Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.Қоғамдық денсаулық сақтау пәнінің негізгі зерттеу әдістері.

  • 3.Қазақстанда денсаулық сақтаудың мемлекеттік сипаттамалары.

  • Репродуктивтік денсаулық туралы түсінік.

  • 5.Аурудың дамуына және таралуына әсер ететін факторларды,олардың жіктелуі.

  • туберкулез. 1. Пациент жне оам пніні негізгі блімдері Масаты Студенттерде оамды денсаулы жне денсаулы сатау


    Скачать 1.16 Mb.
    Название1. Пациент жне оам пніні негізгі блімдері Масаты Студенттерде оамды денсаулы жне денсаулы сатау
    Анкортуберкулез
    Дата21.07.2022
    Размер1.16 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаNawqas jäne Qoğam 1 — 95.docx
    ТипДокументы
    #634536
    страница1 из 9
      1   2   3   4   5   6   7   8   9

    1.Пациент және қоғам пәнінің негізгі бөлімдері

    Мақсаты: Студенттерде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» пәні туралы жалпы ұғым қалыптастыру, негізгі ұғымдарын, бөлімдерін, әдістерін білу. Денсаулық сақтау жалпы алғанда күрделі қоғамдық динамикалық, функциональдық, ашық және адаптивті жүйе болып табылады, қоғам өзінің даму кезеңдерінде жалпы қоғамның және ондағы әр адамның денсаулығын қорғау және жақсартуға бағытталған шаралар кешенін қалыптастырып және қолданып отырады. Адамзат тарихында денсаулықты қорғау туралы қоғамдық шаралар мемлекет қалыптасуымен байланысты жүргізіле бастады. Олар қоғамдықэкономикалық формацияның, өндірістік тәсілдер мен өндірістік қатынастардың, мемлекеттік құрылыстардың ауысуына байланысты өзгеріп отырды.

    Қоғамдық денсаулық сақтау (Public Health system)–тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту концепциясын, ауру мен жарақаттардың алдын алу,белсенді өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілеттілікті қоғамның күшін біріктіру арқылы арттыруды жүзеге асыруға бағытталған, іс әрекеті медициналық және медициналық емес сипаттағы құрылымдарды қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық шаралар жүйесі. Қоғамдық денсаулықтың оқу көзі болып қоғамдық өмір сүру жағдайларының денсаулыққа әсерін жәнехалықты медициналық қамтамасыз етуді зерттеу болып табылады. Қоғамдық денсаулықтың әдістемелік негізі болып қоғамдық денсаулықты зерттеу және анықтауда жүйелі тұрғыдан қарастыру жатады.Қазіргі жағдайда пәннің мазмұны қайта қарауды және толықтыруларды, сонымен қатар денсаулық сақтаудың заң шығару негіздерін өңдеу, өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қоғамдық денсаулықтың тенденциясын зерттеу, денсаулық сақтау іс-әрекетін экономикалық негіздеу,медициналық көмек сапасын басқару және т.б.қажет етеді. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау (1995 ж.) бойынша жаңа денсаулық сақтау – бұл денсаулықты нығайту, аурудың алдын алу, әлеуметтік әділеттілікті қолдау интеграцияланған денсаулық сақтау саясатын дамытуға бағытталған қоғамның ұйымдасқан күш салуы.Денсаулық анықтамасы және оны бағалау денсаулық сақтау тарихында өзгеріп отырғандығын айта кеткен жөн. Қазіргі кезде денсаулық ұғымының жалпы қабылданған бірегей анықтамасы жоқ. Денсаулықтың қандай да бір аспектілеріне арналған әдебиеттерде осы категорияның көптеген анықтамалары бар, олар әр түрлі критерилер мен жүйелерге негізделген. Денсаулық (Health) – БДҰ Уставы бойынша, тек қана аурудың немесе дене ақауларының болмауы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік толық аман есендік (ДДҰ Устав, 1948). Анықтамада келтірілгендей, денсаулық сипаттамасында үш компонент біріктірілген: физикалық (биологиялық), психикалық (рухани) және әлеуметтік денсаулық. Физикалық денсаулық (Physical health) – бұл өмір сапасына қол жеткізуді, қоғамның салауаттылығы мен қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайтуды қамтамасыз ететін жеке индивидуумның, адамдар тобы немесе жалпы қоғамның физикалық даму деңгейімен, физикалық мүмкіндіктермен және бейімделу қабілетімен сипатталатын жағдай.Психикалық денсаулық (Mental health) – бұл психикалық құбылыстардың детерминациялығы,нақтыжағдайларды бейнелеу мен индивидуумның оған көзқарасы арасындағы үйлесімді байланыс, ағзаның әлеуметтік, психологиялық және физикалық (биологиялық) өмір сүру жағдайларына адекватты реакциясымен, жеке тұлғаның өз іс-әрекетін басқара білуі,микро- және макроәлеуметтік ортада өзінің өмір жолын жоспарлап, жүзеге асыра білу қасиеттері тән психикалық ісәрекеттің қозғалмалық үрдісімен сипатталатын жағдай. Әлеуметтік денсаулық (social health) – қоғамдағы адамның орны мен ролі бойынша анықталатын әлеуметтік бейімделу өлшемі. Адамның денсаулық жағдайы туралы айтқанда біз осы үш компоненттің үйлесімді тіркесін айтамыз. Осылардыңбіреуінің бұзылысы дисгормония, үйлесімсіздік, ақыр

