектер: ареколин, феносал, йомезан, девермин, сагимид т.с.с. сонымен қатар, қазіргі жаңа шыққан дәрілер: «Азинокс» «Азинокс плюс» «Фебтал» т.сс. антигельминтиктерді пайдалануға болады. Бұл препараттар иттердің ішегі мен басқа да ішкі органдарында паразиттік тіршілік ететін гельминттерді жойып отырады. Одан да басқа маңызды іс - шаралардың бірі қойларды эхинококкозға аллергиялы тексеруден өткізу. Белгі берген малдары сойып етке өткізу болып табылады.

Тәжірибе көрсеткендей жеделдетілген комплексті сауықтыру және ветеринарлық-санитарлық шаралар, сонымен қатар, иттерді дегельминтизациялаудан өткізіп тұру шараларының арқасында 3-5 жылдық ішінде, шаруашылықтардағы малдардың эхинококкозбен ауру санын біршама азайтуға мүмкіндік беретіндігін көреміз.

Эхинококкоз ауруы кездесетін шаруашылықтарда, иттерді жылына 4 рет жоспарлы дегельминтизациядан (диагностикалық) ареколин (бромды сутекті) 0,04-0,05г/кг салмаққа мөлшерінде өткізу жақсы нәтиже беріп келеді. Дегельминтизациядан соң түскен барлық нәжістермен өлі денелерді жойып, жинап алып өртеп жіберу керек. Орындарын 10%-дық хлорлы әк ерітіндісімен зарарсыздандырады (2л/м2) немесе отпен күйдіреді.

Эхинококкозбен күресуде ауру таратып жұқтырушыларды — соңғы және аралық тасымал иелерін құртудың зор маңызы бар. Осы мақсатпен эхинококкозы бар шаруашылықтарда мынадай шараларды іс жүзіне асыру қажет.

Мал отарларындағы күзетші, қызметші және аңшы иттерді зақымданған органдармен тамақтандыруға болмайды. Ондай органдарды құртады немесе залалсыздандырылады. Өлген малдың өлімтігі дер кезінде жинап алынып, ит жей алмайтын орындарға (мал көметін орындарға, чех апанына т.б.) тасталады.

Бұралқы иттер мен шаруашылыққа қажеті жоқ иттер құртылып, барлық күзетші, қызметші, мал отарларындағы және аңшы итері тіркеуге алынады. Иттерді мал сойылатын жерлерге, мал қораларына және жемшеп сақталатын орындарға жіберуге болмайды. Сондай-ақ бір отардағы иттерді екінші отарға ауыстыруға және отарларға мал дәрігерінің рұқсатынсыз ит әкелуге тиым салынады.

Шаруашылыққа қажетті барлық иттер әлсін - әлсін дегельминтизацияланып отырылады; мал отарларындағы иттер жылына 8 рет (әрбір 45 күн сайын), қалғандары—4 рет (әрбір 3 айдан кейін). Иттерді дегельминтизациялау үшін ареколин қолданылады. Оны нанмен, туралған етпен немесе сүтпен бірге 24 сағат ашықтырғаннан кейін салмағының 1 килограмына 0,002—0,004 г мөлшерінде береді, 10 күннен кейін емді қайталайды. Сондай-ақ иттерді дегельминтизациялау үшін жалпы қабылданған доза бойынша филиксанды еркек сусамырды, аминоахрихин және кабохолинді қолдануға болады.

Дегельминтизациялағаннан кейін бір күн бойы байлап ұстап, бөлінген нәжісін жинап алып құртады, ал сол төңіректі тегіс зарарсыздандырады. Дегельминтизациялау 8 рет жүргізілген жағдайда бұл шара тек алғашқы дегельминтизациядан соң жүзеге асырылады.

Малды сойғаннан кейінгі диагностикасы. Эхинококты жылауық - суға толған (қалта). Сыртқы қабығы - кутикулярный, ішкі кабығы - тудырушы (зародышевый). Кутикулярлы қабығының сыртында фибринозды кпасула болады. Ішкі қабықта көптеген шығару капсулалары тікенектерімен (сколексы) болады. Бұлардың әрқайсысында 4 сорғы (присоски), 34-38 бүрмесі (крючьев) болады.

Осы тудырушы (зародышевый) қабықтан сколекстер бөлініп шығып жалауықта өмір сүреді. Екінші (дочерные), үшке (внучатые) болып бөлініп өсе береді.

Эхинококтың жылауығының көлемі ноқаттан жаңа туған баланың басындай болады.

Қойларда көбіне бауырда, сирек өкпеде кездеседі. Жылауық саны паренхимотозды органдарда 1-ден 100-ге дейін болады, кейбіреуі әктеніп кетеді. Санитарлық бағалау: егер органдарда көптеген эхинококкоздың жылауығы болса, онда техникалық утилизацияға жіберіледі. Залалданбаған қалған жерлерін толық сатуға рұқсат беріледі [8,9].
1.9 Эхинококкоз ауруын ветеринарлық - санитарлық сараптау

Оларды негізінен бауырда, өкпеде, сирек бүйректерде, талақта және т.б. органдарда табуға болады. Жас малдарда көбінесе бауыр зақымданады, ал кәрі малдарда – өкпе мен бауыр, эхинококты қалталар бұл жерде органның үстіңгі бетінде орналасады да, олардың серозды қабығынан шығыңқырап тұрады да, ол органға бұдырлы түр беріп, қошқыл-сұр рең береді. Эхинококкозды қалталар – ақшылдау және сарғыш түсті және шар тәрізді, жұмыртқа тәрізді немесе бұрыс формалы және жұмсақ немесе қаттылау болып келетін түйіндер.

Органның ішінде орналасқан қалталар, органды қолмен сипағанда білінеді. Б.П. Всеволодовтың пікірінше, интенсивті жұқтырған жағдайда бір органда мыңға жуық эхинококты қалталарды, әр түрлі көлемде, кейде олардың көлемінің немесе салмағының 95%-ын, ал кейде 10 немесе одан көп есе асып түседі. Фиброзды тканнің өсуінен, зақымданатын органдар қаттылау немесе қатты болып кетеді. Қалтаның қабырғасын кескенде немесе тескенде, оның ішінен сұйықтық фонтан (бұрқақ) болып ағады. Қалталар көлемі жағынан кішігірім жаңғақтың, кейде қаздың жұмыртқасындай көлемге жетеді. Көп зақымданған жағдайда, негізінен олар майда болады.

Эхинококкозбен ауырған малдардың ұшасы (туша) өте арық, көтерем болады, сарғыш түсті, қиыршықталған эхинококтарды тілген кезде туберкулездің түйіндеріне ұқсайды, бірақ одан айырмашылығы, ондағы әк тұздары тез үгітіледі және капсуланың қабырғасы тез бұзылады және лимфа түйіндері өзгермейді.

Эхинококты цисталардың өсуі, сол органның ткандерінің атрофиясына алып келеді (жойылуына), қан тамырларының жойылуы мүмкін. Фиброзды капсуланың ішінде паразит оқшауланатын болғандықтан жиі біраз мөлшерде некрозға және қиыршықтануға алып келеді (Қосымша А Эхинококкозбен зақымданған бауыр). Сарғайып кеткен, көтерем болған, көптеп зақымданған ұшаларды толық жояды. Аз ғана зақымданған ұшаларды, толық тазартудан кейін шексіз пайдалана беруге болады.

Сондай-ақ, аз зақымданған органдарды, толық тазалағаннан кейін пайдалануға жіберіледі, ал көп зақымданған паренхиматозы органдарды толық жойып, оларды инвазияның шығу көзі деп қарап қатаң түрде залалсыздандырады.

Паренхиматозды органдарда эхинококкоздың жылауығы болады. Жылауықта личинкасы дамиды. Бұл таспа құрт Есһіnососcus qгаnulosis, иттердің ащы ішегінде өмір сүреді.

Орта тасымалдаушысы - ірі қара, уақ мал, шошқа және түйе малы [4,8,9].
1.10 Эхинококкоз ауруының профилактикасы
Эхинококкозбен күресуде ауру таратып жұқтырушыларды — соңғы және аралық тасымал иелерін құртудың зор маңызы бар. Осы мақсатпен эхинококкозы бар шаруашылықтарда мынадай шараларды іс жүзіне асыру қажет.

