Главная страница
Навигация по странице:

  • Қорытынды

  • І. Тарау Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту ойлау жүйесіндегі ұстаным

  • 1.1 К. Жақсылиқова қазақ тілін модуль арқылы оқытудың мынадай ұстанымы

  • 1.2 Қатысымдық бағыттылығы ұстаным ережелері

  • ІІ. Тарау Теңбе-теңдік ұстаным модулі

  • 2.1 Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеуде тірек ететін ұстаным

  • 2.2 Құрмалас сөйлемдерді оқытудағы шығармашылық жұмыстардың тәрбиелік ұстанымы.

  • 2.3 Дидактикалық ғылыми ұстанымы және оның түрлері

  • оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытудың педагогикалық негізіне

  • Жүйелілік ұстанымы

  • Кешенді ұстаным

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Мазмны кіріспе І. Тарау


    Скачать 151 Kb.
    НазваниеМазмны кіріспе І. Тарау
    Дата25.05.2023
    Размер151 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаstud.kz-56443.doc
    ТипДокументы
    #1158566

    МАЗМҰНЫ
    Кіріспе................................................................................................................... 3

    І. Тарау Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту

    ойлау жүйесіндегі ұстаным................................................................ 4

      1. К. Жақсылиқова қазақ тілін модуль арқылы оқытудың

    мынадай ұстанымы........................................................................................ 9

    1.2 Қатысымдық бағыттылығы ұстаным ережелері........................................ 12
    ІІ. Тарау Теңбе-теңдік ұстаным модулі.......................................................... 14

      1. Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс

    істеуде тірек ететін ұстаным....................................................................... 16

    2.2 Құрмалас сөйлемдерді оқытудағы шығармашылық жұмыстардың

    тәрбиелік ұстанымы...................................................................................... 19

    2.3 Дидактикалық ғылыми ұстанымы және оның түрлері............................. 21
    Қорытынды.......................................................................................................... 25

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................27


    Кіріспе

    Ана тілімізді өзге ұлт оқыту әдістемесі жалпы дидактиканың теориясына негізделеді. Дидактика оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін суреттейтін, оқытуды ұйымдастыру ұстанымдарын, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогиканың құрамдас бөлігін құрайды. Осыған байланысты Н. Оралбаева мен К. Жақсылықова былай дейді: «Дидактика – білім мазмұнының ғылыми негізін, оқыту әдістерін, ұйымдастыру формаларын, яғни нені оқыту, қалай оқыту жайын зерттейді. Демек, білім мазмұнын анықтау, оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын табу проблемаларын шешіп отырады».

    Оқыту процесі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын артып отырған оқушы тұлғасына қойылатын талаптармен детерминделеді.

    Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алуға ұмтылған студенттердің таным жолындағы қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл оқытушы мен студенттердің мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында студенттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.

    Оқыту екі жақты процесс, онда оқытушы мен студенттердің ынтымақтастық іс-әрекеттері жүзеге асырылады.

    Оқыту процесінің өзіне тән компоненттері: оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады.

    Сонымен бірге, оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады.
    І. Тарау Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту

    ойлау жүйесіндегі ұстаным

    Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту ойлау жүйесіне негізделеді. Ойды жазбаша жеткізу ауызша сөйлеу тіліне қарағанда өте күрделі, көп салалы процесс. Психологтар тіл үйретуші тіл үйренушілерді үйреніп отырған тілінде ойлай білуге үйренгенде ғана ауызша және жазбаша сөйлеуді қиындықсыз меңгеретіндігін зерттеу еңбектерінде дәйектейді.

    Жазбаша сөйлеу тілін дамытуда қабылдау процесінің орны ерекше. Психологтар қабылдаудың көру, сезу және есту түрлеріне тоқтала отырып, жазбаша сөйлеу тілін дамытуда көру және есту үрдістерін ерекше атап көрсетеді. Жазба жұмыстарын меңгертудің алғашқы кезеңінде орындалатын жаттығу жұмыстары көру үрдісіне бағытталады, оқушыларды оқулықтан немесе тақтадан қатесіз көшіріп жазуға дағдыландырады. Екінші кезеңінде диктант жұмысының өзі көру диктантынан басталады, содан соң сатылай күрделенеді. Үшінші кезеңде мазмұндама, шығарма түрлері алдын-ала сұрыпталған материалдар бойынша жеңілден күрделіге ұстанымы негізінде жүргізілді.

    Жазылым әрекетінің сыртқы дыбыстық құрылымы мен байланысы жөнінде психолог А.Р.Лурия: «Жазудың психологиялық-физиологиялық очерктері» еңбегінде теориялық тұрғыдан зерттеп, жазу үдерісінің көру түсініктері мен тиісті қозғалғыш факторлардың байланысынан ғана құралатын «идеомоторлық акт» ретінде қарастырады. Осы үдерістің құрамына қозғалыс пен көру салаларынан тыс мынадай компоненттер енетіндігін атап көрсетеді: міндеттің туындауы (бастапқы ой), ойдың алдын-ала құрылуы, есте сақтау және оны ішкі тілдің көмегімен жадыда сақтау, пайда болған ойды фразаның немесе біртұтас мәтіннің тиісті құрылымына енгізу.

