Главная страница
Навигация по странице:

  • Мысалы «Мұнайды өңдеу әдістері» тақырыбында сабақтың қорытынды кезеңінде «Проблемалық сұрақ» әдісін қолданамын. «

  • Жаңа тақырыпты игеру кезеңінде “Түртіп алу” стратегиясын қолданамын.

  • Синквейн құрастыру:Алкадиен тақырыбына 1 зат есім 2 сын есім 3 етістік 4 сөзден тұратын сөйлем 1 синоним алғашқы зат есімге. «Әліпби»

  • Күтілетін нәтиже

  • Матаарал ауданы 53 . Мсірепов атындаы жом


    Скачать 39.87 Kb.
    НазваниеМатаарал ауданы 53 . Мсірепов атындаы жом
    Дата30.03.2021
    Размер39.87 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаdocx1613562794.docx
    ТипДокументы
    #189661

    Мақтаарал ауданы

    № 53 Ғ. Мүсірепов атындағы ЖОМ

    химия пәнінің мұғалімі

    Жанбырбаев Бакберген
    ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

    Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушытің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.» - деген болатын. [2]. Сондықтан да оқу орындарында толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық. Өйткені ХХI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

    Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір оқытушы үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа оқытушы үшін өтілген материал тәрізді. Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

    Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру әрбір мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіби, рухани-адамгершілік, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық - педагогикалық технологиялар шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

    Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі - оқу орнында арнайы пәндерді оқыту. Екіншісі - өмірді оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу мен оқыту - егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту - тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т.б. айқындар толықтыруға болады. Оқыту - тәрбиенің интеллектуалды түрі. Оқытудың интерактивті әдістері сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың жаңа технологияларының негізгі түрлері анықталады.

    Еліміздің барлық білім ұйымдарында білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат - жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол себепті қазір жалпы барлық оқу орындарында оқытудың жаңа технологиялары қолданыла бастады. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, жаңаша жүйе негізінде оқу орны оқушылардың белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік - сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, жаңаша тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді.

    Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар:

    • дамыта отырып оқыту әдістемесі;

    • тірек және тірек конспектілер арқылы оқыту;

    • деңгейлеп оқыту технологиясы;

    • тесттік жүйемен оқыту;

    • мультимедия мүмкіндіктерін қолданып оқыту;

    • ойын технологияларын қолдану;

    • дискуссия сабақтары;

    • топпен жұмыс;

    • лекция-семинар сабақтары;

    • проблемалық оқыту әдісі;

    Мен өз іс - тәжірибемде химия сабағында ақпараттық технологияны, яғни компьютерлік техниканы қолданамын. Себебі, кез-келген құбылыс пен лабораториялық эксперименттерді компьютерде анимация арқылы көрсетуге болады. Анимация - бұл мультипликацияның дамуындағы осы заманға сай компьютерлік бөлігі. Бұрын мультипликациялық кадрларды қолмен сызса, қазір анимациялар арнайы компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бейнелерді "тірілтіп" (осыдан «анимация» сөзі шыққан) пішіні, бояуы т.б. өзгертеді. Сонымен қатар химия сабағында дайын дидактикалық материалдарды дайындау үшін суреттерді, плакаттарды сызып дайындау қажет, ал интерактивтік тақтаның көмегімен бізге қажетті реакция теңдеуін, суретін аламыз және әр оқушы осыған қарап отырып пайдаланып, қаламсаптың көмегімен сызып көрсете алады. Оқушыға оқу материалдарын, түрлі-түстерді, графиканы, мультипликацияны басқа да мүмкіндіктерін пайдаланып оқыту нақты, әрі қызықты. Мысалы, өз сабағымдағы қолданған әдіс - тәсілдерге тоқталатын болсам, сутек атомының электрондық формуласы 1s1 құрылысының қалай жазылғанын және сутек молекуласындағы байланыстың түзілуін және атомдар арасында тартылыс және тебілу күштері пайда болатынын компьютерде анимация арқылы былайша көрсетуге болады.