Мал отарларындағы күзетші, қызметші, және аңшы иттерді зақымданған органдармен тамақтандыруға болмайды. Ондай органдарды құртады немесе залалсыздандырылады. Өлген малдың өлімтігі дер кезінде жинап алынып, ит жей алмайтын орындарға (мал көметін орындарға, чех апанына т.б.) тасталады.

Бұралқы иттер мен шаруашылыққа қажеті жоқ иттер құртылып, барлық күзетші, қызметші, мал отарларындағы және аңшы итері тіркеуге алынады. Иттерді мал сойылатын жерлерге, мал қораларына және жемшеп сақталатын орындарға жіберуге болмайды. Сондай-ақ бір отардағы иттерді екінші отарға ауыстыруға және отарларға мал дәрігерінің рұқсатынсыз ит әкелуге тиым салынады.

Шаруашылыққа қажетті барлық иттер әлсін-әлсін дегельминтизацияланып отырылады; мал отарларындағы иттер жылына 8 рет (әрбір 45 күн сайын), қалғандары—4 рет (әрбір 3 айдан кейін). Иттерді дегельминтизациялау үшін ареколин қолданылады. Оны нанмен, туралған етпен немесе сүтпен бірге 24 сағат ашықтырғаннан кейін салмағының 1 килограмына 0,002—0,004 г мөлшерінде береді, 10 күннен кейін емді қайталайды. Сондай-ақ иттерді дегельминтизациялау үшін жалпы қабылданған доза бойынша филиксанды, еркек сусамырды, аминоахрихин және карбохолинді қолдануға болады.

Дегельминтизациялағаннан кейін бір күн бойы байлап ұстап, бөлінген нәжісін жинап алып құртады, ал сол төңіректі тегіс зарарсыздандырады. Дегельминтизациялау 8 рет жүргізілген жағдайда бұл шара тек алғашқы дегельминтизациядан соң жүзеге асырылады

Жануарлардың эхинококкозының алдын алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринариялық Ережесі Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің 16.09.2004 жылғы №505 бұйрығымен бекітілген ҚР Әділет Министрлігі 06.10.2004 жылы №3135 тіркелген.

Эхинококкоздың профилактикасы адамды және тұяқты жануарларды эхинококкоз жұмыртқаларымен зақымдалуын немесе оларды жұқтыруынан сақтай отырып, ауруды жұқтырған иттермен, оның жұмыртқаларын таратуын және иттердің осы ауруды жұқтырып ауырған малдардың органдары мен ұшасын жеп қоюдан сақтандыруға байланысты болады [1,2,8,9,10,11,12,13,14].
2 Өзіндік зерттеу

Курстық жұмысты орындау барысында жануарлардың эхинококкозына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды зерттедім.

Эхинококкозбен күресуде ауру таратып жұқтырушыларды — соңғы және аралық тасымал иелерін құртудың зор маңызы бар. Осы мақсатпен эхинококкозы бар шаруашылықтарда мынадай шараларды іс жүзіне асыру қажет.

Мал отарларындағы күзетші, қызметші, және аңшы иттерді зақымданған органдармен тамақтандыруға болмайды. Ондай органдарды құртады немесе залалсыздандырылады. Өлген малдың өлімтігі дер кезінде жинап алынып, ит жей алмайтын орындарға (мал көметін орындарға, чех апанына т.б.) тасталады.

Бұралқы иттер мен шаруашылыққа қажеті жоқ иттер құртылып, барлық күзетші, қызметші, мал отарларындағы және аңшы итері тіркеуге алынады. Иттерді мал сойылатын жерлерге, мал қораларына және жем-шөп сақталатын орындарға жіберуге болмайды. Сондай-ақ бір отардағы иттерді екінші отарға ауыстыруға және отарларға мал дәрігерінің рұқсатынсыз ит әкелуге тиым салынады.

Шаруашылыққа қажетті барлық иттер әлсін-әлсін дегельминтизацияланып отырылады; мал отарларындағы иттер жылына 8 рет (әрбір 45 күн сайын), қалғандары—4 рет (әрбір 3 айдан кейін). Иттерді дегельминтизациялау үшін ареколин қолданылады. Оны нанмен, туралған етпен немесе сүтпен бірге 24 сағат ашықтырғаннан кейін салмағының 1 килограмына 0,002—0,004г мөлшерінде береді, 10 күннен кейін емді қайталайды. Сондай-ақ иттерді дегельминтизациялау үшін жалпы қабылданған доза бойынша филиксанды, еркек сусамырды, аминоахрихин және карбохолинді қолдануға болады.

