Главная страница

туберкулез. 1. Пациент жне оам пніні негізгі блімдері Масаты Студенттерде оамды денсаулы жне денсаулы сатау


Скачать 1.16 Mb.
Название1. Пациент жне оам пніні негізгі блімдері Масаты Студенттерде оамды денсаулы жне денсаулы сатау
Анкортуберкулез
Дата21.07.2022
Размер1.16 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаNawqas jäne Qoğam 1 — 95.docx
ТипДокументы
#634536
страница2 из 9
1   2   3   4   5   6   7   8   9

7.Демография туралы түсінік және оның негізгі бөлімдері.

Демография ғылымы нені зерттейді? Демография (грек. Demos-халық, grapho-жазу) – халықтану ұғымы туралы ұғым. Демография ғылыми тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына, жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді.Қоғамдық ғылымдар тобына енетін, қазір тез дамып келе жатқан демография –салыстырмалы жас ғылым.

Тұрғындардың өсіп - өнуі мәселелеріне қызығушылық сонау ерте заманнан басталса да, оларды жүргізудің негізгі заңдылықтары тек XVII ғасырдың соңында қалыптаса бастады. Ал демография терминінің ғылыми айналысқа 1855 жылдан бастап қана енді. Айғақты мәліметтер көптеп жиналған сайын оларды жинақтау, қорыту істері де қарқынды жүре бастады. Біртіндеп тұрғындардың сан жағынан өсу заңдылықтары айқындалып, зерттеу жұмыстары тереңдей берді. Өткен ғасырдың екінші жартысында демографиялық зерттеулер кең ауқымда жүргізіле бастады. Қазір демографияны қоғамдық ғылымдар ішіндегі жетекші салалардың бірі деп атауға болады.Халықтың саны және ұдайы өсуі.

Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының

қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті оны зерттеп білудің де маңызы зор. Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі.Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады.Бұл мәселені демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осығылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы демография және этнография пайда болды. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман – географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында әрбір халықтың этникалық тобының материалдық және мәдени – рухани жақтары, әдет ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады.
8.Қазақстанда денсаулық сақтаудың мемлекеттік сипаттамалары.

Денсаулық сақтау - азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси және өзге де шаралар жиынтығы.

Денсаулық сақтау жүйесi - қызметi азаматтардың денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк органдар мен денсаулық сақтау субъектiлерiнiң жиынтығы.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүзеге асыру, халықтың денсаулығын қорғау саласындағы міндеттерді шешу үшін мемлекетте арнайы атқару органдарының жүйесі құрылады. Осы органдар өздеріне берілген құзіреттері мен құрылымдары арқылы халықтың денсаулығын сақтау мен қамтамасыз етуге тікелей араласып, өздерінің жиынтығы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі бір буынын құрайды. Демек, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулық сақтауды басқарудың өзіне сәйкес жүйесі бар деуге болады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын басқару жүйесі, өзінің белгілі бір ішкі ұйымдасуы мен функциялары, басқа жүйелермен байланысы және одан әрі даму болашағы бар қоғамды басқарудың бір жүйесі.

Ол төмендегідей өзіне тән белгілермен сипатталады:

-​өзара байланысты элементтерден тұратын біртұтас жүйені құрайды;

-​біртұтас әлеуметтік жүйедегі күрделі бір жүйе болып табылады;

-​басқарудың басқа да жүйелерімен бірлікте бола отырып, өз қатынастарында дербестікке ие және бір біріне әсер етіп отырады;

-​ішкі (осы жүйенің ішкі құрылымдарымен) және сыртқы (басқа жүйелермен байланысы, иерархиялық құрылымы, элементтері, құқықтық мәртебелері бойынша ерекшеленетін әр түрлі деңгейдегі құрылымдары бар;

-​белгілі бір тұрақтылық қасиеттеріне ие;

-​ырғақты, яғни дамып және жетілдіріліп отыратын.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 4-бабында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей қағидалар негізінде жүргізілетіндігі бекітілген:1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;3) ана мен баланы қорғау;4)) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;5) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;6) медициналық көмектің қолжетімділігі;7) медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру;8)халықтың санитарлық-эпидемиолгиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;9) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің сабақтастығы;10) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;11) отандық медицина ғылымын мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені енгізу;12) ерікті өтемсіз донорлықты көтермелеу;13) отандық әзірілімдерді және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау;14) азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;15) денсаулық сақтаудың халық сұранысын, мұқтажын қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарлылығы;16) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу;17) халықтың денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу [11, 4-бап].

9.Денсаулық сақтауды жоспарлау.

Жоспар – бұл нақты мерзімдерде және нақты ісәрекет бөліктерінде нақты атқарушылар ісәрекетінің мәнін, бағытталуын және тактикасын анықтайтын құжат. Денсаулық сақтауда кадрларға қажеттілік, материалдық техникалық әрекет дамуы, болашақ қаржыландыру жоспарланады.

Жоспардың әзірленуіне жатады:

1. Стратегиялық жоспарлау

2. Денсаулық сақтау жүйелері

3. Басқару және басшылық ету

4. Аурухаларға инвестициялар және жобаларды басқару

5. Мониторинг және бағалау

Жоспарлауды медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаттарының бірі деп санауға болады. Ол денсаулық сақтау ісін басқарудың ең маңызды функциясы. Шаруашылық жасаудың жаңа экономикалық қағидаттарына көшу жағдайында, жоспарлау өзінің міндетті түрде орталықтандырылған функцияларын жоғалтуда, ұсыныстық сипатқа ие болуда, тұрғындар денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша әр текті бағдарламалар құрастыруға, болжамдауға жолығып тұр.

Жоспарлау материалдық, еңбектік және қаржылық қорларды ұтымды және тиімді пайдалануға топтастырылуы тиіс. Бұл бұқараға медициналық көмек көлемі, сипатын және қажеттілігін ескеру, мүмкіндігінше қанағаттандыру, медициналық көмектің экономиялық ұтымды түрлерін пайдалану. Жоспарлауға жоспарды құрастыру, оның орындалуы мен бақылауын ұйымдастыру, орындалуын тексеру кіреді. Кез келген жоспар не нәрсеге жету керек екенін ғана емес, жету әдістерін көрсету керек.

Жоспарлар болашақтық (перспективтік) ұзақ кезеңге және ағымдағы (оперативтік, айлық және жылдық) болып бөлінеді. Одан басқа, мекемелердің ісәрекеттерінің жоспары және даму жоспарлары (құрылыс, жөндеу, қайта құру) құрастырылады. Ең әрекеттілері кешенді жоспарлар, нысанға жоспартапсырмалар және т.б.

Ұтымды жоспарлау мақсаттар мен міндеттерді айқын анықтау, жоспарланатын шаралар шындығы мен нақтылығы, бастаушы міндеттерді бөліп көрсету, көрсеткіштер теңемелігі мен салыстырмалылығы, атқарушылар мен атқару мерзімдерін нақтыландыру талаптарына сай келеді.

Жоспарлау әдістері ішіне талдау (бастапқы жоспарларды талдау), нормативтік (нормативтік көрсеткіштерге қажеттіліктерді анықтау үшін), эксперименталдық (алдындағы эксперимент негізінде көрсеткіштер есептеу) және басқа арнайы әдістер (баланстық, қатынастық, пропорциялар) еі жиі қолданылады.

Жоспар құрастыруға жүйелік жолдарды қамтамасыз ететін, мақсаттар мен міндеттерді бөліп көрсетуге және әрбір жоспарланушы ісәрекетті белгілі мақсатта орындауға мүмкіндік беретін бағдарламалықмақсаттық әдісті жоспарлауда басшылыққа алу қажет. Бұл жоспарлау технологиясын өзгертуді талап етеді (мақсаттар мен міндеттерді анықтау, ісшараларды кезеңдері бойынша орындау, атқарушылармен келісу, кешендеу, күтілетін тиімділікті есептеу).
10.Халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштер.

Демографиялық көрсеткіш статистика. Физикалық даму көрсеткіші. Аурушаңдық көрсеткіші антропскопия. Алғашқы аурушаңдық антропометрия. Динамика. Табиғи. Механикалық физиометрия. Физ.дамуды бағалау Физ.жағдайын бағалау. Денсаулық тобын анытау. Мүгедектік көрсеткші Біріншілік. Жалпы. Таралуы. Құрылымы. Жиілігі. Патологиялық зақымдану

• Аурушаңдық – халық арасында аурудың таралуы.

• Алғашқы аурулық (ауру сырқаулық) халық арасындағы жаңа, бұрын еш жерде тіркелмеген және биылғы календарлық жылда алғаш рет анықталған аурулардың жиынтығы.

• Жалпы аурулық– бұл биылғы жылы бірінші реет анықталған аурулар мен өткен жылы анықталып, биылғы жылы сол аурудың салдарынан бірінші рет қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиынтығы.

• Медициналық тексеру мәліметі бойынша аурулық (патологиялық зақымдалу) дәрігерлік қарауда айқындалған

аурулар мен түрлі морфологиялық және функционалдық өзгерістердің жиынтығы. Тұрғындардың мүгедектігі. Алғашқы мүгедектіктің көрсеткіші – тұрғындардың пайызбен көрсетілген орташа жылдық санына мүгедек деп алғаш танылғын санның қатысы. ДДСҰ мәліметтері бойынша қазіргі таңда әлемде мүгедектер тұрғындардың шамамен 10% құрайды, олардың көп бөлігі – егде адамдар. Мүгедектіктің ұстанымдарына байланысты әр елде елеулі өзгешеліктер байқалады: АҚШ – 19%, Ресей Федерациясында - 6%, Қытайда - 5%, Қазақстанда - 3%. Ересек тұрғындарды мүгедектендіруші негізгі кемістіктер қан айналым жүйесінің аурулары болып табылады, екінші орында – қатерлі жаңа пайда болулар, үшінші орында – жарақаттанулар.

- DALY (disability-adjusted life years) денсаулықтың жай-күйін (еңбекке қабілетсіздігін ескере отырып түзетілген өмір жасының саны) сапалық интеграциялық бағалау көмегімен аурудың жаһандық ауыртпалығын өлшеу үшін қолданылады

- QALY (quality of life outcome/endpoint) – сапалы өмір сүрген жылдарды көрсететін индекс

- DALE (disability adjusted life expectancy) – дені сау күйде өмір сүрудің күтілетін орташа ұзақтығы

- HALE (healthy life expectancy) – дені сау күйде өмір сүру ұзақтығы

Физикалық даму- дегенде ағзаның күш-қуатының, төзімділігінің және жұмысқа деген қабілетінің қорын анықтауға мүмкіндік беретін оның морфологиялық және қызметтік белгілерінің жиынтығы түсініледі. Дене бітімдік дамуды бағалау дәрігердің қабылдауы кезінде медициналық бақылау кезінде жүргізіледі. Балалар мен жас өспірімдердің дене бітімінің дамуын қарқынды бақылау ағзаның қалыптасу тенденциясын, олардың дене бітім дамуының стандарттарына сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді. Дене бітімдік даму соматоскопиясен, антропометриямен және физиометриямен анықталады. Қоғам денсаулығының көрсеткішін Үкіметтің оған қатысты барлық жүйелері бірігіп, тығыз байланыста жұмыс жасағанда ғана (қоршаған орта, әлеуметтік қорғау жүйесі, дене шынықтыру, құқық қорғау органы және т.б.) жоғарылатуға болады. Ауруды алдын алу ауруды емдегеннен әрқашан да тиімді және мемлекетке арзанға түседі. Орынды жерде айтқан жөн, аурудың алдын алу тәжірибесі бұрынғы Кеңес Одағында жүйелі дамыған еді. Сол прогрессивтік идеяны сақтап қалып, сонымен бірге алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тәжірибесін дамыта отырып, денсаулық сақтау жүйесіне Қазақстан өз даму моделін ұсынбақ. Сол себепті Үкіметтің қоғам денсаулығы көрсеткішіне қатысы бар барлық жүйенің жұмысын біріктіріп, бағдарлама дайындайтын және оның жұмысын қадағалайтын қоғамдық денсаулық сақтау орталығы бар.

11.Отбасын жоспарлауға және контрацевтік сақтану әдістері.

Жанұяны жоспарлау – қаламаған жүктіліктен сақтануға, әйел ауруларын және өлімін төмендетуде жоғары мамандандырылған сапалы қызмет етеді. Жанұяны жоспарлау әр түрлі контроцепция әдістері туралы (тиімділігі, кемшілігі, кері әсері, асқынуы т.б ) толық және анық ақпарат бере алады. Бұл әдіс баланың және ананың денсаулығын жақсарту ғана емес, бұл адамның құқығының бір түріне жатады. Отау құрған екі жас берілген ақпаратты толық түсініп, таңдау жасайды, сондықтан қазіргі кезде кең депазонды қауіпсіз және нәтижелі контрацепцияның әр түрлі әдістері кең ұсынылады. ХДҰ жанұяны жоспарлауға сапалы қызмет етеді және әдістердің нәтижелі болуы үшін көп көңіл бөледі.

Отбасын жоспарлаудың кажеті: қалаулы денісау баланы туу ушін;

әйелдердің денсаулығын сақтау үшін; отбасындағы психосексуалды қатынастардағы үйлесімділікке қол жеткізу үшін; өмірлік жоспарларды жүзеге асыру үшін;өмip сүру сапасын жақсарту үшiн.

Отбасыны жоспарлау – әйелдер мен балалардың ауруларының төмендеуі мен сақтауына бағыталған шаралар жиынтығы. Бұл шаралар жиынтығы ерлі – зайыптылардың келесі мәселерін шешуге мүмкіндік береді:Керексіз балалардың болдырмауынан;Тек керекті балалардың болуы;Жүктілік арасы аралығын реттеу;

Балалар санын анықтау;Ата – аналардың жасына байланысты балаларды туу мерзімін бақылау.Бұл мәселелердің бөлігі келесілер есебінен шешіледі:Ұрықтануға қарсы заттармен қамтамасыз ету;Тұқым беру қабілеті жоқтығын емдеу;Бала көтере алмауды емдеу.

Контрацепция құрамына, мөлшеріне, әсер етуіне көрсеткішіне, қарсы көрсеткішіне, қолдану ерекшелігіне, қолдану әдісіне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.

Отбасын жоспарлау үйлесімді және қayiпciз жыныстық қатынас құруға, өз денсаулығын caқтayғa мүмкіндік беретін контрацепция әдістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл: Ішілетін құрама контрацептивтер.

Инъекцияльқ контрацептивтер.

Имплантанттар (норпланта).

Әйелдердің стерилизациясы.

Вазэктомия (еркектердің стерилизациясы).

Презервативтер (мүшеқаптар).

Жатырішілік заттар.

Қынаптық әдістер (диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы).

Отбасын жоспарлаудьң табиғи әдісі (физиологиялық әдіс).

Лактациялық аменорея әдісі (ЛАӘ).

12. Жүктіліктің мезгілсіз үзілуінің жиілігі, негізгі себептері

Жүктіліктің мезгілсіз үзілуі ­ ең жиі кездесетін акушерлік асқынулардың бірі. Бұл асқыну перинаталдық ауру мен өлім көрсеткіштерінің жоғарылауының негізгі себепшісі. Жиілігі 13-30% аралығында.Жүктіліктің мезгілсіз үзілуі деп- ұрықтанғаннан бастап 37 аптаға дейін әр түрлі себептермен өз мезгіліне жетпеуін айтады.Жүктіліктің мезгілсіз үзілуінің бірнеше түрлері бар. Егер жүктілік 28-аптаға дейін үзілсе, оны өздігінен түсік тастау (аборт) дейді.Жүктіліктің 12-аптаға дейін үзілуін өздігінен ерте түсік тастау, ал 13-аптадан 27-аптаға дейін үзілуін өздігінен кеш түсік тастау дейді.Егер түсік тастау қатарынан екі және одан да көп қайталанса, оны әдетті түсік дейді.Егер әйел 28-37 апта аралығында босанса, оны мезгілі жетпей босану дейді. Бұл жағдайда «шала» туған нәрестенің салмағы 1000-2500 кг, ал бойы 35-47 см болады.Арнайы емханада әйелдің өз еркімен жүктілігін үзуін жасанды медициналық түсік тастау дейді.Емханадан тыс, антисанитарлық жағдайда жатыр қуысына әр түрлі заттарды немесе түрлі ерітінділерді жіберу арқылы жүктілікті үзуді криминалды түсік тастау дейді.

Жүктіліктің мезгілсіз үзілуінің себептері: әлеуметтік тіршілік жағдайы (анасы, әкесінің жасы, кәсіптік зияндылықтар, зиянды әдеттер, уайымшылдықтың артуы); түрлі генетикалық, тұқым қуалайтын аурулар; эндокриндік өзгерістер (ішкі секреция бездер қызметінің бұзылуы); инфекциялық аурулар (токсоплазмоз, хламидиоз, әйел ағзаларының қабынуы, т.б.); иммунологиялық сыйыспаушылық (Rh және АВО қайшылықты жүктілік); анасының жыныс мүшелерінен тыс аурулары; жүктіліктің асқынулары; жасанды түсіктен кейінгі жыныс мүшелерінің қабынулары; жатыр мойнының жетіспеушілігі (ЖМЖ).

ЖМЖ көбіне ішкі мойын тесігінің зақымдалуынан (жасанады түсік, электроэксцизия) кейін пайда болады. Бұл жағдайда әйелдің белі, ішінің төменгі жағы ауырып, жатыр мойны қысқарып, жазылып, ашылу белгілері пайда болып, қағанақ жатыр мойнына тіреледі. Емі ­ хирургиялық. Ол үшін жатыр мойнына «П» әрпі тәріздес жіпті салып, оның қуысын тарылтады.Жүктіліктің мезгілсіз үзілуінің себептерін анықтау үшін әйелден жалпы мәлімет алып, клиникалық, қынаптық зерттеулер жүргізеді.Жүктіліктің үзілу дәрежесіне қарай түсік тастау бірнеше сатыдан тұрады: түсік қаупі, басталған түсік, босану жолындағы түсік, шала түсік, толық түсік.1. Түсік тастау қаупінің негізгі белгілері ­ әйелдің белі және ішінің төменгі жағы ауырады, жыныс мүшелерінен қан ақпайды, себебі жатырдағы ұрық жатырдың шырышты қабығынан бөлінбеген, жатыр мойны жабық, кейде шамалы ғана жұмсарып, қысқаруы мүмкін. Жатырдың көлемі жүктілік мерзімімен сәйкес келеді.2. Басталған түсікте әйелдің ішінің төменгі жағы толғақ кезіндегідей қатты ауырып, жыныс мүшелерінен қан ағады. Жатырдағы ұрық бірте-бірте жартылай шырышты қабықтан бөлініп, жатыр мойны ашылуы мүмкін. Жатыр көлемі жүктілік мерзімімен сәйкес келеді.3. Босану жолындағы түсікте әйелдің іші толғақ сияқты қатты ауырып, жатыр мойны ашылып қан көп кетеді, себебі ұрық бөліктері мойын қуысында қалады.4. Шала түсікте әйелдің іші толғақ кезіндегідей қатты ауырып, жатыр мойны ашылып, қан кетеді. Бұл жағдайда жатырдың көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес келмейді, себебі жатыр қуысында ұрық қалдықтары жартылай ғана қалады.5. Толық түсікте ұрық тұтас жатырдың қуысынан шығып, жатырдың көк еттері жиырылып, қан кетуі тоқталады.

