бекш. Мен з елімні патриотымын
Скачать 24.85 Kb.
|
Мен өз елімнің патриотымын! Мен үшін патриот ұғымы сан қырлы. Патриотизм - нағыз азаматтың Отанға, ұлтқа, тілге, жерге, халыққа деген жүректен шыққан ұлы сезімі, қамқорлығы, жанашырлығы, халықтың қамын ойлауы, Отаным үшін, Елім үшін деп тыңбай еңбек етуі, өз тілің шұбарламай, таза сөйлеуі, салт-дәстүрге құрметпен қарауы, жерін қорғап, сақтауы. Патриотизм - ол қайда жүрсең де, туған жерінен жырақта болсаң да, өз Отаныңды, тілің мен халқыңды сағынып, ұмытпау. Патриотизм - ол туған жерінің әрбір нуын, шөбін, суын, тау-тасын, өзен-көлін, өсімдігі мен жәндіктерін, әр түрлі құстары мен жануарларын аялау, қиянат жасамау. Патриотизм - ол Отан үшін күн туғанда, қолынан келгенше көмек беріп, жанын аямау. Патриотизм - ол халқының кемшіліктерін байқап, түзетуге атсалысуы, халқының дамуына үлкен үлес қосуы. Патриотизм ол – әрбір жүректе болуға тиісті биік рух. Патриотизм ол жалынды жүрек, өршіл намыс. Патриотизм ол өз елін мен жерінің тарихын жетік білу мен болашағына көз жүгірту. Патриотизм ол - мемлекеттің, халықтың, ұлттың әрбір құндылықтарын құрметтеу. Қазақстан Республикасының 1-ші президенті өзінің нақыл сөздерінде, жолдауларында патриоттық сезім туралы ой қалдырып, насихаттайды. Бұрынғы Рим империясын мысалға келтіре отырып, елдің əрбір азаматы ұлтына қарамай Отан алдында қарыз, патриоты болуға, құрметтеуге міндетті екенін айтады. Нағыз патриот – өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз. Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады. 1-ші Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай бүгінгі елдің тағдыры - ертенгі саналы ұрпақтың қолында. Сол себептен «Отан отбасыдан басталады» демекші жастарды отаншыл болуға , білімді, саналы болуға кішкентай кезден бері тәрбиелеуге ден қойылып келе жатыр. Сондай іс-шаралардың біріне Рухани жаңғыру аясындағы жан-жақты өткізіліп жатқан мекттеп, аудан, облыс, Республика деңгейіндегі мемлекеттік шаралар мен 2019 жыл «Жастар жылы» аясындағы үлкен шараларды айтуға болады. Мысалға бізідң ауданымызда жыл сайын Рухани жаңғыру бағдарламасына байланысты пікірталастар, көріністер, суреттерден жарыс, Ұлы Даланың Жеті қыры, Патриоттық өлеңдерден жарыс, Тарихқа, тілге байланысты жарыстар, оқулар, Мемлекеттік рәміздер туралы жарыстар тағы басқа жарыстар, ашық сабақтар өткізіледі және балалар қуана-қуана белсенді атсалысып, өз үлестерін қосады. Отан үшін –отқа түс, күймейсің. Ер елінде, гүл жерінде. Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте. Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас. Өзге елде сұлтан болғанша, Өз елінде ұлтан бол. -дегендей бұл мақал-мәтелдер текке айтылмаған. Ендігі кезекте қазақ халқының бастан кешірген оқиғаларына көз жүгіртсек, небір патриоттарды көзіміз шалады. Біздің жеріміз бен елімізде ел үшін ,жер үшін күрескен ерлігімен тəнті еткен, халық құрметіне бөленген азаматтарымыз аз емес. Сонау бастауына барсақ, біздің заманымызға дейін сақ пен парсы елдері арасындағы Шырақтың ерлігін, ғұн мемлекеті құрылуы туралы аңызды айтуға болады. Одан кейінгі кезекте Қазақ хандығын құруда, Керей мен Жəнібек хандарды айтатын болсақ ендігі кезекте осы хандар құрып кеткен кең байтақ жер мен елін сақтау үшін күрескен қазақ батырлары Абылайханның бас қолбасшылары саналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты - Наурызбай біртөбе болса, тағы да осылардың қатарында бір шоғыр қазақ батырларының: Қарасай мен Ағынтай, Саңырық пен Тайлақ, Өтеген мен Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Бөлек пен Сатай, Жәнібек пен Тілеуке, Қылышбек пен Естенбек, Есенқұл мен Сыпатай, бертін келе ұлт азаттығы үшін күрескен Исатай, Махамбет, Сырым, Амангелді, Кейкі батыр сынды ақ берендердің есімдері айрықша жарқырап көрінеді. Бұдан кейін 1914-1918 жылы,1939-1945 жылы болған дүние жүзілік соғыс пен 1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларды оның ішінде өзінің жалынды сөздерімен солдаттарға рух берген аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлын, қазақтың ер жүрек қыздары Əлия Молдағұлова мен Мəншүк Мəметовава, ұшқыш қызымыз Хиуаз Досжанова, 2 мəрте кеңес одағының батыры атағын алған жеке өзі 37 ұшақты, топтасып жүрген ұрыста 6 ұшақты атып түсірген Сергей Луганский, 200 ден астам жауынгерлік ұшу сапарына шығып,əуе мен жерде 10 нан астам ұшақтарды, танкілерді атып түсірген Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Берлин үшін күресте Сағадат Нұрмұғанбетов, жеңіс туын қадаған Р.Қошқарбаев, Г.Булатов жəне Қ.Мəденов пен Р.Қарамановты, Ленинград үшін шайқаста Сұлтан Баймағамбетовтың ерлігін,Сталинград үшін шайқаста Қ.Сыпатаев, Н.Əбдіров, Ғ.Сафиуллинді айтуға болады. Сонымен қоса Қазақтың зиялылары, ақындары, жазушыларының А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев тағы басқаларының қазақ халқының тәуелсіздігін алуға атсалысуда, тілді, ұлтты сақтаудағы, қазақ балаларын патриоттыққа тәрбиелеудегі маңызы зор. Бұл ақын-жазушылар халықтың көзін ашуға, әр адамның ой-санасын оятуға күш-жігерлерін жұмсады. Біздің халқымызда туған жер, Отан, тіл, ел туралы қаншама өлеңдер, аңыз-әңгімелер, шығармалар, оқиғалар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, еңбектер бар. Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен Отанымды, туған халқымның тарихын, ана тілін, салт - дәстүрін, Ата Заңын құрмет тұтамын. Халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосамын. Өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар – ожданы жоғары намысқой азамат тәрбиелеуде еш аянып қалмасым анық. «Барлық халық пен ұлт, барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді, ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр. |