кинематика. «Магистрлік диссертация» __ымына аны_тама ж_не о_ан _ойылатын та. Магистрлік диссертация ымына анытама жне оан ойылатын талаптар
Скачать 55.13 Kb.
|
«Магистрлік диссертация» ұғымына анықтама және оған қойылатын талаптар Магистрлік диссертация ғылыми мазмұндағы соңғы біліктілік жұмысын көрсетеді, яғни таңдалған тақырып нақты және талданған көрсеткіштер толығымен бейнеленуі қажет. Ол қазіргі ғылым және техниканың даму деңгейіне сәйкес болу керек, ал тақырып – өзекті болуға тиіс. Диссертация мазмұнының толық ашылуы, қорытынды және ұсыныстары олардың жаңашылдығы және қажеттілігі сияқты көрсеткіштерді қамтуы керек. Сондықтан магистрлік диссертация ерекше ғылыми шығарма түрінде ұсынылады. Диссертация жинақталған ақпараттарды мәтіндік материалдар түрінде, яғни диссертант өзіндік қарауы бойынша жинақталған ғылыми фактілерді және ғылыми құндылығын дәлелдеп немесе тәжірибелік қажеттілігін саналы түрде айқындап көрсетуі қажет. Диссертация мазмұнында келтірілген мәліметтердің қайталанбауы қадағалануы қажет. Мазмұнның негізі болып жаңа материалдар немесе басқа ғылыми орындарда ерте әйгілі жағдайларды қамту немесе тың аспекті болып табылады. Диссертацияның мазмұны көбіне жүйеленген түрде ғылыми зерттеудің бастауын және жүру барысын және осыдан шыққан нәтижесін бекітеді. Бірақ бұл жерде тек қана ғылыми негіздер ғана жазылмайды, олардың жан-жақты талданылуы жүргізіледі, балама және таңдаулы себептер арасынан қалыпты жағдайлар қарастырылады. Диссертация әрқашан бір ғана концепцияны бейнелейді және бір ғана көзқарасты, соның ішінде бір қатысушының сырттай ғылыми пікірі қарастырылады. Оның мазмұнында нақты және таңдап алынған концепцияның дәлелденген аргументтері келтіріледі. Пайдалануына қарай жан-жақты жүйелендіреді және қарама-қарсы көзқарастар дәлелді түрде саналады. Диссертация авторы тіл құрастыруға тырысады “мен” деген жеке есімдікті санамағанда қазіргі кезде жазылу ережесі мынадай, диссертация авторы көпше түрде орындаса “меннің” орнына “біз” есімдігін қолданса, ал бір топ адамның атынан сөйлеп тұрғандай көрінеді, ғылыми мектеп немесе ғылыми бетбұрыс сияқты. Бұл толығымен дұрыс, себебі қазіргі заманғы ғылымды мынадай тенденциялар: интеграция, ұжымдық шығармашылық мәселені шешуде кешенді жүйені сипаттайды. Кафедрада орындалған магистрлік диссертация ғылыми жұмыс болып саналмайды, тек бұл ғылым емес, академиялық дәреже, яғни жоғары оқу орнын бітіруші және ғылыми жұмыспен айналысуды бастаушы болып саналады. Магистрлік диссертация жеке ғылыми зерттеу болғанымен, оқу-ағарту жұмысының құрамына жату керек. Оның ғылыми деңгейі әрдайым оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек. Орындалған жұмыс тек ғылыми мәселелерді шешу үшін емес, бұл автордың өз бетінше ғылымды ізденуі болып табылады. Магистрант магистрлік диссертация қорғау мерзімінен 1 апта бұрын ЖООК білім беру бөліміне төмендегі құжаттарды тапсырып, бөлім бастығының рұқсатымен қорғауға жіберіледі: - диссертациялық жұмыс сараптама комиссиясында қаралу (қорғау мерзіміне дейін 2 апта бұрын); - зерттеу тақырыбына сәйкес республикалық журналда жарияланған кем дегенде 3 мақаласының болуы; - рецензенттердің (рецензенттің қорғаған шифры магистранттың зерттеу жұмысына сәйкес келу керек) және ғылыми жетекшінің жазбаша оң пікірлері (рецензенттің визасы жұмыс атқаратын мекеменің кадр бөлімімен куәландырылған болуы қажет); - реферат (1 б/т көлемінде, яғни кем дегенде 16 беттен кем болмауы тиіс, қорытынды бөлімі 3 тілде-қазақ, ағылшын, орыс. ); - алдын ала қорғаудың хаттамасының көшірмесі; - аннотация (3 тілде-қазақ, ағылшын, орыс.); - диссертациялық жұмыстың антиплагиаттық тексеруден өткендігі туралы анықтама. Магистранттың бітіру жұмысы – магистрлік диссертация туралы жалпы ережелер Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірушілер, мамандарды дайындауға типтік оқу жоспарына сәйкес таңдалған тақырып бойынша бітіру жұмысын – магистрлік диссертация жазады. Магистрлік диссертация барлық талаптарға сай қорғалған жағдайда, магистрантқа магистр академиялық дәрежесін (ғылыми мамандыққа сәйкес) беруге негіз болады. Магистрлік диссертация бітірушінің сәйкес келетін ғылым саласындағы ғылыми мәселелерді жинақтай алатын және оны шешуге қабілетті маман ретінде танытуға тиіс. Магистрлік диссертацияның мазмұны Магистрлік диссертацияда берілген мамандық бойынша қазіргі заманға сәйкес тақырыптың ғылыми нәтижелері шешілуі керек. Қорғауға жіберілген диссертацияның негізгі нәтижелері баспа бетінде мақала ретінде басылуы керек. Магистрлік диссертацияның мазмұнына төмендегідей талаптар қойылады: - зерттеудің өзекті мәселелері; - нәтиже жаңалығы; - қорғауға жіберілген нәтижелердің ғылыми маңыздылығы; - автор алған нәтижелердің (диссертацияның безендірілуі кезінде барлық пункттер «Кіріспе» бөлімінде көрсетілуі қажет); - қорғауға диссертация ұсынған бітіруші-магистрант оның жеке авторы болып табылып, диссертацияның мазмұнына толығымен жауапкершілікті өз мойнына алады. Магистрлік диссертация құрылымының элементтері - титул парағы; - мазмұны; - қысқартулар, символдар және белгілер тізімі; - кіріспе; - негізгі бөлім және тараулар; - қорытынды; - пайдаланылған әдебиеттер тізімі; - қосымшалар (қажет болған жағдайда) диаграммалар, карталар т.б. Диссертацияның құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар Титул парағы – бұл диссертацияның бірінші беті Жұмыстың мазмұнына кіріспе реттік нөмірлер мен барлық тараулардың, бөлімдердің, пункттердің атаулары, қолданылған әдебиеттер және диссертацияның элементтері басталатын парақтар нөмірі көрсетілген қосымша аттары кіреді Диссертация жазу барасында (қажет болған жағдайда) қысқартулар, символдар немесе белгілер тізімі беріледі. Олар диссертацияда берілген рет бойынша қажетті түсініктемелерімен орналастырылады. Кіріспеде мынадай мәселелер қозғалуы керек: берілген ғылыми мәселенің қазіргі кездегі жағдайына баға беру, тақырыпты талқылауға негіз болған бастапқы жайттар, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігін тудырған мәселе, жоспарланған ғылыми қосымша деңгейді талқылау туралы мәлімет. Сонымен қатар, кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығы, берілген жұмыстың басқа да ғылыми зерттеу бағдарламаларымен байланысы және де мақсаты мен қойылған талаптары көрсетілуі керек, олардың ғылыми зерттеу жұмысындағы өзіндік орны көрінуі қажет. Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Негізгі бөлім негізгі тараулардан, бөлімдерден және пункттерден (соңғысы қажет болса ғана) тұрады. Диссертацияның негізгі бөлімінде жұмыстың болмысы, әдістемесі және негізгі нәтижелері көрсетіледі. Қорытынды бөлімде төмендегідей мәселелер болуы керек: - диссертациялық зерттеулердің нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар; - алға қойылған міндеттердің шешілу барысы. Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне диссертацияда сілтеме жасалынған цитаталар, сонымен қатар жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер кіреді. Қосымша (қажет болған жағдайда). Қосымшада белгілі себептерге байланысты негізгі бөлімге кірмей қалған материалдар жазылады. Безендіру ережелері Магистрлік диссертацияның көлемі 80 беттен аз болмауы керек. Магистрлік диссертация компьютер жазуымен 14 шрифтімен, шет жақтары: сол жағы - 30 мм, оң жағы - 10 мм, жоғары және төмен жағы - 20 мм безендірілуі тиіс. Диссертациядағы құрылымдық элементтер тақырыбы жолдың ортасына, нүктесіз үлкен әріптермен жазылады. Бөлімдердің атаулары азат жолдан асты сызылмай, нүктесіз үлкен әріптермен жазылады, тарау аттары қара (қалың) әріптермен ерекшеленеді. Диссертация нөмірлері араб санымен, алмаспалы нөмірлеуді сақтай отырып, титул парағынан бастап нөмірленеді және титул парағының бет нөмірі (1) жазылмайды. Беттің нөмірі оң жақтың төменгі бөлігінде белгіленеді. Иллюстрациялар (сызба кесте, фотосуреттер) мәтінде олар туралы жазылғаннан кейін-ақ беріледі. Иллюстрация сурет деген сөзбен және суреттің түсініктемесімен беріледі. Әр иллюстрацияның жоғарғы жағына тақырыбы жазылады. Қажет болған жағдайда тақырыптан кейін түсіндірме-анықтамалар беріледі. Иллюстрация араб санымен ауыспалы түрде диссертация барысында белгіленеді. Мәтінде әр иллюстрацияға міндетті түрде сілтеме беріледі. Мәтіндегі формулалар мен теңдеулер жаңа жолдан басталып жазылады. Олардың жоғарғы және төменгі жағынан кемінде бір-бір жолдан қалдырылады. Диссертацияның барысында формулалар мен теңдеулер араб санымен нөмірленеді және олар дөңгелек жақшаларға алынып, оң жақтан реттеледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі диссертацияда қолданылған ретпен, араб саны арқылы белгіленіп, қисық сызыққа алынады. Магистрлік диссертацияны қорғау тәртібі 1. Ғылым магистрі академиялық дәрежесін алу мәселесін шешу үшін, бітіруші квалификациялық комиссия алдында магистрлік диссертациясын қорғауға тиіс. 2. Магистрлік диссертацияны қорғауда шетел ғалымдарының, жұмыс берушінің және басқа оқу орындары мен ғылыми орталықтардан сол мамандыққа қатысты ғалымдардың қатысуы міндетті. 3. Магистрлік диссертацияны қорғаудың қандай деңгейде, қалай өтілуін көріп, айтылған кемшіліктерді қайталамауға тырысу мақсатында және магистранттың жауапкершілігін арттыру үшін 1 курс магистранттарын диссертацияны қорғауға толық қатысуы керек. Қорғауға ұсынылған негізгі нәтижелері ғылыми журналдарда жарық көруі тиіс. Мемлекеттік комиссияға ұсынылатын негізгі құжаттар: - диссертациялық жұмысқа жазылған сараптама комиссиясының қорытындысы; - зерттеу тақырыбына сәйкес республикалық журналда жарияланған кем дегенде 3 мақаласының болуы; - рецензенттердің (рецензенттің қорғаған шифры магистранттың зерттеу жұмысына сәйкес келу керек) және ғылыми жетекшінің жазбаша оң пікірлері; - реферат; - алдын ала қорғаудың хаттамасының көшірмесі; - аннотация; - диссертациялық жұмыстың антиплагиаттық тексеруден өткендігі туралы анықтама; Жоғарыдағы безендіру талаптарына сай жазылған диссертациялық жұмыс ғылыми жетекшісінің қойылған қолымен және пікірімен қорғауға 20 күн қалғанда кафедраға өткізіледі. Кафедра меңгерушісі қорғауға жіберу мәселесін шешіп, диссертацияға қол қояды, содан соң диссертацияны ішкі пікір жазушыға бағыттайды, ол қорғауға үш күн қалғанға дейін жазбаша түрде пікір жазып алып келуі керек. МАК-тың жұмыс кестесіне сәйкес бітіруші жұмысының міндеттерімен қысқаша түрде нақты таныстырады, оны шешу әдістерін, жұмыстың негізгі нәтижелері мен оны қолдану жолдарын көрсетіп баяндама жасайды. Әдетте, баяндаманың соңында ізденуші жұмыс нәтижелерін ретпен оқиды. Жұмысты жазу барысында мына жайттарды есте сақтауы керек: қорытындыларды ауызша айтқанда ол жазылған жұмыстың барлығын қамтуға тиіс, ол үшін жұмыс жазылу барысында негізгі нәтижелер айтылып отыру керек, бірақ безендіру кезінде нәтижелер мен қорытындылар соңғы бетке орналастырылады. Жұмысты бағалау кезінде бітірушінің жұмысына байланысты төмендегідей сапалық көрсеткіштер ескерілуі шарт: - міндеттердің өзектілігі мен жаңашылдығы, таңдалған жұмыс тақырыбының негізділігі және зерттеу әдістері; - нәтижелерінің нақтылығы, орындалған жұмыс көлемі; - әдебиеттердің толықтығы және пайдаланылған әдебиеттердің қазіргі заманға сайлығы; - алынған нәтижелерді ғылыми тәжірибеде және оқу үрдісі мен технологиясында қолдану мүмкіндігі; - материалды нақты мазмұндау сауаттылығы; - берілген ережеде безендіруге қойылатын талаптарға сай безендіру саласы. Кіріспе мәтінінде берілген бағыттағы зерттеудің мақсаты, әдіс-тәсілдері, алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы, енгізу және оны дамыту туралы мәлімет береді. Мысалы, зерттеу тақырыбы «Өскемен қаласы "Айтас" құс шаруашылығында тауық гипатозының диагностикалық емі және алдын алу шаралары»: Зерттеудің өзектілігі – Тақырыптың зерттелу деңгейi- Зерттеудің мақсаты – Зерттеудің міндеттері – Зерттеудің нысаны – Зерттеудің ғылыми жаңалығы – Зерттеудің теориялық мәнділігі – Зерттеудің практикалық маңызы – Зерттеу нәтижесінде – Өскемен қаласы "Айтас" құс шаруашылығында тауық гипатозының диагностикалық емі және алдын алу шаралары анықталды. Диссертацияның ғылыми нәтижесін мемлекеттік, облыстық, аудандық мекемелердің экологиялық және қоршаған ортаны қорғау мониторингінде пайдалана алады. Дайындау үлгісі; Қысқартулар, шартты белгілер; Символдар мен терминдер тізімі; n – саны (экз./м*; экз/м*); б – биомасса (мг/м*; мг/м*); Т – температура; Монография, журналдағы мақалаларға сілтеме дайындау үлгісі; Магистранттың қорғалатын зерттеу тақырыбы бойынша жарық қөрген мақалалар тізімі. Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар Жалпы ережелер 1. Магистрлік диссертация мазмұны бойынша теориялық қағидалар жиынтығын жаңа ғылыми жетістік деп тануға болатын немесе маңызды әлеуметтік-мәдениетті немесе экономикалық мәні бар ғылыми мәселе шешілген, ендіруі елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми дәлелденген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер берілген, дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс. 2. Магистрлік диссертация магистранттың кәсіби біліктілігінің деңгейін және оның таңдаған мамандық бойынша ҚР МЖБС талаптарына сәйкес ғылыми таным әдіснамасын меңгеру дәрежесін анықтайды. 3. Магистрлік диссертация ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады. Қажет болса магистрантқа ғылымдардың шектес саласы бойынша кеңесші тағайындалуы мүмкін. Магистранттың ғылыми жетекшісінде (ғылыми кеңесшісінде) ғылыми дәрежесі (ғылымдардың докторы немесе кандидаты) немесе бейіні бойынша PhD докторының академиялық дәрежесі болуы және ғылымның сол саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми зерттелермен белсенді айналасуы керек. 4. Магистранттардың ғылыми жетекшілерінің (ғылыми кеңесшілерінің) кандитатуралары бірінші курста магистратураға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде университеттің Ғылыми Кеңесінде қарастырылып ректордың бұйрығымен бекітіледі. 5. Магистрлік диссертация магистратураны бітірушіге тиісті мамандық бойынша магистр академиялық дәрежесін берудің негізі болып табылады. 6. Магистрлік диссертация келесі талаптарға сәйкес болуы тиісті: - теориялық немесе қолданбалы тапсырмаларды шешуге көмектесетін немесе нақты ғылыми бағыттарды дамытудағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми тұрғыдан дәлелденген, және (немесе) тәжірибелік нәтижелер дің бар болуы; - магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемаларына сәйкес болуы керек; - өзекті болып, ғылыми жаңашылдық мен практикалық құндылығы бар болуы тиіс; - ғылым мен тәжірибенің қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделіп, кешенді және көпсалалы сипаттағы басқарушылық тапсырмалардың дербес шешімдері мен нақты тәжірибелік ұсыныстары болуы қажет. - компьютер технологияларын қолдана отырып, мәліметтердің заманауи өңдеудің әдіс-тәсілдеріне негізделуі тиіс; - орындалғанда ғылыми зерттеудің және ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы әдістері пайдаланылуы керек; - негізгі қорғалатын қағидалар бойынша ғылыми/зерттеу тәжірибелік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерден тұруы тиіс; - білімнің тиісті саласындағы озық халықаралық тәжірибеге негізделуі керек. 7. Магистрлік диссертациялардың тақырыптарын шығарушы кафедра әзірлеп, оны ҚазҰӨУ ғылыми кеңесі қарастырып, бекітеді. 8. Магистрлік диссертациялардың жалпы тізімі жыл сайын 30 %-ға жаңартылып отыруы қажет. 9. Магистрлік диссертацияның тақырыбы магистрантқа жоғары оқу орны Ғылыми кеңесінің шешімімен қабылданғаннан кейін бірінші екі ай ағымында бекітіледі және жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен бекітіледі. 10. Бітіруші курста сарапшылар кеңесінің жұмыстары басталғанға дейін екі ай бұрын шығарушы кафедраның себепті қорытындысы негізінде магистранттың диссертациясының тақырыбына түзетулер енгізуге рұқсат беріледі. 11. Негізделген және құрылымды магистрлік диссертацияның тақырыбы, диссертация жұмысын аяқтау мерзімдері көрсетілген магистрлік диссертацияны орындау жоспары, ғылыми басылымдар, тағылымдамалар (қажет болған жағдайда) жоспары магистранттың жеке жұмыс жоспарында көрініс табады. 12. Магистрлік диссертацияның ғылыми жетекшісі: · магистрлік диссертацияның орындалуы үшін тапсырма береді; · магистрантқа магистрлік диссертацияны орындаудың барлық кезеңінде күнтізбелік жұмыс кестесін әзірлеуге көмек көрсетеді; · магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламасын құрастырады; · магистрантқа тақырып бойынша қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалық және мұрағат материалдарын, үлгілік жобалар мен басқа да әдебиеттерді ұсынады; · өткізілу барысында магистранттың магистрлік диссертацияны орындау күнтізбелік кестесін сақтауын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультациялар кестесін бекітеді; · магистрлік диссертацияның барлық бөлімдерінің көлемін бекітеді және магистрант пен кеңесшінің жұмысын үйлестіреді; · магистранттың ғылыми тағылымдамаларын (соның ішінде шетелге) жоспарлайды. 13. Магистрлік диссертацияның қорғауға шығарылатын негізгі нәтижелері біреуден кем емес басылымда және/немесе ғылыми-тәжірибелік конференциядағы бір баяндамада ұсынылуы қажет. Басылымға көлемі 0,3 б.т. аз емес аймақтық, республикалық, халықаралық конференциялардағы тезистер, симпозиумдар, мәжілістер, шолу ақпараттары, сараптамалық шолулар, ақпараттық парақтар және предпатенттер (патенттер) жатады. Магистрлік диссертацияның мазмұны,құрылымы және ресімдеуіне қойылатын талаптар 14. Магистрлік диссертацияның көлемі әдетте 60-80 бетті құрайды. Жекелеген мамандық топтары бойынша диссертацияның көлемі 100 бетке дейін жетуі мүмкін. Қосымшалар магистрлік диссертацияның көрсетілген көлеміне енбейді. 15. Диссертация мемлекеттік немесе орыс тілінде орындалады. 16. Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтері: - титул парағы; - мазмұны; - нормативтік сілтемелер; - анықтамалар; - белгілеулер мен қысқартулар; - кіріспе; - негізгі бөлім; - қорытынды; - пайдаланылған әдебиеттер тізімі; - қосымшалар. 17. Магистрант магистрлік диссертацияның мазмұны бойынша 0.5-1 б.п. тұратын реферат жазады. Реферат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (қажет болған жағдайда рефератты басқа шет тілде жазуға рұқсат беріледі) ресімделеді және оған диссертант қол қояды. 18. Магистрлік диссертацияның рефератында келесі мәліметтер болуы қажет: - диссертацияның көлемі мен құрылымы; - суреттер, кестелер, пайдаланылған әдебиет көздерінің саны; - негізгі сөздер тізімі (15-20 сөз); - зерттеудің маңыздылығы; - зерттеудің мақсаты; - зерттеу нысаны; - зерттеу әдістері; - алынған нәтижелер, олардың жаңалығы, ғылыми және тәжірибелік маңызы; - басылымдар туралы мәліметтер. 19. Диссертацияның титул парағы диссертацияның бірінші беті және құжатты өңдеуге және іздеуге қажетті ақпарат көзі болып табылады. Титул парағында келесі мәліметтер болуы керек: - диссертация орындалған ұйымның атауы; - шектелген белгі (қажет болған жағдайда); - диссертанттың тегі, аты-жөні; - жұмыстың атауы; - мамандықтың коды мен атауы (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктемесі бойынша); - ізденіп отырған академиялық дәрежесі; - ғылыми жетекшінің (кеңесшінің) тегі, инициалдары, ғылыми/академиялық дәрежесі және атағы; - диссертацияның орындалған орны және аяқтау жылы. 20. Титул парағын диссертация беттерінің жалпы нөмірленуіне енгізеді. Титул парағында бет нөмірі қойылмайды. Екі немесе одан да көп бөлімнен тұратын диссертация дайындау кезінде әр бөлімнің бірінші бөлімнің титул парағына сәйкес және аталған бөлімге қатысты мәліметтер көрсетілген өз титул парағы болуы қажет. Титул парағы А қосымшасына сәйкес ресімделеді. Титул парағында ізденушінің қара сиямен немесе тушьпен қойылған жеке қолы болуы тиіс. 21. Диссертацияның мазмұнында кіріспе, барлық бөлімдердің, бөлімшелердің, тармақтардың реттік нөмірлері мен атаулары (егер атаулары болса), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардың атаулары және диссертацияның осы элементтерінің басталатын бет нөмірлері көрсетіледі. Екі немесе одан да көп бөлімнен тұратын диссертация дайындау кезінде олардың әрқайсысында өз мазмұны болуы керек. Мұндайда бірінші бөлімде бөлім нөмірлері көрсетіліп, жалпы диссертацияның мазмұны, ал келесілерінде тек тиісті бөлімнің мазмұны ғана жазылады. Бірінші бөлімде келесі бөлімдердің мазмұнының орнына тек олардың атауларын көрсетуге рұқсат беріледі. 22. «Нормативтік сілтемелер» құрылымдық элементіне диссертация мәтінінде сілтеме жасалған стандарттар тізімі кіреді. Сілтемелік стандарттар тізімі мынадай сөздермен басталады: "Осы диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылған". Тізімге стандарттардың көрсеткіші және көрсеткіштерінің тіркеу нөмірлерінің өсу тәртібінде олардың атаулары енеді. 23. «Анықтамалар» құрылымдық элементіне диссертацияда қолданылған түсіндіруді немесе нұсқама беруді қажет ететін терминдердің анықтамалары кіреді. Анықтамалар тізімі мынадай сөздермен басталады: "Осы диссертацияда келесі терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылды". 24. «Белгілеулер мен қысқартулар» құрылымдық элементіне диссертацияда қолданылған белгілеулер мен қысқартулар тізімі жатады. Көрсеткіштер мен қысқартулардың жазбалары қажетті түсініктемелермен және мағынасын ашумен олардың диссертация мәтінінде келтірілу тәртібінде немесе алфавиттік тәртіпте келтіріледі. Анықтамаларды, белгілеулер мен қысқартуларды «Анықтамалар, көрсеткіштер мен белгілеулер» атты бір құрылымдық элементте көрсетуге рұқсат беріледі. 25. Кіріпеде шешілетін ғылыми немесе ғылыми-техникалық мәселенің (міндеттің) қазіргі заманғы жағдайын бағалау, аталмыш ғылыми-зерттеу (тәжірибелік-зерттеу) жұмысын жүргізу қажеттілігіне негіздеме, әзірлеменің жоспарланып отырған ғылыми-техникалық деңгейі туралы, патенттік зерттеулер және олардың қорытындылары туралы мәліметтер, диссертацияның метрологиялық қамтамасыз етілуі жөніндегі мәліметтер болуы керек. Кіріспеде тақырыптың маңыздылығы мен жаңалығы, аталмыш жұмыстың басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысы көрсетілуі қажет, сонымен қоса зерттеудің мақсаттары, нысаны мен пәні, міндеттері, олардың жалпы ғылыми-зерттеу (тәжірибелік-зерттеу) жұмысын орындаудағы орны, әдіснамалық базасы, қорғауға шығарылатын ережелері келтірілуі тиіс. 26. Диссертацияның негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер баяндалады. 27. Негізгі бөлімде төмендегі мәліметтер болуы тиіс: - зерттеу бағытының негіздемесі, міндеттерді шешу әдістері мен олардың салыстырмалы бағасы, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің таңдалған жалпы әдістемесінің сипаттамасы енетін зерттеу бағытының таңдауы; - теориялық зерттеудің сипатын және мазмұнын анықтауды, зерттеу әдістерін, есептеу әдістерін, тәжірибелік жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне негіздемені, әзірленген нысандардың әрекет ету қағидаларын, олардың сипаттамаларын қоса алғандағы теориялық және (немесе) тәжірибелік зерттеулер үрдісі; - жұмыстың әрі қарайғы бағыттары бойынша қойылған міндеттер мен ұсыныстарды толығымен шешуді бағалауды, алынған нәтижелердің дұрыстығын бағалауды және оларды отандық және шетелдік жұмыстардың баламалы нәтижелерімен салыстыруды қоса алғандағы зерттеу нәтижелерін жинақтау және бағалау. 28. Қорытындыда мынадай мәселелер болуы тиіс: - диссертациялық зерттеудің нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар; - қойылған міндеттердің толығымен шешілуін бағалау; - нәтижелерді нақты қолдану бойынша ұсыныстар мен бастапқы мәліметтердің әзірлемелері; - енгізудің техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау; - аталмыш саладағы үздік жетістіктермен салыстырғандағы орындалған жұмыстың ғылыми деңгейін бағалау. 29. Тізімде диссертацияны жазу кезінде пайдаланылған әдебиет көздері туралы мәліметтер болуы қажет. Тізім Б қосымшасына сәйкес ресімделеді. 