    Ал соңғы ылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ , профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделгенжаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы мектептерде қолданып отыр. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясыноқу- тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ , онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге оқыту сапасын арттыруға; басқару сапасын жетілдіруге; оқушылардың дамуына бақылау жасауға; соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат. Мектептерде жүргізіліпжатқан қазіргі тәжірибелік жатқан қазіргі тәжірибелік – сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В. Занков, Д. Б. Элконин, В.В Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір- бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады.

    1. Жоғары деңгейдегі қиындықты оқыту.

    2. Теориялық білімнің жетекші ролі.

    3. Оқу материалын жетелдете оқыту.

    4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.

    5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

    6. Л.В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін- еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігініңдамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

    Д. Б. Элконин мен В.В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.

    Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.

    1. Оқушылардың өзіндік іздену іс- әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы- мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

    2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір- қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе , бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

    3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек – ақ.

    Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л. С. Выйготскийдің «оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.

    Бұлар -әнгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу – мысылдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Дегенмен, оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі «басқаруға ыңғайсыз» делініп, сыналып жүр. Сондағы айтантындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс- әрекеті, көбінесе, қате болады» дейді.

    Біздіңше, оқытудың жаңа технологиясы жағдайындағы оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс- әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықтымазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отрып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтлатыны даусыз. Бұл жерде «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?» деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі қарастырылған. Олар мыналар:

    • барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгірмеушілерге көмектеседі;

    • сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады.

    Бұл қалайша жүзеге асырылады? Енді аз- кем соған тоқталып өтейік .

    Денгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат- сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын , өзінің жақсы оқитындығына қарамастан «оқушылық міндетті», яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады.


    1.1 К. Жақсылиқова қазақ тілін модуль арқылы оқытудың мынадай ұстанымы

    Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. Егер студент оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы ұйымдастыруға болмайды.

    Оқытудың ұстанымдары оқыту процесінің заңдылықтарынан дамиды.

    Ұстаным – бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез-құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы қағидалар.

    Оқыту ұстанымдары – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын алғышарт болып табылады. Оқыту процесінде оқытушы оқыту ұстанымдарына сүйенуге міндетті.

    Жалпы дидактикалық ұстанымдарға мыналар жатады: ғылымилық ұстанымы; жүйелілік ұстанымы; тәжірибенің теориямен байланысы; саналылық пен белсенділік ұстанымы; жекелік және ұжымдық біртұтастық ұстанымы; нақтылық және абстрактылық бірлігі ұстанымы; түсініктілік ұстанымы; білімнің беріктігі ұстанымы.

    Қазір қазақ тілі әдістемесінде білім сапасын жоғарылату үшін әр түрлі жаңа технологияларды тәжірибеге кіргізіп, жан-жақты қолданылуда. Сол жаңа технологиялардың бірі қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясы.

    Қазақ тілін модуль арқылы оқыту – қоғам қажеттілігінен, өмір талабынан туып отырған жаңа әдістемелік жүйе. Модуль арқылы оқыту – толық немесе жекелей түрде модульге негізделген оқыту. Модуль арқылы оқыту – бұл ең алдымен оқытушы мен студенттердің екі жақты біртұтас белсенді әрекетінен тұратын және модуль арқылы оқыту тәжірибесінде қолданылған басқа оқыту жүйелерімен тығыз байланысқан, оқытудың жаңа технологиясына бейімделген оқытудың ұтымды аралас жүйесі. Оның негізгі құралы – оқытуда оқытушы мен студенттердің арасындағы субъект-субъектілік қатынасты жүзеге асыруға қажет, белгілі білім, білік көлемін өзіндік және белсенді түрде меңгеруге мүмкіндік беретін модуль. Сол себепті модуль арқылы оқыту теориясы өзіне ғана тән ұстанымдар жүйесіне негізделеді. Жалпы ұстанымдар жиынтығы өзара әрекеттесе отырып, үрдістің барлық атаулы қайшылықтарын шешеді. Қазақ тілін модуль арқылы оқыту ұстанымдары лингводидактика және онымен туыстас психология, лингвистика, пәлсапа, әлеуметтану және тағы басқа ғылым салаларының жалпы қағидаларына сүйенбек. Яғни, қазақ тілін модуль арқылы оқыту ұстанымдары – тілдерді оқыту теориясының туындылары.

    Зерттеу жұмысында ғалым К. Жақсылиқова қазақ тілін модуль арқылы оқытудың мынадай ұстанымдарын ұсынады:

    1. модульділік ұстанымы;

    2. оқыту мазмұнының жекелеген бөліктерден құрылуы;

    3. қатысымдық бағыттылығы ұстанымы;

    4. саралай оқыту және кірістіре оқыту ұстанымы;

    5. оңтайлылығы ұстанымы;

    6. екі жақты біртұтас белсенді әрекет ұстанымы;

    7. мақсаттың нақтылығы ұстанымы;

    8. әдістемелік кеңестің кешенділігі;

    9. оралымдылығы, икемділігі;

    10. әр жеке бөлік бойынша жұмыс әрекеті нәтижесін түйіндеу ұстанымы;

    11. оқытушы мен оқушының кері байланысы ұстанымы;

    12. оқытушы мен оқушы әрекетінің теңбе-теңдігі ұстанымы;

    13. оқу тілінің ерекшелігін ескеру ұстанымы.

