4. Мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемі 7. Консультативтік-емханалық және стационарлық көмек көрсететін көп бейінді денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрігерлердің мамандықтарына байланысты көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек терапиялық, хирургиялық, педиатриялық және акушериялық-гинекологиялық бейіндерге бөлінеді. 8. Терапиялық бейінде: терапия, аллергология, гастроэнтерология, гематология, нефрология, кардиология, ревматология, пульмонология, эндокринология, психиатрия, психотерапия, медициналық психология, неврология, терапиялық стоматология, сексопатология, реабилитология, профпатология, еңбек терапиясы, наркология, фтизиатрия, геронтология, гериатрия, гирудотерапия, токсикология, емдік денешынықтыру, диетология, рентгенология, Су-джок-терапия, мануалдық терапия, рефлексотерапия, гомеопатия, дерматовенерология, дерматокосметология, жұқпалы аурулар, иммунология, лепрология, медициналық генетика қамтылады. 9. Хирургиялық бейінде: хирургия, нейрохирургия, кардиохирургия, онкология, травматология және ортопедия, камбустиология, урология, андрология, оториноларингология, офтальмология, проктология, маммология, хирургиялық стоматология, ортодонтиялық стоматология, ортопедиялық стоматология, жақ-бет хирургиясы, трансплантология, экстракорпоралдық детоксикация, гипербариялық оксигенация, токсикология, анестезиология-реаниматология, клиникалық трансфузиология қамтылады. 10. Педиатриялық бейінде: педиатрия, балалар офтальмологиясы, балалар оториноларингологиясы, балалар пульмонологиясы, фтизиопедиатрия, балалар кардиоревматологиясы, балалар гастроэнтерологиясы, балалар нефрологиясы, балалар және жасөспірімдер гинекологиясы, балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы, балалар хирургиясы, балалар нейрохирургиясы, балалар эндоскопиясы, балалар травматологиясы және ортопедиясы, балалар камбустиологиясы, балалар трансплантологиясы, балалар экстракорпоралдық детоксикациясы, балалар аллергологиясы, медициналық генетика, балалардағы жұқпалы аурулар, балалар иммунологиясы, балалар онкологиясы, балалар гематологиясы, балалар неврологиясы, балалар эндокринологиясы, балалар психиатриясы, балалар психотерапиясы, балалар токсикологиясы, балалар гипербариялық оксигенациясы, балалар стоматологиясы, оның ішінде ортопедия және ортодонтия, балалар жақ-бет хирургиясы, балалар урологиясы, балалар дерматовенерологиясы, жасөспірімдер наркологиясы, жасөспірімдер терапиясы, экстракорпоралдық детоксикациясы, балалар оңалтуы, неонатология қамтылады. 11. Акушериялық-гинекологиялық бейінде: гинекология, акушерия қамтылады. 12. Мамандырылған медициналық көмектің көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен диагностикалау және емдеу стандарттарына (операциялар мен манипуляциялар, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық қызметтер анықтамалығына) сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау және емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетілімдер бойынша анықталады.
5. Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемі 13. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлері терапиялық, хирургиялық, педиатриялық және акушериялық-гинекологиялық бейіндерге бөлінеді. 14. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көлемі ЖММК Тізбесіне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға (медициналық қызметкер анықтамалығына операциялар мен манипуляциялар, дәрі–дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау мен емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетілімдер бойынша анықталады. 90.Аудандық ауруханамен облыстық аурухана құрылымының этаптары.
1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары: 1) бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары: аудандық емхана (бұдан әрі – АЕ) аудан орталығында құрылады; медициналық пункт халқының саны 50 (елу) адамнан 800 (сегіз жүз) адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде (бұдан әрі – АЕМ) құрылады; фельдшерлік-акушерлік пункт халқының саны 800 (сегіз жүз) адамнан 2000 (екі мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады; дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы) халқының саны 2000 (екі мың) адамнан 10000 (он мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады; ауылдық емхана бекітілген халқының саны 10000 (он мың) адамнан және одан асатын халқы тығыз орналасқан АЕМ-де құрылады; қалалық емхана (бұдан әрі – ҚЕ) бекітілген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын қалаларда бір аумақтық учаске шегінде, бірақ кемінде бір ҚЕ құрылады; дәрігерлік амбулатория бекітілген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем емес бір аумақтық учаске шеңберінде қалалық елді-мекендерде құрылады. 2) консултациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары: консултациялық-диагностикалық орталық облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
Басшылық:
Байқау кеңесініңхатшысы Байқау кеңесі Директор Емдеу ісі боынша директордың орынбасары Науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы Ұйымдастыру –әдістемелік жұмысы бойынша менеджер Мейірбике
Медициналық статистика бөлімі :
Медицинский статистик-Медициналық статистика Медициналық статистика Инженер жүйелі администратор Компьтерге қызмет көрсету инженері Компьютерлік өндеу операторы Мұрағатшы
Персоналды басқару қызметі:
Персоналды басқару қызметінің бастығы Персоналды басқару қызметінің инспекторы Хатшы-референт
Бухгалтерия
Бас бухгалтер Бас бухгалтердің орынбасары Бухгалтер
Жоспарлау және шаруашылық бөлімі
Экономист Бас экономист Юрист консультант Провизор Медициналық қойманың меңгерушісі Фармацевт
Әкімшілік –шаруашылық бөлімі:
Стационар 161 төсек:
Кардиохирургия бөлімшесі (30 төсек ) Балалар кардиохирургия бөлімшесі (16 төсек) Хирургиялық аритмология және интервенциялық кардиология бөлімшесі- (38 төсек ) жіті коронарлық жетіспеушілігі бөлімшесі (52 төсек) тамыр және эндоваскулярлық хирургия бөлімшесі- (25 төсек) реанимация және анестезиология бөлімшелері-(18 төсек) Клинико-диагностикалық зертхана
Операциялық блок:
Электрофизиологиялық зертхана 2-рентгеноперациялық, 2-кардиохирургиялық операциялар-ересектердің 2 операциялық қан-тамырлар хирургиясы
Реабилитация бөлімшесі:
Компьтерлік томография сәулелі және функционалдық диагностика бөлімшесі рентген-эндоваскулярлық блок қабылдау диагностикалық бөлімшесі
Терапевтикалық блок:
3 терапевтикалық бөлімшелер (102 төсек)
91.ҚР-ның балалармен жасөспірімдерге көрсетілетін көмектің бір-бірінен ерекшелі.
Балаларға қажетті амбулаториялық-емханалық қызмет, өте ерте жастан 17 жасқа дейінгі аралықта, бірыңғай медициналық көмек көрсету принципі бойынша балалар емханаларында (бөлімдерінде) жасалады. Басқа амбулаториялық-емханалық мекемелер (консультациялық-диагностикалық орталықтар, жанұяны жоспарлау және репродукция орталықтары, реабилитациялық мекемелер) денсаулық сақтау жөніндегі арнаулы сұрақтарды шешеді, консультациялық көмек көрсетеді, терең диагностикалық зерттеулер жүргізеді, қажетті базасы болған жағдайда емдеу, реабилитациялық көмек көрсетеді.
Қалалық балалар емханасы (бөлімі) – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету саласының ең басты емдеу профилактикалық мекемесі болып табылады. Соматикалық, репродуктивтік, психикалық денсаулық туралы ақпараттарды жинап, біріктіріп, сараптап, балалардың медициналық көмекпен қамтамасыз етілуінің сапасына жауап береді. Осындай жұмыстардың негізінде профилактикалық, емдеу-салауаттандыру және коррекциялық жұмыстардың негізгі басымдық бағыттарын анықтайды, сол территорияның балаларының денсаулығын сақтаудың негізгі міндеттерін құрастырады.
Үздіксіз медициналық бақылау жүйесінде учаскелік педиатрлар басты, координациялық маңыз атқарады. Олар профилактикалық емдеу, реабилитациялық жұмыстардың мезгілінде, кешенді және қажетті көлемде жүргізілуіне тікелей жауапкершілікте болады.
Бұл міндеттер орындалуы үшін балалар емханасында (бөлімінде) педиатрлар бөлімі (кабинеттері), ағарту мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімі, салауаттандыру шаралары, клиникалық-эксперттік комиссия және т.б. параклиникалық, қосарлы қызметтер жұмыс істейді.
Педиатриялық бөлімдер жаңа туған сәбиден17 жасқа дейінгі балаларға жедел және созылмалы ауруларға қарсы амбулаториялық және үйге барып көмек көрсету, диспансерлік бақылау, жұмыс істеп жүрген жасөспірімдерге профилактикалық шаралар жүргізу қызметін атқарадаы.
Репродуктивтік денсаулық жөніндегі мамандардың (балалар гинекологы, андрология …) қатысуымен арнаулы көмектер көрсетіледі.
Оқу-ағарту орындарындағы медициналық көмек көрсету бөлімдері, жалпы және коррекциялық типтердегі интернаттарға, кәсіптік білім беру орындарындағы балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Әскери комиссариатпен тығыз байланыста болып, ер балаларды әскерге дайындау жұмыстарын және дәрігерлік-мамандық кеңес беру, мамандыққа бағыт беру жұмыстарын жүргізеді.
Медициналық-санитарлық көмек беру бөлімі жанұяның медициналық - әлеуметтік қауіпті факторларын анықтап, медициналық, психологиялық, құқықтық көмек көрсетеді.
Емдеу-профилактикалық мекемелердің клиникалық-эксперттік комиссиясы уақытша еңбекке жарамсыздыққа экспертиза жасау мақсатында қызмет етеді. Жасөспірімдер 18 жасқа толған соң балалар емханасынан жалпы ересектер емханасының бақылауына ауыстырылады. Мұнда диспансерлік бақылауда тұрған жасөспірімдерді толық тексеруден өткізіп, комиссия шешімін көрсету арқылы ауыстырады.
Балалардың міндетті түрде медициналық бақылауда болу мерзімі, құрылымы, кезеңдері Денсаулық сақтау Министрлігінің құжаттары бойынша анықталады. Мектептерде денсаулық жағдайының ауытқулары бар балаларға салауаттандыру шаралары жүргізіледі.
Жоғары тыныс жолдарының жедел салқын тиген ауруларымен жиі ауыратын балаларға арнаулы, жеке тәртіп жасалып, витаминдерге (А,В,С) фитонциттерге (сарымсақ, пияз) бай тағамдармен қанықтырылыған рационалды тамақтану, арнаулы бағдарламадағы денешынықтыру тәрбиесі, қажетті шынығу процедуралары, симтоматикалық емдік дәрілер, кариес тістердің санациясы, УФ т.с.с тағайындалады.
Табиғи физикалық факторлардан ең қолайлысы климатотерапия (аэротерапия, гелиотерапия, серуендер) болып табылады. Арнаулы зерттеулер арқылы минералды сулармен емдеудің диуретикалық тиімділігінің жоғары екендігі, жақсы иммунологиялық өзгеріс беретіндігі анықталған. Экологиялық Қолайсыз жерлерден келген балаларға минералды ванналар жақсы көмектеседі.
92.ҚР-ның перинаталдық орталығының міндеттері.
Перинатология (грек. perі — маңында, айнала және лат. natus — туу және грек. logos — ілім) — құрсақтағы нәрестенің және жаңа туған сәбидің перинаталдық кезеңіндегі дамуы мен денсаулығын қорғау мәселелерін зерттейтін акушерлік іс пен педиатрияның саласы. Перинатология 1973 жылы медицинаның жаңа саласы ретінде акушер-гинекологтардың 7-дүниежүзілік конгресінде қабылданған.
Перинаталдық кезең жүктіліктің 22-аптасынан басталып, нәресте өмірінің 7-күнінен кейін аяқталады.Бұл кезеңде құрсақтағы нәрестенің қалыпты жағдайдағы салмағы - 500 граммдай болады. Перинаталдық кезеңдегі шетінеуге — ерте өлу (нәрестенің босануға дейін және босану кезіндегі өлімі) және ерте неонаталдық өлім (нәрестенің туғаннан кейін 168 сағат ішінде қайтыс болуы) жатады.
Перинаталдық өлім көрсеткіші — жүкті әйел мен жаңа туған нәрестенің денсаулығына медициналық, биологиялық және әлеуметтік факторлардың тигізетін әсерін бағалаудың айқын критерийі болып табылады. Перинаталдық шетінеу жаңа туған нәрестенің салмағына тікелей байланысты. Неғұрлым нәрестенің салмағы аз болса, соғұрлым баланың шетінеу мүмкіндігі жоғары болады.
Перинатология перинаталдық кезеңмен ғана шектелмейді. Ол эмбриология, физиология, медициналық генетика, неонтология, адамның жалпы және инфекция патологиясының өзекті мәселелерін біріктіріп, нәрестенің дамуын, бейімделу процесінің қалыптасуын, гомеостаз, әсіресе, иммундық жүйенің қалыптасу, т.б. заңдылықтарын зерттейді.
1990 жылдардан бастап акушерлік іс саласына енгізілген ультрадыбыс арқылы жүктілікті, оның уақыты мен құрсақтағы нәрестенің даму ерекшеліктерін анықтап, генетик. тұрғыдан зерттеуге қол жетті.
Жаңа технология жетістіктердің арқасында құрсақтағы нәрестеде пайда болған патологияны анықтап, оны емдеуге, тіпті операция жасауға мүмкіндік туды. Қазіргі уақытта жүктілік кезіндегі әйел организмінде ерекше функциондық-морфологиялық жүйенің (ана — бала жолдасы — құрсақтағы нәресте) пайда болуына орай, ана мен құрсақтағы нәрестенің өзара қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтайтын перинаталдық физиология мен патология қалыптасты
93. Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсететін медициналық мекемелерді тізімдеңіз.
Тұрғын халықтың саны 5000 адамнан асатын, жақын аудандық (аудандық орталық) ауруханадан 50 километрден асатын қашықтықта орналасқан елді мекендерде және ауылдық округтерде ауылдық аурухана ашуға жол беріледі.
Әрбір аудан орталығында: перзентхана бөлімшесі және жедел медициналық көмек станциясы (бөлімшесі) бар орталық аудандық аурухана; барлық құрылымдық бөлімшелерімен санитарлық-эпидемиологиялық станция; әлеуметтік жағдайға байланысты аурулардан емделуге арналған мекеме (бөлімше, кабинет) болуы тиіс. Әрбір облыс орталығында: ересектер және балалар немесе біріктірілген облыстық ауруханасы; қан орталығы; облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станция; әлеуметтік жағдайға байланысты аурулардан емдеуге арналған мекеме (аурухана, диспансер) болуы тиіс.
94.ҚР ның қаламен ауыл тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастырудың ерекшеліктері
медициналық көмек ауыл тұрғындарыоның стратиясында жатыр. Шартты түрде ауыл тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыруға үш кезең бөледі.
Қойындысы. 3. Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету кезеңдері
Бірінші кезең - кешенді терапевтикалық аймақтың құрамына кіретін ауылдық елді мекеннің денсаулық сақтау мекемелері. Осы кезеңде ауыл тұрғындары преферюцияны, сондай-ақ медициналық көмектің негізгі түрлерін (терапиялық, педиатриялық, хирургиялық, хирургиялық, акушерлік, гинекологиялық, стоматологиялық) алады.
Әдетте, әдетте, ауыл тұрғыны - фельдшер-акушерлік зат (FAP) болып табылатын алғашқы медициналық мекеме. Ол жұмыс істейді құрылымдық бөлім аудандық немесе орталық аудандық аурухана. FAP елді мекендерде екі есе немесе одан да көп қашықтықта орналасқан елді мекендерде, ал жақын маңдағы медициналық мекемеге дейін, ал егер 7 км-ден асып кетсе, егер 7 км-ден асып кетсе, онда 700 адамға дейін тұрғындар саны бар елді мекендерде.
Фельдшер-акушерлік заты денсаулық сақтау мекемелерінің үлкен кешенін шешуге кіреді: Ауылдық популяциялар арасында сырқаттанушылық, жарақаттану мен улануды болдырмауға және азайтуға бағытталған шараларды жүргізу Өлім-жітімді азайту, ең алдымен нәрестесі, аналар, еңбекке қабілетті жаста; Тиімді медициналық көмек көрсету; Мектепке дейінгі және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, коммуналдық, тамақ, өнеркәсіптік және басқа нысандар, сумен жабдықтау және есеп айырысуларды тазартуға ағымдағы санитарлық бақылауға қатысу; Жұқпалы науқастарды анықтау, олармен және жұқпалы жұқпалы аурулары бар адамдармен бірге эпидемиологиялық көрсеткіштерге арналған үй бөлшектерін жүргізу; Халықтың санитарлық-гигиеналық мәдениетін жетілдіру.
Қала тұрғындарына көрсетілетін емдеу-профилактикалық көмектің түрлері. Қалалық емхананың жұмысының ұйымдастырылуы және құрылымы. Қала тұрғындарына көрсетілетін емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру жүйесінде амбулаторлық-емханалық мекемелердің рөлі. Емханалық көмекті ұйымдастырудың бөліктік қағидатының мәні және өлшемдері. Емхана іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері.
емдеу-алдын алу мекемелері (ауруханалар, амбулаториялар, емханалар, диспансерлер, ана мен баланы сақтау бойынша мекемелер, жедел және шұғыл көмек мекемелер және т.б); санитарлық-эпидемияға қарсы мекемелер (МСЭҚ орталықтары); жергілікті әкімшілік қоластына қарайтын соттық медициналық сараптау мекемелері; дәріхана мекемелері; біріншілік медициналық-әлеуметтік көмекті емханалық мекемелер (ересек тұрғындарға қызмет ететін аумақтық емханалар) және аналар мен балаларды қорғау мекемелері (балалар емханалары мен әйелдер кеңестері).
|