Дегельминтизациялағаннан кейін бір күн бойы байлап ұстап, бөлінген нәжісін жинап алып құртады, ал сол төңіректі тегіс зарарсыздандырады. Дегельминтизациялау 8 рет жүргізілген жағдайда бұл шара тек алғашқы дегельминтизациядан соң жүзеге асырылады

Жануарлардың эхинококкозының алдын алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринариялық Ережесі Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің 16.09.2004 жылғы №505 бұйрығымен бекітілген ҚР Әділет Министрлігі 06.10.2004 жылы №3135 тіркелген.

Эхинококкоз - адамзатқа ерте заманнан белгілі құрт ауруы. Оны малдың бауырындағы, өкпесіндегі сырт көрініс сипатына қарап — бершімек, ал ғылыми тілде латынша - "Echinoccus granulosis" деп атаған.

Эхинококктар өзінің өсіп жетілген (половозреля форма) сатысында ит, мысық тағы басқа ет қоректілердің ішек қуыстарында, ал өсіп жетілу сатысында, яғни бершімек (личиночная форма) кезінде үй жануарларының, адамдардың әр түрлі дене құрылыстарында — бауырында, өкпесінде, миында, бұлшық ет арасында, тағы басқа жерлерінде кездесетіндігі күні бүгінге ғылыми дәлелденіп анықталып отыр. Адамдар оны мал сойғанда жай көзбен-ақ байқай алады. Ал, енді осы бершімектерді ит жесе 1—3 ай уақыт аралығында, оның асқазан яғни ішек қуысында ұзындығы 6—7мм, 4 буыншақ — кеспелтектен тұратын эхинококк (половозрелая) өсіп жетіледі де, мыңдаған эхинококтың жұмыртқасы асқазанына еніп 1—2 ай ішінде бұл аурудың бершімек (личиночная) сатысын түзейді. Ал, адам жоғарыдағыдай ластанған жеміс-жидек, баубақша өнімдерін, тағы басқа ластанған тағамдарды жумай пайдаланғаннан жұқтырады. Бұған қоса айтарлық нәрсе қиымен эхинококктың жұмыртқасын бөліп жүрген үй итінің дене бойында сол жұмыртқалар жабысып жүруі себепті, оны үй иелері, бала - шағалар сылап - сипауы сияқты қатынас жасағанда жұқтыруы әбден ықтимал.

Сондықтан эхинококкозбен ауру иттің сырт денесі, жүріп - тұрған орындары өте қауіпті деп саналады.

Эхинококкозбен ауыратын ит ауыратындығын білдіртпейді. Осы сияқты сиректеу болса да, бұл ауруды мысықтар да таратушы болып саналады.

Осыған орай айтып ескертетін нәрсе - ит, мысық иелері, оларды азықтандыру мақсатында, мал сойғанда не базардан, не қолдан малдың өкпе, бауыры сияқты шикі заттарды эхинококкоз протосколекстері (ұрықшалары) бар-жоқтығына көп мән бермей сатып алады. Ал бұның өзі сырт ортаға ауру таратудың негізгі көзі болып табылады, себебі бұл аурудың ұрықшалары жаңағы нәрселерде болуы әбден ықтимал. Сондықтан бұл айтылған жай-жапсарды қатаң ескерту қажет демекпіз.

Тірі малдың өзін сауықтыру үшін оларды эхинококк ауруының аллергенімен тексеріп, ауру белгілерін көрсеткендеріне емдік дәрілерін беру керек. Ол дәрілердің бірі панакур (фенбендазол) деп аталатын дәрі. Бірақ мұндай малдәрігерлік шаралар өткен уақыттарда да, қазіргі нарықтық кезеңде де оншалықты мән берілмеу себепті жүргізілмей келеді. Бұның өзі әрине аграрлық құрылымдардың, жеке қожалық иелерінің тиісті мән беріп, қарайтын тақырыбы деп білген жөн демекпіз.

Соңғы кезде малдәрігерлік, медициналық байқауларының нәтижесін пайымдап қарағанда бұл ауру кен көлемде таралуы байқалады.