    соңында ауруға алып келеді.
    2.Қоғамдық денсаулық сақтау пәнінің негізгі зерттеу әдістері.

    Қоғамдық денсаулық сақтау пәнінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының физикалық және рухани-имандылық денсаулығының күйін жақсарту, өмір сүрудің сапасын көтеру, дене шынықтыру – спорттық қозғалысын дамыту, қоршаған ортаны жайластыру және қорғау, салауатты өмір салтын ж ұрт қа таныту және тарату, жас өспірімді патриотизм рухында тәрбиелеу, әлеуметтік-пайдалы және жасампаз қызметке шын жүрекпен талпыну болып табылады.

    Қоғамдық денсаулықты ұйымдастырудың негізгі әдістері:

    Аналитикалық әдіс. Салыстырмалы әдіс. Экономикалық әдіс. Тепе-теңдік әдісі Нормативтік әдіс

    Қоғамдық денсаулықты зерттеу әдістері:Тарихи,Статистикалық (санитарностатистикалық) ,Эксперимент әдістері және модельдеу, Эксперт бағалауларының,экономикалық Социалдық тексеру, Анализдеу, Эпидемиялық, Медико-географиялық.
    3.Қазақстанда денсаулық сақтаудың мемлекеттік сипаттамалары.

    Денсаулық сақтау - азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси және өзге де шаралар жиынтығы.

    Денсаулық сақтау жүйесi - қызметi азаматтардың денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк органдар мен денсаулық сақтау субъектiлерiнiң жиынтығы.

    Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүзеге асыру, халықтың денсаулығын қорғау саласындағы міндеттерді шешу үшін мемлекетте арнайы атқару органдарының жүйесі құрылады. Осы органдар өздеріне берілген құзіреттері мен құрылымдары арқылы халықтың денсаулығын сақтау мен қамтамасыз етуге тікелей араласып, өздерінің жиынтығы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі бір буынын құрайды. Демек, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулық сақтауды басқарудың өзіне сәйкес жүйесі бар деуге болады.

    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын басқару жүйесі, өзінің белгілі бір ішкі ұйымдасуы мен функциялары, басқа жүйелермен байланысы және одан әрі даму болашағы бар қоғамды басқарудың бір жүйесі.

    Ол төмендегідей өзіне тән белгілермен сипатталады:

    -​өзара байланысты элементтерден тұратын біртұтас жүйені құрайды;

    -​біртұтас әлеуметтік жүйедегі күрделі бір жүйе болып табылады;

    -​басқарудың басқа да жүйелерімен бірлікте бола отырып, өз қатынастарында дербестікке ие және бір біріне әсер етіп отырады;

    -​ішкі (осы жүйенің ішкі құрылымдарымен) және сыртқы (басқа жүйелермен байланысы, иерархиялық құрылымы, элементтері, құқықтық мәртебелері бойынша ерекшеленетін әр түрлі деңгейдегі құрылымдары бар;

    -​белгілі бір тұрақтылық қасиеттеріне ие;

    -​ырғақты, яғни дамып және жетілдіріліп отыратын.

    Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 4-бабында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей қағидалар негізінде жүргізілетіндігі бекітілген:1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;3) ана мен баланы қорғау;4)) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;5) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;6) медициналық көмектің қолжетімділігі;7) медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру;8)халықтың санитарлық-эпидемиолгиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;9) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің сабақтастығы;10) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;11) отандық медицина ғылымын мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені енгізу;12) ерікті өтемсіз донорлықты көтермелеу;13) отандық әзірілімдерді және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау;14) азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;15) денсаулық сақтаудың халық сұранысын, мұқтажын қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарлылығы;16) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу;17) халықтың денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу [11, 4-бап].


    1. Репродуктивтік денсаулық туралы түсінік.

    Денсаулыктың ең маңызды құрамдас бөлігінің бірі- репродуктивтік денсаулық (reprodutcio -қайта өндіру, көбею). ДДСҰ анықтамасы бойынша репродуктивтік денсаулық-бұл тек ауру жағдайының жоқтығы емес немесе жыныс жүйесінің, оның қызметі мен процестерінің бұзылуында ғана емес, толық дені сау, яғни денесі шыныққан, ойлау қабілеті дамыған, әлеуметтік дұрыс жағдайда өзіне ұқсас ұрпақ жалғастыра алу процесі.Репродуктивтік денсаулық тіршілік жағдайына, тамақтануға, экологияға, генетикалық тұқым қуалаушылыққа, сонымен қатар репродуктивтік денсаулық жұмысы мен оны қорғау қызметіне де байланысты болады.Репродуктивтік денсаулықты қорғау қызметіне мыналар жатады: әйелдерге кеңес беру орталықтары, босану орындары, отбасын жоспарлау орталықтары, ауылдық жерлердегі емханалар, фельдшерлік пунктер және т.б.

    Репродуктивтік денсаулық орталық қызметтеріне ғылыми-әдістемелік көмекті ана мен бала денсаулығын қорғаудың Республикалық Орталығы, медициналық университеттердің акушерлік және гинекологиялық кафедралары көрсетеді.

    Репродуктивтік денсаулық қызметтері:

    босанудың қалыпты өтуі мен босанудан кейінгі емізу кезеңінің дұрыс өтуін қамтамасыз ету;

    жыныс мүшелері ауруларының алдын алу мен емдеу;

    1994 жылдағы Халық саны бойынша өткен Халықаралық Каир конференциясында адамның мынадай құқықтары белгіленген:

    жыныстардың тең құқығылығы;

    неке мен жанұя құру мүмкіндігінің болуы:

    жеке және жанұялық өмір сүруге құқығының болуы:

    жанұядағы бала санының қанша болу қажеттілігінің өзі шешу мүмкіндігі:

    білім алу және медициналық ақпаратты білу құқығы.

    репродуктивтік денсаулық орталықтарының мақсаты отбасын құруды жоспарлау мен жүктілік кезіндегі қауіп-қатерді болдырмау:

    жасөспірімдік жүктілікті болдырмау:

    35 жастан кейінгі жүктілікті болдырмау:

    күтпеген жүктілік (қауіпті жасанды тусіктер). Бұлардың барлығы ана өлімі мен мүгедек қысқартады, бала өлімін азайтады.

    Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар болып зиянды әдеттер (шылым, ішімдік, есірткі заттары), жыныстық қатынасқа ерте жастан бару, жыныстық жолмен таралатын аурулар және кіші жамбас аймағындағы жұқпалы аурулар репродуктивті денсаулыққа зиянды әсер етеді.

    Темекі шегу әйелдер мен ерлердің репродуктивті жүйесіне өте зиянды әсер етеді. Никотиннің жыныс мүшелерінің қызметін, жыныс жасушаларының бұзатындығы дәлелденген.

    Егер жүкті әйел темекі шексе , у плацента арқылы оны улайды. Ұрықтың бауыры әлі қалыптасып болмағандықтан түскен уларды залалсыздандыра алмайды. Сөйтіп, ол ағзада жинала береді. Темекі шегу қандағы гемоглобиннің мөлшерін төмендетеді, сондықтан ұрық оттегі жетіспеушілігіне шалдығады. Мұндай жағдайда алдымен ұрықтың жүйке жүйесі зақымданады., соның салдарынан нәрестенің дамуы жетіледі.

    Ұлттық заңдарда, Халықаралық құқытық құжаттарда және басқа да келісімдерде репродуктивтік құқық адам құқығының бір бөлігі болып табылады. Бұл құқықтар барлық жұбайлар мен жеке адамдарға еркін және жауапты түрде бала санын анықтауға негізделген. (ББҰ, Ұлттар сан бойынша Халықаралық конференция 1994ж.)

    Отбасын Жоспарлау Халықаралық Федерациясының (ОЖХФ) бағдарламасында репродуктивтік құқық туралы жастардың Хартиясы бекітілген.

    Өмір сүру құқығы.

    Жеке еркіндік пен қауіпсіздікке құқық.

    Дискриминациясының барлық формаларына қарсы теңдік пен еркіндік құқығы.

    Жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы және конфиденциалдық (жеке қүпиялық).

    Көзқарас еркіндік құқығы.

    Ақпарат және білім алу құқығы.

    Некеге отыру немесе отырмау, отбасын құру және жоспарлау құқығы.

    Бала туу мәселесін шешу және баланың туылуын жоспарлау құқығы.

    Медициналық қызмет пен денсаулық сақтау құқығы.

    Ғылыми прогресс жетістіктерін пайдалану құқығы.

    Саяси жиналыстарға қатысу еркіндігі құқығы.

    Ауыр және қорлайтын қатынастан қорғану құқығы.
    5.Аурудың дамуына және таралуына әсер ететін факторларды,олардың жіктелуі.

    Дерт туындататын сыртқы ортаның ықпалдары механикалық, физикалық,химиялық,биологиялық және әлеуметтік болып ажыратылады.Бұл ықпалдар жиі бірігіп әсер етеді.Мәселен,механикалық жарақаттардың нәтижесінде дамитын қан кетулер қоршаған ортаның температурасымен ,оның химиялық заттармен немесе иондағыш сәулелермен ластанумен ,организмнің өзінің жағдайларымен (жас мөлшерімен,жынысымен.эндокриндік, иммундық жүйелерінің ерекшеліктерімен )т.б. Көптеген ықпалдарлдың бірігіп әсер етуімен қабаттасады.

    Аурудың полиэтиологиялық түсінігі туралы.Аурудың себебі болып сыртқы орта факторларының қандай да бір түрі болуы мүмкін- механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психикалық және тамақтанудың бұзылуы. Осы алты фактордың біреуі аура себебі бола алады, егерде ол сапасы бойынша адекватты емес немесе саны бойынша күш әсері ерекше болса(мысалы,жоғары немесе өте төменгі фактор, жарықтың ашықтығы). Сыртқы ортаның әдетті физиологиялық фактор әсерінің сандық өзгерісі жаңа сапалық мәнді береді, және организм үшін ауру тудырушы болып табылады(судың көп мөлшердегі мәселесі, ас тұзы, витаминдердің көптігі және т.б.) Ауру себебі, бірінші ретті

    зақымдай отырып осы ауруға тән арнайы ерекшелік бере отырып, ауру тудырады. Көптеген аурулардың дамуы мен патологиялық процестердің ағымы себепші фактордың қатысуынсыз өзің-өзі дамиды. Аурудың сыртқы және ішкі себептері туралы түсінік.

