лекция. Өсімдік шикізатының топырақ химиясы пәнінің мақсаты мен міндетте. Минералды оректену туралы жалпы сипаттама. Орташа есеппен сімдікті сусыз ра затыны рамында кміртек 46,оттегі 42 %, сутегі 6,5%, азот 1,5%, минералды элементтер 5%, шамасында болады
Скачать 406.67 Kb.
|
Топырақтың су балансы.Су балансы ылғалдың топыраққа келуі мен оның топырақтан пайдаланылып кетуінен (су шығынынан) тұрады. Ол нақты зонада белгілі бip уақыт аралығында және белгілі бip топырақ кабатына арналып есептеледі. Ылғалдың топырақта жинақталу көзі атмосфералықұ жауын-шашын. Топырақтың жоғарғы қабатының ылғалмен қанығуы төменгі ауа қабатындағы бу тәрізді және басқа ылғалдың конденсациясы арқылы да жүруі мүмкін. Ондай жағдай көбінесе беткейлердің етегінде және жер бедерінің кepiэлементтерінде ұшырасады. Ылғал қоры топырақ ішіндегі ылғал қозғалысы арқасында да толықтырылып отырады. Оған қосымша ылғал топыраққа жел ұшырып келген кардың еріп, сіңуімен де толықтырылады. Орман-тоғайдың айналасына, жыралар мен сайларға, ойыстарға жел күртік қарды үйіп тастайды. Осылармен қатар ылғал жиналуына жер асты суларынан жақын орналасқан капиллярлармен жоғарғы горизонттарға дейін көтерілетін сулар да ықпал етеді. Топырақтың жоғарғы қабаттарында жинақталған су мына себептер нәтижесінде шығынға ұшырайды: 1) еріген қардың ағьш кетуі мен қардың желмен ұшырылуы; 2) жер асты сулары мен топырақтағы су козғалысы; 3) топырақ ылғалынын булануы; 4) өсімдіктер арқылы булану (транспирация). Ең жоғары ылғал шығыны топырақ ылғалының булануы (физикалық булану) мен өсімдіктер арқылы булану (транспирация) кезінде болады. Өсімдіктердің топырақтағы ылғалды тамырлары арқылы пайдалануын десукция деп атайды. Десукция мөлшері өсімдік құрамына байланысты болады. И.С. Васильевич зерттеулері бойынша күрделі шырша орманының орташа шымды топырақ бетітөсенішіндегі десукция мөлшері жылына 70 мм, ағаш тәріздес өсімдіктер үшін- 190 мм. Орман калыңдығы да десукция мөлшеріне үлкен ықпал етеді. А.А. Молчанов мәліметтері бойынша қалыңдығы 0,9 таза қарағайлы ормандарда ылғалдың жиынтық шығынының десукциясы 243 мм. Топырақтың су режимінің типтері. Топыраққа ылғал түcyi мен оның шығыны, қозғалуы барысындағы барлық құбылыстар жиынтығын топырақтың су режимі деп атайды. Оның пайда болуы су қорының көбеуімен азаюына байланысты. Топырақтың су режимі және оның типтері туралы ілімнің негізін Г.Н. Высоцский қалады, кейін оны А.А. Роде, И.С. Васильев және т.б. өз еңбектерінде жалғастырды. Топырақ пен климаттық жағдайға байланысты әртүрлі топырақтардың су режимінің шарттары да әртүрлі болып қалыптасады. Т.Н. Высоцкий жылдық жауын-шашын мөлшері мен жылдық булану мөлшерін салыстыра келе, әртүрлі су режимі типтеріндегі су балансының мынадай сызбасын ұсынды: а - су режимінің шайылу типі; б - су режимінің шайылмайтын типі; s - су режимінің терлеу типі; 1 - жауын-шашын; 2 - ағаштар ұстап қалатын ылғал; 3 - жер беті ағысы; 4 - физикалық булану және топырақтағы өсімдік жамылғысының десукциясы; 5 - топырақтағы ағыс; 6 — ағаштар десукциясы; 7 - жер асты ағысы; 8 - булану және десукция. Г.Н. Высоцкий аталған екі көрсеткіш арқылы су балансы коэффициенттерін белгіледі, олар: орманды шалғын (орман) үшін - 1,33; орманды дала үшін - 1,0; қаратопырақты дала үшін - 0,67, құрғақ далалық зонасы үшін - 0,33. Осымен сәйкес келесі су режимінің типтерін белгіледі, олар: шайылатын, шайылмайтын және терлеу типтері, ал тоңдық типті А.