Главная страница
Навигация по странице:

  • Мемлекеттің органическалық теориясының авторы.

  • 12.Әлеуметтік институттар және мекемелер 1

  • лексия. саясаттану. Мемлекетті пайда болу теориялары мен концепциялары


    Скачать 92.89 Kb.
    НазваниеМемлекетті пайда болу теориялары мен концепциялары
    Анкорлексия
    Дата25.12.2021
    Размер92.89 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласаясаттану.docx
    ТипДокументы
    #317745
    страница1 из 2
      1   2

    Мемлекеттің пайда болу теориялары мен концепциялары. «Мемлекет» термині екі мағынада беріледі.

    1. Кең мағынада: Мемлекет – бұл шекарамен шектелген, басқармалық орталығы бар территория. Алғашқыда мемлекет туралы көзқарас мұндай болған.

    2. Тар мағынада: Мемлекет – бұл үкіметті жүзеге асыратын саяси институт. Саясатта мемлекет туралы сөз әрқашанда тар мағынада беріледі. Мемелкет жайында сөз айтар алдында ең біріншіден оның пайда болу себептерін анықтау керек. Бұл туралы Маркстік теориясында кең түсіндіріледі. Бұл теория мемлекеттің пайда болу себептерін келесідей түсіндіреді:

    1) Пайда болған алғашқы қауымның ыдырау нәтижесінен қоғам байлар мен кедейлер болып бөлінеді. Байлар мен кедейлер арасында өте үлкен қарама-қайшылықтар бар және бұл қарама-қайшылықтары қандай да бір әдістермен шешуге болмайды. Кедейлерді байларға жұмыс істеткізу үшін, басқарушы класс арнайы ұйым ұйымдастырып, оған күш береді. Осы ұйым күшінің иесі – мемлекет және бұл бірінің жұмысын бірі жұмыс істеуге итермелейді.

    2) Бірақта ғылымда тағы да бірқатар теориялар бар. Олардың кейбіреулері мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді: Бұрынғы заманда соғыстардың нәтижесінде бір халық, екінші халықты жаулап алады және жаулап алушылар жеңілгендерді бағындыру үшін мемлекет құрайды, ал бұл мемлекеттер жаулаған халықты тұншықтырады.

    3) Ал келесі теория мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді, әртүрлі тайпалардың қоршауында болып және олардың агрессиясын көрген халық, олардан қорғану үшін бірігеді.

    4) Адам табиғаттан – қоғамдық пенде болып табылады, сондықтан ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Осы себептен адамдар бірігіп, мемлекет құрайды.

    Бұл теориялардың дәлелдемесі тарихта белгіленген және бұл дәлелдемелерді мемлекеттің пайда болғанын түсіндіргенде қолдануға болады. Кез келген мемлекеттің бірқатар ерекшеліктері бар, және бұл ерекшеліктердің бірігуін мемлекет деп атайды.

    Мемлекеттің органическалық теориясының авторы.

    19 ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды. Карл Маркс(1818-1883) философия мен саяси экономия саласында 2 жаналық жасады. 1-ші – тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. 2-ші – капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды. Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш – жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат – буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдаскан, ең саналы және иньернационалдық табы. Олар пролетариат өзінің меншікті саяси партиясы – Коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жұмысшы қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді.Маркс пен Энгельстің ізбасары Ленин болды. Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамытты. Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік ревалюция ұласуын негіздеді. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің рөлін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті.марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты.

    1. Жаңғыру және урбанизация.

    Бұл режимде қоғамның саяси жүйесі үздіксіз кемелденіп отырады, онда жаңғыру тенденциясы басым болады. Ол жеткілікті түрде белсенді жаңғыруларды қабылдайды, уақыттың саяси талаптарына сай жаңаруға талпынады. Саяси практиканың қызмет етуінің бұл режимі компоненттері саяси белсенділікті, саяси қатынастар субъектілерінің белсенділігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоғамдық өмірдің барлық негізгі тенденцияларының жүзеге асу мүмкіндігі занды тұрғыда болатын жоғары дамыған демократиялық-саяси мәдениет жағдайында ғана мүмкін болады. Мемлекеттік билік құрушы құрылымдары қажетті әлеуметтік-саяси заңдық мүмкіндіктерге, аса жоғары заңдылыққа және саяси тұрақтылық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған әсер ету құралдары мен әдістері арсеналына ие. Жаңғыру мен даму режимі саяси жүйенің тек жай ғана қайта құрылуын емес, оның жаңғыру мен даму элементтерін ендіре отырып қайта құрылуын білдіреді. Нәтижесінде қоғамның саяси мәдениетінің өсуі, саяси қажеттіліктерге оның бара-барлығы, әрекеттердің тиімділігі көтеріледі.

    Урбанизация (лат. urbs - қала, urbanus қалалық)  еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық,демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көнелатын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және  мәдениетінің үстемдікке ие болуы. "Урбанизация"  ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан  ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны")

          Урбанизация үрдісі осылардың арқасында жүреді: қала халқының табиғи өсімі; ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы; қала маңы аудандарының пайда болуы; ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция.

    Қоғамдық қозғалыстар - қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші азаматтардың ортақ әрекеті; белгілі бір қоғамдық өзгерістерге қарсылыққа немесе қолдауға бағытталған институцияланбаған қоғамдық күш жұмсау.Қозғалыстың, әдетте, ұйымдық құрылымы және тіркелмелі мүшелігі болмайды. Мүдделерінің ортақтығы жағдайында оған әртүрлі идеялық бағыттағы адамдар қатысуы мүмкін, қозғалыс құрамы кең, бұқаралық сипатта, өзгермелі. Қоғамдық қозғалыстардың мақсаттары мен міндеттері әртүрлі - әлеуметтік, саяси, рухани-мәдени және т.б. болады. Көбіне бұл мақсаттар қүбылмалы, өзгермелі және кеңейіп отырады. Қоғамдық қозғалыс, егер ол билік институттарына ықпал етуді, сайлау кампанияларына қатысуды, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім қабылдауына эсер етуді көздесе, қоғамдық-саяси болып табылады. Қоғамдық қозғалыс қызметі мәселелерінің саяси қыры олардың саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, бейресми мүдделер тобымен қарым-қатынасын қарастыруы мүмкін.

    Әлеуметтік өзгеріс барысында әлеуметтік жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері мен құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары бір күйден екінші күйге ауьісу, не кейбіреуі жаңадан пайда болу, немесе жоғалып кетуахуалын бастан өткереді. Әлеуметтік өзгеріс, негізінен, екі деңгейде: микродеңгейде және макродеңгейде өрбиді. 
    1. Қоғамдағы әлеуметтік жүйеде жатқан институттардың, әлеуметтік рөлдер мен адамдар арасындағы өзара байланыстардың өзгеруі. Әлеуметтік өзгерістер әлеуметтік құрылымда пайда болған елеулі өзгерістер. Бұл танымның ішіне жаңа нормалар, құндылықтар, мәдени элементтер және символдық өзгерістерді атауға болады. Қоғамда кіші топтар арасында көрініс тапқан өзгерістер мен мода сияқты өтпелі өзгерістерді ескермеуге болады, бірақ отбасы, экономика, құқық институттарындағы өзгерістер, әлеуметтік рөлдерден өзгерістер және әлеуметтік байланыстарда пайда болған өзгерістер өте қажетті.

    Дәстүрлі немесе қазіргі заманғы барлық қоғамдарда әлеуметтік өзгерістерді көруге болады, өзгеріске ұшырамайтын қоғам кемде-кем, әлеуметтік өзгеріс тұрғысынан қоғамда сапалық және сандық жағынан кейбір ерекшеліктер болуы мүмкін. Мысалы, қазіргі заманғы қоғамдарда үш өлшем бойынша дәстүрлі қоғамдардан ерекшелік танытуда. Қазіргі заманға қоғамдарда өзгерістер жылдам, кең жайылу жағынан көлемді және өзгерістер сапалық жағынан басқаша ерекшеліктерге ие.

    Әлеуметтік өзгерістердің бірнеше себебі бар. Бұл себептер мыналар: ғылыми жаңалықтар, техналогиялық жаңалықтар, ой-пікірлер, наным-сенімдер, халықтың артуы, мәдени өзара байланыс, соғыс, табиғи апаттар, тарихи оқиғалар т.б.

    РЕКЛАМА

    Әлеуметтік өзгеріс процесінде қоғам бірнеше әлеуметтік мәселелерді басынан кешіреді. Жаңалықтар әр уақытта онай жолмен қалыптаспайды және оған бейімделмейді. Өзгерістерге қарсы әлеуметтік қарсы тұру пайда болып тұрады.
    Ұлттық құқықтық жүйелерді жақындастыру, олардың арасындағы айырмашылықтарды қысқарту және жою бір бірімен тығыз байланысты «унификациялау» үрдістері арқылы көрініс табады.
    Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді.
    Қоғам дегеніміз – адамдардың бірлестігі, жиынтығы. Қоғам – санасы, ақыл-ойы бар адамдардың жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы емес, ол адамдардың арасында айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас орнаған бірлестік. Яғни, қоғам – бұл белгілі бір аумақпен және мәдениетпен біріккен адамдардың тобы.

    Әлеуметтік қауымдастық - қандай да бір ортақ белгілері, ортақ мүдделері, ортақ мақсаты, ортақ мінез-құлық түрі бар адамдар жиынтығы; бірқатар нақтылы әлеуметтік қауымдастықтардың жалпы атауы ретінде қолданылатын ұғым. Ұлттық, этникалық, таптық, діни, кәсіби, аумақтық, әлеуметтік-мәдени, дәрежелік, демократиялық және басқа да әлеуметтік қауымдастық түрлері белгілі.
    Әлеуметтік институттар (лат. institutum-құрылғы) - қоғамдық өмірді ұйымдастырудың және реттеудің тұрақты формаларын білдіретін қоғам элементтері. Мемлекет, білім беру, отбасы және т.б. сияқты қоғам институттары әлеуметтік қатынастарды реттейді, адамдардың қызметі мен олардың қоғамдағы мінез-құлқын реттейді.Әлеуметтік институттардың негізгі мақсаты-қоғамның дамуы барысында тұрақтылыққа қол жеткізу.
    Денсаулық сақтау жүйесін, "ауру" және "денсаулық" әлеуметтік терминдерін, медицина саласындағы адамдардың мінез-құлқын зерттейтін әлеуметтану саласы. Бұл халықтың денсаулыққа, ауруларға, медициналық көмекке, медицинаға және денсаулықты қорғауға құндылық бағдарларын қалыптастырудың заңдылықтары туралы ғылым. Қазіргі медициналық әлеуметтанудың құрылымы медициналық мамандықтардың әлеуметтануы, аурудың әлеуметтануы және науқастың мінез-құлқы, медицина институттары мен денсаулық сақтау ұйымдарының әлеуметтануы сияқты бірнеше бағыттардан тұрады. Әлеуметтанудағы медицина әлеуметтік институт ретінде ерекшеленеді. Әлеуметтік институт ретінде медицинаның құндылықтары (мақсаттары, принциптері, кодекстері), құрылымы, функциялары, оның институтішілік ұйымының нысандары, нышандары, мәртебелері мен рөлдері (дәрігерлер, пациенттер, мемлекет және т. б.), кәсіби стратификация жүйесі және кәсіби білім беру жүйесі бар7. Әлеуметтану ғылым ретінде.«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлееуметтанушысы Огюст Конт өзінің алты томдық «Позитивті философия курсы» атты еңбегінің үшінші томында енгізді.

