алеуметтану шпаргалка. алеуметтану рубежка. леуметтану ылыма кіріспе жне басты ымдарды тжырымдау
Скачать 0.51 Mb.
|
1 2 Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау Қоғам - қауымдастық пен ұлтты немесе географиялық аумақты, экономикалық, мәдени және саяси байланыстарды және жеке мінез-құлық пен өзара әрекеттесуге қатысты сенімдерді тоғыстыратын, үзақ уақыт өмір сүретін үлкен топтастық. Әлеуметтану - әлеуметтік топтарды, әлеуметтік өзара әрекеттесуді және қоғамды жүйелі түрде зерттейтін ғылым. Ғылымның бұл саласы Терезаның, Майктың, басқалардың да басына түсуі ықтимал өмірдегі жағдайларға баса назар аударады Қоғам - тұрақты қауымдастық, ұлт немесе бір аумақтағы, экономикалық, мәдени және саяси байланыстарды және әлеуметтік сенімдерді тоғыстыратын үлкен топтастық. Әлеуметтану - адамзат қоғамын, әлеуметтік топтарды және әлеуметтік өзара әрекеттерді жүйелі түрде зерттейтін ғылым. Әлеуметтік құрылым - белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарымқатынастардың қайталанып отыратын үлгілері. Әлеуметтік қиял - жеке адам мәселесін, негізгі әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара түсінуді көрсететін қабілет. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін XIX ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Яғни, әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әрбір ғылымның пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген қоғамдағы құбылыс. Процесс немесе көкейкесті мәселесінің артықшылығын, қасиеттерін, сапасын, логикалық тұрғыдан жан-жақты талдау негізінде адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, ұйымдасып еңбек етуін, қызмет атқаруын, жұмыс істеуін, жалпы материалдық, рухани іс-әрекеттердің, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір-біріне әрекетін, түрлерін жан-жақты терең танып, білуді әлеуметтанудың пәні деп айтады. Бұл зерттеулердің басты мақсаты – объект, құбылыс, процесс және мәселелер арасындағы басты, қажетті, тұрақты, қайталанатын, мәнді, маңызды байланыс, қатынастарды логикалық тұрғыдан зерттеу. Бұл байланыс-қатынастардың сапалық жағынан өзгешелігін көрсету. Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние – танымында қолданатын құрал-тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес,өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің шекарасын белгілейді. Сонымен бірге әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты: макросоциологиялық және микросоциологиялық. Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде қарастырады. Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады. В.А.Ядов «Осыдан әлеуметтануды анықтаудың екі әртүрлі жолдары ажыратылады: бірінші, ғылым ретінде пәнінің тұтас қоғамдық ағза, әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылуы, екінші, бұқаралық әлеуметтік үрдістер мен бұқаралық тәртіп жөніндегі ғылым» деп жазады. Ал, әлеуметтану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау, әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу – бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс-әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтік - әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі. «Әлеуметтік» деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы үдірістер мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі – «қоғамдық» , екіншісі – «әлеуметтік», Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде «қоғамдық», «қоғадық қатынастар» ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қатынастарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қоғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде «әлеуметтік» ұғымын кең қолданып, осыған, сәйкес «Әлеуметтік қатынастар» ұғымы туралы айтқан. Маркс пен Энгельс еңбектерінде кейде «әлеуметтік» ұғымы «азаматтық» ұғымымен алмастырылған. «Азаматтық » деген ұғымды олар қоғамдағы адамдардың белгілі бір байланыс пен қатынастарын зерттеуде қолданып отырған. Ал, батыс елдерінде Маркс пен Энгельстің жолын ұстаушылар «қоғамдық», «әлеуметтік», «азаматтық» ұғымдарын одан әрі шатыстырды. Бұл жерде біз «әлеуметтік» ұғымының мазмұнын терең түсінуіміз керек. «Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамның жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекеттерінде атқарған қызметтерінде байқалады. Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі (мысалы, экономикалық, саяси, т.б.) әр уақытта адамдардың өзара қарым – қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады. Қорыта айтқанда, әлеуметтілік - әр түрлі жеке тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір - бірімен байланыс - қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір – бірінен өзгеше қоғамдық үдірстерге деген қатынасынан көрінеді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасу категориялары Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар яғни, жалпы ұғымдар өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас байланыстардың тұрақты, қайталануын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс - қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір - бірінен бөлек, оқшау тұрмайды. Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік байланыс», «әлеуметтік қатынас», «әлеуметтік процесс», «әлеуметтік тұлға», «әлеуме әлеуметтікттік бірлік», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік бақылау», «әлеуметтік басқару», «әлеуметтік ережелер» (бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі), «стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус», «әлеуметтік тәртіп», «әлеуметтік сана», «әлеуметтік талап-тілек», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік тұтыну», «әлеуметтік қауіпсіздік», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік», және т.б. Осыған орай кейбір категорияларға жеке тоқталайық: Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударды. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар. Осы қарым-қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетінің мұң – мұқтажы, талап-тілектерінің бірлігі жатыр. Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруның тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік – таптық, топтық, әлеуметтік – демографикалық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады. «Әлеуметтік құрылым». Бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттелген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі. «Қоғамдық сана». Бұл қоғамның рухани құрылымның жиынтығы. Қоғамдық сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет. «Әлеуметтік топ» - бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметтік теңсіздік; «тұлға» - бұл адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдарды қолданады. Әлеуметтік құндылық. Бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді. «Әлеуметтік нормалар» (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы. Тұлғалық ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т.б. – бұлар адамдардың әлеуметтік белсенділіктердің қозғаушы күштері (стимулдері); «әлеуметтік рөл»,яғни атқарылатын қызмет; «әлеуметтік статус» - адамның қоғамдағы орны мен жағдайы, т.б. Айта кететін тағы бір жайт, әлеуметтанудың көптеген категориялары басқа ғылымдарда да кездеседі. Әсіресе, мұңы құқық ғылымында байқауға болады. Мысалы, әлеуметтік норма, әлеуметтік ұйым , әлеуметтік институт, әлеуметтіу жауапкершілік, әлеуметтік бақылау, әлеуметтік белсенділік, т.б. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлдық ғылымдардан ең басты айырмашылығы – оның өзіне ғана тән әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани, құбылыс, процестерді зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында. Олар: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т.б. Жоғарыда көрсетілген алуан түрлі ұғымдарды кеңінен қолдана отырып, әлеуметтану білімнің жаңа қайнар көздерін ашып, әрбір адамның қоғамдық құбылыстар, процестер туралы танымын, білімін толықтырып отырады. Мұндай танудың, білімнің өзгеше құрылымы, түрі және деңгейлері болады. Әлеуметтану пәнінің негізгі құрылымы және қызметтері 2.Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады. Әлееуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысынң екінші түрі- ол адам туралы, оның іс-әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманисттік ғылымдарда кеңінен қолданылады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол нақтылы ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономикалық ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыспен процесттерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнауы теориясы жасалды. Құқық ғылыммен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде- құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен бірге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен бірге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтану, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары (барлығы 100-ге тарта) пайда болды. Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтанумен тығыз байланысы олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларының (жалпы ғылымдарын) қағидаларын, заңдарын нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан байқаймыз. Екінші жағынан, әлеуметтану өзінің ой-пікірлерін, теорияларының тұжырымдамаларын, т.б. толық дәлелдеу және одан әрі дамыту үшін нақтылы ғылымдардың фактілеріне, деректеріне, тұжырымдарына, т.б. сүйенеді, осылар арқылы ол жаңа қорытындылар жасап, орын алып отырған қайшылықтарды жұмсарту немесе жою жолдарын, жалпы қоғамның даму тенденцияларын (бет алысын) анықтайды. Сөйтіп қоғамды басқарудың тиімділігін арттырады. Қоғамдағы әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері. Әлеуметтік институттың түрлері. Әлеуметтік институттың түрлеріне сипаттама. Қоғам деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады. Қоғам сөзіне негізгі түсініктеме бергендер көп, соның ішінде: - Огист Конның айтуынша қоғамды отбасы, тап және мемлекет құрайды деді. - Эмиль Дюркгейм- қоғамның тұтастығының негізі коллективте, жалпыға тән сана деген тұжырым айтты. - Макс Вебер- қоғам адамдардың бір- біріне әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыс жиынтығы. - Парсонс- пікірінше қоғам адамдар арасындағы қарым- қатынас жүйесі, ал ол қарым- қатынас негізі ережелермен құндылықтар болып табылады. - Карл Маркс- қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етуінің нәтижесінде пайда болады деді. Әлеуметтік құрылым дегеніміз- қоғамның ішкі құрамы, оның элементтер жиынтығымен олардың арасындағы сан алуан байланысы бар. Қоғамның әлеуметтік құрылымын 3 элементке бөлеміз: 1.индивид 2.қоғамдастықтар 3.институт Әлеуметтік институт- қоғам мүшнлнрінің өмір сүруін ұымдастырылуын реттеп отыруын тарихи қалыптасқан, тұрақты формалары. Әлеуметтік институттар көмегімен адамдар арасындағы қарым- қатынастар белгілі бір тәртіппен стандартқа келтіріліп, олардың мінез- құлықтарымен іс- әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр. Әлеуметтік институттың 4 тобы болады: 1.экономикалық институт 2.саяси институт 3.рухани сана институты 4.отбасы институты Қандай да бір әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған мәртебелердің ірі бірлестігі “әлеуметтік институттар” болып табылады. Арнайы институттармен ұйымдар құра отырып қоғам өзінің өмір сүруінің маңызды салаларымен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым қатынас түрлерін нақтылып бекітеді, оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етеді. Әлеуметтік институттар негізіне жататын әлеуметтік байланыс “институтциональді” деп аталады. Ал осы байланыстардың тәртіптелген нормативті сипат беру процесі “инститиуттандыру” деп аталады. Экономикалық институт Экономикалық тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырды. Экономикалық әлеуметтану қоғам өмірінің негізгі саласын зерттейді: экономикалық және әлеуметтану, қызметкердің өндірістік аядағы мінез құлқы, әлеуметтану мәдениеті мен экономикалық мінез құлық. Негізгі қарастыру аясында әлеуметтік экономикалық реттеу механизмі, адамның еңбекке деген қарым қатынасы, еңбек ықшамдығы, еңбек нарығы, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық туралы. Социология еңбекті адамға ғана тән шығармашылық қызмет ретінде қарастырады. Еңбектің субьектісі тек қана адам болады, еңбек барысында адам өзін жоғары жаратылыс екендігін көрсетеді. Бізде кез келген адам еңбек еркіндігінде. Адамдар жұмысқа тұруға шешім қабылдаған кезде өзіне қолайлы орын табуға үміттенеді. Егер жұмыс іздеушінің үміті негізсіз жоғары болса, бұл жұмыссыздық деңгейінің өсуіне алып келеді. Саяси институт Қоғамды билеу және басқру қызметін жүзеге асырып отырады. Саясат пен заң тәсілі. Саяси социология саясат пен саяси қарым қатынастарды зерттейтін социология саласы. Оның пәндік құрылымы және саясаттың социологиялық көрінісін ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель анықтап көрсетіп берген. Саяси социологтар мен политологтар саясатты заңсыз әлеуметтік институттар және әлеуметтік құрылым талдамасын құрастыруды ұсынған. Отбасы институты Отбасы әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологияның негізгі бағыттарының бірі. Негізгі мәселелері отбасының өз қызметтерін орындау, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және тағы басқа зерттеулер болып табылады. Отбасы әлеуметтену институты есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Рухани сана институты Ғылым мен білімнің өнердәі дамуына және қоғамдағы моральдік құндылықтарды қолдауға ықпал етеді. Өзінің қалайтын жұмыс іздеу жұмыссыз адам ұшыраған жағдайды жеңу проблемасы мамандардың негізгі зерттеу тақырыбына айналды. Олар әр түрлі кеңестер ұсынды. Қазақстанның ірі әлемдік қаржы экономика институттары европалық бірлестік, халықаралық және европа қайта қөру және даму банкі, Азия банктерімен де қарым-қатынасы нығайды. Қазақстанда кәсіпкерлердің Алматы инвестициялық саммиті мен форумы өткізілді, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі белсенді іс жүргізуде. Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі: Косов Г.В. Основы социологии и политологии : учебник для мед. училищ и колледжей / Г. В. Косов, Э. М. Аванесьянц. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010. Кравченко А. И. Социология : Учебник для вузов / Кравченко, Альберт Иванович. - СПб. : Питер, 2007. - 431 с. 3. Кравченко А.И. Социология : учебник для вузов / А. И. Кравченко, В. Ф. Анурин. - СПб. : Питер, 2010. 4. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану : оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дөкенов. - 2-ші бас., толықт. - Алматы : Қарасай, 2009 Қосымша: 1. Алимбекова Г.Т. Проблема насилия в отношении женщин : социологический анализ / Г. Т. Алимбекова. - Алматы : ДОИВА, 2008. - 196с Бақылау сұрақтары ( кері байланыс): Әлеуметтік институттардың түрлері. Әлеуметтік институттар түрлерінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар. Отбасы әлеуметтік институттардың қай түріне жатады. Отбасы деген не. Мәселелі сұрақтар: Отбасының түрлері қоғамымыздағы Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері. Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде. Жоспары: 1.Қоғамның анықтамасы, белгілері және құрылымы. 2. Қоғамның даму сатылары. 