Республика бойынша эхинококкоз қой, түйе малының арасында 40% шамасында тараған болса, кей облыстарда ол 90%-ды көрсетеді. Ал, Атырау облысынын көлемінде бұрынғы кезде 1200 мың қой, 27 мың түйе малы болды десек, үкіметміздің ет жоспарын орындау мақсатында жыл сайын Атырау ет комбинатында мыңдаған мал сойылып, оның ішкі органдарында (өкпе, бауыр т.с.с.) кей жылдары 35%-ына жуығында "бершімек'' сатысындағы эхинококтардың болғандығы анықталғанды.

Бұл аурудың негізгі таратушысы иттер болса, олардың 12—21%-ы эхинококкоз құртын өз денелерінде өсіріп жетілдіретіндігі жүргізілтен кейбір ғылыми ізденістерден белгілі болып отыр. Ондай иттер ауырып жатып қалмайды, не басқа белгі білмейді. Оларды тек нәжісін тексеру арқылы анықтауға болады. Ал, ондай жұмыстар еш жерде жүргізілмейді, бұған қоса ауылдық жерде бір-екі ит ұстамайтын үй жоқтың қасы. Сондықтан жоғарыда айтылғандарды қатаң ескеріп, ауру иттер сырт белгісін бермегендіктен өте қауіпті деу керек.

Республика көлемінде 32 жыл аралығында (1964— 1995ж.ж.) бес мыңға тарта адам эхинококкозбен ауырған. Осыншама ауырған адамның 1,8%-ы қаза, 8,7%-ы мүгедек болса, 15,2%-ы қайталап ауырып, емдік операцияны тағы да жасауды душар еткен.

Жалпы ауырған адамдардың 71%-ын ересектер, 29%-ын 3-14 жас аралығындағы балалар құраған. Ал соңғы жылдары 14 адам бас миынан, операциялық әдіспен, эхинококк бершімегін алдырып, ішінара қаза болғандары да болған. Кейінгі кезде бұл ауру адамдар арасында кең көлемде тарау бағытында.

Сондықтан, эхинококкоз ауруынан арылу үшін ауыл-үйдің иттерін алты ай бойы, әр 45 тәулік сайын, емдік әсері жоғары дәрілермен (дронцит, азинокс, бикутин, пиквитон, гидорбунид, феналидон, фенбенат т.с.с.) олардың ішетін тағамдарына араластырып беріп, дәрілеп отыру қажет.

Содан кейін оларды мал дәрігерлік лабораториялық тексеруден өткізіп эхинококктан таза екендігін анықтағаннан соң, оларды жылына төрт рет дәрілеуді ұдайы жүргізіп отыру керек.

Республика көлеміндегі ауыл-үйдің иттерінің шамамен 80%-ы 38 түрлі құрттармен залалданған десек, олардың 17-сі эпизоотикалық, 21-і эндемикалық болып саналады. Олардың адамдар арасында өте ауыр, кейбіреулері қазаға ұшырататын ауру туғызатыны да ғылыми дәлелденіп отыр. Оның бірі эхинококкоз ауруы десе де болады.

Адамға не малға жұқан эхинококкоздың жұмыртқаларының сыртқы қабығы асқазан сөлі және бауыр өтінің әсерімен ериді де, ішіндегі онкосфералар ащы ішек қан тамырына еніп, бауыр, өкпе, бас миы сияқты органдарға барып тұрақтап, бершімектер (эхинококк цисталары) жасақтайды.

Осы бершімектерді ит не тағы басқалар жесе оның ішіндегі эхинококк құрты өсіп жетіліп, жоғарыда айтылған цикл қайталанатын болады. Міне осылай эхинококкоз ауруының таралу жолы жалғаса береді. Сондықтан, бұл ауру жайында өте қатаң ескертетін жай, мал сойғанда, әсіресе ауыл - үйде, оның дене құрылымдарынан табылған бершімектерді дәрі-дәрмектермен залалсыздап, иә болмаса отқа өртеген жөн. Ал көпшілік жағдайда бұл аурудың тарау жолдарын көп білмегендіктен қан - жынға қосып итке тастай салады. Мұның өзі эхинококкоз ауруын қолдан тарату деген сөз.