    Ғалымның жоғарыдағы тұжырымына сүйене отырып, ақпараттық технологиялар факультеті студенттеріне қазақша кәсіби тілін модуль арқылы оқытуда төмендегі ұстанымдарды басшылыққа алдым.

    1. Модуль арқылы оқыту ұстанымы.

    2. Қатысымдық бағыттағы ұстанымы.

    3. Оқытушы мен студент әрекетінің кері байланыс ұстанымы.

    4. Теңбе-теңдік ұстанымы.

    Қазақ тілінің модуль ұстанымдары мен жалпы дидактикалық ұстанымдар тығыз байланысты.

    Қазақша кәсіби тілді модуль арқылы оқытудағы маңызды ұстанымдардың бірі – модульмен оқыту ұстанымы. Бұл өзіне ғана тән қазақ тілін модуль арқылы оқытудың негізгі ұстанымы. Модуль арқылы оқыту ұстанымы белгілі әдістемелік ережелер арқылы жүзеге асады.

    Оқыту мазмұны құрылымдық бөліктерге, яғни мақсат, оқу материалы, әдістемелік нұсқау, бақылау-тексеру бөліктерінен тұратын, аяқталған бірлікке, модульге бөлінеді.

    Модуль - дидактикалық жүйе. Мұнда оқыту мақсаты, мазмұны, әдісі, құралдары, формалары және бақылау жүйесі біртұтас, динамикалық сипатқа ие.

    Оқыту мазмұны толығымен дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Жалпы дидактикалық мақсаттың жемістілігі – модульмен оқыту бағдарламасының мазмұнына, жеке мақсат – модуль мазмұнына, төл мақсат – оқу элементінің мазмұнына сәйкес.

    1.2 Қатысымдық бағыттылығы ұстаным ережелері

    Модуль – модуль арқылы оқытудың негізгі құралы, бірлігі. Ол мәліметтің аяқталған блогынан тұрады. Оның құрамына дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістемелік нұсқау мен әрекеттің мақсатты бағдарламасы кіреді.

    Қатысымдық бағыттылығы ұстанымын жүзеге асыруда келесі ережелерді басшылыққа алған жөн:

    - Кез-келген сөз, сөз тіркесін, грамматикалық құбылысты ала отырып, олардың тілдесімдегі қызметін, орнын студенттерге ашып көрсететіндей белгілі бір жағдай ұсыну қажет. Себебі студенттер берілген тілдік тұлғалардың тілдесім актінде қолданылуын алғашқы сәттен-ақ көруі тиіс.

    Егер тілдік тұлғалар жағдайдан тысқары берілсе және олардың сыртқы формасы мен мағынасына ғана назар аударылса, алғашқы сәттен-ақ студенттер бұлардың не үшін беріліп отырғанын түсінбейді де, қатысымдық ұстаным жүзеге аспайды.

    - Материалдың меңгерілуі оның бірнеше рет қайталануына байланысты. Олай болса, ұсынып отырған жағдайға әрдайым жаңалық енгізе отырып, материалдың бірнеше рет қайталануын қамтамасыз ету қажет. Мүмкіндігінше, берілетін жаттығулардың барлығы қатысымдық бағытта болғаны жөн.

    - Меңгерілген материал негізінде студенттердің тілдесім жағдайын ұйымдастыра отырып, олар бір-бірімен еркін тілдесіп үйренуге неғұрлым қолайлы жағдай, жағымды психологиялық атмосфера жасалғаны жөн. Сонымен бірге студенттердің өзара жеке қарым-қатынасын да ескеру қажет. Сонда ғана олар қазақша кез-келген материалды бар ынта-жігерімен, ықыласымен тыңдайтын, айтатын, оқитын болады.

    - Тілдесім тек ауызша түрде ғана емес, оқылым арқылы да жүзеге асады. Сондықтан студент мәтінді оқыған кезде, оның негізгі назарын мәтіннің мағыналық-мәндік жағына аудару керек. Ол үшін сол мәтін бойынша қатысымдық бағыттағы тапсырмаларды кеңінен қолданған дұрыс.

    Қазақша кәсіби тілді модуль арқылы оқытуда оқытушы мен студент әрекетінің кері байланыс ұстанымы. Қазақ тілін модуль арқылы оқыту барысында студент әрқашан бақылауда болады: әр кезекті қадамы артқысының дұрыс екендігін тексергеннен кейін барып жасалады. Тілді меңгеру әрекеті барысы туралы мәлімет – кері байланыс – оқытушыға (сыртқы кері байланыс) және оқушыға (ішкі кері байланыс) түсіп отыруы мүмкін. Кері байланыс қызметі мынадан тұрады:

    - Тілді оқытып үйретудегі қолма-қол бақылау мен өзін-өзі бақылау.