    Мысал үшін, «d-элементтердің жалпы сипаттамасы» тақырыбынан үй тапсырмасын сұрау үшін алдынғы сабақтан қысқаша түсінік сұраймын. Оқушылар үй тапсырмасына ұяшықтар арқылы жасырын сұрақтарға тез жауап бере алады және сол арқылы олардың ойлау қабілеттері де дамиды.

    1. Қай элемент ең белсенді металл болып табылады? Неге? (цезий (Сs) атомынан сыртқы электрон жеңіл үзіледі, сондықтан Сs - ең белсенді металл және өте күшті тотықсыздандырғыш.)

    2. Сілтілік металдардың физикалық қасиеті. (кристалдық тор құрылысының ерекшелігіне тәуелді. Олардың тығыздығы аздау кубтық көлемі ценрлі тор типі бойыншакристалданады. Барлық сілтілік металдар күмістей ақ түсті олар жұмсақ. бұл металдар жеңіл балқиды. Балқу температурасы литийден цезийге қарай төмендейді)

    3. Натрий, калий, кальций және магнийдің графиктік формуласын жазындар. Табиғатта таралуы. (мұхиттарда, өзендерде, көлдерде, Арал теңізінде)

    4. NaCL - ас тұзы, Na2SO4 - натрий сулфатын, шыны, сода, медицинада қолданылатын, глаубер тұзы деп аталады. Na2CO3 - натрий карбонаты ол сабын қайнатуда, мата, тері, фармацевтика өнеркәсіптерінде, шыны, альюминий, дәрі-дәрмек өндірісінде қажет. NaНCO3 - натрий гидрокарбонатын тағам немесе ас содасы, медицина және кондитер өнеркәсібінде қолданылады. NaNO3 - натрий нитраты, натрий селитрасы немесе азот тыңайтқыш ретінде қолданылады. КNO3 - калий немесе чили селитрасы күрделі тыңайтқыш, құрамында екі қоректік элемент - азот және калий бар. КCLO3 - бертолле тұзы сіріңке шырпылырының басында болады, оны химиялық өнеркәсіпте кұшті тотықтырғыш ретінде қолданылады. КMnO4 - калий перманганаты немесе «марганцовка» кез келген дәріханада бар, лабораторияда оттек алу үшін қолданылады.

    Сабақты қорытындылау мақсатында «Реакцияны жалғастыр» деген және жеңіл есептерді шығару әдістерін пайдаланып жүрмін. Мұнда әрбір реакцияның жүру жағдайын оқушылар тез - тез жазып көрсетеді, әрі соған сәйкес есепті орындайды. Мысалы:

    Әрбір реакцияның жүру жағдайын көрсетіңдер:

    1. Na → NaOH → Na2CO3 → NaCL → Na

    • 2Na + 2H2O = 2NaOH + H2

    • 2NaOH + CO2 = Na2CO3 + 2H2O

    • Na2CO3 + CaCL2 = Ca CO3 + NaCL

    • NaCL = Na + CL

    2. Са → СаО → Са(ОН)2 → СаСL2 → Са

    3. Mq → Mq O → MqSO4 → Mq(NO3)2

    Бұл тапсырмада, химиялық реакцияларды дұрыс жаза біледі және реакцияның мән - мағынасын жете түсінеді. Сондай - ақ тақырып аясында қойылатын сұрақтар оқушыны ойлауға жетелеу керек. Мысалы:

    1. Магний силикаты - асбест - бұл не? Тұрмыста қолданылуы.

    2. Кальций сипаттама бер, сөндірілмеген әктің формуласы. Табиғатта таралуы.

    3. Неге жаңбыр суы жұмсақ. Өзен суы кермек?

    4. Қандай жолдармен калций мен магний тұздары өзен суларына түседі?

    Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңінде оқушытермен біріге отырып сабақ мақсатын айқындап алып, жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін оқушытермен бірге талдау керек. Оқушыларды алдына оқу проблемасын қою білімнің меңгерілу жолдарын оңтайлы шеуге жол ашады, демек оқушылардың өзіндік білім алу әрекетіне ықпал жасай отырып, шығармашылық жұмыстар жасауға бейімделеді. Тақырыпты ашу үшін оқыту проблемалары:

    d -элементтерге жалпы сипаттама

    Білімді жаңғырту. (Актуализация ):

    Химиялық элемент мысқа атом құрылысы тұрғысынан сипаттама

    • Қандай элементтер d-элементерге жатады?

    • Сендер білесіңдер ме?

    • Оларды қалай атайды?

    • Оларда қанша валентті электрон бар?

    • Мыс элементінің латынша аты қандай?

    • Және неге олай аталған?

    • Электр тогын өткізетін қондырғылар жасауда...

    • Металдық қаптаулар алуда ...

    • Әр түрлі заттардың металдық көшірмесін алу үшін

    • Әсемдік бұйымдар дайындауда ...

    • Полиграфияда, мыс қалыбын жасауда ...

    • Радиотехникада қолданылады ...

    «Химия сабақтарында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру» арқылы өз пәнімде жоғарыдағы әдіс - тәсілдерді пайдалануда төмендегідей нәтижелерге жетуге болатынын көрдім:

    • түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

    • оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік тудырады;

    • оқушылардың әрқайсысының деңгейін анықтау мүмкіндігі туады;

    • оқушылард өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

    • оқушылар өзіне деген сенімі пайда болады;

    • бағалау жеңіл болады.

    Инновациялық оқыту әдістерін меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа технологияны меңгеру барысында өзін - өзі дамытады және өзін - өзі қалыптастырады.

    Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы.

    ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры.Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді.

    Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:

    -мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,электрондық оқулықтарды);

    -зертханалық тәжірибелер;

    -компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

    -интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп.

    Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Мен сабақтарымда көбінесе BilimLand.kz сайтын қолданамын. Бұл сайтта тақырыпқа сай видеолар мен тесттер бар. Оқушылар тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді.

    Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап етеді.

    Әрине пәннің ерекшелігіне қарай тапсырмалар мазмұндық негізімен, түрімен, сабақта қолдану амал-тәсілімен де ажыратылады. Шын мәнінде оқу үрдісі тек білімді меңгерумен ғана емес, сонымен қатар оқушылардың әртүрлі тапсырмаларды орындауымен де ерекшеленеді.

    Өз сабақтарымда белсенді оқытудың төмендегі әдіс-тәсілдерін қолданамын.

    Мысалы «Мұнайды өңдеу әдістері» тақырыбында сабақтың қорытынды кезеңінде «Проблемалық сұрақ» әдісін қолданамын. «Сіздіңше зауытты қай жерден салған дұрыс?»

    Интерактивті тақтада қала,ауыл,өзен,құбыр және мұнай зауыты берілген. Бұл тапсырманы орындай отырып оқушы экологиялық және экономикалық жағынан тиімді жерді таңдап, зауытты орналастырады және себебін түсіндіреді.

    10 сыныпта «Химияның алғашқы ұғымдары» тарауын бастағанда «Инсерт» әдісін арқылы

    Білемін

    Білгім келеді

    Білдім










    кесте толтырумен бастап, оқушылардың білім деңгейін, қызығушылығын анықтаймын.

    Жаңа тақырыпты игеру кезеңінде “Түртіп алу” стратегиясын қолданамын.

    Қажетті мәліметтерді теріп жазыңдар.

    «Философиялық тас» аталған, салқын сәулелі, жалынсыз жарық шашқан фосфор элементі о баста адам денесінен табылып, оның құпиясын алхимиктер білген. 1715 жылы Генсинг есімді алхимик адам миынан, 1769 жылы Ган адам және жануар сүйегінен фосфорды бөліп алған. Орташа салмағы 70 кг ересек адамда шамамен 1,5 кг немесе 2,14 пайыз фосфор болады. Оның 600 г сүйекте, бұлшықетте – 35, ми мен жүйке тамырларында 12 г. Сол сияқты сүйек пен оның сыртындағы сырлы құрамда да фосфор қосылысы кездеседі. Ол, әсіресе, жас сәби мен жасөспірімдерге өте қажет.

    Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы өзіне қажеттісін алады.

    Синквейн құрастыру:Алкадиен тақырыбына
    1 зат есім
    2 сын есім
    3 етістік
    4 сөзден тұратын сөйлем
    1 синоним алғашқы зат есімге.

    «Әліпби»

    Стратегия мақсаты: тақырып бойынша көп ұяшықтарды сөзбен толтыруға болады.

    Шарт: ұяшықтағы сөз ұяшықтағы әріптен басталуы керек.

    Мысалы:

    а

    С

    д

    к

    Л

    в

    н

    О

    е

    «Мінсіз»

    М- мәселені анықта

    І – ізде, сұрақтар құрастыр,

    Н- негізгі ойды жинақта

    С- сұрақтардың шешімін шығар

    І- іске сәт!

    З- зерделе, қорытындысына шығар

    Кез келген білім жүйесінің іс әрекетінде кері байланыс жасау мәселесі туындайды.

    Күтілетін нәтиже:

    1. Білім сапасы артады;

    2. Оқушының ой-өрісі дамиды;

    3. Ізденімпаздыққа , шыдамдылыққа үйренеді;

    4. Тұжырымдама жасай алады;

    5. Нәтижелі жұмысқа ынталанады;

    6. Сыни тұрғысынан ойлау қабілеті артады.

    Инновациялық технологияларды пайдалану нәтижесін оқушылардың түрлі деңгейдегі зияткерлік сайыс және пән олимпиадаларының қорытындысынан көруге болады.

    Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. 
    Осы орайда әрбір мұғалім озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдау керек.

    Мұғалім күнделікті әрсабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әрсабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймын.

    Ақпараттық технология негіздері тұлғаның  химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы  жоғары  деңгейдегі көрнекіліктерді  пайдалануға  болады. Заман ағымына қарай сабаққа  видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Мысалы, бір ғана химиялық формуланың өзінен көп ақпарат алуға болады. Химиялық формула химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептелінеді, себебі сол заттың химиялық құрамын ажыратып береді.

    Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өзжұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі, бүгінгі  заман  талабына  сай  білім  беруі қажет. Сабақтың  сәтті  өтуі  біріншіден, мұғалімнің  біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне  байланысты  болса,  екіншіден,  сабақ  материалына,  ал  үшіншіден,   сынып  типіне,   төртіншіден  мұғалім  мен   оқушының  көңіл – күйіне  де  байланысты.   Сабақты  тартымды  әрі  сәтті  өткізе  білу  мұғалімдер  қауымынан  көп  ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет  етеді. Сабақты  сәтті  ұйымдастырудың  бірнеше  алғы шарттары  бар. Олар:

    -Сабақтың  тақырыбына  сайсабақ  жоспарын  жасау. Сабақ  жоспары   нақтылы  жүзеге  асатындай  етіп  жасалынуы  қажет.  Дұрыс  құрылмаған  сабақ  жоспары  жақсы  нәтиже  бермейді.

    -Тақырыпқа  сай  сабақ  түрін,  оның  әдіс-тәсілдерін  түрлендіріп  отыру.

    – Қосымша  материалдарды  тақырыпқа  сай  шығармашылықпеніріктеп  ала  білу.

    – Дидактикалық, техникалық  құралдарды, электрондық  оқулықтарды  мақсатқа сай,  оқушы сезіміне  әсер  ететіндей  тұрғыда  пайдалану.

    – Сабақта алдыңғы  қатарлы  озық  іс-тәжірибелер  мен  жаңа  технология-ларды  пайдалану. Бұл  орайда  инновациялық  технологияларды  пән  бойынша  қандай  тарауға, қай  тақырыпқа  пайдалану   тиімді  болатынына  зерттеу,  салыстырып  жүргізіп  отыру  қажет  деп  ойлаймын.  Сонымен  бірге  оқушының  бастапқы білім  деңгейін, жаңа  технологияны  пайдалану  барысында  қаншалықты  білім  алып  шыққанын, не  үйренгенін  айқындап,  диагностикалап  отыру керек.  Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Өзім жұмыс  жасайтын колледжде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен  қарастырылған. Интерактивті тақтаны,электронды оқулықты қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Сабақ барысында, соның ішінде химиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде жиі қолданамын.  Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы  тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық –  бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту  оқытушының оқушымен  жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

    Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін  қалыптастырады.

    Бүгінгі   таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар біртестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі. Химия  сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана  отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар  өткізуді қолға алдым.

    Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім  деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасынарттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Химиялық сөзмерген»,  «Жүзден жүйрік», «Бұл неліктен?», «Кім көп біледі?», «Кім жылдам?», «Не? Қайда? Қашан?», «Білгір химик» сияқты танымдық ойындарын қолданамын.  Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа  ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушыкұзырлығын дамытамын.  Осындай тәжірибем арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге   жеттім. Мысалы: 1-курс студенттеріне «Темір», «Алюминий және оның қосылыстары» тақырыбындағы сабағымда  тірексызба, семантикалық карта толтыру, эстафеталық сұрақтар арқылы, электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау, ойлауқабілеттерін дамыттым. Есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым мен техника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор. Оқушылардың химиялық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп,  оқушыны қызықтыратындай химиялық ойындар  викторина шешу, кроссворд құрастыру, логикалық есептер шығарту арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пәнаралық  байланысты нығайту қажет. Тарауды қайталау, қорытындылау кезінде «қайталау-оқу анасы» деген нақыл сөздерді қолданып, тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып, сабақты бекітемін. Әртарауды өткенсоң, химиялық диктант, өздікжұмыс, тақырыптық есеп, бақылаужұмыстары, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық меңгере алмаған  студенттермен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқужұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды. Тестік тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне байланысты құрастырып, нәтижесін кілтімен тексертіп өздеріне бағалатамын. Оқушы білімін бағалауға оқушылардың жауап беру мүмкіндігі мен өзбетінше іздену дағдысын ескеріп, оқушы қабілетіне,  қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай сараптап тұлғаның психологиялық жас ерекшеліктерін ескеремін. Бағалау парағына әр деңгейлік тапсырманың бағасын қойып, қорытынды бағасын шығарып отырамын.

    3.ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

    – Егер Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында тиімді пайдаланса, оқушылардың  пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.

    – Жаңа ақпараттық технологияны  қолданса әрбір оқушы оқу процесінің субъектісіне айналуы нәтижесінде оқу жүйесінің қарқыны, білім сапасы артады.

    – Жаңа ақпараттық технологияны тиімсіз пайдаланғанда,  қажетті талаптарды сақтамаса оқушыныі білім сапасына танымды белсенділігі мен денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

    Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы студенттердің ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін. Егемен еліміздің болашағы жас ұрпақтын қолында десек, неге оларды заман талабына сай тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатпасқа. Оқытушы қауым химияны оқыту әдістерінде жаңа ақпараттық технологияның тиімді жағын пайдаланады деген оймен сөзімді аяқтаймын.

    Қолданылған әдебиеттер:

    1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

    2. Химия анықтамалығы 2015ж

    3. Химия мектепте журналы №1-3, 2015ж

    4. Қазақстан мектебі 2014/2015ж

    5. Нұрахметов Н.Н. Химия. Әдістемелік нұсқау.6. Исабек. Н. «Компьютерлік технологияны пайдаланудың оңтайлы өлшемдері»


    6.Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


    написать администратору сайта