Главная страница
Навигация по странице:

  • 17.Тұлға: оның әлеуметтік рөлі және әлеуметтік мінез-құлқы

  • лексия. саясаттану. Мемлекетті пайда болу теориялары мен концепциялары


    Скачать 92.89 Kb.
    НазваниеМемлекетті пайда болу теориялары мен концепциялары
    Анкорлексия
    Дата25.12.2021
    Размер92.89 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласаясаттану.docx
    ТипДокументы
    #317745
    страница2 из 2
    1   2
    8.Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде

    1. «Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.

    «Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынас болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет – со қоғамдағы басқаратын билік органы; ел - әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.

    Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар.

    Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.

    Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастанқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.

    Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.

    Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым-қатынастардың негізі – ережелер (нормалар) менқұндылықтар болып табылады деген.

    РЕКЛАМА

    Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.

    Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі – қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл – қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.

    Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе (система) дегенге анықтама бере керек. Жүйе - өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы анықтайды. Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан тұратын, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.

    2. Адамзат қоғамының пайда болуы дамуы ұзақ та күрделі процесс. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қоғамдар бұдан 50-40 мың жылдар бұрын пайда болған. Алғашқы қоғамдар адамдардың қандық-туыстық белгілері бойынша бірігулерінің нәтижесінде пайда болған еді. Бұл – құрылым жағынан бір тектес, яғни адамдар арасында әлі жікке, тапқа бөліну бола қоймаған қоғам. Қоғам мүшелері негізінен табиғаттың дайын өнімдерімен күн көретін. Олар аң аулаумен, өсімдіктердің жемістерін терумен айналысатын.

    Қоғамның бұл аталған даму сатысын «алғашқы қауымдық қарапайым қоғам» деп атайды. Келе-келе адамдардың шеберліктері артып, еңбек құралдары жетіле түсті. Адамдар енді тек дайын өніммен күнелтпей, өздері өнім өндіре бастады. Мал шаруашылығы мен егіншілікке көшу – қоғамдық еңбек бөлісінің пайда болуына ықпал етті. Адамдар енді көшпенділіктен отырықшылыққа көше бастады. Осылардың нәтижесінде қоғамда басы артық өнім пайда болып, қоғам мүшелерінің арасында мүлік теңсіздігінің орнауына әкелді. Ал, мұның өзі қоғамда бір-біріне қарама-қарсы таптардың шығуына басты себеп болды. Осылайша қоғамның даму барысы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты қоғамдағы басқарудың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп шықты.

    Қоғам дамуының бұл сатысын «таптық, күрделі қоғам» деп жіктеуге болады.

    Ғылыми әдебиет беттерінде қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі. Мәселен, жазба өнерінің пайда болуымен байланысты: а) жазбаға дейінгі және б) жазбасы бар қоғам деп жіктеу кездеседі.

    Сонымен қатар кейбір авторлар қоғамдағы демократиялық қатынастардың даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам; діни ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, православиелік, католиктік, т.б. қоғамдар деп те жіктейді.

    Маркстік теория бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда негізгі өлшемге өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның таптық құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе марксизм қоғам дауын 5 тарихи сатыға жіктейді. Олардың басқаша 5 қоғамдық – экономикалық формациялар деп атайды. Олар мыналар:

    а) алғашқы қауымдық қоғам;

    ә) құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формация;

    б) феодалдық қоғамдық-экономикалық формация;

    в) капиталистік қоғамдық-экономикалық формация;

    г) коммунистік қоғамдық-экономикалық формация.

    Бұлардың үшеуі, яғни құлдық, феодалдық және капиталистік қоғамдық-экономикалық формациялар – таптық-антагонистік, қанауға негізделген, еңбек адамына жат қоғамдар ретінде сипатталады. Марксизм коммунистік қоғамға ерекше маңыз берді. Бұл - әділетті, еркіндік пен теңдікке негізделген, материалдық игіліктердің молшылығы қамтамасыз етілетін, тапсыз қоғам дейді.

    Алайда ХХ ғасырдың барысындағы әлемдік дамудың тәжірибесі коммунистік қоғам туралы маркстік ілімнің жарамсыздығын көрсетті. Біз түрлі қоғамдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан әркелкі заңдылықты байқаймыз.