    Басқару циклында ұйымдастырудың осал жақтары және орындау тәртібінің сапасы байқалады. Соның арқасында осы көрсеткіштерге өз уақытында көмек көрсетіледі. Осыдан келіп тілді оқытып үйрету әрекетін реттеу және түзеу мүмкіншіліктері туады. Сонымен бірге, оқытушы, өзінің оқыту әрекеті әсерлілігінің қаншалықты шынайы екенін түсінеді. Ал оқушы болса, қалай және неге үйренгені туралы, өзінің оқу әрекетінің дұрыстығы туралы хабардар болады. Бұл өте маңызды, себебі студент материалды қаншалықты дұрыс меңгеріп жатқаны туралы мәліметті дер кезінде алып отырса, ол аз қате жібереді, танып-білуде ең ықшамдалған жолмен жүреді, білімі біршама ұғынылған болады.

    - Кері байланыс ұстанымы білімді бекіту ролін атқарады. Бұл ұстанымның маңыздылығы да осында.

    • Кері байланыстың уәждендіретін қызметі, студенттің алдағы жетістіктерін алдын ала білуінен және оларға сүйене отырып, ынталануынан, одан әрі жылжуға қызығушылық тууынан тұрады.

    Модуль арқылы оқытуда кері байланыс ұстанымын жүзеге асыру үшін келесі ережелерді басшылыққа алған жөн.

    - Кері байланыс мазмұнын анықтау.

    - Кері байланыс жиілігін айқындау.

    ІІ. Тарау Теңбе-теңдік ұстаным модулі

    Теңбе-теңдік ұстанымы модуль арқылы оқытуда оқытушы мен студенттің субъект – субъектілік өзара әрекетін талап етеді. Қазіргі кезде оқу үрдісінде студенттің белсенділігіне, өзін-өзі басқаруға көп уақыт, көңіл бөлінуде.

    Соңғы жылдары көптеген ғалымдардың пайымдауынша, оқу үрдісінде студент жоғары белсенділік көрсетіп, ал оқытушы тек бағыт-бағдар, кеңес беруші қызметін атқарған жағдайда ғана оқытып үйрету біршама тиімді болады. Бірақ ол үшін студентті оқудың тиімді құралдарымен, мысалы, модульмен қамтамасыз ету керек. Осы тиімді ақпараттық құралды пайдалана отырып, оқушы жаңа материалды меңгеруді өзі ұйымдастыра алады, сөйтіп оқытушы – студент – субъект – субъектілік өзара әрекетке дайын болады.

    Сонымен, қазақша кәсіби тілді модуль арқылы оқыту негізінде, модуль арқылы оқыту бағдарламасын (МБ) қосқанда, оқытушы (С1) мен студенттің (С2) субъект-субъектілік тепе-тең өзара әрекеті жүзеге асады.

    Модуль арқылы оқытудың тепе-теңдік ұстанымы мынадай әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:

    - модуль арқылы оқыту бағдарламасының ішіндегі модульдер белгілі деңгейге дейін студенттерге білімді өз бетімен меңгеруіне мүмкіндік жасауы керек;

    - модуль арқылы оқыту бағдарламасы оқытушыны таза ақпарат беруші қызметінен босатып, оның кеңес, бағыт-бағдар беруші қызметінің анық көрінуі үшін жағдай жасауы керек;

    - модуль арқылы оқыту бағдарламасы (модульдер) оқытушы мен студенттің бірлесіп әрекет жасауының ұтымды жолдарын таңдауына жағдай жасауы керек.

    Қазіргі қазақ тілі, жалпы тіл білімі, тіл дамыту, қазақ тілін оқыту әдістемесінің жинақталған тәжірибелері негіз болды.

    Оқу сөздіктерінде сөзтізбені құрайтын атау сөздерді іріктеу лингвистикалық және лингводидактикалық ұстанымдарды ескеру негізінде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бірінші кезекте коммуникативтік құндылық ұстанымы ескеріледі. Мұнда басты назарда ұғым не түсініктің тілдік жағдаяттардағы қолданылу мүмкіндігі болады. Бұл ұстаным бойыша жалпы сөйлесу үшін және белгілі бір тақырып аясында әңгіме өрбітуге қажетті сөздер сұрыпталып алынады. Лексикалық құрам қарым-қатынас саласы мен тақырыбы бойынша жіктеледі. Сөздердің тіркесім қабілеті сараланады. Мұнда өзара байланысу, тіркесу қабілеті жоғары сөздер іріктеліп алынады. Бұл оқушылардың сөздерді өзара байланыстырып, сөйлем құрап, ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Екінші кезекте көпмағыналылық ұстанымы ескеріледі. Мұнда полисемиялар басты назарға алынады. Сөз мағынасы көбейген сайын оның қолданылу мүмкіндігі де жиілейді, ол дерексізденіп, басқа мағыналарды қамту, ішіне алу мүмкіндігіне ие бола береді. Сондықтан көпмағыналы сөздерді үйрену арқылы оқушы сөздің қай контексте қандай мағына алып тұрғанын айыра білетін болады. Үшінші кезекте стилистикалық бейтараптық ұстанымы болады. Ол бойынша, белгілі бір топқа барлық стильде де қолданыла беретін бейтарап сөздер іріктеліп алынады. Сөзжасамдық ұстаным негізінде сөзжасамдық мүмкіндігі мол сөздер, басқа, туынды сөздерге негіз болуға қабілеті мол түбір сөздер іріктеліп алынады. Сөздің жаңа сөз тудыру мүмкіндігі көп болған сайын оның сөздікте берілу ықтималдығы да арта түседі. Қолданым жиілігі ұстанымы негізінде тілдегі лексикалық варианттар арасынан ең жиі қолданылатын атаулар алынады. Идеографиялық оқу сөздіктерінде қамтылуы тиіс сөздердің көлемі туралы ортақ пікір жоқ. П.Н.Денисов орташа сөздік 10-12 мың сөзден тұруы керек, ал үлкен сөздік 25 мыңнан аса сөзді қамтуы қажет деп есептейді [6]. Бұл мәселе негізінде әр тілдегі тақырыптық таралымның ерекшеліктеріне тәуелді болады. Тақырыптық топтардың әр тілдегі көлемі әр түрлі. Ол сол тілдегі тақырып аясының даму ерекшеліктеріне байланысты.

