Оқу тәрбие. Оқу-тәрбие жоспары 2021-2022 оқу жылы Сағакүрес НОМ (1). Мазмны Кіріспе
Скачать 482.24 Kb.
|
Еңбек және экономикалық,экологиялық тәрбие бойынша 5-9 сынып оқушыларының еңбекке араласуы «Таза ауа –таза аула» тақырыбында сенбі кіні сайын тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.Әр жұма санитарлық-гигиеналық талаптарға байланысты әр сыныпта тазалық жүргізілді. «Мөлдір бұлақ», «Сөз сарасы» ақысыз үйірме жұмыстары өз уақытында жүргізілді. 8-сынып А. Саудабекованың «Таза болса табиғат, аман болар адамзат!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өз дәрежесінде өткізілді. Қазан, қараша айларында Жас Ұлан ұйымының мүшелері зейнеткер ұстаз К. Ошакбаеваның үйінің тазалық жұмыстарына көмектесті. Желтоқсан айында жалғызілікті Рысбай қария мен Нүрби апаның ауласының қарын тазалауға көмектесті. «Мөлдір бұлақ», «Сөз сарасы», «Шебер қолдар» ақысыз үйірмелері өз уақытында жұмыс жүргізді.Ақысыз үйірмелердің жұмыстары дәлізде көрмеге қойылды. «Таза табиғат,жанға азық» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.Мектеп ауласына, ауыл көшелеріне тазалық жұмыстары жүргізіліп, сенбіліктер өткізілді. «Таза табиғат, жанға азық», «Табиғатты қорғау-қасиетті іс», «Таза болса табиғат,адам болар адамзат» тақырыптарында сынып сағаттары өтілді. Ауыл көшелеріне,мектеп ауласына сенбілік, тазарту жұмыстары жүргізілді. Көп мәдениетті және көркем эстетикалык тәрбие мектепте «Өнерлі қол бақытқа жол» атты биссер моншақтардан және шиден тоқылған ,кестелердің түрлерінен жасалған заттардан ақысыз үйірменің көрмесі ұйымдастырылды.Қазан айында күз мерекесіне байланысты «Аяулы күз,алтын күз-2020» байқауы өткізілді. Мектепте барлық сыныптарда «Жаңа жыл-жаңа нұр», «Кел жаңа жыл, жаңа жыл!», «Жасыл шырша жанынды», «Таңғажайып жасыл шырша» тақырыптарында мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды. «Қош келдің, Жаңа жыл!» балдық кеші өткізілді. Барлық сыныптарда мерекелік қабырға газеттері шығарылды. Ай сайын оқушылардың күнделіктері тексеріліп қорытындысы шығарылады.Жас Ұлан ұлдарының ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.8-сынып оқушыларының «Ана-гүл,ана-жыр,ана-өмір шырағы »тақырыбында ашық тәрбие сағаты А.Бакежанованың ұйымдастыруымен өткізілді.7-9 сыныптар арасында «Көктем Аруы-2021» қыз сыны байқауы өткізілді.22-наурыз «Қош келдің-әз наурыз » ұлыстың ұлы күніне мерекелік сахналық бағдарлама өткізілді.8-сынып Халықаралық әйелдер мерекесіне орай дайындық сыныбының жетекшісі А.Бакежанова «Аяулы менің анашым» ертеңгілігін өткізді. «Жайна, жаса, Қазақстан!» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне «Жігіт сұлтаны-2021» байқауы өткізілді. 25-мамыр «Қош бол, алтын ұя мектебім!» соңғы қоңырау салтанатты жиын өткізілді. «Айгөлек» мектеп жанындағы алаңда 41 оқушы қамтылды.Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Б.Кереева. 7-8сынып оқушылармен құрылған көгалдандыру бригадасына 19 оқушы қамтылды.Бригаданың жетекшілері биология пәнінің мұғалімі А.Саудабекова мен технология пәнінің мұғалімі М.Исагулов. 9-сынып оқушыларының құрылыс бригадасында 12 оқушы бригада жетекшісі А.Саудабекова. Қ.Р Білім және ғылым министрлігінің «Тілдің үш тұғырлығы» бағдарламасын орындау мақсатында бір ауысымда он күннен 2021 жылдың 01-14 маусым аралығында -12 оқушы, ағылшын тілі пәнінен «Жазғы тілдік» лагерь жұмыс жасады. Жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шығыс Тұнық болды. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты тәрбиесі бойынша мектепте «Футбол», «Волейбол», «Ұлттық ойын», ақысыз үйірмелер жұмыс жасады. Қыркүйек айында «Денсаулық фестивалі» өткізілді.Спорттың барлық түрінен жарыстар ұйымдастырылып, флешмоб дене шынықтыру жаттығулары жасалды.Қыркүйек,қазан айларында 2-4сынып ,5-9 сынып оқушыларыннан «Жіті ішек жұқпалы аурулар», «Қышыма дерматамикоз», «Гепатит-А» тақырыптарында диктанттар алынып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Жоғар сынып оқушылары сынып сағаттарында «Ішімдікке салынудың, темекі шегудің», «Нашақорлықты және қылмыстың алдын алу», «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты әр тақырыпта сынып сағаттары өтіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. Желтоқсан айында «Мектеп лигасы» мектепішілік жарысқа «асық атудан», «тоғызқұмалақтан» оқушылар командасы 2-орын алды. Жоғары сынып оқушылары сынып сағаттарында «Ішімдікке салынудың, темекі шегудің», «Нашқорлық және қылмыстың алдын алу», «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты әр тақырыпта сынып сағаттары өтіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. «Нашақорлыққа және есірткі күрес бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты рефераттар жазылды . Мектеп оқушыларынан «Қышыма дерматамикоз», «Гепатит А» тақырыптарында диктанттар алынып,түсінік жұмыстары жүргізілді. 8-9 сыныптардың қыздары арасында мектеп медбикесі қыздарды профилактикалық тексеруден өткізіп, тазалық туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.Барлық оқушыларды кезекті профилактикалық тексеруден өткізді. Сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары бойынша жылдық мониторингісі 2020 - 2021 оқу жылы
Қорытынды: Жылдық тәрбие жоспары бойынша тәрбиенің барлық бағыттары бойынша тәрбие сағаттары мен іс-шаралар өткізілді. Ұсыныс: Сынып жетекшілер өткізген іс-шараларының разработкаларын суреттерімен дер кезінде өткізіп, жинақтасын. Тәрбие папкасын ретке келтіру 2020-2021 оқу жылындағы «Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүргізілген оқу - тәрбие процесінің жұмыстарына SWOT-талдау, жаңа 2021-2022 оқу жылындағы алға қойған міндеттері. МЕКТЕПТІҢ КҮШТІ ЖАҚТАРЫ: ҚР «Білім туралы» Заңын негізге ала отырып,мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалы білімді әрбір оқушымен қамтамасыз етілуі. Мектепте ұстаздардың белсенділігі және педагогикалық шығармашылығын дамыту мақсатында жоспардың дұрыс ұйымдастырылуы. Жаңартылған білім беру жағдайында критериалды бағалау арқылы оқыту мен оқу сапасынының артуы. Ұжымда психологиялық ахуалдың дұрыстығы, ынтымақтастықтың орнауы; Кадр мәселесінің дұрыс жолға қойылуы, жеткіліктілігі; Мұғалімдердің әкімшілік тарапынан қолдау көруі. Мұғалімдердің сабақта заманауи технологияны меңгеруі Мұғалімдер білім саласына енгізіліп жатқан ақпараттар көзімен таныс болуы. Балалардың жалпыға бірдей міндетті оқумен 100% қамтылуы. Оқушылардың оқулықпен 100% қамтылуы. Денсаулығына байланысты үйден оқитын балалардың оқумен және оқулықпен 100% қамтылуы. «Ата –ана -мұғалім» , «Ата – ана –оқушы» «Мұғалім - оқушы» арасындағы қоғамдастықтың дамуы. Мұғалімдердің сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра алуы. Мұғалімдердің көпшілігінің формативті бағалауды тиімді пайдалана білуі. Оқушылардың топпен, АКТ мен жұмыс жасауға құлшынысы. Сабақта топтық жұмыста оқушылар өз бетінше жұмыс жүргізуге дағдылануы. Әр пән бойынша ,сынып