Главная страница
Навигация по странице:

  • Тау топырағы. Құрғақ субтропиктік даланың сұр-күрең топырағы.

  • Таулы аймақтардың топырақтарын пайдалану

  • Дәріс №15 Топырақ жамылғысын мелиорациялау, құнарландыру, оны қорғау және тиімді пайдалану.

  • лекция. Өсімдік шикізатының топырақ химиясы пәнінің мақсаты мен міндетте. Минералды оректену туралы жалпы сипаттама. Орташа есеппен сімдікті сусыз ра затыны рамында кміртек 46,оттегі 42 %, сутегі 6,5%, азот 1,5%, минералды элементтер 5%, шамасында болады


    Скачать 406.67 Kb.
    НазваниеМинералды оректену туралы жалпы сипаттама. Орташа есеппен сімдікті сусыз ра затыны рамында кміртек 46,оттегі 42 %, сутегі 6,5%, азот 1,5%, минералды элементтер 5%, шамасында болады
    Анкорлекция
    Дата03.03.2023
    Размер406.67 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӨсімдік шикізатының топырақ химиясы пәнінің мақсаты мен міндетте.docx
    ТипДокументы
    #966235
    страница12 из 12
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

    Солодтар

    Солодтар деп ұзақ уақыт аралығында шайылуына байланысты сіңірілен натрийдан толық айрылған, Са2+, Mg2+, Н+ катиондарымен қаныққан, кебірленген топырақтарды атайды. Кебірлердің солодтарға айналу жолын К.К. Гедройц анықтады. Кебірлердің солодтарға айналу үpдici солодтану деп аталады. Солодтардың пайда болуы микроойпаңдарда, қар суы және жауын суымен топырақтың ұзақ уақыт шайылуы арқасында жүреді. Кебірлі горизонттың то­пырақ ерітіндісінің сілтілік реакциясы қарашірік коллоидтарының epyi мен алюмосиликаттардың төменгі горизонттарға шайылатын жылжымалы біржарымдық тотықтар және, элювиалды горизонтта жинақталатын кремнеземге ыдырауына ықпал етеді. Нәтижесінде А1 қарашірік горизонты астында бозғылт элювиалды солодтанған А2 горизонты, одан төмен - иллювиалды қалдықты-кебірленген В горизонты қалыптасады.

    Солодтарда келесі генетикалық горизонттар бөлінеді:

    А0 - орман төceніші,А1 - қарашірінділі-аккумулятивтік, Аэ - элювиалды немесе солодтанған, В - иллювиалдық және С - аналық жыныс.

    Солодтар кәдімгі солодтарға - анық айқындалған А2 горизонты жоқ; шымды солодтар - айқындалған қарашірінділі А4 горизонты бар; шымтезекті солодтар - шымтезекті қабаты бар; кебірлеу және сортаңдау солодтар болып бөлінеді.


    1. Тау топырағы. Құрғақ субтропиктік даланың сұр-күрең топырағы.

    Қызыл, сары топырақтар.

    ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ТОПЫРАҚТАРЫ

    Қазақстан территориясының 10 %-ға жуығын таулы аудандар алып жатыр және олар әртүрлі топырақтардан тұрады.

    Климаты. Тауда әр 100 м көтерілген сайын орташа температура 0,5°С-қа төмендейді, қысым да төмендеп, ауа ылғалдылығы мен жауын-шашын мөлшері бipaзкөбейеді. Климат таулардың етегіндегі субтропикалық белдеуден қар жатқан биіктіктердегі арктикалық белдеуге дейін ауысады. Климаттың өзгepyi ашық тау жыныстары мен минералдардың бұзылу жағдайын да өзгертеді. Нәтижесінде, мұнда механикалық құрамы және су - физикалық қасиеттері бойынша әр түрлішөгінділер пайда болады. Таудағы пайда болған шөгінділерге байланысты, әр түрлі өсімдіктер формациялары мен микроағзалардың таралуы жүреді.

    Таудағы өсімдік құрамы зоналарға бөлінеді, мысалы Алатаудың төменгі бөліктерінде шөл өсімдіктеріөссе, жоғарылаған сайын оларды далалық өсімдіктер ауыстырады, оларды жалпақжапырақты ормандар, оларды қылқанжапырақты ормандар ауыстырады. Олардан да жоғары мәңгі қарларға ауысатын альпі шалғындары орналасады.

    Топырақтардың вертикал горизонттары. Климаттың ауысу заңдылықтарын, өсімдіктер мен топырактың өзгepyiмен бұзылу типтерін және топырақ түзілуі бойынша ең алғашқы зерттеулерді В.В.Докучаев жүргізді. Ол Кавказ топырақтарын зерттеу барысында таудағы топырақтардың жалпы вертикал зоналық заңдылықта-рын белгіледі.

    Таулы аудандарда климаттың континент алдығы мен биіктікке байланысты топырақ зоналарының саны да әр түрлі болуы мүмкін және ол тау тізбектері мен жүйелерінің орналасуына, жел соғу бағыттарына, теңіздер мен мұхиттардан арақашықтығына тәуелді. Дегенмен тау топырақтарына ортақ бipғана заң - ол барлық таулы аудандарда вертикал белдеулер заңдылықтарының болуы.

