|
Әлеуметтану СРО. Мамандыы Жалпы медицина Кафедра
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы
Дисциплина: Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану
Курс: 1
Тақырыбы: Әлеуметтанудың дамуындағы негізгі идеялар, теориялар мен мектептер
Орындаған:
Тексерген: Тобы:
Ақтөбе 2018 ж
Салыстырмалы кесте
«Әлеуметтанудың дамуындағы негізгі идеялар, теориялар мен мектептер»
Негізгі идеялар
| Теориялар
| Мектептер
| Әлеуметтану —қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді. О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет.
| О.Конттың ой-пікірлері, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 ж.ж.) болды. Оның көзқарасына қысқаша тоқтасақ, Г.Спенсердің әлеуметтану теорясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч.Дарвинның биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған. Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биолгиялық заңдар тән Ч.Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г.Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы,ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.
К.Маркстің әлеуметтану теорисында көптеген бағалы ой-пікірлер, тұжырымдар бар.
К.Маркстың әдістемесінде қоғам дамуының екі басты үлгісі бар: а) органикалық, б) механикалық. Біріншісі, әлеуметтік эволюциялық процесті түсіндіру үшін қолданылады. Екінші үлгі, формацияның негізгі екі компоненті – базис пен қондырманы талдағанда, олардың арасындағы қатынастарды механизм ретінде түсіндіреді.
Э.Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық (теория солидарности) теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі – “Қоғамдық еңбектің бөлінуі” арналған. Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.
| Енді әлеуметтанулық ұлттық мектептердің ерекшеліктеріне назар аударалық. Әлеуметтік жүйелерді талдауды әлеуметтік ғылымдардың статусы тұрғысынан эпистемологиялық ойлармен байланысты қарастыру — француз мектебіне тән болды. Эмиль Дюркгейм өзінің атақты «Әлеуметтану әдісі» деген еңбегінде ғылыми әлеуметтану негізін салды. Эпистемологияны қолдана отырып, француз әлеуметтануы шынында кең ауқымды ғылыми мектептерді дүниеге алып келді.
Чикаго мектебі социологияның дамуындағы алғашқы әрі маңызды орынды алады. Оның негізін салушы – А. Смолл. А.Смоллдың негізгі қызыққан пәндері ол – қызығушылықтар: денсаулық, байлық, қарым-қатынас, таным, сұлулық пен әділеттілік. Әлеуметтік процесс көбірек қызығушылықтарға жалғасып, біртіндеп жанжалдар келісімге ауысады. Қызығушылықтар, топтық құрылым мен әлеуметтік процесс біртұтас бірлікті құрайды.
Роберт Парк пен Эрнест Берджесс-Чикаго мектебінің келесі ұрпақтар классиктері. Олардың негізгі ерекше көзқарастары – теоретикалық бейімделушіліктері, түрлі зерттеу әдістерінің қосындысы, теоретикалық зерттеулерді эмпирикалық зерттеулермен байланыстыруы, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған проектілерге болжам жасау болып табылады. Қалалық агломерат шеңберінде жергілікті бірлестіктерді әлеуметтік – экологиялық теориялар көмегімен зерттеу үшін «концентрлік зонаның» барлығы туралы (болжам, коземел) ұсынылған болатын.
| Пайдаланған әдебиеттер:
1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007
2. А.И.Икенов. Әлеуметтану негіздері. Оқу құралы. А.; 2004.
3. Булатова А.Н., Исмагамбетова З.Н. Курс лекций по социологии-Алматы,2000.
4. Тощенко Ж. Социология, М., 1999.
5. Гидденс Э.Социология, М: Эдиториал, УРСС, 2010
6. Гофман А.Б. 7 лекции по истории социологии. М: 1999 |
|
|