Главная страница

туберкулез. 1. Пациент жне оам пніні негізгі блімдері Масаты Студенттерде оамды денсаулы жне денсаулы сатау


Скачать 1.16 Mb.
Название1. Пациент жне оам пніні негізгі блімдері Масаты Студенттерде оамды денсаулы жне денсаулы сатау
Анкортуберкулез
Дата21.07.2022
Размер1.16 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаNawqas jäne Qoğam 1 — 95.docx
ТипДокументы
#634536
страница4 из 9
1   2   3   4   5   6   7   8   9

38. Әйелдер консультациясы: құрылымы және негізгі міндеттері.

Әйелдер консультациясының емдеу-профилактикалық жұмысыньң негізі — диспансерлік бақылау. Ол үшін өзіне қарасты жердегі әйелдердің және 15 жастан асқан қыздардың есебін алу керек. Бұдан соң жоғарыда аталған жұмыстың бәрін жүргізу қажет.

Әйелдер консультациясының құрылымы оның түріне және категориясына байланысты. Бірақ бәрінде де тіркеу жүргізу орны (регистратура), жүкті әйелдерді қабылдайтын бөлмелер, жаңа босанған және гинекологиялық ауруы барларды қабылдау бөлімшелері, шағын операция бөлмесі; басқа мамандардың (терапевт, стоматолог, заң-қызметкерінің) кабинеттері болады. Осы аталған әлеуметтік-құқықтық терапевтік, венерологиялық, стоматологиялық кабинеттер әйелдер консультациясында учаскелер саны 8-ден көп болса ашылады.

Әлеуметтік-құқықтық кабинет азаматтардың өмір өзгерістерін тіркеу бөлімімен, үкіметтік бөлімдермен, прокуратурамен, сотпен, т.б. мекемелермен тығыз байланыс жасап, аналарға көмек көрсету кызметін атқарады. Әйелдер консультациясы жұмысының тағы бір маңызды тармағы - санитарлық-ағарту жұмысы. Ол үшін әрбір дәрігер айына 4 сағат санитарлық ағарту жұмысымен шүғылданады (дәріс оқу, санитарлық бюллетень шығару, радиодан, теледидардан сөйлеу, т.б. түрлері). Сонымен бірге жастарды санитарлық дағдыға үйретеді, салауатты өмір сүруге бағыттайды.

Негізгі акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін орын — ол әйелдер консультациясы. Оның ең басты міндеті — әйелдердің денсаулығын нығайтуга бағытталған жұмыс жүргізу. Ол үшін:

1) жүкті әйелдердің денсаулығын қорғау және анаға да, балаға да босану кезінің зиянсыз өтуіне жағдай жасау;

2) жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға заңды түрде көмек көрсетуді үйымдастыру;

3) әйелдерді жасанды түсік тастаудан сақтандыру үшін оларды және жолдастарын контрацепция әдістеріне үйрету. Отбасы тұрмысы жайында кеңес беру.

4) диспансерлік бақылау арқылы гинекологиялық аурудан сақтандыру, аурудың алдын алу жэәне емдеу;

5) әйелдердің жұмыс және тұрмыс жағдайын зерттеу. Керек кезінде жүмыс жағдайын жақсартуға және жүкті әйелдер мен гинекологиялық ауруға шалдыққандарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру;

6) халықтың санитарлық сауатғыльнын жетілдіру және жас өспірім қыздардың, жас әйелдердің жүкті және бала емізетін әйелдердің сонымен қатар егде әйелдердің арасында арнайы санитарлық-гигиеналық білімді, дағдыны енгізу;

7) жүкті әйелдерді баланы уақытынан бұрын босанудан сақтандыру;

8) Аналар өлімін, өлі туулықты және сәбилер өлімін азайту.

40. Балалар емханасы: түрлері, құрылымы.

Балалар емханасы-диспансерлік үлгідегі емдеу-профилактикалық мекеме,ол барлық балалар туылғаннан бастап 14 жасқа толғанға дейін медициналық жәрдем көрсетуге міндетті.

Балалар емханасы балалар ауруханасының құрамына кіреді,болмаса жеке мекеме ретінде де бола алады.Бұлар емдеу-профилактикалық жұмыстарды емхананың өзінде,балалардың үйінде мектеп жасына дейінгі мекемелерде,мектептерде жүргізеді.

Балалар ауруханасының құрылымында мынандай негізгі бөлімдер бар:

1.Қабылдау және ауруханадан шығару бһлімі

2.Емдеу бөлімдері

3.Анықтау-жекелендіру бөлімдері

4.Қосымша бөлімдер

5.Әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

Балалар емханасының құрамында мынадай бөлмелер болады.

-жеке кіретін есігі бар және оңашалайтын бөлмелері бар сүзгі бөлімі;

-балалар дәрігері мен басқа мамандардың кабинеттері;

-балалармен профилактикалық жұмыс жүргізу кабинеті;

-денсаулықты бұрыңғы қалпына келтіру бөлімі

-емдеу-диагностикалық кабинеттер

-тіркеу орны,күту,киім шешетін және басқа да қосымша кабинеттер.

-әкімшілік-шаруашылық бөлімі

Ұйымдастырушылық шаралардың ең маңызды түрінің бірі-ол дені сау балалардың бөлімін ашу.Бұл бөлімнің мақсаты-әр жанұяда салауатты өмір сүруді насихаттау,ата-аналарды дені сау баланы тәрбиелеу негіздерінде үйрету.

Балалар емханасының құрылымының ерекшелігі-бұл жерде арнайы фильтр бөлімі болады.Онда баласымен келген ата-аналаран мейірбике баланың денсаулығын жайлы ақпаратар сұрап,оның тамағын және үсті-басын қарап шығады.

41. Дені сау және ауру балаларды диспансерлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Диспансеризация – профилактикалық денсаулық қорғау талаптарына сай келетін жұмыстың ең бір жетілген әдісі.

Диспансерлік қызметке сау және ауру балаларды диспансерлеу жатады.

Диспансерлеу – бұл баланың күйі мен саулығына даму деңгейіне динамикалық бақылау, орныққан лабораториялық зерттеулер арқылы баланың денсаулығындағы ауытқуларды ерте тауып, кезінде сауықтыру және түзету шараларын жүргізу және де бала дамуын тиімді жағдай жасау.

Бір жасқа дейінгі дені сау балалардың диспансерлік бақылау кестесі

  1. Мамандардың қарау жиілігі – педиатр алғашқы айда – 3 рет, келесі айда айына бір рет, хирург, офтальмолог, невропатолог,ЛОР алғашқы жылында.

  2. Профилактикалық қарау, күн тәртібіне бақылау жасау,баланы тамақтандыру, массаж жасау, рахиттың алдын алу, анемия, созылмалы аурулардан, хромосомды ақаулардан, жұқпалы аурулардан алдын алу шараларын жүргізу.

  3. Объективті қарауда баланың салмағына, бойына көңіл аудару

  4. Диспансеризация критерилері:
    1. жүйке–психикалық және физикалық даму көрсеткіштері.
    2. мінез-құлқын бақылау
    3. клиникалық тексерістер мәліметі
    4. ауру жиілігін бақылау.



