Главная страница
Навигация по странице:

  • Эозинофилдер

  • Нейтрофилдер

  • Назарларыңызға рахмет орындаған:Асылбек Дана ТФП 025-1

  • 7 сабақ физиология. Лейкоциттер Лейкоцит трлері


    Скачать 385.95 Kb.
    НазваниеЛейкоциттер Лейкоцит трлері
    Дата23.11.2022
    Размер385.95 Kb.
    Формат файлаpptx
    Имя файла7 сабақ физиология.pptx
    ТипДокументы
    #808840

    Жоспар

    • Лейкоциттер
    • Лейкоцит түрлері
    • Лейкоциттің маңызы
    • Лейкоциттер ағзаның қорғаныс күштерінің негізгі көрсеткіші болып есептеледі. Сау адамда қан лейкоциттерінің саны тұрақты емес. Тамақ қабылдағаннан кейін де көрсеткіш жоғарылайды. Сондықтан анализ дұрыс болу үшін қанды аш қарынға, таңертен, бір стақан су ішіп тапсыру керек. Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 л қанындағы лейкоциттер саны 4, 0 -9, 0*109 құрайды.
    • Лейкоцит- қанның ақ жасушасы.Эритроциттен айырмашылығы ядросы бар,эритроциттен үлкендеу диаметрі 12мкм амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтар шығарып қозғалады.
    • Лейкоциттердің саны көбейсе лейкоцитоз деп, ал азайса лейкопения деп аталады. Лейкоцитоз көп жағдайларда инфекциямен (пневмония, скарлатина), іріңді аурулармен (аппендицит, перитонит, флегмона), қатты күйіктермен ауыратын адамдарда байқалады.
    • Лейкоциттер гранулоциттер (құрамында дәндері, гранулалары болады) және агранулоциттер (түйіршіксіз лейкоциттер) деп екіге бөлінеді.
    • Гранулоциттер – омыртқалы жануарлар мен адамдардың лейкоциттері, цитоплазмасында дәндер (гранулалар) болады. Сүйек кемігінде түзіледі. Түйіршіктердің арнайы бояулармен боялуына байланысты олар базофилдерге, нейтрофилдерге, эозинофилдерге бөлінеді. Ағзаны токсиндер мен бактериялардан қорғайды.
    • Агранулоциттер (түйіршіксіз лейкоциттер) – жануарлар мен адам лейкоциттері, цитоплазмасында дәндер (гранулалар) болады. Агранулоциттер иммундық және фагоцитарлы жүйелердің жасушалары; лимфоциттер мен моноциттерге бөлінеді.

    Түйіршікті лейкоциттер эозинофилдер (түйіршіктері қышқыл бояулармен боялады), базофилдер (түйіршіктері негізгі бояулармен боялады) және нейтрофилдер (бояудың екі түрімен де боялады) деп бөлінеді.

    • Эозинофилдер – эозинмен қызыл түске боялады. Ағзаның аллергиялық реакцияларына қатысады.
    • Базофилдер – цитоплазмасында негізгі (сілті) бояулармен боялатын құрылымдары бар қанның түйіршікті лейкоциттері.
    • Нейтрофилдер – ұсақ бөгде бөлшектерді фагоцитоздау қабілетіне ие, өлі жасушаларды қорыту қабілетіне ие.

    Лейкоцит түрлерінің пайыздық арақатынасы лейкограмма не лейкоцитарлық формула деп аталады Лейкограмма лейкоцит атының бірінші әрпімен белгіленіп,көбінесе кесте ретінде көрсетіледі

