Главная страница
Навигация по странице:

  • Мақсаты

  • Бірінші бағыт-танымдық бағыт.

  • Үшінші бағыт-аңғарымпаздық бағытына баулу

  • Төртінші бағыт – танып-білуге деген қызығушылық тудыру.

  • Э

  • Е

  • О

  • Конференцияға қатысуға өтінім

  • Өлкетану материалдары негізінде патриотизмге тәрбиелеу. лкетану материалдарын тарих сабатарында пайдалану арылы білім алушыларды патриотизмге трбиелеуді ерекшеліктері


    Скачать 30.74 Kb.
    Названиелкетану материалдарын тарих сабатарында пайдалану арылы білім алушыларды патриотизмге трбиелеуді ерекшеліктері
    Дата07.03.2023
    Размер30.74 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӨлкетану материалдары негізінде патриотизмге тәрбиелеу.docx
    ТипДокументы
    #973596

    Өлкетану материалдарын тарих сабақтарында пайдалану арқылы білім алушыларды патриотизмге тәрбиелеудің ерекшеліктері

    Ашкеев Мұрат Жаманович

    Айыртау ауданы,Қызыл-Әскер орта мектебі

    АННОТАЦИЯ

    Мақалада автордың жеке іс тәжрибесіндегі жергілікті өлкетану материалдарын тарих сабақтарында пайдалану арқылы білім алушыларды патриотизмге тәрбиелеудің негізгі бағыттары туралы айтылады. Патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын аша отырып,автор тарих сабақтарында өлкетану материалдарын пайдаланудың түрлі бағыттарын көрсетеді және оның нәтижелерімен таныстырады. Сонымен қатар өлкетану материалдарымен жұмыс істеудегі өзінің жеке тәжрибесімен бөліседі.

    Түйінді сөздер: Өлкетану материалдары,Өлкетану, негізгі бағыттар, патриоттық тәрбие,жеке тәжрибе,атқарылған жұмыстар, нәтижелер.

    Қазіргі заман, ақпарат ағыны мен білім берудің жоғары деңгейіне байланысты Soft skills заманы. Сондықтан да белгілі бір кәсіпке немесе мамандыққа ғана тән емес, адамның жеке қасиеттері, шығармашылық ойлау,шешім қабылдау,жауапкершілікті сезіну секілді әмбебап дағдылары алғашқы орынға шығатын заман. Міне осы жаңа тұрпатты заман ағымына сай келудің ең басты шарты- мәдениетіңді, ұлттық кодыңды сақтай білу болып табылады. Осыған орай Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА дайындаған «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хатта мектептердегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа алу ұсынылған.

    Сонымен қатар еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыттардың ,бірінші бағыты - «Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу болып табылады.

    Өлкетану - елімізді, оның тарихын, табиғатын, шаруашылығын, халықтың мәдениеті мен тұрмысын жан-жақты және жоспарлы түрде танып-білу. Өлкеміздің тарихы мен табиғатын танып, зерттей келе, нақты және мақсатты түрде тарихи-мәдени ескерткіштерді, флора мен фаунаны, табиғат қорларын қорғау іс-шараларын іске асыру арқылы білім алушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру мектептегі тәрбиенің ең басты бағыты болып табылады.. Өлкетану - белгілі бір жердің өткені мен бүгінгі күнін зерттеу, жекеден жалпыға, ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін айқындайтын, түрлі ғылыми пәндер мен ғылыми-зерттеушілік тәсілдерге және пәнаралық байланыстарға сүйенетін танымдық әдіске негізделген ғылыми, әрі ғылыми-көпшілікке таратылатын қызмет болып табылады. Бүгінгі баяндамамыздың тақырыбының өзектілігі де осында.

    Өлкетану материалдарын сабақтарда пайдалану арқылы патриотизмге тәрбиелеудің негізгі бағыттарын анықтау,атқарылатын жұмыс түрлерін нақтылау және олардың нәтижелілігін сараптау мақаланың жаңашылдығы болып табылады.