Адам эхинококкозбен қалайша ауыратындығын сөз ететін болсақ, эхинококк бершімектері адамның барлық ішкі органдарында кездесуі мүмкін. Ол ұзақ уақыт бойы жәй өседі және өскен сайын сол органға қысым жасап, дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасайды. Бершімек көлемі кішкентай кезінде аурудың сипаты байқалмайды, ал, өсіп үлкейген кезінде қай органда орналасуына байланысты әр түрлі сипат береді. Оның іші сұйыққа толы және өте улы болады. Егерде ол жарылса адам есінен айырылып (анафилактический шок) уланады.

Адамды эхинококкоздан лабораториялық - РНГА әдісімен, УЗИ және компьютерлік томография құралдарын пайдалану арқылы анықтайды.

Адамды эхинококкоздан химиялық әдіспен емдеу жолдары күні бүгінге шешілмеген десе де болады. Бірақ, оны шешу бағытында ізденіс жұмыстары жүргізіліп, алғашқы нәтижелері ойдағыдай деуге болады. Егерде бұл ғылыми ізденістер нәтижелі болған жағдайда, ауырған адамды операция жасау әдісі кейінге қалдырылатыны сөзсіз нәрсе.

Жоғарыда жазылғандарды қорыта келе айтармыз: бұл аурудан сауықтыру, сақтандыру жұмыстарын дұрыс жолға қою керек демекпіз. Ол қызметкерлер арасында түсінікті түрде барлық үгіт насихат жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Ауруға қарсы жүргізілетін медициналық, малдәрігерлік жұмыс та өз дәрежесінде орындалып, қадағаланып отырылуы қажет. Осы орайда халық арасында айтылып жүрген нақыл сөз, оның мән мағынасын айқындайды. ''Медицина — адамды, ветеринария - адамзатты емдейді".

Өкініштісі, қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталмауының нәтижесіңде эхинококкоз ауруының өсіп жетілу айналымы, ит — ауыл шаруашылығы малдары — ит, үзілмей отыр. Осы айналым үзілді-кесілді тоқтатылмай ауру жойылмайтынын қатаң ескерген жөн. Сондықтан әр адам эхинококкозбен күресті жүзеге асыруға тиіс.

Эхинококкоздың профилактикасы адамды және тұяқты жануарларды эхинококкоз жұмыртқаларымен зақымдалуын немесе оларды жұқтыруынан сақтай отырып, ауруды жұқтырған иттермен, оның жұмыртқаларын таратуын және иттердің осы ауруды жұқтырып ауырған малдардың органдары мен ұшасын жеп қоюдан сақтандыруға байланысты болады.

Ол үшін мына іс-шараларды жүргізу керек:

-Қараусыз қалған қаңғыбас иттерді жою.

-Отарлардағы қой бағуға көмектесетін иттердің санын қатаң шектеу.

-Сол иттерді жылына 4 рет дегельминтизациялау. Көрші шаруашылықтардағы иттердің де дегельминтизациядан өтуін қадағалау және оларға ұсыныс беру.

-Жабайы аңдарды жою және олардың шаруашылық территориясына келіп-кетуіне шек қою.

-Мал союды, оны ашып көруді, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізуді қатаң ветеринарлық-санитарлық бақылауға алып, инвазияның шаруашылық ішінде таралуына жол бермеу.

- Сойылғаннан кейін, малдың ұшасы мен ішкі органдарын эхинококкозға тексергенде (сезім мүшелері арқылы тексеру) және биохимиялық және микроскопиялық тексерулер барысында бірнеше өзгерістер мен қалыптан ауытқу жағдайлары кездесті.

- Шаруашылықтағы еңбеккерлер мен жұмысшылар, қоршаған ортаның ластануына қарсы және де табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану жөнінде іс-шаралар жүргізіп отыру керек. Дегенмен де, бұл мәселелер жөнінде төмендегіше ұсыныстар беруге болады:

- Малшылардың немесе жергілікті тұрғындардың арасында эхинококкоз ауруының қалай пайда болып, қалай жұғатындығы жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

- Міндетті түрде барлық иттерді, олар 3 айлық жасқа толғаннан бастап, әрбір 45-50 күнде дегельминтизациядан өткізу қажет.

- Жабайы жануарларды қорғау үшін арнайы топтар құру және оларды жүргізуге жауапкершілікті мамандарға бекіту.

1   2   3


написать администратору сайта