Главная страница
Навигация по странице:

  • Кадастр мамандығы 2-курс СӨЖ

  • Жер пайдаланудың (жер иеленудің) шекарасын түсіру және қалпына келтіру

  • Кері геодезиялық есеп арқылы қалпына келтіру.

  • 6сөжгеоинф. лФараби атындаы аза лтты университеті География жне табиатты орау факультеті Кадастр жне жерге орналастыру кафедрасы Кадастр мамандыы 2курс


    Скачать 282.43 Kb.
    НазваниелФараби атындаы аза лтты университеті География жне табиатты орау факультеті Кадастр жне жерге орналастыру кафедрасы Кадастр мамандыы 2курс
    Дата22.07.2021
    Размер282.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла6сөжгеоинф.docx
    ТипДокументы
    #225163

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

    География және табиғатты қорғау факультеті

    Кадастр және жерге орналастыру кафедрасы

    Кадастр мамандығы 2-курс


    СӨЖ

    Тақырыбы:Геодезиялық кері есеп шығару арқылы жер бетінде жойылған белгілерді орнына келтіру


    Орындаған : Манарбекқызы.Т

    Тексерген : Алимсеитова.Ж.К

    Алматы 2020-2021

    Жер пайдаланудың (жер иеленудің) шекарасын түсіру және қалпына келтіру
    Уақыт өте келе әртүрлі мақсатта белгіленген жер пайдалану шекараларының белгілері жоғалады. Сондықтан жер пайдаланудың шекарасы, оларды пайдаланушылар арасында келіспеушілік болған жағдайда ол жерлердің жаңа планын жасар алдында жүргізіледі. Геодезиялық құралдармен жер шекараларын қайта қалпына келтіру, олардың шекаралық белгілерінің координаталық немесе горизонталь бұрышы, екі белгі арасындағы аралық тәрізді ақпараттардың бірімен жасалынады. Сондай-ақ, іс-жүзіндегі план мен картадағы графикалық кескіндері арқылы да анықтауға болады.

    Жергілікті жер межелік белгілердің орналасуы, жоғалуы және сақталу санына, геодезиялық мәліметтердің нақтылығына, жердің топографиялық шартына байланысты, жер пайдаланудың шекарасын қалпына келтіру келесі тәсілдердің бірімен жасалуы мүмкін:

    1. бұрыштық өлшеу;

    2. сызықтық өлшеу;

    3. тікелей тану (дешифрлеу), жоғалған белгіні жер бетінде тану.

    Жоғалған межелік белгілерді қалпына келтіру үшін бұрыштық өлшеу теодолит және ұзындықты өлшеу аспабымен жүзеге асырылады. Қажетті бұрыштық және сызықтық шаманы координата ведомосінен немесе планнан алады.

    Бірдей межелік белгілерді қалпына келтіру үшін, полярлық әдіс немесе бұрыштық қилыстыру әдісі пайдаланылады. Полярлық әдіс сақталған межелік В белгіде, одан S аралығында салынған  бұрышын салып, жоғалған С межелік белгіні табады (сурет 4.3 а).

    Бұрыннан бар геодезиялық материалдарға байланысты  бұрышы мен аралық S координата ведомосінен немесе межелі белгінің аналитикалық координатасын есептеу формаласымен анықталуы мүмкін:
    (4.16)













    Сурет 4.3. а) полярлық әдіспен С нүктесін табу, б) бұрыштық қилыстыру әдісімен С нүктесін табу




    С межелік белгісінің анықталу дәлдігі, жергілікті жерде  және S анықтауға байланысты болады.

    Бұрыштық қилыстыру жоғарыда айтылып өткендей, сақталынған B, D мен қалпына келтірілетін С межелік белгілер арасындағы сызықтық аралықтарды өлшеу қиындық тудырғанда пайдаланылады (сурет 4.3 б). Қажетті 1, 2 бұрыштар координата ведомосінен немесе жоғарыдағы формуламен анықталады.

    Бірнеше көршілес белгілерден жеке буындарды қалпына келтіру барысында, теодолиттік жүріс жүргізген дұрыс. Мысалы жоғалған BC, CD, DE шекараларымен шекаралық белгі C және D қалпына келтіру үшін, шамасы белгілі B нүктесі,  бұрышы жағдайында осы бағыт бойынша BC белгілі аралығын салады (сурет 4.4). Алынған С нүктесінен шамасы белгілі бұрышты CD аралығын салады да, d аралығын белгілейді; Е нүктесінен eE қилыспаушылығы болуы мүмкін, BCDE салынған жүріс өлшемінің қателік әсері Bcde нүктелеріндегідей болуы мүмкін.

    Әдетте рұқсатты байланыспаушылықтың ықтималдығы ретінде қабылданатын 0,954 келесі формуламен анықталуы мүмкін:
    (4.17)
    Мұндағы ms – S аралығын салудағы өлшеудің орташа квадраттық қателігі; n – жүріс сызығының саны (салынған бұрыштардың); m – бұрыштарды салудың орташа квадраттық қателігі;  – радиандық өлшемнің бұрыштыққа ауысуы.

    Мысалы: м, м, :
    .



    Сурет. 4.4. Жеке буындарды қалпына келтірудегі теодолиттік жүріс
    Қиыспаушылық параллель сызықтар тәсілімен таратылады. Бұл үшін, буссоль көмегімен e нүктесінде қиыспаушылық бағыты (магнитті азимут) анықталады, ал d және c нүктелерінде осы бағыт буссоль көмегімен формула бойынша есептелінген dD және cC, кесінділері (түзету) салынады:

    (4.18)
    Кері геодезиялық есеп арқылы қалпына келтіру.

    Жабық жерлерде (елді мекен, құрылыс салынған) белгілерді қалпына келтіру көп уақытты және күшті қажет етеді. Өйткені жүріс жолдарын ашу үшін әртүрлі жұмыстар атқарылады. Бұл жағдайда, C және D нүктелерінде межелік белгілерді басқаша табады. B және E нүктелерінің координатасы бойынша (сурет. 4.5), кері геодезиялық есеп анықталады. BE бағыты және ұзындығы анықталады, ал осыдан кейін шекаралық сызықтың дирекционды бұрышы бойынша BE бұрышы есептеледі:
    , (4.19)

    , (4.20)

    Сурет 4.5. Кері геодезиялық есеппен координата анықтау сұлбасы
    BE келесі есептеумен шығарылады: , , және С және D нүктесіне перпендикуляр ұзындық ; .

    Егер BE сызығын өлшеу мүмкін емес немесе қиындық тудырса, онда B және E нүктелері арасына көмекші теодолиттік жүріс бір немесе екі қосымша нүктелерді Q салады (сурет 4.6).



    Сурет 4.6. Көмекші Q нүктесімен жасалынған теодолиттік жүріс сұлбасы
    Егер шекараның жоғалған бөлігінде геодезиялық мәліметтер болмаған, тек планда, фотопланда графикалық бейнесі болғанда ызықтық өлшеу арқылы межелік белгілерді қалпына келтіру қабылданады.

    Жер шекарасы екі жақтың да қатысуымен жүргізіледі.

    Жер шекаралары көбінесе стандартты межелік белгілермен бекітіледі:

    - темірбетон бағанасы, ұзындығы 135–150 см;

    - ағаш бағана, ұзындығы 135–150 см және диаметрі15–20 см;

    - салмағы 100 кг артық, пішіні салыстырмалы түрде дұрыстау валун тас;

    - конус қимасы түріндегі тур жинағы, биіктігі 80 см.

    Белгілерді ұзақ уақыт сақтау үшін, әдетте бағаналар ішкі диаметрі 2,5–2,8 м, сырты – 3,5–3,8 м, тереңдігі 0,3–0,4 м, орнатылған шеңбер түріндегі қорғанмен әрленеді. Бағананың жер бетіндегі биіктігі 0,2 м қалдырылып, межелік белгінің келесі бағыты жағына мемлекеттік ел таңбамен таңбаланады.

    Валун тастарды пайдалануда жартысына дейін жерге көміледі де, оған межелік белгінің ортасы ойып салынады, онан кейінірек белгінің келу және шығу жағын білдіретін тереңдігі  2 см ойылады.

    Межелік белгілер бірі бірінен көрінетін аралықта 1000 м алыс емес, ал оншалықты қарқынды пайдаланылмайтын аймақтарда–  2000 м аралығында орнатылады.

    Жер пайдаланудың ашық, тоғай, шатқалдармен қилыспайтын территорияларында тереңдігі  20 см арық салынады.

    Жер бетінде бекітілген жер пайдаланудың шекара бекітпелері жерге орналастыру шаруашылығы төрағасына хаттама толтырылып тапсырылады. Хаттамада шекаралардың сызбасы ұсынылады.

    Жер пайдаланудың шекарасы белгіленгеннен кейін, оны пайдалануға, иеленуге мемлекеттік акт беріледі. Межелік белгілердің координаталарын анықтау дәлдігі жер бедеріне байланысты 0,03–0,08 м, жекелеген аз бағаланатын жерлерде 0,65 м дейін болады.

    Қалалық жер шекаралары бірнеше сантиметрлік (5 см шегінде), дәлдікпен, қала маңында – түсіріс дәлдігі (10 см), жеке жер аудандары үшін 1 м2.


    написать администратору сайта