    Туған өлкенің,тарихы,шежіре-аңыздары ,жер-су атаулары,этнографиясы,мәдениеті және білім алушылардың бойындағы патриоттық рух мақаланың зерттеу нысаны болып табылады.
    Мақсаты – тарих сабақтарында өлкетану материалдарымен жұмыс істеудің негізгі бағыттарын анықтау.

    Міндеттері:

    - тарих сабақтарында өлкетану материалдары арқылы патриотизмге тәрбиелеудің бұған дейінгі жасалған бағыттарын зерттеу;

    - тарих сабақтарында өлкетану материалдары арқылы патриотизмге тәрбиелеу бойынша анықталған әдіс-тәсілдер мен бағыттарды қолдану;

    -атқарылған жұмыстардың нәтижелілігін сараптау
    Тарих сабақтарында өлкетану материалдарын пайдалану арқылы білім алушыларды патриотизмге тәрбиелеуді негізгі тақырып етіп ала отырып біз, өлкетану жұмыстарын жүргізудің негізгі бағыттарын зерделедік. Соның ішінде отандық өлкетанушылар М. Қозыбаев, Т. Тұрлығұл, Ж. Қасымбаев сияқты тарихшы ғалымдар тарихи-философиялық тұрғыда, әдебиет саласы бойынша М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллин, Е. Смайылов, С. Мұқанов, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Сейдімбеков және т.б. зерттеушілер өз еңбектерінде ауыз әдебиеті үлгілеріндегі патриотизмнің ұлттық мәнін терең зертегендерін зерделедік.

    Сонымен қатар Өлкетану материалдарының маңызын және оны жоғары сыныпта гуманитарлық пәндерде пәнаралық байланыста қолданудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін әр қырынан сөз еткен қазақстандық педагог-ғалымдар: А.А. Саипов, М.Н. Мусабаева, О.Б. Мазбаев, Солардың ішінде нақтылы біздің тақырыбымызға бір табан жақын жұмыс деп біз педагог-ғалым А.С. Белкин ұсынған төмендегі бағыттарды басшылыққа алдық.

    Бірінші бағыт-танымдық бағыт.  Ол оқу әрекетінде табысты жағдаят туғызу. Оқуға ішкі уәжі төмен білім алушыны оқудан тыс танымдық әрекеттерге тартып,соның ішінде өзінің туған жерінің,отбасының тарихын,шежіресін сұрап білуге,және сол еңбегінің нәтижесін көруге жағдай туғызу арқылы, олардың танымдық әрекет қуанышына бөленуіне мүмкіндіктер туғыздық.

    Екінші бағыт «Эвристика» амалы арқылы қабілетті арттыру. Мәселен, 8 сыныпта Ұжымдастыру саясаты туралы сабақ өткен кезде, дәл осы оқиғаның біздің ауылда, аймақта өтуі туралы естеліктер, немесе қосымша өлкетану мәліметтерін беру арқылы олардың өздерінше жаңалық ашуларына жағдай туғызу.
    Үшінші бағыт-аңғарымпаздық бағытына баулу: Тарих сабақтарында жергілікті жер мәліметтерін хабарлауда әдейі қателіктер жіберіледі. Осындай қатені кім бірінші боп байқауы және оның қате екендігін дәлелдей білуі талап етілді. Бұл әдіс оқушылардың сабақты мұқиат тыңдауына игі ықпал етті және өзіндік пікір дәйектеріне сүйеніп, ойды дұрыс дәлелдеу мәдениеті қалыптасты.
    Төртінші бағыт – танып-білуге деген қызығушылық тудыру. Бұл бағыт бойынша оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі.
    Мұндағы мақсат сыныптағы ішкі уәжі төмен деген оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатын көздедік және оған қол жетті деуге де болады. Мұндай оқушыларға ауыл ақсақалдарына барып қосымша материал жазып келу, суретін және мақала авторын тауып келу тапсырмаларын беріп, олардың жауапкершіліктерін, ұқыптылықтарын, жақсы тұжырымдарын міндетті түрде атап өту арқылы көзқарастарды жағымды жаққа бұру көзделді. Нәтижесінде оқушылар арасында «біз өлкеміз туралы мәліметтерді жинадық » деген пікірлер қалыптасты және олардың туған жер тарихына деген қызығушылықтарының артқанын көрдік

    Шығармашылық қабілеттерін дамыту бағыты. Бұл бағытта оқушыларды зерттеушілік жұмыстарға баулу,болжау,қиялдау бағытымен тығыз байланысты іске асырылды. Мәселен, «егер Ұлы Отан соғысы болмағанда, біздің ауыл қандай болар еді?», «Осыдан жүз жыл бұрынғы біздің ауыл мен бүгінгі ауыл», т.б. Бұл арада біз негізінен өлкетану материалдарын пайдалана отырып оқушылар бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыруды басты назарда ұстадық.
    Сонымен қатар өз өлкеміз туралы әдеби кітаптар оқу, жергілікті ақындардың өлеңдерін жаттату, викторина сұрақтарына жауап бергізу арқылы «Кім көп біледі?» деген жарыс өткізу, реферат жаздыру, пікірталасын ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілді. Сөйтіп, оқушылардың бойында өз өлкесінің тарихын терең білуге деген құмарлығы артып, мақтаныш сезім ұялады.
    Экологиялық бағыт. Ол өз өлкесінің табиғатына деген сүйіспеншілік қалыптастыру, оны ластаудан және жойылып кетуден сақтау, өлкенің экологиялық жағдайын зерттеу, оны жақсарту жолдарын іздестіру арқылы өлкесіне деген жанашырлығын ояту көзделді.
    Еңбек бағыты. Ол әр баланың бойына еңбек ету дағдыларын қалыптастыру, еңбек адамдарына құрметпен қарау, кәсіп түрлерін таңдауға бағдар беру, ауылымыздағы еңбек ардагерлерінің ,ата-әжелерінің өмірі мен еңбектегі жетістіктерін үлгі-өнеге ете отырып, өз өлкесінің азаматтарына мақтаныш сезім туғызу арқылы патриоттыққа тәрбиелеу

    Пәндік-білімдік бағыты. Ол география, тарих, биология, әдебиет, химия пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып, өз өлкесінің флорасын, фаунасын, жер байлықтарын, өндіріс орындарының табыстарын зерттеу арқылы патриоттыққа тәрбиелеу.
    Отбасы бағыты. Ол өз ата-анасының, әулетінің өмірі мен шежіресін зерделеу, отбасы тарихын ел тарихымен байланыстыру, отбасын сүю, отбасы мүшелерінің жетістіктерін мақтан тұту сезіміне тәрбиелеу көзделеді.
    Негізінен осы бағыттардағы жұмыстарды жүргізе отырып біз оқушылардың бойында өз ауылының тарихын білуге, зерттеуге және оны әлем тарихы,ел тарихындағы болған оқиғалармен байланыстыра зерделеу арқылы өз Отанына деген сүйспеншілік сезімін ояту арқылы патриоттық рухын көтеруге ұмтылдық.


    Әдебиеттер тізімі:

    1. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА дайындаған «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат 24-25 б.б.

    2. Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері»

    3. Дәуренбаева Ж.А. «Өлкетану материалдарын пайдалану арқылы негізгі мектептің оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеу» https://kk.convdocs.org/docs/index-150778.html




    Конференцияға қатысуға өтінім


    Қатысушының толық аты-жөні

    Ашкеев Мұрат Жаманович

    Оқу орын атауы

    «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ,«Айыртау ауданы білім бөлімі» КММ, «Қызыл-Әскер орта мектебі» КММ

    Бағыттың атауы (конференция бағыттарының тізімінен таңдалады)

    Білім беру кеңістігіндегі тәрбие беру стратегиялары

    Мақала атауы

    Өлкетану материалдарын тарих сабақтарында пайдалану арқылы білім алушыларды патриотизмге тәрбиелеудің ерекшеліктері

    Жұмыс орны, лауазымы

    Қызыл-Әскер орта мектебі ,

    тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі

    Ғылыми дәрежесі

    жоқ

    Ғылыми, академиялық атағы

    жоқ

    Байланыс телефон нөмірі (қала кодын қоса алғанда)

    Жұм.тел:87153354538

    Ұялы тел: 87051785402

    Электрондық пошта мекенжайы

    zhamani96@mail.ru


    написать администратору сайта