2 жастағы балаларды диспансерлік бақылау сызбасы

  1. Мамандар қарау жиілігі: педиатр тоқсанына 1 рет,стоматолог көрсеткішіне қарай;

  2. Алдын-ала бақылау кезінде: күн тәртібі,тамақтану, шынықтыру жаттығулар жасауы, мешелдік алдын алу, мектепке дейінгі мекемелерге дайындау бақылауй жүргізіледі;

  3. Обьективті тексеріс кезінде: бойы,салмағы массасы динамикасына, тіс формуласы, тістеу жағдайы, психоматорлы дамуын бағалау, өзін ұстауы,тері жабындылары, сүйек-бұлшықеттік жүйесін, ішкі мүшелер жағдайын тексереді;

  4. Қосымша зерттеу әдістері: анторпометрия тоқсанына 1 рет, клиникалық қан талдауы, зәр талдауы , нәжісін глист жұмыртқасына тексеру жылына 1 рет.

  5. Негізгі алдын алу мен сауықтыру шаралары : 1 жасқа дейінгі балалардағы сияқты және мектепке дейінгі мекемелерге дайындау;

  6. Диспасеризация критерилері: психоматорлы және физикалық даму көрсеткіштері, клиникалық зерттеулер нәтижесі және ауру жиілігі, балалар мекемесіне уйрену дәрежесі.



3 жастағы балалардың диспансерлік бақылауы

  1. Мамандардың қарау жиілігі:педиатр 6айда 1 рет; офтальмолог, невропатолог, стоматолог, хирург, ортопед, оториноларинголог жылына1 рет.

  2. Алдын – алу шараларында мынаған көңіл аудару керек: күн тәртібін бақылау, тамақтануы, тәрбиесі.

  3. Обьективті тексеру кезінде: дене салмағына, бойына, тістеріне, жүйке-психологиялық, физикалық дамуына, терісінің жағдайына, лимфатүйіндеріне, ауыз қуысына, омыртқа бағанына, жалпақ табанның бар немесе жоқ болуына, жалпы ішкі ағзалардың жағдайына көңіл бөлу керек.

  4. Қосымша зерттеу әдістері: антропометрия, есту және көру қабілетін, қан, зәр, анализі, үлкен дәретті құрт жұмыртқаларына тексеру.

  5. Негізгі алдын алу және сауықтыру шараларына мыналар кіреді: тәрбиелеу, жасына сәйкес тамақтану және күнтізбе,гимнастика, шынықтыру және басқа физикалық тәрбилеу.

  6. Диспансеризация тиімділігінің өлшемдері: физикалық және жүйке – психикалық дамуы, клиникалық зерттеулер, аурушылдық жилігі.



4 – 7 жас аралығындағы балалардың диспансерлік бақылауы

  1. Мамандардың қарау жиілігі: педиатр жылына1 рет; ; отоларинголог, невропатолог, стоматолог, хирург, ортопед,окулист — 5жасында және мектепке барардын алдында, басқа мамандар көрсеткіш бойынша.

  2. Алдын – алу шараларында мынаған көңіл аудару керек: күн тәртібін бақылау, тамақтануы, физикалық және шынықтыру тәрбиесіне, мектепке даярлау іс-шараларын жүргізу .

  3. Тексеру барысында баланың физикалық дамуына, омыртқа бағанына, жалпақ табанның бар немесе жоқ болуына, есту және көру қабілетіне, физиометриялық көрсеткішке, психикалық жағдайына (вегетативті статус, көңіл-күй статусы, психомоторлы тұрақтылық), ауыз-қуысына, тістеріне, жалпы ішкі ағзалардың жағдайына (жүйке –психикалық дамуы сау балалар бөлмесінде қаралады)көңіл бөлу керек.

  4. Қосымша зерттеу әдістері: антропометрия, есту және көру қабілетін, қан, зәр, анализі, үлкен дәретті құрт жұмыртқаларына тексеру, спиро және динамометрия жыл сайын тексерілуі қажет.

  5. Мектепке барар алдынд а және 5-6жас аралығында құжаттық жасымен,биологиялық және мектептік жасының сәйкес келуін анықтау, Артериальды қан қысым 5 жастан бастап өлшенеді.

  6. Негізгі алдын алу және сауықтыру шараларына мыналар кіреді: тәрбиелеу, жасына сәйкес тамақтану және күнтізбе,гимнастика, шынықтыру және басқа физикалық тәрбилеу, 5 жасынан бастап мектепке даярлау.

  7. Диспансеризация тиімділігінің өлшемдері: физикалық жән жүйке – психикалық дамуы, клиникалық зерттеулер, аурушылдық жилігі


Балалардың денсаулық топтары.

I денсаулық тобы. Дені сау балалар,яғни физикалық және психикалық дамуы қалыпты,анатомиялық дефектсіз, функциональды және морфофункциональды ауытқусыз.

II денсаулық тобы. Созылмалы ауруы жоқ ,алайда функциональды және морфофункциональды бұзылыстары бар балалар жатады.Сонымен қатар бұл топқа реконвалесценттер,әсіресе орташа және ауыр дәрежедегі жұқпалы аурулары бар ,эндокринологиялық патологиясы жоқ,жалпы физикалық дамуы артта қалған,салмағы аз және артық салмағы бар, тыныс жолдарының жедел ауруларымен ауырған,жарақаттан және операциядан кейінгі қалдықтары бар бірақ функциясы қалыпты балалар жатады.

III денсаулық тобы. Клиникалық ремиссия сатысындағы созылмалы ауруы бар ,функциональды мүмкіншіліктері сақталған немесе компенсация сатысында ,бірақ негізгі ауруының асқынуы жоқ балалар.Жарақат және операциядан кейін функциясы компенсация сатысында болған физикалық кемшілігі бар балалар кіреді.Компенмация дәрежесі баланың оқуына және жұмыс жасауына кедергі келтірмеуі керек.

IV денсаулық тобы. Активты кезеңдегі және жиі асқыну боп тұратын тұрақсыз клиникалық ремиссиясы бар,сақталған немесе компенсирленген функциональды мүмкіншілігі бар созылмалы ауруы бар балалар;функциональды мүмкіншілігі шектелген ремиссия сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар тобы кіреді.Жарақат және операциядан кейінгі баланың оқуы мен жұмыс істеу қабілетін шектейтін ,қажетті функциясы толық емес компенсирленген физикалық кемшіліктері бар балалар жатады.

Vденсаулық тобы. Клиникалық ремиссия сирек болатын,асқынуы өте жиі,үнемі рецидив беретін,функциональды мүмкіншілігі декомпенсация сатысында ,негізгі ауруының асқынуымен көрінетін,жарақат және операция нәтижесінде болатын оқу мен жұмыс істеуіне қатты кедергі келтіретін созылмалы ауруы бар балалар тобы.

Жиі ауыратын балалар –бұл диагноз емес, қорғану жүйесінде транзиторлы корригируемыхтан болатын респираторлы инфекцияларман жиі ауыратын және иммундық қорғану жүйесінде органикалық бұзылысы жоқ, диспансерлік бақылау тобы.

