Главная страница
Навигация по странице:

  • Психикалық дамудың жоғары деңгейі ретіндегі сана.

  • Сана адамда тек әлеуметтік байланыс орнатуда ғана дамиды

  • болып табылады. Сана: 1) болмыста туындайды , 2) болмысты бейнелейді, 3) болмысты жасайды. Сана функциялары

  • Өзіндік сана.

  • Оң және сол жарты шарлар

  • Жануарлар

  • семистровая работа. сем жум. Ми жне психика. Жоспар Кіріспе


    Скачать 37.88 Kb.
    НазваниеМи жне психика. Жоспар Кіріспе
    Анкорсемистровая работа
    Дата11.05.2023
    Размер37.88 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласем жум.docx
    ТипДокументы
    #1123577

    Ми және психика.



    Жоспар:

    Кіріспе:

    1.1 Психиканың дамуы және оның негізгі кезеңдері.

    Негізгі бөлім:
    2.1 Ми және психика.

    2.2 Сана – объективті дүниенің бейнесі.

    Қорытынды
    Сана және оның дамуы.

    Адам саналы жан иесі. Сана адамзат өмірінің ажырамас атрибутын құрайды. Адамның саналы өмірінің ерекшелігі оның өзін, айналасындағылардан өз “Менін” ажырату, өзінің ішкі дүниесін жасау қабілетінде. Нақ осы қабілет жануарлар (шынайы-табиғи) мен адамзат (қоғамдық-тарихи) өмірі арасындағы айырмашылық шегін анықтайды. Бұл қабілетті Тейяр де Шарден адамзат санасының өзегі ретінде түсіне отырып, рефлексия деп атады.

    Психикалық дамудың жоғары деңгейі ретіндегі сана. Қазіргі психологияда сана қоғамдық – тарихи жан иесі ретіндегі адамға ғана тән психикалық бейнелеудің және өзіндік бақылаудың жоғары деңгейі ретінде қарастырылады. Сананың басты қызметі әрекеттерді ойша құру және олардың салдарын алдын ала көру, жеке басының мінез-құлқын бақылау және басқару, қоршаған ортада, өзінің ішкі дүниесінде болып жатқан жағдайлар туралы өзіне - өзі есеп беру қабілеті болып табылады.

    Сана бізді қоршаған дүние туралы білімдер жиынтығынан тұрады. Сана құрылымына танымдық процестер кіреді, осы процестің көмегімен адамдар өз білімдерін үнемі байытып отырады. Аталған процес қатарына түйсік және қабылдау, ес, қиял және ойлау кіруі мүмкін.

    Сана қызметтері іс-әрекет мақсаттарын және әрекеттерді алдын ала ойша құрастыруымен нәтижеленеді, яғни бұл адам мінез-құлқы мен іс-әрекетін саналы басқаруды қамтамасыз етеді.

    Сананың келесі қасиеттерін бөледі: қатынастарды құру, таным және әсерлену. Осыдан сана процестеріне ойлау және эмоциялар кіреді. Ойлаудың басты қызметі сыртқы дүниедегі құбылыстар арасындағы объективті қатынастарды анықтау болса, эмоцияның негізгі қызметі – адамның заттарға, құбылыстарға, адамдарға субъективті қатынасының қалыптасуы. Сана құрылымында қатынастың бұл түрлері бірігіп, мінез-құлықтың ұйымдасуын, сондай-ақ өзіндік бағалау мен өзіндік сананың терең процестерін анықтайды.

    Сана адамда тек әлеуметтік байланыс орнатуда ғана дамиды. Филогенезде адам санасы дамыды, табиғатқа белсенді өзара әсер ету және еңбек әрекетін жасау жағдайында қалыптасты.
    Сананың эпицентрі өз “Менін” ұғыну болып табылады.

    Сана: 

    1) болмыста туындайды,

    2) болмысты бейнелейді,

    3) болмысты жасайды.
    Сана функциялары:

    1) бейнелеуші,

    2) тудырушы (шығармашылық-креативті),

    3) басқарушы-бағалаушы,

    4) рефлексивті – негізгі қызмет, сананы сипаттайды.