бойынша білім сапасының монитрингілеуі. Пән мұғалімдерінің сабақ зерттеуінің дамуы. Оқушылардың ББЖМ –ға дайындығының артуы. Оқушы мен мұғалімдердің арасындағы кері байланыстың дамуы. МЕКТЕПТІҢ ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ: Мұғалімдерде кәсіби қоғамдастықтың әлсіз болуы. Жаңа жүйе жөнінде оқу мен оқыту жайлы кейбір мұғалімдерде тәжірибенің болмауы Сабақтарда кейбір мұғалімдердің SMART – мақсат қоюды қолдануды түсінбеуі. Мұғалімдердің сабақ соңында жұмыс сапасын арттыруға көмектесетін кері байланыстың аздығы, оқушылардың ойын еркін айта алмауы, мұғалімдердің кейбір оқушылармен қарым қатынастың аздығы Ата аналардың сабаққа қатысудағы салғырттығы. Пән мұғалімдерінің өзара сабаққа қатысуының төмендігі. МҮМКІНДІКТЕР: Оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру. Жаңартылған бағдарлама бойынша мұғалімдердің сабақ жүргізуде жетістікке жетуі. Жүргізілген іс шараларды баспа сөз беттеріне,ақпарат беттерінде жариялау. Ата - аналардың оқыту және оқу үдерісіне қатысу белсенділігін арттыру. Интернет ресурстары пайдалану мүмкіндігі. Әр сыныпта топтық жұмысты жандандыру Оқушы көшбасшылығын дамыту. Ата аналардың ынтымақтастығы мен көшбасшылығын қолдау 4 ,9 сынып білім алушыларын аттестациялауға даярлау жұмысын жандандыру. Дарынды оқушыларды педагогикалық –психологиялық сүйемелдеу. Оқушы құзыреттілігін бақылау деңгейін жеке портфолио арқылы жетілдіру. Үлгерімі нашар, ерекше қадағалауды қажет ететін және қорғаншылық есебінде тұратын, әлеуметтік жағдайы төмен оқушылармен жұмыстарды дамыту. ҚАУІП - ҚАТЕР Оқу – тәрбие үдерісінде болып жатқан өзгерістердің жекелеген мұғалімдер тарапынан қолдау таппауы, дәстүрлі әдіс тәсілдерден арыла алмауы ; Педагог мамандардың өзін –өзі бақылау және бағалау жүргізе алмауы; Жекелеген сабақтарда кейбір оқушылардың топта өз ойын ортаға сала алмауы Оқушылардың сабаққа дайындалмай келуінің әсері. Ата - ана тарапынан балаларының сабағын қадағалаудың аздығы. Кейбір оқушылардың білім сапасының төмендігінің сыныптың білім сапасына әсері. 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР: Оқу тәрбие процесінде заманауи технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру, олардың өз бетінше танымдық қызметке деген қажеттіліктерін қалыптастырып , ойлау қабілетін дамыту. 1-9 сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың оқу үрдісінде жүргізілуін қадағалау. Бағалаудың формативті бағалау жүйесі туралы оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Білім алушылардың бойында функционалдық сауаттылықты және кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру. Оқушы қызметін дамыту, оларға барынша дербестік беру. Критериалды бағалауды оқу процесінде тиімді ұйымдастыру . Білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету және олардың оқудағы алға жылжуын қамтамасыз ету, ата -аналарға оқу нәтижелері туралы ақпаратты беріп отыру. Бағалаудың формативті бағалау жүйесі туралы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тығыз байланыс орнату. Критериалды бағалау жұмысын енгізуге байланысты ұжымды жұмыс жоспармен ,нормативтік құжаттармен таныстыру. Электрондық журналдың толтырылуын қамтамасыз ету. ҚР. Мемлекеттік рәміздерін қастерлейтін ,Отанын, тілін, халқын сүйетін,құқықтық сауатты, бойында патриоттық, азаматтық рух қалыптасқан, мәдениетті азамат тәрбиелеу . БЖБ, ТЖБ уақтылы қою. КТЖ жасау, бекіту. Бағдарлама, Оқу жоспары, жинақтау . ҰМЖ.ОМЖ.ҚМЖ |