Кей жағдайларда ұрық жатыр қуысында дамымай, іште шетінеуі мүмкін. Оны «өсіп- дамымаған ұрық» дейді. Жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес келмейді (мұны ультрадыбыс арқылы анықтайды).Түсік тастағаннан кейін жатыр қуысына немесе басқа жыныс мүшелеріне инфекция енсе, дене ыстығы көтеріліп, қаны улануы мүмкін.Емдеу жолдары.Жүктіліктің түсік қаупінде әйелді бірден емханаға жатқызады. Онда төсекте жату ережесін сақтап, жүйке жүйесінің қозуын басатын дәрілер (триоксазин, валериана, седуксен), дәрумендер, гормондар (туринал, прогестерон), қан тамырларының түйілуіне қарсы (но-шпа, магний сульфаты, баралгин) дәрілерді, нәрестенің қысылуы мен тұншығуына қарсы Николай үштігін, АТФ, кокарбоксилазаны, реополиглюкинді кеңінен қолданады. Сонымен қатар алупент пен партусистенді тамшылатып көк тамырға жібереді.Ал түсіктің басқа түрлерінде жүктілікті сақтауға болмайды, тездетіп жатыр қуысын қырып, ұрық қалдықтарынан толық тазартады. Содан кейін жатырдың жиырылуын жылдамдату үшін окситоцин, метил-эргометрин, эрготал дәрілер, т.б. қолданады. Түсіктен кейінгі инфекциялық асқынудың алдын алу үшін антибиотиктер салады, ал әйел қансыраған жағдайда міндетті түрде қан құяды. Емдеу ұзақтығы ­ екі жұма.Емдеу толық болуы үшін мезгілсіз үзілген жүктіліктің негізгі себебін анықтау қажет. Ол үшін ерте түсік тастаған, жүктіліктері мезгілсіз үзілген әйелдер тобын әйелдер кеңес орнында бала көтермей тұрып, күні бұрын зерттеудің маңызы зор.

Әйелдер кеңес орнында зерттеу әдістері: тиісті мәліметтер алу, клиникалық зерттеулер жүргізу ­ объектілік, қынаптық зерттеу, қан құрамын тексеру (резус-қайшылықты, т.б.), бактериалдық, гормоналдық тексерулер және ультрадыбыстық зерттеу әдісін кеңінен қолданады. Сонымен қатар, басқа маман дәрігерлердің (терапевт, кардиолог, т.б.) тексеруінен өтуі қажет. Әйелді тексеруден өткізіп, түсіктің негізгі себебін анықтағаннан кейін тиісті ем жүргізеді. Мысалы, жыныстық инфантилизмде екі-үш етеккір айналымында гормоналдық емдерді жүргізеді (микрофалин+ прогестерон), ал жатыр мойнының жетіспеушілігінде (ЖМЖ) мойын- пластика операциясын жасайды.
13.Халық денсаулығын бағалаудың сандық көрсеткіштері

Әдетте тұрғындар денсаулығын кешенді бағалау демографиялық үдерісті, ауруды, дене бітім тұрғысынан дамуды және мүгедектікті сипаттайтын сапалық көрсеткіштердің жиынтығы ретінде танылады. Тұрғындар денсаулығының жай-күйін бағалауда қолданылатын әдістемелік тәсіл санақ есептерінің аясында әзірленетін әр түрлі ақпарат көздерін пайдалану болып табылады. Негізгі мәселе біркелкі көрсеткішті таңдаудан тұрады, ол денсаулық сынды көп қырлы құбылыстың әр түрлі қырын жеткілікті дәрежеде көрсететіндей болуы тиіс. Қазіргі таңда денсаулықты толығымен сандық тұрғыдан бағалаудың әдістері әлі әзірлене қойған жоқ, ол жеке сипаттары бойынша қарастырылуда. Оларға тұрғындар өмірінің орташа ұзақтығы, өлімі, ауруы, дене бітімдік дамуы және т.б. жатады.Өмірдің орташа ұзақтығы - әр түрлі жайттардың әсеріне байланысты адамдар денсаулығының  жалпыланған жай-күйінің белгілі деңгейін көрсететін интегралды көрсеткіш. Өмірдің орташа ұзақтығын есептеу әдісі белгілі уақыт аралығында өмір сүрген немесе өлген адамдардың санынан тұрады. Өмір сүріп жатқан адамдардың саны туу деңгейімен есептеледі, ал өлген адамдар саны тұрғындар өлімінің көрсеткішінен көрініс табады.

Осы күнге дейін тұрғындар денсаулығының жай-күйін кешенді бағалау проблемасы  өз шешімін таба қойған жоқ. Халықаралық және отандық тәжірибеде интегралды көрсеткіштер ғана белгілі:-адам дамуының индексі (АДИ)  – алдағы өмірдің орташа ұзақтығын,  білімін және өмір деңгейін  көрсететін үш негізгі компоненттерден  тұратын интегралды көрсеткіш

- DALY (disability-adjusted life years) денсаулықтың  жай күйін (еңбекке қабілетсіздігін  ескере отырып түзетілген өмір  жасының саны) сапалық интеграциялық  бағалау көмегімен аурудың жаһандық  ауыртпалығын өлшеу үшін қолданылады 

- QALY (quality of life outcome/endpoint) – сапалы өмір  сүрген жылдарды көрсететін индекс

- DALE (disability adjusted life expectancy) – дені сау  күйде өмір сүрудің күтілетін  орташа ұзақтығы 

- HALE (healthy life expectancy) – дені сау күйде  өмір сүру ұзақтығы

-мүмкін болатын өмірдің жоғалған  жылдары – мерзімінен бұрын  болған өлімнің салдарынан жоғалған  өмір жасының санын анықтауға  мүмкіндік беретін көрсеткіш.

- еңбекке жарамдылықтың медициналық-әлеуметтік  мүмкіндігі – тұрғындардың алда  тұрған еңбек қызметінің жылдары  санының еңбек қызметі жылдарының  мүмкін болатын санына пайыздық  қатысы, егер ол аурулармен немесе  жарақаттанулармен шектелмеген  болса.

- медициналық-демографиялық игіліктердің  көрсеткіші – біркелкі медициналық-демографиялық  көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік  берген дәрежелік бағалау әдісіне  лайықталған индекс.
14.Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар мына төмендегідей:

  • Мәдениеттің төмендігі

  • Салауатты өмір сүру салтын құрайтын санитарлық-гигиеналық ғылыми деректерді көпшілік халықтардың жете білмеуі.

  • адамның белсенді түрде қимыл жасамауы (гиподинамиканың) өріс алуы.

  • Дене массасының мөлшерден тыс өсіп кетуі (орынсыз толу-семіру).

  • Адекватты емес және теңестірілмеген тамақтармен тиімсіз және жөнсіз тамақтану.

  • айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторларының мөлшерден тыс ластануы (атмосфералық ауаның, судың, жердің, өсімдіктер әлемінің көптеген улы химиялық (гербицидтер, пестицидтер, десиканттар, дефолианттар, фосфатидтер, нитраттар, нитриттер), және т.б. қосылыстармен улануы.

  • Үйде және қызмет орындарында теріс стресс (күйзеліс) жағдайларының үнемі болып түруы.

  • Кейбір адамдардың зиянды әрекеггерге (арақ-шараптарға, темекі шегу, есірткі-наркотикалық заттармен әуестенуі) әуесқойлық жасауы және т.б. әсерлер.

  • ас түзын кеп пайдаланатын адамдар әр қашанда нешс түрлі дерттерге шалдығатыны белгілі.

  • қантты және басқадай тәтті тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі.

Қант диабеті өте ауыр дерттердің бірі. Қант диабеті мен ауыратын адамдардың қалтасында инсулин дәрісімен бірге шприці үнемі жүреді. Егер инсулин мен шприц жоқ болса, ол адам сөзсіз тіршілік өмірмен қоштаса береді. Сондықтан да ақпарат орындарында үнемі айтылып та және кең көлемде жазылып та жатады. Инсулин таусылып қалды, енді қайтеміз деген қобалжулар медиктер арасынан көп кездеседі. Мемлекет тарапынан инсулинді тоқтаусыз сатып алуға көптеген қаржы үздіксіз бөлініп отырады. Қант диабеті ауруымен сыртқаттанғандарға инсулин дәрісі тегін беріледі.

\

 

15-16 сурак ответи ишиндеАурушаңдықты азайту мақсатында аурудың алдын алу түрлері
Салауатты өмір салты (СӨС) – бұл денсаулықты сақтауға, және жақсартуға, күшейтуге бағытталған адамдар тобының немесе тұлғаның қызметі. Осы түсінікте бір жағынан – СӨС - өмір үлгісі, екінші жағынан – денсаулықты тудыруға, адамның үйлесімді дене бітім және рухани дамуына бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға арналған жағдай. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың (СӨСҚ) екі бағытын қарастырады: денсаулыққа оңды ықпал ететін жағдайларды, жайттарды құру, дамыту, күшейту, белсенділігін арттыру - health promotion; денсаулыққа деген қауіп жайтын төмендету.СӨСҚ негізі - алдын алу(профилактика) және оның бағыттары болып табылады: 1) медициналық; 2) психологиялық; 3) биологиялық; 4) гигиеналық; 5) әлеуметтік; 6) әлеуметтік-экономикалық (тұрмыс, өндірістік және материалдық жағдайлар); 7) экологиялық; 8) өндірістік.

Медициналық алдын алу – жекеленген адамдардың, олардың топтарының немесе барлық тұрғындардың арасындағы аурулардың немесе зақымданулардың себебін анықтауға, оларды жою немесе әлсіретуге жататын ауқымды және жан-жақты қызмет аясы.

Алғашқы алдын алу кезінде ескерту шаралары аурудың немесе зақымданудың тікелей себебіне бағытталған, оның мақсаты аурудың немесе бұзылудың басталуын болдырмау болып табылады. Екінші алдын алу пайда болып қойған аурудың немесе зақымданудың ерте анықталу және тиісті дәрежеде емделу жолымен дамуына септігін тигізетін жағдайлар мен жайттарға әсер етеді. Үшінші алдын алу аурудың немесе асқынудың ауырсыну деңгейін, егер ол асқынулар пайда болып қойған болса, өршуін ескертуге бағытталады. Үшінші алдын алу оңалту және еңбекке жарамсыздығын ескерту бойынша кешенді шаралардан тұрады, ал еңбекке жарамсыздығын тұрақты жоғалта бастаса – оны қалпына келтірудің жолдарын, мысалы, оңалту шараларының немесе түзету хирургияларының көмегімен іздеу.

17. 17 Аурушаңдыұты зерттеудің негізгі әдістері

ЖАЛПЫ АУРУШАҢДЫҚ (ТАРАЛУЫ) – БҰЛ БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ БІРІНШІ РЕТ АНЫҚТАЛҒАН АУРУЛАР МЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ АНЫҚТАЛЫП, БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ СОЛ АУРУДЫҢ САЛДАРЫНАН БІРІНШІ РЕТ ҚАРАЛҒАН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ.

(НАҚТЫ) АУРУЛЫҚ = ОСЫ ЖЫЛЫ АНЫҚТАЛҒАН БАРЛЫҚ АУРУЛАР (ӨЗДІГІМЕН ҚАРАЛУ БОЙЫ

Аурушаңдықты зерттеу статистикалық зерттеудердің жалпы қабылданған схемасы және қатаң кезекті этаптар бойынша жүргізіледі.

Халық аурушаңдығын бағалау үшін 1000, 10000, 100000 тұрғынға есептеліп шығарылған орташа жылдық халық санына қатысты аурулар саны ретінде есептелген көрсеткіштер қолданылады. Аурушаңдықта себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін халықтың құрамын (жасы, жынысы, жанұя жағдайы, әлеуметтік статусы және т.б.) ескеру қажет

Басқа статистикалық зерттеулер тәрізді аурушаңдықты зерттеу әдістері жаппай немесе таңдамалы болады. Жеке территориядағы немесе оның жеке топтарында халық аурушаңдығын зерттеу әдісін таңдау зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай анықталады

АУРУЛЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ДИНАМИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАҒДАРЛЫҚ МӘЛІМЕТТІ ЕМДІК-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІНЕН НЕМЕСЕ ЖАППАЙ ӘДІСТІ ҚОЛДАНАТЫН БАСҚАРУ ОРГАН

Аурушаңдықты зерттеудің негізгі әдістеріне жатады:

- емдеу-профилактикалық мекемелерге өз бетімен қаралуы бойынша;

- өлім себептері мәліметтері бойынша (Өлім туралы дәрігер куәлігі (106/у);

- медициналық тексеру мәліметтері бойынша (профилактикалық тексерулерді тіркеу картасы (131/у).

18. Өмір сүру сапасының стандарттарын талдаңыз

ӨМІР САПАСЫ – адамдардың өмір сүруінің материалдық және рухани жайлылығын сипаттайтын, үнемі дамып отыратын экономикалық-философиялық категория.

Халықтың өмір сүру сапасының негізгі көрсеткіштері:

• (жан басына шаққандағы орташа номиналды және нақты табыстар, табысты саралау көрсеткіштері, номиналды және нақты есептелген орташа жалақы, тағайындалған зейнетақының орташа және нақты мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі және табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі, ең төменгі жалақы мен зейнетақы , т.б.);

• сапасы тамақтану(калориялық құрамы, өнімдердің құрамы);

• сапа мен сән киім;

• жайлылық тұрғын үйлер(бір тұрғынға келетін тұрғын үйдің жалпы ауданы);

• сапасы (1000 тұрғынға шаққандағы аурухана төсек-орындарының саны);

• сапасы әлеуметтік қызметтер(демалу және);

• сапа (жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының саны, халықтағы студенттердің үлесі);

• сапасы (кітаптар, брошюралар, журналдар шығару);

• қызмет көрсету саласының сапасы;

• сапасы қоршаған ортаның, демалыс құрылымы;

• (өмір сүру ұзақтығы, өлім, неке, ажырасу көрсеткіштері);

• қауіпсіздік (хабарланған қылмыстардың саны).

19. Санитарлық ағарту жұмысының маңыздылы.

      Санитарлық ағарту  - бұл  білім беру, тәрбиелік, үгіт және насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алу, денсаулықты сақтау және нығайту, адамдардың еңбекке қабілеттілігін арттыруға,  белсенді өмір сүруге бағытталған іс шаралар жиынтығы.

Санитарлық  ағарту жұмысының негізгі мақсаты салауатты өмір салты, адам денсаулығын сақтап қалудың барлық жолдары мен әдістері, аурулардың алдын алу туралы қазіргі заманғы медициналық білімдерді насихаттау болып табылады.

Ауруханадағы санитарлық ағарту  - бұл науқастың ауруханада болу кезінде гигиеналық мінез-құлық туралы , әсіресе  ауруханадан шығарылғаннан кейін аурудың асқынуын алдын алу үшін дұрыс ақпарат беру.

Денсаулықтың  жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, әр медициналық қызметкер өз жұмысында профилактикалық  бағытқа  сүйенеді. Алды-алу іс-шаралары еліміздің қоғамдық-экономикалық, ғылыми-техникалық және саяси жағдайларының деңгейін сипаттайды.

Санитарлық-ағарту жұмыстары  екі бағыттан  құралады - салауатты өмір салты    туралы медициналық  білімін, денсаулығын сақтау әдістері мен жолдарын насихаттау, салауатты өмір салтын сақтау мен алдын алу әдістері және қажеттігі туралы  халыққы үгіттеу.

 Насихат және үгіт-насихаттың ортақтығы мен айырмашылығы анық ажырата білу керек. Үгіт  әрқашан  нақты адресатқа  бағдарланған(балалар, жасөспірімдер, ересектер, жұмысшылар  және т. б.) және оларды оң реакцияға ұмтылдырады.  Егер насихаттау идеялар мен  білім  тарату  ретінде қарастырылса, онда үгіт-насихат іске қосылатын әрекеттен тұрады .

 

Санитарлық ағарту міндеттері:

  • медициналық және гигиеналық білімді тарату.

  • денсаулықты сақтау және нығайту мақсатында санитарлық-гигиеналық дағдылардын тәрбиелеу.

  • Санитарлық-гигиеналық мәдениетті арттыру.

 

Санитарлық ағарту жұмыстары адамның   жынысын, жасын, климаттық-географиялық ерекшеліктерін, ұлттық салт-дәстүрлерін және басқа да факторларын  есепке ала отырып жүргізілуі тиіс.

Санитарлық ағартудың әдістері:

  1. Ауызша насихаттау: ұйымдастыру бағытында қарапайым, үнемді және қолжетімді әдіс.

  2. Басылым арқылы насихаттау.

  3. Суреттеу (көрнекі) арқылы насихаттау.

  4. Құармадастырып насихаттау: бұқаралық ақпарат, анализаторлардың барлық түрлеріне бір мезгілді әсер ету.

Санитарлық ағартудың формалары:

Дәріс, әңгіме, диспут, конференция, радиода сөз сөйлеу, дискілердегі жазба, сұхбат, үгіт-насихат, ТВ ақпараттық бағдарламалары, консультациялар,

20. Халықтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру жолдары.

Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Салауаттанудың рөлі — адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.

Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны,

біріншіден — дені сау адам,

екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден — аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері,

төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.

Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі – жасөспірімдер арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік – патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:
- әлеуметтік – экономикалық жағдай;
- отбасындағы психологиялық орта;
- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б.

20. Халықтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру жолдары.

Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Салауаттанудың рөлі — адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.

Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны,

біріншіден — дені сау адам,

екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден — аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері,

төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.

Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі – жасөспірімдер арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік – патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:
- әлеуметтік – экономикалық жағдай;
- отбасындағы психологиялық орта;
- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б.
21.Статистиканың негізгі ұғымдары

Статистика пәнін оқып үйрену үшін белгілі бір категориялар, яғни

ұғымдар қолданылады. Енді сол ұғымдарға тоқталайық.

Белгі бақылауға алынатын немесе ӛлшенентін бірліктердің,құбылыстардың

ерекшеліктері, қасиеттері.

Мысалы

Адамдардың демографиялық, әлеуметтік-экономикалық белгілеріне олардың жасы, жынысы,мамандығы, білім деңгейі, табысы, т.б. жатады. Белгілердің мынадай түрлері

болады:

 сандық және сапалық (сипаттамалық);

 негізгі (алғашқы) және кӛмекші;

 тұрақты және вариациялық (ӛзгермелі)

Сандық белгілердің жеке мәндері сан мӛлшерінде (санмен) беріледі.

Мысалы, адамның жасы, еңбек ӛтілі, жалақы мӛлшері, т.б. Сандық белгілер

үздікті (дискретті) және үздіксіз болып бӛлінеді. Үздікті сандық белгілер тек

бүтін санды қабылдайды. Мысалы, пәтердегі бӛлме саны, отбасындағы бала

саны, т.б. Үздіксіз сандық белгілер кез-келген мәнді қабылдайды. Мысалы,

еңбек ӛнімділігі, шығымдылық, т.б.

22Медициналық статистика әлеуметтік медицина және денсаулықты басқарудың негізгі бөлімдері. Әр бір азаматтың денсаулығын жоғалтқан
жағдайда аурулардын алдын алуына мен емдеуге бағытталған , әлеуметтік
санитралық гигиеналық жағдайды дұрыс деңгейде ұстап тұруға және әр бір жеке
азаматтың денсаулығын нығайту мен өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға бағытталған
саясаттық,экономикалық, құқықтық шаралар жүйесі.
Денсаулық сақтау аясында мемлекет саясатының негізгі қағидалары

  1. Азаматтарды сапалы,эффективті,қауіпсіз медициналық
    көмекпен тең құқылы қамтамасыз ету ; Коғам мен жеке әр бір адамның денсаулығын сақтау м ен нығайту мақстанында мемлекет пен жұмыс берушілердің және әр азаматтың тілектес жауапкершілігі. Ана мен бала денсаулығын нығайту ; Ақысыз кепілді медициналық көмек көлемімен қамтамасыз ету.. Денсаулық сақтау жүйесінің профилактика бағытында
    басым жұмыс істеуі.. Медициналық көмектің қолжетерлігі.
    23.Статистикалық әдіс -халық денсаулығын зерттеудегі және мекемелердегі жұмысын сипаттаудағы негізгі тәсіл:

1.Басқару жүйесін бағалау тексеріп, саралау,

24Статистиканы зерттеу

Статистикалық зерттеу жұмыстарының бірінші кезеңінде зерттелетін

құбылыс туралы мәліметтер ғылыми ұйымдастырылған түрде жиналады,

екінші кезеңінде жиналған мәліметтерді ӛңдейді, топтайды, белгілі бір жүйеге

келтіреді. Статистикалық зерттеудің үшінші кезеңінде жинақталып, бір жүйеге

келтірілген мәліметтер талданады, құбылыстардың заңдылықтары анықталады,

қорытынды жасалады.

Статистикалық әдістерді статистикалық зерттеу жұмыстарының әр түрлі

кезеңдеріне бейімдеп қолдануға болады, сол себепті ол әдістерді үш топқа

біріктіруге болады:

 жалпылама бақылау әдісі;

 топтастыру әдісі;

 қорытындылаушы кӛрсеткіштер әдістері

Аталған әдістердің нақты қайсысын қолдану керектігі зерттеу

жұмысының мақсатына, алғашқы мәліметтерге тікелей байланысты болады.

Жалпылама бақылау әдісі жиналған алғашқы мәліметтердің жалпыға

бірдейлігін, толықтығын, репрезентативті (ӛкілді) болуын қамтамасыз етуі

қажет.

Топтастыру әдісі зерттелетін жиынтықтағы әлеуметтік-экономикалық

типтерді анықтауға, жеке фактіден топты сипаттайтын мәліметтерге кӛшуге

мүмкіндік береді.

Қорытындылаушы

Көрсеткіштер әдісі әртүрлі параметрлерді,

зерттелетін құбылыстың заңдылықтарын анықтау үшін қолданылады. Мұндай

әдістерге абсолютті, қатысты, орташа шамалар әдістері, таратпалы қатарларды

талдау әдістері, динамикалық қатарларды зерттеу әдістері, индекс әдісі,
25. Статистиқалық мәліметтерді талдауда жиі кездесетін қателер.

Статистикалық талдау кезінде қателер жіберілсе, онда зерттеуші қате қорытынды жасауы мүмкін. Сондықтан статистикалық талдаудың әдеттегі жиі кездесетін қателері мынадай:

- Зерттеуді жүргізу кезеңіндегі қателер. Мысалы: бақылау белгісін дүрыс таппау, бақылау санының жеткіліксіздігі, өте күрделі кестелер жасау, дұрыс топтастырмаут.б.

- Статистикалық көрсеткіштерді дұрыс пайдаланбау. Мысалы: белгілердің немесе құбылыстардың жәй өсу мөлшерін (экстенсивті) динамикалық өзгерісті сипаттауға пайдалану; орта өлшемдерді және таңдамалы жинақтардың көрсеткіштерін статистикалық сенім шегін анықтамай пайдалану, зерттеулердің айырмашылығының нақтылығың есептемеу, стандарттық әдісті қолданбай, бірынғай емес статистикалық жинақтардың көрсеткіштерінің айырмашылығын салыстыру.

- Статистикалық талдаудың логикалық қателері. Мысалы: коры- тынды жасағанда сандык көрсеткіштерін есептеп, құбылыстың сапалық жағын елемеу, болмаса күбылыстың жан-жақты байланысын ескермеу.
26. Қазіргі кезеңде азаматтарға гигиеналық тәрбие берудің және медициналық білімді насихаттаудың әдістері.





27. Халық денсаулығын қорғаудағы құқықтық негіздерін аңықтайтын құжаттардын жіктелуі.

Тағайындалуы бойынша тіркеу құжаттары бірнеше топқа бөлінеді:

• Бірінші топтың құжаттары емдеу және емдік- диагностикалық кезеңде науқастың жағдайын қадағалау нәтижелерін жазу үшін арналған. Бұл құжаттарға стационарлы мекемелер кіреді:

Стационардағы науқастың медициналық картасы (№003/у форма) Жүктілікті үзудің медициналық картасы (№003 - 1y форма)

Туу тарихы (№096/у)

Жаңа туылған нәрестенің дамуының тарихы (№097/у)

Амбулаторлық науқастың медициналық картасы (№25/у-87 форма)

Баланың медициналық картасы (№026/у форма)

Туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы (081/у форма)

Екінші топтың құжаттары медициналық көмек көрсетіду қамтамасыз етуге арналған.Бұл құжаттар науқас туралы негізгі мәліметтерді құрайды және жедел санитарлық - профилактикалық және емдік шараларды уйымдастыру кезінде қолданады.Оларға: Амбулаторлы, стационарлы науқасты шығарудың медициналық картасы (№027/у форма) Жұқпалы ауру, тамақтан жедел улану және екпеге ерекше реакциялардың болуы туралы шұғыл хабарлама (№058/у форма) Науқасқа бірінші рет туберкулез, венерологиялық аурулар, қышыма, фавус, трихофития, психологиялық аурулар диагнозын қою туралы хабарлама (№089/у формасы) Науқасқа бірінші рет ісік ауруы немесе басқа да қатерлі аурулар диагнозы қойылу хабарламасы (№090/у формасы)

• Құжаттардың үшінші тобы медициналық қызметкелерінің жұмыстарының көлемі

көрсетіледі.

Поликлиника, диспансер дәрігерлерінің жұмыс күнделігі" (№039/у) 9/у)

Учаскелік медбикенің үйге қызмет көрсетуін тіркеу дәптері" (№116/у)

Процедураларды тіркеу журналы" (№029/у)

Денсаулық сақтау жүйесінде қолданылатын медициналық құжаттамалар

• "Өлім туралы дәрігерлік куәлік" (№106/у формасы)

• "Туу туралы медициналық ік" куәлік" (№103/у); • Еңбекке жарамсыздық қағазы туу мен өлім, ауру мен уақытша еңбекке қабілетсіздіктің негіздемесі болып табылады,осы арқылы әртүрлі жәрдемақы мен жеңілдіктерді алуға мүмкіндік береді.
Медициналық құжаттарға талдау жүргізу кезінде мыналар бағаланады: 1) анамнез жинау сапасы; 2) диагностикалық зерттеулер жүргізудің толықтығы мен негізділігі; 3) емдеуге жатқызу кезеңінде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін есепке ала отырып, бастапқы 3 күн ішінде қойылған клиникалық диагноздың дұрыстығы, уақтылығы мен негізділігі; 4) емдеуде болу, бұл нысанда медициналық қызметтерді (амбулаториялық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастыратын) алу негізділігі; 5) мамандар консультацияларының уақтылығы мен сапасы;

28. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жуйесі туралы» ҚР Кодексі.

Тәулсіз Қазақстан Республикасында денсаулықты қорғау туралы көптеген заңдар қабылданып, кейін олар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің (18 қыркүйек 2009 жыл) негізін құрады. Медициналық іс әрекеттерді реттейтін алдында қабылданған 12 заңның негізінде а Кодекс қабылдау мақсаты – денсаулықты қорғауға азаматтар құқығын бекітуге, ұлттық медицина статусын жоғарылатуға, денсаулық сақтау аймағындағы отандық заңдылықтарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге жағдай жасау.

Кодексте денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары бекітілген:
1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алудағы азаматтардың құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;


2) жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайтудағы мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың өзара жауапкершілігі;
3) ана мен баланы қорғау;
4) ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ету;
5) денсаулық сақтау жүйесі жұмысындағы профилактикалық бағыттың маңыздылығы;
6) медициналық көмекке қол жеткізу;
7) медициналық көмек сапасын тұрақты түрде жоғарылату;
8) халықтың санитарно-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;

  1. медициналық көмек көрсетудегі денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтестігі;
    10) оқытудың кейінгі технологияларын қолданып, медициналық және фармацевтикалық білімнің үздіксіздігі мен өзара қатынасын қамтамасыз ету;
    11) отандық медициналық ғылымды мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтауға ғылым мен техниканың, дүниежүзілік тәжірибенің жетістіктерін ендіру;
    12) ерікті риясыз донорлықты қолдау;
    13) отандық өндірісті мемлекеттік қолдау және медициналық және фармацевтикалық өндірістің конкуренткеқабілеттілігін дамыту;
    14) азаматтардың денсаулығын қорғаудағы қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;
    15) халық қажеттілігін қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағытты денсаулық сақтауды дамыту;
    16) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға атсалысу;
    17) халық денсаулығын, қауіпсіздігін, дәрілік заттардың сапасы мен тиімділігін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу.



29. Халыққа медициналық көмек көрсетудегі медициналық қызметкерлердің құқықтары .

1) кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге;

2) жеке медициналық практика мен фармацевтикалық қызмет жүргізуге;

3) бес жылда кемінде бір рет бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы ұйымдарының қызметкерлері болса, жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;

4) штат санының қысқаруына немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының таратылуына байланысты қызметкер босап қалған жағдайда, бюджет қаражаты немесе жұмыс берушінің есебінен қайта даярлаудан өтуге;

5) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

6) азаматтың өміріне қауіп төнген жағдайларда ұйымдарға немесе азаматтарға тиесілі байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көліктің кез келген түрін оны таяу жердегі медициналық ұйымға жеткізу үшін кедергісіз және тегін пайдалануға;

7) қызметтік тұрғын үй берілуге;

8) жүріп-тұру сипатындағы қызметіне байланысты көлік шығыстарын өтетуге;

9) кәсіптік міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермеленуге;

10) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;

11) медицина қызметкері тарапынан ұқыпсыз немесе немқұрайлы қарау болмаған кезде пациенттің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгені үшін кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруға құқығы бар.

30. Санитарлық профилактикалық мекемелердің медициналық тіркеу құжаттары .




31. Қала тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсету .

Қала тұрғындарына көрсетілетін емдеу-профилактикалық көмектің түрлері. Қалалық емхананың жұмысының ұйымдастырылуы және құрылымы. Қала тұрғындарына көрсетілетін емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру жүйесінде амбулаторлық-емханалық мекемелердің рөлі. Емханалық көмекті ұйымдастырудың бөліктік қағидатының мәні және өлшемдері. Емхана іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері.Қала тұрғындарына емдеу-алдын алу мекемелері (ауруханалар, амбулаториялар, емханалар, диспансерлер, ана мен баланы сақтау бойынша мекемелер, жедел және шұғыл көмек мекемелер және т.б); санитарлық-эпидемияға қарсы мекемелер (МСЭҚ орталықтары); жергілікті әкімшілік қоластына қарайтын соттық медициналық сараптау мекемелері; дәріхана мекемелері; біріншілік медициналық-әлеуметтік көмекті емханалық мекемелер (ересек тұрғындарға қызмет ететін аумақтық емханалар) және аналар мен балаларды қорғау мекемелері (балалар емханалары мен әйелдер кеңестері). Қала тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсететін негізгі мекеме – қалалық емхана ауруды және оның асқынуларын емдеу бойынша емдеу-алдын алу шаралар кешенін жүзеге асыратын, медициналық көмекке жүгініп келген және үй жағдайындағы науқастарға көмек көрсетін, жоғары дамыған, мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымы.

Емхана түрлері:

- аймақтық белгілері бойынша: қалалық және ауылдық. - ұйымдастырушылық белгісі бойынша: ауруханамен біріктірілген және ауруханамен біріктірілмеген. - кәсібі бойынша: жалпы (үлкендер және балалар), балаларға, үлкендерге арналған стоматологиялық, шипа-жайлық,

Қалалық емханалар кейде біріккен аурухананың құрамында болады, бірақ көбінесе қазіргі кезеңде жеке түрі қалыптасуда.
1   2   3   4   5   6   7   8   9


написать администратору сайта