Главная страница

Лекция та ырыбы. Сенсорлы б зылысы бар балаларды жалпы білім бе.. Лекция таырыбы. Сенсорлы бзылысы бар балаларды жалпы білім беру рдісіне осу Лекцияны оыту нтижелері Білім беру барысында балаларды


Скачать 63 Kb.
НазваниеЛекция таырыбы. Сенсорлы бзылысы бар балаларды жалпы білім беру рдісіне осу Лекцияны оыту нтижелері Білім беру барысында балаларды
Дата08.03.2023
Размер63 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаЛекция та ырыбы. Сенсорлы б зылысы бар балаларды жалпы білім бе..doc
ТипЛекция
#974371

№ 7- Лекция тақырыбы. Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу



Лекцияның оқыту нәтижелері:

  1. Білім беру барысында балалардың ерекшелігін есепке ала отырып, тәжірибеде қолдану дағдысын кӛрсетеді.

  2. Мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс жасауға дайындығын кӛрсетеді.

  3. Қоғамдық нормаларға негізделетін этикалық құндылықтарды түсінеді, кәсіптік қызметінде қолданады.

  4. Топта және ұжымда мүмкіндігі шектеулі балалармен қарым-қатынас орнатуды жүзеге асырады.



Сӛйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктері.


«Сӛйлеу тілінің күрделі бұзылысы» (СТКБ) ұғымы сӛйлеу функциясы бұзылуының әртүрлі түрлерін біріктіреді. Қарастырылып отырған санатқа жататын балалардың басым бӛлігін сӛйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалар құрайды. Сӛйлеу тілінің жалпы дамымауы (СТЖД) балаларда сӛйлеу жүйесінің барлық: фонетикалық, фонематикалық және лексика-грамматикалық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуымен сипатталады.

СТЖД балаларда сӛйлеу тілі дамуының потологиясы байқалады. Мектепке дейінгі жаста сӛйлеу тілі дамуының кеш басталауы, сӛйлеу тілі дамуының тежелуі, жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін шектеулі сӛз қоры, тілдік грамматикалық құрылымы қалыптасуының бұзылуы, дыбыстарды айтудың және фонематикалық қабылдаудың бұзылуы СТЖД негізгі белгілері болып табылады. Сонымен бірге бұл санаттағы балалардың есту қабілеті сақталатынын және белгілі жасқа арналған қаратпа сӛзді түсініп, қабылдай алатындарын атап ӛту қажет. СТЖД бар балалардың сӛйлеу тілінің дамуды түрлі деңгейде болуы мүмкін. Тілдік дамудың үш деңгейін бӛліп кӛрсетеді (Р.Е.Левина). Әр деңгейге диагностика бала үш жастан асқаннан кейін жасалуы мүмкін.

Бірінші деңгей – ең тӛменгі. Балалар тілдесудің жалпы қолданылатын құралдарын меңгермеген. Олар тілдесу барысында дыбысқа ұқсас және былдырлаған сӛздер, сонымен қатар дыбыстық айтылымы жағынан бұрмаланған аз мӛлшердегі зат есімдер мен етістіктердің қолданады. Бала былдырлаған бір сӛзді әртүрлі мағына беретін ұғымдарды түсіндіру үшін бірнеше рет қолдануы мүмкін. Балалардың сӛйлеуі белсенді қимылдармен және бет мимикасымен қабаттас жүруі мүмкін.

Екінші деңгей – балалар тілдесудің жалпы қолданылатын бастамаларын меңгерген. Күнделікті қолданылатын сӛйлеу тілін түсіну жеткілікті дамыған. Балалар сӛйлеу тілін бенсендірек қолданады. Олар түрлі қимылдармен, дыбыстық кешендермен және былдыр сӛздермен қатар, ӛздерінің сӛздік қорларының ӛте шектеулі болуына қарамастан заттардың атын, іс-әрекеттер мен белгілерді білдіретін жалпы қолданылатын сӛздерді де пайдаланады. Грамматикалық формаларды қолдануда ӛрескел қателіктер, сӛздердің буындық құрылымы бұзылғаны, дыбыстарды дұрыс айтпайтындықтары байқалады.

Үшінші деңгей – балалар толық сӛйлемдерді қолданады, заттардың, іс-әрекеттердің атауларын, күнделікті ӛмірде кездесетін және оларға жақсы таныс заттардың сипатын айтуда қиналмайды. Алайда олардың сӛйлеу тілі жүйесінде лексика-грамматикалық және фонетика-фонематикалық жетіспеушіліктер байқалады.

Сӛйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларда сӛйлеу-ойлау әрекеті жетіспеушілігінің салдарынан тілдік білік пен дағдылардың қалыптасу процесі артта қалған. Соның нәтижесінде оларда түрлі деңгейдегі тілдік бірліктері және олардың қызмет ету ерекшеліктері: фонемалар, лексемалар, грамматикалық формалар мен конструкциялар, сӛйлем құрастырудың заңдылықтары туралы жалпыланған түсінік қалыптаспайды. Мектепте оқу барысында оқушылардың күнделікті тұрмыстық сӛйлеу тілі жалпы қабылданған формаға жақындайды, дегенмен ойын ӛз бетінше жазбаша түрде рәсімдеуде

қиындық кӛреді. Негізгі орта мектеп деңгейінде сӛйлеудің жазбаша түрінің қалыптасу, оқушылардың пән мазмұнын мазмұндау, терминологиялық лексиканы дұрыс қолдану проблемалары пайда болады. Сӛйлеу тілінің жетік болмауы баланың сенсорлық, интеллектуалдық және сана-сезімдік жүйелерінде кӛрініс табады, жете дамымау немесе дамудың ӛзіндік ерекшеліктері бұзылудың келесі түрі ретінде байқалады, ал олардың байқалу деңгейі тілдік потологияның кӛлемімен анықталады.

Сӛйлеу тілінің жалпы дамымауы бар оқушылар үшін зейіннің тұрақты болмауы, алаңдаушылық, тілдік құбылыстарға байланысты байқағыштықтың жеткіліксіз болуы тән. Олар ауызша материалды есте сақтау барысында қиындық кӛреді, ӛз бетінше орындаған оқу тапсырмаларында кӛптеген қателер жібереді.

Жазбаша тіл ауызшаға қарағанда екінші орында болады және ауызша тілдің негізінде құрастырылады, сол себепті жазбаша тілді меңгеру деңгейі сӛйлеу тілінің даму деңгейімен анықталады.

Тұтығу, ринолалия (дыбысты айтудағы кемістік) және дисфонияның (дауыс сапасының бұзылуы) ауыр түрлерімен ауыратын балалар сӛйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушылардың ерекше тобын құрайды. Аталған жағдайлардың әрқайсысы негізгі кемістікте ӛзіне тән кӛрініске ие. Мысалы. кекештену – бұл сӛйлесу кезінде селкілдек тырыспа түрінде, ринолалияда – дыбыстарды айтудың және фонематикалық қабылдаудың бұзылуынан, дисфонияда – дауыстың бұзылуынан байқалады. Алайда, бұл оқушылардың жалпы білім беретін мектеп жағдайында білім алу процесін қиындататын, осы санаттағы балаларға ортақ ерекшеліктер де байқалады. Бұл ерекшеліктердің арасынан сӛйлеу және мінез-құлықтық негативизмді (қарама-қарсы теріс әрекет) атап ӛту қажет, аталған ерекшеліктер баланың әлеуметтік бейімсізденуіне, оқуда үлгермеушілігіне, тұлға жүйкесінің жұқаруына (ашушаң болуына), бейәлеуметтік тәртіпке, мектепке барудан бас тартуға әкеледі. Оқушыларда сӛйлеудің ӛзіндік қисынды құрылымы, оқу және жазу барысында ӛзіне тән тұрақты қателер, эмоционалдық-еріктік жүйенің қалыптасуында ауытқулар байқалады.

  • кейбір қияли ауру адамдардың қарама-қарсы теріс әрекеті;

  • кейбір қияли ауру адамдардың қарама-қарсы теріс әрекеті) .

Сөйлеутілініңкүрделібұзылыстарыбарбалалардыоқытудыңарнайыжағдайлары

Сӛйлеу қабілеті күрделі бұзылған балаларды оқытудың негізгі міндеттері МЖБС сәйкес жалпы білім беру, сонымен қатар олардың сӛйлеу тілдік әрекеттеріндегі ауытқуларды, соған байланысты пайда болған балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріндегі кемшіліктерді жеңуді, олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін теңгеруші (компесаторлық) дағдылардың қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады.

Сӛйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да (қажетті психолог-педагогтік қамтамасыз ету барысында), сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін.

Сӛйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:

  • бастауыш білім беру деңгейінде – 0 (даярлық), 1-4 сыныптар;

  • негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. Негізгі мектепті бітіргеннен кейін жеткіншек білімін ТжКБ ұйымдарында жалғастыра алады.

Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сӛйлеу тілі бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету- сауықтыру шараларын ӛткізудің қажеттігімен байланысты болып отыр.

Мектепке дейінгі сәйкес дайындықтан ӛткен балалар 1-ші арнайы сыныпқа қабылдануы мүмкін. Мектепке дейінгі дайындықтан ӛтпеген, 1-ші сыныптың бағдарламалық материалын меңгеру үшін жеткілікті сӛз және ұғымдар қоры жоқ оқушылар, арнайы даярлық сыныбына қабылданады.

Сӛйлеу тілдік әрекеті нормаға сәйкестендірілген жағдайда оқушы оқытудың кез келген сатысында жалпы білім беретін мектептің кәдімгі сыныбына ауыстырылуы мүмкін.

Сӛйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында оқыту, тілдік дамудың бұзылуын жеңуге және оқушылардың оқу бағдарламалары мазмұнын меңгеру мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған түзету компонентін қамтитын арнайы Үлгілік оқу жоспарларына жүзеге сәйкес асырылады. Оқыту жалпы білім беру бағдарламаларымен де, сондай-ақ арнайы бағдарламалармен де, түзету пәндерінің бағдарламаларымен де жүзеге асырылады.

Оқу процесінде оқушылардың сӛйлеу және танымдық ерекшеліктерін ескеретін арнайы әзірленген дидактикалық материалдарды, АКТ және басқа да материалдарды қолдану қажет.

Оқушылардыңбілімалудағыерекшеқажеттіліктерінқанағаттандыру

Оқытудың түзетушілік бағыттылығы білім берудің түрлі деңгейінде оқушылардың тілдік және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру пәндерінің мазмұнын оқыту әдістемесі саласына бейімдеу және ӛзгертудің кӛмегімен жүзеге асырылады. Түзету-дамытушылық нәтиже арнайы пәндер (Айту, Тілді дамыту) және тілдік кемістіктері бар оқушыларға бейімделген жалпы білім беретін пәндер (Сауат ашу, Әдебиет, Ана тілі), яғни түзетуші лингвистикалық курс арқылы орындалады. Аталған курс тұлғаның тілдік әрекетінің толық қалыптасуының және қоғамға ойдағыдай бейімделуінің маңызды құралы болып табылады.

Түзету сабағы ретінде оқу жоспарына: «Түзету ырғағы» және логопедиялық сабақтар енгізілген.

«Түзету ырғағы» курсының негізгі мазмұнын сӛздер мен музыканың үйлесімді ырғағындағы қозғалыс әрекеті құрайды. Сабақтар оқушылардың қозғалыс жүйесін, интеллектуалдық және сенсорлық мүмкіндіктерін түзетуге және дамытуға, сӛйлеудегі кемшіліктерін жоюға бағытталған. Логопед сабақтары сӛйлеудің күрделі бұзылуларын жеңуге, сонымен қатар бастауыш мектепті аяқтаған кезде оқушылардың ауызша және жазбаша сӛйлеу тілі қалыптасып, сӛздерді айтудағы кемістіктерін жоюға бағытталады. Логопедтік сабақтар жеке және 2-4 адамнан тұратын шағын топтарда да ӛткізіледі. Негізгі және орта білім беру деңгейінде логопедтің жұмысы жазу, оқу, дауыс, сӛйлеу жылдамдығы мен ырғағын түзетуді қамтамасыз етуі тиіс.

Өмірлікіс-әрекеттіңарнайыортасы

Жалпы білім беретін сабақтарға арналған бӛлмелерден басқа, мектепте логопед сабақтарын, психолог ӛткізетін сабақтарға және түзету ырғағын ӛткізуге арналған бӛлмелер болуы тиіс.
Глоссарий

Олигофрения - тұқымқуалаушылық жолмен таралатын патологиялық жағдайлар, хромосомдық аберрация әсерінен орталық нерв жүйесінің ұрықтық даму кезеңінде, постнатальды дамудың ерте кезеңінде (2 жастан — 2,5 жасқа дейін) зақымдануынан болатын психикалық жетіспеушіліктің күрделі формасы.

Деменция (латын тілінен аударғанда dementia — аз милылық) — танымдық әрекеттердің тұрақты түрдегі әлсіреуі. Деменцияның негізгі себептері нейроинфекцияның, соққылардың әсерінен резидуальды-органикалық бұзылулармен түсіндіріледі.

Дебиль— ақыл-ой дамуының жеңіл түрдегі бұзылуы.

Имбециль — ақыл-ой дамуының орташа түрдегі бұзылуы

Идиотия  ақыл-ой дамуының күрделі түрдегі бұзылуы.


написать администратору сайта