    Рефлексия объектісі мыналар болып табылады:

    1) дүниені бейнелеу;

    2) олар туралы ойлау,

    3) адамның өз мінез-құлқын басқару тәсілдері;

    4) рефлексия процестері;

    5) өзінің жеке санасы;

    Өзіндік сана. Өзіндік сана психика құрылымы мен сана құрылымында айрықша орын алады. Өзіндік сана – адамның өз білімдерін, сезімдерін, мінез-құлық және іс-әрекет мотивтерін бағалауы. Өзіндік сана рефлексиямен тығыз байланысты және кеңестік психолог В.С.Мерлиннің пікірінше, төрт негізгі компоненттерден тұрады
    өзін басқа дүниелерден айыру;

    “Менін” ұғыну;
    өзінің психикалық қасиеттерін, эмоциялық өзіндік бағалауын ұғыну;

    қарым-қатынас және іс-әрекет арқылы жинақталып, тәжірибе негізінде қалыптасқан әлеуметтік-адамгершілік өзіндік бағалау, өзіндік құрмет;


    Қазіргі ғылымда өзіндік сананың пайда болуына түрлі көзқарастар бар. Соның ішінде өзіндік сананы адамның өзіндік түйсігіне, өзіндік қабылдауына негізделетін адамзат санасының генетикалы бастапқы түрі ретінде түсіну дәстүрлі болып табылады. Өзіндік сана ерте сәбилік шақта балада өзінің физикалық тәні, өзін айналасындағы дүниелерден айыру туралы тұтастай түсінік қалыптасқаннан-ақ пайда болады.

    С.Л. Рубинштейн көзқарасы бойынша өзіндік сана – сананың дамуы нәтижесінде пайда болған сананың жоғары түрі. Сана өзіндік санадан, «Меннен» туындамайды, өзіндік сана тұлға санасының дамуы барысында пайда болады.


    Өзіндік сана өлшемдері: 

    1) өзін ортадан бөліп қарау, өзін субъект ретінде ұғыну (физикалық ортадан, әлеуметтік ортадан);

    2) өз белсендігін – “Менін” ұғыну, өзін басқару;

    3) өзін “өзгелер” арқылы ұғыну (“Менің өзгелерден көргенім, менің де қасиетім болуы мүмкін”);

    4) өзін моральды бағалау, рефлексияның болуы - өзінің ішкі тәжірибесін ұғыну;

    Бейсаналық” ұғымы. Сана адам психикасында маңызды роль алғанымен, барлық психикалық өмірді қамти алмайды. Сана адамның ішкі дүниесінде өтетін процестердің басым бөлігін ұғына бермейді. Ұғынылмайтын психикалық процестер, операциялар және күйлер психикалық дүниенің айрықша сферасын құрайды және ол бейсаналық (санадан тыс) деп аталады. Психиканың бейсаналық деңгейінде субъект жасайтын әрекетті ерікті бақылау, олардың нәтижесін бағалау мүмкін емес.
    2.1 МИ ЖӘНЕ ПСИХИКА
    Психикалық  процестер  мидың  жұмыс істеу принциптерімен тығыз байланысты жəне олардың  өрбуінде  мидың  оң  неме-  се сол сыңарлары əртүрлі алгоритммен, тəртіппен  ат  салысады.  Ғылымда  екі  ми   сыңарларының қызметін түсіндіретін мидың функциялық асиметриясы (МФА деген ұғым қалыптасқан. Мидың функциялық  асимметриясы – психикалық функциялардың мидың оң жəне сол жартышарының арасында бөлінуінің айырмашылықтарын көрсететін, мидың күрделі қасиеті.Функциялардыңжартышарларарасында бөлінуінің қалыптасуы мен дамуы биологиялық, мəдени факторлар кешенінің əсерінен əлеуметтену өрісінде сəби кезден жүреді деп саналады. Ми жартышарларының асимметриясы адамда психиканың белгілі бір құрылымының қалыптасуының себебі болуы арқылы оқыту үрдісінің негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Сондықтан білім беру жүйесіне, оқыту процесіне қатысты мəселе ретінде МФАның психологиялық, педагогикалық аспектілері жан-жақты      зерттеліп, əртүрлі  ізденістер  арқылы жеке адамның психологиялық ерекшеліктеріндегі, тұлғалық қасиеттеріндегі маңызын ашу өзекті мəселе болып саналады.

    Осыған орай, соңғы жылдары бірқатар себептерге байланысты жеке адам психологиясының мазмұны, диагностикалау жəне психологиялық проблемаларына арналған еңбектердің саны едəуір өсуде. Жеке адам психологиясының дамуын, қалыптасу заңдылықтарын анықтаудың жалпы психологияда əртүрлі  стратегиялары жəне нəтижелері бар. А.В. Либин адамдардың психологиялық айырмашылықтарын  зерттеудің ең өнімді тəсілдемелерінің бірі биологиялық («табиғи») негіздер теориясына сүйенген тəсілдемелер деп санайды. И.П.  Павловтың, Б.М. Теплов пен В.Д. Небылицынның, В.М. Русаловтың, Г. Айзенктің, Я. Стреляуды жəне басқа да ғалымдардың зерттеулері осы арнада орындалған. Бұл еңбектерде нейро жəне психофизиологиялық зерттеулер психологиялық білімдер жүйесіне тікелей кіріп, адамның жеке даралығының себептерін түсінуге қажетті буын болып табылатындығы атап өтіледі.