    Социологияның негізін қалаушы О.Конт социологияның пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне арқа сүйейді. О.Конт оң социологиялық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Социологияны әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөлу осыдан келіп шыққан.

    Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер социологияны әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.

    Әлеуметтанудың пәні - қоғамның құрылымы, ондағы әлеуметтік үрдістер, әлеуметтік қатынастар. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі - қоғам. Әлеуметтану – жалпы қоғамның ерекше жұмыс істеуі мен дамуының заңдылықтары туралы ғылым.

    2. Социологияның қоғам өмірімен байланысының алуан түрлілігі, қоғамдық мақсаты бірінші кезекте оның ерекше әлеуметтік ғылым ретінде атқаратын қызметімен айқындалады. Танымдық функция ең алдымен әлеуметтік даму заңдылықтарын зерттеумен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестердің өзгеру тенденциясына байланысты.

    Теориялық-танымдық функцияны жүзеге асыру социологияға қоғамның мәні, оның құрылымы, заңдылықтары, негізгі бағыттары мен тенденциялары, жолдары, оның қызмет атқаруының және дамуының нысандары мен механизмдері туралы білімді кеңейтуге және нақтылауға мүмкіндік береді.

    Тәжірибелік функция социологияның әртүрлі әлеуметтік процестерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі тәжірибелік ұсыныстар жасауға атсалысуымен айқындалады. Социологияның тәжірибелік функциясы танымдық функциясымен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер қоғамның түрлі салаларының даму заңдылықтарын ашып көрсете отырып, әлеуметтік процестерге пәрменді әлеуметтік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті нақты ақпарат береді. Социологияның болжамдық функциясы қоғамның әрбір әлеуметтік бөлімшесінің ғылыми негізделген даму келешегін саналы түрде жасау және жүзеге асыру шарттарын жасауға деген сұранысының көрінісі болып табылады. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері қүбылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы, мынандай мәселелерді болжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігін ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс пен процесстердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай?

    Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың саны-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.

    3. Социология әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түрлі дәрежеде, атап айтқанда, бүкіл қоғам көлемінде не қоғам өмірінің жеке дәрежесінде немесе жеке адамдар тұрғысынан зерттеуі мүмкін. Осыған байланысты социология ғылымын төмендегідей құрамдас бөлімдерге бөлуге болады:

    Біріншісі – жалпы теориялық социология. Бұл біртұтас социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы зандылықтарын анықтауға бағытталған макросоциологиялық зерттеу болып табылады. Макроәлеуметтану қызметі- ірі көлемді әлеуметтік жұйелер. Макроәлеуметтану индивидтің әлеуметтік таптағы тәртібін зерттейді.

    Екіншісі - әлеуметтік жүйенің жекелеген құрамдас бөлімдерінің әрекет етуі мен өзара байланысының зандылықтарын зерттеуге бағытталған жалпылылығы орташа социология. Бұған, мәселен, қала социологиясы, экономикалық социология, білім беру социологиясы, саясат социологиясы, т.б. жатады .

    Үшіншісі – микросоциология. Ол жекелеген адамдардың қимылы мен өзара қарым-қатынасын, мінез-құлқын, жүріс-тұрыстарын бақылау арқылы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.

    Социологияның бұл құрамдас бөліктері жалпы, ерекше және жекеше категорияларының байланысын көрсетеді.

    Социологиялық зерттеулер нәтижесінде алынатын ғылыми қорытындылардың жалпылық дәрежесіне сәйкес бұл зерттеулер теориялық және эмпирика болып екіге бөлінеді. Теориялық зерттеу үшін маңызды мәселе - әлеуметтік өмір саласындағы жиналған нақты материалдарға терең қорытынды жасау. Ал эмпирикалық социология тікелей бақылау, сұрақ қою, құжаттарды талдау, статистикалық мәліметтер негізінде нақты материалдар, фактілер жинаумен шұғылданады. Әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің біртұтас процесінің бұл екі жағы бір-бірімен тығыз байланысты, бірі-бірін әрдайым толықтырып отырады. Әлеуметтік процестерді зерттеу барысында идеялық принцип қолданылады.

    Социологиялық зерттеудің алдына қойылған міндеті пен мақсатына сәйкес социология фундаментальды (іргелі) және қолданбалы (прикладная) болып екіге бөлінеді. Фундаментальды социологиялық зерттеу қоғам жайлы теориялық және методологиялық білімдерді қорытып шығаруға және оларды дамытуға бағытталады, ал қолданбалы социология әлеуметтік өмірді дамытудың практикалық мәселелерін зерттеп, практикалық ақыл-кеңес тұжырымдауға бағытталады. Зерттеудің бұл екі бағытының екеуі де теориялық және тәжірибелік зерттеу жүргізе алады.

    12.Әлеуметтік институттар және мекемелер1. Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді.

    Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді реттеген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.