    Ауру тудырушы шарттармен себептердің арасындағы байланыс. Қандайда бір шартсыз ауру себебі әсер ете алмайды.Ол өзінің организмге деген ауру тудырушы әсерін шарттар комплексімен қосыла отырып ғана көрсете алады. Патологиялық процесті тудыруда шарт пен себептің манызы әртүрлі. Шарт белгілі бір дәрежеде кездейсоқ болады. Әр ауруда себеп бір, ал шарттар комплексі әртүрлі. Басқа сөзбен айтқанда шарт ауру тууымен тығыз, маңызды байланыста болады. Шарт аурудың тууына және оның болу- болмауын анықтайтын ішкі және сыртқы орта факторларының қосындысы. Аурудың күрделі комплексті этиологилық себепбұл олсыз ауру тумайтын жалғыз маңызды фактор. Шарт себептің әсерін жоюы мүмкін, бірақ оның орнын ауыстыра алмайды.

    Механикалық фактор

    Жарақат — сыртқы жағдайдың әсерінен орган мен тін қызметінің бұзылуы. Жарақат әр түрлі жағдайдың (химия, физика, механикалық, т.б.) әсерінен пайда болады. Осыған байланысты Жарақат бірнеше түрге бөлінеді:

    1) механикалық Жарақат — сыртқы күштің әсерінен пайдаболады. Бұған, көбінесе, жара, буын шығу, сіңір созылу, қан кету, қан құйылу, т.б. жатады;

    2) термикалық Жарақат — жоғары не төмен температура (үсу, күйік), электр тогы, рентген сәулелері әсерінен;

    3) химиялық Жарақат — қышқыл, сілті, улы заттардың әсерінен;

    4) биологиялық Жарақат — бактериялық уланудың (токсиндердің) әсерінен;

    5) психикалық Жарақат — орталық жүйке қызметінің бұзылуынан (кенеттен қатты қорқу, шошу, қайғы, т.б.) болады. Жарақат жедел және созылмалы түрде өтеді. Жедел Жарақаттың (қан құйылу, қан кету, т.б.) әсерінен адам өліп кетуі мүмкін. Ал созылмалы түрінде тіннің қажалуы (сүйел пайда болу) оған не органға үнемі сыртқы күштің әсер етуінен болады. Соның нәтижесінде тін, орган басылып жаншылады. Жарақат алу ірі өндіріс орындарында (зауыт, комбинат,

    т.б.) жұмыс істейтін жұмысшылардың, спортшылардың, әсіресе, мектеп жасындағы балалардың арасында, сондай-ақ, көлікте, қарулы күштерде жиі кездеседі.

    6.Туу және көбею көрсеткіштерін есептеу.

    Жалпы туу коэффициенті промилледе көрсетіледі және жалпы халық санына қатысты халықтың өлім-жітімі қарқындылығын айқындайды. Бұл көрсеткіш есептік кезеңде тірі туғандардың жалпы санына аталған кезеңдегі халықтың орташа санының қатынасы болып табылады: мұнда: CBR - бала туудың жалпы коэффициенті;

    N – жылдың ішінде туғандар саны;

    Р – орташа жылдық халық.
    8. Бала туудың арнайы коэффициенті тірі туғандар санының репродуктивті жастағы әйелдердің орташа санына қатынасы.

    мұнда: F15-49 – бала туудың арнайы коэффициенті;

    N – туғандар саны;

    Р15-49 –15-49 жастағы әйелдердің орташа жылдық саны.

    Жас ерекшелігіне байланысты туу коэффициенті күнтізбелік жылда әрбір жас тобында туудың орташа деңгейін сипаттайды. 20 жасқа дейінгі жас топтары үшін коэффициентті есептеу кезінде бөлгіш ретінде 15-19 жасқа дейінгі әйелдер саны алынады. 15-49 жас тобы үшін коэффициентті есептеген кезде, алымына барлық босанғандар, сонымен қоса 15 жасқа дейінгі, сондай-ақ 50 және одан ересек жаста босанған әйелдер саны енгізіледі.

    мұнда: Fх – жас ерекшелігіне байланысты туу коэффициенті, онда x - жасы;

    Nх – x жастағы әйелдерде туғандар саны;

    Рх – х жастағы әйелдердің орташа жылдық саны.

    Туудың жиынтық коэффициенті туу деңгейінің ең дәл өлшеуіші болып табылады. Есептелетін жылғы туудың жасына қарай қарқындылығы сақталған жағдайда бір әйелдің барлық өмірінде туатын балаларының орташа санын сипаттайды. Туудың жиынтық коэффициентін өлім-жітім болмайды деген болжаммен, яғни шартты ұрпақтың барлық әйелдері репродуктивті кезеңнің (15-49 жас) соңына дейін өмір сүреді деген болжаммен есептейді. Туудың жиынтық коэффициенті 15-тен бастап 49-ға дейінгі жастар үшін жасына қарай туу коэффициентінің қосындысы ретінде есептеледі:

    мұнда: TFR – туудың жалпы коэффициенті;

    ASFRх – жас ерекшелігіне байланысты туу коэффициенті.

    Егер деректер 5 жастық интервалмен жарияланатын болса, келесі формула қолданылады:

    мұнда:TFR – туудың жалпы коэффициенті;

    5ASFRх –5 жас аралығындағы жас ерекшелігі бойынша туу коэффициенті.

    1000-ға бөлу бір әйелге коэффициенттік мәнге келтіру үшін алынады.

    Халықтың ұдайы өсіп-өну көрсеткіштері

    Халықтың ұдайы өсіп-өну көрсеткіштері ата-аналық ұрпақ балалардың ұрпақтары ауыстырылатын уақыт кезеңі ішінде халықтың өзгеруін сипаттайды.Туу кестесі (бұдан әрі – Кесте) нақты немесе гипотетикалық ұрпақта туу процесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін білдіреді.. Кестелер жалпы процесін сипаттайтын барлық әйелдер үшін немесе некеде тууды сипаттайтын тек некеге тұрған адамдар үшін құрылады.

    Туу кестелері екі типке бөлінеді – жалпы және арнайы. Жалпы кестелер туу тәртібін ескерместен барлық туғандар үшін жасалады. Арнайы кестелер туу тәртібін ескере отырып құрылады.Кестелер біржастағы топтар бойынша құрылған толық және жас бес интервалы және одан да үлкен жас аралығында есептелген қысқа кестелерге бөлінеді.Кестелерді құру аналардың жасына қарай бөлінуіне және әр жастағы әйелдердің саны туралы мәліметтерге негізделеді.Жасы бойынша туу коэффициенттері жалпы құнарлы кестелерді есептеу үшін негізгі ретінде пайдаланылады.Бала туудың жалпы жиынтығы ананың белгілі бір жасқа жеткен сәтте туған балалардың орташа санымен сипатталады. Бұл көрсеткіш 15 жастан бастап нақты жасқа дейінгі туу коэффициентінің жиынтығы ретінде есептеледі және 1000 жастағы әйелге шаққандағы туғандар санының есептік жылда өзгеріссіз қалу шартымен өлім мен көші-қонның әсерінен әйелдер санының жоғалуын есепке алмай, осы жасқа шаққандағы туудың санын көрсетеді.

    Мұнда:Fx – жасы бойынша туу коэффициенті;

    Fx – х жасында туу коэффициенті;

    К – жас аралығының ұзындығы.
      1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта