Главная страница
Навигация по странице:

  • Лекция мақсаты мен міндеті

  • Мемлекет ұғымы, пайда болуы, негізгі тұжырымдамалары

  • Мемлекет түрлері мен қызметі

  • Мемлекеттік құрылым және басқару түрі

  • Саяси режимдер

  • 2 сұрақ.

  • Оқытудың техникалық құралдары

  • ОБСӨЖ тапсырмалары

  • Психология бөж. Лекция Мемлекет жне азаматты оам. Саяси режимдер


    Скачать 134 Kb.
    НазваниеЛекция Мемлекет жне азаматты оам. Саяси режимдер
    АнкорПсихология бөж
    Дата11.03.2023
    Размер134 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаFPKVPZEQTSIS11032023231221.doc
    ТипЛекция
    #981247

    Лекция № 4. Мемлекет және азаматтық қоғам.

    Саяси режимдер
    Лекция жоспары: Мемлекет ұғымы және шығу теориясы. Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің аумақтық құрылым түрлері. Мемлекеттік басқару формалары. Саяси режимнің мәні және түсінігі. Тоталитарлы саяси режим. Авторитарлық саяси режим. Демократиялық саяси режим.

    Лекция мақсаты мен міндеті: Мемлекет ұғымы және шығу теориясы. мемлекеттің негізгі белгілері, мемлекеттің аумақтық құрылым түрлері, мемлекеттік басқару формалары, саяси режимнің түрлері- авторитарлық, тоталитарлық және демократитялық саяси режимның ерекшеліктерін ашып көрсету.

    Лекция мазмұны:

    Қоғам өзінің саяси жүйесінде  әлеуметтік міндеттерді мемлекеттік билік арқылы,  құқықтық заң-жобалар және басқа да шартты  қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады.  Бұл ретте  саяси  жүйенің  өз ішінде  саяси  рөлдердің  өз бөлініп  отырады.  Мемлекет саяси билікті жүргізудегі  ең негізгі буын болып табылады. 1 Мемлекет идеясы адам сана сезімінің түбінен пайда болады. Негізгі мемлекеттің пайда болған себебі ол барлық елдердің өздерінің өмірлік маңызды өмір сүру шарттарын орындауға жалпы басқару керектігін сезді.

    «Мемлекет» термині негізінен екі мағынада түсіндіріледі. Ойдың кендігінде ол ел қоғам деп түсінуге болады. Ол оның толған бір территорияда орналысқан және жоғарғы билік мүшелерімен басқарылып отырған.

    Өзінің тар мағынасында мемлекет бұл белгілі бір территорияға жоғарғы билігі бар тарихи қалыптасқан ұйым.

    Мемлекет қызметі және түрі мен дамуы туралы негізінен екі бағыттамасы болады. Олар: табиғи – мемлекеттік және классикалық мемлекеттік.

    Қоғамдық ғылымдарда мемлекеттің пайда болуы туралы концепциялар бар. Соның ішінде кең таралғандары олар; патриархалдық, теократиялық, қоғамдық келісім, жаулап алу және әлеуметтік – экономикалық.

    Патриархалдық теория мемлекеті бір әкелік биліктің астына кіші жанұялярдың еркін жинауы осының негізінен оны үлкен жанұя деп қарастырады.

    Теократиялық концепция мемлекеттің пайда болуын негізінен құдай орнатқан деп қарастырады. Келісім концепциясы /Т. Гоббс, Б. Спиноза, Дж. Локк т.б./ мемлекеттің пайда болуын былай дейді ол басқарушы мен бағынушының тәртіп және қоғам өмірінің ұйымдастыру мақсаты мен келісім арқылы пайда болған.

    Күштеу теориясы ол мемлекетті тікелей саясаттың әсері – ішкі немесе сыртқы күштеудің жаулаудың нәтижесі деп жариялайды.

    Әлеуметтік – экономикалық концепция мемлекеттің пайда болуын мынандай факторлардың әсері мен олар қоғам еңбек бөлінісі, экономикалық қызығушылық, әлеуметтік қайшылықтар мен пайда болуы дейді.

    Негізінен осы құрастыратын компоненттерге қарап мемлекетті анықталған елдерде өмір сүретін (Англия, Франция, Ресей және т.б.) саяси билік ұйымы деп қарастырады. Осы тұрғыдан территория, халық және саяси билік мемлекеттің негізгі әлеуметі болып келеді.

    Территория – ол жағрапиялық кеңістік, мемлекеттің физикалық негізі.

    Тұрғындар – ол мемлекет территориясында тұратын, оның билігіне бағынатын және ұлттың немесе елің құрайтын адамдар жиынтығы.

    Саяси билік – ол «ұйымдасқан азшылықтың» – яғни саяси элита және халықтың арасындағы үстемдік пен бағыну қарым-қатынасы.

    Мемлекеттің негізгі белгілері: Территория бірлігі, Ұлттың өз анықтаушылығы

    Қоғам үстінде тұрып және оның басқарып отыратын белгілі жүйе қоғам өмірінің негізгі саласымен басқарып отыратын публикалық биліктік бар болуы.

    Құқықтың болуы, яғни халық билігімен орнатылған және санкцияланған міндетті мінез-құлық тәртібі.

    Салық – ол публикалық билік арқылы мемлекеттің қызметін жүзеге асыру кезіндегі пайда болған шығынтарын жабу және толтыру үшін азаматтар мен коммерциялық ұйымдар алатын міндетті төлеу.

    Тәуелсіздік – ол мемлекет биліктің тәуелсіздік ұйымдастыруын ұсынады.

    Жоғары айтылғанның негізінен мемлекетке осындай анықтама беруге болады. Мемлекет – ол материалдық-қаржы ресурстар және қоғаммен арналған механизмнің көмегімен құқық негізінен басқарушылығының жүзеге асыратын, анықталған территорияда ұлттын немесе көпұлттың жалпылығымен қалыптасатын саяси ұйымның ерекше түрі. Мемлекет өзін басқа саяси институттардан айыратын бір қатар қызметтерін атқарады. Мемлекет қызметтері – ол оның іс-әрекетінің басты бағыттамалары. Дәстүр бойынша мемлекет қызметі ішкі және сыртқыға бөлінеді. Ішкі қызметіне саяси, экономикалық, ұйымшылдық, құқықтың, әлеуметтік, мәдени - тәрбиешілдік жатады. Саяси қызметтің міндеті саяси тұрақтылыққа қамтамасыз ету, биліктік әрекеттерді жүзеге асыру, саяси бағыттама бойынша жұмыс жасау немесе таптың саяси үстемділігін тірек ету. Экономикалық қызмет салықтың және несиелік саясаттың көмегімен экономикалық үрдістерді реттейді, координация жасайды және ұйымдастырады, экономикалық өсуіне стимул тұғыстырады немесе жоспарлау жүйесін пайдаланады ж.т.б.

    Ұйымдастырушы қызмет биліктің әрекетін жүзеге асырады, шешімдерді атқарады, мемлекеттік аппараты қалыптастырады және қолданады, заң орындауына бақылау жүргізеді, саяси жүйенің әр түрлі субъектілерінің әрекет координациясын жүзеге асырады.

    Құқықтық қызмет – құқық тәртіп орнатады, қоғамдық қарым-қатнастарды және азаматтардың қылықтарын, қоғамдық құрылымды экстремистердің бұзушылық әрекетінен қорғайтын құқықтық нормалар орнатады.

    Әлеуметтік қызмет адамдардың өмірлік маңызды қажеттіліктердің қанағаттандыру, деңсаулығын сақтау, қарт адамдарға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, жастарға, әлеуметтік кепілін беру, өмірін және деңсаулығын сақтау.

    Мәдени-тәрбиелік қызмет адамдардың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай тұғызуға бағытталған отандық және әлемдік көркемдік мәдениетке ендіру, патриотшылдықты, азаматшылдықты, ұнатпаушылықты тәрбиелейді. Сыртқы қызметтің арасынан екіге бөледі.

    Қорғау қызметінің міндеті елдің тұтастылығына қауіпсіздігіне және тәуелсіздігіне қамтамасыз ету. Ынтымақтастық қызметі ол экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, саудалық және басқа салаларда қарым-қатынас құру.

    . Мемлекет ұғымы, пайда болуы, негізгі тұжырымдамалары

    Г. Гегель «Әрбір мемлекет өзіне сәйкес, сай келетін мемлекетті құрады».

    Мемлекет ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншісі, «ел», «жұрт» деген мағынада тұтас территориясы халқымен алып түсіндірілсе, екіншісінде тек жоғарыды қолында билігі бар басшылар тобын ғана айтады.

    Мемлекеттің белгілері: Территория, Тәуелсіздік немесе егемендік, Мемлекеттік билік, Халық, Салық салу құқығы.

    Мемлекеттің пайда болуы туралы бірнеше тұжырымдамалар бар. Олар:

    Қоғамдық келісім теориясы (Дж. Локк, Т. Гоббс); Т. Гоббс: Мемлекет әлеуметтік келіспеушіліктерді шешуге және күш көрестуді легитимді қылдыру үшін құрылған., Дж. Локк: Мемлекет билікті шектеу мақсатында құрылған., зорлық-зомбылық тұжырымдамасы (Л. Гумплович); Маркстік концепция (К. Маркс); Теологиялық тұжырымдама (А. Августин); Патриархалдық теория (Конфуцийден бастау алады).

    Мемлекет түрлері мен қызметі

    Мемлекет бірнеше түрлерге бөлінеді.

    Басқару түріне байланысты: монархия (абсолюттік, дуалистік және конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас).

    Абсолюттік монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады.

    Конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады.

    Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис.

    Абсолютік монархияның белгілері:

    • монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген;

    • Парламент жоқ, немесе оның іс-қимылы барынша шектелген.

    Конституциялық монархияның белгілері:

    • Конституция монарх билігін шектейді;

    • монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті жоқ;

    • үкімет монарх алдында жауапты емес.

    Дуалистік монархия белгілері:

    • билік монарх пен парламент арасында бөлінген;

    • монарх үкіметті тағайындайды;

    • монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.

    Парламенттік республикаға жататындар: Италия, Германия, Израиль, Индия, Греция, Австрия.

    Президенттік республикаға жататындар: АҚШ, Индонезия, Иран, Ирак, Кипр, Швейцария (бұл мемлекетте үкіметтің міндетін президент атқарады, ол Парламент (Федералдық Жиын) арқылы Федералдық Кеңес (Үкімет) мүшелерінен бір жыл мерзімге сайланады, бір-ақ рет).

    Президенттік республика белгілері:

    • Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады;

    • Президент үкіметті құрады;

    • Үкімет президент алдында жауапты;

    • Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.

    Парламенттік республика белгілері:

    • Мемлекеттегі басты күш Парламент болып табылады;

    • Президентті парламент сайлайды;

    • Үкімет парламент алдында жауапты;

    • Үкімет парламентте көп орын иеленген партия арқылы құрылады;

    • Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады.

    Аралас республикаға жататындар: Франция, Перу, Португалия, Финляндия, Исландия.

    Оның белгілері:

    • Президент жалпы сайлау арқылы сайланады;

    • Президент кең құзыреттерге ие;

    • Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында жауапты.

    Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, Турция, Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) және конфедеративтік болып бөлінеді.

    Унитарлық мемлекетті біріктіреді:

    • ортақ Конституция;

    • ортақ заң шығарушы орган;

    • ортақ әкімшілік-территориялық бөліну;

    • ішкі шекараның болмауы;

    • ортақ саясат.

    Унитарлық мемлекеттің кемшіліктері:

    • заң шығарушы аппараттың икемсіздігі;

    • аймақтардың мәселелерін ескермеу;

    • этностық топтардың пікірімен санаспау.

    Федеративті мемлекет белгілері:

    • бірнеше Конституция, азаматтық құқық бар;

    • федеративті және аймақтық сот және атқарушы билік қатар жұмыс істейді;

    • территориялық бірліктердің өз бетімен федерациядан шығуға құқығы жоқ;

    • саяси салада орталыққа бағынған.

    Конфедерация белгілері:

    • ортақ Конституция жоқ, тек құжаттарды қабылдағанда бірігеді;

    • азаматтық ортақ емес;

    • ортақ конфедеративтік сот жүйесі жоқ.

    Діни белгісіне байланысты: зайырлы және діни болып бөлінсе, саяси режимнің қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып үшке бөлінеді.

    Негізгі приоритетті қызметіне байланысты құқықтық және әлеуметтік деп бөлеміз.

    Қазақстан Республикасы осылырдың ішінде қайсына жатады?

    Мемлекет негізгі екі қызмет атқарады: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметіне жататындар:

    • экономикалық салады мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, уйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді;

    • әлеуметтік өмірді ұйымдастырады;

    • заңдылықты қамтамасыз етеді;

    • мәдени-тәрбиелік салада жұмыс атқарады;

    • Сыртқы қызметіне жататындар:

    • мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;

    • өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау;

    • ауқымды мәселелерді шешуге араласу;

    • басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;

    Сайып келгенде мемлекеттің басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау.

    Мемлекеттік құрылым және басқару түрі

    Басқару түрі – ол жоғарғы мемлекеттік биліктің ұйымдастыру тәсілі, органдарының қарым-қатынас жасау принципі, және оның қалыптасуына тұрғындардың қатысуы.

    Басқару түрінің екі негізгі түрінайырады; монархия және республика.

    Монархия – ол басқару түрі осыған сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік мемлекет басшысының қызметін көбінесе басқа билік қызметін біріктереді. Олар: заң шығарушы және атқарушы билік бір адамның қолында болады – ол монарх.

    Монархия екі түрінде өмір сүреді: абсолюттік және конституциялық. Абсолюттік монархияда мемлекеттік билік монархтың өзімен жүзеге асады.

    Конституциялық монархия. Онда монарх билігі басқа билік органдарымен шектелген, ол конституцияға негізделген.

    Республика – басқару түрі, онда мемлекеттегі жоғарғы билік сақтаушы органға жатады, олар парламентке және президентке. Республиканың бір неше түрі бар. Олар: парламенттік, президенттік және аралас.

    Парламенттік республиканың ең басты айырмашылығы – ол үкіметтің парламент негізінен қалыптасуы және парламент алдында формалдық жауапкершілігі.

    Парламенттік республиканың айыру белгісі, онда (АҚШ, Азия елдері, Африка) приезидент бір уақытта мемлекет басшысы және үкімет басшысы, ішкі және сыртқы саясатпен басқарады және қарулы күштердің жоғарғы күштердің басшысы болады.

    Аралас республика Австрияда, Ирландияда, Португалияда, Польшада, Финляндияда, Болгарияда ж.т.б. елдерде бар.

    Бұнда күшті президенттік биліктің және парламенттің үкімет іс-әрекетіне бақылау жасау.

    Мемлекеттің территориялық-ұйымшылдық құрылымы оның құрамдасының түрі болып келеді.

    Мемлекеттік құрылымының түрі әр түрлі болады. Саясаттануда мемлекеттің унитарлық, федеративтік, конфедерациялық және империя түрлерін көрсетіледі.

    Унитарлық мемлекеттік құрылымға, бір территория, бір Ата заң, орталықталған сот жүйесі, мемлекеттік биліктің жоғаррғы органдардың бір жүйесі, бір азаматтық сәйкес. Мысалы: Қазақстан, Япония, Англия.

    Федерация ол одақтық мемлекет болып келеді. Анықталған тәуелсіздігі бар автономиялық мемлекеттерден құрылған. Мысалы: Ресей, АҚШ, Германия.

    Конфедерация – ол бір жалпы- сыртқы саяси, қорғау экономикалық мақсаттарға жету үшін тәуелсіз мемлекеттердің одағы. Қазіргі кездерде өте сирек кездеседі, тіпті жоқ деп айтуға болады.

    Федеративтік мемлекеттің құрылымның бір типі, ол империя, (латын тілінде- империум – мемлекет билігі). Оларға кең территория, күшті орталықталған билік, әр елдік ұлттық және тұрғындардын мәдени құрамы сәйкес.

    Мемлекет  мынандай сипаттармен  айқындалады:

    1) Бұқаралық  билікті жүзеге асыратын  адамдардың ұйымы,  ол үшін  нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды   қалыптастырып  отырады.

    2) Елдің барлық территориясын қамтитын жағдайда салықтарды алып отыратын ұйым. Мемлекет саяси билікті  жүргізетін құрылым  екендігі белгілі. Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады,  қызметінің  түрлері де  көбейіп отырады. Соңғы уақытта  мемлекет үстем таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың  мүддесіне  орай езілуші таптардың қарсылығын басып отыратын  аппарат деп келеді.  Бұл дұрыс та.  Тек  бұл қырынан  келіп қарау  маркстік теорияны жете бағаламаумен бірдей. «Анти-Дюринг», «Л.Фейербах және неміс классикалық философиясының ақыры», «Семьяның,  жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбектерді талдай келіп, біз мынандай  қорытындыларға келеміз:

    1) Мемлекет адамзат қауымының немесе азаматтық қоғамның  дамуына  және еңбек бөлісіне қарай дамып жетілді.

    2)  Бұл процесс өз мүдделеріне  сәйкес жаңа әлеуметтік топтардың  шығуына әкелді.

    3)  Бұл бөлінудің өзі ортақ мүдделерді жүзеге асыру үшін қажетті  функцияларды талап  етеді.

    4)  Қарама-қайшы топтар арасындағы шиеленісті туғызып, олардың кейбіреуін басу қажеттігі туады.

    5)  Ортақ мүдделер мен функцияларды атқару қажеттігі шығады.

    Осы аталғандардан келіп  биліктің  төмендгідей  маңызды функциялары шығады:

    1) Мемлекеттің жалпыға бірдей мүддесін қорғау және  белгілі бір тәртіпті сақтап отыру. Бұл алдымен ортақ мүддеге қарсы немесе  экономикалық  үстем таптардың  мүддесіне қарсы шығушы жеке адамдар  мен жіктердің мүддесін басуға бағытталады, одан кейін  ел тұрғыныдарының  мүдделерін үйдестіру және келістіру, үшіншіден,  сыртқы шабуылдан  қорғау.

    2) Басқару арқылы  ортақ  мүддені қанағаттандыру – бүкіл қоғамның міндеттерін  әкімшілік жолымен  орындау.

    Бірінші міндет  қоғамның  ыдырауына жол бермейтін  қажеттіліктен  туады. Бірақ кей жағдайда қарсыласушы топтардың  мүдделеріне тағы басқа топтардың  қосылуы мүмкін. Онда олардың  ортақ мүдделерін таба білу қажет. Мемлекеттегі таптар мен жіктердің ымыраға келу жағдайын қарастыру болып табылады.

    Мемлекеттің сыртқы дұшпандардан қорғалуындағы биліктің рөлі ерекше.

    Елдің халқын басқару саласында мәселе күрделі болып келеді. Бұл мәселеде әртүрлі бағыттар бар. Бірінші бағыт мемлекеттің  барлық функциялары елдің  қоғамын тұтасымен басқару деп қарастырылады. Екінші бағыт атқарушы өкіметтің мемлекеттік басқару қызметі деп  қарастырылады, заң шығару мен соттық билікті ескермейді. Мұны «әкімшілік» деп атайды. АҚШ-та оны бұқаралық «әкімшілік» дейді. Америкалық  саясаттанушы Л.Уайт мемлекеттік  басқару органдарын  үш топқа бөледі:

    1)  штабтар - өзі орындай алатын шешімдерді қабылдайтындар;

    2)  жедел қызметтер – штабтардың шешімдерін жүзеге асырушылар;

    3) көмекші қызметтер – штабтар мен жедел қызметтердің  қажеттегідей жұмысына жағдай туғызатындарды атайды.

    Барлық мемлекеттік ұйымдар екі түрге бөлінеді: үкіметтің  мемлекеттік органдары – жалпы мемлекеттік шешімдер қабылдайды; мемлекеттік басқару органдарының аппараты, олар  мемлекеттік  ұйымдар,  мемлекеттік  басқару,  мемлекеттік аппарат деп аталады. Мемлекеттік  ұйымдардың  барлығын  орталық және жергілікті деп  екіге  бөледі.

    Мемлекеттік  басқару қашан болмасын саяси басқару болып келеді. Атқарушы биліктің функциялары:

    1) Егемендікті жүзеге асыру функциялары: а) мемлекеттің  сыртқы жағдайдағы егемендігі мен тұтастығын қорғау; б) ішкі қарым-қатынасты сақтау,  тәртіпті, ішкі тұтастықты сақтау; в) мемлекеттік –саяси жүйенің қызметін ұйымдастыру – сайлау науқаны, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және  басқалары.

    2) Экономикалық функциялары.  Қазіргі уақытта бір де бір мемлекет  елдің экономикасын мемлекет тарапынан  реттеуге қарсы емес. Мұнда туатын  проблеманың  ең бастысы саясаттың  экономикаға ықпал ету шегі мен оның  берер нәтижелері. Экономикалық  заңдылықтарды ескермей кету қатері бар. Мемлекеттің функциясын бақылап отыру, дағдарысты жағдайларға жол бермеу. Экономикамен айналысқан мемлекеттік билік тұтыну,  қажеттілік өндірісінің қуаты мен ақиқатты көлемін бақылап отыруы қажет.

    Саясаттанушы Д.Кейнстің  идеясы бойынша нарықтық экономикадағы елдерде жұмыс қолы түгел қамтылуы керек,  тұтынушылардың  тұтыну қабілеті  өндіріс құралдарын өндіруге сәйкес дамуы тиіс.  Ол үшін мемлекет  салық, бюджет, инвестициялық және несие  саясатын қолдануы қажет. АҚШ сияқты  елдерде экономиканы реттеу сауда, мемлекеттік  кәсіпорындар, транспорт, ғылыми-техникалық  жұмыстар арқылы жүргізіледі.

    1)  Байланыс және коммуникациялық  функциялары.

    2)  Әлеуметтік функциялары.

    3)  Мәдени-тәрбиелік функциялары.

    Мемлекеттік аппараттың әкімшілік функциялары:

    1)  Жағдайды,  терең әлеуметтік құрылымдардың  жағдайын талдау.

    2)  Бағдарламалық шешімдерді жасау.

    3)  Заңдық қызмет – бағдарламаларды заңдарға сәйкестендіру арқылы талдау.

    4) Финанстық қызмет – жеке бағдарламалардың бюджетін анықтау, мемлекеттің бюджетін әкімшілік жағынан  дайындау.

    Жеделдік (оперативтік) функцияларына:

    1) Кадрлық қызмет.

    2) Ұйымдастыру қызметі.

    3) Ақпараттық-психологиялық жұмыс.

    4) Бақылаушылық  қызметі.

    Жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін түсінуде азаматтық қоғам мен жергілікті мемлекеттік биліктің қарым-қатынасын  талдап білу керек. Қазіргі кезеңде кейбір саясаткерлер жергілікті өзін-өзі басқаруды ұлтаралық шиеленісті өршіту үшін пайдалануды көздеуде. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі туралы  мәселе де маңызды орын алады.  Қанша мемлекеттік  қызметкерлер қажет?  Парламентаризм  және  көппартиялық  жағдайда  билікке қабылеті жеткіліксіз адамдар келуі мүмкін. Сондықтан  қазіргі жағдайда  бұл барлық  елдерді толғаныдырады. Оның өзі билік мәселесі бойынша технократиялық  теорияларды туғызуда. Оның мәні:  үкіметтің билігінде ғалымдар, мамандар отыруы қажет деген сөз.  Басқаша айтқанда, техниктер, инженерлер және  ғалымдар  басқаруы  қажет. Бұл технократ-мамандардың билігі  деген сөз. Қоғам дамуында әлеуметтік процестердің техникалық,  экологиялық, экономикалық, саяси, құқықтық, рухани күрделене түсуіне  байланысты аталмыш проблеманы мамандарды қатыстыру арқылы  шешудің қажеттігі шығады.  Кейбір нақты мемлекеттік басқару органдарына маманларды енгізу өзін-өзі ақтайтын практика: мәселен, консультанттар, кеңесшілер, сарапшылар, т.б. Практика  көрсетіп  отырғандай, маман мен саясаткерді үйлестіру мемлекеттік  қызметке өте пайдалы адамды тартуға болатындығын дәлелдеп отыр. Батыс елдерінде мемлекеттік  қызметкерлерді  кеңінен дайындау  және мамандандыру қолға алынған.  Сонымен қатар лауазым – шені, класность тобы,  рейтингісі іскерлік қасиетіне берілген ұпайы ескеріледі.

    Мемлекеттік құрылымның жүйесін айқындау екі түрлі жолмен белгіленеді: субординациялық-әкімшілік (командалық-бұйрықтық) және өкілділік-демократиялық (халықтың,  өкілдердің қатысумен) жолмен.

    Мемлекеттік жүйелердің  бірнеше типі бар:  құлиеленуші, феодалдық, буржуазиялық, пролетарлық мемлекеттер. Жоғарғы биліктің субъектісі бойынша мемлекеттер: автократиялық, олигархиялық, демократиялық  болады да, биліктің және оның органдарының құрылымы жағынан: монархиялық, республикалық болып бөлінеді.

    Олигархия - мемлекетті басқару тетігінің азғана топ адамның  қолына көшуі. Оның  мәні: өздерінше тіл табысқан, түсініскен, мақсат-мүддесі ортақ бір топ адамның ашықтан-ашық немесе құпия әрі астыртын айламен мемлекеттік аппаратты, негізгі өндіріс құралдарды, банкілерді, қаржылық және әскери-жазалаушы күштерді қолына алу арқылы үстемдігін орнатуы.

    Охлократия -  қара тобыр халықтың билігі. Саяси режимнің қолға сирек түсетін ерекше түрі – мұндай жағдайда мемлекеттік аппаратты басқару нормалық-құқықтық, моральдық құндылықтар мен дәстүрлер  тәжірибесінде сыналған  қатал негізде емес,  саяси демагогтардың  ықпалымен шапшаң өзгеріп отыратын қара тобырдың  көңіл-күйі негізінде жүріп отырады.
    Саяси режимдер

    Лекция мазмұны: Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады. Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:

    -         билікте қандай саяси күштер болады және олар қандай механизммен билікті жүзеге асырады;

    -         саяси билік қалай шынайы таратылады және оның жүзеге асуын кім бақылайды;

    -        қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер беріледі;

    -        қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;

    -         саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және құралдар қажет т.б.

    Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары. Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған саяси режим түрі субъективті және объективті жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты. Сондықтан да саяси режимнің классификациясы өмірде көп кездеседі. Кең тараған саяси әдебиеттерде классификация-ол қоғамда демократиялық принциптердің бірқалыпты дамуы деп көрсетіледі. Осы классификация бойынша саяси режимнің түрі былай анықталады:

      • саяси-қоғамдық процестердің интенсивтілігі және даму деңгейі;

      • басқарушы элитаның құрылымы және оның қалыптасу механизмі;

      • қоғамдағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы;

      • бюрократиямен қатынас жағдайы;

      • қоғамда басқарушылық лигитимді түрде болу деңгейі;

      • қоғамдағы саяси санаға қозғау салатын қоғамдық-саяси дәстүрлерді әрқилылылығы

    Осы айтылғандармен байланыстырып саяси режимнің негізгі үш түрін ажыратады: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық.

    2 сұрақ. Тоталитарлы саяси режимол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Осындай белгілерге тоталитарлық режим кіреді:

    -      азаматтардың жаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;

    -       билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;

    -       террористік полицейлік бақылау жүйесі;

    -        барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;

    -        қарулы-әскери күшпен бақылау;

    -         экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі;

    -          қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы

    -          тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;

    -         «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген принцип әрекет етеді;

    Тоталитаризмнің негізгі белгілерін белгілі батыстық политологтар К. Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған. Белгілі Американдық зерттеуші З. Бзежинский тоталитарлық режимге келесідей «диагноз» қойды: егер елде осы аталған белгідердің бесеуі кездессе онда осы режим демократиялық жаққа көшпейді. Тоталитарлық – ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның «реакциясы» мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады. Үстемдік жүргізетін – идеологияға соның саяси іс-әрекетінің мазмұнына әсер ететітіне қарай. Тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге және ұлтшылды-социализмге бөледі. Жалпы түрінде 1918 жылы қалыптасқан тоталитаризмнің тарихи алғашқы түрі кеңес типіне жататын коммунизм болып табылады. Коммунистік тоталитаризм басқаларына қарағанда, яғни басқа идеологияларға тәртіптің негізгі түрін көрсетеді, өйткені ол жеке меншікті, әрбір жеке автономияны және мемлекеттің абсолюттік билігін жояды. Тоталитаризм екінші түрі ең бірінші 1922 жылы Италияда орнатылған. Бұнда тоталитаризм толық түрінде көрсетілмеген. Италияда фашистік тоталитаризмнің шекарасы мемлекетке әсер етушілер тұрғысымен орнатылған. Сондықтан тәртіптің ыдырауы жақындағанда олар Муссолиниді өздері-ақ биліктен алып тастайды. Тоталитаризмнің үшінші түрі – ұлтшылды (социализм – ол 1933 жылы шынай саяси қоғамдық түрінде Германияда пайда болған). Оның фашизммен туыстастығы бірақ көбінесе кеңес коммунизмге ұқсайды. Мысалы, тоталитарлық партиялық ұйымшылдық түрі және «товарищ» деп айтқанында. Тоталитаризм өзінің коммунистік түрінде көп өмір сүреді. Бөлек мемлекеттерде бүгінгі күнге дейін өмір сүреді. Кейбір авторлар тоталитаризмді нашар дамыған елдердің модернизациясының саяси түрі деп қарастырады.

    Бірақ тоталитаризм – тарихи тәртіп. Тоталитаризм – жабық қоғам уақытында сапалы жаңаруына үйренбеген.

    Авторитаризм – саяси тәртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен билікке ұмтылысы. Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады. Өз сипаттаумен ол тоталитаризммен демократияның арасында орналасады. Тоталитаризммен оның автократиялық заң мен шектелмейтін билік сипаттамасы демократиямен – автономия бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын қоғам салаларымен ұқсайды. Мысалға XX ғасырда көп авторитарлық мемлекеттерде легитимация мақсатымен ұлттық идеология және формальды билік бақылайтын сайлау көп қолданған. Көптеген Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкадағы болған авторитарлық режим өзін өмір сүруін ұлттық босатумен және туумен ақтайды. Соңғы онжылдықта авторитарлық жүйелер жиі кейбір демократиялық институттармен пайдаланған – олар сайлау, плебисцит т.б. Мысалы, конкуренті емес немесе жарты конкуренті сайлаулар: авторитарлы немесе жарты авторитарлы режиммен Мексикада, Бразилияда, Оңтүстік Кореяда, Ресейде, Қазақстанда және басқа мемлекеттерде пайдаланған.

    Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің айыратын белгілерін береді, олар:

    -          күшті орталықтанған билік

    -          бір топтың немесе партияның билікке монополиясы

    -          элитаның қалыптасуы

    -          оппозицияға толық немесе толық емес тиым салуы

    -          билік өзгеруінің күштеу мінезі

    -          шектелген плюрализм

    -          билікті ұстап қалу үшін күш құрылымын кең қолдануы

    -          өкіметтік билік органдарының, салмаудың және оппозицияның бар болуы. Бірақ оларды жұмыс істеуі шектелген тек формальды түрінде ғана.

    -          халықты билікке жібермеуі

    -          қоғам мен жеке адамның үстінен тотальды бақылаудан бас тарту.

    Қазіргі әлемде авторизмнің сақталып қалуына көп жағдайлар себеп болып келеді. Мысалы:

    -          Азаматтық қоғамның дамымағандығы

    -          Экономиканың артта қалуы

    -          Дамушы қоғамдарда шиеленістің биік тәсілі

    Қазіргі уақытта тоталитарлық саяси жүйенің ыдырауымен көптеген әлемнің коммунистік мемлекеттерінің ғылыми және саяси қызығушылығы авторитаризмге көбейді. 80-90 жылдары авторитарлық мемлекеттер, олар (Оңтүстік Корея,Чили, Китай, Въетнам және т.б.). Өзінің экономикалық және әлеуметтік күштілігін көрсетті және экономикалық гүлденудің саяси тұрақтылығымен күшті биліктің – бостандық экономикамен және қауіпсіздікпен дамыған әлеуметтік плюрализммен дамығандығын дәлелдейді. Сондықтан авторитаризмнің реформаторлық мүмкіншіліктері бар екен деп ғалымдардың пікірлерімен келісуге болады (В.П. Пугачев). Бірақ демократияға көзделген авторитарлық тәртіп көпке шыдамайды. Бұнда қазіргі жағдайда тұрақты саяси жүйенің бір типі – ол демократия.

    «Демократия» - түсінігі ол саяси ғылымда маңызды болып келеді. Демократия ол:

    -       бір қалыптасқан ұйымның түрі мүшелерінің шешім қабылдауына тек қатысуына негізделген;

    -       қоғамдық құрылымның идеалы және оған сәйкес әлем көзқарасы;

    -      халық билігі және демократияның мақсаты мен идеалының жүзеге асуы үшін әлеуметтік-саяси қозғалыс;

    Демократияны мемлекеттік құырылым ретінде зерттегеннен кейін оның тағы бір белгілерін көресетеді:

    -          қоғамда көптеген қызығушылықтармен мүмкіндіктердің бар болуы;

    -          саяси институтқа-топтарға кепілденген жолы;

    -          жалпы сайлау құқығы;

    -          өкіметтік институттардың өкімет іс-әрекеттік бақылау;

    -          саяси нормаға қатысты көпшілік қоғамның келісуі;

    -          пайда болған шиеленістерді бейбітшілік түрінде шешу.

    Демократия анықталған жағдайда пайда болады және сақаталады. Біріншіден. Экономикалық дамудың биік деңгейі. Пипсет С Дженмен В. мен Куртпен жасалған. Зерттеу қорытындысы бойынша тұрақты экономиканың өсуі ең соңында демократияға әкеледі. Екіншіден. Қоғамда толеранттылықтың бар болуы, саяси азшылықтың құқығын сыйлау. Үшіншіден. Қоғамның базалық құндылығына, тең құқығына, қатысты келісімі. Төртіншіден. Халықтың саяси қатысушылыққа ұмтылысы (біріншіден сайлау түрінде). Демократиялық саяси режимді демократиялық тәртіпке негізделген басқару түрі деп атауға болады. Оның негізінде – адамның бостандығын, құқық кепілдігін қорғау. Демократияда өмірді реттейтін ол заң болып табылады. Мемлекет міндетті түрде құқықты болады және қоғам азаматты түрде болады. Плюрализм принципі қоғам өмірінің бүкіл саласына таралған. Сондықтан мемлекеттік және қоғамдық құрылымнан туындайды. Бұған әсер ететін азаматтық қоғам және әртүрлі әлеуметтік қабаттың мәдениет демократиясы. Тұрғындардың билік құрылымының әрекетіне бақылау жүргізуіне мүмкіндігі бар және орын өз басқарушылығынан дамыған. Тікелей немесе өкіметтік демократия. Осындай принцип: «Заң мен тиым салмағанның бәріне рұқсат» бар. Осымен демократия саяси режимнің жүргізуші элементі болады. Батыс саясаттанушылары, демократия режимнің мынадай басқару түрлерін ажыратады:

    1.      Президенттік режим, 2.      Парламенттік режим

    Президенттік режим түрі онда парламенттің және заңшығарушылық қызметінің орындауына қарамастан толық билік президенттің қолында болады. Осы режимде Президент үкіметті өзі құрады заңға вето салуға құқығы бар және заң шығаруға құқығы бар; парламентті шашыратуға және парламенттік сайлаудың мерзімге дейін жариялауға құқықығы бар және т.б. Президенттік режим классикалық түрін АҚШ-та көруге болады. Парламенттік режим түрінде толық заңшығарушы билік парламентте мемлекет басшысы монарх немесе парламент пен тағайындалған президент болса да осы режимде Парламенттің Президент ветосын қабылдамауға құқығы бар, президент заң шығаруына қарсы заң қабылдауға құқықығы бар: импичмент арқылы президентті орнына алуға құқықығы бар; президент басқарып отырған үкімет үстінен бақылау жүргізуге құқықығы бар; және т.б. Маңызды қызығушылық қазіргі демократиялық жүйенің талдауын көрсетеді: Ол А. Лейпхарттың «вестминистерлік демократия үлгісі» мен «демократияның консенсустық үлгісін» ұсынуы. Бірінші үлгі көпшілік принципін білдіреді. Бұл үлгі өмір тәжирибесінде атқарушы биліктің концентрациясын сипаттайды (бір патиялық кабинет немесе «таза көпшілік кабинеті»); биліктің тұтасуы; ассиметрикалық екіпалаталы парламент; партиялырдың біртүрлілігі; плюралистік сайлау жүйесі; унитарлық және орталықтанған басқару; парламент суверениеті мен жазылмаған конституция; өкілдік демократия. Мұндай демократия үлгісі Ұлыбританияда, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда және т.б. елдерде бар. Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Ол қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән – мағынасын терең түсініп  - білуге адамдардың өмірінде атқаратын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы, әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық – саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс - әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттық сыр – сипатын, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат – мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы, халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын барлық адам түгелімен саяси шешім қабылдауға қатыса алмайды.
    Десе де, мемлекеттік саясатта жұртшылықтың әр түрлі топтарының мақсат – мүдделерінің ескерілуі, басқарушы топтың құзыреттілігі мен жауапкершілігі көбіне азаматтардың саналығы мен белсенділігіне байланысты. Адамдардың саясатқа қатысып, салиқалы шешім қабылдауы өзінен - өзі тумайды. Ол үшін газет, журналдарды оқып, радио тыңдап, теледидар көру де аз. Ондағы материалдарды сындарды сараптап, шынайы қорытынды шығару, саяси өмірдің субъектісі болу үшін жүйелі түрде саясат теориясын игеріп, саяси процеске қатысу жолдарын арнайы оқып – үйрену, іс жүзіндегі тәжірибе керек. Біздің заманымызда кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрақты тіршілік еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерде амал – айла, құлықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді. Азаматтардың көпшілігінің саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі және ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс. Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ықпалы әр түрлі. Жеке адамның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да жоғары болады. Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық – құқықтық заңда айқындалады. Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін құқығы конституциялық сипаттан қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей байланысты. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдың әлеуметтік – мәдени, саяси – құқықтың алғы шарты қажет. Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек. Білімді адамның мәдениеті жоғары болады. Егер жоғарыда көрсетілгендей алғы шарттар болмаса, тұлғаның қоғамдық саяси өмірге белсене қатынасып, оның нағыз субъектісіне айнала қоюы қиынға түседі. Сондықтан шын демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады. Саясатта жеке адамның мәдениетінен басқа негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі – жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамассыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады. Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп өрістеуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени қазыналарды көруге рұқсат, өнер мен техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады.
    Адам құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын оның қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Бұл міндеттерінің орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін қажет. Халықтың саяси мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді меңгеріп, саяси құбылыстар мен процесстерді, заңдылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен қатар қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы адамзаттық қазынаны сақтап, молайтуға тырысу, Отанға қауіп төнсе, оны қорғай білу де жатады. Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезеңді басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында, іс - әрекетінде, дәуірдің де, бүгіннің де, болашақтың да, мәдениеттің де көріністерін байқаймыз. Мәселен, біраз адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғыдай мемлекеттің басым тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақ дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына өз үлесін қосқаны абзал. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында да адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Әркімнің өмір сүруге, жеке басының бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір – қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмау. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Мұның бәрі Қазақстан халқының демократиялық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін де аңғартады. Жеке адамның саяси мәдениеті жоғары болу үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан – жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұру дамыған хабарламалық жүйенің болуы қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді. 

    Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, бейнефильмдер, плакаттар.

    Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция

    Деңгейлік тапсырмалар:

    1–деңгейлік сұрақ. Мемлекеттің пайда болуы туралы қандай теорияларды білесіз? Оның қайсысы дұрыс деп санайсыз? Неге?

    1 –деңгейлік сұрақ .Мемлекеттің басқа саяси ұйымдардан айырмасы қандай?

    2–деңгейлік сұрақ. Мемлекет кімге қызмет етуі керек: өзіне-өзі, адамдардың тобына, бүкіл қоғамға ма? Ойыңызды дәлелдеңіз.

    2–деңгейлік сұрақ. Қоғамдық өмірдің мемлекеттенуі деген не? Ол қандай жағдайда пайда болады?

    3–деңгейлік сұрақ . мемлекеттің белгілері қандай? Бұл белгілерсіз мемлекет бола алама?

    ОБСӨЖ тапсырмалары: Мемлекеттің атқаратын қызметтерін талдаңыз

    1. БӨЖ тапсырмалары: Саяси режимнің түрлері мен олардың ерекшеліктерін ашып көрсету.


    Әдебиеттер:

    1. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы.- Толықтырылған үшінші басылымы.- Алматы, 2013. - 240б.

    2. Сыдықов Ұ. Саясаттану. – Алматы: Эверо. 2012.- 132б.

    3. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. Екі томдық. 1 том. –Алматы: Қарасай, 2011.-424б.

    4. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. Екі томдық. 2 том. –Алматы: Қарасай, 2011.-424б.

    5. Рахымбаева А.Саясаттану. – Астана: Фолиант. 2012.- 232 б.

    6. Қоғамдық саясат. Саясат, талдау және баламалар: Оқулық, /Майкл Е. Крафт, Скот Р. Фурлонг.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2017.- 468 б.

    7. Қазақстанның дін жөніндегі мемлекеттік саясаты. А.Т.Асан, А.С.Балапанова, Т.А.Козырев, 2013

    8. Саясаттану бойынша дəрістер курсы / Н.Ж. Турсумбаев. - Қостанай: ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, 2016. – 123 б. http://rmebrk.kz/

    9. Иманбаева А.А. Саясаттану: Оқу-әдістемелік құрал. –Алматы, 2017.-112б. http://rmebrk.kz/

    10. Абдыкалыков У.К., Симтиков Ж.К. Саясаттану: Оқулық. /Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. – Алматы, 2018. 209б. http://rmebrk.kz/

    11. Сарсенбеков Н.Ж. Саясаттану: Электрондық оқулық.- Қарағанды: ҚарМТУ, 2015. http://rmebrk.kz/


    написать администратору сайта