Главная страница
Навигация по странице:

  • І- IV тоқсан бойынша салыстырмалы мониторинг Жалпыға бірдей білім беру айлығын өткізу бойынша қорытынды.

  • Әдістемелік іс-шара бойынша

  • «Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық ,құқықтық тәрбие

  • Рухани –адамгершілік тәрбие

  • Отбасы тәрбиесі

  • Ұлттық тәрбие

  • Зияткерлік және ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  • Оқу тәрбие. Оқу-тәрбие жоспары 2021-2022 оқу жылы Сағакүрес НОМ (1). Мазмны Кіріспе


    Скачать 482.24 Kb.
    НазваниеМазмны Кіріспе
    АнкорОқу тәрбие
    Дата21.03.2022
    Размер482.24 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОқу-тәрбие жоспары 2021-2022 оқу жылы Сағакүрес НОМ (1).docx
    ТипДокументы
    #406492
    страница2 из 24
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

    Мектепішілік бақылау жұмысы

    Мектепішілік бақылауға байланысты 1-4 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу, математика, дүниетану пәндері және мектепалды даярлық тобы балаларының оқуға дайындығы тексерілді. 5-9 сыныптар арасында жаратылыс тану бағыты мен гуманитарлық бағыттағы негізгі пәндер тексеріліп, тиісті кеңестерде қорытындылары талданды. Эстетикалық пәндер мен таңдау курстары бойынша Дене шынықтыру, технология, музыка,Абайтану, Өлкетану, Дінтану курстарының оқытылуы. 9-сынып оқушыларының кәсіптік бағыттарын зерделеу барысында мектеп педагог-психологы М.С. Исагулов зерттеу жүргізіп, тиісті кеңесте қаралды.

    4-9 сынып оқушыларының оқу үлгерімі бойынша әр тоқсан соңында негізгі пәндерден бақылау, тест тапсырмалары, аудандық және мектепішілік тестері алынды. Алынған бақылаулар нәтижесі бойынша әр пәннен қатемен жұмыстары және мониторингі жүргізіліп отырды.

    Оқу жылының аяқталуына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің №125 бұйрығын басшылыққа ала отырып,емтихан алынатын пәндері анықталып,сыныптан-сыныпқа көшіру мақсатында емтихан алу кестелері мен дайындық үшін қосымша сабақтар кестелері бекітіліп, емтихан жұмыстары өз уақыттарында жүргізіліп, оқушылар сыныптан сыныпқа көшірілді.

    Мектепішілік бақылауға байланысты 1, 2,5,7 сыныптарда сабақ жүргізу тәсілдері мен оқушы білім сапалары тексеріліп, модерациялық кеңесте талқыланды.

    Әр тоқсанда негізгі пәндер бойынша бөлімі ортақ және тараулар бойынша жиынтық, тоқсандық жиынтық бағалау кестелеріне сай бақылау жұмыстары алынды. Пән мұғалімдері тоқсандық тапсырмаларын жоспарға сай алып өткізді. Бағалау стандарттау мақсатында тоқсанға арналған оқу материалдарына орай ұсынылған оқушы жұмыстары мен нәтижелері тексеріліп, талқылаудан өтті. Алынған тапсрымалар балл қою шәкілінде көп ауытқушылық болмады. Модерациядан кейін оқушының шәкілдері өзгерген жоқ.

    І- IV тоқсан бойынша салыстырмалы мониторинг


    Жалпыға бірдей білім беру айлығын өткізу бойынша қорытынды.

    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 463 «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі 6 жас пен 17 жас аралығында балалар мен жасөспірімдерді есепке алу тәртібі туралы Ережеге » сәйкес, ауыл әкімдерімен келісе отырып, шағын аудандар бойынша 0-18 жастағы балаларды есепке алу;

    • 2001 жылғы №701-2\645 «Оқумен қамтамасыз етілмеген мектеп жасындағы оқушыларды тіркеудің ведомстволық есебінің үлгісін бекіту»жөніндегі бұйрыққа сай №1 №2 форма есебі тізімдері Қазақстан Республикасындағы 5-17 жас аралығындағы мектеп жасындағы және оқуға тартылмай қалған балалар мен жасөспірімдердің есебін жүргізу туралы Нұсқаулықты басшылыққа ала отырып төмендегідей анықтамалар тізімделді.

    Ауыл жалпы 6 мөлтек ауданға бөлінген.

    Мөлтек аудандар бойынша 0-18 жас тізімдері округ әкімімен бекітілген. ЖОО мен Колледждерде оқитын балардың анықтамалары жинақталған.

