Главная страница

10 апта сөж. "Микробиология жне вирусология"кафедрасы


Скачать 58.38 Kb.
Название"Микробиология жне вирусология"кафедрасы
Дата14.11.2022
Размер58.38 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла10 апта сөж.docx
ТипДокументы
#787037





«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»



“Микробиология және вирусология”кафедрасы


Сөж/ соөж








СӨЖ/СОӨЖ

Тақырыбы: Фармацевтикалық тәжірибиеде қолданылатын консервациялау, стерилизациялау, дезинфекция, антисептика, асептика.



Орындаған:Божбанбаева Аружан

Группа: ТФП19-016-1к

Қабылдаған: Хандилла З.М.

10 сабақ

СОӨЖ тапсырмалары:

1.Бактериялардың дезинфекциялау құралдарына сезімталдығын анықтау әдістерін жазу.

Дезинфекциялау сәтінде микроорганизмдердің көп бөлігi (яғни, ішіндегі патогенділері) өледі, алайда споралары және кей резистентті вирустары өмір сүруге кабілетті жағдайда қалуы да мүмкін.Автоклавтау-қысымдағы бумен әсер ететін стерилизация болып табылады. Бұл стерилизация жоғары температура (138градус) мен жоғары қысыммен(2,5 ат.қ) әсер етумен жүзеге асады. Нәтижесінде стерилизация камерадан барлақауаға ығыстырылады.

Жылу-термиялық стерилизация бұл микробтарда болатын жоғарғы температураға сезімталдығына негізделеді.60 градус кезінде және де су бар жерде ақуыз динатурациясы,нуклеин қышқылдардың липидтердің дегратациясы болып,нәтижесінде микробтардың вегативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және тығыз байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-170 градуста жойылады.Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды буда қолданылады.

Микробқа қарсы белсенділігі бойынша: микробтарды өлтіретін әсерге ие болуы керек (бактерицидті, туберкулезді, вирулицидті, фунгицидті, спороцидті).

Дәріхана мекемесінде мына дезинфекциялық құралдар пайдаланылады: - құрамында галоидтары болатын - хлорлы әк, Натрий гипохлориті, Б хлорамині, дихлор, хлордезин; - құрамында оттегі бар-0,5% жуу құралы бар сутегі пероксиді; - құрамында альдегид бар-формальдегид ерітіндісі;

Дезинфекциялық заттардың әсер ететін нысаналары ақуыздар, жасуша қабырғасы болып табылады (препараттар ақуыздарды денатурациялайды және жасуша қабырғасының құрылымын бұзады).

2.ҚР ДЗ және ДЗ мемлекеттік тізілімі бойынша стерильді препараттарға (инъекциялық, инфузиялық, және көз тамшылары және т. б.) шолу

Стерилизация әртүрлі тәсілдер мен жүзеге асырылады:

  1. физикалық (жоғары температура, сәуле әсерінен);

  2. механикалық (сүзу);

  3. химиялық;

Стерилизацияның физикалық әдістері. Фармацевтикалық практикадағы стерильдеу объектілері: жабдықтар, коммуникациялар, қоректік орталар, қоспалар, дайын дәрілік заттар (ыстыққа төзімді заттардың инъекциялық және инфузиялық ерітінділері, стерильді өнімге арналған бастапқы қаптама материалдары, технологиялық киім болып келеді.

Стерилизацияның химиялық тәсілі:

Газдызарарсыздандыру(формалин буы, этилен оксиді). Ол бір реттік медициналық құралдарды, басқа әдістермен (мысалға өкпені жасанды желдету аппараттары, жасанды қанайналымы және т. б.), зарарсыздандыруға болмайтын дәрі-дәрмектерді, бактериялық сүзгілерді зарарсыздандыру үшін қолданылады).

Химиялық заттардың ерітінділеріне батыру (этил спирті 960, сутегі асқын тотығы). Ол негізінен термиялық және басқа әдістермен зарарсыздандырылмайтын медициналық құралдарды зарарсыздандыру үшін пайдаланылады.

Стерилизацияның механикалық тәсілі – бұл фильтрация. Қолданылатын объектілер: термолабильді суда еритін дәрілік субстанциялар, термолабильді парентеральді дәрілік препараттар, иммунобиологиялық препараттар. Басқа әдістермен (әсіресе термолабильді ерітінділер) зарарсыздандыруға болмайтын ерітінділерді (мысалы: қоректік заттар, буферлер) және дәрілерді зарарсыздандыру үшін қолданылады. Бұл мақсатта бактериялық сүзгілер қолданылады-сүзгілердің мөлшері бактериялардың мөлшерінен аз болуы керек

СӨЖ тапсырмалары:

1.Әдебиеттермен жұмыс істеу және "Фармацевтикалық өндірісте әр түрлі объектілерді стерилдеу әдістері мен режимдерін таңдау" эссесін жазу

Стерилдеу (лат. sterilis) — обьектегі тіршілікке икемді барлық микроорганизмдер мен олардың спораларын толық жою немесе олардан тазарту болын табылады. Бұл кезде стерилденентін заттардың қасиеттері өзгермеуі керек. Стерилдеудің физикалық және химиялық тәсілдері болады.Физикалық тәсілдерге қыздырып стерилдеу, жоғарғы жиілікті токтармен стерилдеу, ультракүлгін және радиациялық сәулелермен стерилдеу, ультрадыбысты стерилдеу және стерильді фильтрлеу жатады.

Медицинада ең кең қолданылатын тәсіл — бумен немесе қүрғак ыстықпен қыздырып стерилдеу. Қыздырып стерилдеу микробтық клеткаларды лирогенетикалық ыдырату, белоктардың қайтымсыз коагуляция немесе микроорганизмдердің ферменттік системаларын бүзуға негізделген.

1. Ауамен стерилдеу.Бүл тәсілмен стерилдеу қүрғақ ыстық ауамен ауа стерилизаторларында (кептіргіштерде) 180-200°С температурада жүзеге асырылады. Стерилдеудің нәтижелігі температура мен мерзімге байланысты. Ауамен стерилдеу термиялық төзімді үнтақ дәрілерді, минеральды және өсімдік майларын, ланолин, вазелин, балауыз, металдан, шыныдан, фарфордан жасалған бүйымдар үшін қолданылады.Дәрілік заттардың ерітінділерін кептіргіш шкафтарда стерилдеуге болмайды, себебі температурасы 100-120°С ауа нашар жылу өткізгіштігіне байланысты ерітінділердің стерилдеу температурасына дейін тез қызуын қамтамасыз етпейді. Мысалы, көлемі 200 мл натрий хлориді ерітіндісін температурасы 120 °С кептіргіш шкафта салғанда, бір сағаттан кейін осы ерітінді 60 °С-қа дейін ғана қызады. Температурасы жоғары ыстық ауа дәрілік заттардын ыдырауын және қүтылардьщ (флакондардьщ) ішіндегі және сыртындағы қысым айырмашьглығы нәтижесінде қүтьшардьш жарыльш кетуін тудыруы мүмкін.

2. Буменстерилдеу. Бүл тәсіл жоғарғы температура мен ылғалды Үйлестіріп қолдануға негізделген. Осы жағдайда белоктардың коагуляциясы 56 °С температурада басталады. Фармацевтік өндірісте сенімді, тез және экономикалық тиімді 120°С температурада қаныққан су бумен қысым көмегімен стерилдеу тәсілі қолданылады. Бүл жағдайда тек вегетативті емес, споралық микроорганизмдер де өледі. Стерилдеу мерзімі препараттың физико-химиялық қасиеттеріне және ерітіндінің көлеміне байланысты 30 минуттан аспайды.

Қысым әсері бойынша бумен стерилдеу бумен жүмыс істейтін стерилизатор автоклавтарда жүргізіледі. Бүл үшін АП-7, АП-18 ТИГТП стерилизаторлары кеңінен қолданылады. Стерилизатордың екі есігі бар, біреуінен стерильденетін енімді салады да, екіншісінен стерилденген өнімді шығарып алады. Стерилизатордың корпусы катан бумен қыздырылады. Стерилдеуші камераға ауаны ығыстыру үшін өткір бу жіберіледі. Стерилдеу уақыты манометр бойынша тиісті қысым көрсетілген мерзімнен бастап саналады. Стерилизаторлар автоматты бақылау қондырғымен жабдықталған, олардың көмегімен бақылау таспасында қысым мен уакыт үздіксіз жазылып отырады. Сонымен бірге, камераның 4 бүрышына (жеріне) стерилдеу алдында максимальды термометрлер қойылады және олардың көрсеткіштері жазылып алынады. МФ XI басылымы стерилдеу режимін бақылау үшін балқу температуралары белгілі заттар колдануды үсынады, мысалы, бензой қышқылы 122-124,5°С, сахароза— 180 °С.

Тұрақсыз (аққыш) бумен стерилдеу. Бүл тәсіл бойынша стерилдеу 100°С температурада қаныққан су буымен жүргізіледі. Түрақсыз бу тек вегетативті микрооргнизмдерді жою үшін ғана қолданылады, споралық микрооргнизмдер үшін бүл тәсіл жарамсыз болады.

Тиндализация (бөлшектеп стерилдеу). Түрактылығы төмен дәрілік заттардын ерітінділерін суда 60-65°С температурада 1 сағат бойына 5 рет немесе 70-80°Стемпературада 3 рет эр 24 сағатта қайталай отырып қыздырады. Қыздыру аралығында 25-37°С температураны қалыпты үстап отырады, бұл споралардын өсіп шығуына қолайлы жағдай болады.Ерітіндідегі споралардың барлығы толық өсіп шығуы және келесі рет қыздырғанда жойылуына 3-5 рет қыздыру жеткілікті. Бірақ бұл тәсіл өте ұзақ.

Ультракүлгін сәулемен стерилдеу. УФ— сәуле вегетативті және споралық микрооргнизмдерді жоятын күшті стерилдеуші фактор. Ультракүлгін радиация көзге көрінбейтін, қысқа толқынды, толкынның үзындығы 300 нм-ден кем күн сәулесінің бөлшегі. УФ-радиаиия микробты клеткалардың ферментті системаларының фотохимияльщ ыдырауын тудырады, клетканың протоплазмасына улы органикалық аскын тотыктар түзе эсер етеді деп жорамалданады. Толқын үзындығы 254-257 нм сәулелердің стерилдеу қабілеті өте жоғары болады. Мүнда сәулелендірудің дозасы мен уақытының үлкен маңызы бар. Вегетативті клеткалар

УФ-сәулеге, споралар қарағанда өте сезімтал келеді. Споралық микрооргнизмдерді жою үшін, вегативті микрооргнизмдерді жоюға қажетті дозадан 10 есес артық сәуле дозасы керек.

Фармацевтік өндірісте УФ-сәулесі ретінде арнайы БУВ лампалары қолданылады. Олар ауаны, дистилденген суды қүбыр арқылы жібергенде, қосымша материалдарды стерилдеу үшін қолданылады.

Радиациялык стерилдеу. Радиациялық сәулемен стерилдеу өте жоғары тиімді тәсіл, ол соңғы кезде медициналық өнімдерді стерилдеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Дәрілік заттарды — түзды инфузиялық ерітінділерді, көз пленкаларын және т. б. — радиациялық стерилдеу мүмкіндігі зертеліп отыр.Радиациялык стерилдеу ҮШШ СО60 және СО изотоптарының гамма-сәулелері және линиялық жылдамдатқыштардың жылдам электрондары қолданылады. Зерттеулер нәтижесінде стерилдеу үшін 2,5 микрорадий дозасы жеткілікті екені анықталып отыр.

Қазіргі кезде радиациялық тәсілмен бір рет қолданылатын заттар — гигроскоптық мақта, байлау материалдары, пластмассалық бүйымдар, биологиялық және бактериальдық препараттар, антибиотиктер стерилденіп жүр.

Фильтрлеп стерилдеу.Қыздыру және радиациялық сәуле арқылы стерилдеуге төзімсіз дәрілік заттардың ерітінділерін стерилдеуші фильтрлеу арқьшы стерилдеуге болады. Бүл үшін үсақ тесікті фильтрлер арқылы фильтрлеп стерилдеу қолданылады.

Стерильдеудің басқа тәсілдерін қолдану кезінде микрооргнизмдер тек тіршілік әрекетін жоғалтатын болса, стерильдеуші фильтрлеу кезінде олар ерітіндіден толық шығарылып тасталады, сөйтіп ерітіндінін стерильдігі мен апирогендігін қамтамасыз етеді.

Стерильдеудің химиялык тәсілдері.Резинадан, полимерлі материалдардан, шыныдан, коррозияға төзімсіз металдардан жасалынған бүйымдар үшін газдармен және ерітінділермен стерилдеудің химияльщ тәсілдері қолданылады.Химиялық стерилизация.Химияльщ затгарды қолдану көмегімең жүргізіледі. Бүл үшін жиі консерванттар пайдаланылады: нипагин, нипазол, хлорбутанолгидрат, трикрезол, фенол, фенилэтил спирті және т. б.

Газдық стерильдеу.Бүл тәсіл қыздыруға төзімсіз заттар үшін қолданылады. Стерильденетін заттар газ өткізетін пластмассалы орауышқа салынады. Герметикалық камераға этилен тотығы мен көміртегі тотығының 9:1 қатынасында дайындалған қоспасың жібереді. Стерилдеу мерзімі 4-6 сағат, температурасы 43-45 °С. Сте-рилденгеннен соң этилен оксидің стерилді ауа немесе азотты 14 күн бойына үрлеп шығарады немесе вакуумдайды. Этиленоксид хлор иондарымен улы зат — 2 — хлорэтан — түзе әрекеттеседі, судың катысуында — гликоль түзеді. Сондықтан, қолданар алдында мүмкін болар химиялық әрекеттесу мүқият зерттелуі қажет. Сонымен, қыздыруға төзімді ерітінділермен толтырылған ампулаларды стерилдеу автоклавтарда 110-120 °С температурада жүргізіледі. Қыздыруға төзімсіз заттардың ерітінділерін стерилдеу 100 °С температурада аққыш (түрақсыз) бумен немесе тиндализациялаумен жүргізіледі. Жеңіл ыдырайтын заттардың ерітінділерін катаң асептикалық жағдайда немесе фиьтрлеп стерилдеу немесе консерванттар косу арқылы дайындайды. Стерилдеп болган соң әлі ыстық ампулаларды метилен көгі қосылған салкын суга батырып, олардың дәнекерлену сапасын бақылайды. Ампулалар салқындағанда, олардагы қысым төмендейді, ал олардыц қабырғаларында жарықтары болса, онда боялган су оның ішіне еңіп кетеді. Сонан сон ампулаларды ыстык сумен душтыц астында жуады.

2.Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 5 терминнен глоссарий жасау.



Қазақша

Орысша

Ағылшынша

1

Стерильдеу-стерильденетінобъектідегімикроорганизмдердітолықжою (латынтіліненаударғанда – ұрықтыжою).


Стерилизация-полное уничтожение микроорганизмов на стерилизуемом объекте (в переводе с латинского – уничтожение плода).

Sterilization-complete destruction of microorganisms on the sterilized object (translated from Latin-destruction of the fetus).

2

Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоздырғыштың зарарланған организмнен сау ағзаға берілуінен алдын алу (эпидемиялық тізбектің үзілуі) мақсатында сыртқы орта объектілерінде (оның ішінде медициналық мақсаттағы бұйымдарда) патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерді жоюға бағытталған іс-шаралар.


Дезинфекция (обеззараживание) – мероприятия, направленные на уничтожение патогенных и условно-патогенных микроорганизмов на объектах внешней среды (в том числе в изделиях медицинского назначения) с целью предупреждения передачи возбудителя от зараженного организма к здоровому (разрыв эпидемической цепи).

Disinfection (decontamination) – measures aimed at destroying pathogenic and opportunistic microorganisms on objects of the external environment (including medical devices) in order to prevent the transmission of the pathogen from an infected organism to a healthy one (breaking the epidemic chain).

3

Консервация-бұл дайын дәрі-дәрмектердегі микроорганизмдердің тіршілік әрекетін басуға және/немесе жоюға бағытталған шаралар кешені


Консервация-это комплекс мероприятий, направленных на подавление и/или уничтожение жизнедеятельности микроорганизмов в готовых лекарствах

Conservation is a set of measures aimed at suppressing and / or destroying the vital activity of microorganisms in ready-made medicines

4

Асептика-медицинада, клиникалық микробиологияда, фармацияда адам денесінен, ауадан, сыртқы ортаның басқа объектілерінен бөгде микроорганизмдердің жұмыс аймағына енуін алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені.


Асептика-комплекс мероприятий в медицине, клинической микробиологии, фармации, направленных на предупреждение проникновения в рабочую зону чужеродных микроорганизмов из организма человека, воздуха, других объектов внешней среды.

Aseptics-a set of measures in medicine, clinical Microbiology, pharmacy, aimed at preventing the penetration of foreign microorganisms from the human body, air, and other environmental objects into the work area.

5

Антисептика-адам организмі үшін ықтимал қауіпті (патогенді және шартты-патогенді) микроорганизмдердің зақымданған тері қабаттары мен адам ағзасының шырышты қабаттарында өсуін және көбеюін басу тәсілдерінің жиынтығы.


Антисептика-совокупность способов подавления роста и размножения потенциально опасных для организма человека (патогенных и условно-патогенных) микроорганизмов в поврежденных слоях кожи и слизистых оболочках человеческого организма.

Antiseptics-a set of methods for suppressing the growth and reproduction of potentially dangerous for the human body (pathogenic and opportunistic) microorganisms in the damaged layers of the skin and mucous membranes of the human body.


написать администратору сайта