ЖАБ тобын құру себептері:


  • Балалардың анатом-физиологиялық ерекшеліктері,соның ішінде иммунды жүйеде,екіншілік иммунды жетіспеушілік жағдайының дамуы;

  • Ұйымдастырылған ұжымдарға барғанда аурулармен қарым-қатынас жиілігінің көбеюі. Жиі ауыратын балалар тобына мектепке дейінгі балалардың 40% және бастауыш сынып оқушыларының 15% кіреді.

  • Тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруларымен ауруы төмендегі бұзылыстарға жиі әкеледі: физикалық және нерв-психикалық дамуы,иммунды жүйенің жетілуі,ЛОР ағзаларының созылмалы ауруларының пайда болуына,АІЖ бұзылысына,зәр шығару жолдарының және басқа да жүйелердің патологиясына әкелуімен қатар,әлеуметтік дезадаптацияға әкеледі.Кейінгі кездері оппортунистік инфекциялардың (герпес вирусы инфекциялары,хламидиоз,микоплазма) аталған топ науқастарында кең жайылуы,осы аурулардың еміне көшу керектігіне назар аудартады.

ЖАБ тобына кіруге арналған критерилер:

Балалардың жасы.

ЖРА жиілігі (эпизодтар/жылына)

1жасқа дейін

4 және одан да жоғары

3 жасқа дейін

6және одан да жоғары

4-5 жас

5 және одан да жоғары

5 жастан жоғары

4және одан да жоғары


42. Қазақстанда сәбилер мен жас балалар өлімінің себептері.

Балалардың жасы ұлғайған сайын олардың арасындағы өлім көрсеткіштері төмендей түседі. Балалар арасындағы өлім көрсеткішінің ең төменгі деңгейі 5-9 және 10-14 жас аралығында қалыптасқан. 15 жастан бастап өлім көрсеткіші бірте-бірте арта түседі. Ал оның алғаш рет күрт ұлғаюы 50 жастан асқанда байқалады. Және бірден 1,4 есеге жоғарылайды. Бұл көрсеткіштің екінші рет күрт ұлғаюы 80 жастан асқанда көрініс береді және оның деңгейі 1,6 есеге артады. Өлім көрсеткішінің үшінші рет күрт жоғарылауы 85 жастан кейін байқалады және алдыңғы жылдардағы деңгейден 1,75 есеге көтеріледі.

Сәбилердің өліміне алып келетін себептердің ішінде бастапқы орында перинатальдық кезеңдегі жағдай орналасқан және олардың үлес салмағы 46% жетеді. Екінші орында туа біткен аномалиялар (22% ), үшінші орында тыныс органдары аурулары (14% ) орналасқан. Инфекциялардың үлесіне

(7 %) 4 орын тисе, бесінші орында жарақаттар мен уланулар (5-6% ) орналасқан.

Өлі туылудың негізгі себебі (73-75% ) жатыр ішіндегі асфиксия болса, ерте неонатальды кезеңдегі өлімге туылу барысындағы жарақаттар, жатыр ішіндегі инфекциялар алып келеді.

Неонатальдық кезеңдегі өлімге алып келетін себептердің арасында тыныс органдары мен ас қорыту – ішек жолы аурулары басым рольге ие. Постнеонатальдық кезеңде жоғарыда аталған себептердің өлімнің туындауындағы орны одан ары күшее түседі.

Сәбилердің өлімі дамыған Европа елдерінде 5-8‰ аспайды. Біздің Республикадағы сәбилер өлімінің деңгейі 18-20 ‰ төмендемей отыр. Оның себептері Европа елдеріндегі сәбилер өліміне алып келетін себептердің құрамымен бірдей. Сондықтан бұл жағдайды түзеуге болады деп ойлауға мүмкіндік бар.

Осы жағдайды жақсарту үшін сәбилер өліміне алып келетін себептердің алдын алу шараларын барынша жетілдіру және белсенді түрде іске асыру қажет.
43. Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету

Ауыл тұрғындарына емдеу - профилактикалык жәрдемдi ұйымдас тырудын негізгі максаты - кала тургындары секiлдi ауылдағы халықты жоғары білікті медициналык көмекпен толык камтамасыз ету . Сон дыктан да денсаулық сақтауды ұйымдастырудын принциптерi бiрдей . Алайда , кала мен ауылдын арасында бiрталай айырмашылыктар бар . Ол ауыл тургындарынын орналасуы , тыгыздыгы , ауылшаруашы лык жумыстарына , енбек жэне турмыс жагдайларынын ерекшелiгiне байланысты . Осы ерекшеліктер медициналык жәрдемдi уйымдастыруга , онын келемiне , сапасына әсер етеді . Сондықтан ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетудiн ерекше турлерiн уйымдастыру мен баска одiстердi колдануды талап етілді . Мысалы , ауыл тургандарынын орналасуына , тығыздығына және мекен жайларынын бiр - бiрiнен алыс тыгына байланысты медициналык мекемелердi жиi орналастыру киынга соғады . Сонымен қатар ауылшаруашылык жумыстарының маусымдык болатындығы , жумыс кунiнiн узактыгы , ауа райынын кубылмалылыгы , егін егу , жинау , мал багу , т.б. сондай ерекшеліктер кеп . 224 Соган орай медициналык мекемелердiн жумыс кестесін өзгертіп туру және медициналык комектiн жылжымалы турлерiн уйымдастыру кажет . Ауыл тургындарына медициналык жердемдi уйымдастырудын ен негізгі ерекшелігі 3 кезенді болуы :

Бiрiншi кезек ауылдык дәрiгерлiк учаске немесе жануялык дәрігерлік амбулаториясы . Онын курамына учаскелік аурухана немесе дәрігерлік амбулатория , фельдшерлік - акушерлік бөлімше , әйелдер босанатын уйлер , бала бакшасы , ендiрiстiк - фельдшерлік денсаулык бөлімшесі кіреді . Ірі мекемелерде , ужымдарда профилакторийлар уйымдастыруға болады , олар да дәрігерлік учаскенің құрамына кіреді . Осы бiрiншi кезенде ауыл тургындарына бiлiктi дерiгерлiк жәрдем учаскелік ауруханада немесе амбулаторияда көрсетіледі .

Екiншi кезенде дәрiгерлiк көмек аудандык медициналык меке мелерде уйымдастырылады . Мунда ауыл тургындары мамандан дырылган дорiгерлiк жордемнiң барлык турiн орталық аудандык ауруханадан алады .

Үшiншi кезенде ауыл тұргындарына жоғары білікті мамандан дырылган дорiгерлiк жәрдем облыстык мекемелерде керсетiледi , сонын iшiнде облыстық ауруханада барлық мамандықтан медициналык жәрдем уйымдастырылады . Сонымен катар ауыл тұрғындарының бірталайы калалык емханада , республикалык мекемелерде ( 22 - сурет ) және ауданда емделедi . Мы салы , 1997 жылы қалалық ауруханада емделгендердiң iшiнде 25,3 % ауыл тұрғындары болды . Ал , министрлiктiн арнайы жүргізген талдауы бойынша жыл сайын орталык аудандық ауруханада 35 % -дан 60 % -ға дейiн , ал емханада 40 % -50 % -ға дейiн аудан орталығынан тыс жерде туратын ауыл тургындары емделген екен . Сонгы жылдары ауыл тургындарына медициналык жардемдi уйымдастыруда және емдеу - профилактикалык жумысты жургiзуде жануялык дәрігерлік амбулаториянын манызы зор болды . Сонымен қатар ауылшаруашылық жұмыстардын науқандарында жылжымалы дерiгерлiк амбулаториялар , рентген жабдыктары , диаг ностикалык , лабораториялык , тіс емдеу кабинеттерi ауыл тұрғын медициналық жәрдем көрсету қажет.

44. Емхана жұмысының негізгі көрсеткіштері.

Амбулаториялық

емханалық

көмектің

ерекшеліктері

мен

ұйымдастыру принцптері;

-Аймақтық принцп;

-Жалпы қолжетімділік;

-Профилактикалық

бағыттылық;

-Дәрігерлер

мен орта

медициналық

қызметкерлер жұмысы;

8. Амбулаториялық емханалық көмек ерекшеліктері дәрігер жұмысының келесі факторларын анықтайды:

-Күн сайын келетін науқастың

белгісіздігі:

-Дәрігердің

уақытының

шектеулілігі:

-Дәрігердің

ауруды

ерте

диагностикалай білуі:

-Стационармен

салыстырғандағы

емханадағы

ауруларлың ауысып отыруы;

-Басқа

мамандармен

консультацияның қажеттілігі;

-Амбулаториялық емханалық

жағдайда

науқаста

емдеу

ерекшелігі;

9.

-Уақытша еңбекке жарамсыздық экспертизасын бар құжатқа

сәйкестендіру;

-Аймақ халықының дегельментациясы профилактикалық

егуді жүргізу және ұйымдастыру;

-Инфекциялық ауруларды ерте диагностикалау және емдеу,

тағамдық және кәсіби уланулар жөнінде қауіп туғызатын

инфекциялық науқастар жөнінде терапевтік бөлім меңгерушісін

хабардар ету;

-Өзінің квалификациясының және медбикенің медициналық

білім деңгейін жүйелік жоғарлату;

-Зиянды әдеттерге қарсы күрес пен санитарлық ағарту

жұмыстарын белсед және жүйелі түрде үлгеру;

Амбулаториялық

емханалық

көмектің маңызды ерекшелігі

емхана дәрігерінің емдеу және

профилактикалық жұмыстарды

жүргізу

мүмкіндігі болып

табылады.

Амбулаториялық

емханалық мекеме дәрігерлері

профилактикалық

жұмыс

жүргізу кезінде диспанерлік

әдісті қолданады. Бұл әдісті

қолданудағы мақсат ауруларды

ерте

анықтау, науқастарды

тіркеу және комплексті емдеу,

аурудың таралуын болдырмау ,

салауатты

өмір

салтын

қалыптастыру.

12.

Әрбір денсаулық сақтау мекемесінде мед персонал

саны және дәрігерлік, орта және кіші мед персонал

арасындағы рационал қатынас уақыт және жұмыс

көлеміне байланысты қалыптасады.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау мекемелерінде уақыт

нормаларының сапалық есеп көрсеткіштерін кеңінен

қолданады, бірақ мекеме басқарушысының

хронометраждық бақылауы мен орташа шығындарын

анықтау негізінде өзінің жергілікті көрсеткішін шығару

құқығы бар. Уақыт нормалары жүктеме нормасын есептеу

тек база ретінде қызмет етеді.

13.

Емхана дәрігері аптасына 5 күн жұмыс істейді. Күн сайын жұмыс

уақытының 0,5 сағаты емдеу диагностикалық және профилактикалық

жұмыспен байланысты емес жұмыстарға жұмсалады (конференция,

жиналыс т.б.) дәрігер міндеттерінің құрылымын емхананың

басқармасы бекітеді.Емхананың кейбір құрылымдық бөлімдерінің

жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері:

Тіркеу орны емхананың құрылымдық бөлімі мұнда дәрігерлерге

қаралу үшін науқастар жазылады. Регистратурада орта білімі бар

қызметкерлер жұмыс істей алады,ал регистратураның меңгерушісі

болып орта медициналық білімі бар адамдар қызмет ете алады.

Регистратура орталықтандырыған болуы мүмкін, яғни мекеме үшін

ортақ және орталықтандырылмаған, яғни бірнеше регистратуралардың

болуы мүмкін. Сонымен қатар науқастар дәрігерлерге өздері жазыла

алады. Ол үшін арнайы столдарда кез келген дәрігерге, әр түрлі күнде

және уақытта қабылдау талоны жатады. Науқас өзіне қажет дәрігерді

өзіне қолайлы уақытта таңдап, өзінің амбулаторлық картасымен бірге

қабылдауға келеді.

14.

Регистраторлардың біреуі анықтама бюросы функциясын атқарады.

Дәрігердің науқастың қандай

аурулармен ауыратындығымен

танысу үшін оның диагнозын

амбулаторлық

картасының

алғашқы

беттерінде

жазылады. Регистратураның

қасында емханаға қарайтын

сол

аймаққа

кіретін

көшелердің аттары жазылған

стенд

ілінеді

және

дәрігерлердің кабинеті мен

этаж номері, жұмыс істеу

кестесі жазылады.
45. Орталық, аудандық аурухана құрылымы.

Орталык аудандык , аурухана аудан келемiндегi ауыл тұрғындарына емдеу - профилактикалык жердем көрсететін негізгі мекеме . Сонымен катар бұл басшылық жүргiзетiн жоне уйымдастырушы медициналык көмектiң сапасын , колемiн бақылаушы орталык болып есептелінеді . Орталык аудандық аурухананын курамына негiзгi мамандыктармен бірге белiмдерi бар аурухана жоне емдеу - диагностикалык кабинеттерi мен лабораториясы бар емхана , жедел жоне шугыл жәрдем көрсететін болiм , патанатомиялык , белiм , уйымдастырушылык - медициналык кабинет және косымша болiмдер ( аптека , медициналык архив және т.б. ) кiредi . Орталык аудандық аурухананың төсек санына байланысты 6 түрі болады : 1. 350 тосектен жогары , 2. 300--350 тосектiк 3. 250-300 тэссктiк , 4. 200-250 төсектік , 5. 150-200 төсектік , 6. 100-150 тосектiк . Ормалык аудандық аурухананын негізгі міндеттері :

аудан туртындарын және ауданнын орталығындагыларды жет кiлiктi келемде білікті мамандандырылған ауруханалык жане емха налык медициналык жордеммен камтамасыз ету ;

- уйымдастырушылық - методикалык , басшылық жасау және аудан көлеміндегі барлық денсаулык сактау мекемелердің жұмысын бакылау ;

-аудандагы денсаулык сактау мекемелерінің жұмысын жоспарлау , каржыландыру , материалдык - техникалық жағынан жабдықтау

