Главная страница

экология. Микроорганизмдер экологиясы. Адам азасыны микрофлорасы. Дисбактериоз. Тапсырмалар


Скачать 189 Kb.
НазваниеМикроорганизмдер экологиясы. Адам азасыны микрофлорасы. Дисбактериоз. Тапсырмалар
Анкорэкология
Дата15.10.2020
Размер189 Kb.
Формат файлаppt
Имя файлаэкология.ppt
ТипДокументы
#143271

МИКРООРГАНИЗМДЕР ЭКОЛОГИЯСЫ. АДАМ АҒЗАСЫНЫҢ МИКРОФЛОРАСЫ. ДИСБАКТЕРИОЗ.

Тапсырмалар


1 тапсырма
Топырақтың микрофлорасы
Су микрофлорасы
Ауаның микрофлорасы
Тақырыбына схема жасау. 1 тақырыпты 4 студент тобы бойынша бөліп алады


2 тапсырма Сұрақтар: 1 Дисбактериоз дегеніміз не? Анықтама беріңіз. 2 Дисбактериоздың диагностикалық препараттары (бактериологиялық, клиникалық). 3 Дисбактериоз дәрежелері (микробиологиялық, клиникалық белгілері). 4 Дисбактериоз дамуына әсер ететін факторлар. 5 Дисбактериоз емінде қолданылатын препараттар. 6 Бір түрге жататын госпитальді және госпитальді емес микроорганизмдер штаммадарын сипаттау.

3 тапсырма Жағдайлық есептер 1.Ішек дисбактериозын бактериологиялық зерттеу барысында Эндо ортасында түссіз колониялардың өсуі байқалады (жалпы санының 30 – 40%).Қандай қорытындылар жасауға болады? 2.Ішек дисбактериозын бактериологиялық зерттеу барысында Proteus туысының бактериялары 1 гр материалда105 КОЕ табылды.Қорытынды жасаңыз.Қандай препараттар тағайындауға болады? 3.Ішек дисбактериозын микробиолгиялық зерттеу барысында ащытқы тәрізді Candida туыстығының саңырауқұлақтарын анықтау үшін қандай орта қолдануға болады.Саңырауқұлақтарды айқындағаннан кейін тағы не тағайындауға болады? 4.Бифидумбактерияларды анықтауға қандай қоректік ортаны алу қажет. 105 сұйылту барысында бифидумбактериялар анықталып, ал 107 бифидумбактериялар анықталмаған жағдайда қорытындыны қалай тұжырымдауға болады.Коррекция жасау қажеттілігі бар ма және қандай препараттарды қолдануға болады?
3 тапсырма Жағдайлық есептер 1.Ішек дисбактериозын бактериологиялық зерттеу барысында Эндо ортасында түссіз колониялардың өсуі байқалады (жалпы санының 30 – 40%).Қандай қорытындылар жасауға болады? 2.Ішек дисбактериозын бактериологиялық зерттеу барысында Proteus туысының бактериялары 1 гр материалда105 КОЕ табылды.Қорытынды жасаңыз.Қандай препараттар тағайындауға болады? 3.Ішек дисбактериозын микробиолгиялық зерттеу барысында ащытқы тәрізді Candida туыстығының саңырауқұлақтарын анықтау үшін қандай орта қолдануға болады.Саңырауқұлақтарды айқындағаннан кейін тағы не тағайындауға болады? 4.Бифидумбактерияларды анықтауға қандай қоректік ортаны алу қажет. 105 сұйылту барысында бифидумбактериялар анықталып, ал 107 бифидумбактериялар анықталмаған жағдайда қорытындыны қалай тұжырымдауға болады.Коррекция жасау қажеттілігі бар ма және қандай препараттарды қолдануға болады?


Биосфера – Жер шарындағы тірі организмдердің тіршілік ететін кеңістігі.
Биотоп – биосферадағы микроорганизмдердің тіршілік ету аймағы.
Популяция – белгілі бір биотоптағы бір түрге жататын даралар жиынтығы. Микробиоценоз – белгілі бір биотопты мекендейтін әр түрлі микроорганизм популяцияларының жиынтығы.

Микроорганизмдер мен макроорганизмдер арасындағы өзара байланысу түрлері:


Симбиоз (адам мен оның қалыпты микрофлорасы). Мұндай тіршілік түрі екі популяцияға да тиімді. Ең соңғы формасы – мутуализм;
Метабиоз. Бұл кезде бір популяция екінші популяцияның түрін қоректік заттармен қамтамасыз етеді (аммонификсациялаушы, нитрификациялаушы бактериялар).
Нейтрализм – бұл индифференттік қатынастар.

4. Комменсализм. Микроорганизмдер макроорганизмдерге кедергі келтірмей, өздерінің тіршілік етуін жалғастыра береді (мыс: тері микрофлорасы); 5. Антагонизм (бәсекелестік). Бір түрге жататын даралар екінші түр дараларына қысым көрсетеді (барлық патогенді бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, саңырауқұлақтар). 6. Паразитизм – микроб паразит макроорганизмді өзінің қоректену көзі, мекендеу орны ретінде қолданады, оған зиян келтіреді.

Микроорганизмдердің мекен ету орталары І. Топырақ микроорганизмдері


Бұл бактериялар өсімдік және жануарлармен бірлесіп күрделі әрі алуантүрлі биогеоценоздарды құрайды.
Қызметі:
биомассаның синтезі;
энергия аккумуляциясы;
шіріту (аммонификация);
нитрификация, т.б.

Топырақ микроорганизмдері келесі аурулардың қоздырушылары:


сіреспе;
газды гангрена;
ботулизм;
актиномикоз, т.б.

ІІ. Су микроорганизмдері


Су – бактериялар мен саңырауқұлақтардың екінші тіршілік ету ортасы. Суда бактериялар тек органикалық және минералды заттарды өзгеріске түсіріп қана қоймады, сондай-ақ балықтарға қажетті қоректік заттар қорының аралық буыны болып есептеледі.


Су микрофлорасының сандық және сапалық құрамы:
минералды және органикалық заттардың құрамы мен концентрациясына;
физикалық-химиялық күйіне;
температураға;
ортаның қышқылдығына;
оттегі мен көмірқышқыл газының мөлшеріне тәуелді болады.

Су микрофлорасы тудыратын аурулар:


лептоспироз;
туляремия;
гепатит А;
тырысқақ;
іш сүзегі;

ІІІ. Ауа микроорганизмдері


Ауада бактериялар едәуір мөлшерде кездеседі, бірақ өсіп- өнуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа уақытша мекен ету ортасы болып есептеледі.
Микроорганизмдерге күннің ультракүлгін сәулесі күшті әсер етеді.

Ауа микроорганизмдері – ауалы-тамшылы инфекциялардың қоздырушылары:


көк жөтел;
қызамық (скарлатина);
дифтерия;
туберкулез;
қызылша;
тұмау (грипп);
парагрипп, т.б.

Қоршаған ортаның санитарлық жағдайын бағалау критерийлері:


Патогенді микроорганизмдердің болуы;
Микробтардың саны;
Санитарлы-көрсеткіш микрорганизмдері.

Адам денесінің қалыпты микрофлорасы


Дені сау адамдардың ағзасында кездесетін микробтық биоценоздардың жиынтығы адам денесінің қалыпты микрофлорасын құрайды.

Адам ағзасындағы микроорганизмдердің екі тобы:


Тұрақты (резидентті) – микроорганизмдердің тұрақты құрамымен сипатталады;
Транзиторлы (уақытша) – тері мен шырышты қабаттарға қоршаған ортадан келіп түсіп, ауруларды тудырмайды.

Қалыпты жағдайда дені сау адамның ішкі мүшелері мен тіндерінде микроорганизмдер болмайды. Оларға келесі мүшелер жатады: * ішкі мүшелер; * бас миы мен арқа жұлыны; * лимфа; * өкпе альвеоласы; * жатыр қуысы; * бүйрек; * несеп жолы мен несеп қапшығы.

Терінің қалыпты микрофлорасы


1. Тұрақты (облигатты):
аэробты және анаэробты дифтероидтар;
ашытқы саңырауқұлақтары;
тері стафилококы.


2. Факультативті (транзиторлы):
іріңді стафилококк пен стрептококк;
фекальді стрептококк;
ішек таяқшасы, т.б.

Көздің қалыпты микрофлорасы (конъюнктивтер)


1. Тұрақты (облигатты):
патогенді емес коринобактериялар;
нейссериялар;
тері стафилококы;
сарциналар.


2. Транзиторлы (уақытша):
патогенді стрептококк пен стафилококк;
микоплазмалар;
ішек бактериялары.

Тыныс алу жолдарының қалыпты микрофлорасы


1. Облигатты:
дифтериодтар;
микрококктар;
нейссериялар;
тері стафилококы;
гемолитикалық емес стрептококк.


2. Факультативті:
пневмококктар;
патогенді стафилококк;
клебсиеллалар;

Құлақтың қалыпты микрофлорасы


Ортанғы құлақ

Мұнда микробтар аз мөлшерде кездеседі, себебі күкірт бактерицидті қасиетке ие.


Сыртқы құлақта тері микрофлорасы мекендейді:
стафилококктар коринебактериялар ашытқы саңырауқұлақтары

Несеп жолдарының қалыпты микрофлорасы


1. Сыртқы жыныс жолдарында:
микобактериялар патогенді емес стафилококк дифтероидтар кандидалар спирохеталар
ішек микрофлорасы


2. Қынапта:
дифтероидтар
ішек бактериялары тері стафилококы лактобациллалар

Асқазан-ішек жолдарының қалыпты микрофлорасы


Қалыпты жағдайда асқазан сұйықтығының 1 мл-де 103 шамасында микроорганизмдер кездеседі.
Облигатты микрофлорасы:
сүтқышқылды бактериялар;
ашытқы саңырауқұлақтары;
сарциналар;
дифтероидтар;
стафилококктар.

Тоқ ішектің қалыпты микрофлорасы


Қалыпты жағдайда тоқ ішектегі заттардың 1 г 109-1010 мөлшерінде болады. 300-ге жуық түрі кездеседі.
1.Облигатты (тұрақты):
бактероидтар;
бифидобактериялар;
анаэробты кокктар;
лактобактериялар;
ішек таяқшасы;
энтерококктар.

2. Транзиторлы (уақытша):


клостридиялар;
актиномицеттер;
дифтероидтар;
стафилококктар;
ашытқы саңырауқұлақтары;
кандидалар;
қарапайымдылар;
зең саңырауқұлақтары.

Аш ішектің қалыпты микрофлорасы


Қалыпты жағдайда микроорганизмдер 1 мл-де 103 – 105 шамасында кездеседі.
Облигатты микрофлора басым болады:
лактобактериялар;
саңырауқұлақтар;
дифтероидтар;
энтерококктар.

Асқазан-ішек жолдарының микрофлорасының қызметтері:


Антагонистік – патогенді бактериялардың инактивациясы мен шектелуін қамтамасыз етеді;
Витамин түзушілік – В1, В2, В12, никотин қышқылын, пиридоксин, биотин, фолий қышқылын E.coli синтездейді.
Иммундық – аутохтондық микрофлора иммунжаттықтырушы және иммуногенді қасиеттерге ие;
Ішектегі зат алмасуына қатысуы – ішек микрофлорасы холин, өт қышқылы, май қышқылының алмасуына, несеп қышқылының метаболизміне қатысады.

Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы:


Ауыз қуысының бактериялары транзиторлы, яғни уақытша мекендеушілер болып есептелінеді. Олар:
микрококктар;
лактобактериялар;
нейссериялар;
дифтероидтар;
микоплазмалар;
коринебактериялар;
фузиморфты бактериялар.


Дисбактериоз-қалыпты микрофлораның құрамына кіретін микробтың популяциялардың арасындағы экологиялық тепе-теңдіктің сапалық және сандық өзгерісі. Бұл кезде индигенді микрофлора өкілдері (мысалы, бифидумбактериялар, лактобактериялар және т.б) антагонистік микробтардың кейбір түрлерінің саны азайып кетеді немесе типті жоқ болады; факультативті микрофлораға жататын, әрі биотоп шегінен тарала алатын шартты патогенді микроорганизмдер саны артады. Көбінесе бұл процесстер ішекте дамиды.


Дисбактериоздың пайда болу себептері:
- ұзақ антибиотиктік: химиялық, гормонды терапия.
- сәулелену, сәулелік терапия, иммунды депрессанттарды қабылдау.
-асқазан- ішек жолдарының инфекциялы (жұқпалы) және инфекциялы емес табиғатты аурулар, басқа да инфекциялы аурулар, ісіктік аурулар, иммунды тапшылықтар.
- авитаминоздар, тамақтанудың өзгеруі қолайсыз экология.
- стресстер және экстремальді жағдайлар.
- ұзақ уақыт стационарларда, жабық кеңістікте болу.


Эубиотиктер - дисбактериоз кезіңдегі микрофлораны коррекциялауға немесе оның алдын алуға қолданылатын биопрепараттар. Эубиотиктер арнайы таңдалған дисбактериозбен науқасталған организмде тіршілік ету қабілеті бар, жоғалған шынайы микрофлораны толтыра алатын микрофлораның жоғары активті штаммдарынан дайындалады. Нәжісінде олар эубиоздың қалпына келуіне көмектеседі.
Бұл биопрепараттар құрамына көбінесе қалыпты микрофлора өкілдері тірі лиофилизирленген бактерия дақылдары кіреді және микробтық клеткалар саны белгілі ұнтақ немесе таблетка түрінде шығарылады. Емдеу 1-3 ай және одан көп ұзақ курстармен жүргізіледі.


Дисбактериоз емінде қолданылатын препараттар
1. Құрғақ бифидумбактерин. Құрамында лиофизирленген бифидобактериялар бар.
2. Құрғақ бифиланг. Құрамында 2 штамм бифидобактерий бар: B.bifidum және B.londum 1:1 қатынасында. Бифидумбактериялардың патогенді микроорганизмдерге қарсы жоғары антогонистік активтілікті көп мөлшерде қышқыл өнімдерді, лизоцимді, спирттерді, бактериоциндерді бөлу арқылы танытады. Олар микробтардың асқазан-ішек трактісінің жоғары бөлімдеріне және ағзаның ішкі ортасына өтпеуін қамтамассыз етеді. Бифидумбактериялар ішек қабырғасында сорылу процестерін күшейтеді (сүт және сірке қышқылдарын бөлу арқылы), аминоқышқылдар мен белоктарды сонымен қатар витаминдерді синтездейді, жергілікті иммунитет жүйесіне иммунды стимулдеу әсерін көрсетеді.


3.Лактобактерин. Құрамына лиофилизирленген Lactobcillus acidophillus бактерийлері дақылдары кіреді. Лактобактериялар антибактериальді активтілікке ие және шіру флорасының дамуын тежейді. Ол лактобактериялардың сүт қышқылын және спиртті түзуімен, лизоцим мен бактриоциндерді бөлумен байлынысты. Ішектің шырышты қабатымен тығыз қатынаста болуынмен байланысты лактобактериялар оны патогенды микроорганизмдердің енуінен қорғайды.
4. Колибактерин. E Coli М-17 штамы кіреді.



написать администратору сайта