Главная страница

Урок по историй на тему_Франция мен Англиядағы шаруалар көтерілі. Сабаты таырыбы Франция мен Англиядаы шаруалар ктерілісі (ара індет )


Скачать 101.64 Kb.
НазваниеСабаты таырыбы Франция мен Англиядаы шаруалар ктерілісі (ара індет )
Дата17.01.2023
Размер101.64 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаУрок по историй на тему_Франция мен Англиядағы шаруалар көтерілі.docx
ТипДокументы
#891489



Сабақтың тақырыбы: Франция мен Англиядағы шаруалар көтерілісі (Қара індет )

Зерттеу сұрағы: У.Тайлер, Г.Каль жетекшілігімен болған шаруалар көтерілісінің себептері мен маңызы қандай?

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 7


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

У.Тайлер, Г.Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтау

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Қара індет.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

География, математика, қазақ тілі, Құқық.

Алдыңғы оқу

Монғолдардың Қазақстанды жаулауы. Сұрақтар:

1-топ:

1.Темучиннің туылған жылы ? 1155 жылы (1162 жылы)

2. Монғол мемлекеті қай жылы құрылды ? 1206 жылы Темучиннің Шыңғысхан атануы

3. Шыңғысхан Қытайға қай жылы жорық жасады ? 1211-1215 жылдары

2-топ :

4.Шыңғысхан Отырарды қай жылы, қанша әскерімен қоршады ? 1219 жылы 150 мың әскер Ертіс, Сырдарияға аттанды.

5. Құрылтай деген не ? Жалпы империялық жиын ( Референдум ж/халқ. Жиналыс)

6.Яса, Жасақ деген не ? заң жинағы 5 бөлімнен тұрды

3-топ :

7. Орхон, Херулен өзендері бойын қандай көшпелі тайпалар мекендеді ?

Керейт Найман Жалайыр Меркіт Қоңырат Татар- Жалпы монғол

8.Інжу деген қандай жер ? Ханның сыйға берілген жері

9.Қазақстан жерінде қандай ұлыстар құрылды ? Жошы, Шағатай, Үгедей (Төле)

3 балл


Сабақтың жоспары 1. Үй жұмысы

Жаңа сабақ:

1. Мәтінмен жұмыс

2.Эссе

3.Ерекше ме, ұқсас па ?

4.жан-жақты бағала

5.Сәйкестендіру

6.Үй жұмысы

7.Бағалау

8.Кері байланыс


Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу. Санақ арқылы. 3 топқа бөлінеді

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Жаттығулар жасау



Жаңа білім

10 минут



Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Франция мен Англиядағы шаруалар көтерілісі

1-топ: «Қара өлім». Қалалардың ластығынан жұқпалы аурулар жиі тарап, адам өлімі көбейді. Жұқпалы ауруларды Еуропа елдеріне кемелер арқылы жеткен егеуқұйрықтар арқылы таратты. Індет қалаларда қатты болып, Еуропа тұрғындарының үштен бірі қазаға ұшырады. Бұл қорқынышты оба індеті XIV ғасырда «Қара өлім» деп аталынды. Көптеген елді мекендер қаңырап бос қалды, қалаларда адамдарды жерлейтін зираттар жетіспеді. Франция мен Англияда, осылайша, қалыптасқан жағдай ірі шаруалар көтерілісіне әкелді.

2-топ: Франциядағы Жакерия. 1358 жылы Бовези округінде шаруалардың Жакерия деп аталған көтерілісі болды. Көтеріліске 100 мыңдай адам қатысты. Көтерілістің себебі — Жүзжылдық соғыстан және «қара өлім» індетінен туындаған елдегі күйзеліс, салықтың өсуі еді. Сонымен бірге жалдамалы әскерлердің тонаушылық әрекеттері қарапайым халықтың ашу-ызасын келтірді. Көтеріліс ұйымдаспаған түрде кенеттен туындады. Шаруалар салыққа және өздерін әртүрлі жұмыстарға тегін пайдалануына қарсылық ретінде феодалдар әскерімен қақтығысып қалады. Мұның аяғы көтеріліске ұласып, Солтүстік Францияның — Бовези, Пикардия, Шампань аймақтарын қамтыды. Әсіресе Бовези аймағында көтеріліс кең етек алды. Көтерілісті, әскери істі білетін, шаруа Гильом (Гийом) Каль басқарды.

Көтеріліске шаруалармен қатар, қолөнершілер, ұсақ саудагерлер т.б. қатынасты. Кейбір қала тұрғындары да көтерілісшілерге қолдау көрсетіп, қала қақпаларын ашуға көмектесті. Көтерілісшілер «қайырымды корольге» сеніп, негізгі ашу-ызасын феодалдарға қарсы бағыттады. Сондықтан олар сарайларды қиратып, өздеріне салынатын салық қағаздарын өртеді,   феодалдарды қатыгездікпен өлтірді.

Гильом Кальды феодалдар алдап, келісімге шақырып, өлтіреді. Басқарусыз қалып, нашар қаруланған шаруаларды феодалдар отрядтары тас-талқан етіп жеңіп шығады. 1358 жылы француз тағының мұрагері Карл Парижды басып алып, көтерілісшілерді жазалады.

