Главная страница
Навигация по странице:

  • 32. Қала тұрғындарына амбулаторлық-емханалық қызметті ұйымдастыру

  • 33. Қалалық емхана: түрлеріне және құрылымы.

  • 34. Диспансерлер: түрлері, құрылымы, негізгі міндеттері ұстанымдары

  • Диспансеризация түрлері Қазіргі кездері диспансеризацияның келесі түрлерін бөледі

  • Диспансеризацияның міндеттері

  • І. Дені сау. ІІ. Айтарлықтай дені сау, яғни келесідей

  • ІІІ. Созылмалы аурулары бар науқастар.

  • Ауруханалық медициналық көмектін сапасы және көрсеткішт

  • 37. Әйелдерге емдеу-профилактикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру .

  • туберкулез. 1. Пациент жне оам пніні негізгі блімдері Масаты Студенттерде оамды денсаулы жне денсаулы сатау


    Скачать 1.16 Mb.
    Название1. Пациент жне оам пніні негізгі блімдері Масаты Студенттерде оамды денсаулы жне денсаулы сатау
    Анкортуберкулез
    Дата21.07.2022
    Размер1.16 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаNawqas jäne Qoğam 1 — 95.docx
    ТипДокументы
    #634536
    страница3 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9

    ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ :


    қолайлы, дер кезінде, білікті медициналық жәрдем көрсету; шұғыл медициналық жәрдем көрсету; айнадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың алдын алу, олардың ауруының түрін анықтау және емдеу жөнінде арнайы профилактикалық-медициналық шаралар жүргізу; халықты диспансерлік бақылауға және тіркеуге алуды ұйымдастыру; салауатты өмір салтын және халыққа санитарлық-тәрбиені насихаттау; санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесін сақтау; басқа да денсаулық сақтау мекемелерімен өзара іс-әрекет үйлесімін және сабақтастығын сақтау.

    Емхана жұмысын ұйымдастыру мыналарды сипаттайтын көрсеткіштер бойынша бағаланады:


    - келіп көріну динамикасы (берілген жылы емханаға көріну санының былтырғы жылғы көрінулер санына қатынасы 100 көбейтілген); - көрінулер құрылымы – аурулар бойынша немесе алдын алу мақсатымен (аурулар жөнінен немесе алдын алу мақсатымен көрінулер санының барлық көрінулер санына қатынасы 100 көбейтілген); - дәрігерлік мансапқа жүктемені (барлық дәрігерлерге көріну санының орын алған дәрігерлік мансаптар санына қатынасы); - дәрігерлердің пациенттер үйіне кіріп шығу белсенділігі (үйлерге белсенді кіріп-шығулар санының үйлерге барлық кіріп-шығулар санына қатынасы 100 көбейтілген).

    Емхананың алдын алу жұмысы бағаланады:


    медициналық қараулармен толық қамтылуымен (қаралғандар санының қаралатын тұрғындар санына қатынасы, 100 –ге көбейтілген); - ауруларды табу мақсатымен қаралған тұрғындар пайызы (қаралғандар санының тұрғындар санына қатынасы); - табылған аурулар жиілігімен (табылған аурулар санының қаралғандар санына қатынасы); - диспансерлеу көрсеткіштерімен (қамту толықтығы, диспансерлік есепке уақтылы алу, байқауға қайта алынғандардың меншікті салмағы, бір бөліктегі диспансерленгендердің орташа саны, диспансерлеудің тиімділігі мен нәтижесі).

    32. Қала тұрғындарына амбулаторлық-емханалық қызметті ұйымдастыру.

    Амбулатория-емхана көмегі "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес (бұдан әрі - Заң) фельдшерлік немесе фельдшерлік-акушерлік пункттерде , ауылдық (отбасылық) дәрігерлік амбулаторияларда, ауылдық учаскелік ауруханаларда, аудандық (орталық) ауруханалардың жанындағы емханаларда,балалар,әйелдер консультацияларын қоса алғанда аумақтық қалалық емханаларда азаматтарды тіркеген жері бойынша өзге де амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК), білікті және мамандандырылған медициналық көмек түрінде ұсынылады.

    Амбулатория-емхана көмегін учаскелік терапевтер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, жасөспірімдер кабинеттерінің дәрігерлері, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, жеке үй-жайы жоқ медицина қызметкерлері (бұдан әрі - БМСК мамандары) және бейін мамандары көрсетеді.

    Бұл мекемелердің ішінде алдыңғы орынды амбулаториялар мен емханалар алады . Емхана - келіп кететін және жағдайындағы науқастарға медициналық көмек көрсетілетін , емдеу -жағдайындағы науқастарға медициналық көмек көрсетілетін,емдеу - профилактикалық шаралар комплексі жүзеге асырылатын жоғары дамыған арнайыланған емдеу - профилактикалық мекеме, қала тұрғындарына көмек көрсетілетін негізгі амбулаторлық - емханалық мекеме - емхана болып табылады , егер ол өндіріс орындарының , құрылыс ұйымдарының, транспорт мекемелерінің қызметкерлеріне арналса, онда ол медико - санитарлық бөлім болып есептеледі.

    Амбулатория - емханадан мамандану деңгейі мен қызмет көлемі бойынша ажыратылады . Мұнда негізгі аздаған мамардықтар бойынша қабылдау өтеді : терапевт , хирург , акушер-гинеколог, педиатр .

    • Емханаларды номенклаурасы бойынша жұмысының ұйымдастырылуы бойынша : станционармен біріккен және бірікпеген деп бөлінеді.

    • территориясы бойынша : қалалық, аудандық

    • Профиль бойынша :жалпы және тек ересектерді немесе тек балаларды қабылдайтын емханалар.

    Емханалар денсаулық сақтау министрлігі бұйрығымен әрекет етеді.


    • Қалалық емхананың негізгі бөлімшелерінің құрылымы;

    • Қалалық емхананың негізгі бөлімшелерінің құрылымына мыналар жатады:

    • -Емхана басқармасы;

    • -Анықтама столы бар тіркеу орны;

    • -Емдеу профилактикалық кабинеттер; терапевтік, хирургиялық, травматологиялық, офтальмологиялық, отоларингологиялық, неврологиялық және физиотерапиялық.

    • -Реабилитация кабинеттері мен ЛФК емдеу физикалық сауықтыру, кардиологиялық, ревматологиялық, эндокринологиялық, инфекциялық аурулар кабинеті, әйелдер консультациясы.

    • -Дәрігерлік және фельдшерлік пунктер, диспансерлер, жедел жәрдем станциялары және т.б.

    • -Қосымша диагностикалық бөлімдер; рентген кабинеті, лаборатория, функционалды диагностика кабинеті, эндоскопиялық кабинет, мед статистика кабинеті, әкімшілік шаруашылық бөлімі және т.б.


    Амбулаториялық емханалық көмектің ерекшеліктері мен ұйымдастыру принцптері;



    • -Аймақтық принцп;

    • -Жалпы қолжетімділік;

    • -Профилактикалық бағыттылық;

    -Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер жұмысы;

    33. Қалалық емхана: түрлеріне және құрылымы.

    Емхана– науқас адам келіп-кетіп емделетін және үйінде сырқаттанып қалған адамдарға медициналық көмек көрсететін, сондай-ақ, аурудың алдын алу шараларын жүргізетін мекеме.

    Амбулаториялар мен емханаларда науқастардың 80%-ы емделуді бастап және аяқтайды, ал небәрі 20% науқастар ғана госпитализацияланады.

    Емхана түрлері:

    Аймақтық белгісі бойынша: қалалық және ауылдық; ұйымдастыру белгісі бойынша: стационармен біріккен және бірікпеген; мамандандырылуы бойынша: жалпы (ересектерге және балаларға арналған), балалар, ересектер, стоматологиялық, курорттық, физиотерапевтік орталықтар, диагностикалық орталықтар.

    Емхананы бас дәрігер басқарады. Емхананың құрылымында: тіркеу орны, профилактика бөлімі, емдеу-профилактикалық бөлімдер мен кабинеттер, емдеу-диагностикалық бөлімдер, әкімшілік-шаруашылық бөлім, қалпына келтіру емі бөлімі және т.б.