3. Қоғамның типтері және атқаратын қызметтері. Қоғамның анықтамасы, белгілері және құрылымы. Қоғам дегеніміз не, оның адам ӛміріндегі орны мен ролі қандай деген сұрақ әлеуметтану ғылымы үшін ең маңызды мәселе болып табылады. Адам – қоғамдық қатынастардың жиынтығы, қоғамның тікелей жемісі. Адам – биоәлеуметтік жан. Сонымен, қоғам дегеніміз не? Ең жалпылама мағынасында алғанда қоғам дегеніміз – адамдардың бірлестігі, жиынтығы. Қоғам – санасы, ақыл-ойы бар адамдардың жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы емес, ол адамдардың арасында айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас орнаған бірлестік. Яғни, қоғам – бұл белгілі бір аумақпен және мәдениетпен біріккен адамдардың тобы. Әлеуметтануда қоғам деп мынандай сипаттамалары бар жиынтықты атайды: 1.ӛмір сүретін террриториялық бірлігінің болуы; 2. ӛзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы; 3. ӛзін-ӛзі қамтамасыз етуі, ӛзін-ӛзі басқарып отыруы, ӛзін-ӛзі ӛсіріп отыруы және тб. 4. әлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын мінез-құлық нормалары мен әдет-ғұрыптар жүйесін құрайтын дамыған мәдени дәрежесінің болуы. Жалпы әлеуметтану ғылымы тұрғысынан алғанда қоғамға мынандай анықтама беруге болады. Қоғам дегеніміз кең мағынасында алғанда – адамдардың ӛздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы ӛзара байланыстары мен ӛзара әрекеттерінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі. Яғни, ол ӛзін-ӛзі реттеумен, ӛзін-ӛзі дамытумен, ӛзін-ӛзі толықтырумен және ӛндірумен сипатталатын, мәдени деңгейі жоғары бірлестік. Ал, тар мағынасында алғанда қоғам деп тарихи, әлеуметтік-мәдени және басқа да ерекшеліктерімен кӛрінетін нақты қоғам түсіндіріледі. Әлеуметтану ғылымында қоғам әлеуметтік құрылым, адамдардың ӛзара әрекет ететін кеңістігі болып табылады. Қоғам адамдардың ӛзара әрекетінің жемісі екендігін ӛткен заманның әлеуметтанушылары да, қазіргі заманғы әлеуметтанушылар да мойындайды. Дегенмен, оларға адамдардың қоғамға бірігуінің себептерін түрліше анықтайды. Мәселен, Огюст Конт қоғамға мынандай анықтама береді: «Қоғам – бұл ӛзара келісіммен байланысқан, оның құрылымдық элементтерінің барлығының функциялары келісімділікпен сипатталатын, бүкіл адамзаттың органикалық бірлігі». Карл Маркс: «Қоғам – бұл бірлескен қызмет процесінде қалыптасатын, адамдардың арасындағы тарихи тұрғыдан дамушы қатынастардың жиынтығы», - деп анаықтама береді. Макс Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 23 бет Барлығы 164 ЯкорьВебер: «Қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған әрекеттердің ӛнімі болып табылатын, адамдардың ӛзара әрекеті». Толкотт Парсонс: «Қоғам – бұл әлеуметтік жүйенің типі, ол жүйе ретінде қоршаған ортаға қатысты алғанда ӛзін-ӛзі жетілдірудің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізе алады». Осы берілген анықтамалардың бәрін жинақтай келе мынандай қорытынды жасауға болады: Қоғам – адамдарды қалай болса солай емес, белгілі бір ережелер бойынша байланыстыратын ӛзара әрекеттер жүйесі. Тұрақты әлеуметтік байланыстар мен қатынастар орнатудағы ӛзара әркеттердің жүйесі. Оның құрамдас элементтері мыналар: адамдар, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар және әдет-ғұрыптар. Әлеуметтану ғылымының басты міндеті – қоғамның осындай құрылысын ашып кӛрсетіп, оның аса маңызды элементтерінің ғылыми классификациясын жасау болып табылады. Сонымен әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімен тығыз байланысқан және ӛзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтастықты құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен процестер түсіндіріледі. Қоғамның даму формалары мен қозғаушы күштері жайлы кӛптеген теориялар бар. Бірақ олардың бәрін қарастыруға біздің мүмкіндігіміз жоқ. Атап айтар болсақ, күштеу теориясы, қажеттілік ӛсу теориясы, географиялық материализм теориясы, демографиялық теория және т.б. Бұл теориялардың бәріне ортақ бір нәрсе – олар қоғамның қозғаушы идеядан, адамның санасынан іздейді. Ал, марксизм ілімі болса басқаша қарастырады. Марксизм ілімі бойынша қоғамның жалпы даму заңына сәйкес, қоғам дамуы ӛндіріс дамуының нәтижесі, ал ӛндіріс негізгі әлеуметтік процесс болып табылады. Қоғамның даму сатылары. Бірінші саты. Аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан аңшылармен терімшілер қоғамы. Екінші саты. Бау-бақшамен айналысушы кӛсемшілік қоғам. Үшінші саты. Мал шаруашылығымен және жер шаруашылығымен айналысушы қоғам. Тӛртінші саты - неолиттік революция. Бесінші саты - ерте мемлекеттердің пайда болуы. Алтыншы саты - аграрлық қоғам. Жетінші саты – қазіргі заманғы қоғам. Қоғамның типтері және атқаратын қызметтері. Қоғамның кӛптеген түрлері болады және болған. Қоғамды жіктеу сол елдегі ӛндірістік қатынастардың сипатына, үстемдік етіп тұрған дінге, тілге, саяси жүйенің сипатына, техникалы даму деңгейіне байланысты алуан түрлі болып келеді. Қоғамды типтерге бӛлуде 60-жылдары жаңа кӛзқарастар қалыптасты. Соған сәйкес, қазіргі ғылыми әдебиеттерде қоғам дәстүрлі, Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 24 бет Барлығы 164 Якорьиндустиарлды, постиндустриалды болып бӛлінеді. Дәстүрлі қоғамның мақсаты – билік, индустриалды қоғамның мақсаты – ақша, постиндустриалды қоғамның мақсаты болса – білім болып табылады. Қоғам мынандай қвземттерді атқарады: материалдық игіліктерді ӛндіру, дүниеге нәресте әкелу және адамды әлеуметтендіру, рухани игіліктерді ӛндіру және адамдардың белсенділігін зерттеу, еңбек ӛнімдерін бӛлу, мінез-құлық пен қызметті реттеу және басқару. Әлеуметтік құрылым түсінігі және ондағы негізгі теориялар. 2. Әлеуметтік стратификация теориясы. Әлеуметтік мобильділік. 3. Орта тап теориясы мен орта таптың рөлі мен орны. Әлеуметгік саяси әдебиетте әлеуметтік құрылым деп кең және тар мағынада екі түрлі түсінік бар. Кең мағынада — бүкіл қоғамның құрылуы, оның барлық элементтері арасындағы байланыс жүйесі. Мұнда әлеуметтік құрылымды әлеуметтік қауымдардың және олардың арасындағы қатынастардың алуан түрін, сипаттайды. Олар — әлеуметтік-этникалық топтар және т.б. қауымдар. Тар мағынада — әлеуметтік-таптық құрылым, олардың арасында түрлі қабаттар мен қатынастар тұзетін әлеуметтік таптар, әлеуметтік топтар. Әлеуметтік топ дегеніміз адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыру мақсатында өзара қарым- қатынас орната отырып, түрлі іс- әрекеттерді жұзге асыратын көптеген адамдардың үлкенді- кішілі жиынтығы. Бұл топ айтарлықтай тұрақты, ортақ мұддесі бар және әдет - ғұрпы бірдей жиынтық, белгілі бір тарихи қоғамда қалыптасады. Ғылыми – материалистік социология әлеуметтік топтардың классификациясына тарихи принцип тұрғысынан қарайды, яғни олар белгілі бір тарихи қоғамда, қоғамдық-экономикалық формацияда, қалыптасатын топтар деп түсіндіреді; екіншіден, таптық қоғамдардағы ең негізгі әлеуметтік топтар – таптар, қоғамдық өмірдің барлық салаларына, барлық басқа әлеуметтік топтардың мінез-құлқына шешуші әсер ететін де осы таптық топтасу деп түсіндіреді. Бұл материалистік принцип әлеуметтік топтың ғылыми талдауының негізін құрады. Бұл топтар бір-бірімен тең қатынаста болмайды. Әр түрлі белгілері арқылы ажыратылады. Теңсіздік әлеуметтік стратификацияның (strat, яғни қабат, топ) барлық теориялары негізінде жатыр. Бұл теорияларды түрлі бағыттағы ғалымдар жасаған. Түрлі әлеуметтік топтар өзара бір – біріне әсер етеді. Мәселен, таптық – антогонистік қоғамдар жағдайында барлық топтардың мінез-құлқы таптардың күресімен анықталады, сондықтан мұндағы әлеуметтік топтардың бүкіл жүйесі конфликтілі (қайшылықты) сипатта болады. К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымының бір жағы болып табылатын таптық құрылымды, XX ғасырдағы екі антагонистік таптың өзара әрекетін (буржуазия мен пролетариат) зерттеді. Қоғамды дұшпандық таптарға бөлудің негізгі белгісі ретінде жеке меншікті таныды (меншік иесі, меншікке ие еместер). Макс Вебер де Карл Маркс сияқты меншіктік рөлін және капитализмдегі теңсіздікті талдады. Бірақ, оның пікірінше теңсіздік негізінде одан басқа белгілер де бар: байлық, бедел және билік. Бұл негізгілерден басқа ол этникалық және діни, лингвистикалық белгілерді де атайды. Р.Дарендорф, пен В.Парето анықтаушы белгі — билікті басты ұғым деп санады. Олар осыған байланысты қоғамды таптарға бөлудің марксистік бөлінісін билікке ие (басқарушы) және билікке ие емес (бағынушы) деп бөлумен алмастыруды ұсынады. 2. Қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б. жіктелуі батыстық социологияда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын айтады) белгіленеді. Ол термин қоғам мүшелерінің әлеуметтік кұйінің бірдей еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді. Бұл әлеуметтік теңсіздіктің себептерін түрлі социологтар түрліше түсіндіреді. Мәселен, функционалдық теориялар ол себепті түрліше қоғамдық қызметтердің маңыздылығы әр түрлі болатындығынан іздейді. Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы теңсіздікті ұш топпен классификациялауға болады (1.Байлық, 2.Билік ,2.Бедел.) П.Сорокиннің теориясына сәйкес қоғам түрлі страт — қабаттарға бөлінеді, олар табыс деңгейі, қызмет түрі, саяси көзқарасы, мәдени дәстүрі сияқты болып келеді. Әлеуметтік стратификаттау мен әлеуметтік теңсіздік қоғамдағы табиғи қалыпты жағдай болып табылады. П.Сорокин өзінің жалпы адамдық стратификация картасын жасау әрекетінде бір өлшемді және көп өлшемді стратификациалау әдістерін ұштастырып қолданды. Сорокиннің пікірінше, дұниеде миллиондаған әлеуметтік система мен топтасқан жиынтықтар бар. Бұл сансыз көп әлеуметтік топтарды, классификациялаудың мақсатына қарай, түрліше классификациялауға болады. Мұндай әлеуметтік топтарға мыналар жатады: 1. Аса маңызды бір жақты топтар, оның ішінде: нәсілдік, жыныстық, жасына қарай. 2. Мәдени әлеуметтік топтар: рулық, территориялық, көршілестік, этностық және ұлттық топтар. 3. Аса маңызды көп жақты топтар: отбасы, рулық топ, тайпалық, ұлттық, әлеуметтік сословие, әлеуметтік топ. Жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз: қазіргі қоғам көп өлшемді, яғни қоғамда түрлі орындарға ие, түрлі белгілері бар көптеген страттардан құралады. Таптар, әлеуметтік топтар, қабаттар қоғам өмірінің барлық жағына әсер етеді. Осыдан келіп әлеуметтік стратификаттаудың маңызы көрінеді. Әлеуметтік құрылым динамикасының сипаты әлеуметтік мобилділік (байланысқа) тәуелді болады. "Әлеуметтік мобилділік" терминін әлеуметтануға ендірген П.А.Сорокин. Термин адамдардың бір әлеуметтік қабаттан топтар басқасына өтуін, олардың барынша жоғары орынға, билікке, табысқа көтерілуін, я болмаса өте төмен әлеуметтік орын алмасу әлеуметтік кедергілерді жеңе білу арқылы жылжиды. Ол ең басты кедергілердің бірінің пайда болуы салдарынан болады. Мәселен, шығармашыл зиялылар отбасындағы сәби шаруа немесе жұмысшы ортаның нормасы мен құндылықтарын әркезде игере бермейді. П.Сорокин әлеуметтік мобилділік екі типін көрсетеді: көлденең және тігінен. Көлденең мобилділік деп индивид немесе әлеуметтік топтың бір әлеуметтік орыннан, сол деңгейдегі басқа орынға өтуін айтады. Мәселен, бір ұйымнан басқа ұйымға дәл сондай лауазымдық жұмысқа өту, бір отбасының екіншісіне өту. Бұл жағдайдың бәрінде де индивид өзіне тиісті әлеуметтік қабатты ауыстырмайды Тік қозғалыс — бұл индивидтің бір қабаттан екіншісіне өтуі. Бұл индивидтің шығармашыл және іскерлік қабілеттеріне байланысты. Мәселен, лауазымдық көтерілу оны прогресс деп атайды, өзінің материалдық жағдайының көтерілуі немесе басқа билік деңгейіне көтерілу (бұрыңғы әкімшілік басшысы министр болуы). Бұл — көтерілу байланысының мысалдары. Сондай-ақ төмендеуші (регресс) әлеуметтік қозғалыста болады. Қоғам бір индивидтердің статусын жоғарлатқанмен, келесі индивидтердің статусын төмендетіп отырады. Бұл қызметтік төмендету (ірі зауыттың директоры цех бастығы болды немесе жай ғана жұмысшыға айналды), қазіргі кездегі инженерлердің кәсіби тобының әлеуметтік статусының төмендеуі, КСРО кезіндегі бұрынғы қуатынан айрылған компартияның статусының төмендеуі. 3. Қазіргі қоғамдағы білім әлеуметтік байланыстың маңызды қызметін, индивидтердің әлеуметтік баспалдақ арқылы жоғары көтерілу міндетін атқарады. Білім жастардың әлеуметтенуін және қоғамның өндірістік кұштерінің нәтижелі дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіби білім арқылы адамдар бір әлеуметтік қауымнан басқасына (мәселен, жұмысшы мен шаруадан зиялыларға), төмен таптар орта тапқа өтіп жатады. Білім жүйесі тұрақты әлеуметтік құрылымды қалыптастырады. Білім адамдардың рухани өміріне зор әсер етеді, адамдардың сапалық сипатын арттырады, әдеп нормаларының тамаша үлгілерін санаға ендіреді. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасауда орта тап қызығушылық тудырады. Американ ғалымы У.Уотсонның моделіне сәйкес қоғам ұш таптан тұрады: жоғары, орта, төмен тап. Олардың ішінен де аралық таптарды айырып көрсетеді. Сөйтіп, модельдің соңғы көрінісі мынадай: I жоғары — жоғары тап. төменгі — жоғары тап. II жоғары — орта тап. төменгі — орта тап. IIIжоғары — төмен тап. төменгі — төмен тап. Бұл экономикасы дамыған елдерде ең көп кездесетін орта тап. Бұлар - алдыңғы қатарлы бизнесмендер, фирмадағы жалдамалы менеджерлер, ірі заңгерлер, ғылыми элита, эстрада жұлдыздары (жоғары орта тап), сондай-ақ жалдамалы қызметкерлер -инженерлер, орташа және ұсақ шенеуліктер, оқытушылар, ғылыми инженерлер, орташа--және--ұсақ--шеиеуліктер, ғылыми қызметкерлер, бөлімше басшылары, жоғары білікті жұмысшылар (төменгі — орта тап). Американың "Форбс" журналының (1997 шілде) мәліметінше бұл таптың орташа табысы жылына 35 мың доллар (айына 2-3 мың доллар). АТоинби қазіргі индустриялық дамыған қоғамдар — орта тап қоғамы деп басқа көрсетеді. АҚШ-та олар тұрғындардың 3/4 бөлігін құрайды. Әлемдік тәжірибе демократия мен экономикалық өсімнің қозғаушы кұші орта тап екендігін көрсетеді. Бұл тап жеке экономикалық тәуелсіздікке ие әрі жалпы көзқарастарды танытушы бола отырып, қоғамның әлеуметтік тұрақтандырушы қызметін атқарады. Бұл таптың орын ауыстыру, саяси жүйе сипатына әсер ету қабілеті нарық экономикасы, құқықтық мемлекет және демократия бағытында қоғамды тұрақты тұрде жаңалап отырады. Қазақстан және ТМД елдеріндегі демократиялық қайта құрулар орта таптың қалыптасу мәселесін өзекті етіп қойды. Президент Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында орта таптың қалыптасуының төмен болу себебтерін атап, "мемлекет ең алдымен, орта тап өкілдері — фермерлердің "ақ" және "көк" жағалылардың, зиялы қауымның, ұсақ буржуазияның көзқарасын танытуы керек" депкөрсетті. Бұл тапқа енудің талаптарын зерттеушілер былай деп көрсетеді: жоғары табыс, білім, • мәдениет және біліктіліктің жоғары деңгейі, қоғамдағы жоғары талғам. Бірақ ТМД елдерінің өтпелі қоғамында орта таптың потенциалды өкілдерінің қазірше өзіндік экономикалық базасы, экономикалық тәуелсіздігі отыр. Сонымен, қоғам өзінше бір жоғары, орта және төмен қабаттардан құралатын бағытты елестетеді. Олардың әр қабаты өз ішінен кіші қабаттардан құрылуы мүмкін. Қоғамның әлеуметтік құрылымы сөнбеген жағдайда тұр. Онда тұрақты өзгерістер мен даму, индивидтердің топтардың бір орнынан екіншісіне өтуі жұріп жатады. Бұл ұрдіс әлеуметтік байланыс деп аталады. Қазіргі қоғамда орта таптың экономикалық өсу, демократия мен әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторы. Бұл тұрақты таптың қалыптасуының маңызды арнасы білім болып табылады. Әлеуметтік теориялардың, тұжырымдамалардың және құрылымдардың тізімі Қоғамдар, қарым-қатынастар және әлеуметтік мінез-құлық туралы білетін көптеген нәрселер түрлі әлеуметтану теорияларының арқасында пайда болды. Әлеуметтану студенттері әдетте осы түрлі теорияларды зерттеуге көп уақыт жұмсайды. Кейбір теориялардың пайдасы жоқ, қалғандары кеңінен қабылданады, бірақ бәрі біздің қоғамымызға, қарым-қатынастарымыз бен әлеуметтік мінез-құлқымызға үлкен үлес қосып келеді. Осы теориялар туралы көбірек білу арқылы әлеуметтанудың өткен, қазіргі және келешектегі тереңірек және терең түсінуіне болады. Nicki Lisa Cole, Ph.D. 1 2 |