Главная страница

туберкулез. 1. Пациент жне оам пніні негізгі блімдері Масаты Студенттерде оамды денсаулы жне денсаулы сатау


Скачать 1.16 Mb.
Название1. Пациент жне оам пніні негізгі блімдері Масаты Студенттерде оамды денсаулы жне денсаулы сатау
Анкортуберкулез
Дата21.07.2022
Размер1.16 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаNawqas jäne Qoğam 1 — 95.docx
ТипДокументы
#634536
страница8 из 9
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1. Дәрігерге дейінгі медициналық
көмектің түрлері мен көлемі


      1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері:
      1) диагностикалық іс-шараларды:
      бойды, салмақты, бастың шеңберін, кеуде шеңберін өлшеуді;
      дене қызуын, артериялық қысымды өлшеу, ірі тамырдың пульсациясын (соғуын) анықтауды;
      құлақтың естігіштігін, көздің жітілігін, көзішілік қысымды (тонометрия) анықтауды;
      жүкті әйелдердің ішінің шеңберін, жамбас мөлшерін, Соловьев индексін, жатыр түбінің биіктігін өлшеуді;
      жүкті әйелдердің мерзімін, іштегі нәрестенің алда жатуын, іштегі нәрестенің орналасуын, іштегі нәресте жүрегінің соғысын, жасырын ісінулерді анықтауды;
      клиникалық талдауларды алу және тест-жүйе (экспресс-диагностика) болған жағдайда зертханалық зерттеулер жүргізуді;
      электрокардиограммаға түсіру – ЭКГ;
      2) емдік шараларды:
      теріге, тері астына, бұлшық етке, венаға дәрі құю және инфузия жасауды;
      Операциядан кейінгі жараларды таңу, жараларды өңдеу, аклюзиялық және асептикалық таңуларды салу;
      Коллапс, шок (анафилаксиялық, кардиогендік, сепсистік, травмалық) жағдайында, жүрек қатты ауырғанда, невралгия кезінде, жүрек тоқтап қалғанда, дем тоқтап қалғанда, мидың қан айналымы жіті бұзылғанда, гипертониялық криз кезінде, қан кеткенде, уланғанда, күйген кезде, бронхоспазм, гипергликомея немесе гипогликемиямен байланысты жағдайларда, кенеттен зәр шықпай қалғанда, іш қатпасы кезінде, жіті психологиялық бұзылыстар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді;
      аяқ-қол және омыртқа бағанасының жарақаты кезінде иммобилизациялау, сүйек сынған жағдайда шендеу, таңу, қан тоқтатқыш бұрау салуды;
      дәрігердің тағайындауы бойынша емшаралар жасауды;
      босандыруды;
      физитерапиялық емшараларды;
      массаждың негізгі және көмекші тәсілдерін жасауды;
      түрлі аурулармен ауыратын пациенттерге арналған емдік денешынықтырудың үлгілік кешенін құруды;
      3) аурудың профилактикасы:
      салауатты өмір салтын қалыптастыруды;
      әйелді босануға және оның отбасы мүшелерін баланың тууына дайындау мақсатында босанғанға дейінгі патронаждауды;
      жас балалардағы аурулардың профилактикасы және олардың денсаулығын жақсарту мақсатында жас балаларды патронаждауды қамтиды.
      2. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға (операциялар мен манипуляциялар, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық қызметтер анықтамалығына) сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау және емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетімдер бойынша анықталады.

2. Білікті медициналық көмектің түрлері мен көлемі


      3. Білікті медициналық көмектің түрлері: V030002521
      1) жалпы дәрігерлік практика;
      2) терапия;
      3) педиатрия;
      4) хирургия;
      5) акушерия және гинекология.
      4. Білікті медициналық көмектің көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға (операциялар мен манипуляциялар, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық қызметтер анықтамалығына) сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау және емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетімдер бойынша анықталады.

3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің
түрлері мен көлемі


      5. Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің түрлері: V090005953
      1) ауруды ерте анықтау мақсатында диагностикалау;
      2) амбулаториялық деңгейде емдеу;
      3) стационарды алмастыратын көмек (күндізгі стационар, үйдегі стационар);
      4) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу (уақытша еңбекке жарамсыздық парағын, анықтама беру);
      5) профилактикалық тексерулер;
      6) иммунизация;
      7) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
      8) дұрыс және тиімді тамақтану туралы ұсыныстар;
      9) отбасын жоспарлау; V090005873
      10) жүкті әйелдерді, балаларды, оның ішінде жаңа туған сәбилерді патронаждау;
      11) диспансерлеу және динамикалық бақылау.
      6. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен диагностикалау және емдеу стандарттарына (операциялар мен манипуляциялар, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық қызметтер анықтамалығына) сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау және емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетілімдер бойынша анықталады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9


написать администратору сайта