    Емхананың негізгі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс принциптері болып участкелік (дәрігерлік қызметке нормативтік халық санының бекітілуі) және диспансерлік әдісті кеңінен қолдану (белгілі контингент денсаулық жағдайын жүйелі түрде белсенді бақылау). Емхана жұмысын регламенттейтін негізгі жоспарлық-нормативтік көрсеткіштер:

    - учаскелік нормативі (1 учаскелік терапевт қызметіне 2200-2500 адам);

    - жүктеме нормасы (сағатына емханада қабылдауда – 4,3-4,7, пациенттерге үй жағдайында қызмет көрсету – 2);

     учаскелік терапевтің штаттық нормативі (14 жастан жоғары 10000 халық санына –4,0-4,5).

    Емхана құрылымы.

    . Тіркеу орны
          2. Алдын алу бөлімшелері:
          1) дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті
          2) тексеру кабинеті
          3) диспансерлеу кабинеті
          4) егу кабинеті
          5) салауатты өмір салты (СӨС) кабинеті
          6) алдын алу тексерулері кабинеті
          3. Медициналық статистика бөлімшесі(кабинеті)
          4. Емдеу-диагностика бөлімшелері
          1) терапиялық бөлімше (балалар консультациясы):
          учаскелік қызмет
          жасөспірімдерді қабылдау кабинеті
          пульмонологтың кабинеті
          кардиологтың (кардиоревматолотың) кабинеті
          эндокринологтың кабинеті
          диабеттік аяқ басы кабинеті
          гастроэнтерологтың кабинеті
          невропотологтың кабинеті
          жұқпалы аурулар кабинеті
          дерматовенерологтың кабинеті*
          психиатрдың (психотерапевтің) кабинеті*
          наркологтың кабинеті*
          аллергологтың кабинеті**

          2) хирургиялық бөлімше (амбулаториялық хирургия және травматология орталығы)
          хирургтың кабинеті
          уролотың кабинеті
          травматолог-ортопедтің кабинеті
          офтальмологтың кабинеті
          оториноларингологтың кабинеті
          онкологтың кабинеті*
          процедура кабинеті
          таңу кабинеті
          гипстеу кабинеті

          3) әйелдер консультациясы (ол болмаған жағдайда дербес әйелдер консультациясы)

          4) диагностика бөлімі:
          сәулелік диагностика бөлімшесі (рентген- және флюорографиялық кабинеттер, томографиялық зерттеу кабинеті, ультрадыбыстық диагностика және басқалар)
          клиникалық-диагностикалық зертхана (клиникалық
          -биохимиялық, бактериологиялық, серологиялық зерттеулер)
          функционалдық диагностика бөлімшесі (кабинеті)
          эндоскопия бөлімшесі(кабинеті)
          5) физиотерапия бөлімшесі және ЕФК
          6) күндізгі стационар және үйдегі стационар
          7) әкімшілік-шаруашылық бөлімі
    34. Диспансерлер: түрлері, құрылымы, негізгі міндеттері ұстанымдары.

    Диспансеризация – тұрғындардың арнайы контингенттерінің денсаулығының активті түрде бақылауымен, еңбек пен тұрмыс жағдайын анықтауға, дұрыс физикалық даму мен денсаулықты сақтауға, ауруларды арнайы емдік-профилактикалық мекеменің жүйелі іс-шаралары болып табылады.

    Диспансеризация негізін диспансерлік әдіс құрайды. Ол есепке алынған тұлғаның әр дайым медициналық бақылаумен негізделеді. Диспансерлік әдіс көмегімен емдік және профилактикалық принцип синтезі іске асырылады.

    Диспансеризацияны жүзеге асыруда жетекші рөлді аймақтық дәрігерге жүктеледі, ол барлық басқада мамандардың жұмыстарын бағыттайды, белгіленген емдік- сауықтыру іс-шаралардың орындалуын жүргізеді және бақылайды, салауатты өмір салтының таралуын жүзеге асырады.

    Амбулаторлық-емханалық мекемелердің жұмысын ұйымдастырудың сәтті орындалуы аймақтық дәрігердің осы міндеттеріне бағытталуы тиіс. Міндетті түрде бірінші жағынан маңызды болып табылатыны, тұрғындардың толыққанды диспансерлік бақылаумен айтарлықтай қамтылуы болса, екінші жағынан – осы жұмыстың жүргізілуінің нақтылануының болмауы.

    Осымен қатар, аймақтық медбике әр жыл сайын дәрігерге тіркелген тұрғындардың тізімін нақтылайды, ведомствалық және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің соңғы 6 айындағы стационалық емдеу кезіндегі қайтадан алдын-алу диспансерлік тексеруден өткен адамдарды тізімнен шығарады.

    Диспансеризацияны айтарлықтай ұйымдастырылған түрде жүргізу мақсатында шекаралық емханалар мен медико-санитарлық бөлімдерде келесі бөлмелер құрамында алдын-алу бөлімшелері құрылған: анамнестикалық, құрылымдық зерттеу, әйелдерді қарау, салауатты өмір салтын насихаттау, диспансеризацияның орталықтандырылған есебі.

    Диспансеризация түрлері

    Қазіргі кездері диспансеризацияның келесі түрлерін бөледі:

    • Жедел терапиялық аурулармен ауырған науқастар диспансеризациясы;

    • Созылмалы аурулары бар науқастар диспансеризациясы;

    • Декреттелген контингенттер диспансеризациясы;

    • Сау адамдар диспансеризациясы.

    Осылайша, диспансеризацияны жүргізудегі басты ролді учаскелік (цехтық) дәрігер атқарады.

    Диспансеризацияның міндеттері:

    - Аурудың пайда болуының жетілуі мен таралуының себептерін зерттеу және болдырмау;

    - Адамдардың салауатты өмір сүруге тырысуын қалыптастыру;

    - Басыңқы жағдайды белсенді анықтау, аурудың бастапқы қалпын және науқастарды белсенді емдеу;

    - Анықталған аурудың өршуі мен асқынуын, рецидивін ескерту.

    Тұрғындардың алдын-алу тексерулерінің нәтижелері бойынша үш топқа бөлінеді:

    І. Дені сау.

    ІІ. Айтарлықтай дені сау, яғни келесідей:

    - Қауіпті факторлар (өндірістік, генетикалық, әлеуметтік – тұрмыстық сипаттағы);

    - анемнезінде ұзақ уақыттағы өршуінсіз созылмалы аурулар;

    - қалыпты жағдайдағы функционалды зерттеулер мен зертханалық мәліметтер;

    - аурудың алғашқы көріністері;

    - жедел аурулармен ұзақ немесе жиі ауыратындар;

    - жедел аурудан кейінгі сауыққандар.

    ІІІ. Созылмалы аурулары бар науқастар.

    А) компенсация сатысында;

    Б) субкомпенсация сатысында;

    В) декомпенсация сатысында.

    35. Емхана жұмысының негізгі көрсеткіштері.

    Амбулаториялық - емханалар, ауруханалар, санаторлы-курорттық мекемелер, жедел жәрдем мекемелері, аналарды және балаларды қорғау ұйымдары.

    Амбулаторлық-емханалық емдеу мекемелері науқастарға жоспарлы немесе жедел түрде ауруханаға жатуды қажет етпейтін медициналық көмекті (сонымен қатар, мамандандырылған -хирургиядан, неврологиядан,офтальмологиядан және т.б.) көрсетеді. Науқасты тексеру және емдеу емханада жүргізіледі; қажет болған жағдайда науқасқа үй жағдайында да аймақтық дәрігер жәрдем көрсетеді.

    Амбулаторлық-емхана мекемелері, сонымен қатар, диспансеризация жүргізеді, яғни белгілі контингенттегітұрғындарды белсенді түрде бақылайды. Соңғы кезде медицина, ғылыми-зерттеу және дәрігерлердің білімін жетілдіру институттарының қарамағында науқастарды зерттейтін және емдейтін жоғары дәрежелі амбулаторияларда көп салалы іpі ауруханалар негізінде клиникалар құрған кеңестік-диагностика орталықтары кеңінен дамып жатыр.

    Амбулаторлық (яғни ауруханалардан тыс) көмекті қала емханаларында, диспансердің емхана бөлімдерінде (арнайы емдеу-сауықтыру мекемелерінде емдеу шараларын ұйымдастырады және белгілі бір профильдегі науқастардың-кардиоревматологиялық, онкологиялық, дерматовенерологиялық және т.б. белсенді түрде диспансерлі бақылау жүргізеді) береді Ауылдық жерлерде көмекті фельдшер-акушерлік бөлімдер, аудан, облыс және республика ауруханаларының амбулаториялық және емхана бөлімдері жүргізеді, ал өндірісте - медицико-санитарлы бөлімдер және денсаулық пункттерінде жүзеге асырады.

    Емдеу-сауықтыру мекемелерінің жеке тобын жедел шұғыл көмек көрсететін (станция, ауруханалар немесе жедел және шұғыл көмек көрсету бөлімшелері) мекемелер, акушерлік-гинеконологиялық (әйелдерге арналған кеңес орындары, босануға арналған мекемелер, аурухананың босануға және гинекологияға арналған бөлімшелері) көмек көрсететін мекемелер, педиатрия көмегін көрсететін мекемелер (балаларға арналған емханалар мен ауруханалар), санаториялар және санаторлы-сауықтыру мекемелері құрайды.


    1. Ауруханалық медициналық көмектін сапасы және көрсеткішт






    37. Әйелдерге емдеу-профилактикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру .

    Әйелдер денсаулығын қорғаудың әлеуметтік-медициналық маңызы өте зор. Себебі болашақ ұрпақтың саулығы, оларды туғаннан бастап тәрбиелеу, өсіру әйел денсаулығына байланысты. Тағы бір маңызды мәселе — халық санының тең жартысынан көбі әйелдер және олардың мемлекеттік, өндірістік, қоғамдық жұмыстағы үлесі айтарлықтай. Сондықтан әйелдер денсаулығын сақтау, ана және сәби өлімін азайту, әйелдер және балалар аурушылығын төмендету, жұқпалы аурудың алдын алу мәселелерінің әлеуметтік- медициналық манызы зор деп есептелінеді.

    Қазіргі уақытта әйелдер денсаулығын қорғаудың мемлекеттік жүйесі бар. Бұл жүйенің негізі 1917 жылдың желтоқсан айынан басталады. Себебі сол уақыттан бастап әйелдерге қамқорлык жасау үшін Халық комиссариатының жанынан ана және баланы қорғау бөлімі ашылды, ал кейін 1918 жылдың шілде айынан бастап Денсаулық сақтау халық комиссариаты ұйымдастырылған соң соның құрамына қосылды. Сол кездерден, яғни 1917-1920 жыдцардан бастап ана мен баланы қорғау үшін олардың денсаулығын нығайту мәселелерімен шұғылданатын арнайы емдеу-профилактикалық мекемелер ашылды.

    1922 жылдан бастап ананы және баланы қорғау, сәбилердің денсаулығын зерттеу журналдары Мәскеуде шыға бастады. Сондай-ақ 1922 жылдан бастап Мәскеуде және басқада ірі қалаларда, сонымен қатар Алматыда 1932 жылы ана мен сәбиді қорғау ғылыми зерттеу институттары ашылды.

    Ауылдық жерде ана мен баланы қорғау жөніндегі мекемелер тек қана 1935 жылдан бастап кеңінен ұйымдастырыла бастады.

    Ұлы Отан соғысы кезінде үкімет арнайы жарлықпен жүкті әйелдерге, жас балалы аналарға қосымша тамақ, азық-түлік алуға мүмкіншілік жасады.