30. Қосымшаларға қандай да бір себептер бойынша негізгі бөлімге енгізілмеген орындалған диссертацияға байланысты материалдарды енгізу ұсынылады. Қосымшаға төмендегі материалдар енгізілуі мүмкін: - ноталық мысалдар; - кестелер; - композитор, суретшілер, әртістер және т.б. өмірбаянынан мәліметтер - қосалқы сипаттағы суреттер (фото); 31. Диссертациялық жұмыс мәтінінің беттері және диссертацияға енгізілген суреттер мен кестелер А4 пішініне сәйкес келуі керек. 32. Диссертация баспа әдісімен компьютер мен басып шығарушы құрылғыны қолдану арқылы бір интервалмен А4 пішініндегі ақ қағаздың бір жағында орындалуы қажет. Қаріп - Times New Roman, 14 кегль. Диссертация мәтінін қағаздың жан жағының келесі өлшемдерін сақтай отырып, теру қажет: оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, сол жағы – 30 мм, төменгі жағы – 20 мм. Қаріптің әр түрлі түрлерін қолдана отырып, белгілі бір терминдерді, формулаларды, теоремаларды ерекшелейтін компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат беріледі. 33. Диссертацияның орындалу әдісіне қарамастан терілген мәтіннің және суреттер, кестелерді ресімдеу, басылған мәтіннің сапасы олардың нақты шығарылу талабына сәйкес келуі керек. 34. Диссертацияны орындау кезінде барлық диссертация бойынша суреттердің тығыздығы, айқындылығы мен нақтылығы сақталуы қажет. Диссертацияда сызықтар, әріптер және белгілер нақты, түзу болуы қажет. 35. Диссертацияны дайындау кезінде анықталған қателіктер, баспа қателері және графикалық ауытқуларды өшіру немесе ақ бояумен бояп және сол жерге машинамен жазу немесе қара сиямен немесе қара тушьпен қолмен жазу тәсілі арқылы түзетуге рұқсат беріледі. Мәтін парақтарын бүлдіру, бұрынғы мәтіннің толығымен жойылмаған жерлері мен іздері болуына рұқсат етілмейді. 36. Адамдардың тегі, ұйымдардың атаулары, бұйымдардың аттары және басқа да жалқы есімдер диссертацияда түпнұсқа тілінде көрсетіледі. Жалқы есімдерді аударуға және ұйым атауларын түпнұсқа атауларын қосып (бірінші рет қолданғанда) диссертация тіліне аударылған күйінде қолдануға болады. 37. «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» сияқты диссертацияның құрылымдық элементтерінің атаулары диссертацияның құрылымдық элементтерінің тақырыптары болып табылады. 38. Диссертацияның негізгі бөлімін бөлімдерге, бөлімшелерге және тармақтарға бөлу керек. Қажет болған жағдайда тармақтар тармақшаларға бөліне алады. Диссертация мәтінін тармақтар мен тармақшаларға бөлу барысында әрбір тармақтың аяқталған ақпаратты білдіргені жөн. 39. Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптары болуы керек. Тармақтарға атау берілмейді. Атаулар бөлімдердің, бөлімшелердің нақты және қысқаша мазмұнын бейнелеуі тиіс. 40. Бөлімдердің, бөлімшелердің және тармақтардың атаулары азат жолдан бастап астын сызбай, аяғында нүктесіз бас әріппен басталып жазылады. Егер атау екі сөйлемнен тұрса, олар нүктемен ажыратады. 41. Диссертацияның беттерін диссертацияның барлық мәтіні бойынша алмаспайтын нөмірлеуді сақтап, араб цифрларымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмірін парақтың төменгі жағында нүктесіз және ортасында орналастырады. 42. Титул парағын беттердің жалпы нөмірленуіне қосады. Титул парағында беттің нөмірі қойылмайды. 43. Жеке парақтарда орналастырылған суреттер мен кестелерді диссертация беттерінің жалпы нөмірленуіне қосады. А3 пішініндегі суреттер мен кестелерді бір бет ретінде санайды. 44. Диссертация бөлімдерінің жұмыс барысы бойынша нүктесіз және абзацтық шегіністе жазылған араб цифрларымен белгіленген реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер әрбір бөлім шегінде нөмірленеді. Бөлімшенің нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім және бөлімше нөмірінен тұрады. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін. 45. Егер диссертацияда бөлімшелер болмаса, онда тармақтар әрбір бөлімде нөмірленуі қажет, және тармақ нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім және тармақ нөмірінен құралады. Тармақ нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Мысалы 1 Аурудың эпизоотологиясы 1.1 1.2 – Диссертацияның бірінші бөлімі тармақтарының номерленуі 1.3 2 Өзіндік зерттеу 2.1 2.2 – Диссертацияның екінші бөлімі тармақтарының номерленуі 2.3 Егер диссертацияда бөлімшелер болса, онда тармақтарды номерлеу бөлімше шегінде жүргізіледі және тармақ номері нүктелермен ажыратылған бөлім, бөлімше және тармақ номерінен тұрады, мысалы: 3 Сынау әдістері 3.1 Құралдар, материалдар және реактивтер 3.1.1 3.1.2 – Диссертацияның үшінші бөлімі бірінші бөлімшесі тармақтарының номерленуі 3.1.3 3.2 Сынауға дайындық 3.2.1 3.2.2 – Диссертацияның үшінші бөлімі екінші бөлімшесі тармақтарының номерленуі 3.2.3 46. Егер 46. Егер бөлім бір бөлімшеден тұрса, онда бөлімше нөмірленбейді. Егер бөлімше бір тармақтан тұрса, онда тармақ нөмірленбейді. 47. Егер мәтін тек тармақтарға бөлінсе, онда олар барлық диссертациялық жұмыс шегінде реттік нөмірлермен нөмірленеді. 48. Қажет болған жағдайда тармақтар тармақшаларға бөлінеді, олар әрбір тармақ шегінде ретпен нөмірленуі тиіс, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2 және т.б. 49. Тармақтардың немесе тармақшалардың ішінде тізбектеп атау көрсетілуі мүмкін. Әрбір тізбектеп атаудың алдында сызықша немесе қажет болған жағдайда құжат мәтініндегі тізбектеп атаудың бірін әріппен белгілеуге болады (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ әріптерінен басқалары), әрбір әріптен соң жақша қойылады. Тізбектеп атауды әрі қарай нақтылау үшін араб цифрларын пайдалану қажет, олардан соң жақша қойылады, ал жазба мысалда көрсетілгендей абзацтық шегіністен басталады. Мысалы а) __________ б) __________ 1) _____ 2) _____ в) __________ 50. Диссертацияның әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан (беттен) бастау қажет. 51. Диссертацияның және диссертация құрамына кіретін қосымша беттерінің нөмірленуі алмаспайтын болуы қажет. 52. Суреттер (сызбалар, кестелер, карталар, жобалар, компьютерлік баспалар, диаграммалар, фотосуреттер) диссертацияда олар бірінші рет көрсетілген мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастырылуы керек. Суреттер компьютерде орындалған, соның ішінде түрлі-түсті болуы да мүмкін. Барлық суреттерге диссертацияда сілтеме жасалуы керек. 53. Диссертацияда орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, жобалар, суреттер Конструкторлық құжаттаманың ортақ жүйесі (КҚОЖ) мемлекеттік стандарттарының талаптарына сай болуы қажет. Сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды, жобаларды компьютерлік баспаны қолдану арқылы орындауға рұқсат беріледі. 54. А4 пішінінен кіші фотосуреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына желімделуі керек. 55. Қосымшалардағы суреттерден басқа суреттерді алмаспайтын нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірлеу керек. Егер сурет біреу болса, онда ол «1 сурет» деп белгіленеді. «Сурет» сөзі және оның атауы сызықша арқылы жолдың ортасында орналасады. 56. Суреттерді бөлім шегінде нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда сурет нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім нөмірінен және суреттің реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: 1.1 сурет. 57. Қажет болған жағдайда суреттерге атау беріліп, оларға түсіндірме мәлімет жазылады (сурет асты мәтін). «Сурет» сөзі мен оның атауын түсіндірме мәліметтен кейін мынадай үлгімен орналастырады: 1 сурет – Құралдың тетіктері. 58. Әрбір қосымшаның суреттері цифр алдында қосымшаны белгілеу арқылы араб цифрларымен жеке нөмірленеді. Мысалы: А. 3 сурет Суреттер В қосымшасына сәйкес ресімделеді. 59. Суреттерге сілтеме жасаған кезде алмаспайтын нөмірлеу болса «... 2 суретке сәйкес» деп және бөлім шегінде нөмірлеу қолданылған болса «... 1.2 суретке сәйкес» деп жазылады. 60. Кестені жақсы көрнекілік және көрсеткіштерді салыстыру ыңғайлылығы үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнынан көрініс беріп, нақты әрі қысқа болуы қажет және абзацтық шегініссіз сызықша арқылы оның нөмірімен бірге бір жолда кестенің сол жақ үстінде орналастырылады. Кестенің бір бөлігін келесі бетке көшірген уақытта бірінші беттегі төменгі көлденең сызық жабылмайды, басқа бөліктерінің үстінде сол жағында «Жалғасы» деген сөз жазылып, кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы «1 кестенің жалғасы». 61. Кесте диссертацияда ол бірінші рет көрсетілетін мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналасуы керек. Барлық кестелерге диссертацияда сілтеме болуы қажет. Сілтеме жасағанда нөмірін көрсетіп «кесте» деп жазу керек. Қосымша кестелерінен басқа кестелер алмаспайтын нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірленеді. Кестелерді бөлім шегінде нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестенің нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады. Әрбір қосымшаның кестелері цифрдың алдына қосымша белгісін қою арқылы жеке-жеке араб цифрларымен нөмірленеді. 62. Кестелер сол, оң жағынан және астынан сызықтармен шектеледі. Кестеде мәтіндегі қаріптен кіші қаріп өлшемін (12) пайдалануға рұқсат етіледі. Кестенің жолдарын шектейтін көлденең және тік сызықтар, егер олардың болмағаны кестені қолдануды қиындатпаса жүргізілмегені жөн. Кестенің төменгі сызығы мен мәтін арасындағы қашықтық 2 «бос» жол болуы керек. Кестені ресімдеудің толығырақ түсінігі 2.105 МЖБС-та. 63. Ескертулерді абзацтан бастап бас әріппен астын сызбай теру керек. Диссертацияда ескертулерді егер мәтіннің, кестенің немесе графикалық материалдың мазмұнына түсініктеме немесе анықтамалық мәліметтер қажет болса ғана жасайды. Ескертулерді осы ескерту қатысты мәтіндік, графикалық материалдан кейін немесе кестеде орналастыру қажет. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескерту нүкте қоюсыз араб цифрларымен нөмірленеді. Кестеге ескерту кестенің соңында кестенің аяқталғанын білдіретін сызықтың үстіне жазылады. 64. Пайдаланылған әдебеиттерге сілтемелерді төртбұрышты жақшада көрсету қажет. Толығымен құжатқа немесе оның бөлімдері мен қосымшаларына сілтеме жасау керек. Бөлімшелерге, тармақтарға, кестелер мен суреттерге сілтеме жасауға болмайды. Стандарттар мен техникалық жағдайларға сілтеме жасау кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, мұндайда стандарт пайдаланылған әдебиеттер тізімінде толығымен жазылса, олардың бекітілген жылдарын жазбауға рұқсат етіледі. 65. Белгілеулер мен қысқартуларды бағандап орналастырады және олар қажетті түсініктемелермен және шешімдерімен мәтінде көрсетілген тәртіпте жазылады. Анықтамаларды, көрсеткіштер мен қысқартуларды «Анықтамалар, көрсеткіштер мен қысқартулар» атты бір құрылымдық элементте көрсетуге рұқсат беріледі. 66. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде диссертация мәтінінде сілтеме жасау тәртібінде орналастырылған және нүкте қойылмай араб цифрларымен нөмірленген әдебиеттер жөніндегі мәліметтер болады. Абзацтық шегініссіз теру керек. 67. Қосымшалар диссертацияның жалғасы ретінде оның келесі парақтарында ресімделеді немесе жеке құжат ретінде шығарылады. Құжаттың басқа бөліктерімен бірге қосымша беттері де жалпы нөмірленуі керек. Диссертация мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме жасалуы керек. Қосымшалар диссертация мәтінінде оларға сілтеме жасау реті бойынша орналастырылады. Әр қосымшаны жаңа беттен оның көрсеткіші мен дәрежесін көрсету арқылы беттің жоғарғы жағында жолдың ортасында «ҚОСЫМША» сөзімен бастау керек. Қосымшаның жеке жолда бас әріппен мәтінге қатысты симметриялы түрде жазылатын атауы болуы қажет. Қосымшалар орыс алфавитінің бас әріптерімен, А әрпінен бастап, Е, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерінен басқа әріптермен белгіленеді. «ҚОСЫМША» сөзінің алдында оның ретін білдіретін әріп жазылады. Орыс алфавитін толығымен пайдаланған жағдайда I, O әріптерінен басқа латын алфавитінің әріптерін, ал одан әрі араб цифрларын пайдалану қажет. 