Мектеп жасына дейін адамгершілік тәрбиесі. Курсты жмыс Таырыбы Мектеп жасына дейінгі балаларды танымды процесі
Скачать 68.8 Kb.
|
Курстық жұмыс Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процесі» Орындаған: Тоқмырзаева Асем Сериковна Тексерген: Салтанат Мұратхановна Қарағанды 2022 Мазмұны: КІРІСПЕ 1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу — рухани тәрбиенің маңыздылығы.......................................................................................3 ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.1 Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңыздылығы........................................................................................5 2.2 Мектепке жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу...............................................................................................................11 ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................24 IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................26 Кіріспе Жаңа кезендегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік Рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу ,рухани бай адамды калыптастыруОның туған кезінен баста луы керек.Халықта «Ағаш болғанда түзу өсу үшін керек кезінде көмектесуге болады, ал үл кен ағаш болғанда оны түзете алмайсын деп бекер айтылиаған . Сондықтан баланың бойына жастайынаң ізгілік, мейірімділік, қайырымдылык, яғни адам гершілік құн ды қасиеттерді сіңіріп өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Руха ни адамгершілік тәрбие-екі жақты процесс.Бір жағынан ол үлкен дердің, ата-аналарыдың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан-тәрбие ленеушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістер дін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелердің, тәрбиелеуші лірінің жетіктістерін зер салып талдау керек. ХХІ-ғасыр балаларының тәрбиесінің өзекті мәселесі ұлттық және жалпы адамзаттың мәдени мұралар арқылы қоғамда руханилықты қалыптастыру болып табылады [1]. Мұндай аса жауапты міндеттердің баянды болуы үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы — мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуден бастау алуы қажет. Ерте жастан алынған рухани жасалым, адамның барлық өмірінде адамгершілік белгісін анықтап, ізгілік қасиеттерді, рухани болмысты бала бойына қалыптастырады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, адамгершілік сөзі: ар-ұжданның тазалығы, адамшылдық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік, әділдік, шыншылдық, кішіпейілділік, имандылық, т.б. қарапайым адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде [2]. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа ғылыми білім берумен шектелу жеткіліксіз, оларды адамгершілікке тәрбиелеп, бала бойына ізгілікті, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру керек. Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғалымдардың Я.А.Коменский, И.Г.Гербарт, А.Н.Кочетов, А.С.Макаренко т.б. еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Бүгінде, ұрпақ тәрбиесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр және де шешімін табудың мүмкіндіктері қарастырылуда. Білім беру және тәрбие саласындағы маңызды өзгерістердің іске асырылуын қатаң бақылау көзделуде. Бұл тұрғыда өткен кезеңнің тәлім-тәрбие мәселелерінің тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан отандық ғалымдар аз емес. Мәселен, қазақтың педагогикалық ой-пікірін ғылыми жүйеге келтіріп, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануда белгілі ғалымдар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К. Құнантаева, А.Ильясова, Қ.Сейталиев т.б аса зор еңбек сіңірді. Өз зерттеулерінде ғалым-зерттеушілер адамгершілік тәрбие берудің мақсаттарын, қағидаларын жүзеге асырудың жолдарын жан-жақты анықтап негіздеуге талпынған А.Я.Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайлық, ізгілік, жауапкершілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде терең мәнді пікірлер айтқан. Оның еңбегінің маңыздылығы сонда, ол — орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, сонымен бірге,мұғалім балаларының тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деген тұжырым айтты. Жеке тұлғаның рухани — адамгершілігін дамыта тәрбиелеу баланың мектеп табалдырығын аттаған сәтінен бастап жүзеге асырылса, онда қоғамның әлеуметтік қажеттігін өтейтін рухани бай тұлға қалыптасуына ықпал етеді. Бұл идея адам бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды дамытып, қалыптастыруды ғылыми және практикалық тұрғыда зерттеп, оның әдістемесін жасау мақсатын туғызды. Егер сабақтарда берілетін білімнің мазмұны мен әдіс — тәсілдері баланың өзін — өзі әрекетінің субъектісі ретінде тануына мүмкіндік туғыза отырып, оның жан — жақты дамуына бағдарланса, онда бастауыш сыныптан бастап, жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу жүзеге асады [3]. Халықтық педагогика сан салалы, мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім тәрбие ісінде пайдаланып келеді. Соның ішінде жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың маңызы өте зор. Халық педагогикасы — ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері: ертегілер, жырлар, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мазақтамалар, мақал-мәтелдік сөздер, этнографиялық (мәдени-тұрмыстық), ұлттық салттармен дәстүрлер, рәсімдер, әдет-ғұрыптар, халықтық ойындар мен ойыншықтар, мерекеле мен тойлар, әулеттік тағылымдар мен тәжірибелер, үлгі -өнегелер — халықтық құнды мұра, тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі. Ертегілер баланы қызықтырады. Сөзді тыңдай үйретеді, оның қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, жан-дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын өрнектейді. Зерттеудің мақсаты: Балабақшада балалардың адамгершілік тәрбиесін оқу-тәрбие үдерісінде анықтау. Зерттеудің нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеті. Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны. Зерттеудің болжамы: Егер балабақшада балаларға адамгершілік тәрбиені ертегілер, ойындар арқылы берсек, онда балаларда жағымды қасиеттер толығымен қалыптасар еді. Зерттеудің міндеттері: — Адамгершiлiкке тәрбиелеу ұғымына анықтама бере отырып, оның мән-мағынасына, мазмұнын айқындау; -Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың алатын орнын тексеру; — Ұлттық дәстүрді пайдалану арқылы балаға адамгершілік тәрбие беру ерекшеліктерін анықтау. Зерттеудің әдістері: Ғылыми педагогикалық әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат педегогикалық тәжірибелер, жаңа педагогикалық технологиялар, бақылау қорытындылары. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу — рухани тәрбиенің маңыздылығы Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады.Олар адамдар дың іс-қылықта рынан, мінез-құлыктарынан көрінеді,моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіс пеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сон дай-ақ қоғамғаитән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олар дың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиенеледі.Тәрбие леу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нактыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде,үлкендердің колдан келетін жұмыс ты ұйымдасты ру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан -жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде балаларға арналған шығармаларымен, сурет шілер туындылармен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытылған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм баста масына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге куана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау бір нәрсемен шұғылда ну, ортақ мақсат қою және оны жүзуге асыру ісіне өздеры қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының, қоғамдық бағытын анықтайды оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады [4]. Әр баланың жеке басы-оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау-бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олар дың мектепке дайындығын қарастырады.Бұл бағдарланы жүзуге асыруда басты рольді атқарады . Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады.Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақшысы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңбекке, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Адам — ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениеті жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады. Адамгершілік тәрбиесі балаларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдендіреді. Балалар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдың негізгі міндеті — адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адаммен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілік тәрбиесі балалардың моральдың сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. Адамгеріпілік тәрбиесінің теориялық мәселелері Әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан. Әл-Фараби «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады» деген. Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды. Оның бірінші қоятын талабы — мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы қылықты, әділетшіл, шыншыл болу. «Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады». Абайдың қоятын екінші талабы — тұрақтылық, «Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын» дейді. Үшінші талабы — әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті — дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі. Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) . Қазақ халқы — мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс- тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады [5]. Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі — ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, Отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, Шал, т.б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық пен гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз. Профессор М.Ғабдуллин өзінің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегінде «Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды. Тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді» дейді. Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оку-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, бала-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу — әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы. Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттық дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады. Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өзінің «Менің майдандас достарым» еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды. «Ерлік тәрбиеден туады» деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі — қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ С.Көбеевтің өмірі мен педагогикалың мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді калыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байңаймыз. Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С.Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. «Туган елін сүю селімі туа біткен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойға сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ елжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс» — дейді ол. С.Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген С.Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі. Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы, саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы жетістіктер аясында жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу — әр педагогтың басты міндеттерінің бірі [6]. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар т.б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізі міндеттері мына жайлармен түйінделеді:ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау кеңпейілдік, қайырымдылық, жакын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүіспенілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұтү және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңеректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруыңа қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездеріоның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына кажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбеккор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының азық деп атап көрсеткен. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. |