; - аурулықты азайту , балалар олiмiн және жалпы елiм керсет - кішін төмендету және денсаулыкты нытайту үшін медициналык жор - демнiң сапасын жогарылату жене бул багытта түрлi шаралар колдану

: -медициналык кызметкерлердi дурыс орналастыру және дурыс гайдалану . Орталық аудандық аурухананың жұмысын басқару үшін бас дәрігер тағайындалады . Ол барлык профилактикалык , емдеу - диагностикалык екiмшiлiк және каржыландыру жумысын атқарады . Бас дәрігердің бірнеше орынбасарлары болады . Олар : Емдеу жумысын , аналар мен балалар денсаулыгын коргау , шаруа шынык болімін баскару , т.б. Аналар жэне балалар денсаулыгын коргау жумысы мысы жәнiндегі орынбасар аудан көлемінде 70 - мыңнан астам тургын болганда тағайындалады , ал ал тургындар саны одан аз болса аудандық балалар дәрігері белгіленеді . Денсаулық сақтау жүмысын басқару үшін бас дәрігер медициналык кенес уйымдастырады , онын курамына жауапты қызметкерлер және мамандар кiредi : бас дәрiгердiн орынбасарлары , аудандық СЭС - тiн , аудандық дәріхананын меңгерушісі , медицина қызметкерлерiнiн аудан дык кәсiптiк ужымынын бастывы , аудандык Кызыл крес және жарты ай котамынын бастыгы , бас маманцар ( терапевт , хирург , педиатр . акушер - гинеколог , т.б. )

46. Облыстық аурухана құрылымы.

Облыстық аурухана - смдеу - профилактикалык iшiндегi ең үлкен әрi кеп кырлы емдеу - профилактикалык мекемелер дiн бiрi . Онын негiзгi максаты - облыс тұргындарына толык келемле жоғары білікті мамандандырылған жәрдем керсету . Облыстық аурухана сонымен қатар облыстын барлык медициналык мекемелерінің ұйымдастырушы және әдістемелік басқару орталығы , дәрігерлердің және орта білімді мамандардын бiлiмiн жогарлату орталыгы болып саналады . Облыстык аурухананын бiр катарында жогаргы медици на оку орындарынын кафедралары орналаскан , олар емдеу - диаг ностикалык жумыстын сапасын көтеруге мүмкіндік туғызады . Облыстык аурухана облыс тұрғындарының санына байланысты улкенді , кiшiлi болып келедi , онын курамына облыс орталығынын тургындары да кіреді . Әрбiр облыстық аурухананын курылымында кенес беру емханасы , стационар , емдеу - диагностикалык белiмдер , лабораториялар жоне баска болiмдер ( морг , дорiхала , ас пісіру орны , т.б. ) болады . Сонымен катар облыстык аурухананын кұрылымына медициналык статистика белiмшесі , уйымдастыру - адістемелік болiм , шугыл және жоспарлы кенес беру белiмi , шет аудандардан келген ауруларға арналған пансионат , бiлiм жогарылатуға келген медицина кызметкерлерiне арналган жатакхана кiредi . Облыстық аурухананын кенес беру емханасынын мамандандырыл ған дәрігерлік кабинеттер , белiмдер және орталыктар , косымша емдеу диагностикотык кабинеттер , лабораториялар , тiркеу орны , онын iшiнде аныктама орны , дэрiгерлiк тексеруге дейiнгi кабылдау кабинетi болады . Облыстык аурухананын бiразында мамандандырылган орталықтар уйымдастырылған . Олар кауіпті ауруларына арналган журектiн ишемиялык арналганауруын , инфарктi , бастын - мидын жарақаттануын аныктайтын аспаптармен жабдыкталады . Бұл орталыктардын кура мында жалпы емдеу және диагностикалык кабинеттер болады . Ауыл тұрғындарына осы уш сала бойынша медициналык жәрдем Ұйымдастырылғанымен , казiргi уакытта каржы тапшылығына орай оларга медициналык көмек көрсету дорежесi талапка сай болмай тұр . Оның бастапкы себебi ауылдык жерде дәрігерлердiн жетiспеуі , аурухана , емханалардын жабдыкталуынын нашарлығы , ал оган себеп денсаулык сактау саласына каражаттын аз бөлiнуi .

47. Еңбекке жарамсыздық түрлері.

Аурудың алдын алу,дерттің түрін анықтау ,емдеу қызметімен қатар,енңбекке жарамдылықты сараптау дәрігерден аса ыждахаттылық пен көп уақыт бөлуді қажет етеді.Бұл жұмыс барлық дәрігер мамандарының міндеті болып есептелінеді.Адамның науқастылығына кемтарлығына байланысты жұмысқа жарамауының деңгейін ,оның ұзақтылығы ,себебін және мүгедектік тобын анықтауда дәрігерлік сараптаудың негізгі тұлғасы ,әрине ,дәрігер.Осыған орай дәрігерлер арнайы клиникалық білім алуы мен өз мамандығына орай кәсіби дағдыларға қаылптасуымен бірге адамдардың еңбекке жарамдылығын төңірігінде жалпы теориялық біліктілігі-ұйымдастырушылық және заңдылық-құқықтық жақсы білуі қажет.Еңбекке жарамдылықтан айырылу әр деңгейіне орай бұл толық және жартылай еңбекке жарамсыздық болып бөлінеді.Толық еңбекке жарамсыздық кезінде адам науқастылығына және кемтарлығына байланысты өзінің атқаратын қызметін істей алмайды және істемеуі керек,себебі басқа адамдарға зиян келтіруі мүмкін, сондықтан оған арнайы жағдай жасалынуы тиіс.Егер науқас адам емделу тәртәбін бұзбай,өзінің денсаулығына,өндіріске зиян келтірмей толық көлемде болмаса да ,женілдегеннен жағдайда жұмыс істесе ,онда ондай аадмды жартылай еңбекке жарамсыз деп есептейді .Еңбекке жаармсыздықтың ұзақтығына сәйкес уақытша және тұрақты түрде еңбекке жарамсыз деген атаулар қабылданады.Уақытша еңбекке жарамсыздық науқастылыққа ,жарақаттануға немесе басқа себептерге байланысты болады,олар қысқа мерзімде өтпелі түрде кездеседі.

48. Мүгедектіктің топтары.

Мүгедектік – науқастану, жарақат, апатқа ұшырау, кемтар болып туу салдарынан адамның мүлдем не уақытша еңбек ету қабілетінен айырылуы. Мүгедектік медицина, әлеуметтік және құқықтық болып ажыратылады.
Тіршілік ету әрекетінің, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді.


І-топқа мүлде немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз, үнемі басқа біреудің күтімін, көмегін немесе бақылауын қажет ететін адамдар жатады;
ІІ-топқа басқа адамның көмегін қажет етпейтін, жұмыстың кейбір түрлерін атқара алатын адамдар жатады;
ІІІ-топқа еңбек ету қабілеті төмен болғанымен жеңіл-желпі жұмыстарды істей алатын, бірақ денсаулығына байланысты жұмыс жағдайын оңтайлы өзгертуді қажет ететін адамдар жатады.

49. Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасын беру тәртібі.

Уақытша еңбекке жарамсыздық уақыта қарай 2 ге бөлінеді:1)уақытша. 2)тұрақты.

Уақытша еңбекке жарамсыздықты емдеу-профилактикалық мекеменің дәрігері жүргізеді.Осыған орай олар әрбір нақты жағдайда мынадай сұрақтарға жауап беру қажет:

-Күнделікті жұмысын атқара алама жоқ па,еңбекке жарамсыз болса не себепті?

-Еңбекке жарамсыздық деңгейі және ұзақтығы.

- Өндіріс жағдайы және жұмыстағы міндеті.

-Қажетті емдеу түрі және енңбекке жарамсыздықтың күн тәртібі.

-Мүгедектік жағдайын анықтау және еңбекке жарамсыздықты куәландыруға медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына жіберу.

Уақытша еңбекке жарамсыздықты Қазақтсан Республикасының 1996 жылы бекітілген "Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру тәртібі туралы ереже" сәйкес жүргізіледі.

50. Тұрақты еңбекке жарамсыздықты анықтау критерийлері.

Тұрақты еңбекке жарамсыздық немесе мүгедектік – бұл ұзақ уақыт немесе тұрақты түрде еңбекке жарамдылықтан айырылу. Мұндай жағдай созылмалы аурудың салдарынан, жарақаттанудан пайда болады да адам ағзаларының едәуір бұзылыстарына әкеліп соғады. Тұрақты еңбекке жарамсыздықты анықтау өте күрделі және жауапты жұмыс. Мүгедектік тобын және оның себептерін табу медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының жұмысы (МӘСК).

Бағытталған жұмысына сәйкес медициналық әлеуметтік сараптау комиссиясының жалпы және мамандандырылған түрлері болады.Жалпы МӘСК құрамына 4 дәрігер-сараптаушы болады: терапевт, неврапатолог, хирург және реабилитолог. Мамандандырылған МӘСК түберкулезбен және психикалық бұзылыстармен науқастарды куәландырады. Олардың құрамында 2 маман дәрігер, терапевт немесе неврапатолог пен реабилитолог болады.

Тұрақты еңбекке жарамсыздық немесе мүгедектік бірқатар әлеуметтік және биологиялық факторлармен анықталады.

Мүгедектіктің негізгі әлеуметтік факторларына мыналар жатады:

1. Орындалатын жұмыстың сипаты мен жұмыстың адам ағзасына қоятын талаптары;

2. Мамандық;

3. Біліктілік;

4. Білім;

5. Санитарлық-гигиеналық және өндірістік еңбек жағдайлары;

6. Материалдық-тұрмыстық жағдай, әлеуметтік-еңбек болжамы.

Мүгедектігін анықтайтын биологиялық факторларға мыналар жатады:

1. Аурудың сипаты;

2. Функционалдық бұзылулардың ауырлық дәрежесі;

3. Патологиялық процестің этиологиясы;

4. Ағзаның бейімделу және компенсаторлық мүмкіндіктері;

5. Аурудың немесе жарақаттың клиникалық болжамы.

Еңбекке жарамдылықтан айырылу деңгейіне сәйкес МӘСК мүгедектіктерді бірінші, екінші, үшінші топтарға бөледі.

Мүгедектің бірінші тобына тұрақты немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамдылықтан айырылғандар және басқа адамның күтуіне, бақылауына мұқтаждар жатады.

Мүгедектің екінші тобына ағзаларының аса күрделі бұзылыстарға ұшыраған науқастар және толық еңбекке жарамсыздар, бірақ өздерін күте алатындар, басқа адамның көмегін бақылауын тілемейтіндер жатады.

Мүгедектіктің үшінші тобына жататындар:

  • бұрынғы өзінің кәсіби жұмысын атқара алмайтындар және басқа жеңіл жұмысқа ауыстыруды тілейтіндер;

  • төмен дәрежедегі жұмысшылар немесе бұрын жұмысқа орналасу мүмкіншілігі шектелгендер;

  • бойында айқын анатомиялық ақаулары және бұзылыстары бар адамдар.

Бірінші топтағы мүгедектерге 2 жылға, ал екінші,үшінші топтағыларға – 1 жылға мүгедектік белгіленеді.Бұл уақыт мерзімі өткеннен соң мүгедектер қайтадан дәрігерлік сараптаудан өтіп, куәландырылуы керек.

51.Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыруға әсер ететін негізгі факторлар.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің ұйымдастырылуы денсаулық сақтау ұйымының негізгі қағидаларынан құрылады. Дегенмен ауылдық медициналық ұйымдар жұмысының әдісі мен ұйымдастыру формасына әсер ететін факторлар бар:

o ауылдағы адамдардың орналасуы жиілігі, ауылдық пункттегі адамдардың орташа саны;

o қызмет көрсету радиусы, көліктің болуы, жолдың қашықтығы;

o ауыл шаруашылық жұмыстың және тұрмыс жағдайының сипаты;

o кейбір халықтардың ұлттық дәстүрлері мен ерекшеліктері;

o дәрігерлік кадрлардың ағымдылығы;

o экономиканың және мәдениеттің деңгейі;

o географиялық және климаттық жағдайлар.
52.Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі 3- кезеңі.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі қағидаттарына сүйене құрылады. Бірақ қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты анықтайтын факторлар ауылдық медициналық мекемелер жұмысының ұйымдастыру түрлері мен әдістеріне әсер етеді: тұрғындардың қоныстану сипаты, қызмет көрсету радиусы, жұмыстар маусымдығы, дала жұмыстары кезіндегі ауа райының әсері, еңбек үрдісінің өзіне тән ерекшеліктері, шаруашылық-тұрмыстық іс-әрекет пен

тұрмыс жағдайларындағы қолайсыздықтар, аймақтықұлттық ерекшеліктері мен әдет-ғұрыптары, білім және мәдениет деңгейі және т.б.

Ауыл тұрғындарына дәрігерлік көмек көрсетуді шартты түрде 3 сатыға бөледі: Бірінші саты – ауылдық дәрігерлік учаске.Бұл сатыда ауыл тұрғындары медициналық дәрігерге

дейінгі білікті көмек алады (терапевтік, хирургиялық, акушерлік және гинекологиялық, стоматологиялық және т.б.).

Екінші саты – аудандық медициналық мекеме, мұндағы жетекші мекеме аудандық аурухана (АА) және орталық аудандық аурухана (ОАА). Ауыл тұрғындары арнайы

мамандандырылған медициналық көмекті оның негізгі түрлері бойынша алады. Ауданаралық арнайы мамандандырылған орталықтар, диспансерлер, денсаулық

орталықтары және т.б. болуы мүмкін. Денсаулық сақтау қызметінің басшысы ауданның (немесе аудандық медициналық бірлестіктің) бас дәрігері, әрі ол орталық аудандық аурухананы да басқарады. Мамандықтары бойынша міндетіне емдеу-консультативтік және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы кіретін ауданның бас мамандары анықталады. Үшінші саты – облыстық аурухана, диспансерлер, стоматологиялық емхана, облыстық МСЭҚ (мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау) орталығы және

т.б. Бұл сатыда барлық мамандықтар бойынша жоғарыбілікті медициналық көмек көрсетіледі. Ауылдық дәрігерлік учаске медициналық қызмет көрсету жүйесіндегі пациенттердің бірінші алғашқы жанасу звеносы болып табылады. Оның негізгі міндеті – учаске халқына қол жетерлік білікті дәрігерлік көмек көрсету және санитарлық эпидемияға қарсы шаралар жүргізу.