    Бұл ретте ХХғ. 50-60-жылдарында американдық әлеуметтанушылар Даниел Белл, Уолт Ростоу және француз әлеуметтанушысы Раймон Арон ұсынған қоғам дамуының «үш сатысы туралы теорияның» мәні зор. Бұл ғалымдар өздерінің тұжырымдамаларын дүниежүзілік тарихқа салыстырмалы талдау жасау негізінде қорытындылады.

    Аталған авторлар адамзат қоғамының дамуын әлемдік шеңбреде үш кезеңге бөледі. Яғни, қоғамдар даму дәрежесіне қарай үш түрлі типке жіктеледі:

    индустриалдық сатыға дейінгі қоғам, оларды аграрлық немесе дәстүрлі қоғам деп атайды;

    индустриалдық қоғам;

    постиндустриалдық қоғам.

    Бұл аталған қоғам сатыларының алғашқысы ең ұзаққа созылған саты болды. Бұл – негізінен қол еңбегі мен қарапайым техникаға сүйенген мардымсыз ауыл шаруашылығы басым қоғам. Қоғам өмірінде дәстүр мен діннің ықпалы күшті болған. Мемлекеттік билік – атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын монархиялық билік түрінде жүзеге асырылып отырды.

    Дін иелері мен феодалдар қоғамдағы мәртебесі жоғары әлеуметтік топтарды құрайды.

    Индустриалдық саты, шамамен, бұдан 250 жылдар бұрын қалыптасқан. Батыс елдердегі өнеркәсіп төңкерісінің нәтижесінде феодалдық «томаға тұйық» шаруашылық пен кішігірім шеберханалардың орнына заводтар мен фабрикалар, қол еңбегінің орнына машинаналар келді. Мемлекеттік және халықаралық шеңберде нарық қатынастары қалыптаса бастады. Қоғам мүшелерінің білім деңгейлері мен кәсіби шеберліктері де арта түсті, мұның өзі оқу орындарының ашылуына әкелді. Сонымен қатар қоғамда әлеуметтік институттар пайда болып, олар өздерінің функцияларын атқара бастады.

    Халық санының артуы мен өнеркәсіп өндірісінің дамуы халықтың басым көпшілігінің қалаларға шоғрлануына әкелді. Ол урбанизациялану процесінің дамуына жол ашты.

    Қоғамның дамуы ғылыми-техникалық прогресс пен еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке сүйенеді. Соның нәтижесінде «бизнесмендер» деп аталатын қоғамдағы жаңа және жетекші әлеуметтік топ пайда болады.

    Постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы ХХ ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Қоғам дамуының бұл моделін басқа да атаулармен сипаттау кездеседі. Мәселен, Збигнев Бзежинскийдің – «технотрондық қоғам», Элвин Тоффлердің – «үшінші толқын», И. Масуданың – «ақпараттық қоғам» тәрізді атаулар кездеседі.

    Бұл қоғам сатысында экономиканың негізгі саласы – халыққа қызмет көрсету саласы болып есептеледі. Компьютерлер мен күрделі басқару жүйелерін енгізу жұмыс орнында көптеген процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