    1944 жылы жүкті әйелдерге, көп балалы және жалғыз басты аналарға мемлекетгік көмекті көбейту, ана мен баланы қорғауды күшейту, көп балалы аналарға “Батыр ана” деген құрмет атағын, “Ана данқы”ордені, “Аналық медалін” беру туралы жарлық қабылданды. Соғыстан кейін ана мен баланы қорғау жұмысына көп кеңіл бөлінді де 1936 жылы, 1977 жылы қабылданған Конститудияларда, арнайы баптар белгіленді. Сонымен қатар 1969 ж қабылданган үкіметтің қаулысы ана мен баланы қорғау, оларға емдеу-профилактикалық жәрдем көрсету мәселелеріне арналды.

    “Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы” заңында екінші тараудың 54-бабында ананьң денсаулығын қорғау туралы кұқы келтірілген.

    Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы - жаңадан қабылданған Конституцияда да ана мен баланы қорғау мәселелеріне өте зор маңыз беріліп отыр.

    Сонымен қатар “Еңбек туралы” заңда да әйелдердің, жас-өспірімдердің денсаулығын сақтау үшін оларды зиянды өңдірістерде жұмыста пайдаланбау көзделген. Бірақ іс жүзінде республикамызда әйелдердін бір қатары денсаулығына зиян келтіретін кәсіпорындарда жұмыс істейді. Әсіресе жергілікті жеңіл, химиялық өнеркәсіптерде, саудада, байланыс жүйесінде, мал шаруашылығында жұмыс істейтін әйелдердің саны көп. Статистикалық деректерге жүгінсек, әрбір 10-11 жұмысшы әйел денсаулығьгна зиян келетін жағдайда қызмет істейді, мысалы он мыңдаған әйелдер шаңдалған, газдалған, суықта немесе өте ыстықта, аса шулы жерлерде жұмыс істейді, мал шаруашылығында 10 000-даған әйелдер жұмыс істейді, 370 мыңнан астам әйел денсаулығына зиян келетін жерде, ал 140 мың әйел түнгі кезекте істейді, 500 мыңнан астам әйелдер ауыр қол жұмысымен шұғылданады. Бұнын бәрі еңбек туралы заңды, денсаулық сақтау туралы заңды т.б. заңдарды сақтамаудың нәтижесі.

    Дегенмен, Республикада әлеуметтік көмек көрсету мәселесі де өз шешімін таба бастады. Ол әйелдерге бала туғанда қаржылай көмек көрсету, әйелдерді қиын және денсаулығына зиян келтіретін жұмыстарға жұмсамау, жүкті әйелдерге жұмыста дұрыс жағдай жасап, дәрігерлердің кеңесін орындауларына жағдай жасау, жұмыс істейтіндерге босанғанға дейін 70 күн демалыс беру, егер босану жағдайына байланысты аурудың асқынушылығы байқалса, онда босанғаннан соң 70 күн демалыс беру, бала 1,5 жасқа толғанга дейін тәрбиелеуіне қаражат төлеп түру, бала ауырғанда оны күтуге мүмкіншілік беру, яғни уақытша еңбектен босату, сол уақытқа толық қаражат төлеу, балалы әйелдерге жартылай жұмыс күшін және жеке жұмыс кестесін белгілеу секілді жағдайларды қамтиды.

    Сонымен қатар ”Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау турылы” заңда әйелдер мен балаларға басқа да жеңілдік беруге рұқсат етілген.

    Біздің республикамызда әйелдерге медициналық көмек көрсету үшін арнаулы медицина мекемелерінің жүйесі ұйымдастырылган.

    Олар: әйелдер консультациясы, перзентхана, мамандандырылған әйелдер босанатын үйлер, аналар мен балаларды қорғау, ғылыми зерттеу институттары, пансионаттар, санаторийлер. Осы мекемелердің ішінде негізгі және қол жетерлігі әйелдер консультациясы мен перзентханалар, ал ауылдық жерде жалпы ауруханалардағы акушерлік-гинекологиялық бөлімдер, әйелдер босанатын үйлер бар, ал кейбір жерлерде гинекологиялық ауруы бар әйелдер оташылық бөлімдерде емделеді.

    Негізгі акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін орын — ол әйелдер консультациясы. Оның ең басты міндеті — әйелдердің денсаулығын нығайтуга бағытталған жұмыс жүргізу. Ол үшін:

    1) жүкті әйелдердің денсаулығын қорғау және анаға да, балаға да босану кезінің зиянсыз өтуіне жағдай жасау;

    2) жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға заңды түрде көмек көрсетуді үйымдастыру;

    3) әйелдерді жасанды түсік тастаудан сақтандыру үшін оларды және жолдастарын контрацепция әдістеріне үйрету. Отбасы тұрмысы жайында кеңес беру.

    4) диспансерлік бақылау арқылы гинекологиялық аурудан сақтандыру, аурудың алдын алу жэәне емдеу;

    5) әйелдердің жұмыс және тұрмыс жағдайын зерттеу. Керек кезінде жүмыс жағдайын жақсартуға және жүкті әйелдер мен гинекологиялық ауруға шалдыққандарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру;

    6) халықтың санитарлық сауатғыльнын жетілдіру және жас өспірім қыздардың, жас әйелдердің жүкті және бала емізетін әйелдердің сонымен қатар егде әйелдердің арасында арнайы санитарлық-гигиеналық білімді, дағдыны енгізу;

    7) жүкті әйелдерді баланы уақытынан бұрын босанудан сақтандыру;

    8) Аналар өлімін, өлі туулықты және сәбилер өлімін азайту.

    Әйелдер консультациясының емдеу-профилактикалық жұмысыньң негізі — диспансерлік бақылау. Ол үшін өзіне қарасты жердегі әйелдердің және 15 жастан асқан қыздардың есебін алу керек. Бұдан соң жоғарыда аталған жұмыстың бәрін жүргізу қажет. Әйелдер консультациясының құрылымы оның түріне және категориясына байланысты. Бірақ бәрінде де тіркеу жүргізу орны (регистратура), жүкті әйелдерді қабылдайтын бөлмелер, жаңа босанған және гинекологиялық ауруы барларды қабылдау бөлімшелері, шағын операция бөлмесі; басқа мамандардың (терапевт, стоматолог, заң-қызметкерінің) кабинеттері болады. Осы аталған әлеуметтік-құқықтық терапевтік, венерологиялық, стоматологиялық кабинеттер әйелдер консультациясында учаскелер саны 8-ден көп болса ашылады.

    Әйелдер консультациясының жұмыс кестесі «жылжымалы» болады, себебі әр дәрігер өзінің учаскесіндегі әйелдерді оларға ыңғайлы уақытта қабылдауы керек. Қабылдау уақыты таңертеңгі сағат 8-ден-20-ға дейін, ал шағын операция жасау 9-дан - 18-ге дейін жүргізіледі. Егер жүкті әйелдер немесе гинекологиялық аурулар консультацияға келе алмайтын болса, онда дәрігер сол науқас адамды үйіне барып емдеуі керек. Үйінде қарауға әр ауруға 45-50 мин. уақыт бөлінеді.

    Әйелдер консультациясының жұмысы учаскелік принциппен ұйымдастырылады. Әр учаскелік акушер-гинекологтың өзіне бекітілген учаскесі алынады. Бір дәрігердің қарауына 3000-ға жуық әйелдер тіркеуге болады, олардың ішіне 15 жастан асқан жасөспірім қыздар да кіреді. Бір сагатта 6 қабылдау болады, жұмыс күнінің ұзақтығы 6,5 сағат, аптасыңда 5 күн жұмыс істейді. Бір учаскеде акушер-гинекологпен бір орта буын қызметкер (акушерка) жұмыс істейді Ал туулық көрсеткіші жоғары облыстарда қосымша тағы бір акушерка бөлінгені жөн. Сонымен учаскедегі бартық әйелдер есепке атынып, диспансерлік бақылауда болуы керек. Әрқайсысының өзіне арнап жеке құжат толтырылады.

    Босанатын әйелдерге қалалы жерде де, ауылда да 126 күнге (70 күн туғанға дейін және 56 күн босанғаннан соң) демалыс беріледі, ол күндерге толық жалақысы мөлшерінде қаражат бөлінеді. Егер жүкті болған кезінде немесе босанғанда акушерлік асқыну ананың, басқада қиналысқа душар болған жағдайы кездессе, оңда туғаннан кейінгі демалыс уақытысы 70 күнге созылады. Егер ананың занды құқығы сақталмай қиындық көретін болса, онда әлеуметтік құқылық көмек көрсетілуі керек. Ол үшін әйелдер консультация қүрамындағы заң қызметкеріне шағым жасауына болады.