А. Роде енгізді. Су режимінің шайылу типi. Атмосфералық жауын-шашын жыл сайын топыраққа сіңіп, жер асты суларына дейін жетеді, сондағы жер асты суларына кететін ылғал мөлшері, топыраққа жер асты суларынан келетін ылғал мөлшерінен көп. Сурежимінің шайылу типі тайга ормандары мен жауын-шашын мөлшері булану мөлшерінен көп болатын басқа да зоналарға тән. Шайылу типінің тағы басқа бip түpi, периодты шайылу типі, бұнда топырақтың жер асты суларына дейін шайылуы периодты түрде - жауын-шашын мөлшері булану мөлшерінен көп болған жылдары жүреді. Жер асты сулары мен капилляр жиектері өсімдік тамырларынан төменде орналасады. Су режимінің осы типі орманды дала аймағындағы орманның сұр топырақтарына тән. Су режимінің шайылмайтын типі. Грунт-топырақ қабаты ешқашан жер асты суларына дейін шайылмайды. Ылғалданған қабаттын төменгі шекарасы мен жер асты суларының жиегі арасында ылғалдылығы құрғау ылгалдылығына сай келетіндей қабат жатады. Жер асты сулары тереңде орналасқан (12-15 м-ден бірнеше ондаған м-ге жетеді). Бұл тип ылғал булануы жауын-шашыннан басым болатын қаратопыраққа, күрең, құба және сұр топырақтаға тән. Су режимінің булану типі. Осы су режимінде топырақ пен өсімдіктердің ылғалды буландыруы жауатын жауын-шашын мөлшерінен көп болады. Жетпейтін айырмасы жер асты суларымен толықтырылады. Бұндай су режимі тұзды топырақтарда байқалады. Тоңды су режимі типі. Ол «мәңгі тоң» облыстарына тән. Астыңғы бөлігі epiгeн топырақ пен тоң арасында «тоңүсті сулары» пайда болады, мұнда сутірек міндетін тоңды грунт атқарады. Әcipece жауын-шашын кезіндегі су epiгeн топырақ қабатын әбден қанықтырады. Жалпы, жаз аяғына қарай «тоңүсті сулары» жойылады. Орман ағаштарының аумактық су режиміне әcepi. Орманның және екпе ағаштардың аумактық су режиміне әcepi алуан түрлі, ол әсерлердің көбici топырақ арқылы жүреді. Шалғындар мен далаларға қарағанда орман ылғалды әлдеқай-да көп буландырады және орман ағаштары астындағы ылғалдың топырақ бетінен шығындалуы өте төмен, ал жауын-шашынның, нөсердің, epiгeн қар суының сіңірілуі жоғары болады. Қыста, орманда, ашық даламен салыстырғанда қар көп жиналады. Ормандағы ылғал сіңірілуі басқа жерлермен салыстырғанда жоғары. Сондықтан қар ерігенде де, жаңбыр кезінде де ылғал топыраққа түгелдей сіңеді, яғни ормандарда су шығыны аз болады, ауа ылғалданады және су балансы өзгереді. Жалпы, орман топырақтағы ылғал айналымын ұлғайтады. Ол дала және орманды дала зоналарында жақсы байқалады. Топырақтың су режимінің реттелуі. Су режимінің жақсаруы үшін және ылғал қорын көбейту үшін, егіншілікпен айналысатын аудандарда кешенді агротехникалқұ шаралар жүргізіледі: терең жырту, топырақ қопсыту және топырақ кабыршақтарын жою, беткейлерді контурлы жырту, қорғаныштық орман жолақтарын құру, қар тоқтату, қар epyiн реттеу, epiгeн қар суын тоқтату, топырақтың берік структурасын қалыптастыру, органикалық тыңайтқыштар енгізу т. б. Солтүстік облыстар мен аудандарда ылғалдылығы жогары топырақтарды құрғатады, ал оңтүстіктегі қуаңшылық аудандарында керісінше, су қорларын тиімді пайдалана отырып жасанды суару жұмыстары жүргізіледі. Дәріс №10 Топырақ ауасы және оның газдық режимі. Дәріс мақсаты: Төменде келтірілген негізгі сұрақтар және олардың қысқаша мазмұны бойынша білімдерді игеру. Топырақтың ауасы, ауа қасиеттері, ауаның мөлшері. Топырақтың аэрациясы. Топырақ ауасы, немесе газдық фазасы, топырақтың маңызды құрам бөлігі, топырақтың қатты, сұйық және тірі фазаларымен тығыз байланыста болатын. Топырақ ауасы – судан бос топырақтың саңылауларын толтыратын газдар мен ұшпа органикалық қосылыстардың қоспасы. Топырақтың газдық фазасының негізгі көздері – атмосфералық ауа және топырақтың өзінде түзілетін газдар. Атмосфералық ауадан өсімдіктердің тамырларына, аэробты микроағзаларға, топырақ фаунасына қажетті оттек келеді, тыңыс алу процесснде оттек тұтынып, көмір қышқыл газы бөлінеді. Топырақта топырақ ауасы 3 күйде болады: Бос топырақ ауасы - топырақтың капиллярлы емес және капиллярлы саңылауларында орналасады, қозғалмалы, топырақта бос қозғалады және атмосфералық ауамен алмасады. Топырақ аэрациясының ең көп мөлшерін судан бос болатын капиллярсыз саңылаулардағы ауа алады. Ерітілген топырақ ауасы - топырақ суында ерітілген газдар. Топырақ ауасында газдардың еруі олардың концентрациясының бос топырақ ауасында жоғарлауымен көбееді. Суда жақсы еритіндер: аммиак, күкіртті сутек, көмір қышқыл газы. Оттек салыстырмалы әлсіз ериді. Адсорбцияланған топырақ ауасы - топырақ қатты фазасы бетімен сорбцияланған газдар. Газдардың адсорбциясы ауыр механикалық құрамы бар, органикалық затпен бай, құрғақ топырақтарда күштірек көрсетіледі. Себебі, топырақтың қатты бөлшектері су буларын, газдармен салыстырғанда, қарқынды сіңіреді. Бос топырақ ауасының құрамы. Ерекшеліктері: 1) тұрақты,негізгі компоненттердің мөлшері аз өзгерісті (азот – 78,08 %, оттек – 20,95 %, аргон – 0,93 %, көмір қышқыл газы – 0,03 %); 2) динамикалық (топырақ ауасында ең динамикалық газдар оттек пен көмір қышқыл газы, олардың мөлшері тұтыну және шығу қарқындылығымен, топырақ және атмосфера арсындағы газ алмасу жылдамдығымен күрт ауытқыйды); топырақ ауасындағы азот атмосфералық азоттан аз айырмашылығын көрсетеді; топырақ ауасы құрамы мен жылжымалылығы бойынша біртексіз, бұл топырақ саңылауларының мөлшерінің әр түрлілігімен анықталады; топырақта оттек тұтынушылары – өсімдік тамырлары, аэробтық микроағзалар және топырақ фаунасы, аз мөлшері химиялық процесстерге жалғасады; топырақтың жақсы аэрациясы жағдайында көмір қышқыл газының мөлшері сіңірілген оттек мөлшеріне эквивалентті немесе одан кішкене төмен болады, сондықтан тыңыс алу коэффициенті бірге тең немесе жақын. Топырақтың ауа қасиеттері. Газалмасу немесе аэрация – өзара немесе атмосферамен байланысты топырақтың ауа саңылаулары арқылы жүреді. Газ алмасу факторлары: Диффузия – парциалды қысымға сәйкес газдардың қозғалуы; Топыраққа ылғалдың шашыңдармен немесе суаруда түсуі; Топырақ температурасының және атмосфералық қысымның өзгеруі; Жел әсері; Грунт суларының деңгейінің өзгеруі немесе жоғарғы қар еруіненсудын келуі . Топырақтың ауа қасиеттері. Ауа өткізгіштігі – топырақтың өз арқылы ауаны өткізу қабілеті. Өлшем бірлігі: мл/см2. Топырақ механикалық құрамына, тығыздығына, ылғалдылығына және структурасына байланысты. Ауа сыйымдылығы – топырақта ауаның көлемдік процентпен мөлшері. Топырақтың ылғалдылығына және саңылаулығына байланысты. Топырақтың ауа режимі – топыраққа ауа түсу, топырақ кесіндісінде ауаның қозғалуы, топырақтың қатты, сұйық және тірі фазаларымен әрекеттесуде құрамы мен физикалық күйінің өзгеруі, атмосфералық ауамен газ алмасуы барлық құбылыстарының бірлестігі. Топырақтың ауа режимі тәуліктік, мерзімдік, жылдық және көп жылдық өзгерістерге жатады және тікелей байланыста топырақтың физикалық, химиялық, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерімен, ауа райы жағдайларымен, өсімдік сипатымен, егілетін мәдениеттерімен және агротехникамен болады. Ең қолайлы ауа режимі структурлы топырақтарда, бос құрылысы бар, түскен суды және ауаны өткізуге және таратуға қабілетті топырақтарда кездеседі. Топырақтың ауа режимін агротехникалық және мелиоративтік шаралармен реттейді. Батпақты топырақтарда агротехникалық шараларды тек мелиорация – құрғатылудан кейін қолданады. Дәріс №11 Топырақтың жылу режимі және жылу қасиеттері. Дәріс мақсаты: Төменде келтірілген негізгі сұрақтар және олардың қысқаша мазмұны бойынша білімдерді игеру. Топырақтың температурасы. Топырақтың жылу режимін реттеу әдістері. Топырақтың жылу қасиеттері мен жылу режимі. Өсімдіктер атмосфералық жылуды ғана емес, топырақ жылуын да қажет етеді. Топырақтың жылу режимі мәдени өсімдіктер дамуында маңызды рол атқарады. Қоректік заттар мен су мөлшері қаншалықты көп болса да, топырақ температурасы көтерілмей, ауылшаруашылық дақылдарының қалыпты өcyi мен дамуы, жоғары өніділік қамтамасыз етілмейді. Топырақ температурасы төмен болғанда өсімдік өcyi тоқталады. Топырақ температурасы микроағзалар тіршілігіне де үлкен ықпал етеді. Топырақтағы басты жылу кезі Күн сәулесінің энергиясы болып табылады, сонымен қатар топыраққа, аздаған мөлшерде, Жер қойнауынан да жылу келеді. Ашық жерлерде Күн сәулесінің энергиясы топырақты тікелей жылыта алады. Қалың ормандарда күн сәулелері топырақ бетіне жетпейді, бұл жағдайда жылу топыраққа жылыған ауа мен атмосфералық жауын-шашын арқылы беріледі. Шығу тегі мен құрамы әртүрлі топырақтар жылу қасиеттері бойынша бip-бipiнeн ерекшеленеді. Жылу режимін айқындайтын жылу қасиеттеріне топырақтың жылу сіңіpyi немесе сәуле ciңipyi, жылу бepyi, жылу сыйымдылығы және жылу өткізгіштігі жатады. Топырақтарды жылы және салқын топырақтар деп бөледі. Топырақтың жылу сіңіpyi - оның топырақта жылу энергиясына айналатын Күн cәyлeлepiн қабылдау қабілеті. Топырақтың жылуды сіңіpyi топырақтың түсіне де байланысты: түсікүңгірт топырақтар ашық түсті топырақтарға қарағанда жылуды жақсы сіңіреді. Топырақта қарашірік неғұрлым көбейген сайын, оның түсі де соғұрлым күңгірттене түседі, сондықтан топырақтың Күн энергиясын қабылдау қабілеті де артады. Мысалы, ашық топырақтарға органикалық тыңайтқыштарды енгізгенде олардың температурасы артады. Топырақтың Күн энергиясын сіңіруіне беткей экспозициясы мен ондағы өсімдіктер жамылғысы да әсерін тигізеді. Күнгей беткейлердің топырағы күн энергиясын теріскей беткейлер топырағына қарағанда көп сіңіреді. Өсімдік жамылғысы жылу сіңірілуін кемітеді. Жаздық ыстық күндерінде орман топырақтары ашық жерлердің топырақтарына қарағанда аз жылынатыны барлығымызға белгілі. Топырақтың ылғалдылыгы мен жұмсақтығы жоғарылаған сайын энергия қабылдауы да өседі. Топырақ жылуы деп топырақтың атмосфераға жылу беруін айтады. Жылу беруіне топырақтың ылғалдылығы, структурасы, қарашірік мөлшері, тіріжәне өліжамылғысы, ал қыста қар жамылғысы әсер етеді. Судың жылу бepyi жоғары, топырақтың минералдық бөлшектерінің жылу бepyi баяу. Жылуды барлығынан баяу бepeтіні қарашірік. Құрамында ылғалы көп топырақтар жағдайы бірдей, бipaқ құрғақ топырақтарға қарағанда жылуды жылдам береді. Қарашірік жылуды көп сіңіреді және жақсы ұстайды, яғни қарашірігi көп топырақтар жылуды жақсы ұстайды. Tipi және өлi жамылғы жылу шығынын азайтады, ал қыста оны қар жамылғысы азайтады. Жаңадан жауған, құрамында көп ауасы бар қар жылуды нашар өткізеді, яғни топырақтан жылу берілуін азайтады. Сондықтан қар астындағы топырақ температурасы қарсыз жермен салыстырғанда жоғары болады. Қар күздік егінді үсуден сактайды. Ашықдалаға қарағанда орманда, қардың қалың болуына байланысты, топырақ тоңы қатты тереңдемейді. Топырақтың жылу сыйымдылығы деп топырақ бipлiгiн (1 см3) 1°С-ка жылытуға кететін жылу мөлшерін (калорияда) айтады. Судың жоғаргы жылу сыйымдылығы - 1,0 кал/г, шымтезектікі - 0,477, саздактікі - 0,233 кал/г, жылу сыйымдылығы азы құм - 0,196 кал/г. Топырақтың орташа жылу сыйымдылығы - 0,1 кал/г болады. Жылу сыйымдылығы топырақтың құрамдас бөліктеріне, ондағы органикалық заттар, су және минерал бөлшектерге тәуелді. Топырақта су көп болған сайын, оны жылытуға кететін жылу мөлшері де көп болуы керек. Құнарлы органикалық заттарға бай құрғак топырақтар, жылу сыйымдылығы төмен болғанына байланысты, тез жылынады. Құмдауыт топырақтар саздақ топырақтарға қарағанда жылы, сол себепті ондағы қар көктемде 2 - 3 апта бұрын ериді. Топырақтың су, ауа, жылу режімі – топырақтың экологиялық қалпының көрсеткіштері. Дәріс №12 Топырақ ерітіндісі және тотығу-тотықсыздану процестері. Топырақ құнарлығы. Дәріс мақсаты: Төменде келтірілген негізгі сұрақтар және олардың қысқаша мазмұны бойынша білімдерді игеру. Топырақтың тотығу-тотықсыздану процестері. Топырақтың құнарлығы, факторлары және элементтері. Топырақтың тотығу-тотықсыздану процестері. Топырақ – күрделі тотығу-тотықсыздану жүйесі. Тотығу процессі дегеніміз: 1) оттекті қосу; 2) сутекті беру; 3) сутегі мен оттегінің қатысуысыз электрондарды беру. Тотығу-тотықсыздану процессінің жалпы схемасы: +е- Ох Rеd -е-. Жалпы схемаға сәйкес, тотығу – электрондарды беру процессі, тотықсыздану – электрондарды қосып алу процессі. Топырақта тотығу процесстері органикалық заттың айналу құбылыстарында кең дамыған (мысалы, тирозин мен басқа хош иісті аминоқышқылдардың меланиндерге тотығуы). Гумификация – бұл тотығу үрдісі. Топырақта органикалық заттардың тотығу реакцияларының көбі қайтымсыз тобына жатады. Топырақта кең таралған қайтымды тотығу-тотықсыздану реакциялары: Fe3+=Fe2+; Mn4+=Mn2+; N5+=N3+; S6+=S2- және т.б. Тотығу-тотықсыздану үрдістерінің дамуы топырақтағы микробиологиялық үрдістердің қарқындылығымен анықталады. Топырақтағы негізгі тотықтырғыш топырақ ауасының немесе топырақ ерітіндісінің құрамындағы молекулярлы оттек. Тотығу-тотықсыздану үрдістерінің қарқындылығы мен бағытын анықтаушы негізгі жағдайлар: топырақтың ылғалдануы; топырақтың аэрациясы; топырақта органикалық заттың мөлшері; топырақтағы микробиологиялық үрдістердің жүру температурасы. Топырақтың тотығу-тотықсыздану жағдайының саналық сипаттамасы – тотығу-тотықсыздану потенциалы – берілген уақытта топырақтың әртүрлі тотығу-тотықсыздану жүйелерінің қоспа қарқындылығы. Көрсеткіштің белгісі Eh, өлшем бірлігі мВ. Топырақта тотығу-тотықсыздану потенциалының көрінісі топырақтың генетикалық қасиеттеріне, су-ауа және температуралық режиміне байланысты. Топырақтың тотығу-тотықсыздану режимі – топырақ түзілудін жылдық айналымында топырақ кесіндісіндегі тотығу-тотықсыздану процесстерінің ара қатысы. Топырақтың тотығу-тотықсыздану режимінің типтері: Абсолютті басымды тотығу жағдайы бар топырақтар – дала, жартылай шөл, шөлдердің автоморфтық топырақтары (қара топырақтар, күрең топырақтар, сұр-қоңыр топырақтар, құба жартылай шөлді топырақтар, сұр топырақтар, сұрғылт-құба топырақтар); Бөлек ылғалды жылдары немесе мерзімдік жағдайда тотықсыздану үрдістерінің көрсетілуі мүмкін болатын басымды тотығу жағдайлары бар топырақтар – тайга-орман зонасының, ылғалды субтропиктердің, жапырақты-орман және құба-орман зоналарының автоморфтық топырақтары; Күрт тотығу-тотықсыздану режимі бар топырақтар – әртүрлі зоналардың жартылай гидроморфтық топырақтары; Тұрақты тотықсыздану режимі бар топырақтар – батпақты және гидроорфтық сортаңдар. Топырақтың құнарлығы, факторлары және элементтері. Топырақ құнарлығының жерді игеру кезіндегі өзгерістері, оның жақсарту жолдары. Құнарлылық – топырақты тау жыныстарынан ерекшелендіретін топыраққа тән маңызды сапалық қасиет. Құнарлылық деп топырақтың өсімдіктер өнімділігін қамтамасыз ету қабілетін айтады. Ол бip мезгілде және үзіліссіз өсімдіктерді керекті су және қорекпен қамтамасыз ету жағдайымен қатар, оттегі мөлшерінің жеткілікті және топырақтардың өсімдіктердің тамыр жүйелері ушін қолайлы физикалық қасиеттері болған кездерінде қамтамасыз етіледі. Топырақ құнарлығын анықтайтын жағдайлар өсімдіктің өciп және дамуына тікелей әсер ететін тура және жанама болуы мүмкін. Тура жағдайларға жеткілікті пайдалануға ынғайлы су қоры, аэрация, орта реакциясы, пайдалануға ынғайлы қосылыстар формасы мен мөлшері, қоректік элементтер және олардың қатынасы. Жанама жағдайларға жатқызылатыны: ил бөлшектері, қарашірік, микроағзалар саны, топырақтың тамыр таралатын қабатын шектейтін тығыз горизонттардың тереңдігі, топырақты өңдеу. Тура және жанама жағдайлар өзара тығыз байланыста және өсімдік өнімділігіне өте үлкен әсерін тигізеді. Өсімдік тірішілігінің әpбip жеке жағдайы немесе факторы өсімдіктің өcyi үшін жеткіліксіз (минималды) болуы мүмкін, ынғайлы (оптималды) болғанда өсімдік ең жоғарғы өніміділік береді, егер артық (максималды) болса токсикоз болып, өсімдік өніміділігі нашарлап кетеді. Топырақтың жалпы құнарлығы әpбip өсімдікке әсер eтyi кезінде минимум мен максимумда болатын жағдайлармен анықталатын болады. Өсімдіктің ең жоғаргы өніміділігі топырақтың ең жоғарғы құнарлығына сәйкес келетін әртүрлі жағдайлардың ыңғайлы құрамдары мен қатынастары кезінде байқалады. Әртүрлі топырақ-климаттық зоналарда топырақ құнарлығын анықтайтын жағдайлар әртүрлі. Тундра аймағында шектейтін факторлар төменгі температура мен топырақтың жоғары ылғалдылығы, орманды зонада – артық ылғалдылық пен топырақ қышқылдығы, орманды-дала және дала зоналарында – ылғал жетіспеушілігі мен топырақта көбінесе натрийдың, хлордың артықтығы. Құмдауыт топырақтарда ылғалдылық пен қоректік элементтерінің жетіспеушілігі, ауыр саздақ топырақтарда – аэрация нашарлығы және топырақтың жоғары тығыздығы. Сонымен, құнарлылық топырақ түзілу жағдайларының өзгеруіне байланысты шeктeлeдi. |