    2.1 Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеуде тірек ететін ұстаным

    Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінің дидактикалық тұғырын негіздеуде дамыта оқыту технологиясы мен оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының идеялары басшылыққа алынды.

    Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Г.К. Селевко, В.П. Беспальконың дамыта оқыту жөніндегі ойлары, Н.Құрманованың дамыта оқыту туралы ойлары, Ч.Темпл, К.Мередит, Д.Стиллдің сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы, Б.Тұрғынбаеваның сын тұрғысынан ойлау жөніндегі тұжырымдары, Ә.Исабаев, Ф.Ш. Оразбаева, Н.Құрманованың оқыту туралы ойлары мен тұжырымдары басшылыққа алынды. Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеуде тірек ететін ұстанымдарымызды анықтау білім мазмұнын, дамыта оқыту мен сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдістері мен стратегияларын мақсатқа сай ұйымдастырудың тиімді жолдарын ашуға мүмкіндік берді. Құрмалас сөйлемді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу барысында оқытудың өмірмен байланыстылығынегізгі ұстанымдардың қатарына жатады. Бұл ұстаным оқушының өміріндегі белсенділігі мен таным әрекеттерінің ашылуына ыңғайлы жағдай туғызуға қызмет етуі керек. Оқытудың өмірмен байланыстылығы ұстанымының негізгі көрсеткіші теориялық ұғымдардың мазмұнын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуында және ол білім көзін өмірдегі ағымдардың қай тұсына іске асыруды нақты тапсырмалар орындау барысында тани білуінде. Тапсырмалар орындауда талдау-жинақтау, топтастыру, салыстыру, эксперимент әдістерін ұтымды пайдалану арқылы өмірмен байланыстыра қолдана алуымен танылады. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, олардың бойына адами қасиеттерді дамыту; дүниетанымын кеңейту; өмірде болып жатқан құбылыстарды пайымдай білу; алған білімін өмір шындығымен байланыстыра алу секілді қасиеттерді сіңіру әрекеттері сабақтастырыла жүргізілді. Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінде саналылықпен білім алу ұстанымы оқушының оқу-танымдық үдерісінің нәтижесінің жоғары болуын қамтамасыз етеді.Саналы түрде білім алған оқушының іске қызығушылығы мен белсенділігі артатыны дәлелденді. Оқушының саналы әрекетінің негізгі көрсеткіші ретінде өзін-өзі дамытуға, тануға, ой-тұжырымын білдіруге бағытталған әрекеті танылды. Құрмалас сөйлемді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінде оқушылардың өз бетімен іздене білу ұстанымы маңызды болып келеді. Бұл ұстаным оқушының шығармашылық деңгейін көтеру, шығармашылық әдіс-тәсілдерді меңгеруін міндеттейді. Оқушы іс-әрекетке өз бетімен ізденіп белсенділік танытады. Белсенді әрекет арқылы шешім табуға жол іздейді, талаптанады. Бұл бағытта оның танымдық қабілеті мен ізденімдік деңгейі артады. Құрмалас сөйлемді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесі үшін тағы оқытудыңжүйелілік ұстанымы, ғылымилық ұстаным, оқушының психикалық дара ерекшеліктерін ескеру ұстанымы, жеңілден ауырға қарай ұстанымыіріктелініп алынды. Осы ұстанымдар негізінде құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесінің ғылыми негізі жасалды:

    1 - кезеңде (2002 – 2004) – құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылық жұмыстардың негізгі ерекшеліктері зерттеліп, тиімді тапсырмалар сұрыпталды. Құрмалас сөйлемдерден алған білімдеріне тексеру жұмыстары жүргізілді. Анкеталық сұрақтар алынып, пікір жаздыртылды; бақылау жұмысы және сынақ өткізілді.

    2-кезеңде (2004-2006) – жаңа педагогикалық технологияларды меңгертуге арналған ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, қазақ тілін оқыту барысындағы озық тәжірибелерге сүйене отырып, құрмалас сөйлемдерді оқытатын шығармашылық тапсырмалар сұрыпталды. Тапсырма түрлерінің мазмұны мен жаңалығына, тиімділігі мен танымдылығына назар аударылды. Құрмалас сөйлемдерді оқытудағы шығармашылықпен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары анықталып, бұл амал-тәсілдер қазақ тілі сабақтарында іске асырылды. 3-кезеңде (2006-2008) қазақ тілінен құрмалас сөйлемдерді шығармашылық тапсырмалар арқылы оқытуға байланысты тәжірибе материалдары жинақталды, жаттығулар мен тапсырмалардың тиімділігі қорытындыланып, көрсеткіштері айқындалды; олар сараптаудан өткізілді: - құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс жүргізу оқушылардың білім деңгейін оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге дейін көтерер тиімді жол болып табылады. - қазақ тілі сабағында құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеу оқушылардың сөздік қорын байытады; логикалық ойлау қабілеті мен тілін дамытуға көмектеседі; таным белсенділігін арттырады;

    - шығармашылық жұмыстар қазақ тілі сабағында оқушының сыни тұрғыдан ойлауын арттырады, өз бетімен білім көзін ашуға ұмтылдырады; ізденімпаздық- зерттеушілік деңгейге жеткізеді; өзін-өзі тануына және жеке тұлға ретінде танылуына жол ашады;

    - құрмалас сөйлемдерді шығармашылықпен жұмыс жүргізу әдістемесі арқылы оқытуда аналитикалық, танымдық, ізденімдік жаттығулар мен шығармашылық тапсырмалар жүйесінің, тиімді әдістердің маңыздылығы артады;

    - шығармашылықпен жұмыс жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері мен ұстанымдарын айқындай отырып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізу оқушының шығармашыл ойлауы мен сауаттылығын дамытуға жол ашады.


    2.2 Құрмалас сөйлемдерді оқытудағы шығармашылық жұмыстардың тәрбиелік ұстанымы.

    Мұнда оқыту мен тәрбиенің негізгі қағидалары мен тәрбиелеу жолдарына көңіл бөлінді.Адам болмысын тәрбиелеу үдерісінің маңыздылығы – оның жанын дамыту. Баланың өсіп-жетілуіне орай дамытылып отыратын әдіс-тәсілдерді қолдану, оны түрлендіріп, жаңғыртып пайдалану әрекеттерімен санасады. Шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеудің бірден-бір жолы – оның дүние сырын тануға деген құлшынысын қалыптастыру, өз бетімен дүние сырын танып-білуге құштарлығын ояту, дамытушылық іс-әрекеттер мен әдіс-тәсілдер таба білуге үйрету секілді тәрбиелік үдерістер негізі.

    Құрмалас сөйлемдерден білім беруде алынған мәтіндер, мысалдар, сөйлемдер тікелей өмірмен, болып жатқан жаңалықтармен, ел экономикасы, өнеркәсіп саласындағы қол жеткен табыстар мен өнегелі адамдардың өмірімен таныстыра түсіндіру бағытында жинақталды. Оқушылардың түрлі мәтіндердің көмегімен еліміздің егемендік алуы, тіл мәртебесінің жоғарылауы, тарихи тұлғалар туралы танымы артады. Қазақстанның тұңғыш президенті, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек т.б. туралы мәтіндер құрмалас сөйлемдерді меңгерту барысында теориялық біліммен қабат ірі тарихи мәліметтермен ақпараттандырылады. Еліміздің ізгі мұрасын, ізгілік қасиеттерді сіңіру, салт-дәстүр үлгілерін көрсетіп, бойына сіңіру жолдары басты назарға алды:

    • мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;

    • мемлекеттік тілдің қолданбалы саласын жетілдіру;

    • мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету үдерісінде әдістемелік шеберлігі шыңдалған оқытушылардың тәжірибесін кең насихаттау, тарату;

    • мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін жаңа оқыту технологияларын пайдалану негізінде үйретудің сапалы әрі тиімді жүйелерін анықтау;

    • қазақ тілінің кумулятивтік аспектісін кең пайдаланатын ұлттық педагогика ұстанымдары негізіндегі этнолингво мәдени тұрғыдан оқыту әдістерін жүйелеу;

    • мемлекеттік қызметшілердің акмеологиялық тұрғыдан кәсіби шеберлігін қалыптастыруда тәжірибеде сыналған “Қазақ кәсіби шешендігіне баулу” әдістемелерін анықтау;

    қазақ тілін мемлекеттік басқару саласы мен жекелеген салаларға тікелей байланысты оқу-әдістемелік кешендер жасауға негіз болу;

    2.3 Дидактикалық ғылыми ұстанымы және оның түрлері

    Шығарма жұмысын орындауда әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Шығарма жазуда шығармашылық әрекетке қажетті психологиялық құрылым пайда болады, яғни танымдық үрдістердің (зейін, түйсіну, қабылдау, ес, ойлау, қиял) барлық түрлері қатысады. Жазбаша сөйлеу тілін дамытуда оқушылардың байқау қабілеті де маңызды. Байқағыштық оқушыларды өздері бақылаған құбылыстар мен заттардың ерекшеліктерін түсініп, бір-бірінен ажырату үшін байқағыштыққа үйретеді.

    Бірінші бөлімнің үшінші тармағы қазақ тілі сабағында оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытудың педагогикалық негізіне арналды. Оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамытудың әдістемесін анықтауда Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, С.Қалиев, Ж.А.Қараев, М.М.Жанпейісова, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Ю.К.Бабанский, Ш.А.Амонашвили, В.П.Беспалько, А.М.Аббасов, В.В.Арахин сияқты белгілі педагог ғалымдардың еңбектері негізге алынды.

    Қазақ тілін меңгертуде оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту жұмыстары дидактикалық жалпы ұстанымдар мен арнайы жазбаша тілін дамыту ұстанымдарына негізделетіндігі айтылып, жұмыста талдау жасалды.

    Дидактиканың ғылымилық ұстанымы бойынша оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмыстары тілдік минимумды дағдылы қолдана білуіне байланысты. Қазақ тіл білімінің теориялары оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуға негіз болады. Жазба жұмыстарын орындауда қалыптасатын орфографиялық дағды тіл білімінің орфография саласымен бірлікте қарастырылады. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда тіл білімінің заңдылықтары мен тілдік ұғымдарды қатесіз меңгертуді және тілдік минимумдарды практикалық жазба жұмыстарында қолдана білуге дағдылануы қажет. Оқытудың ғылымилық ұстанымымен бірлікте іске асырылатын ұстаным саналылық пен белсенділік ұстанымы. Оқушылардың жазбаша тілін дамыту тілдік материалды қаншалықты меңгергендігімен байланысты. Саналылық ұстанымы тілдік ұғымдарды саналы түрде меңгеріп, оны ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде қолдана білуге негізделеді. Зерттеу жұмысының нысанасы болып отырған жазылым әрекетін жетілдіруге негізделген оқушылардың жазбаша тілін дамытуды педагогтар мен психологтар саналы, ерікті әрекет ретінде қарастырады. Саналылық ұстанымы білімді меңгерту барысында өзін-өзі бақылау қабілеттілігін қамтиды. Оқушылардың өзін-өзі бақылау қабілеттілігі заттар мен құбылыстар арасындағы байланыс пен өзара қатынастарын ашуға, орындалып отырған жазба жұмысының тақырыбы бойынша ой қорытуын қамтамасыз етеді. Саналы түрде жазба жұмыстарын орындауда оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығы оянып, жазылым әрекетін іске асыру белсенділігі дамитындығы байқалды.

    Жүйелілік ұстанымы. Оқушылардың жазылым әрекетін дамыту –үздіксіз, жүйелі түрде жүргізілетін жұмыстың нәтижесі. Бастауыш сыныптан орталау мектепке келген оқушылардың тілдік білім деңгейі анықталып, жүргізілетін жазба жүмыстарының жүйесі жасалынады. Оқушылардың бірлесіп орындайтын немесе жеке, өз бетімен орындайтын жазба жұмыстары белгілі жүйемен күрделендіріп отырса, жұмыс нәтижелі болады. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда мәтінмен жұмыс істеу жүйесі төмендегідей сатылардан тұрады: а) жазылатын шығарма жұмыстарының тақырыптарын сұрыптау; б) тақырып мазмұнына қатысты сөздер мен сөйлемдерді таңдап, сұрыптау арқылы мәтін құрастыру; в) жазылған мәтінді тексеріп, одан әрі жетілдіру сияқты жүйесі орындалады. Жүйелілік ұстанымы грамматикалық материалды сұрыптау ұстанымымен байланысты болғандықтан, оқушылардың қазақ тілінде жазбаша сөйлеу тілін дамытуда негізгі ұстанымдардың бірі ретінде қарастырылды.

    Грамматикалық материалды сұрыптау ұстанымы мәселелері А.Н.Ким, Н.З.Бакеева, А.П.Васильченко, Т.Н.Казесалу, В.И.Баранников т.б. еңбектерінде зерттеліп, аталған ғалымдар орыс тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесінің негізін жасады. Грамматикалық материалды сұрыптауда сөйлеу модельдерінің қолдану жүйелілігіне, бір типтілігіне, қажеттілігіне көңіл бөлінеді. Диктант мәтіндері оқу бағдарламасындағы модуль тақырыптарына сәйкестендіріле сұрыпталуы тиіс. Бұл ұстаным негізінде сұрыпталған диктант мәтіндері өтілген грамматикалық материалмен байланысты болады. Оқу бағдарламасында грамматикалық тақырыптар жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге ұстанымын ұстанса, жазба жұмыстардың мәтінін сұрыптауда да негізге алынды. Бұл ұстаным бойынша әр сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен білім дәрежесі есепке алынады. Орыстілді бесінші сыныпта қазақ тілінің 9 төл дыбысы мен әріптері өтілген соң әріп диктанты, олардан құралған буындарды меңгерту мақсатында буын диктанты, бірте-бірте сатылай қиындатып, сөз, сөйлем, графикалық диктанттары жүргізіледі. Оқушыларға жоғарыда аталған диктант түрлері меңгертілген соң, диктанттарының күрделі (терме, көру, шығармашылық, ескерту т.б.) түрлері орындатылады.

    Сапалылық ұстанымы. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда тілдік материалдарды меңгертуде негізге алынатын ұстанымның түрі – сапалылық ұстанымы. Сапалы түрде жазу дегенде, оқушының ойы, оны жеткізу сапасы екі түрлі болуы мүмкін. Біріншісі, оқушы жазу үстінде өзінің ойын басқа біреуге түсінікті болу үшін тиісті дыбыстар, буындар, сөз бен сөйлемдер таңдап, қолдануға тырысады. Оқушылар жазба жұмыстарын орындауда емле мәселелеріне мән бере бермейді. Мәтін тақырыбына байланысты жазба жұмыстарын орындауда сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс жазғанымен, айтылатын ой анық, дәл, мазмұнды деңгейде болмайды. Жүйелі, үзіліссіз жүргізілген диктанттың нәтижесінде оқушылар орфографиялық, пунктуациялық ережелерге сай дұрыс жазуға дағдыланады. Орфографиялық, пунктуациялық дағдылардың сапалы меңгертілгенде ғана мазмұндама, шығарма жұмыстарын орындай бастайды.

    Кешенді ұстаным. Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмыстары кешенді түрде ұйымдастырылғанда нәтижелі жүргізіледі. Эксперимент топтарында жазба жұмыстарының нәтижелері сарапқа салынып, көрсеткіштері беріліп отырды. 5-6-сынып оқушыларына жазбаша сөйлеу тілін дамытуда қолданылатын жазба жұмыстарының кешенді жүйесі: жаттығу жұмыстарының жүйесі, диктант және оның түрлері, мазмұндама, шығарма жұмыстары сараланды.

    Жоғарыда аталған ұстанымдардың жүйесі жазбаша сөйлеу тілін дамытуда тілдік қатынастың қатысымдық ұстанымын ең негізгі, маңызды ұстаным ретінде негізге алынды. Өзгетілді тіл үйренушілерге мемлекеттік тілді меңгертуде Ф.Ш.Оразбаева, Қ.Қадашева, К.Жақсылықова, Ә.Әлметова, Ш.Құрманбаева, Г.Бейсенбекова, Г.Тұрсынова т.б. ғалымдар қатысым ұстанымының маңыздылығын дәлелдеп берді. Жазбаша сөйлеу тілін дамытуға бағытталған жазба жұмыстарының түрлері қатысымдық бағытты ұстанады. Қатысым оқушылардың тікелей қарым-қатынасына, пікірлесуіне, сөйлесуіне негізделеді. Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда сөйлеу әрекетінің түрлері (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім) кезектесіп, әрі жүйелі түрде жүргізіледі. Сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым түрлерін саналы меңгерген оқушы жоғары деңгейдегі тілдесімде сөздік қоры толығып, жазбаша тілі дамитындығы анықталды.

    Жазбаша сөйлеу тілін дамытуда педагогикалық жаңа технологияларды пайдалану, оның қазақ тілін меңгертудегі тиімді жақтары қарастырылды. Дамыта оқыту идеясын ұсынушылар Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин; проблемалық оқыту теориясын жасаушылар А.М.Матюшкин, Т.В.Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов проблемалық оқытудың мақсаты ғылыми таным нәтижелері мен білім жүйесін меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту екендігін көрсетеді. Олай болса, проблемалық дамыта оқытуды оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытып, жазба жұмыстары арқылы шығармашылыққа баулудың шарты ретінде тұжырымдауымызға негіз болды.

    Қорытынды

    Отанымыз, өз еліміз – аяулы, қасиетті Қазақстан мекені. Сондықтан әр деміміз, қуанышымыз бен ренішіміз, болашағымыз да барлығы еліміздің өсіп, өнуіне байланысты. Бүгінгі таңда нарықтық қатынасқа сай, жаңа қоғамның қазіргі жағдайында білімді, өзіндік ұстанымы бар, таным көзқарасы жоғары..

    Қорыта келе, жалпы дидактикалық ұстанымдардың барлығы қазақша кәсіби тілді модуль арқылы оқыту ұстанымдарымен өзара тығыз байланысқан. Қазақ тілін модуль арқылы оқыту - жаңа іргелі әдістемелік жүйе. Қазақша кәсіби тілді модуль арқылы оқыту ұстанымдарының ерекшелігі, олар жалпы дидактикалық ұстанымдардың жүзеге асу жолдарын нақтылайды.

    Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сойлесуді естіптыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ал ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады. Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық – грамматикалық дайындақ деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруға жағдаяттың ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады.Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары ( компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді.Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап, беретіндей дағды – машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Қазақ тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, қазақша ауызекі сөйлесуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп және де ұстанымға үйрету қажет.


    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    1. Оралбаева Н., Жақсылықова К. «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін

    оқыту әдістемесі». Алматы, 1996, /1, 24 бет/

    1. Жақсылықова К. «Қазақ тілін модульмен оқытудың ғылыми-теориялық

    негіздері». Докт.дисс, Алматы, 2001, /1, 24 бет/.

    1. В.И. Андреев. Диалектика воспитания и самовоспитания творческой

    личности. К.Издательство Казанского Университета, 1988. -238 с.

    А.Құнанбаев. Шығармалар жинағы. -Алматы: Жазушы, 1998. -335 б.

    1. Х.Арғынов. Құрмалас сөйлемдер методикасы. -Алматы:

    Мектеп, 1969.- 109 б

    1. Қ.Жарықбаев. С.Қалиев. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.

    Алматы: Рауан. -1994.-352 б.

    1. «Әлемдік білім кеңістігінеену жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың көкейкесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Семей,2006 ж.21-27 б.

    2. Қазақ тілі по евростандарту. Мақала. «Жеті күн» 29 қазан 2006 ж







    написать администратору сайта