    3. Жаһандану теориясын талдамас бұрын “жаһандану” термині мен жаһандану процесі арасында айқындылықтың жоқ екендігін айта кетейік. Бұрын “жаһандану” ұғымы ғылымда дүниежүзілік тарихтың орнығуы (К.Маркс), әлемдік жалпы адамзаттық өркениет (М.С. Горбачев, Ю.А. Замошкин), әлем-жүйе (И. Валлерстайн) терминдерімен көрсетілді. Жаһанданудың қазіргі таңда кеңінен қарастырылуына қарамастан, бұл ұғымға қатысты біржақтылық жоқ. Кейбір зерттеушілер жаһандануды жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығындағы әлеуметтік өзгерістің жаңа түрі ретінде бейнелейді. Басқалары жаһандануды адамзаттың бірлікке барар жолда жүріп өткен қадамдары деп түсінеді. Үшіншілері жаһандануды тұтас әлемді қалыптастырушы процестер деп ұғынады. Келіспеушіліктер жаһандану процесі мен ұғымдарын түсінуде ғана кездесіп отырған жоқ. Бүгінгі таңда неғұрлым пікір талас тудыратын мәселе - жаһанданудың шегі, оның қоғамның мәдени және саяси жүйелеріне әсері болып отыр. Осыған байланысты бірнеше пікір бар. Мысалы, саяси ғылым саласындағы танымал американдық профессор Самуэль Хантингтонның пікірінше, экономика мен ақпарат саласындағы жақындасу, мәдени алшақтықты шиеленістіріп, ғаламдық және жергілікті деңгейдегі қақтығыстарға әкеліп соғуы мүмкін. Басқа бір саясаттанушы Иммануил Валерстайн ғаламдық және жергілікті мәдениеттер арасында әмбебап пен жергілікті диалектика бар екендігіне назар аударады. Батыс ғылымында өзге де сценарийлер кездеседі. Мысалы, У.Ганнерстің ойынша гомогенизация сценарийі (мәдени бірегейлендіру), жағдай сценарийі - бөтен, ең алдымен батыс мәдениетінің қаптауы, “перифериялық сыбайластық” сценарийі, яғни батыстық емес аймақтарда батыс мәдениетінің құлдырауы және оның сол жерлерде бұрмалануы, сұхбат және алмасу жолымен біртұтас мәдениеттің “пісіп жетілу сценариі” ықтимал. Алайда тұтас алғанда көп жағдайда жаһандану деп біртұтас технологиялық, ақпараттық және қаржы нарығының қалыптасуы айтылып жүр, онда ешқандай шекара жоқ және әлем біркелкі болады.

    Кедергі болатын басқа бір жәйт, бұл ғаламдық социологияның зерттеу пәні - жеке қоғамдар ма немесе жалпы адамзат қауымдастығы ма деген мәселе.

    Социологияда жаһандануды әрі феномен және әрі ұғым ретінде қарастыру - батыстық қазіргі заман қалған барлық әлемге үлгі бола ала ма деген тағы бір пайымдау тудырады. Жаһандануды сынаушылар бұдан қазіргі батысты батыстық емес елдер мен мәдениеттерге телу дегенді көреді. Үшінші әлем елдеріндегі жаңғыру процесін сараптау көрсеткендей, жаһандану бүкіл әлем дамуының әмбебап және ортақ үлгісі болып табылмайды.

    Халықаралық социологтар ассоциациясының президенті А. Мартинеллидің пайымдауынша, жаһандану технология, қаржы, ақпарат саласындағы ғаламдық тәуелсіздік пен қоғамдардың, саясат пен мәдениеттің сақталып отырған бөлінуі арасындағы қарама-қайшылық шиеленісін өршітеді. Жаһандану басқарудың жаңа формаларын талап етеді. Мартинелли қазіргі заманғы жаһандану процесін реттеудің үш негізгі преспективасын атайды: халықаралық мемлекеттік ұйымдардың либералды интернационализмі олардың ынтымақтастық этосымен бірге; ұлтаралық бірлестіктердің жаңа әлеуметтік қозғалысының түбегейлі республикалық рухы; мульти-азаматтықтың космополиттік жобасы.

     


    17.Тұлға: оның әлеуметтік рөлі және әлеуметтік мінез-құлқы1. Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

    «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Тұлға ұғымы жеке адамның даму нәтижесін, адамның бүкіл сапаларының толық жүзеге асуын білдіреді. Тұлға әлеуметтік қатынастар субьектісі ретінде ең алдымен автономдығымен, қоғамнан белгілі бір дәрежеде тәуелсіздігімен сипатталады. Тұлғаның дүниеге көзқарас, әлеуметтік құндылықтар, идеялары негізінде іс-әрекетке дайындығын көрсететін мінез-құлық принциптері- өмірлік ұстаным бағыты. Тұлға әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды сипаттайды.Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.

    Индивидті тұлғаға айналдыру процесі әлеуметтену деп аталады. “Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде индивидтің әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және индивидке қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеру процесін сипаттайды. Әлеуметтендіру дегеніміз –бұл топтық тәжірибені игеру үрдісі.Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесінің нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту әлеуметсіздену деп аталады. Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады.

    2. Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929ж.ж.), Мид Джордж Герберт (1863-1931ж.ж.), т.б. Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческяая природа», «Социальный порядок» (1912ж.), «Социальная организация» (1909ж.), «Социальный процесс» (1918ж.), «Социологическая теория», «Социальное исследование» (1930ж.) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр.

    Ал, Мидтің әлеуметтану теориясының пайда болу негізінде өткендегі болған әрекет, оқиға (қысқаша «акт») ұғымы жатыр. Бұл акт ұғымы әрекеттеуші субъектінің шынайы өмірді қабылдаудағы ерекшелігін анықтайды. Мидтің пікірінше, әрекет етуші субъект кең мағынада физикалық «субъект», «тірі форма», «әлеуметтік мен» («я») ретінде қарастырылады. Объектілер ұғымының мазмұны, Мидтің пікірінше, индивидтің өткендегі барлық ерекшелігімен сипатталатын тәжірибесі. Осыған қарай объектілер индивид пен олардың арасындағы қатынастарды бейнелейді.

    Ч. Кули мен Дж. Мидтің бұл теориялары әлеуметтанудағы әр түрлі ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т. Парсонс өзінің әлеуметтік-функционалдық талдау теориясында көп қолданды.

    Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айналадағы мен» деген имджін жасайды. Ол үш элементтен құрылады:

    а) жұрт мені қалай қабылдайды;

    ә) жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;

    б) мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.

    Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.

    Джордж Герберт Мид тұлға өзінің «менін» қалай алға дамытатынын түсіндіруде тіпті тереңдеп кетті. Кули сияқты Мид тұлға, яғни «мен» деген ұғым әлеуметтік дамудың жемісі, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі қарым-қатынас, байланыстар негізінде қалыптасады деп санайды.

    Жас бала біреудің мінез-құлқының себебін түсіндіре алмайды. Тек қана өзінің мінез-құлқын ойлау арқылы жас бала өмірде бірінші қадам жасайды. Өзін «ойлауды» үйренгеннен кейін ол басқа адам туралы ойлай алады, сол арқылы өзінің «менін» сезіне бастайды.

    Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан тұрады.

    Бірінші иммитация. Бұл сатыда балалап үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.

    Екінші, ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін – белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші. Ойын процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуыршақтармен ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің қылықтарын қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете бастайды.

    Үшінші саты – ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы, футбол ойнап жүрген бала ойынның барлық ережелерін біледі. Бұны команданың барлық ойыншылары да біледі. Балалардың футбол ойынының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және ережелер түрінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.

    3. Австрияның психологы 3. Фрейдтің айтуынша тұлға бойында үш элемент бар:

    Ид– ішкі «мен» қанағаттануға деген ұмтылыс қоздыратын қуат көзі.

    Эго– «мен» нақтылық негізінде тұлғаны бақылауды іске асырудың элементі.

    Супер эго– жоғарғы «мен» басқаша айтқанда тұлғаны үлгі-өнегелік жағынан бағалайтын элемент.

    Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлға дамуының екінші процесі, идентификацияны сөз етсек, онда мұның мағынасы әрбір индивидтің, тұлғалардың өзін-өзі басқа адамдармен, топпен, ұжыммен ұқсастыруының психологиялық процесі. Бұл процесс оған әлеуметтік қызметтердің әртүрін меңгеруге, әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды өзіне сіңіріп, әлеуметтік міндеттерді қабылдыуға көмектеседі. Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлғалардың өзін ұқсастыру процесінің 3 түрі бар: 1. Өзін толқу күйінде тікелей нақтылы немесе ойдан шығарылған адамдарға ұқсату. 2. Өзін белгілі бір бағалы әлеуметтік топқа кіргізу. 3.Өзін нақтылы бір әлеуметтік топқа, ұжымға, шағын топқа жатамын деген сезімдермен салаға кіргізу.

    Фрейдтің әлеуметтендірілудің имитация, идентификация және ұяттылық пен куәлілік сезімі деген үш психологиялық механизмнің болатындығын көрсетті. Имитация дегеніміз - басқа біреулердің жүріс-тұрыс үлгілеріне еліктеп өзіне көшіруге деген саналы түрдегі ұмтылыс. Ал ұяттылық пен куәлілік дегеніміз - кейбір жүріс-тұрыс үлгілерін басып тастайтын, болмаса тиым салатын ұнамсыз механизмдер болып табылады.
    1   2


    написать администратору сайта