    Социологтар “институт” ұғымын құқықтанушылардан бай әлеуметтік мазмұнмен толықтырып алған. Ол базалық социологиялық категориялардың бірі болып табылады, теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды талдауда оны айналып өту мүмкін емес.

    Ағылшын социологі Г.Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй.
    Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. “Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. “Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.РЕКЛАМА

    2. Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау процесі институттану деп аталады. Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік ұйымдастыруға қажеттілігін ұғынуы барысында сол қажеттілікті қанағаттандыра алатын әлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді. Әлеуметтік институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын нормалар мен санкцияларды қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады.

    Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар:

    бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);

    қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет);

    тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, өндіріс);

    білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар);

    рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты).

    Әрбір институттың қанағаттандыратын қажеттіліктеріне тәуелді ерекше қасиеттері бар. Бұл ұстанымдар мен мінез-құлық үлгілері; символикалық мәдени белгілер; утилитарлық мәдени белгілер; ауызша және жазбаша кодекс; идеология. Бұл институционалдық белгілер әлеуметтік қатынастарды реттеудің негізгі механизмдерін шоғырландырған: нормативтік элементтер, түсініктер, үлгілер, санкциялар, мәдени бейнелер, қоғамдық идеялар арқылы (1-кестені қараңыз). Барлық институттар бірдей белгілердің толық жинақталымына ие бола бермейді, бұл олардың жеткілікті дами қоймағанын немесе төмендегенін көрсетеді.

     

    1-кесте Қоғамның басты институттарының белгілері

    Отбасы

    Мемлекет

    Бизнес

    Білім беру

    Дін

    1. Ұстанымдар мен мінез-құқық үлгілері













    Үйреністік Түзу ниет Жауапкершілік Құрмет

    Құлақ асу Түзу ниет Субординация

    Өнімділік Үнемділік Табыс алу

    Білімге деген құштарлық Сабаққа қатысу

    Қоше­мет­теу­ші­лік Түзу ниет Табыну

    2. Символикалық мәдени белгілер













    Неке жүзігі Некелік ритуал

    Ту Мөр Герб Ұлттық гимн  

    Фабрика маркасы Патент белгісі

    Мектеп Эмблемасы Мектеп әндері

    Крест Иконалар Әулиелер Гимн

    3. Утилитарлық мәдени белгілер













    Үй Пәтер Жиһаз

    Қоғамдық ғимараттар Қоғамдық жұмыстар Банктер мен нысандар

    Дүкен, фабрика Жабдық Банктер мен нысандар

    Сыныптар Кітапханалар Стадиондар

    Шіркеу ғимараттары Шіркеу реквизиті Әдебиет

    4. Ауызша және жазбаша кодекс













    Отбасылық тыйымдар мен рұқсаттар

    Конституция Заңдар

    Келісім-шарттар Лицензиялар

    Оқушылар ережелері

    Сенім Шіркеу тыйымдары

    5. Идеология













    Романтикалық махаббат Сыйысушылық Дарашылдық

    Мемлекеттік құқық Демократия Ұлтшылдық

    Монополиялар Еркін сауда Еңбек ету құқығы

    Академиялық бостандық Прогрессивтік білім беру Оқытудағы теңдік

    Православие Баптизм Протестантизм

     

     

    Осылайша әлеуметтік институттар маңызды қоғамдық құндылықтар мен әлеуметтік байланыстардың орнықты нысандары арқылы әлеуметтік құрылымдар мен қоғамдағы тәртіпті ұстап тұрады. Оларды қоғам мүшелері орындайтын әлеуметтік құндылықтар, нормалар және мінез-құлық үлгілері беретін өздерінің әлеуметтік рөлдері негізінде мақсатқа бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ететін белгілі бір әлеуметтік маңызды функцияларды орындайтын адамдардың ұйымдасқан бірлестіктері ретінде алып қарауға болады.

    Әр түрлі бағыттағы социологтар қоғамдағы әлеуметтік институттардың реттелген жүйесін беруге тырысқан.

    Социологиядағы институционалдық мектеп өкілдері (С.Липсет, Д.Ландберг және т.б.) берген институттардың жіктелуі назар аударарлық. Олардың пікірінше, әлеуметтік институттар төрт негізгі функцияны орындайды: қоғам мүшелерінің өсіп-өркендеуі; әлеуметтендіру; өндіріс пен бөлініс; басқару мен бақылау.

    Экономикалық институттар (меншік, алмасу, ақша, банктер, шаруашылық ұйымдар) қоғамдық байлық өндірісін және бөлінісін қамтамасыз етеді, экономикалық өмірді басқа әлеуметтік салалармен біріктіреді. Саяси институттар (мемлекет, партия, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар) саяси биліктің белгілі бір нысандарын орнатуға және ұстап тұруға бағытталған. Әлеуметтік мәдени және тәрбие институттары мәдени және әлеуметтік құндылықтарды ұдайы өндіруді, жеке адамдардың әлеуметтік мәдени стандарттарды меңгеруін қамтамасыз етеді. Нормативтік-бағдарлаушы институттар жеке адамдардың мінез-құлқын моральдік нормативтер негізінде реттейді. Нормативтік-санкциялаушы институттар жеке адамдар мен топтардың белгілі бір мінез-құлқын заң актілерінде бекітілген нормалар, ережелер мен санкциялар негізінде алдын ала ұйғарып отырады. Рәсімдік-символикалық және жағдайлық-конвенционалдық инсти­туттар топтық және топаралық мінез-құлықтың әр алуан актілерін реттейтін ұзақ күнделікті байланысулар барысында жасалған нормалар мен ұйғарымдарды қамтиды.

    Институттардың мойындалған мақсаттары ретінде оңай танылатын айқын функциялары және әдейі емес немесе жасырын жүзеге асырылатын латентті функциялары болады.

    Өзінің базалық қоғамдық функциясын жүзеге асыру үшін әрбір әлеуметтік институт қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатымен адамдардың бірлескен қызметін қамтамасыз ететін функцияларды атқарады. Ең алдымен, институт қоғамдық қатынастарды бекітеді және ұдайы өндіреді. Бұл институттың әрбір мүшесінің қызмет ететін шеңберлерді белгілейтін мінез-құлықтың ережелері мен стандарттық нормалары жүйесінің арқасында мүмкін болады. Әлеуметтік институттардың қызмет атқаруы қоғам мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасты рөлдік талап-күтулер арқылы реттеуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылау қоғамда белгіленген және қалыптасқан мінез-құлық үлгісін сақтауды қамтамасыз етеді.

    Институттардың интегративтік қызметі де маңызды болып табылады. Институттандырылған нормалардың әсерімен әлеуметтік топтар мүшелері бірігуінің, өзара тәуелділік пен жауапкершіліктерінің, өздерінің мақсаттарын салыстыруының әлеуметтік процестері табысты жүреді.

    Әлеуметтік институттың трансляциялаушы қызметі қоғамда жинақталған әлеуметтік тәжірибе беруді қамтамасыз етеді. Жеке адамды әлеуметтендіру, тәрбилеу және дамыту процестері арқылы алдыңғы ұрпақтың нормативтік-құндылық элементтері, тыныс-тіршілігінің тәжірибесі игеріледі.

    Институттардың коммуникативтік мүмкіндіктері арқылы олардың ішінде туған ақпарат оның құрамына енген жеке адамдар мен топтар арасында да, институттар арасында да таралады.

    Әлеуметтік институттардың айқын функциялары күтілетін және қажетті болып табылады. Егер де институт оларды игере алмаса, онда ол сөзсіз таратылады және өзгерістерге ұшырайды. Алайда әлеуметтік институттардың іс-әрекеттерінің жоспарланған нәтижелерімен қатар жасырын, түсініксіз не болмаса алдын ала жоспарланған нәтижелер де болады.

    “Дисфункция” ұғымын алғаш енгізген американдық социолог Р.Мертон болатын, ол жүйенің бір бөлігінің екінші бөлігіне ықпалының теріс салдарларын бейнелеуге және қандай да бір жүйенің біртұтастыққа тұтасуы дәрежесін көрсетуге тиіс. Ол іс-әрекет пен мінез-құлықтың барлық институцияландырылған үлгілері қоғамның бірлігі мен тұтасуына қызмет ететіндігіне күмән туғызған және де дисфункцияларды зерделеуді маңызды деп ұйғарған.

    Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның әлемдегі оқиғалар туралы неғұрлым жылдам және толық хабардар болуын қамтамасыз етуге және тиісінше коммуникация дәрежесін көтеруге тырысуы сенсация қууға және ақпараттарды бұрмалауға әкеп соғуы мүмкін. Ал бұл басқаның қайғысына, күш қолдануды қабылдауға, мораль талаптарына қоғамның сезімталдық қасиетін төмендетеді.

    3. Әлеуметтік құрылғы ретінде институт адам қызметінің әр түрлі салаларын реттейтін ресми және бейресми ережелердің, принциптердің, нормалардың, ұстанымдардың орнықты кешенін білдіреді. Олардың негізінде топтар мен адамдардың қарым-қатынас жасау жүйесіндегі орнын, функцияларын, мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесі ұйымдастырылады.

    Әлеуметтік институттың жеке адамнан гөрі жоғары сипаты, өзіндік аса қатаң құрылымы бар, жүйелілік сапасы болады. Құндылықтар, үлгілер және нормалар жүйе ретінде жеке адамдардың қандай да бір әлеуметтік қауымдастық шеңберіндегі міндетті мінез-құлықтарын реттеп отырады.

    Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады.

    Әрбір институт:

    - белгілі бір қызмет аясын;

    - белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын;

    - ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен принциптерін;

    - қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды (қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды.

    Мысалы, әділет органдары (юстиция) әлеуметтік институт ретінде құқықтық қатынастар мен оларды реттеу саласын білдіреді. Оған жататындар белгілі бір адамдар тобы (прокурорлар, соттар, адвокаттар); қабылданған ресми заңдар мен басқа да заңнамалық актілер, сондай-ақ құқықтық өкілетті тұлғалардың мінез-құлықтарының бейресми стандартталған үлгілері (соттың, прокурордың, адвокаттың және т.б. рөлдері); мекемелер (прокуратуралар, соттар, тұтқындау орындары және т.б.) және әділетті қаржыландыруға арналған ел бюджетінен бөлінетін қаражат.

    4. Әлеуметтік процесс - қоғамдық өмірдің нақты тенденциялары көрініс табатын әлеуметтік әрекеттердің өзара байланысы. Әлеуметтік процестердің субъекті болып адамзат қоғамымен қоса жеке бір мемлекет, нақты әлеуметтік қауымдастықтар, ұйымдар мен институттар табыла алады. Әлеуметтік процесті жүйелердегі, әлеуметтік институтар мен ұйымдар жағдайларының кезеңді ауысуы деп сипаттай аламыз. Әлеуметтік процесс ұғымы әлеуметтік өзгеріс ұғымымен тығыз байланысты. Әлеуметтік процестерді түрлеріне қарай бөліп қарасақ:

    Бағытына қарай: прогрессивті және регрессивті;

    Сипатына қарай: эволюциялық және революциялық;

    Тиімділік тұрғысынан: тиімді және тиімсіз;

    Мазмұнына қарай: экономикалық, саяси, рухани, ақпараттық.

    Кез - келген процестің қайшылықты сипаты болады. Қайшылықтарсыз қоғам дамымайтынын ескерсек онда келесі кезекте қайшылық дегеніміз не, оның табиғаты туралы сөз қозғауға тура келеді. Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік шиеліністердің орын ағандығын байқауға болады. Біздің тілімізде “шиелініс” деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus-қақтығыс деген ұғымды білдіреді.

    “Әлеуметтік шиелініс” (конфликт) деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеліністі қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған.

    Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғалыми көзқарастарын 20 ғ. 20-жыллдары Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бэрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар “әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын” негіздеді. Бұл теория бойынша шиелініс еркін бәсеке, бейімделу, ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған.

     

    13. Қоғамның әлеуметтік құрылымы

    1. Әлеуметтік құрылым дегеніміз әлеуметтік топтардың, страталардың, топтардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара қатынастары. Сонымен, әлеуметтік құрылым, біріншіден, белгілі бір элементтерден, нақты топтардан тұрады, солардың қосындысы, жиынтығы. Ол әлеуметтік топтар, олардың бір бірінен өзгешеліктері, айырмашылықтары бар. Екіншіден, айтылған топтар өзара қатынастарда, түрлі байланыстарда болады. Осы қатынастар, байланыстар әлеуметтік құрылым социологиясының негізгі проблемалары, мәселелері. Әлеуметтік құрылым дегеніміз әлеуметтік қауымдар мен олардың қатынастарының жиынтығы. Әлеуметтік құрылым - бұл әлеуметтік құрылымдағы элементтердің тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылым әлеуметтануы қабаттар, әлеуметтік топтарды зерттейді. Екі компонент әлеуметтік байланыс пен әлеуметтік құрам өздеріне әлеуметтік құрылымды біріктіреді. Қоғам әлеуметтік құрылымның негізі туралы маркстік ілімге қарсы тұрған теория - әлеуметтік стратификация.

    «Структура» термині латын тілінен алынған – ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай бір тұтастығын білдіретін термин.

    Әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.

    Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтікқоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.
    Бұл айтылғандарды сызбанұсқа түрінде былайша бейнелеуге болады.

     

    Әлеуметтік құрылымның басты элементтері

     




     

    Индивидтер




    Әлеуметтік институттар


                       


    Әлеуметтік қоғамдастықтар немесе топтар
     




    байланыстар мен байланыстар мен

    қатынастар қатынастар




    Әлеуметтік қоғамдастықтар деп, белгілі бір отақ белгілері бар, яғнм мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.

    Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.

     

    І. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:

    1) қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп атайды.

    Мәселен, бұл топқа театрдағы спектакль көрермендерін, поезъд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.

    2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы)

    3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар)

     

    ІІ. Көлеміне қарай: 1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші қоғамдастықтар немесе топртар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас пен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады.

    ІІІ. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар: 1) әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелар, таптар); 2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); 3) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер); 4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер); 5) әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.

    Әлеуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады. Ол сызбанұсқа түрінде былай көрінеді:

     




     

    Әлеуметтік қоғамдастықтардың (топтардың) негізгі түрлері:



     

       

    Ÿ әлеуметтік-таптық Ÿ әлеуметтік-этникалық Ÿ әлеуметтік-этникалық Ÿ әлеуметтік-кәсіби Ÿ әлеуметтік-территориялық






    Ÿ үлкен топтар Ÿ орташа топтар Ÿ кіші топтар  






    Ÿ тұрақтылығы төмен топтар Ÿ орташа тұрақтылығы бар топтар Ÿ тұрақты топтар



       

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    тұрақтылық дәрежесіне қарай



     

    көлеміне қарай









     

     

     

    мазмұнына қарай









     
















     

     

    Р.Мертон әлеуметтік топты белгілі бір жолмен бір-бірімен қарым-қатынаста болатын, өзінің сол топқа жататынын ұғынатын және басқа адамдардың көзқарасы бойынша оның мүшесі болып саналатын адамдардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, оның үш айырмашылық белгісін бөліп көрсетеді - өзара іс-әрекет, мүшелік және сәйкестілік. Ұқсас анықтама бере отырып, Н.Смелзер адамның мінезін көбіне оның қандай да бір топтың адамы екендігімен түсіндіретінімізді айтады. С.С. Фролов әлеуметтік топты оның әрбір мүшесінің басқаларға қатысты белгілі бір жолмен қарым-қатынаста болатын жеке адамдардың жиынтығы деп түсінеді. Бұл анықтамада жиынтықты топ деп санау үшін қажетті екі маңызды шартты көруге болады: 1) оның мүшелері арасындағы өзара іс-әрекеттің болуы; 2) топтың әрбір мүшесінің басқа мүшелерге қатысты әрекетерінің болуы.

    Әлеуметтік топтар өзінің шамасы, саны бойынша шағын (екіден он бес адамға дейін) және үлкен болып бөлінеді. Шағын әлеуметтік топты ажырату белгілері: 1) құрам санының аздығы; 2) мүшелерінің кеңістіктегі жақындығы; 3) өмір сүру ұзақтығы; 4) топтық құндылықтардың, нормалардың және мінез-құлық үлгілерінің ортақтығы; 5) топқа кірудің еріктілігі; 6) адамның мінез-құлқын бақылаудың бейресмилігі болып табылады.

    2. Қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға жіктелуі батыстық социологияда әлеуметтік стратификация деген терминмен (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын айтады) белгіленеді. Ол термин қоғам мүшелерінің әлеуметтік күйінің бірдей еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді.

    Б.Барбердің коңепцияларында елдердің әлеуметтік құрылымдарын геометриялық фигуралар арқылы түсіндіру орын алады. Осындай әдісті белгілі социолог С.Липсет те қолданылады. Бұл социологтардың түсіндіруінде қазіргі дамыған елдердің әлеуметтік құрылымы ромб сияқты көріністе.

     

     




     



    Бай тап

     




     



     

    Орта тап

     




     



     

     

     Төменгі тап

     

     

    Бұл геометриялық фигурада 2 шеті тар, ал ортасы кең. Осы фигураны әлеуметтік құрылымды түсіндіруге пайдалансақ, онда дамыған елдерде орта тап халықтардың көпшілігі, ал жоғары бұрыш –ол бай тап, сан жағынан аз. Сондай ақ бұл елдер де төменгі бұрыштар тарлау, сондықтан оның саны да аз. Мысалы: 1992ж ресми көрсеткіштерге қарағанда АҚШ – та бай таптың саны 6%, кедей тап 14%. Қалған халықтың саны 80% орта тап. Ал салыстырмалы түрде алсақ Рессейде 1990ж. Байлар 3%, кедейлер 80%, ал орта тап 17%. Батыс елдердің көпшілігі технологиялық жағынан мықты дамыған елдер. Олардың экономикалық, материалдық тұрмысының деңгейі жоғары. Бұл елдегі топтардың кейбіреулері материалдық жағынан алғанда өте бай тұратын таптар. Бай табына жататын топтардың қоғамдағы орны, статусы, байлық мөлшері т.б. әртүрлі. Бұлардың ішінде ірі жекеменшік иелері, компанияларда, фирмаларда, өндіріс орында басшы қызмет істейтін адамдар, атақты инженерлер, архитектор, артистер, суретшілер, ғылымдар т.б.

    Даму үстіндегі елдердің қатарына Кеңестік Республикалардың көпшілігі, қазіргі тәуелсіз елдер, олардың ішінде Қазақстан да жатады. Осындай елдердің әлеуметтік құрылымын Батыс социологтары үш бұрышты пирамида арқылы бейнелейді.

     

     

     

     Бай тап

     

    Орта тап

     

     

     

     

     

     

     






     









    Кедей тап

     

     

     

     

     

     






     










     









     

     

    Осы пирамидаға қарасақ, бай тап, өте жінішке бұрыш. Орта тап одан көбірек, бірақ та оның салмағы онша емес. Кедей тап қоғамның басым көпшілігі, пирамида негізі. Орта таптың бұл елдердегі материалдық деңгейі, өмір тұрмысы, жалақысы т.б. материалдық, әлеуметтік жағдайлары дамыған елдермен салыстырғанда әлде қайда төмен. Орта таптың біріншіден, саны аз, 2 – шіден оны қалыптастыратын экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жеткіліксіз. Сондықтан бұл елдерде орта тап қоғамның елеулі әсер ете алмайды. Көпшілік елдерде орта таптың топтарының жекеменшігі бар. Бірақ та орта тапты бұл елдерде, әлі де болса тұрақты деп айтуға болмайды.

    Даму үстіндегі елдер деген түсініктің өзі көбінесе экономикалық мағынаны береді деуге болады. Осы айтылған категорияларға жататын елдердің экономикасы әлі де болса әлсіз, технологиялық дамуы өте бәсең, сондықтан да олардың экономикасы дағдарыстарға ұшырап отырады, нарықтық процесс бұл елдерде төменгі деңгейде. Дегенмен де бұл елдердің көпшілігі ХХғ.аяқ кезінде дамыған елдердің көмегімен нарықтық экономикаға көшуде, технологиясы даму үстінде, жалпы экономикасы көтерілуде.

    3. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:

    а) брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;

    ә) кшатрийлер (әскери адамдар);

    б) вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;

    в) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;

    г) хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.

    Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.

    Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған.

    Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.

    «Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.

    Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды.

    К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соыең нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Әлеуметтік құрылым туралы көптеген концепциялар бар. К.Маркс әлеуметтік құрылым туралы көптеген зерттеулер жүргізген ірі ғалым. XIX ғ. әлеуметтік стратификациялау теориясының ірге тасын қалаушылардың бірі десек те болады. К.Маркстің түсіндіруінде адамзат тарихында 5 типті қоғам орын алады. Олар: алғашқы адамдар қоғамы, құлиеленушілік қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, және ең соңғы қоғам коммунизм. Әрбір қоғамның немесе формацияның өзіне тән, сәйкес құрылымы болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы К.Маркстің түсіндіруінше әлеуметтік топтардың жиынтығы және олардың қарым – қатынастары, байланыстары. Әлеуметтік құрылымның ішіндегі ең маныздысы - таптар. Таптық қоғам қанаушылық орын алған қоғамнан басталады. Таптық қоғамдар деп Марксизмде құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік қоғамдарды айтады. Ал алғашқы қауымдық қоғамда тап болмаған, яғни қанаушылық та орын алмаған. Тап деген әлеуметтік топ коммунистік қоғамда жойылады. Маркстік теория бойынша әрбір қанаушылық қоғамда екі тап орын алады. К.Маркс осы таптарды негізгі таптар деп қараған. Мысалы, құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құл иелері, феодалдық қоғамда феодалдар мен шаруалар, капитализмде капитал иелері мен пролетариат. Осы таптардың арасында күрес үздік жүріп отыр. Соның салдарынан бір тап жеңіліп, екіншісі жеңіске жетеді, ал кейде күреске қатысқан таптардың барлығы жеңіледі, жеңіске басқа бір жаңа тап ие болады.

    М.Вебердің де бұл мәселе туралы көзқарасы К.Маркстің көзқарасына өте жақын деуге болады. М.Вебер де К.Маркс сияқты таптың экономикалық негізіне көбірек көңіл бөліп, тапты экономикалық категория деп түсінген. Бірақ та М.Вебердің К.Маркстен бұл мәселе бойынша айырмашылықтары бар. Біріншіден, М.Вебердің пікірі бойынша таптың белгілерін тек қана К.Маркс сияқты меншікпен доғаруға болмайды. Таптың көптеген әлеуметтік белгілері бар. Оның ішінде мамандық, білім деңгейі, қызметкерлік қабілеті, дипломы т.б. Екіншіден әлеуметтік құрылымдағы маңызды мәселенің бірі статус деп аталады. Статус, престиж деген категориялар қоғамды тапқа бөлуде аса маңызды роль атқарады. Ал ондай категориялар К.Маркстың таптық құрылым теориясында орын алмайды. Жалпы осы статус деген ұғым М.Вебердің социологиясында орын алады. Оның ойынша стратификациялаудың 3 өлшемі бар.

    Олар:

    1. Байлық – экономикалық статус

    2. Билік – саяси статус

    3. Мәртебе - әлеуметтік статус

     

    Осы үш өлшем арқылы қоғамды стратификациялауға болатының айтады.

    Әлеуметтік құрылымды зерттеушілерден П. Сорокин өкімет бойынша қоғамды «басқарушылар» мен «бағынушыларға» бөлді.

    4. П.Сорокин қоғамда стратификацияның үш түрі бар екендігін баяндайды. Олар: экономикалық, саяси, кәсіби стратификациялар. Экономикалық стратификацияны негізгі материалдық байлық, не кедейшілік. Саяси стратификацияның негізі билік, басқарушылық, не болмаса олардың жоқтығы. Кәсіби стратификацияның негізгі мәртебелі / лауазымды / не мәртебесіз /лауазымсыз/ еңбек, мәртелі, /лауазымды/ болашағы бар, не болмаса болашағы аз, не болмаса жоқ мамандықтар. Экономикалық стратификацияны қарастырғанда П.Сорокин қоғамның экономикалық статусындағы екі өзгеріске тоқталады. Олардың бірі – экономикалық тұрмыс, екіншісі-қоғамдағы экономиканың көтерілу не төмендеу мәселесі. Осы өзгерістерді яғни экономикалық стратификациялау П.Сорокин флуктация деген терминмен белгілеген. Флуктация дегеніміз топтың экономикалықды статусының өзгерістері.

    Прогрестік бағыттағы дамып жатқан елдерде ашық қоғам орныққан. Ал осы процесс бәсен болса, ондай қоғамдарды жабық қоғам дейді. П.Сорокиннің осындай концепцияларынан шыға отырып, қазіргі батыс социологтары ашық және жабық қоғам деген идеологияны әрі қарай дамытуда. Жалпы П.Сорокиннің көзқарасы бойынша қоғамдағы өте қатал әлеуметтік стратификация түбінде жақсылыққа әкелмейді, төменгі топтардың арасында наразылықты күшейте түседі. Төменгі страталардың жоғарыға қарай көтерілуіне жол ашылуы қажет. Ал жоғары страталарда беделін түсірген адамдардың, топтардың төмен құлай түсуін әбден қажетті деп түсіну қажет. Страталардың белгілері, критерилері мәселесінде социологтардың арасында біраз дискуссиялар, пікір-таластар туып отыр. Кейбір социологтар стратаны бір-ақ қана белгі арқылы айыруға болады деп есептейді. Мысалы, қазіргі неміс социологы Р.Дарендорфтың пікірі бойынша страталардың негізгі көрсеткіші бедел, билік. Ал көпшілік социологтардың пікірінше страталар көптеген белгілер арқылы ерекшелене алады. Мысалы, билік, кіріс, табыс, мамандық, білім, мәдениет, мекен-жайы, корпоративтік мақсаты т.б. Батыс елдеріндегі әлеуметтік стратификация теориясымен айналысатын социологтардың тізімі өте үлкен. Біз олардың кейбіреулерін атап кете аламыз. Олар: Т. Парсонс, Б. Барбер, Э. Райт, У.Уорнер, М.Липсет, К. Дэвис, У.Мур, Д.Трейман, Э.Гидденс, А.Бурьде, Р.Дарендорф, Р.Ротмэн, А.Инкельс. т.б.

    «Әлеуметтік мобильділік» теориясының авторы П. Сорокин болып табылады. «Әлеуметтік мобильділік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.

    Әлеуметтік мобильділіктің екі типі бар, олар:

    вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;

    горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильділік.

    Веритикальды мобильділік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильділік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады.

    Жоғары өрлеу бағытындағы мобильділікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильділік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильділік) жатады.

    Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильділіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.

    Э. Гидденс мобильділіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобильділігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильділіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады.

    Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір ассиметрикалық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады, керісінше ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады.

    Горизантальды мобильділікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

     

      1   2


    написать администратору сайта