Главная страница
Навигация по странице:

  • 59.Қалалық емхананың міндеттері

  • 60. Өсіп – өнудің денсаулықпен байланысы.

  • 61. Біріншілік медициналық-әлеуметтік көмек .

  • 62. Емхана түрлері. Емхана жұмысын ұйымдастыру.

  • 64. Емханалар жұмысын регламенттейтін негізгі жоспар .

  • 65.Халық аурушаңдығы дегеніміз не

  • туберкулез. 1. Пациент жне оам пніні негізгі блімдері Масаты Студенттерде оамды денсаулы жне денсаулы сатау


    Скачать 1.16 Mb.
    Название1. Пациент жне оам пніні негізгі блімдері Масаты Студенттерде оамды денсаулы жне денсаулы сатау
    Анкортуберкулез
    Дата21.07.2022
    Размер1.16 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаNawqas jäne Qoğam 1 — 95.docx
    ТипДокументы
    #634536
    страница5 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9

    Емхана түрлері:


    - аймақтық белгілері бойынша: қалалық және ауылдық. - ұйымдастырушылық белгісі бойынша: ауруханамен біріктірілген және ауруханамен біріктірілмеген. - кәсібі бойынша: жалпы (үлкендер және балалар), балаларға, үлкендерге арналған стоматологиялық, шипа-жайлық, физиотерапиялық орталықтар, диагностикалық орталықтар.
    Емхана жұмысының негізгі ұйымдастыру-әдістемелік қағидаттары бөліктілік (дәрігерлік мансапқа тұрғындардың нормативтік санын бекіту); диспансерлік әдісті кеңінен қолдану (белгілі контингенттердің денсаулық күйін жүйелі белсенді байқау).

    Емханалар жұмысын регламенттейтін негізгі жоспарлық-нормативтік көрсеткіштері былай белгіленген


    - бөліктілік нормативі (1 бөліктік терапевт мансабына 1700-2000 адамнан); - жүктеме нормасы (емханада сағатына -4,3-4,7 қаралу қабылдауда және терапевтің емделушіні үйінде қабылдауы – 2). - бөліктік терапевтердің штаттық нормативі (14 жастан асқан 10 000 тұрғынға 4,0-4,5).
    Біріншілік медициналық-әлеуметтік көмек мекемелерінің іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары: алдын алу жұмысы, диспансерлеу, тұрғындарды гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау; емдеу-диагностикалық жұмыс (уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын қоса); ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс (басқару, жоспарлау, статистикалық есеп және есеп берушілік, іс-әрекетті талдау, денсаулық сақтаудың басқа мекемелерімен өзара әрекеттесуі, біліктілігін жоғарылату және басқалары); ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыс.

    Емхана жұмысын ұйымдастыру мыналарды сипаттайтын көрсеткіштер бойынша бағаланады:


    - келіп көріну динамикасы (берілген жылы емханаға көріну санының былтырғы жылғы көрінулер санына қатынасы 100 көбейтілген); - көрінулер құрылымы – аурулар бойынша немесе алдын алу мақсатымен (аурулар жөнінен немесе алдын алу мақсатымен көрінулер санының барлық көрінулер санына қатынасы 100 көбейтілген); - дәрігерлік мансапқа жүктемені (барлық дәрігерлерге көріну санының орын алған дәрігерлік мансаптар санына қатынасы); - дәрігерлердің пациенттер үйіне кіріп шығу белсенділігі (үйлерге белсенді кіріп-шығулар санының үйлерге барлық кіріп-шығулар санына қатынасы 100 көбейтілген).
    Емхананың алдын алу жұмысы бағаланады: медициналық қараулармен толық қамтылуымен (қаралғандар санының қаралатын тұрғындар санына қатынасы, 100 –ге көбейтілген); - ауруларды табу мақсатымен қаралған тұрғындар пайызы (қаралғандар санының тұрғындар санына қатынасы); - табылған аурулар жиілігімен (табылған аурулар санының қаралғандар санына қатынасы); - диспансерлеу көрсеткіштерімен (қамту толықтығы, диспансерлік есепке уақтылы алу, байқауға қайта алынғандардың меншікті салмағы, бір бөліктегі диспансерленгендердің орташа саны, диспансерлеудің тиімділігі мен нәтижесі). АУРУХАНА тұрғындардың кешенді медициналық көмек алатын медициналық мекеме ғана емес (бір уақытта емдік және алдын алу), оған қоса, медицина қызметкерлерін оқытып үйрететін орталық және биоәлеуметтік зерттеулер орталығы қызметін атқарады.

    Стационар іс-әрекетінің көрсеткіштері


    бұқараның стационарлық көмекпен қамтамасыз етілуі (төсек сандарының тұрғындар санына қатынасы 10 000-ға көбейтілген); медициналық персонал жүктемесі (1 ауысымда дәрігер мен орта медперсонал лауазымына келетін төсек саны); материалдық-техникалық және медициналық жабдықталу; төсек қорын пайдалану; емдеу-диагностикалық стационарлық көмек және оның тиімділігі.

    Төсек қоры және оны пайдалану мынадай көрсеткіштермен сипатталады


    төсек қорының құрамы (жеке салалар бойынша төсек санының жалпы төсек санына қатынасы,  ; 1 жылда төсектің орташа орын алуы (төсек-күн санының орташа жылдық төсек санына қатынасы, терапевтикалық төсектің орын алуының шамалылауы нормативі – 330-340 күн).

    59.Қалалық емхананың міндеттері:

    Қала турғындарына емдеу профилактикалық көмек көрсететін негізгі мекеме Қалалық емхана.Бул мекемелердің 2 турі бар

    1 Дербес 2 Қалалық аурухананың қурамында

    Қалалық емхананың міндеттері

    . Қолайлы дер кезінде білікті медициналық жәрдем көрсету

    . Шуғыл медициналық жәрдем көрсету

    . Айналадағылар ушын қәуіп төндіретін аурулардың алдын алу олардың ауруының турін анықтау және жөнінде арнайы профилактікалық шаралар жургізу

    . Халықты деспансерлік бақлауға және тіркеуге алуды уйымдастыру

    . Салауатты өмір салтын және халыққа санитарлық тәрбиені насихаттау

    . Санитарлық гигеналық және эпидемияға қарсы жуйесін сақтау

    . Басқада денсаулық сақтау мекемелеримен өзара іс әрекет уйлесімін және сабақтаслығын сақтау.

    Қалалық емхананың қурылымына мынадай бөлімдер кіреді

    Тіркеу орны,Профилактикалық бөлімі,емдеу кабинеттері,қосымша диагностикалық кабинеттер болады

    60. Өсіп – өнудің денсаулықпен байланысы.

    Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерін өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы, салмағы және кеуде шеңбері.

    Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы дегеніміз ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуы, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюы. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық.

    Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы.

    Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минутық көлемін өлшейді.

    Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:

    1. Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды. Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішінде бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез, қыста нашар немесе түнде бойы көбірек, күндіз аз өседі.

    Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді: 1) туғаннан 3 жасқа дейін; 2) 3-7 жас аралығы; 3) жыныстық жетілу кезеңінде.

    2. Мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі. Баланың алғашқы жылында миы тез өседі, 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90% шамасында болады. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады.

    3. Өсу мен даму баланың жынысына байланысты. Жыныстық жетілу қыздарда 9-10 жаста, ұлдарда 10-11 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары болады.

    4. Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі. Организмнің өсу және даму қарқыны, жыныстық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы мүмкін.

    5. Өсу мен дамудың акселерациясы. Акселерация дегеніміз өсу мен дамудың қарқынды жүруі. Яғни, қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады.

    Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:

    - жаңа туған нәрестелердің ірі болуы;

    - белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы;

    -ерте жыныстық жетілу;

    -баланың сүйегінің ерте қатаюы;

    -бойдың өсуінің ерте тоқтауы.
    61. Біріншілік медициналық-әлеуметтік көмек .

    Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға
    ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидалары
    1. Жалпы ережелер

          1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру және көрсету тәртібін айқындайды.

          2. Медициналық-әлеуметтік көмек – "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 89) тармақшасына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес тізбесі айқындалатын әлеуметтік мәні бар аурулармен науқастанған азаматтарға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек.

          3. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық көмек профилактикалық, емдеу-диагностикалық қызметтерді, қалпына келтіру емін, медициналық оңалтуды, паллиативтік және әлеуметтік-психологиялық көмекті қамтиды.

          4. Медициналық ұйымдарда әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық-әлеуметтік көмек Кодекстің 6-бабының 7-тармағына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.

    2. Медициналық-әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

          5. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық-әлеуметтік көмек мынадай нысандарда ұсынылады:

          1) амбулаториялық-емханалық көмек (консультациялық-диагностикалық көмек);

          2) стационарлық көмек;

          3) стационарды алмастыратын көмек;

          4) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;

          5) паллиативтік көмек және мейіргер күтімі;

          6) әлеуметтік-психологиялық көмек.

          6. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар анықталған жағдайда жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер және педиатрлар оларды бейінді мамандарға, психологқа және әлеуметтік қызметкерге консультацияға жібереді.

          7. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға консультациялық-диагностикалық көмек медициналық көмек көлемін қамтиды, ол тиімділігі барынша дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларының негізінде медициналық көрсетілімдер бойынша айқындалады.

          8. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға диспансерлік бақылау жүргізіледі.

          9. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда мамандар әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарды тәулік бойы медициналық бақылайтын медициналық ұйымға жібереді.

          10. Стационарларда медициналық көмекті Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 болып тіркелді) бекіткен медициналық көмектің түрлері және көлемі бойынша мамандар әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға көрсетеді.

          11. Бастан өткерген жіті аурулардан кейін, созылмалы ауру асқынған және жітілеу ауру нысандары кезінде әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға қалпына келтіру емі және медициналық оңалту көмегі көрсетіледі.

          12. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту мынадай жағдайларда:

          1) жіті ауруды (консервативтік, операциялық) қарқынды емдегеннен кейін және аурудың жітілеу кезеңінде;

          2) туа біткен және жүре пайда болған аурулар кезінде, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттардың салдарынан болған аурулар кезінде, науқастың физикалық, психикалық және әлеуметтік әлеуетін оңтайлы іске асыруға қол жеткізе және оны қоғамға барынша барабар ықпалдастыра отырып, ауру сақталған кезеңде;

          3) операциядан кейін асқынулар болмаған жағдайда жүргізіледі.

          13. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар қалпына келтіре емдейтін және медициналық оңалтатын, оның ішінде балаларды медициналық оңалтатын медициналық ұйымдарда ем алуы үшін, амбулаториялық-емханалық ұйымның жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерінен жолдама, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша амбулаториялық картаның үзінді көшірмесі болуы қажет.

          14. Жіті және созылмалы әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға паллиативтік көмек пен мейіргер күтімі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 53-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетіледі.

          15. Тұрғын үй-тұрмыс жағдайлары нашар және отбасындағы жанжалды жағдайларда төсектік режимді қажет ететін әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға күндізгі стационар жағдайында және үй жағдайындағы стационарда паллиативтік көмек пен мейіргер күтімін көрсетуге жол берілмейді.

          16. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетіледі.

    Біріншілік медициналық-әлеуметтік көмек мекемелерінің іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары:

    алдын алу жұмысы, диспансерлеу, тұрғындарды гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау; емдеу-диагностикалық жұмыс (уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын қоса); ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс (басқару, жоспарлау, статистикалық есеп және есеп берушілік, іс-әрекетті талдау, денсаулық сақтаудың басқа мекемелерімен өзара әрекеттесуі, біліктілігін жоғарылату және басқалары); ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыс.

    62. Емхана түрлері. Емхана жұмысын ұйымдастыру.

    Емхана- ауруды және оның асқынуларын емдеу бойынша емдеу-алдын алу шаралар кешенін жүзеге асыратын, медициналық көмекке жүгініп келген және үй жағдайындағы науқастарға көмек көрсетін, жоғары дамыған, мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымы

    Емхана түрлері:

    - аймақтық белгілері бойынша: қалалық және ауылдық.

    - ұйымдастырушылық белгісі бойынша: ауруханамен біріктірілген және ауруханамен біріктірілмеген.

    - кәсібі бойынша: жалпы (үлкендер және балалар), балаларға, үлкендерге арналған стоматологиялық, шипа-жайлық, физиотерапиялық орталықтар, диагностикалық орталықтар.

    Емхана жұмысының негізгі ұйымдастыру-әдістемелік қағидаттары

    бөліктілік (дәрігерлік мансапқа тұрғындардың нормативтік санын бекіту); диспансерлік әдісті кеңінен қолдану (белгілі контингенттердің денсаулық күйін жүйелі белсенді байқау).

    Емхана жұмысын ұйымдастыру мыналарды сипаттайтын көрсеткіштер бойынша бағаланады:

    - келіп көріну динамикасы (берілген жылы емханаға көріну санының былтырғы жылғы көрінулер санына қатынасы 100 көбейтілген); - көрінулер құрылымы – аурулар бойынша немесе алдын алу мақсатымен (аурулар жөнінен немесе алдын алу мақсатымен көрінулер санының барлық көрінулер санына қатынасы 100 көбейтілген); - дәрігерлік мансапқа жүктемені (барлық дәрігерлерге көріну санының орын алған дәрігерлік мансаптар санына қатынасы); - дәрігерлердің пациенттер үйіне кіріп шығу белсенділігі (үйлерге белсенді кіріп-шығулар санының үйлерге барлық кіріп-шығулар санына қатынасы 100 Емхананың алдын алу жұмысы бағаланады:

    медициналық қараулармен толық қамтылуымен (қаралғандар санының қаралатын тұрғындар санына қатынасы, 100 –ге көбейтілген); - ауруларды табу мақсатымен қаралған тұрғындар пайызы (қаралғандар санының тұрғындар санына қатынасы); - табылған аурулар жиілігімен (табылған аурулар санының қаралғандар санына қатынасы); - диспансерлеу көрсеткіштерімен (қамту толықтығы, диспансерлік есепке уақтылы алу, байқауға қайта алынғандардың меншікті салмағы, бір бөліктегі диспансерленгендердің орташа саны, диспансерлеудің тиімділігі мен нәтижесі).

    көбейтілген).

    63. Аурулықты зерттеудің негізгі 3-әдісі.

    Аурулықты зерттеудің 3 жолы бар:

    1.Тұрғындардың дәрігерлік қаралуға өздігінен келу нәтижесі бойынша халықтың денсаулығын зерттеу

    2.Профилактикалық дәрігерлік тексеру мәліметтері бойынша зерттеу,тіркеу картасы (131/у)

    3.Өлім туралы мәліметтер бойынша зерттеу,өлім туралы дәрігер куәлігі (106/у)

    Аурулық көрсеткіштері амбулаторлық-емханалық мекемелерге өз еркімен келіп қаралуы мен ауруханаларда емделген тұрғындардың анықталған аурулар жөніндегі мәліметтер бойынша есептелінеді.
    64. Емханалар жұмысын регламенттейтін негізгі жоспар .

    Емханалар жұмысын регламенттейтін негізгі жоспарлық-нормативтік көрсеткіштері былай белгіленген:

    - бөліктілік нормативті (1 бөліктік терапевт мансабына 1700-2000 адамнан);

    - жүктеме нормасы (емханада сағатына -4,3-4,7 қаралу қабылдауда және терапевтің емделушінің үйінде қабылдауы – 2).

    - бөліктік терапевтердің штаптық нормативі (14 жастан асқан 10 000 тұрғынға 4,0-4,5).
    65.Халық аурушаңдығы дегеніміз не?

    Аурушаңдық - аурулардың тұрғындар мен әр түрлі топтар арасында таралу көрсеткіші. Біріншілік аурушаңдылық деп халық арасында бір жыл ішінде алғашқы рет анықталып, тіркеуге алынған аурулардың жиынтығы. Ал, жалпы аурушаңдылық деп бір жыл ішінде халық арасындағы тіркелген барлық аурулардың саны. Тек қана биылғы жылы жаңа анықталған аурулар ғана емес, сонымен қатар өткен жылғы анықталған аурулар да жатады. Және емдеу профилактикалық мекемеге осы жылға қаралуға себепке болуы.аурушаңдылық деңгейі 1000 немесе 100 мың тұрғынға шаққанда есептелінеде, және тұрақты тұрғылықты жеріне байланысты. Статистикалық зерттеудің күрделілігі- халық аурулығының жалпы сипаттамасы, әрі оған баға беруі, әлеуметтікң жағдайға әр түрлі себептердің аурулық деңгейіне және оның құрамына әсер етуіне байланысты болады. аурулықты зерттеудің екі жолы бар: тұрғындардың дәрігерлік қаралуға өздігінен келу нәтижесі бойынша халықтың денсаулығын зерттеу және профилактикалық дәрігерлік тексеру мәліметтері бойынша зерттеу. Қосымша зерттеу әдісіне өлім туралы мәліметтер жатады.

    66.Аурушаңдық және аурушаңдықтың негізгі зерттеу әдістері

    Аурушаңдық- аурулардың тұрғындар мен әр түрлі топтар арасында таралу көрсеткіші болып табылады. Біріншілік аурушаңдылық дегеніміз халық арасында бір жыл ішінде алғаш рет анықталып, тіркеуге алынған аурулардың жиынтығы.

    Алғашқы аурушаңдық-100 мың адамға есептелген, халық арасында анықталған және тіркелген жаңа, бұрын есепке алынбаған және осы күнтізбелік жылы алғаш рет жаңа аурулардың жиынтығы.

    Жалпы аурушаңдық-осы күнтізбелік жылда алғаш рет анықталған, сондай-ақ өткен жылдары тіркелген халық арасында бар барлық аурулардың жиынтығы.Жинақталған ауру-бірнеше жыл ішінде тіркелген алғашқы аурулардың жиынтығы (кем дегенде 3 жыл).

    Аурушаңдықты Статистикалық зерттеу кезінде жалпы және арнайы қарқынды көрсеткіштер, экстенсивті көрсеткіштер есептеледі.

    1) Бастапқы аурулардың жиілігі = × 100000

    Халықтың орташа жылдық саны = (1 қаңтарға тұрғындар саны + 31 желтоқсанға тұрғындар саны) / 2

    2) жалпы ауру жиілігі = × 100000

    3) арнайы қарқынды көрсеткіштер — жас, жыныстық топтар бойынша, аурулардың нозологиялық нысандары бойынша, кәсіптік, әлеуметтік, аумақтық және басқа да белгілері бойынша есептеледі:

    Арнайы қарқынды көрсеткіштер = × 100000

    4) ауру құрылымы = × 100

    Халықтың аурушаңдығын Статистикалық зерттеу жүргізілуі мүмкін:



    а) жаппай әдіспен — халықтың аурушаңдығы туралы толық материалдар алуға мүмкіндік береді; барлық емдеу мекемелері бойынша халықтың аурушаңдығы туралы есеп беру мәліметтеріне негізделген.

     

    б) іріктемелі әдіспен — әртүрлі факторлардың, адамдардың өмір сүру жағдайлары мен салтының әсерін ескере отырып, халықтың әртүрлі топтарының сырқаттанушылығы туралы деректер алуға мүмкіндік береді; зерттеуді арнайы бағдарламалар бойынша нақты аумақтарда белгілі бір уақыт аралығында жүргізеді
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта