робототехника и комплектация. КурсАкж2. Курсты жмыс Пн Мал шаруашылыы німдеріні ветеринариялы санитариялы сараптау ii таырыбы Эхикакоз кезінде сойыс німдерін вет сан сараптау. Орындаан Муратбекова А. Тексерген Серікова А. Т топ вс803
Скачать 44.78 Kb.
|
Эхинококкозы бар шаруашылықтарда мынадай шараларды іс жүзіне асыру қажет Мал отарларындағы күзетші, қызметші, және аңшы иттерді зақымданған органдармен тамақтандыруға болмайды. Ондай органдарды құртады немесе залалсыздандырылады. Өлген малдың өлімтігі дер кезінде жинап алынып, ит жей алмайтын орындарға (мал көметін орындарға, Беккари шұңқырына, чех апанына т.б.) тасталады. Бұралқы иттер мен шаруашылыққа қажеті жоқ иттер құртылып, барлық күзетші, қызметші, мал отарларындағы және аңшы иттері қатаң тіркеуге алынады. Иттерді мал сойылатын жерлерге, мал қораларына және жемшөп сақталатын орындарға жіберуге болмайды. Сондай-ақ, бір отардағы иттерді екінші отарға ауыстыруға және отарларға мал дәрігерінің рұқсатынсыз ит әкелуге тиым салынады. Шаруашылыққа қажетті барлық иттер әлсін-әлсін дегельминтизацияланып отырылады; мал отарларындағы иттер жылына 8 рет (әрбір 45 күн сайын), қалғандары—4 рет (әрбір 3 айдан кейін). 3Техника қауіпсіздігі Малдардың қора жайларын тазалығын, дезинфекция, дегельминтизация, дератизация сияқты іс-шаралары кезінде өрт қаіпсіздігін, химиялық, биологиялық препараттардан, аурулардан сақтауын жіті қадағалау; Мамандардың стерильді құрал-саймандар, халат, телпек, алжапқыш тағы басқа арнайы киімдерді киюін қадағалау; Техника қаіпсіздігі ережелерін қадағалау; Ауру шыққан жағдайда ауру малдарды карантинге алып, сау малға және адамға жұқпауын қадағалау; Жұқпалы аурумен ауырған малдарды оқшаулау, індеттің таралмауына қарсы қолданылатын шаралардың басты элементі болып саналады. Осы мақсатта ветеринариялық емдеу мекемелерінде, шаруашылықтарда жүқпалы ауруларға күдікті және инвазиялық ауруларға шалдыққан малдар үшін арнайы инвазиялық бөлімдер, оқшауханалар ұйымдастырылуы қажет. Инвазиялық бөлім ветеринариялық емдеу мекемелерінде арнайы үйымдастырылуы қажет. Оған кіріп-шығатын арнайы жеке есіктер бөлек болады. Есіктерде арнайы дезинфекциялық төсеніштер орнатылады. Бөлім жеке қол жуғышпен, сабынмен, дезинфекциялық ерітіндімен, құралдарды стерильдеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Ауру малды қабылдағаннан кейін қолданылған құрал-жабдықтар 15 минут қайнатылады. Егер мал изоляторға жіберілетін болса, байлауға қолданылған құрал-саймандар дезинфекцияланады. Оқшауханаға кіргізер алдында, малдың түяғы жуылып, тазаланады. Ауруға қойылған диагноз бойынша қайшылықтар болмаса, мал сабынмен жуылып, дезинфекцияланады. Ауру малды қабылдаған ветеринар маманы қолын жуып, алшапқышты, қолғапты т.б. жабдықтарды үнемі ауыстырып отыруы тиіс, мүмкіншілік болмаған жағдайда дезинфекциялап отырылуы керек. Оқшаухана - жұқпалы ауруға шалдыққан малды тұрақты емдеуге арналған орын. Ветеринариялық заңдылықтарға сәйкес оны малдәрігерлік емдеу мекемелерінде, шаруашылықтарда ұйымдастырады. Оқшауханада ауру малды емдейтін және құрал-сайманды, азықты қоятын арнайы орындар болуы тиіс. Ондағы мал серуенге шығарылмайды. Оқшауханада жүкті әйелдер, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер жүмыс істеуіне тиым салынады. Ауру малмен жұмыс істейтін санитарлар жұқпалы аурулармен ауырған малдармен жүмыс істеу ережелері жайында вет-санитарлық минимумдарымен танысулары керек. Қорытынды Қорыта айтқанда, жетілген таспа құрт - эхинококтар етқоректілердің ащы ішектерінде, ал личинкалық түрі - жылауықтар түяқты жануарлар мен адамның органдарында кездеседі. Иттің ішегіндегі эхинококтардың жүмыртқаға толы жетілген мүшелері үзіліп, нәжіспен сыртқа шығады. Сыртқы ортада ол жайылымды, суды, аула мен қораны ластайды. Шөппен, сумен ілесіп жұмыртқалар малдың ас қорыту жүйесіне түседі. Мұнда жұмыртқадан құрт ұрығы босап шығып, қан айналымы арқылы түрлі органдарға тарайды8 Олар көбінесе