Ауылдық аудандардағы денсаулық сақтаудың негізгі звеносы –орталық аудандық аурухана (ОАА), мұнда арнайы мамандандырылған медициналық көмек негізгі

түрлері бойынша көрсетіледі және ауданның барлық медициналық мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасалады.

Ауылдық аудандардағы медициналық мекемелердің жұмыс тиімділігін бағалаудың

негізгі критерийлері: халық аурушылдығының көрсеткіштері, алғаш мүгедектікке шығу, жалпы балалар өлімі, халық шағымдарының саны және т.б.
53.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау статистикасының тармақтарының түрлері.

Статистика деген латынша «Stato», ал қазақша «Жағдай» деген мағынаны көрсетеді. Қазіргі кезеңде ғалымдардын көбісі статистикаға мынандай түсінік береді. «Статистика жеке қоғамдық ғылыми бағыт. Ол қоғамдағы белгілі бір мезгілде және кеңістікте жүретін жалпы өзгерістердің сандық және сапалық жағын зерттейді». Осыған қарағанда статистика жалпы көріністерді тұжырымдау үшін қажет екен. Оны жеке көріністерді зерттеуге қолдануға болмайды. Сондықтан оны басқаша «Статистика деген - жалпы көріністердің топтық қасиеттерін математикалық жолмен түсіндіру» деуге болады.

Денсаулықты сақтау статистикасы бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар:

  • емдеу - алдын-алу мeкeмeлepінiң статистикасы

  • санитарлық және эпидемияга қарсы күресетін мекемелер статистикасы

  • әйелдердің босануына көмектесетін және денсаулығын қорғайтын мекемелерінің статистикасы

  • медицина кызметкерлерінің статистикасы

  • балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғайтын мекемелер статистикасы

Статистикалық әдістерде клиникалық, лабораториялық және экспериментальдық зерттеулерде қолдану көптеген сұрақтарды шешуге көмектеседі. Оның ішінде жоспарлау, клиникалық және лабораториялық зерттеулерді ұйымдастыру, алынған көрсеткіштердің статистикалық тұрғыдан дұрыстығын және зерттелген қоғамдық жайлардың объективтік заңдылықтарын анықтау, колданылған алдын-алу және емдеу шараларының медициналық тиімділігін бағалау жұмыстары да бар. Бұл жерде медициналық статистика өзінің қоғамдық қасиетін жоғалтпайды.

Статистикалық зерттеулер тек қана ғылыми жұмыста емес, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелерінің күнделікті қызметінде де қолданылады. Денсаулықты сақтау жұмысында және арнайы медиңиналық зерттеулерде статистикалық әдістеме бірінен соң бірі орындалатын төрт кезеңнен тұрады. Ол кезеңдердің әрқайсысы көптеген статистикалық қимылдардан құралады.

  • Статистикалық әдістеме

  • Статистикалық жиынтық

Статистикалық жиынтық дегеніміз – сапасы жағынан бірыңғай деректердің, жағдайлардың және жаңалықтардың белгілі бір бағыттағы жиынтығы.

Статистикалық жиынтыктың жеке деректері, көріністері – бақылау көрсеткіші деп, ал бақылау көрсеткіштерінің деректерін – есепке алынатын белгілер деп атайды.

Статистикалық есептеу – қорытындылау және оны таблица түріңде көрсетумен аяқталады. Ол абсолюттік сандардан тұрады. Материалдарды талдау барысында абсолюттік сандардан – жалпылама көрсеткіштер жүйесі жасалады. Оған статистикалық коэффициенттер мен орта сандар жатады.

Статистиканың ең бір маңызды міндетіне көріністер мен өзгерістердің өзара байланысын анықтау жатады. Олардың байланысының екі түрі белгілі - қызметі жағынан және корреляциялық. Қызметі жағынан байланыста – көріністердің белгілі бір көрсеткішіне, алдын ала белгілі екінші өзгергіш көрсеткіші сәйкес келеді. Корреляциялық байланыста – бір белгінің көрсеткшіне, баска бір белгінің бірнеше көрсеткіші тура келуі ықтимал. Оларға дәрежелі корреляция және квадраттау әдісімен корреляциялау жатады.

Статистикада регрессия коэффициенті деген көрсеткіш бар. Ол бір көріністің көрсеткіші бір рет өзгергенде, екіншісінің қалай өзгеретінін көрсетеді. Алынған көрсеткіштерді талдау және әсерлеп көрсету мақсатында статистикада графикалық бейнелер қолданылады. Олар диаграмма, картограмма және картодиаграмма түрінде түсіріледі. Диаграммалардың сызықша, радиалды, келемді, мүсінді және бағаналы түрлері бар.

54.Перзентханада негізгі акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудің 7- қағидасы.

Перзентхана (бөлімше) қызметінің негізгі мақсаты әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде акушериялық-гинекологиялық көмек, сондай-ақ нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету болып табылады.

Перзентхана жеке денсаулық сақтау ұйымы немесе көп бейінді денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде жұмыс істей алады.Перзентхана аумақтық принцип бойынша көмек көрсетеді, бірақ сонымен бірге жүкті немесе сырқат әйел босандыру мекемесін қалауы бойынша таңдай алады.

Негізгі акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетету үшін:

1.Жүкті әйелдердің денсаулығын қорғау және босану кезеңдерінің зиянсыз өтуін қадағалау;

2.Жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға көмек көрсету;

3.Әйелдерді жасанды түсік тастаудан сақтандыру;

4.Диспансерлік бақылау арқылы гинекологиялық аурудан сақтандыру;

5.Әйелдердің жұмыс және тұрмыс жағдайын зерттеу;

6.Халықтың санитарлық сауаттылығын жетілдіру;

7.Аналар өлімін, сәбилер өлімін азайту

55.Табиғи туу көрсеткішін есептеу формуласы.Бұл көрсеткішті анықтаудың мақсаты.

1. Туу көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдары туу және өсу көрсеткіштерін есептеу кезінде қолданады.

3. Осы Әдістеменің мақсаты тиімді, әлеуметтік, экономикалық, отбасылық және демографиялық саясатты жүзеге асыру үшін қажетті халықтың арасындағы туу туралы толық және ағымдағы ақпаратты қалыптастыру, сондай-ақ елдің және өңірлердің даму бағдарламаларын әзірлеу болып табылады..

4. Туу көрсеткіштерінің маңыздылығы демографиялық құбылыстарды талдау мен елдегі және оның өңірлеріндегі демографиялық ахуалды бағалаудағы рөлімен байланысты. Туу коэффициенттерін есептеу және талдау демографиялық зерттеулер, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саясат саласындағы тәжірибе үшін қажет.

5. Осы Әдістемеде келесі ұғымдар қолданылады:

Репродуктивті кезең (жас) - әйел босануға қабілетті уақыт кезеңі. Статистикалық мақсаттар үшін көптеген елдерде 15-49 жыл кезеңі болжанады;

Халықты көбейту - туу мен өлім-жітімді өзара әрекеттесу нәтижесінде адамдардың ұрпақтарын үздіксіз жаңарту процесі.

6. Халықтың өлім-жітімі туралы ақпараттың дереккөздері Заңға сәйкес Комитеттің аумақтық органдарына жергілікті атқарушы органдардан түсетін әкімшілік деректер болып табылады.

Туудың жылдық көрсеткіштерін есептеу


7. Жалпы туу коэффициенті промилледе көрсетіледі және жалпы халық санына қатысты халықтың өлім-жітімі қарқындылығын айқындайды. Бұл көрсеткіш есептік кезеңде тірі туғандардың жалпы санына аталған кезеңдегі халықтың орташа санының қатынасы болып табылады:



мұнда:

CBR - бала туудың жалпы коэффициенті;

N – жылдың ішінде туғандар саны;

Р – орташа жылдық халық.

8. Бала туудың арнайы коэффициенті тірі туғандар санының репродуктивті жастағы әйелдердің орташа санына қатынасы.



мұнда:

F15-49 – бала туудың арнайы коэффициенті;

N – туғандар саны;

Р15-49 –15-49 жастағы әйелдердің орташа жылдық саны.

9. Жас ерекшелігіне байланысты туу коэффициенті күнтізбелік жылда әрбір жас тобында туудың орташа деңгейін сипаттайды. 20 жасқа дейінгі жас топтары үшін коэффициентті есептеу кезінде бөлгіш ретінде 15-19 жасқа дейінгі әйелдер саны алынады. 15-49 жас тобы үшін коэффициентті есептеген кезде, алымына барлық босанғандар, сонымен қоса 15 жасқа дейінгі, сондай-ақ 50 және одан ересек жаста босанған әйелдер саны енгізіледі.



мұнда:

Fх – жас ерекшелігіне байланысты туу коэффициенті, онда x - жасы;

Nх – x жастағы әйелдерде туғандар саны;

Рх – х жастағы әйелдердің орташа жылдық саны.

56. ҚР балаларға қызмет көрсету орталықтың атқаратын міндеттері.

Балаларға емдеу профилактикалық қызметті ұйымдастыру мемлекеттік жұйе арқылы жүргізіледі. Оның негіздері “Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы” – заңында жазылған (8 тарау, 55-бап). Мемлекет балалардың құқықтары мен мүддесін қорғауды жүзеге асырады, олардың дене бетімі, ақыл-ойы, рухани, адамгершілік және әлеуметтік жетілуі үшін қажетті тұрмыс жағдайын, құқықтарын қамтамасыз етеді.

Балаларға медициналық қызмет көрсететін негізгі мекемелер:емхана, аурухана, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, мектептер, санаторийлер және басқа да сауықтыру, тәрбиелеу мекемелері.Бәрінің жұмысының негізгі бағыты профилактикалық, яғни аурудың алдын алу. Балаларға емдеу профилактикалық жәрдем көрсетудегі ең маңыздысы – балалар емханасы.

Балалар емханасы – диспансерлік үлгідегі емдеу-профилактикалық мекеме, ол барлық балаларға туылғаннан бастап 14 жасқа толғанға дейін медициналық жәрдем көрсетуге міндетті.

Қазақстан Республикасында балаларға қызмет көрсету орталықтың атқаратын міндеттері (балалар емханасының):

-профилактикалық шараларды ұйымдастыру және жүргізу.Бұл жұмыс барлық дені сау балаларды медициналық бақылауға алу, профилактикалық тексеруден өткізу, диспансерлеу, профилактикалық егулер жүргізу, ана сүтін жинау және сүт тарату бөлімдерінің жұмысын тоқтаусыз жүргізу секілді салалардан тұрады;

-емдеу жұмысын үй жағдайына және емханада жүргізу, ауру балаларды ауруханаларға, санаторийлерге сауықтыруға жүргізу,бала бақшаларға, мектептерге орналастыру;

-мектеп жасына дейінгі мекемелерде және мектептерде емдеу профилактикалық жұмысты жүргүзу;

-санитарлық-эпидемиологиялық станциялармен бірігіп, жұқпалы ауруларға қарсы шараларды жүргізу;

-балалардың құқығын қорғау.

57.Балаларға емдік-профилактикалық ұйымдастырудың 5 қадамы.

1- сатысы – дәрігерге дейінгі көмекті ФАП – та, фельдшер немесе акушерка, мейірбике жүргізеді.

2- Сатысы – бөлімшелік ауруханада дәрігерлік көмек көрсетіледі.

3- Сатысы – аудандық ауруханада мамандандырылған дәрігерлік көмек көрсетіледі.

4- Сатысы – облыстық, қалалық ауруханаларда, зерттеу иниституттарында тереңдетілген зерттеулер мен көмек алады.

5- Қорытынды сатыда МСАК ұйымының дәрігері немесе МСАК ұйымының жауапты адамы медициналық ақпараттық жүйеге профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелерін енгізеді. Балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері олардың заңды өкілдерінің назарына танысу туралы қол қоюмен жеткізіледі.

58.Қала тұрғындарына көрсетілетін емдеу-профилактикалық көмектің түрлері.
Қалалық емхананың жұмысының ұйымдастырылуы және құрылымы. Қала тұрғындарына көрсетілетін емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру жүйесінде амбулаторлық-емханалық мекемелердің рөлі. Емханалық көмекті ұйымдастырудың бөліктік қағидатының мәні және өлшемдері. Емхана іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері. Қала тұрғындарына көрсетілетін емдеу-профилактикалық көмектің түрлері
емдеу-алдын алу мекемелері (ауруханалар, амбулаториялар, емханалар, диспансерлер, ана мен баланы сақтау бойынша мекемелер, жедел және шұғыл көмек мекемелер және т.б); санитарлық-эпидемияға қарсы мекемелер (МСЭҚ орталықтары); жергілікті әкімшілік қоластына қарайтын соттық медициналық сараптау мекемелері; дәріхана мекемелері; біріншілік медициналық-әлеуметтік көмекті емханалық мекемелер (ересек тұрғындарға қызмет ететін аумақтық емханалар) және аналар мен балаларды қорғау мекемелері (балалар емханалары мен әйелдер кеңестері).
Қала тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсететін негізгі мекеме – қалалық емхана ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ауруды және оның асқынуларын емдеу бойынша емдеу-алдын алу шаралар кешенін жүзеге асыратын, медициналық көмекке жүгініп келген және үй жағдайындағы науқастарға көмек көрсетін, жоғары дамыған, мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымы.
1   2   3   4   5   6   7   8   9


написать администратору сайта