    Әлеуметгік-құқықтық кабинет азаматтардың өмір өзгерістерін тіркеу бөлімімен, үкіметтік бөлімдермен, прокуратурамен, сотпен, т.б. мекемелермен тығыз байланыс жасап, аналарға көмек көрсету кызметін атқарады. Әйелдер консультациясы жұмысының тағы бір маңызды тармағы - санитарлық-ағарту жұмысы. Ол үшін әрбір дәрігер айына 4 сағат санитарлық ағарту жұмысымен шүғылданады (дәріс оқу, санитарлық бюллетень шығару, радиодан, теледидардан сөйлеу, т.б. түрлері). Сонымен бірге жастарды санитарлық дағдыға үйретеді, салауатты өмір сүруге бағыттайды.

    Жұмысшы әйелдерге барлық емдеу-профилактикалық көмек медициналық-санитарлық бөлімінде немесе өнеркәсіп мекемелерінің емханасының акушерлік-гинекологиялық кабинеттерінде көрсетіледі. Олар цехта істейтін жұмысшы әйелдерге дәрігерлік көмек көрсетеді және олардың енбек жағдайымен танысып, денсаулығына зиян келетін жағдайларда жүкті әйелдердің басқа жеңілдеу жұмысқа ауысуына ықпал етеді. Әйелдер консультациясы жұмысының нәтижелілігі жүкті әйелдерді ерте мерзімде тіркеуге алулары, үздіксіз бақылау жасаулары арқылы бағаланады. Сонымен қатар әрбір жүкті әйел акушер қарағаннан соң терапевтке және стоматологқа көрінуі керек, ал ауруы болса басқа мамандарға да қаралады. Жүкті әйелге барлық лабораториялық тексеру (қанды, зәрді, т.б.) жүргізіледі. Жүктіліктің екінші жартысында қайтадан Вассерман реакциясына тексереді, бұдан соң терапевт пен стоматолог және арнайы акушерлік зерттеулер жүргізіледі. Егер инфекциялы ауруы болса, онда обсервациялық бөлімге қабылданады.

    Ерте тіркеуге алынған әйелдер жүкті кезіңде дәрігердің қабылдауында 13-15 рет болады. Жүктіліктің бірінші жартысында айына 1 рет, екінші жартысында айына 2 рет, ал 32 аптадан соң айына 3-4рет қаралуы керек. Әйелдер белгіленген уақытысыңда дәрігерге келмесе, онда акушерка сол әйелдің үйіне барып, жағдайын біліп, келесі күні дәрігердің қабылдауына шақырады. Науқас жүкті әйелдер акушер-гинекологпен қоса терапевтің де диспансерлік есебіне алынады.

    Әйелдер консультациясында “аналар мектебі ” қйымдастырылады. Оған 14—15 аптадан бастап бару керек. Сонан соң босанар уақытысы жакындағанда балалар емханасындағы “сәбилер" кабинетіне барып, баланы кұту, тамақтандыру туралы қеңес алып, учаскелік балалар дәрігерімен және мейірбикемен танысады.

    28—29 апталықтан кейін жүкті әйелдің қолына “ескерту-картасы” беріледі. Онда барлық тексерудің нәтижелері және дәрігердің қабыддаудағы мәліметтері жазылады.

    Балалар емханасында учаскелік акушеркалар әйелдердің 32 апталы жүктілігінен кейін ананын қолына осы тізімдерді беріп қояды.

    Жүкті әйелдер кауқас болса, онда 24—26 апталықтан кейін ауруханаға жатқызып емдейді.

    Әйелдер консультациясының жұмысының бір түрі — ол туу алдындағы демалыс уақытын дұрыс анықтау. Бұл жағдайда дәрігерлердің қателесуі 12% дейін болады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта