Главная страница

Тапсырмалар оқу сауттылығы. .лімжанов стазды оралуы


Скачать 111.19 Kb.
Название.лімжанов стазды оралуы
Дата27.06.2022
Размер111.19 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТапсырмалар оқу сауттылығы.docx
ТипДокументы
#616758
страница4 из 5
1   2   3   4   5

5.Экологиялық жоба

A)5.3.1.2.4.

B)3.1.5.4.2.

C)5.4.2.3.1.

D)2.4.1.3.5.

E)1.4.5.2.3.

5-НҰСҚА

Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі суымен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ... Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек – отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегімізде қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарық – ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы – махаббат, өмір тасы – халық, ел намысы – ер қолында. Біз намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда.

1. Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр?

A)Ерлік пен еңбек – егіз

B)Атадан ұл туса  игі, ата жолын қуса игі

C)Талапты ерге нұр жауар

D)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

E)Ерлік тәрбиеден туады

2. Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не?

A)Мыңбұлақ

B)Айнабұлақ

C)Жүрек

D)Намыс

E)Махаббат

1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.

2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды.

3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты.

 

3. Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?

A)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.

B)Қалауын тапса қар жанар.

C)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.

D)Өтірік айтқаннан өлген артық.

E)Қырсыққан жігіт мал таппас.

4. Айдос неліктен жылап жіберді?

A)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.

B)Туфлисіз қалғанына ренжіп.

C)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.

D)Жаңа туфли әпергеніне қуанып.

E)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына.

5. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?

1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.

2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.

3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды.

A)Барлығы теріс

B)Екінші

C)Барлығы дұрыс

D)Үшінші

E)Бірінші

6. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды?

A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына

B)Туфлиінің жыртылғанына

C)Ертең сабаққа баратынына

D)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне

E)Ауданға баратын адамның болмағанына

Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы  көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар...

Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!

Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!

Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.

Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!

7. «Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?

A)Түн жылы болатындықтан

B)Жақсылыққа жорығандықтан

C)Түн жарық болатындықтан

D)Бағыт сілтеуші болғандықтан

E)Дәстүрді құрметтеген

8. Автордың «...Тек  бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?

A)Халқына қамқор болу

B)Халқының жолын ашу

C)Халқына сенім арту

D)Халқына жанашыр болу

E)Халқының қамын ойлау

9. Мәтіннің тақырыбы қандай?

A)Жақсылық нышаны

B)Ырымшыл халық

C)Жұлдыз сыры

D)Үміт шырағы

E)Дала аспаны

10. Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?

A)Суреттеу

B)Пайымдау

C)Сипаттау

D)Әңгімелеу

E)Баяндау

11.  «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр?

A)Тәуекелшілдігін

B)Ұстамдылығын

C)Мақсатшылдығын

D)Жігерлілігін

E)Сабырлылығын

12. Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?

A)Шынайылыққа

B)Болжампаздыққа

C)Турашылдыққа

D)Сенімділікке

E)Сабырлыққа

 Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне бұрылдым. Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың куәгері болды. 3-4 жасар ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында баланы бақылап біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. Әр-әр жерде орналасқан қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен кішкентай қызға көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе алған соң, аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған үшеуі де қасыма жетіп келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады. Қолымдағыны ұсынған соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты. Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз изедім де орындыққа қайта отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.

Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің. Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға мәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді.

Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді өзінен көрсін деуші едік. Ал енді мына балаларға не айтуға болады?! Адам ата-ананы таңдап алмайды. Сол бір жауапсыз жандардың кесірінен бақытты шақтарын көшеден азық іздеумен алмастырып жүргендері өте өкінішті-ақ... Оқушы біткен жазғы демалыстың аяқталмауын тілеуде. Ал, мына балалардың екеуі мектептерін аңсап жүр. Арнаулы мектепке баратындардың ол жерде киер киімі ұқыпты, тамақтары тоқ, жатар орны таза. Мектеп жасына толмаған қалған екеуі ше? Олар не күн көреді? Жазда, жарайды,әрбір қарағаш оларға  сая, кез-келген шүберек киім. Қыста ше? Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма? Жоқ әлде, көмусіз аң-құстың азығына айналар ма екен? Бұл тұста қылышты кімге сілтерімді де білмеймін. Бала тәрбиесіне қарамайтын ата-анаға ма, жоқ әлде тек екеуді қамқорлығына алған үкіметке ме? Ата-анаданенді қайыр жоқ, ол белгілі жайт! Үкімет  енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы!