7. Магистрлік диссертацияның классификациялық белгілері 68. Диссертацияны iзденушiнiң жеке өзi жазуға тиiс, онда көпшiлiк алдында қорғауға ұсынылған, өзектi тақырыпты игеру барысында автор алған жаңа әрi анық ғылыми нәтижелер мен қағидалардың жиынтығы қамтылуға, ол iштей сабақтасып жатуға және автордың ғылымға қосқан жеке үлесiн куәландыратын болуға тиiс. Автордың ұсынған жаңа шешiмдерi бойынша дәлелдi болуы, әрi бұрыннан белгiлi шешiмдермен салыстыра отырып, сын тұрғысынан бағалануы керек. 69. Қолданбалы мәнi бар диссертацияда автор алған ғылыми нәтижелердiң практикада қолданылуы туралы мәлiметтердiң келтiрiлуi, ал теориялық мәнi бар диссертацияда ғылыми тұжырымдарды пайдалану жөнiнде ұсыныстар болуы қажет. 70. Диссертация келесі талаптардың бірін қанағаттандырса, қорғауға жіберіледі: - диссертация нәтижелері сәйкес ғылыми бағыттың дамуындағы жаңа жетістік деп тануға болатын теориялық қағидалар жиынтығы болса; - диссертацияда маңызды әлеуметтік-мәдени, экономикалық немесе саяси маңызы бар ғылыми мәселені шешудің тәсілі ұсынылса; - диссертацияда ғылыми-техникалық ілгерілеуге зор үлесін қосатын техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер ғылыми тұрғыдан дәлелденсе. 71. Магистрлік диссертация ҚазҰӨУ жоспарланған зерттеулер бағдарламасына сәйкес орындалып, халықаралық, мемлекеттік немесе аймақтық ғылыми, ғылыми-техникалық және салалық бағдарламаларына, фундаментальді немесе қолданбалы зерттеу бағдарламаларына енуі тиіс; 72. Магистрлік диссертацияның нәтижелері: - халықаралық (лицензиялар сатылып, халықаралық гранттар алынды); - сала аралық; - сала аясында; - ұйым шегінде енгізілуі тиіс. 8. Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну және қорғау тәртібі 73. Белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген магистрлік диссертация алдын-ала қорғау ресімінен өту және ғылыми жетекшісінің пікірін алу мақсатында шығарушы кафедраға болжалды қорғау күнінен бұрын үш ай кешіктірмей ұсынылады. Егер магистрлік диссертация бойынша шектес ғылым саласындағы маман тағайындалса, ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесшінің пікірлері жеке, яғни бір-бірінен дербес түрде жасалады. 74. Ғылыми жетекшінің және бар болған кезде ғылыми кеңесшісінің пікірлері алдын-ала қорғау ресімінен кейін 10 (он) күннің ішінде «қорғауға жіберілді» немесе «қорғауға жіберілген жоқ» деген дәлелді тұжырымдамамен магистрантқа беріледі. 75. Алдын-ала қорғау ресімінің табысты түрде аяқталғаннан кейін, ғылыми жетекшінің және бар болған кезде ғылыми кеңесшісінің жағымды пікірлері «қорғауға жіберілді» деген шешімі және жоғары оқу орнында/ғылыми ұйымда белгіленген тәртіпте плагиатқа тексеріс туралы қорытынды бар болған жағдайда, магистрант диссертацияны сараптамаға ұсынады. 76. Диссертацияны сараптамадан өткізу, тиісті құжаттарды дайындау және диссертацияны қорғауға рұқсат беру ресімі кешенді емтихан мен диссертацияны қорғаудың арасында өтеді және бір айдан аспауы тиіс. 77. Диссертацияға сараптама жасау мақсатында Сараптау кеңесі тағайындалады. Сараптау кеңесінің құрамы жоғары оқу орны/ғылыми ұйымның жетекшісінің бұйрығымен диссертацияны қорғаудың алдында екі ай бұрын кешіктірмей бекітіледі. Сараптау кеңесінің құрамына қорғалатын диссертация бейіні бойынша соңғы 5 жылда жоғары импакт-факторлы отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда екі немесе одан да көп басылымдармен расталған ұсынылған зерттеудің пәні мен нысаны саласында білімі бар үшеуден кем емес маман енуі қажет. 78. Сараптау кеңесінің құрамына магистраттың жетекшісі (кеңесшісі) кіре алмайды. 79. Диссертант Сараптау кеңесіне келесілерді ұсынады: 1) аяқталған диссертациялық жұмыс ; 2) диссертация тақырыбын бекіту туралы құжат; 3) транскрипт; 4) реферат; 5) белгіленген тәртіпте куәландырылған ғылыми мақалалардың тізімі және көшірмелері; 6) диссертацияны плагиатқа тексеру туралы тұжырым. 80. Сараптау кеңесі 10 күннің ішінде диссертацияға сараптама жасап, ЖОО-да/ғылыми ұйымда белгіленген тәртіп бойынша дәлелденген және келесі мәліметтер көрсетілген жазбаша қорытынды береді: - диссертацияда баяндалған нәтижелерге жету үрдісіне магистранттың жеке өзі қатысуы; - жүргізілген зерттеу нәтижелерінің дәлелдену деңгейі, олардың жаңашылдығы мен практикалық құндылығы; - диссертация мазмұнының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі мамандықтарының жіктемесіне сәйкес келуі; - магистрант жария еткен жұмыстарда диссертация материалдарының толық берілуі. 81. Сараптау кеңесі келесі шешімдердің біреуін көрсетіп бекітілген форма бойынша негізделген жазбаша қорытынды береді: 1) диссертация көпшілік алдында қорғауға жіберілсін; 2) диссертация белгіленген мерзімде ескертулерді жою шартымен көпшілік алдында қорғауға жіберілсін; 3) диссертацияға қорғауға ұсынылмасын. 82. Диссертацияны қорғауға ұсыну кезінде реферат жоғары оқу орнының ресми сайтында диссертацияны қорғау күнінен бұрын бір ай кешіктірмей орналастырылады. 83. Магистрант қорғау күнінен бұрын бір ай кешіктірмей қорғауға қабылданған диссертацияның бір данасын және рефераттың екі данасын қорғау жүзеге асатын ұйымның кітапханасына тапсырады, және олар ктапханада диссертацияны қорғауға дейін қолжазба есебінде сақталынады. Табысты қорғағаннан кейін диссертация және рефераттың бір данасы жоғары оқу орнының мұрағатына тапсырылады. Қорғамаған жағдайда, диссертация және рефераттың екі данасы магистрантқа қайтарылады. 84. Магистрлік диссертация бойынша біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмыстың бейініне сәйкес келетін ресми қарсы пікір білдіруші тағайындалады. Ресми оппонент диссертация орындалған ұйымның қызметкері қатарынан бола алмайды. 85. Ресми оппоненттердің кандидатуралары ресми оппонентті тағайындаудың негізі, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы, қарсы пікір білдіретін магистрлік диссертацияның бейіні бойынша негізгі жарияланымдардың тізімінен (3 жұмыстан кем емес) тұратын шығарушы кафедра меңгерушісінің ұсынысы және болжалды оппонеттердің жазбаша келісімінің негізінде қорғау күнінен бұрын 1,5 (бір жарым) ай кешіктірмей ректордың бұйрығымен бекітіледі. 86. Ресми оппонент магистрлік диссертацияны зерттеу және диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстардың негізінде ресми оппоненттерді тағайындау туралы бұйрықтың шыққан күннен кейін 10 (он) күннің ішінде диссертацияны жан-жақты сипаттап, ғылыми қағидалардың, шешімдер мен ұсыныстардың дәлелдерін, олардың жаңашылдығын объективті түрде бағалайтын рецензиясын жазбаша түрде әзірлейді. Ресми рецензент магистрлік диссертацияны меңгеру негізінде жұмысқа сипаттама және «үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деген бағалардың бірін көрсетіп, және тиісті мамандық бойынша магистр академиялық дәрежесін беру немесе бермеу мүмкіндігі туралы дәлеледі қорытынды беруі қажет. 87. Ресми оппоненттердің пікірлерінің көшірмесі ізденушіге диссертациясының қорғалуынан кем дегенде 10 күн бұрын беріледі. 88. Магистрант кешенді емтиханды табысты тапсырудан кейін келесілердің бар болу жағдайында қорғауға жіберіледі: - ғылыми жетекшісі және ғылыми кеңесшісінің (бар болған жағдайда) жағымды пікірлері болса; - ғылыми басылымдарда диссертация тақырыбы бойынша кемінде бір тақырыптың болған жағдайда; - Сараптау кеңесінің диссертацияны көпшілік алдында қорғауға нұсқау беру туралы жазбаша тұжырымы; - Ресми рецензенттің жұмысқа сипаттама және «үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деген бағалардың бірін көрсетіп, және тиісті мамандық бойынша магистр академиялық дәрежесін беру немесе бермеу мүмкіндігі туралы дәлелді қорытындысы. Ғылыми жетекшісі немесе ғылыми кеңесшісі «қорғауға нұсқау берілмеді» немесе «қорғауға рұқсат етілмеген» деген теріс пікір білдірсе, магистрантқа магистрлік диссертацияны қорғауға рұқсат берілмейді. 89. Магистранттың диссертацияны қорғауға деген рұқсаты диссертация қорғаудан бұрын екі апта кешіктірмей жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйым жетекшісінің бұйрығымен ресімделеді. 90. Магистрлік диссертация магистратураның аталмыш мамандығы бойынша құрастырылған МАК мәжілісінде жүзеге асырылады. 91. МАК төрағаларының кандидатураларын ректор 1 қарашаға дейін білім берудің уәкілетті органына ұсынады. 92. Магистратура мамандықтары бойынша МАК төрағасының ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми атағын, немесе шығаратын мамандардың бейініне сәйкес PhD докторының академиялық дәрежесі бар болуы тиіс. МАК төрағасы аталаған мемлекеттік аттестаттау комиссия қалыптастырылған ұйымның қызметкері бола алмайды. 93.МАК төрағасы уәкілетті органның бұйрығымен күнтізбелік жылға ағымдағы оқу жылының 20 желтоқсан мерзімінен кешіктірмей бекітіледі. 94. МАК құрамына оның мүшелері құқығымен шығарушы мамандардың бейініне сәйкес келетін ғылым докторы мен кандидаты, бейін бойынша PhD және магистр академиялық дәрежесі бар тұлғалар кіреді; 95. МАК сандық құрамын ЖОО өздігімен анықтап, ректордың бұйрығымен 31 желтоқсан дейінгі мерзімде кешіктірмей бекітіледі және күнтізбелік жыл бойы әрекет етеді. 96. Сараптау кеңесіне, МАК-на ұсынылатын құжаттарға қосымша факультет деканы мен диссертант келесі құжаттарды ұсынады: 1) магистранттың жеке оқу жоспарын орындауы, барлық пәндер бойынша алған бағалары, олардың көлемі, тапсырылған курстық жұмыстар мен практика түрлері жөніндегі факультет деканының анықтамасы; 2) магистранттың ғылыми жетекшісінің (ғылыми кеңесшісінің) пікірі; 3) Сараптау кеңесінің қорытындысы; 4) магистрлік диссертацияның ресми оппонентінің пікірі. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына сонымен қатар магистрлік диссертацияның ғылыми және практикалық құндылығын сипаттайтын басқа материалдар, ресми емес пікірлер, магистрлік диссертация бейіні бойынша қызмет ететін ұйымдардың жазбаша тұжырымдары, ғылыми зерттеудің ендіру нәтижелерінің анықтамалары немесе актілері, макеттер, материал үлгілері, бұйымдар, ауыл шаруашылық өнімдерінің, минералдар, гербарий және басқа да соған ұқсас заттар да ұсынылуы мүмкін. 97. Ресми оппоненттің пікірі белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, МАК оны оппонентке қайтару құқығы бар, немесе диссертацияны қорғау күнінен 10 күн бұрын кешіктірмей ресми оппонентті ауыстыруы мүмкін. 98. Магистрлік диссертацияны қорғау жөніндегі МАК мәжілісі онда мүшелердің 2/3 кем емес болғанда құқылы деп есептеледі. 99. Ресми оппонент және ғылыми жетекші диссертацияны қорғау кезінде міндетті түрде болуы қажет. Диссертация бойынша жағымды пікір білдірген ресми оппонеттің орынды себеппен болмаған жағдайда, магистрлік диссертацияны қорғауға рұқсат беріледі. Осындай жағдайда МАК мәжілісінде жоқ болған оппоненттің пікірі толығымен жария етіледі. 100. Диссертациялық жұмысты қорғау ресімі жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйымның өзімен анықталады. 101. Диссертацияны көпшілік алдында қорғау ғылыми пікірталас жағдайында өтіп, жоғары талап, ұстанымдар мен ғылыми этиканың қорғалуымен ерекшеленуі тиіс, сондай-ақ диссертацияда берілген нәтижелердің, ғылыми мен практикалық сипаттағы шешімдер мен нұсқаулардың жаңашылдығы, дәлдігі егей-тегжейлі талдануы тиіс. 102. Магистрлік диссертациялық жұмысты қорғау нәтижелері туралы шешім МАК жабық мәжілісіне қатысқан тұлғалардың дауыс көпшілігімен қабылданып, белгіленген үлгідегі хаттамамен ресімделеді. 103. Хаттамаға мәжіліске қатысқан МАК төрағасы және мүшелері қол қояды. 104. Қорғау нәтижелері бойынша теріс шешім қабылданған диссертация теріс шешім шығарғаннан бір жылдан кейін өңделген түрде қайта қорғауға ұсынылуы мүмкін. Қайта қорғау кезінде қорғауға рұқсат берудің ресімі қайта өткізіледі, Сараптау кеңесінің мүшелері және ресми оппонент толығымен ауыстырылуы тиіс. 105. Диссертациялық жұмыстарды қорғау нәтижелері олардың өткізілген күні жарияланады. 106. Магистрлік диссертацияны көпшілік алдында қорғаған магистрантқа белгіленген нысан бойынша ресімделген МАК мәжілісінің негізінде тиісті мамандық бойынша магистрдің академиялық дәрежесі беріледі. |