Главная страница
Навигация по странице:

  • «Социализм» термині

  • 1-кезең

  • 2-кезең

  • 3-кезең. Қазіргі

  • Утопиялық социализмді жақтаушылар мынадай идеяларды ұстанды

  • Ғылыми социализм мен коммунизмді жақтаушылар (марксистер)

  • 1848 жылғы «Коммунистік партия манифесінде»

  • Марксизмнің

  • Кеңес Одағының саяси картасы

  • Қазіргі социализм құндылықтары

  • «XXI ғасырдағы социализм»

  • леуметтік мселелерді


    Скачать 343.45 Kb.
    Названиелеуметтік мселелерді
    Дата13.12.2022
    Размер343.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаf6090cf5ae6c1d0.docx
    ТипДокументы
    #842247

    Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі ретінде. 1-сабақ

    XIX ғасырда капитализмнің дамуы және жұмысшылар қозғалысының өсуі социалистік және коммунистік идеялардың таралуына ықпал етті. Социализмнің саяси идеология ретінде қалыптасуы капитализмнің әлеуметтік мәселелерді (кедейлік, жұмыссыздық, халықтың көпшілігінің құқықтарың болмауы) шеше алмауымен байланысты болды, дегенмен социализмнің негізгі идеясы – адамзат тарихының барлық кезеңінде адамдардың мүліктік және әлеуметтік теңдігі мен бауырластығы болған.

    Социализм – жалпыға бірдей теңдік пен әділеттілік идеясын жүзеге асыратын әлеуметтік жүйе, оның негізгі белгілері өндіріс құралдарына қоғамдық меншік және жалпыға бірдей ұжымдық еңбек болып саналады. «Социализм» термині алғаш рет Пьер Лерудың «Индивидуализм және социализм» (1834 ж.) еңбегінде қолданылды.

    Социалистік ілімді утопиялық социализмге, ғылыми коммунизмге және қазіргі социализмге (социализм-реформизм) бөліп қарастырады.

    1-кезең. Утопиялық социализм (идеализм)

    Мазмұны

    1. Антикалық

    2. Христиан социализмі

    3. Қайта өрлеу дәуірінің утопиялық социализмі (XVI – XVII ғғ.)

    4. Жаңа заманның утопиялық социализмі (XVIII – XIX ғғ.)

    Өкілдері, мысалдар

    А. Сен-Симон, Ш. Фурье (Франция)

    Р. Оуэн (Ұлыбритания)

    А.И. Герцен, Н.П. Огарев, Н.Г. Чернышевский, В.Г. Белинский, Д.И. Писарев, (Ресей)

    2-кезең. Ғылыми коммунизм (материализм)

    Мазмұны

    Марксизм (XIX ғ.)

    Марксизм-ленинизм (XX ғ.)

    Өкілдері, мысалдар

    Марксизм-ленинизм (XX ғ.)

    В.И. Ленин (Ресей)

    3-кезең. Қазіргі социализм – (социал-реформизм)

    Мазмұны

    Эволюциялық дамуға, капиталистік қоғамды реформалау арқылы социализмге қол жеткізуге бағытталған идеология

    Өкілдері, мысалдар

    «Қытайлық ерекшелігі бар социализм» (аралас экономика)

    Скандинавиялық социализм (Швеция, Норвегия, Дания, Исландия, Финляндия)

    Утопиялық социализмді жақтаушылар мынадай идеяларды ұстанды:

    • жекеменшік қанау арқылы емес, еңбекпен жинақталуы керек

    • адамды қанауға жол бермеу, теңдік пен бауырластық қарым-қатынасы

    • осы идеяларды жүзеге асыру әдістері: үлгі болу үшін коммуналар құру

    XIX ғасырдағы утопиялық социалистер капиталистік қоғамның кемшіліктерін, жұмысшы табын қанауын сынға алды. Олар әлеуметтік әділеттілік пен барша халықтың береке-бірлігі идеяларын жүзеге асыра алатын қоғамдық құрылыс модельдерін жасауға тырысты.

    Ғылыми социализм мен коммунизмді жақтаушылар (марксистер) мынадай идеяларды ұстанды:

    • социализм – коммунизмнің бірінші кезеңі

    • социализмді орнату үшін пролетариаттың қарулы күресі арқылы билікті басып алып, пролетариат диктатурасын орнату қажет

    • жекеменшік мемлекет меншігіне алынуы керек (қоғамдық болуы керек)

    • қоғамның барлық мүшелері үшін еңбек міндеттілігі

    • нарықтық экономикадан жоспарлы экономикаға көшу

    • кірістерді қайта бөлуге мемлекеттің араласуы

    Марксизм идеялары К. Маркс пен Ф. Энгельс жазған 1848 жылғы «Коммунистік партия манифесінде» көрініс тапты. «Манифест» келесі сөздермен басталады: «Еуропаны елес кезіп жүр, бұл – коммунизм елесі». Бұл құжат қанау мен езгіге қарсы күресте барлық ел жұмысшыларының интернационалды ынтымақтастығы мен бірлігі идеясын білдіріп, үндеу жарияланды: «Барлық елдің пролетарлары, бірігіңдер!» – деген сөз барша коммунистік партияның ұранына айналды. Бұл құжаттың тарихи маңызы – онда тарихтағы әлеуметтік-экономикалық заңдардың рөлінің ашылуында.



    John Jabez Edwin Mayal, Public domain, via Wikimedia Commons



    Unknown author, Public domain, via Wikimedia Commons

    МарксизмніңнегізінқалаушыларКарлМаркс (1818 – 1873 жж.) жәнеФридрихЭнгельс (1820 – 1895 жж.)

    Әлемдегіалғашқысоциалистікмемлекет– Кеңес Одағының пайда болуы социализмнің осы мемлекетте қалыптасқан модельмен ассоциациялануына алып келді. Кеңес мемлекетінің негізін қалаушы В.И. Ленин (Ульянов) өзінің ең әйгілі «Мемлекетжәнереволюция» атты еңбегінде қатал таптық күрес және пролетариат диктатурасын орнату – қанаушы тапты мәжбүрлеу мен қайта тәрбиелеу формасы арқылы социализмге жету мүмкін деп тұжырымдады. Қазіргі зерттеушілердің көпшілігі социализмнің кеңестік моделін тоталитарлық саяси режим кезіндегі мемлекеттік капитализмнің бір түрі деп атайды.



    Кеңес Одағының саяси картасы

    Қазіргі социал-демократия (немесе социал-реформизм) марксизмнен толығымен бас тартты.

    Қазіргі социализмнің белгілері:

    • демократиялық социалистерге қарағанда социал-демократтар өндіріс құралдарын мәжбүрлі түрде мемлекет меншігіне айналдырудан бас тартады

    • либералдарға қарағанда социал-демократтар қоғамдық құрылыстың негізі капиталистік емес, социалистік модель болуы керек деп санайды

    Қазіргі социализм құндылықтары:

    • заңдылық

    • парламенттік демократия

    • теңдік, әділеттілік

    • бостандық, адам құқықтарына кепілдік беру

    • жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау құқығы

    • консенсус (пікір бірлігі), ынтымақтастық

    • плюрализм (саяси күштердің сан алуандығы, олардың арасындағы бәсекелестік болуы)

    • жалпыға ортақ әл-ауқат мемлекетін (әлеуметтік мемлекет) құру арқылы адамдарға лайықты еңбек және өмір сүру жағдайларын жасау

    «XXI ғасырдағы социализм» терминін Хайнц Дитерих енгізді, ол 1996 жылы дәл осындай атаумен кітап басып шығарды. Социализмді қазіргі заманда түсінудің негізгі принциптері:

    • ұжымдық шешім қабылдауды қамтамасыз ететін базалық демократия (өкілді және парламенттіктен ерекшеленетін)

    • тауарлар мен қызметтерді өндіруге жұмсалған уақытты ескеретін баламалы экономика (нарықтық экономикадан ерекшеленетін)


    написать администратору сайта