    Ми жəне психика жұптамасының негізі болып саналатын психологиялық  компонент ретінде мидың функциялық асимметриясы нақты-бейнелік жəне абстрактілік-қисындық ойлау, конвергенттік жəне дивергенттік ойлау, қабылдаудың бірінші жəне екінші сигналдық жүйелері, өріске тəуелділік жəне өріске тəуелсіздік, икемділік  жəне  ригидтілік,  экстравер-  сия жəне интроверсия сияқты жəне т.б. бірқатар психологиялық қарама-қарсылықтардың алғышарты болып саналады. Осы психологиялық қасиеттердің əртүрлі дəрежеде болуы адамдардың оларға тəн қабілеттерімен, эмоциялық-тұлғалық сипаттамаларымен, бейімделудің психологиялық типтік   ерекшеліктерімен   бірге    мінез-құлқы,  іс   əрекеті   жəне   қарым   қатынас   көзі   ретінде

    «сол жартышарлық» жəне «оң жартышарлық» ойлауға сүйенуін қалыптастырады. В.Л.  Биан-  ки, В.С. Ротенберг, С.М. Бондаренко, Л.И. Вассерман, Е.Д. Хомская жəне басқалардың еңбектерінде мидың фунциялық асимметриясы психологиялық проблема ретінде қарастырылып,  əлі  де болса түбегейлі зерттеулерді талап ететін, психологиялық процестердің негізін құрайтын компонент ретінде маңыздылығы ашылмағанын алға тартады.

    Осыған орай үстем жартышардың, жетекші қолдың, сөйлеудің, эмоциялардың, ойлаудың қалыптасуы  жəне  олардың  өзара  байланы-   сы туралы деректердің қарама-қайшылығы, бытыраңқылығы жəне үзінділігі салдарынан мидың функциялық асимметриясы психолог мамандардың назарынан тыс қалуда.

    Мидың функциялық асимметриясының (МФА) проблемалар жинағы – ежелден пайда болған мəселе. Адамның тіршілік ету кезінде, түрлі қызметтерді атқаруда қолдарының пайдалану бейімділігі ерте заманнан-ақ белгілі болатын. Соған сəйкес адамдарды оңқайларға («оң қолдыларға») жəне солақайларға («сол қолдыларға») бөлетін болған.

    Ми жартышарларының функциялық тұрғыдан бірдей емес екендігі туралы мəселені ең алғаш 1861 жылы ағылшын неврологы Хьюлинг Джексон көтерді деп саналады. Сосын Поль Брока жəне Карл Вернике «сөйлеу орталықтарын» ашқан соң жартышарлық асимметрия бойынша кейінірек ашылған жаңалықтардың нəтижесінде адам миының сол жартышары сөйлеуге, қозғалыс белсенділігіне, денені кеңістікте бағдарлауға, ұтымды ойлануға қатысты үстем деп санала бастады. Мидың оң жартышары болса қосымша, маңыздылығы төмен автомат ретінде қарастырылды.

    Дегенмен кейін келе мұндай ұстаным расталмады. Əртүрлі тəжірибелік деректердің жəне науқастарды бақылау нəтижелерінің біртіндеп жинақталуы ғалымдарды адам миының оң жартышары мидың белсенділігі төмен, қосымша құрылымы ғана емес, едəуір маңызды, өзіндік ерекшелікті функциялар атқаратыны туралы қорытынды жасауға мəжбүрледі.

    Ғалымдар көптеген тəжірибелердің негізінде мидың жартышарлары арасындағы айырмашылық ақпараттың табиғатына емес, оны талдау тəсілдеріне байланысты екендігі туралы қорытындыға келді. Г.М. Вартапетова, Е.Э. Петрова мидың сол жартышарында вербалдық материалды талдау фонологиялық қағида бойынша: дыбыстық талдау жəне синтез арқылы орындалады,  ал мидың  оң  жартышары  сөзді тұтастай «гештальт» арқылы қабылдайды дейді [2].

    Мидың оң жартышарының сөздік қоры бірден қалыптаспайтындығы жəне өзіндік ерекшеліктері бар екендігі байқалған. Бұл ауызша да, жазбаша да сөйлеуге қатысты. Адам техникалық жəне поэтикалық мəтіндерді қабылдаған  кезде оның миының оң жəне сол жартышарлары белсенділігінің  арақатынасы  əртүрлі  болатындығының дəлелденгеніне ерекше назар аудару керек. Екі жағдайда да ол сөздік конструкцияларды қабылдайтын болса да, техникалық мəтіндерді оқу кезінде мидың сол жартышары белсенді жұмыс істейді, ал көркем əдебиет оқыған кезде мидың оң жартышары белсенді жұмыс істейді. Осының дəлелі ретінде мидың оң жартышары зақымданған кезде ақындық өнер (сөздерді түрлі мағынада пайдаланумен байланысты қабілет) қатты зардап шегетін болып шықты [3].

    Сонымен, мидың екі жартышары да сөйлеуді қабылдауды жəне сөйлеу белсенділігін реттеу функцияларына қатысады, бірақ оң жəне сол жартышарлардың ол функциялары мамандандырылған деуге болады. Ми жартышарларының мұндай мамандануы басқа да жоғары психикалық көріністерге қатысты көрінеді. Бұл мидың оң жартышары сол жартышарына қатысты жəрдемші функциялар атқаратын қарапайым құрылғы болып табылады деген көзқарасты теріске шығарды. Мысалы, мидың оң жартышары зақымданған соң мидың көріністі қабылдау, кеңістікте  бағдарлану  жəне кеңістіктік ойлау сияқты маңызды функциялары бұзылатыны анықталды. Мидың функциялық   асимметриясы   (МФА) туралы тəжірибелік деректердің жинақталуы нəтижесінде адам миы жартышарларының үстемдігі туралы тұжырымдама дами бастады. Ол тұжырымдамаға сəйкес мидың сол жартышары вербалдық-символдық функцияларға маманданған, ал оң жартышары кеңістіктіксинтетикалық функцияларға маманданған  [1].

    Бұл тұжырымдаманы дайындауға жəне мидың оң жартышарының рөлін анықтауға өзінің бірқатар ғылыми жұмыстары үшін 1981 жылы Нобель сыйлығын алған нейрохирург Роберт Сперри ерекше үлес қосты. Р. Сперри жəне оның əріптестері мидың əрбір жартышары бір-бірінен тəуелсіз ақпарат алатын бірқатар ерекше арнайы тесттер жəне техникалық тəсілдер ойлап шығарды [4].

    Миының жартышарлары арасындағы байланыс үзілмеген, дені сау адамдармен жүргізілген зерттеулер ми жартышарларының мамандануының бар екендігін негізінен дəлелдеді. Мысалы, көптеген ғалымдар дені сау адамдардың миының жартышараралық асимметриясына электроэнцефалографиялық (ЭЭГ) зерттеулер  жүргізді.  Ол  зерттеулерде   ЭЭГ-да альфа-ырғақтың өзгеруі барынша анық көрінетін өзгерістері тапсырма олардың қайсысына жолданғанына байланысты сол немесе оң жартышарда байқалады. Қарапайым арифметикалық есептер шығаруға жəне жекелеген сөздерді немесе сөз тізбектерін ойлап табуға аналитикалық тəсілдемені пайдалануды талап ететін тапсырмалар кезінде, сыналушы адамдар миының электрлік белсенділігінің өзгеруінен оның сол жартышары белсенді жұмыс істейтіні белгілі болды.

    Мидың оң жартышары нақты заттардың бейнелерімен жұмыс істеуге маманданған, кеңістікте бағдарлануға жауапты жəне кеңістіктік ақпаратты оңай қабылдайды, оны тұтасты бөліктері бойынша тануға қабілетті, яғни мидың синтетикалық қызметіне жауапты. Оң жартышар жағдаяттарды жəне олардағы адам өз қызметінің нəтижесінде алғысы келетін өзгерістерді тұтас көре білумен байланысты көрнекті-бейнелік ойлауды қамтамасыз етеді. Оң жартышар логика заңдары бойынша емес, сызықтық типті ассоциациялар заңдары бойынша қызмет ететіндігі жəне оң жартышарлық тетіктер шешуші рөл атқаратын қорытындылар бірлі-жарым казуальдық байланыстарға емес, көптеген конвергенциялық детерминанттарға негізделгендігі туралы  болжам айтылған. Сол жартышар алгоритмдерді қалыптастыру заңдары бойынша қызмет істейді, ал оң жартышар эвристикалық түрде жұмыс істейді, ұйымдастырылған ақпаратты қабылдауды қамтамасыз етеді. Сурет салу жəне формалар мен түстердің үйлесімділігін қабылдау қабілетін, музыкалық есту қабілетін, əртістікті, спорттағы табыстарды мидың оң жартышарының функциясымен байланыстырады.

    Мидың жартышараралық асимметриясының дəл ойлау стильдік ерекшеліктерін түсіну үшін В.Л. Бианкидың мидың индуктивтік-дедуктивтік латералдық мамандануы туралы болжамы қызықты болып табылады. Ол болжамға сəйкес мидың оң жартышары оқыту (үйрету) үрдісінде дедукция қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни алдымен ақпаратты синтездеуді, содан соң талдауды жүзеге асырады. Ал мидың сол жартышары алдымен тітіркендіргіштерді талдап, содан соң оларды синтездеп, индукция қағидасы бойынша жұмыс істейді [4]. Суретшілер ақпаратты негізінен оң жартышарлық ойлаудың мүмкіндіктеріне сүйеніп өңдейтіндігі, ал ғалымдар  сол  жартышарлық  ойлаудың мүмкіндіктеріне сүйеніп өңдейтіндігі D.К. Сhаpman еңбектерінде көрсетіледі.

    Сонымен, мектеп жəне жоғары оқу орындарында оқыту процесі МФА  көрсеткіштеріне байланысты ұйымдастырылса жəне оның негізінде білім алушының психикалық ерекшеліктері есепке алынса, академиялық көрсеткіштердің нəтижесі жақсарары анық.
    Оң және сол жарты шарлар атқаратын қызметіне қатысты симметриялы болмайды. Мәселен, сол жақ жарты шар дененің оң жағын, оң жақ жарты шар дененің сол жағын басқарады. Сол жақ жарты шар сөйлеу және сөйлеу қызметімен байланысты оқу, жазу, есептеу, логикалық ес, сөздік-логикалық немесе абстрактылы ойлау, басқа да психикалық процестер мен күйлерді ерікті сөйлеу іс-әрекетімен басқаруда жетекші орын алады.

    Сөйлеу өте күрделі қызмет атқарады, осыған байланысты тек адамның ми қыртысында дифференциацияланған сөйлеу орталықтарын бөлуге болады: өзгенің сөзін естуге және түсінуге мүмкіндік беретін сөйлеуді естіп қабылдау орталығы (Вернике орталығы деп аталады) және сөйлеудің қозғалыс орталығы (Брока орталығы деп аталады). Мидың бұл дифференциацияланған орталықтары адам психикасы мен мінез-құлқын басқаруда айрықша рөл атқарады. Сонымен қатар, адам психикасын басқаруда маңызды орын алатын басқа да орталықтар бар. Мысалы, сана, ойлау, мінез-құлықтың қалыптасуы, еріктік бақылау мидың маңдай бөлімінің қызметімен байланысатын префронталды және премоторлы деп аталатын бөліктермен байланысты.

    Сонымен, біз адамның нерв жүйесі ағзаның барлық іс-әрекетін басқаратын, реттейтін жүйе қызметін атқарады деп тұжырымдауымызға болады. Адам нерв жүйесі арқылы сыртқы орта туралы ақпарат алып, оны талдап, мінез-құлықты сол жағдаятқа ыңғайлауға, яғни сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдеуге мүмкіндік алады.
    2.2 Сана – объективті дүниенің бейнесі.

    Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйеніп айтады? Олардың ойынша, адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жынсайтан, диюу, су перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады. Осыдан кейін идеалистер сананың құдіретін айтпақ болмақ. Ал, енді оларды діни адамдар өздігінше ойлап шығарған делік дейді әлгі идеалистер, сөйтіп, олар бұл мысалдан да ойдың, сананың өмір бейнесі емес, тек мидың өзінен шыққан деу керек деген қорытынды шығарды. Бұған не жауап қайтару керек. Әрине, жаңағы өмірде жоқ: «о дүние», «пері», «дию» сияқты ұғымдарды діндар адамдар ойлап шығарғаны рас. Бірақ ол ойлар жоқтан пайда болған демейміз, белгілі бір құбылыстарға еліктеу, мидың соларды ойша құрастыруы арқылы пайда болған. Сондықтан да қай халықта болмасын, жын да, сайтан да, басқалар да негізінде тек адам, жан-жануарлар бейнесінде елестетіледі. Мәселен, шайтанды (черт) көптеген халықтар мүйізі, сақалы, тұяқтары бар, ұзын құйрықты ешкі тектес, адамға зиянды рухани құбылыс етіп суреттейді. Өмірде мүлде жоқ, болмаған, ойға келмеген құбылыстардың бейнесін адам ешқашан ойдан шығарған емес. Тіпті техникалық жаңалықтарды да адам табиғатта бар нәрселерге еліктеп жасайды. Сондықтан жаңағы айтқан діни ұғымдарда да не жақсы адамдардың, немесе жаман адамдардың мінез-құлықтары бейнеленеді, негізсіз ой туындамайды. Мұның бәрі сананың тікелей мидан емес, ми арқылы объективтік дүниеден бейнеленіп алынатын материалдық заттар мен құбылыстардың көшірмесі, туындысы екенін байқатады.

    Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түсініктерімізге әсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашалық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс.

    Одан соң сана, бір жағынан, жинақталған білім, ал екінші жағынан – таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Өйткені, сана объективті дүниенің механикалық бейнесі (репродукциясы) емес. Сана тек негізгі принцип бойынша, шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Бірақ сана объективті өмірдің жұпыны бейнесі емес. Мәселен, санада ерік, ой толғау, әсірелеу, талдау, топтау, болжау, шығармашылық сияқты құбылыстар бар. Олардың объективті дүниеде дәлме-дәл баламасы болмауы да мүмкін. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас. Айталық, бейнелеу жануарларда да бар. Бірақ оларда қатынас жоқ. Сана арқылы адам дүниені бейнелеп қана қоймайды. Ол оған әсер етеді, ойдан өрнек құрады, оны өзгертеді. Адам миында қобалжу мен арнаға түсу, елендеу мен басылу, қызығу мен жирену диалектикасы ұдайы тынымсыз жүріп жатады. Ол өзін қоршаған әлемге бейтарап қарамайды.

    Адам санасы объективті дүниенің айна бетіндегідей механикалық бейнесі емес. Танымдық процесс кезінде оған толып жатқан басқа да жағдайлар (оның көргендері, білгендері, естігендері, түйгендері) әсер етеді. Сондықтан бір нәрсені көріп тұрып, адам толып жатқан ойға шомады, ойын сан-саққа жүгіртеді. Сөйтіп, объективті дүние санаға түрткі болады. Бірақ адам объективті өмірді шын да, жалған да, дұрыс та, бұрыс та бейнелейді. Олай болса, сол дәлдікті шығармашылық тұрғыдан түсіну қажет. Таным процесінде эмоцияның орны ерекше. Эмоциясыз ешбір дүниені тануға талпыныс, ізденіс, таңырқау болмақ емес. Онсыз ғылымда, өнерде жаңалықтар болмайды. Айналадағы құбылыстарды тез байқап, ерекшеліктеріне таңдану, таңырқай білу, үңіліп қарап, бір нәрсеге ұқсату, оймен салыстыру – осылардың бәрі танымның бастамасы, көзі. Ал адамда психика да бар. Адам ұйқыға кеткенде түс көреді. Ол – сананы құбылыс емес, психикалық процесс. Оны сана билей алмайды. Әрине, көргендік түстер де болады. Оның себептері басқа. Айталық, көптеген уақыт ойлап, шешуін таба алмай қиналып жүрген кейбір жағдайлардың шешуін, немесе басқа бір ойланып, уайымдап, толғанған істің ақырғы нәтижесін адам түсінде көруі де мүмкін. Бірақ осыдан келіп түс саналы болады екен деген түсінік тумауға тиіс. Әлгі психикалық құбылыстардың өзіндік себептері бар. Ал адам тек түсінде ғана емес, ояу кезінде де көптеген үйреншікті, әдеттегі істерді ойланбай-ақ жасай береді. Айталық, музикалық аспаптардың клавиштерін, пернелерін ойланбай-ақ дәл басады. Көшеде келе жатқан адам неше түрлі ой ойлайды, соған қарамастан, таныс кісінің сәлеміне жауап береді, көшедегі жол сілтегішті байқайды. Осындай сан қилы жағдайлар өмірде болып жатады. Адам оның бәрін санамен ойлап, толғанып жатпайды. Көп нәрсе жаттықан, дағдыланған түрде жасалады.
    ЖАНУАРЛАРДАҒЫ ПСИХИКАЛЫҚ БЕЙНЕЛЕУДІҢ ДЕҢГЕЙІ МЕН САТЫСЫ ЖАЙЛЫ А.Н.ЛЕОНТЬЕВ, К.Э.ФАБРИ БОЛЖАМЫ
    Тірі организмдерде психика нышанының пайда болу критериясы - сезгіштіктің болуы (А.Н.Леонтьев). Өмірде қажет тітіркендіргіштер (тамақ, қауіптілік) үшін сигнал болып табылатын қоршаған ортадағы тітіркендіргіштерді (дыбыс, иіс т.б) сезіну қабілетінің болуы психика нышанының өлшемі болып табылады;

    А.Н. Леонтьев бейнелеудің айрықша формасы ретіндегі психика туралы түсініктерге негізделе отырып, психика критерийлерін тұжырымдады. А.Н. Леонтьев пікірінше, психика сигналдарды сезіну қабілетіне ие болғанда ғана пайда болады.

    А.Н.Леонтьев бейнелеудің психикалыққа дейінгі деңгейі мен психикалық деңгей арасындағы айырықты тітіркенгіштіктен сезгіштікке өту деп қарастырды. Ол тітіркенгіштікті организмнің тіршілікпен тікелей байланысты биологиялық маңызды (биотикалық) әсерлерді сезіну қасиеті ретінде қарастырды. Сезгіштік әсерлерді сезінетін организмнің қасиеті ретінде анықталды. Сезгіштіктің болуы, Леонтьевтің пікірінше, психиканың пайда болуының алғашқы белгісі болып табылады.

    Барлық тірі организмдерге, сонымен қоса өсімдіктерге де тітіркенгіштік тән. Сезгіштік қарапайымдылардан бастап, барлық жануарларда бар. Психика тек жануарларда айрықша материалды құрылым, бейнелеуге жауапты – нерв жүйесі қалыптасқанда ғана пайда болады. Нерв жүйесін түзетін нейрофизиологиялық құрылымдар организмнің ішкі бағдарламасы түрінде организмнің “түр-тұқым тәжірибесін” топтайды. Нерв жүйесінің болуы организмге өз мінез-құлқын қалыптастыруға және өмірлік қажеттіліктерден туындайтын белгілі бір бағыттарды қоршаған ортада іске асыруға мүмкіндік береді.

    Жануарлар психикасының даму кезеңдері

    Психиканың дамуының бірінші кезеңі – бұл элементарлы сезгіштік – сенсорлық психика кезеңі. Элементарлы сезгіштік кезеңінде жануарлар психикасы сыртқы шындықтың тек жекелеген қасиеттерін бейнелеуге қабілетті. Психиканың дамуының мұндай деңгейінің болуы қарапайым организмдерді көрсетеді. Қарапайымдылар кеңістіктегі, су қоюлықтарындағы айтарлықтай күрделі ауысуларға, су бетінде немесе су түбінде кездесетін заттарға икемді болып келеді.

    Психика эволюциясының келесі кезеңі – перцептивті (қабылдаушы) психика кезеңі. Бұл кезеңдегі жануарлар қоршаған ортаны жеке элементарлы түйсіну түрінде емес, заттарды тұтастай бейне түрінде бейнелейді. Егер элементарлы сенсорлық психика кезеңінде реакция “жақындау-кету” схемасында көрінсе, перцептивті психика деңгейінде реакция әрекеттің дамыған көп буынды тізбегіне операцияға айналады. Операция – бұл мазмұны қажеттілік затына емес, оның жағдайына жауап беретін, дербес актылар. Операциялар тек тұтастай заттар мен ситуацияларды бейнелеу кезінде ғана туындайды.

    Жануарлар мінез-құлқының барлық түрлері негізін инстинктивті әрекеттер құрайды. Инстинкт – жануарлардың шартсыз рефлекстерге негізделген және биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған ортаның белгілі бір жағдайларын сезінудің күрделі актыларын білдіретін генетикалық бекітілген, тұқым қуалайтын, еріксіз, стереотипті, автоматталған мінез-құлық.

    Дағды инстинктпен салыстырғанда мінез-құлықтың едәуір жоғары формасы болып табылады. Дағды да инстинкт тәрізді мінез-құлықтың еріксіз, стереотипті, автоматталған түрі. Дағдының өзіне тән өзгешеліктері де бар. Егер инстинктер генетикалы бекітілген, мінез-құлықтың тұқым қуалайтын бағдарламасы болса, дағды – бұл үйрену нәтижесі болып табылады.

    “Дағды” термині “үйрену” терминінен шыққан. Үйрену – бұл мінез-құлықтың аталған түріне тән басты ерекшелік. Кейінгі зерттеулер көптеген инстинктивті әрекеттердің қалыптасу кезеңі мен жануарлардың жеке дамуы барысында жаттығулардан өту қажеттігін көрсетеді. Бұл дегеніміз көптеген инстинктивті актылар жануарлардың жеке тәжірибесінде “қалыптасып бітеді” деген сөз, мұндай “қалыптасып біту” де генетикалы бағдарламаланған. Үйренудің мұндай түрі облигатты, яғни міндетті үйрену деген атауға ие болды. Ол инстинктивті тәрізді әрекеттердің белгілі бір бейімделгіштігін, оның қоршаған орта жағдайына үйлесуін қамтамасыз етеді. Бұл бейімделгіштік аса шектеулі, себебі бұл шектелгендік сезінудің генетикалы берілген формасымен анықталады.

    Дағдылар жануарларда сынап көру және қателіктің ұзақ процесі негізінде қалыптасады. Бұл мінез-құлықтың жоғары деңгейінің нышандары – “парасатты” мінез-құлық немесе “интеллектуалды психиканың” пайда болуына әкеледі. Маймылдың мінез-құлқының мұндай формасын алғаш рет сипаттаған неміс ғалымы В.Келлер болатын. В.Келлердің шимпанземен тәжірибесі бірнеше рет қайталанып, нақтыланып, жетілдірілді. Осы тәжірибені қайталап, дамытқан ресейлік ғалым Н.Н.Ладыгина-Котс. Аталған тәжірибелердің барлығында ғалымдар жануарлардың “парасатты” мінез-құлқының бірқатар ерекшеліктерін көрсетті. Міндеттердің шешімін іздеу маймылдарда сынап көру және қателік әдісі негізінде орындалды. Маймылдар алғашында тордың бойымен әбігерленіп, сеңделеді, тұзақ жемді баспалдақсыз алуға тырысады. Бірақ сынап көру және қателік әдісі уақыты бойынша қысқа болып келеді. Дұрыс әрекет өте тез әрі кенеттен басталады. Кейін барлық операция тұтас, үздіксіз акт ретінде өтеді. Мұнда маймылдардың өз мақсатына жету үшін басқа заттарды (жәшіктерді, таяқ т.б.) қолдануы аса маңызды орын алады. Оның іс-әрекеті, А.И.Леонтьевтің айтуынша, екі кезеңге айналады: бірінші кезең дайындалу (жәшіктерден пирамида жасау немесе екі қысқа бамбук таяқтарынан бір ұзынын құру); екінші кезең - әрекетті жүзеге асыру (тұзақ жемді тарту). Мұндай әрекетті орындау үшін қоршаған ортаны бейнелеудің жаңа кезеңіне шығу керек: заттардың байланысын, олардың бір-біріне қатынасын табу керек, өз әрекеттерінің нәтижесін алдын ала көру керек. Әсіресе, табылған дұрыс шешімнің ұқсас жағдайларда үнемі қолданылатындығын ескеру керек. П.Л.Гальперин, В.Келлер және оның ізбасарлары адам тәрізді маймылдың проблеманы шешуде проблемалық ситуациялар қатынасы деңгейіне шығатынын көрсетеді. Проблемалық ситуацияның бастапқы бейнесі негізінде оның объектілерінің шын белгілері, қасиеттері, байланыс, қатынастары анықталады, жеке әрекеттер өлшенеді, осылардың нәтижесінде шешім нақтыланады немесе өзекті міндеттерді шешу үшін мән бере қоймаған элементтер немесе қатынастар анықталады.

    Ғалымдар “интеллектуалды” мінез-құлықта іске асатын проблемалық ситуацияның басты ерекшелігі – көрнекілікті ескертеді (жануарлар көз алдындағы барлық заттарды көруі керек).

    Сонымен, “интеллектуалды мінез-құлықты” жануарлардың өзінің биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған екі кезеңнен тұратын міндеттерді шешу кезеңінде көрнекі проблемалық ситуациядағы жоғары дамыған жануарлар мінез-құлқының формасы түрінде анықтауға болады.

    Əдебиеттер

    1. Будохоска В., Шелонг Э., Собутка С. Полушарная асимметрия головного мозга при обработке вербального материала // Физиол. человека. – 1990. – Т. – №1. – С. 26-32.

    2. Вартапетова Г.М., Петрова Е.Э. Левый мозг, правый мозг и школьная дезадаптация: методическое пособие. – Новосибирск, – 62 с.

    3. V., Deglin V.L. Brain functional asymmetry and neural organization of linguistic competence // Brain and Lane. – 2006. – Vol. 29. – P. 141-153.

    4. Sperry Lateral specialization of cerebral function in the  surgically separated hemispheres//The Psyhology of Thinking. –  N-Y.,  2003. –   P. 126-141.

     


    написать администратору сайта