өкпеде, бауырда өсіп жетіліп, көлемі жағынан әр түрлі жылауықтарға айналады. Эхинококтың личинкалық сатысы бұршақтан бастап, баланың басындай көлемге дейін жетеді. Ит осы жылауықтарды жегеннен кейін, ішегінде сақа эхинококтар өсіп шығады. Адамдарға оның жүмыртқалары мен залалданған көкөніс пен жемістен немесе иттен жүғады. Мал соңғы аралық иелердің нәжісімен бірге сыртқы ортаға түскен эхинококктың жұмырткасын сумен және азықпен қосып жұтып қою арқылы личинка түріндегі құртпен зақымданады. Жұмыртқадағы ұрықтар ішектің қабырғасына еніп, қан айналысымен бірге барлық органға, тарайды да, одан личинкалар пайда болады. Соңғы аралық иелері личинкасы бар органдарды жеп зақымданады. Олардың ішектерінде одан көптеген жынысы өсіп жетілген эхинококктар өсіп-өнеді. Инвазияның қоздырғышының көздері – дефинитивтік қожайындар, негізінен олар: иттер, қасқырлар, шибөрілер және түлкілер, олар екінші дәрежеде болады. Иттер эхинококкозбен ауырған эхинококты қалталары бар өлген малдардың өлекселерін жеумен жұғады. Бұл жағдай көбінесе малшылардың иттерінің арасында көптеп кездеседі және де малды союдың, жарып көрудің және жоюдың ветеринарлық ережелері сақталмаған шаруашылықтарда жиі кездеседі. Инвазияға үй малдары да ұшырайды (қой, сиыр, шошқа, бұғы, түйе, ешкі, аттар). Олар негізінен алиментарлы жолмен жұқтырады да орта иелері болады. Адамдар негізінен иттерден жұқтырады. Эхинококты қалталар малдарда маусымның барлық кезінде кездесе береді, жыл бойы болып тұрады. Жас төлде 1 жасқа дейін қалталар болмайды. Жануарлардың арасында эхинококкоздың таралуының және адамдарға жұғуының негізгі факторы болып қой да есептеледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1 Белов, С.М. Справочник по качеству продуктов животноводства: учебное пособие для вузов / С.М.Белов, А.Г.Мысин - Москва: 1986. -127с. 2 Горегляд, Х.С. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии, переработки продуктов животноводства: учебник для вузов / Х.С. Горегляд –Москва: 1981.-176с. 3 Житенко В.И. Справочник по ветеринарно - санитарной экспертизе: учебное пособие для вузов / В.И. Житенко - Москва: 2001.- 189с. 4 Колоболотский, П.В. Биохимические методы исследования в лабораториях мясоконтрольной станции: учебник для вузов / П.В. Колоболотский - Москва, 1965.-157с. 5 Шуклин, Н.Ф. Ветеринарно - санитарная экспертиза стандартизация и сертификация продуктов: учебник для вузов / Н.Ф.Шуклин, С.Кырыкбайулы -Алматы: 2003, 1-2 том - 215, 126 с. 6 Макаров, В.А. Практикум по ветеринарно-санитарной экспертизе: учебник для вузов / В.А. Макаров - М: 1987.-154с. 7 Телеуғали, Т.М. Малдәрігерлік санитариялық сараптау және мал шаруашылығы өнімдері технологиясы мен стандарттау негіздері: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Т.М.Телеуғали, С. Қырықбайұлы – Алматы: 1998.-185б. 8 Сабаншиев, М.С. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары: оқулық жоғары оқу орындары үшін / М.С.Сабаншиев, Т.Т. Сүлейменов - Алматы: 2003. - 164б. 9 Малмақов, Н.И. Қой өсіруші фермердің шағын анықтамалығы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / Н.И.Малмақов - Алматы: 2002. – 191б. 10 Қырықбайұлы, С. Ветеринариялық – санитариялық сараптау практикумы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / С.Қырықбайұлы, Т.М. Тілеуғали - Алматы: Кайнар, 2007. – 163б. 11 Позняковский, В.М. Экспертиза мяса и мясопродуктов, качество и безопасность: учебник для вузов / В.М. Позняковский – Новосибирск: 2005. – 128с. 12 Поляков, А.А. Ветеринарная дезинфекция: учебное пособие для вузов / А.А.Поляков – Москва: Колос, (изд. третье), 1964.- 179с. 13 Қасымов, Е.И. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары: Оқу құралы жоғары оқу орындары үшін / Е.И. Қасымов - Алматы: Кайнар, 1992. –201б. 14 Гусынин, И.А. Лекарственные растения и фитотерапия: /И.А Гусынин/ Москва: Колос, 1962.-123с. 15Арзымбетов Д.Е.Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. –Алматы, 2009. |