    Есепті жүргізу барысында 0-18 жастағы балалар аралығында 1 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (Ережеп Расул), 2 аз қамтылған оқушы, 30 көпбалалы.

    6 мөлтек аудандар есебі бойынша 0-18 жас аралығында балалар саны 167. Оның ішінде:

    Мектеп алды даярлық сынбында -12 оқушы

    Мектеп оқушылары-87

    0-6 жас аралығында-62

    Колледжде -7 ; ЖОО-3 оқушы мәліметтері анықталып, кітапхана және

    медбике есептері жинақталды.
    Әдістемелік іс-шара бойынша

    Әдістемелік іс-шара бойынша қыркүйек айында жас мамандармен және мұалімдермен әдістемелік семинарлар өтілді. Қыркүйек айында әдістемелік кеңесте 1,2,5,7 сыныптарда мұғалімдерге мектеп үйлестірушісі Г.И. Тымакбаева жаңартылған бағдарлама бойынша слайд арқылы проектор арқылы жаңартылған бағдарламаның қалыптастырушы, бөлімдер бойынша жиынтық және тоқсандық жиынтық бақылауларын алу тәсілдері мен модерация жүргізу ережелеріне, бағалау шәкілдері, журнал толтыру әдіс-тәсілдеріне семинар өткізді. Семинар барысында мұғалімдерге рубрика, оқушы күнделігіне коментарий жазу үлгілері көрсетілді. Мұғалімдер толғандырған сұрақтарын ортаға салып, талқылады. Жас маман жетекшісі Н.М. Сейлханова жылдық жоспармен таныстырып, тәлімгерлер бекітілген бұйрықпен таныстырып өтті.Директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Е. Бимуханбетова жас мамандарға жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспарларын жазу үлгілері, журнал толтыру, баға қоры,балдық шәкілі, оқушылармен сабақтар, сабақтан тыс жұмыстарға түсінік жұмыстарын жүргізіп, әдіс-тәсілдерге түсінік берілді. Мектеп психологы М.С. Исагулов жас мамандардан тестер алып, тренингтерді өткізді.

    Мектепте «Үздік жыл мұғалімі» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Аталған байқау 4 бөлімнен тұрды.

    1.«Танысу» слайд арқылы мақсат, арманы туралы баяндау (ролик)
    2.« Сөз- жібекжіп, ой - кесте» эссе оқу

    3. «Жүзден жүйрік озады» - жағдаят шығу,

    4. «Өміртәлімгері – ұстазекенінесеніңшығармаң» (партфлио). Әділ қазы мүшелер үштігі сайланып, ұстаздардың шеберлігіне өз бағаларын беріп отырды. Мұғалімдер белсенді қатысты. Байқау соңында әр номинация бойынша ұстаздар марапатталды.
    Аттестациядан өтетін төрт мұғалім өтініш берді

    Қорытынды:

    Жыл бойында жоспарланған іс-шаралардың барлығы өз уақыттарында өтілді. Кеткен кемшіліктерімен дер кезінде жұмыстар жасалып отырды. Мұғалімдерге әдістемелік көмектер көрсетіліп отырды. Әр мұғалім өз пәндері бойынша кәсіби білімдерін жетілдіру курстарын оқып қайтты. Бірақ мұғалімдердіңөзара сабаққа қатысуы ақсақтады. Осы жылы аптасына 3 сабақтан әр мұғалімге өзара сабақтарға қатысу міндеттелсін.
    Ұсыныс: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, білім сапасын арттыру барысында ата-ана, оқушы, мұғалім арасында үштік пирамида арқылы білім сапасын арттыру. Өзара сабаққа қатысуды жүзеге асыру.

    «Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша

    жүргізілген тәрбие жұмысының жылдық қорытындысы

    Жалпы білім беретін «Сағакүрес негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020-2021 оқу жылын 87 оқушымен бастап 92 оқушымен аяқтадық.Мектеп бойынша оқушылардың әлеуметтік жағдайы:Тұлдыр жетім, қамқорлықтағы-1,жартылай жетім – 4, аз қамтылған-2, көп балалы-30.



    Қазақстандық патриотизм және азаматтық ,құқықтық тәрбие бойынша 2-қырқүйек «Білім күні» байланысты салтанатты жиын өткізілді.1-9 сынып жетекшілері «Мен өз отанымның патриотымын» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді.Кәмлеттік жасқа толмағандар арасындағы құық бұзушылықьың алдын алу кеңесі және жылдық жұмыс жоспары бойынша жұмыстар жүргізілді. Қыркүйек айында ауылдық учаскелік инспектор Алдабергенов Медет Тоқтарбекұлы өзін таныстырып, жоғары сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді. «Абайлаңыз балалар» тақырыбында апталық өткізілді.Апталық барысында 2-3 сыныптар «Жол тәртібін білеміз»,4-5 сыныптар «Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік» ,7-8 сыныптар «Жол жүру ережесін сақтайық» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Қараша айында мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырылып,оқушылардың сырт бейнесін қадағаланды.Жоғары сынып оқушылар арасында «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында әңгіме жүргізілді.1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Президенті күніне апталық жүргізілді.1-9 сыныптар арасында «Елбасымыз кемеңгер, көші түзу кемел ел!», «Елбасы, ел тірегі», «Елбасы елдің тұтқасы», «Менің тұңғыш Президентім» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Дәлізде кітап көрмесі ұйымдастырылды. 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне апталық жүргізіліп, 9-сынып жетекшісі А.Саудабекованың «Ар намысым, мақтанышым-Тәуелсіздік» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. 5-9 сынып оқушылары «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында қабырға газеттері шығарылып, сурет көрмесі ұйымдастырылды. 6-9 сынып оқушылары арасында «Мен Тәуелсіздікті жырлаймын» тақырыбында көркемсөз байқауы ұйымдастырылып, жеңген оқушылар марапатталды. 1,5-сыныптың үздік, екпінді оқушыларын «Жас Қыран», «Жас Ұлан» бірыңай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өткізілді.

    8-9 сыныптарда сынып сағаттарында «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.3-сыныпта «Менің туым, Елтаңбам,Рух берер ән-Гимн» атты тақырыбында сынып сағаттары өтті. «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын»тақырыбында сынып сағаттары өтілді.Жоғары сынып оқушыларымен «Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным» тақырыбында ауылдық учаскелік инспектор Алдабергенов Медет Тоқтарбекұлы кездесу сабағы өтілді.5-9 сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылық» тақырыбында құпия сауалнама алынды,оқушылар арасындағы күш көрсету,бопсалаушылық, зорлық-зомбылық деректерін анықтау мақсатында 54 оқушы қатысты,

    1 оқушы себепті.Алынған құпия сауалнаманың нәтежиесінде оқушылар арасында бопсалаушылық, күш көрсету сипаттағы және зорлық-зомбылық фактісі анықталмады. 8-9 сынып оқушылары арасында «Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың алдын- алу» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнамаға 28 оқушы қатысты,1 оқушы себепті.Алынған сауалнаманың нәтижесінде оқушылар арасында жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрмегендігі анықталды. 5-сынып оқушыларының «Ауғанстан жүректегі жара» тақырыбында ауған соғыс ардагерлермен кездесу сабағы Д. Кызайбаеваның ұйымдастыруымен өткізілді. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа алып қашықтық олимпиадаға 2-сынып оқушысы Сағынтай Күмісай «Тәуелсіз елім тірегім» атты тақырыпта эссе жазудан 2-орын,8-сынып оқушысы Садырбек Нұрай 1-орын дипломымен марапатталды.Жетекшісі Б. Адилханова мақтау қағазымен марапатталды.Мектеп дәлізінде «Рухани жаңғыру », «Латын әліпбиі ұлт мүддесі», «Адал ұрпақ-мәңгілік ел болашағы», «Жүз жаңа есім» тақырыптарында көрме ұйымдастырылды.

    «Рухани жаңғыру: қасиетті туған жер» атты білім беру ұйымдарында білім алатын студенттер мен оқушылар арасында республикалық қашықтықтан өткізілген ғылыми жобалар байқауына 4-сынып оқушысы Шеризат Абзал қатыстырылып 2-дәрежелі диплом иегері атанды.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламаның мақаласын білім беру ұйымдары арасында насихаттау мақсатында өткен «Рухани жаңғыру-елдіктің тірегі» атты мектепішілік ғылыми жобалар байқауына 7-сынып жетекшісі Ілияс Армат қатысып, «Алғыс хатпен»марапатталды.

    4-сынып оқушылары Елеусіз Маржан «Тәуелсіз елім тірегім » атты эссе жазудан 1-орын, Садырбек Толғанай «Алғыс хатпен марапатталды,жетекшісі: Д. Кызайбаева «Алғыс хатпен» марапатталды.

    12-сәуір Ғарышкерлер күніне орай 9-сыныптың «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. 1-5 сынып оқушыларын «Жас Қыран», «Жас ұлан», қатарына салтанатты қабылдау өткізілді. 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 7-9 сыныптардың арасында «Жігіт сұлтаны-2021» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. 9-мамыр Жеңіс күніне «Жеңіс күні жасасын мәңгілік!» тақырыбында 1-9 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. 5-9 сыныптар арасында «Патриоттық әндер» байқауы өтті.

    25-мамыр «Қош бол,алтын ұя мектебім!» салтанатты соңғы қоңырау жиыны өткізілді. 31-мамыр саяси құрғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай митингіге қатысу шарасы болды.

    Рухани –адамгершілік тәрбие бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Менің таңдауым-балаларға көмек» тақырыбында өткізіліп, 12 оқушыға 175000 теңге көлемінде мектеп формасы, спорттық киімдер, оқу-құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді.22-қыркүйек тіл мерекесіне апталық өткізіліп, «Төрле,төрле ана тілім төріме!» тақырыбында 6-сынып жетекшісі Г. Сағынбек ашық тәрбие сағатын өткізді.Апталық барысында көркем сөз, эссе жазудан байқаулар жүргізілді.1-қазан қарттар күніне «Қарттар-асыл қазынам» 4-сынып жетекшісі К. Медетбаева ашық тәрбие сағатын көріністер, видеороликтер көрсету барысында оқушылардан өз ойларын сұрап, ортаға салды.Ұстаздар мерекесіне ОЖҰ басшылығымен мерекелік іс шара ұйымдастылрыды.2-сынып жетекшісі Н. Базаралина «Ұстазым,досым,ақылшым», 9-сынып жетекшісі А. Саудабекова «Ұстазым,ұлағатым үлгі өнегем» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. 3-4 сыныптарда «Кітап досым, ақылшым», «Абай дана-Абай дара» тақырыптарында сынып сағаттары жүргізілді.

    Қараша айында 9-сынып жетекшісі А. Саудабекованың «Теңге-Тәуелсіздік символы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Желтоқсан айында 4-сынып жетекшісі К. Медетбаеваның «Астана-Отанымыздың жүрегі», 6-9 сынып оқушылары арасында 6-сынып жетекшісі Г. Сағынбектің ұйымдастыруымен «Астана-менің мақтанышым» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Мектеп кітапханашысы М. Калиакпарова Баба ұрпақтары рухани жаңғыру аясында оқушылармен сұхбат, шолу жүргізді.

    5-9 сыныптарда «Жан жүрегім-Астана » тақырыбында сынып сағаттары өтілді. «Ел жүрегі-Астана» атты қабырға газеттері шығарылып, тақырыбында көрме ұйымдастырылды .Өзін-өзі тану пәні бойынша «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі өткізілді.Онкүндікте мектеп психологы М.Исагулов, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Г.Тымакбаеваның ұйымдастыруымен тәрбие сағаты,әр түрлі іс-шаралар өткізілді.10-ақпаннан 10-наурызға аралығында «Өмірге Ия деп айт!» республикалық науқанында мектепте іс-шаралар жүргізілді.

    «Жалпыға білім беру айлығы барысында «Қайырымдылық» акциясы өткізілді.Демеушілер әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға оқу-құрал жабдықтарымен қамтамасыз етті. 1-наурыз Алғыс айту күніне әдеби-сазды мерекелік іс-шара өткізілді.Дәлізде «Алғыс айту» күніне көрме қойылды.

    «Жарық жұлдыз» атты балалар өнер байқауында көркем сөз жанры бойынша өнер көрсеткен 1-сынып оқушысы Айтқали Нұрасыл «Бас жүлде», 6-сынып оқушысы Тұрсынбай Таңсұлу 1-орын,5-сынып оқушысы Орал Еркежан

    3-орын дипломдарымен ,жетекшісі А.Керімбаева.

    1-мамыр Ынтымақ пен бірлік күніне орай 2-сыныптың «Татулық-достықтың киелі бесігі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Құстар күніне «Құстар біздің досымыз», «Құстар көктем хабаршысы», «Құстар әлемі» тақырыпарында сынып сағаттары өтілді. 18-сәуір тарихи және сәулет ескерткіштерінің Халықаралық күніне «Ескерткіш-тарих куәсі» сынып сағаттары өтілді. «Ауыл тарихы-менің тарихым» тақырыбында 7-сыныптың ашық тәрбие сағаты өтті. Дайындық сыныбының «Мен мектепке барамын» тақырыбында ертеңгілігі, 4-сынып оқушыларының «Сарқылмасын ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі бас иемін бастауышым» тақырыбында бастауышпен қоштасу ашық тәрбие сағатты өтті

    Отбасы тәрбиесі бойынша мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.Мектеп психолгы М. Исагулов баяндама оқып, ата-аналар пікірлерін айтты, ата-аналардан сауалнама алды.7-сынып «Отбасы тәрбие бастауы»,8-сынып «Отбасы- береке бастауы»,9-сынып «Отбасы тәрбие» туралы сынып сағаттарын өткізді.

    Мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өткізіліп, баяндама оқылып, сауалнамалар алынды. «Отбасы-тәртіптің тамаша бесігі» ата-аналар комитетінің мүшелерімен кеңес өткізілді. Жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата-ананы құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында 7-сынып жетекшісі Г.Тымакбаеваның «Өнегелі әже, сүйкімді немере» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

    Ата-аналар үшін ашық есік күні өткізілді.1,2,3,5,7 сынып оқушыларының ата-аналары сабаққа қатысты.6-сынып оқушыларының «Отбасы тіршілік-тірегі» тақырыбында сынып сағаты өтілді.Ата-аналар үштігінің отырысы өткізіліп, ата-ана бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-ананы құрметтей білуге тәрбиелеуді үйретуге ата-аналар өз ойларын ортаға салды. «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермейік» атты сынып сағаттары өткізілді.

    «Отбасы-тәрбиенің ұясы», «Әке жолы ізгіліктің іздері», «Батаменен ел көгерер» тақырыптарында сынып сағаттары өтілді. Әр сыныпта тоқсан сайын ата-аналар жиналысы, жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналарға отбасы,тәрбие туралы сынып жетекшілер түсінік жұмыстарын жүргізді.

    Ұлттық тәрбие бойынша тұлғаны ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілді,қазақ халқының,Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалы топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлауда сыныптарда «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Әдеп ғұрпымыз-жазылмаған заңымыз» тақырыптарында сынып сағаттарын өтті. «Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс қимылдың өзекті мәселелері» тақырыпта сынып сағаттары өтілді.

    Оқушылар арасында көркейту, көгалдандыру,жергілікті тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруге шақыру мақсатында «Туған жерше тағзым» акция барсысында оқшыларды өлкетану, туған жердің тарихын оқытуға байланысты мұражайлар мен тарихи орындарға саяхат жұмыстары жүргізілді.

    Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілді қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлауда сыныптарда қазақ халқының салт-дәстүрлері, «Елдің бірлігі-ең асыл қасиет» тақырыптарында сынып сағаттары өтілді. «Адамның діни таным еркіндігіне құқығы» баяндама оқылды.

    Жоғары сынып оқушыларына «Әртүрлі діни ағымдар» туралы дінтану пәнінің мұғалімі Н.Бексултанов сұхбат әңгіме өткізілді 15-мамыр жалпыұлттық ата-аналар жиналысында «Қорытынды аттестаттау», «Қамқоршылық кеңесі», «Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру-тәрбие негізі», «Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту», «Оқу процесін цифрландыру», «Оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты аудару мәселелері» ата-аналарға таныстырылып,видеороликтер көрсетілді, ата-аналар өз ойларын ортаға салды. Жоғары сынып оқушылары «Сыйласаң сый көресің» тақырыбында сынып сағаттары өтті. «Сегіз қырлы-бір сырлы» ұлдар жұмысының, «Қыз әдептілігімен әдемі,инабаттылығымен сәнді» қыздар жұмысының жиналыстары өткізіліп, қорытынды жасалды.

    Зияткерлік және ақпараттық мәдениет тәрбиесі бойынша мектепте «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын ұйымдастыру жөнінде іс шара жоспары жасалынып бекітілді.Оқушыларға түсіндіру жұмыстарын сынып сағаттарында таныстырылды. Мектеп кітапханасында «Адал ұрпақ», «Мәңгілік ел болашағы» такырыбында көрме ұйымдастырылды.Дәлізде «Адал ұрпақ» стенді шығарылды.

    Мектепте «Болашаққа бағдар: руханижаңғыру» атты мақаласын ұйымдастыру жөнінде оқушыларға түсіндіру жұмыстары сынып сағаттарында таныстырылды. «Адал ұрпақ» ерікті клубының мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылармен сұхбат жүргізілді. Барлық сыныптарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда сынып сағаттарында әңгіме жүргізіліп, баяндамалар оқылды. 6-9 сынып оқушылары көңілді тапқырлар клубының КТА ойындарын өткізді.9-сынып оқушыларымен мектеп психологы М.Исагуов «Нақты мақсат, ертеңгі жетістік» атты психологиялық тренингін өткізді.5-8 сыныптар арасында «Кім епті» атты сайыс сабағын еңбек пәнінің мұғалімдері М.Исагулов, Әділұлы Ұ.

    «Мен болашақта кім боламын?» тақырыбында 9-сыныпта сынып сағаты өтті.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


    написать администратору сайта