    Топырақтардың таудағы вертикал белдеулері ендік зоналықты қайталайды. Тау жүйелерінің вертикал зоналардың негізгі топы­рақтары альпі мен субальпі және орман топырақтары. Тау шалғындары топырақтары альпі және субальпі шалғында-ры астында пайда болады. Жауын-шашынның көп мөлшері, ауаның жоғарғы ылғалдылығы, калың өсімдік жамылғысы топырақтарда органикалық заттардың жиналуына септігін тигізеді. Термикалық бұзылудың басым болуы майда, күшті қанқалы топырақтардың пай­да болуына жағдай жасайды. Олар мынадай горизонттардан тұрады: А1 - құба түсті, көбінесе шымтезектелген шым; А2 - күңгірт-сұр құысты, структурасы ұнтақты-дән тәріздес, қалындығы 50 см-ге дейін; В - өтпелі, күшті қанқалы, бұзылу қабықшасына өтетін қабат.

    Тау шалғындары топырақтарында 8-ден 20 %-ке дейін қарашірік бар, негізінде күлгінденбеген.

    Орал таулары бірнеше топырақ - климаттық зоналарды кесіп өтіп, солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр. Таулардың аса биік еместігінен вертикал зоналық әр кезде байқалмайды. Тундра аймағында орналасқан Солтүстік Оралда таулы-тундралы топырақтар басым. Орталық Орал орманды зонада орналасқан. Беткейлердің көп бөлігінде қышқылды, күлгінденбеген, әртүрлі дәрежеде глей-ленген орман топырақтары таралған, тек 1000 м-ден жоғарыда ғана оңтүстікке қарай субальпі шалғындарына ауысатын таулы - тундралы топырақтардың жекелеген бөліктері кездеседі. Оңтүстік Орал тауының төменгі бөлігінде, жалпақ жапырақты орманның астын­да таудың сұр орман топырақтарымен ауысатын қаратопырақтар қалыптасады. Таудың жоғарғы жағында, 1000 м биікте таудың шалғынды шымды топырақтары орналасқан.

    Орта Азия тауларының теңіз бен мұхиттардан шалғайлығы, климаттың континенталды, құрғақ болуына байланысты басым көпшілігінің жамылғысы күрделі далалық болып келеді, сондықтан шөлді-далалық топырақтар басым болады. Аңғарлардың төменгі бөлiктepiндe (300 ден 1200-м дейін) жусанды-астық тұқымдастар астында сұр топырақтар, одан жоғарыда 1200-ден 3200 м дейінгі тауаралық шатқалдарда - таудың қаратопырақтары, таудың күрең және құба топырақтары қалыптасады.

    Биік таулардағы құрғақ жазықтарда, 4 км-ден биік жерлерде тақыр тәріздес шөл топырақтары дамиды. 1600 - 2500 м биіктіктегі жақсы ылғалданған беткейлерде шалғынды-селеулі өсімдік жа­мылғысы астында коңыр және күрең топырақтар, 2000 м-ден биікте - қаратопырақтар, ал шыршалы, қарағайлы ормандар астында орман топырақтары дамыған. 2800 м-ден биікте таудың шалғынды шым­ды және шымтезекті топырақтары дамиды, 5000 м-ден жоғарыда әр жерде таудың тундралық топырақтары кездеседі.

    Таулы аймақтардың топырақтарын пайдалану

    Оңтүстік таулы облыстарда егістіктер мен бақшалар басым, олар аумактың 8 % алып жатыр, жайылымдар мен шабындықтар – 55 %, ал ормандар жалпы ауданның – 16 % ғана алып жатыр.

    Таудың құба орман топырақтары орман өсімдіктерінің қасиеттеріне кескін қалыңдығына, экспозициясына және теңіз денгейінен биіктігіне тәуелді. Түгелдей алғанда олар құнарлы, ал оларға отырғызылған екпе ағаштардың өнімділігі жоғары. Құба топы­рақтар жүзiм, жеміс өcipy үшін жарамды.

    Тау шалғындары топырақтары шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады. Шөптесін өсімдіктер сел жүруінің алдын алуы арқылы эрозияға қарсы рөл де атқарады.

    Тау топырақтарында бидай, жүгері, мақта, жүзiм, көкеністер өcipілeдi. Тау топырақтары орман және ауыл шаруашылықтарында жайылым ретінде кеңінен пайдаланылады.
    Дәріс №15

    Топырақ жамылғысын мелиорациялау, құнарландыру, оны қорғау және тиімді пайдалану.
    Дәріс мақсаты: Төменде келтірілген негізгі сұрақтар және олардың қысқаша мазмұны бойынша білімдерді игеру.


    1. Топырақты мелиорациялау тәсілдері.

    2. Топырақ құнарлығының жерді игеру кезіндегі өзгерістері, оның жақсарту жолдары.


    Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык, қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі тепе-теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға бір гектарға жетер-жетпес айдалатын егістік жерден келеді. Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен бөлігі тау-кен жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен жарамсыз болып жатыр. Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын бұзу, агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта жырту топырақ эрозиясының пайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен және сумен жуылып, бұзылуына алып келеді.
    Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2 млрд гектар ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған.

    Антропогендік әсердің бір салдары - топырақ жамылғысынын қарқынды ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда.

    Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.

    Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі - қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандаи, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.

    Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.

    Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы бар ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі мүмкін.

    Топырақтың химиялық құрамына - тыңайтқыштар мен зиянкестерге, арам шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырақтың құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:

    • пестицидтер;

    • минералдық тыңайтқыштар;

    • өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;

    • атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;

    • Мұнай және Мұнай өнімдері.

    Топыраққа антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшырауына (эрозия, ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:

    • табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;

    • қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;

    • топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу

    тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;

    • зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;

    • қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір

    түрлерінің қолданылуын шектеу;

    • ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен

    күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т.б. [1]
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


    написать администратору сайта