 13.  «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем кішкентай қыздың қандай әрекетін көрсететінін болжаңыз.

A)Өкініші

B)Жек көрушілігі

C)Жиіркеніші

D)Шарасыздығы

E)Сенімділігі

14. Мәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

A)Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады.

B)Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған.

C)Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма?

D)Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.

E)Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты.

15. Мәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған?

A)Қоғамдық ұйым басшыларына

B)Әлеуметтік орталық өкілдеріне

C)Балалардың әке-шешелеріне

D)Үкімет басындағы азаматтарға

E)Мектеп мұғалімдеріне

16. Мәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз

A)Тұрақты мекен

B)Шынайы тілек

C)Жолы болмаған балалар

D)Күнкөріс

E)Саябақ

17. Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне айналғандығы туралы көзқарас кімнің атынан айтылады?

A)Өздері қатарлас балалар айтады

B)Демалушылардан естиді

C)Жергілікті тұрғындар айтады

D)Қаңғыбас адамдар айтады

E)Саябақтың күзетшісі айтады

18.  «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді?

A)Балаларға қол ұшын беру

B)Үкіметке үміт арту

C)Балаларға жақсы тілек айту

D)Балалардың өміріне алаңдау

E)Балалардың тағдырын шешу

19. Мәтіннің екінші абзацына қандай тақырып сәйкес келеді?

A)Қараусыз қалған балалар

B)Азық іздеген төртеу

C)Саябақтағы оқиға

D)Жас балалар

E)Мейірімсіз ана

20. Кейіпкер не себептен балаларды бақылап отырды?

A)Балалар әрекеттеріне қызыққандықтан

B)Балалардың кім екендігін анықтау үшін

C)Балаларға қол ұшын беру үшін

D)Балалардың әрекеттерін құптағандықтан

E)Балалар әрекеттерінен жиіркенгендіктен

86-НҰСҚА

Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі суымен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ... Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек – отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегімізде қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарық, - ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы - махаббат, өмір тасы - халық, ел намысы - ер қолында. Біз намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда. (94 сөз)

Бауыржан Момышұлы

1.Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не?

A)Айнабұлақ

B)Махаббат

C)Жүрек

D)Мыңбұлақ

E)Намыс

2. Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр?

A)Ерлік пен еңбек – егіз

B)Талапты ерге нұр жауар

C)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

D)Атадан ұл туса  игі, ата жолын қуса игі

E)Ерлік тәрбиеден туады

Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.

Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар.

Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді.Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс.

Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды. (166 сөз)

 (Интернет материалдарынан)

 

3. Арқардың негізгі жауы нелер?

A)Қос  аяқтылар.

B)Сүт қоректілер.

C)Шөп қоректілер.

D)Ет қоректілер.

E)Үй жануарлары.

4. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?

A)Бағалы кәсіптік аң болғандықтан

B)Мүйізі үлкен болғандықтан

C)Меринос қойымен будандастыратындықтан

D)Егіз төл беретіндіктен

E)Суыққа төзімді болғандықтан

5. Арқар қандай жерлерді мекендейді?

A)Шөлейт жерлерді

B)Тау бөктерлерін

C)Құмдауыт ойпаттарды

D)Егіс алқаптарын

E)Жазық даланы

6. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты?

A)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады

B)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді

C)Арқардан төрт түлік түрін шығарды

D)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті

E)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады

Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі. 1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж. Самарқандта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды. Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі Самарқандта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және кітапханалар аштырған.

Шағатай Мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай – атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады. Самарқандтағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша -Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» деп жазылғаны айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды.

Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган - ханның күйеу баласы) атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты. Бұл, тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра алғаны айтылады.

(278 сөз)

 

7. Әмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан?

A)Таққа отырған жерінде

B)Жорықта жүрген жерінде

C)Қайтыс болған жерінде

D)Басып алған жерінде

E)Туған жерінде

8. Орыстар неліктен жер көлемін ұлғайтып, үлкен мемлекет құра алды?

A)Әмір Темір Ұлы Түрік хандығын басқара алмағандықтан

B)Әмір Темір орыстарға жаулап алған жерлерін бергендіктен

C)Әмір Темір Алтын Орданы құлатқандықтан

D)Әмір Темір Анадолыны басып алғандықтан

E)Әмір Темір Орта Азияны билей алмағандықтан

9. Әмір Темірге неліктен Ақсақ Темір аты берілген?

A)Дұшпандары жек көргендіктен

B)Соғыста аттан құлап, қолын жарақаттағандықтан

C)Соғыс кезінде аяғына оқ тигендіктен

D)Аяғы кем болып туылғандықтан

E)Соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан

10. Үзіндіден Әмір Темірдің қандай қасиетін көруге болады?

«Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»    

A)Көріпкел

B)Ақылды

C)Білімді

D)Саясаткер

E)Батыр

11. Мәтіннің стилі қандай?

 A)Ғылыми  стиль

B)Ауызекі сөйлеу стилі

C)Ресми іс-қағаздар стилі

D)Көркем әдебиет стилі

E)Публицистикалық стиль

12. Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді?

A)Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен

B)Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен

C)Түрік қағанатын басқарғандықтан

D)Жошы ұрпағымен отбасын құрғандықтан

E)Белх билеушісі болғандықтан

1.Мидия, Лидия, Вавилония және Египетті басып алған парсы патшасы Кир ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз қарамағына өткізуді қарастырады.

2. Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес, массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас тартады.

3.Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай, әскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бастайды. Жауынгерлеріне қажетті азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы мүмкін. - А.Ә.) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына әмір береді. Өзенге көпір салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы:

– Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып әуре болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, - деп елші арқылы сәлем айтады.

4.Уәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис айтқан уәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы әскерлерінің аз ғана тобымен қақтығысқан болатын.

5.Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис әскерінің үстіне Кирдың негізгі қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирга елші жіберіп:

– Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт. Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен сені қанға тұншықтырамын, -деп өз сәлемін жеткізеді.

Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары қояды.

6. Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады. Ақырында сақтар жеңіп, парсы әскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы патшасының мәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: «Сен менің ұлымды зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш», – деп, кесілген басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді. Сақтардың әйел патшасы өз антын еш бұзбастан орындаған екен.

(441 сөз)

(«Әдеби жәдігерлер» кітабы)

13. Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?

A)Ойды салыстырады

B)Ойды тұжырымдайды

C)Ойды қорытындылайды

D)Ойды дамытады

E)Ойды пайымдайды

14. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?

A)Спаргапистің соғыстағы жеңісін үлгі тұту

B)Мидия патшасының ақылдылығын дәріптеу

C)Кирдің жеңісін мақтан ету

D)Парсы патшасының батылдығын насихаттау

E)Сақ патшасының ержүректілігін өнеге тұту

15. Неліктен Томирис  Кирдің ұсынысынан бас тартты?

 A)Өзі ешкімге тәуелді болғысы келмегендіктен

B)Кирді ұнатпағандықтан

C)Соғысқа дайын болғандықтан

D)Парсы жерінде тұрғысы келмегендіктен

E)Елінің тәуелсіздігін ойлағандықтан

16. Кир қандай патша?

A)Ақымақ

B)Ержүрек

C)Батыл

D)Ашкөз

E)Ақылды

17. Кир неліктен Томириске құда түсті?

A)Әйелдікке алғысы келді

B)Сақ елін иеленгісі келді

C)Қамқор болғысы келді

D)Байлығына қызықты                                     

E)Сұлулығына көзі түсті

18. Спаргапистің намысшылдығы қай азатжолдан көрінеді?

A)Төртінші

B)Бесінші

C)Бірінші

D)Екінші

E)Үшінші

19. Томирис неліктен парсы патшасының мәйітін іздетті?

1.Патшаның өлгеніне көз жеткізу үшін

2.Сертін орындау үшін

3.Ұлының кегін алу үшін

A)Барлығы дұрыс

B)Біріншісі дұрыс

C)Барлығы бұрыс

D)Үшіншісі дұрыс

E)Екіншісі дұрыс

20. Спаргапистің жеңісі неліктен уақытша жеңіс саналды?

A)Батырлар жеңісін тойлағандықтан

B)Соғыс күші жетіспегендіктен

C)Жаудың шағын тобымен соғысқандықтан

D)Қиян-кескі ұрыс болғандықтан

E)Соғысқа азғана әскерін қатыстырғандықтан
1   2   3   4   5


написать администратору сайта