    Лейкограмма солға не оңға қарай жылжуы мүмкін.Қанда метамиелоциттер пайда болып жас нейрофилдер көбейсе ,лейкограмманның солға жылжығаны.Бұл лейкопоэздің күшейгенін көрсетеді .Егер сегмент ядролы лейкоциттер саны көбейіп,жас нейтрофилдер азайса,лейкограмманың оңға жылжығаны.Бұл лейкопоэздің нашарлағанын көрсетеді Лимфоциттер – ағзаның басты реттеушісі. Олар ағзаға бөтен молекулалар мен микробтардың енбеуін, ағзаның өз жасушаларының бақылаудан шықпауын, яғни мутацияға ұшырау-ұшырамауын, ретсіз бөлінуін, оның ісікке айналмауын қадағалайды. Лимфоциттердің басты хабаршысы – макрофагтар. Олар ағза бойымен орын алмастырып, күмән тудырған үлгілерді жинап, оларды лимфоциттерге таныстырады. Қалыпты жағдайда қандағы лимфоциттер ағзадағы лейкоциттердің барлық мөлшерінің 25 -35%-ын құрайды. 6 жасқа дейінгі балаларда нейтрофилдерге қарағанда мөлшері көп болады, ал 6 жастан кейін лимфоциттер азаяды, нейтрофилдер керісінше көбееді. Т-лимфоциттер сүйек кемігінде ,жілік майында түзіледі де тимус безінде одан әрі дамиды.Олар киллер,хелпер,супрессор деп аталатын үш түрлі тіндерге бөлінеді. Киллер-өлтіруші жасуша ісік жасушаларын ,адам денесіне жат ағзалар мен тіндерді дамытпайтын иммунитет.Ол сондай ақ медиатор –лимфокин бөліп шығарады . Хелпер-көмекші жасуша В-лимфоцитпен әрекеттесіп ,оны плазмалық антитән шығаратын жасушаға айналдырады. Супрессор-қысым көрсетуші реттеуші жасуша .Ол Т-киллер және В-лимфоциттің реакциясы күшейіп бара жатса ,тежеп отырады.Т-лимфоциттер арасында тммунитетті ұзартатын еске сақтау жасушалары бар.

    В-лимфоциттер жілік майында түзіліп ,ішек пен бүйеннің лимфоидтық түйіндерінде,бадамша бездерінде одан әрі дамиды.В-лимфоциттер мен Т-лимфоциттер өзара әрекеттескен соң иммунды глобулиндер шығарады

    Фагоцитоз

    Фагоцитоз кезінде лейкоциттер тіршілігін жоя отырып, өзінен бактерияларды өлтіретін қосылыстар бөледі. Тіршілігінен айырылған жасушалар қою ірің түзеді. Жараны жарғанда ірің сыртқа шығып, фагоциттер зақымдалған ұлпаның қайта қалпына келуіне әсер етеді. Егер лейкоциттер микробтарды жоя алмай, ол бүкіл денеге тарала бастаған жағдайда келесі қорғаныс кедергі-фильтр қызметін лимфа түйіндері атқарады, бактериялар сонда ұсталып қалып, тіршілігін жояды. Егер микробтар қан айналымына енсе, онда лейкоциттердің барлық түрлері ағзаның күресіне қатысады. Фаготицоз үш сатылы үрдіс ,бірінші миграция көшу сатысы . Лейкоциттер оң зарядты ,олардың хемотаксис қасиеті бар ,бөгде денелермен ұқсастығы күшті. Лейкоциттер бөтен заттарға қарай қимылдайды ,оны оң хемотаксис дейді.Қимылдау кезінде олар қан ағысына қарсы жүруіде мүмкін , сөйтіп бөгде заттарға жақындаған кезде қылтамыр қабырғасындағы эндотелийлер арасына жалған аяқтарымен еніп,лейкоцит протоплазмасы сыртқа қарай ығысып бүтін қылтамыр сыртына сыртына шығады.Осы құбылысты диапедез дейді Фагоцитоздың екінші сатысы- бөгде затты танып,қармау жұту кезеңі.Микробтарға жақындаған сәтте лейкоцит денесінен опсонин деген зат бөлініп шығарады да,бөгде заттарды денедегі жасушалардан ажыратады , осыдан кейін оларды лейкоцит аяқшаларымен айнала қармап қоршайды да,өз протоплазмасына қарай тартады Фагоцитоздың үшінші сатысы-жұту және қорыту.Лейкоциттің ішіне енген бөгде затқа лизосоманың түрлі ферменттері әсер етеді.Бұлардың ішінде бөгде заттарды бейтараптайтын бактериоцидтік заттар ,вирусқа қарсы заттар-интерфондар бар.

    Назарларыңызға рахмет орындаған:Асылбек Дана ТФП 025-1



    написать администратору сайта