3-топ: Уот Тайлер көтерілісі. XIV ғасырдың 60-70-жылдары Жүзжылдық соғысқа байланысты Англияның экономикалық жағдайы нашарлап кетті. Ағылшын үкіметі парламенттен елге салық салуды көбейтуді сұрады. Бұл елдегі әлеуметтік жағдайды күйзелтіп жіберді. 1381 жылдың мамыр айының соңында Англияның оңтүстік-шығысындағы Эссекс графтығында Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі басталды. Оған Франциямен  соғысты  жалғастыру үшін  жаңа салықтың енгізілуі  себеп болды. Көтерілісшілер салық жинаушыларды ұрып-соғып, олардың кейбіреулерін өлтіріп те жіберді. Көтеріліске бұрын Жүзжылдық соғысқа қатысқан Уот Тайлер басшылық етті. Лондонға жақын жатқан екі графтықтың шаруалары астанаға қарай аттанды. Олар корольдің «ақымақ кеңесшілерін» жазалап, корольге өз талаптарын орындатуды көздеді. Лондонның кедейлері көтерілісшілерге қақпаны ашып берді.

Король II Ричард көтерілісшілерімен кездесуге мәжбүр болды. Көтерілісшілер корольден басыбайлылықты жойып, саудаға еркіндік беруді талап етті.Король шаруалармен келіссөз жасап жатқанда, Лондонның мэрі Уот Тайлерді опасыздықпен өлтіреді. Король уәде беріп, шаруаларды үйлеріне қайтуға көндіреді. Көсемінен айырылған көтерілісшілер Лондоннан қайтып кетеді. Көтеріліс шыққан аудандарда король соттары жұмыс істеп, қатысқандарды қатаң жазалайды.
Жолаушы, аялдама ойыны: сұрақ-жауап

Шаруалар көтерілісінің басты себептері неде?


Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут



Қолдану

Франция мен Англиядағы шаруалар соғысына басты себеп:-Жүз жылдық соғыстың басталуы,жұқпалы аурудың таралуы, соғысқа байланысты шектен тыс шаруаларға салықтың салынуы болатын.

Көтеріліс «Жакерия» деп аталды. Себебі «Жак»деген сөз Жаков деген адам атынан шыққан. Француз шонжарлары шаруаларды келеке етіп солай атайтын. Шаруалар отрядтарынГильом Каль басқарды. Қан судай төгілген көтерілісте өкімет жеңіске жеткенмен, салықты көбейтуден қорықты)

«Жүз жылдық соғыс»

1337-1453 аралығында болды Себебі:1) Франция--- оңтүстік-батыс облыстарын (Аквитанияны) өзіне қайтару үшін соғысты

Аквитанияны қосқанда ғана Франция жерлері толық бірігетін еді.

2) Англия мен Франция арасында Фландрия үшін талас бұрыннан шешімін таппай келе жатқан даулы мәселе болатын

Соғысты бастауға ағылшын королі III Эдуардтың француз тағы үшін таласуы себеп болды.

Бұл соғыс француздар үшін әділетті соғыс болды.
Еуропада 826 млн халық тұрды

Эссе

1-топқа:Үштен бірі, Қара өлім,зираттар,кемелер, егеуқұйрық сөздер арқылы қысқа эссе

2-топ:Жакерия, 100000, округі (Бовези), әскери іс, феодалдар алдады.

3-топ: Эссекс(графтық), мэр, басыбайлық, II Ричард, корол соттары.
5 балл
Талдау Ерекше ме, Ұқсас па ?















    1. Көтеріліс феодалдарға қарсы бағытталды.

    2. Шаруалар корольге сенді.

    3. Салыққа және өздерін әртүрлі жұмыстарға тегін пайдалануына қарсылық білдірді.

    4. Басыбайлықты жойып, саудаға еркіндік беруді талап етті



4 балл
Жан-жақты бағала













Салық төлеу, Әртұрлі жұмыстарға тегін

пайдалану

Басыбайлықты жою, саудаға еркіндік беру 4 балл


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Сұрақ-жауап әдісі,

Сергіту сәті

2 минут

Жаттығу жасау

Жаттығу арқылы сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

Синтез

Сәйкестендіру



1.Эпидемия




А). Атқарған қызметі үшін әр адамға сыйға берілетін жер үлесі

2.Туберкулез




Ә) Франциядағы басыбайлы шаруалар

3.Сервтер




Б). Жұқпалы аурудың қалың көпшілік арасына жаппай таралуы

4.Рыцарлар




В). Әскери іспен айналысатын феодалдар

5.Карантин




Г). XIV ғ. Оба індетін осылай атады

6.Жак




Ғ). Жұқпалы аурулар

7.Феод




Д). Жұқпалы аурулардың таралмауы үшін алдын-ала жүргізілетін медициналық кешенді шаралар жүйесі

8.Қара өлім




Е). Француз шонжарлары шаруаларды осылай атады


8 балл

Жиынтық балл 24 балл

Өзін-өзі бағалау


қ/с

аты-жөні

үй жұмысы

эссе

Ерекше ме ұқсас па?

Жан-жақта бағала

сәйкестендіру

Жиынтық балл

1.






















2.






















3.






















4.






















5.






















6.






















ж/балл

























Графикалық диаграммасы


Бағалау
5 минут

Кері байланыс

3 минут



Кері байланыс кемесі

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?


-Талапқа сай және меңгеруге болатын

- У.Тайлер, Г.Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтады.

-Шығармашылық ахуал қалыптасты

-жоспар маңызды ақпараттар мен сабақтың көңілді өтуіне ықпал жасады

-сабақ өз уақытында аяқталды
-жоспар қарапайым түсінікті болу керек, барынша ойын түрінде жүргізілу керек, сабаққа оқушылардың барлығын барынша тарту керек

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: ақпараттарды тиімді пайдаланды

2:көрнекіліктердің тиімді пайдалануы

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: топтардың ізденістері мен атсалысуы

2: жоспарланған сабақты барынша ойын түрінде жүргізілуі

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?


написать администратору сайта