Главная страница
Навигация по странице:

  • Геннадий Головкиннің сұхбатынан

  • Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен

  • Тапсырмалар оқу сауттылығы. .лімжанов стазды оралуы


    Скачать 111.19 Kb.
    Название.лімжанов стазды оралуы
    Дата27.06.2022
    Размер111.19 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТапсырмалар оқу сауттылығы.docx
    ТипДокументы
    #616758
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5

    1-НҰСҚА

    Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас шағын, от басында тұрып ән салған қыпшақтың жас сұлуларының әсем әндерін, айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын.

    Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. Әсіресе соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей көңілі орнына түспейді. Әрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи сағыныш еді бұл. (100 сөз)

    Ә.Әлімжанов «Ұстаздың оралуы»

    1.Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған?

    A)аспап туралы B)кітап туралы C)би туралы D)ән туралы

    E)қыздар туралы

    2.Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз?

    A)Көшерін жел, қонарын сай біледі.

    B)Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

    C)Мың асауға бір тосу.

    D)Жамандық қөрмей жақсы болмас.

    E)Туған жердей жер болмас.

    Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа келген мысық оны жегісі келіп тыныштық бермепті.

    Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа:

    –Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп жүрсің?-дейді. Мысық тәкаппарлана:

    –Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – дейді.

    Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта тығылып жүретін болыпты.

    Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып, ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін болыпты.

    3.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.

    A)Ұйқышыл мысық B)Жаңа дос C)Тату-тәтті өмір D)Қулығын асырған тышқан E)Мысық пен тышқан

    4.Мәтіннен мысықтың қай қасиеті байқалады?

    A)Өркөкіректігі

    B)Мақтаншақтығы

    C)Айлакерлігі

    D)Жалқаулығы

    E)Батырлығы

    5.Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай

    A)Батылдығы

    B)Шыдамдылығы

    C)Шапшаңдығы

    D)Тапқырлығы

    E)Ептілігі

    6.Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.

    A)Ежелгі дұшпан ел болмас

    B)Жалғыз қаздың үні шықпас

    C)иірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас

    D)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес

    E)Досы көпті жау алмайды

    1.Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.

    2.Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы, талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді. Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев.

    3.Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал, әсершіл. Олардың көбі тумасынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі. Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн.

    4.Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық тән.

    5.Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді.

    6.Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай, мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық, ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы, өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою –  өте жауапты іс. Сонымен қатар әр бір ата-ана өз баласының бақытты, табысты болуына      және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады. (267 сөз)

     7.Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек?

    A)Сөздің жаңалығын

    B)Әріптердің санын

    C)Сөздердің тіркесуін

    D)Есімнің дыбысталуын

    E)Есімнің әдемілігін

    8.Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады?

    A)қыста B)көктемде C)жазда D)барлық мезгілде E)күзде

    9.Үшінші бөлімге сәйкес қандай есімдер қоюға болады?

    A)Жамал, Ақылгүл

    B)Дана, Сабыржан

    C)Қымбат, Әсем

    D)Жібек, Меруерт

    E)Қайсар, Батырхан

    10.Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді?

    A)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн.

    B)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн.

     C)Есімнің мағынасына назар аударған жөн.

    D)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн.

    E)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн.

    11.Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы?

    A)Қыс-жаз B)Жаз-күз C)Қыс-көктем D)Көктем-күз E)Күз-қыс

    12.Мәтіндегі ойға сәйкес жаңа туған балаға ненің әсері көп?

    A)Ата-ана таңдауы мен ауа-райының

    B)Есімі мен күн мезгілінің

    C)Жыл мезгілі мен есімінің қатқылдығы

    D)Ай атауы мен есімінің қатқылдығы

    E)Ауа райы мен жыл мезгілінің

    2-НҰСҚА

    Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі – Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері.

    Геннадий Головкиннің сұхбатынан

    (1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25 жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді.

    Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен

    ЛенноксЛьюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин.

    Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді.

    Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы.

    Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді.

    Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин – Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы.

    Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы: Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк Тайсон.

    Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы – балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды.

    Кен Хершман, HBO президенті: Меніңше, Геннадий Головкин – бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын.

    Фредди Роуч, америкалық бапкер: Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі естимін. Ол үздік боксшы, бірақ оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның жекпе-жектеріне (Геннадий) HBO телеарнасы қызығушылық танып, түсіріп жүр. Демек, ол – әлемнің мықты боксшыларының бірі.

    Владимир Кличко, украиналық боксшы: Меніңше, Геннадий сияқты адам боксқа керек. Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ. Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді. (323 сөз)

    Қазақпарат. nur.kz›kk/1095649-gennadiy-golovkin-turaly-alem

    13.Берілген мәтіндерді публицистика стиліне жатқызуға бола ма?

    A)Екеуі де жатпайды

    B)Тек біріншісін

    C)Бұл дидарластық сөз

    D)Тек екіншісін

    E)Екеуі де жатады

    14.Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды?

    A) Владимир Кличко B) Адриан Гонсалез C) Джим Лэмпли

    D) Шугар Рэй Леонард E) Андре Берто

    15. 1-мәтіндегі 8-10 сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді?

    A) Қорқынышын  B) Болжағыштығын C) Сенімділігін D) Ренішін

    E) Алаңдаушылығын

    16.Келесі тұжырымдардың қайсысы мәтінге сәйкес келеді?

    1. Осы кездесудің жеңіспен аяқталатыны айқын.

    2. Осы кездесудің жеңіліспен аяқталатыны айқын.

    3. Геннадийдің  өз қабілеті мен күшіне сенімі мол

    A)2-ші дұрыс B)3-ші дұрыс C)1-ші дұрыс D)1-ші мен 3-ші дұрыс

    E) барлығы дұрыс

    17.Спортшының парызы туралы бірінші мәтіннің қай сөйлемінде берілген?

    A)Бірінші B)Төртінші C)Оныншы D)Үшінші E)Он екінші

    18.Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты?

    A)Андре Берто, Фредди Роуч

    B)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез

    C)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли

    D)Владимир Кличко, Фредди Роуч

    E)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли

    19.Бірінші мәтіндегі 7-сөйлемге сәйкес келетін тұжырым?

    1. Шынықсаң, шымыр боласың

    2. Денсаулық–байлықтан да қымбат

    3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.

    A) Бірінші мен екіншісі

    B)Тек үшіншісі

    C)Тек біріншісі

    D)Тек екіншісі

    E)Екеуі де бұрыс

    20.Қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті сипаттайды?

     A)Еңбекқор B)Қырағы C)Тәуекелшіл D)Аса ұғымтал E)Тым қарапайым
    Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр.

    Құмырсқаларды зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгінжербетінде 10 квадрилиион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпы үлесі барлық адамның үлесіндей.

    1.Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін қатарды көрсетіңіз.

    A)Көп, қарақұрым

    B)Қаптап кетті, қайнады

    C)Нөпір болды, ығы-жығы

    D)Қайнаған, қалың

    E)Қажырлы, еңбекқор

    2.Мәтіннің тақырыбы  қандай?

    A)Жәндіктер туралы  B)Құмырсқалар еңбегі C)Құмырсқалар достығы

    D)Құмырсқалар илеуі туралы E)Мирмекологтар туралы

     

    Гүл ‒ жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс. Гүлдердің ешкімге зияны жоқ,  керісінше, айналасындағыларға шаттық пен қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, адам жанын жадыратып жіберетін қасиетке ие.

      Есте жоқ ерте замандарда, яғни көркемсөз өнері дамымаған, хат жазу дәстүрі кең тарамаған кезде адамдар өздерінің сезімдерін гүл арқылы жеткізетін болған деседі. Одан бері қанша ғасыр өтсе де, бұл дәстүр сақталып келеді. Гүлдердің сырына үңіліп көрейік.

      Мысалы, қызғалдақ ‒ дүние жүзінде кең тараған әдемі гүлдердің бірі. Қызғалдақтың отаны туралы пікірталастар өте көп. Шын мәнінде, қызғалдақтың отаны ‒ Қазақстан!

       Сакура ‒ Жапонияның символы болып табылатын гүл. Оның гүлдеуі адамның сана-сезімін еріктен тыс әдемі нәрселерді ойлауға жетелейді.

        Раушан гүлінің отаны ‒ Иран, ол ертеректе Персия елі болып есептелетін. Өз тілдерінде оны «гюл» деп атайды. Сонымен бірге елінде оны «гюлистан» дейді, аударғанда «раушандар бағы» деген мағынаны білдіреді. Ал Үнді еліне раушан гүлі Бабуру басшысының арқасында жерсіндірілген. Грекияға гүлді батыс елдерден келгендер әкелген, кейін гүл махаббат пен әдеміліктің символы саналады.

       Дицентра ‒ Германияда «жүрек гүлі» ретінде танымал болса, поляктар оны «Құдай-Ананың туфлиі» деп атайды, ал француздар «Жаннетта жүрекшесі» деп атаса, орыстар «жаралы жүрек» деп атайды. Ал барлық ағылшын тілділер оны «қанды жүрек» деп атайтын көрінеді. Қалай атаса да, әр елдің осы гүлмен байланысты өз тарихтары бар.

       Орхидеялар әлемнің ең әдемі гүлі болып табылады. Адамдар орхидеяға өте ертеден-ақ қызығушылық танытып келеді. Бұл гүл туралы тарихи әңгімелер мен жазбалар өте көп. Чарлз Дарвиннің өзі бұл гүлдің құпиясы мол гүл деп сипаттап жазған болатын.

    3.Қызғалдақтың отаны

    A)Франция B)Ресей C)Германия D)Қазақстан E)Жапония

    4.Француздар «Жаннетта жүрекшесі» деп атаған гүл

    A)Қызғалдақ B)Раушан C)Орхидея D)Дицентра E)Сакура

    5.«Раушандар бағы» атауының шыққан жері

    A)Жапония B)Үндістан C)Қазақстан D)Германия E)Персия

     6.«Құпиясы мол гүл» деген сипатқа лайық

    A)Қызғалдақ B)Дицентра C)Раушан D)Сакура E)Орхидея

    2014 жылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фуга»-дан кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Сол кинокартина жайында жазылған мәліметтермен мұқият танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

    Нұрлан. Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз күндері мерекелік демалысқа келгеннен соң, сол күні дәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық кинотеатрларда түнгі 12-ге дейін билет болмай, «Ханшатырда» ең соңғы сеансқа билет барын біліп, соған кіруге тура келді.

    «Абайлаңыз, сиырдың!» жарнамасы әлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды. Пиар қадамдардың бірі болу керек, «Абайлаңыз, сиырға!» мүлдем билет жоқ» деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық «бұл неткен кино екен» деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты. Мен де соның бірі болдым...

    Жанерке. Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, орысша-қазақша аралас болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рақмет айтамыз! Не дегенімен, фильм түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар.

    Гүлмайра. Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бәрібір шетелмен салыстырамыз да, «жаман, нашар» деп бағалай саламыз. Әрине қазір 3D-ны қойып шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда, іштері ашып солай бағалайды да: «Неге біздікілер солай жасай алмады?» деген ой келеді. «Қазақфильм» бастаған Қазақстанның киногерлері бұған: «Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ» – деп ақталады да қояды. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық фильм шыққан сайын ол алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино түсірушілер жылдан-жылға көрермендердің көңілін қалдыра бермейтін шығар деген үміттеміз. Әлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас әңгіме тарады. Сол шын болса, келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын шығармын!

    P.S. Фильмді көргеніме бір аптадай уақыт өтсе де рецензия жазуға деген шабытым қазір ғана ашылды. Шындығында бұған бүгін желіге шыққан Арман Дүйсеновтің «Сен жайлы» туындысы әсер етті.

    7.Қандай жауап Жанеркенің берген бағасымен сәйкес келеді?

    1.                Баян Есентаеваның бұл картинасының сәтті шыққаны – сөзсіз.

    2.                Фильмге түскен актерлер өз кейіпкерлерінің образын аша алды.

    3.                «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі тіл мәселесін көтерді.

    A)Бірінші мен үшінші

    B)Барлығы теріс

    C)Тек үшінші

    D)Барлығы дұрыс

    E)Тек бірінші

    8.Нұрланның пікірінен «Абайлаңыз, сиыр!» фильмі туралы  нені білуге болады?

    A)Фильмінің өте сәтті көрсетілім болғанын

    B)Фильм жарнамасынан да мықты болғанын

    C)Фильм көп көрермен жинай алғанын

    D)Фильмге жиналған қауымның риза болғанын

    E)Фильмінің көрерменнің көңілінен шыққанын

     9.Берілген мәтіндер не туралы?

    A)«Қазақфильм» киностудиясының жетістігі туралы

    B)Баян Есентаеваның жетістігі туралы

    C)Отандық киноиндустриясының бүгінгі жағдайы туралы

    D)«Абайлаңыз, сиыр» тұсаукесерінің сәтті өтуі туралы

    E)«Абайлаңыз, сиыр» фильміне берілген баға

    10.Қазақ киноиндустриясының қандай жағдайы туралы сөз қозғалды?

    A)Киноның сапасынан гөрі желілердегі жарнамаға көп көңіл бөлу

    B)Салаға бөлінетін қаржының дұрыс игерілмейтіні

    C)Қазіргі қазақ фильмдерінің өзекті мәселелерді көтергені

    D)Отандық кинолардың шетелдік туындылардан кем еместігі

    E)Кино саласының қажетті деңгейде дамып келе жатқанын

    11.Отандық фильмдердің сапасына түсінушілікпен қараған көрермен

    A)Нұрлан мен Жанерке

    B)Гүлмайра

    C)Нұрлан мен Гүлмайра

    D)Нұрлан

    E)Жанерке

    12.Үшінші пікірден Гүлмайраны қалай сипаттауға болады?

    A)Гүлмайра «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін мүлде көрген жоқ.

    B)Гүлмайра – отандық киноның жанашыры.

    C)Гүлмайраның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильміне көңілі толды.

    D)Гүлмайра – кино майталманы.

    E)Гүлмайра – қазақстандық фильмдер туралы бейхабар.

    1. Мидия, Лидия, Вавилония және Египетті басып алған парсы патшасы Кир ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз қарамағына өткізуді қарастырады.

    2. Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес, массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас тартады.

    3. Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай, әскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бастайды. Жауынгерлеріне қажетті азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы мүмкін) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына әмір береді. Өзенге көпір салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы:

    – Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып әуре болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, – деп елші арқылы сәлем айтады.

    4. Уәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис айтқан уәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы әскерлерінің аз ғана тобымен қақтығысқан болатын.

    5. Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис әскерінің үстіне Кирдың негізгі қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирге елші жіберіп:

    – Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт. Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен сені қанға тұншықтырамын, – деп өз сәлемін жеткізеді.

    Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары қояды.

    6. Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады. Ақырында сақтар жеңіп, парсы әскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы патшасының мәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: «Сен менің ұлымды зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш», – деп, кесілген басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді. Сақтардың әйел патшасы өз антын еш бұзбастан орындаған екен.

    13.Спаргапистің намысшылдығы қай азатжолдан көрінеді?

    A)Екінші B)Бесінші C)Төртінші D)Үшінші E)Бірінші

    14.Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?

    A)Сақ патшасының ержүректілігін өнеге тұту

    B)Мидия патшасының ақылдылығын дәріптеу

    C)Парсы патшасының батылдығын насихаттау

    D)Спаргапистің соғыстағы жеңісін үлгі тұту

    E)Кирдің жеңісін мақтан ету

    15.Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?

    A)Ойды қорытындылайды

    B)Ойды дамытады

    C)Ойды пайымдайды

    D)Ойды салыстырады

    E)Ойды тұжырымдайды

    16.Неліктен Томирис  Кирдің ұсынысынан бас тартты?

     A)Кирді ұнатпағандықтан

    B)Елінің тәуелсіздігін ойлағандықтан

    C)Соғысқа дайын болғандықтан

    D)Өзі ешкімге тәуелді болғысы келмегендіктен

    E)Парсы жерінде тұрғысы келмегендіктен

    17.Кир қандай патша?

    A)Ашкөз

    B)Ержүрек

    C)Ақымақ

    D)Ақылды

    E)Батыл

    18.Томирис неліктен парсы патшасының мәйітін іздетті?

    1. Патшаның өлгеніне көз жеткізу үшін

    2. Сертін орындау үшін

    3. Ұлының кегін алу үшін

    A)Біріншісі дұрыс

    B)Екіншісі дұрыс

    C)Барлығы дұрыс

    D)Үшіншісі дұрыс

    E)Барлығы бұрыс

    19.Кир неліктен Томириске құда түсті?

    A)Спаргаписті қолға түсіру үшін

    B)Байлығына қызықты                                     

    C)Сұлулығына көзі түсті

    D)Қамқор болғысы келді

    E)Сақ елін иеленгісі келді

    20.Спаргапистің жеңісі неліктен уақытша жеңіс саналды?

    A)Қиян-кескі ұрыс болғандықтан

    B)Соғыс күші жетіспегендіктен

    C)Соғысқа азғана әскерін қатыстырғандықтан

    D)Жаудың шағын тобымен соғысқандықтан

    E)Батырлар жеңісін тойлағандықтан
      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта