Главная страница

Мінезлы ауіп факторларын ерте анытауа профилактикалы медициналы тексеруге жататын адамдарды нысаналы топтары


Скачать 71.16 Kb.
НазваниеМінезлы ауіп факторларын ерте анытауа профилактикалы медициналы тексеруге жататын адамдарды нысаналы топтары
Дата04.10.2020
Размер71.16 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла-1930419797.docx
ТипДокументы
#140918
страница4 из 5
1   2   3   4   5


{

Ламивудин 100 мг\тәул босанғанға дейін

Адеметионин+урсодезоксихоль қышқылы

Қысқа әсерлі интерферон

Интерферон тік ішектік шам түрінде, босанғанға дейін

Эссенциальды фосфолипидтер 38-39 аптаға дейін

}
Бұл жағдай ААФ ингибиторларын тағайындауға қарсы көрсетпе емес:

{

қантты диабет

жүктілік

бүйрек артериясының стенозы

құрғақ жөтел

митральді және аорталық қақпақшалардың стенозы

}
23 жастағы алғаш босанушы әйел эклампсия ұстамасынан кейін перзентханаға жеткізілді. Жүктіліктің 37-38 аптасы, жағдайы ауыр, АҚ 150\100 мм сын.бағ., пульс 98 мин. Аяқтарында айқын ісінулер. Жүкті әйелді жүргізу тактикасын таңдаңыз:

{

емдеу фонында жүктілікті пролонгациялау

2-3 күн ішінде комплексті интенсивті терапия жүргізу

дұрыс жауап жоқ

акушерлік қысқыштарды қолдану арқылы босандыру

комплексті интенсивті терапия фонында кесар тілігі арқылы босандыру

}
Жүктіліктің кеш мерзімінде жүктілікті үзуге көрсетпе емес:

{

І дәрежелі артериялық гипертензия

әлеуметтік көрсетпелер

әйелдің экстрагенитальді аурулары

ұрық дамуының ақаулары

жүктіліктің асқынулары

}
Жүрек-тамыр жүйесі ауруларының ішінде №626 бұйрыққа сәйкес жүктілікті үзуге қарсы көрсетпе саналмайды:

{

І дәрежелі артериялық гипертензия

жүректің ишемиялық аурулары

жедел ревматизмдік қызба

ІІІ дәрежелі артериялық гипертензия

жүрек шамасыздығы дамыған тума ақаулар

}
24 жастағы алғашқы жүктілігі бар әйел бас ауруына, көруінің нашарлауына шағымданады. Жүктілік мерзімі 40 апта. Қарағанда: АҚ 180\100 мм сын. бағ., аяғында ісінулер. Ішкі органдарды зерттеуге кіріскенде сананың жоғалуы мен құрысулар басталды. Ең дұрыс диагнозды көрсетіңіз:

{

эклампсия

эпилепсия

истерия

гипокальцемия

преэклампсия

}
Сізді 24 жастағы жүктіліктің 37 аптасындағы жүкті әйел үйіне шақырды. Жүкті әйел бас ауруына, соңғы 2 күн ішінде көруінің нашарлауына шағымданады. Әйелдер кеңес үйіне соңғы рет барғанында (2 апта бұрын) несеп анализінде протеинурия анықталған, артериялық қысымы қалыпты болған. Қарағанда: артериялық қысымы 160\105 мм сын. бағ., аяғында ісінулер. Дұрыс шара:

{

эклампсия даму қаупіне байланысты науқасты тез арада босануға дейінгі бөлімшеге жатқызу

салуретиктер тағайындау және 3-4 күннен кейін қайта келу

анықталған өзгерістерді зерттеу үшін терапиялық бөлімшеге жатқызу

науқасқа амбулаториялық жағдайда зерттеу (несеп, электролит, креатинин анализдерін қайта тексеру, көз түбін зерттеу)

антигипертензиялық дәрмектер тағайындау

}
Жүкті әйелдерде гестациялық артериялық гипертензия диагнозы келесі мәліметтерге сүйеніп қойылады:

{

АГ жүктіліктің екінші жартысында анықталуы

АГ жүктіліктен алдын анықталуы

АГ бірінші жартысында анықталуы

АГ босанудан кейін анықталуы

аталғанның барлығы

}
Артериялық гипертензиясы бар жүкті әйелдерде болуы мүмкүн асқынулар:

{

аталғанның барлығы

преэклампсияның дамуы

қалыпты орналасқан плацентаның сылынуы

ерте босану

миға қан құйылу

}
Жүктілік кезіндегі гипертензиялық кризге тән емес:

{

гипертензиялық криздін тек жүктіліктің екінші жартысында дамуы

ісіну, протеинурия және цилиндрурияның болмауы

парестезиялар, бетінің гиперемиясы, терлеудің пайда болуы

бастың ауырсынуы, жүрек айну, құсу

жүктіліктің кез келген мерзімде гипертензиялық криздің дамуы

}
Жүктіліктің 28 аптасынан кейін АҚ жоғарылауы тән:

{

преэклампсияға

созылмалы гломерулонефритке

созылмалы пиелонефритке

несеп-тас ауруына

эссенциальді артериялық гипертензияға

}
Артериялық гипертензиясы бар жүкті әйелде босанудын бірінші кезеңінде тағайындалмайды:

{

магний сульфаты

антигипертензиялық ем

босануды жансыздандыру

ерте амниотомия

ұрықтын гипоксиясының алдын алу

}
Артериялық гипертензиясы бар жүкті әйелде босанудын екінші кезеңінде тағайындалады:

{

перинеотомия және акушерлік қысқыштарды қолдану арқылы екінші кезеңді қысқарту

перидуральды анестезия жасау

босанудын екінші кезеңіне жібермеу

магний сульфатын венаға енгізу

кесар тілігі арқылы босандыру

}

Артериялық гипертензиясы бар жүкті әйелде босанудын екінші кезенінде бақыланатын нормотония үшін тағайындалады:

{

магний сульфат көк тамырға

бета-адреноблокаторлар

глюкозо-новокаин қоспа

перидуральды анестезия

ганглиоблокаторлар

}
30 жастағы жүкті әйел артериялық гипертензиямен келді: әлсіздікке, сол көзінің көруінің нашарлауына, ірі буындарының көшпелі ауырсынуына шағымданады. Жазу жазғанда қолдарында әлсіздік және дискомфорт сезімі пайда болады. Обьективті тексергенде пульстің (сол жақта әлсіздеу) және АҚ (оң жақта АҚ 180\100 мм сын. бағ., сол жакта АҚ 160\90) асимметриясы анықталады. Аортаның құрсақ бөлігінің үстінен систолалық шу естіледі. Іш куысы мүшелері патологиясыз. Қанның жалпы анализі: Hb 112 г\л, лейкоциттер 5,7х109\л, лейкоформула өзгеріссіз, ЭТЖ 28 мм\сағ Несептің жалпы анализі өзгеріссіз. Антинуклеарлы антиденелер анықталмады. Қандағы холестерин 4,2 ммоль\л. Болжам диагноз:

{

бейспецификалық аортоартериит

ЖҚЖ

атеросклероз

фибромускулярлы дисплазия

аорта коарктациясы

}
Жүкті әйелдерде артериялық гипертензияны емдеу үшін қолданылмайды:

{

ААФ ингибиторлары

кальций антагонистері

β-адреноблокаторлар

α-β-адреноблокатор

орталық α2-адреностимуляторлар

}
Төмендегі симптомдардың жиынтығы HELLP - синдромын құрайды:

{

гемолиз, трансаминазалардың жоғарылауы, тромбоцитопения

гемолиз, холестаз, мезенхималық қабыну синдромы

тромбоцитопения, ТШҰ - синдромы, қан кету

дұрыс жауап жоқ

гемолиз, тромбоцитопения

}
ҚР ДСМ 23.08.2010 жылдың №661 бұйрығына сәйкес жүкті әйелді жедел вирусті гепатит В-мен ауырғанда жүктіліктің 30 аптасынан кейін қай ауруханаға жатқызады?

{

жұқпалы аурулар ауруханасына боксқа

терапиялық бөлімшеге

перзентхананың жалпы бөлімшесіне

қарқынды терапия бөлімшесіне

перзентханаға жекеленген бокста

}
Жүктілердегі бауырішілік холестазға тән:

{

терінің қатты қышуы, әлсіз сарғаю

терінің айқын сарғаюы, терінің тұрақты емес қышуы

гипотония, гепатоспленомегалия

жеңіл терінің қышуы, аздаған сарғаю

гепатомегалия, әлсіз сарғаю

}
Жүктілердегі бауырішілік холестазда қанның биохимиялық анализдерінде келесі өзгерістер байқалады:

{

шамалы гипербилирубинемия, АЛТ жоғарылауы

жоғары гипербилирубинемия, альбуминнің төмендеуі

аздаған гипербилирубинемия, АЛТ жоғарылауы

АЛТ жоғарылауы, протромбинің төмендеуі

аталған жауаптардың бәрі

}
Жүктілік үзілгеннен кейін бауырішілік холестазбен ауырған әйелде келесі өзгерістер дамиды:

{

барлық белгілер жойылады

сарғаю үдейді

өлім-жітім болуы мүмкін

геморрагиялық синдром

терінің қышуы үдейді

}
Бауырішілік холестаздың жүктілікке және босануға теріс әсері:

{

ұрықтың іште өлуі

қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы

босану әлсіздігі

нәрестелерде сарғаюдың жиі кездесуі

түсікті жиі тастау

}
24 жастағы әйел жүктілік жоспарлап жүр. Вирусті гепатиттер маркерлеріне қан тапсырды. Анти-HCV total табылды. ПЦР РНК нәтижесі теріс. Бауырдың биохимиялық сынамасы қалыпты. Гепатомегалия жоқ. УДЗ – де бауырда диффузды өзгерістер. Сіздің диагнозыңыз:

{

созылмалы вирусты С гепатит, минимальді белсенді кезеңі

вирусты С гепатит жоқ, жалған оң нәтиже

жедел вирусты С гепатит

бауыр циррозы , компенсация сатысы

созылмалы вирусты С гепатит, асқынусыз

}
Жүктілердегі бауырішілік холестаз жүктіліктің қай мерзімінде кездеседі:

{

3 триместрде

2 триместрде

жүктілік бойы

дұрыс жауап жоқ

1 триместрде

}
24 жастағы әйел жүктілік жоспарлап жүр. Вирусты гепатиттер маркерлеріне қан тапсырды. Анти-HCV total табылды. ПЦР РНК нәтижесі теріс. Бауырдың биохимиялық сынамасы қалыпты. Гепатомегалия жоқ. УДЗ – де бауырда диффузды өзгерістер. Сіздің тактиканыз:

{

бұл жағдай емді қажет етпейді

пег-интрон, ребетол тағайындау

гепатопротекторлар тағайындау

гептрал тағайындау

гепа – мерц тағайындау

}
Вирусты гепатиттің келесі түрі жүкті әйелдерде ең ауыр ағымда өтеді:

{

вирусты Е гепатит

вирусты А гепатит

вирусты В гепатит

вирусты С гепатит

вирусты Д гепатит

}
20 жастағы, жүкті әйел, жүктіліктің 31-32 аптасында, 14 күн бұрын А вирусті гепатитпен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болған. Кеше әлсіздік, шаршағыштыққа, жүректің айнуына, эпигастрий аймағында және оң жақ қабырға астында аздаған ауру сезіміне шағымданды, 1 рет құсты. Объективті қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Т-36,5ºС. Тері және шырышты қабаты қалыпты. Тілі ақ жамылғымен қапталған, ылғалды. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрий аймағында және оң қабырға астында ауырсыну сезімі бар. Бауыры 2см-ге ұлғайған, көк бауырдың шеті анықталады. Нәжісі және зәрі қалыпты. Биохимиялық анализдерінен: жалпы билирубині қалыпты, АЛТ 2,5 есе көбейген. Сіздің диагнозыңыз:

{

вирусты А гепатит, сарғаюсыз түрі

вирусты А гепатит, сарғаю түрі холестаздық компанентпен

вирустасымалдаушылық

вирусты А гепатит, субклиникалық түрі

вирусты А гепатит, сарғаю түрі

}
37 жастағы әйел, жүктілігі 28-30 апта, ауруханаға ессіз жағдайда, айқын сарғаюмен жеткізілді. Аузынан «бауырлық» иіс сезіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі ырғақты, толуы әлсіз, минутына 120 рет. АҚ 110\70 мм сын.бағ. Бауырдың төменгі шекарасы перкуссия арқылы бұғана-орталық сызық бойымен қабырға доғасынан 2 см төмен ығысқан. Сарғыштық ауруханаға түсер алдында 1 күн бұрын пайда болған, бір апта алдын «катаральді аурумен» ауырған. Келесі асқыну дамыған:

{

бауырлық жедел энцефалопатия

бүйрек үсті бездерінің жедел жетіспеушілігі

жедел жүрек-қан тамырлар жетіспеушілігі

инфекциялық-токсиндік шок

тыныстың жедел жетіспеушілігі

}
Жүктіліктің келесі мерзімінде вирусты Е гепатиті ауыр ағымды өтеді:

{

3-ші триместрде

2-ші триместрде

1-ші триместрде

Е вирусты гепатит ешқашан ауыр түрде өтпейді

жүктілік бойы

}
Жүктілік кезіндегі вирусты Е гепатиттің ауыр ағымының себебі:

{

бауырлық жедел энцефалопатияның жиі дамуы

бүйректің жедел жетіспеушілігі мен нефропатияның дамуы

жүктіліктің дамымауы

айқын холестаз

айқын терінің қышынуы

}
Жүктілердегі вирусты Е гепатит кезіндегі геморрагиялық синдромның ерте белгісі:

{

гемоглобинурия

мелена

мұрыннан қан кету

петехийлік бөртпе

жатырдан қан кету

}
Вирусты Е гепатит кезінде дамыған бауырлық жедел энцефалопатияның ағымына жүктілікті үзу ... әсер етеді.

{

Өлім-жітімді жоғарылатады

ТШҚҰ-синдромының даму мүмкіндігін жоғарылатады

аурудың ағымы өзгертпейді

науқастың жағдайын жақсартады

бауырлық жедел энцефалопатияны кері дамытады

}
32 жастағы әйелде жүктіліктің 16-17 аптасы. Ауруханаға аурудың 8-ші күні келіп түсті. Бірінші күндері әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, дене қызуының аздап көтерілуі, оң жақ қабырға астының сыздап ауыруына шағымданды. Аурудың 7 күнінде көздерінің сарғыштығын, зәр түсінің өзгеруін байқаған, ал 2 күннен кейін сарғыштық айқындалған. Объективті қарап тексергенде: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғылары сарғыш. Бауыры 1,5-2 см ұлғайған, аздап ауыру сезімі байқалады. Нәжісі түссіз. Сіздің диагнозыңыз:

{

вирусты А гепатит

вирусты В гепатит

иерсиниоз

жүктілік холестазы

механикалық сарғаю

}
Келесі гепатиттің вирусы фекальді-оральді жолмен таралады және жүкті әйелдерде ауыр ағымын (фульминантты) шақырады:

{

вирустық гепатит Е

вирустық гепатит А

вирустық гепатит Д

вирустық гепатит С

вирустық гепатит В

}
Жүктіліктің мына мерзімінде вирусты гепатитпен ауыру эмбриопатияны дамытады:

{

12 аптаға дейін

эмбриопатия болмайды

36 аптадан кейін

12 аптадан кейін

жүктіліктің кез келген мерзімінде

}
Жүктіліктің келесі мерзімінде вирусты гепатиттің ағымы ауыр өтеді:

{

ІІІ триместрде

ІІ триместрде

І триместрде

жүктіліктің кез келген мерзімінде

І-ІІ триместрлерде

}
Босанушы әйелде вирусты гепатиті анықталса, баланы емізу мәселесі төмендегі жолмен шешіледі:

{

гепатит вирусы балаға ана сүтімен берілетіндіктен емізуге рұқсат етілмейді

емізу анаға теріс әсер ететіндіктен баланы емізуге рұқсат етілмейді

дұрыс жауып жоқ

емізу балаға теріс әсер ететіндіктен емізуге рұқсат етілмейді

гепатит вирусы балаға ана сүтімен берілмейтіндіктен емізуге рұқсат етіледі

}
Жүкті әйелдердегі вирусты гепатит кезінде сарғаю алды кезеңінің клиникасында басым білінеді:

{

диспепсиялық синдром және қызба

астено-вегетативті синдром

катаральді синдром

интоксикациялық синдром

аталғандардың ешқайсысы емес

}
Вирусты гепатиттің жүкті әйелдердегі мүмкін асқынуы:

{

бауырдың массивті некрозы

бүйрек шамасыздығы

жүрек-тамыр жүйесінің аурулары

орталық нерв жүйесінің зақымдануы

аталғандардың ешқайсысы емес

}
Жүктілердегі жедел майлы гепатоз дамығанда көрсетілген:

{

шұғыл кесарь тілігі

симптомды ем

жоспарлы кесарь тілігі

амниотомия жасап толғақ шақыру және табиғи жолмен босандыру сақтандыратын терапия мен симптомды ем

}
Жүктілікпен байланысты ең жиі кездесетін бауыр ауруы:

{

майлы гепатоз

А вирусті гепатит

холецистит

холестаздык гепатоз В вирусті гепатит

}
Манифестті гипотиреозы бар, жүктілігі 8 апталық, 25 жастағы әйел кеңес беру бөліміне қаралды, сіздің тактикаңыз (ҚР ДСМ №626 бұйрығына сәйкес):

{

жүктілікті медициналық көрсетілім бойынша дәрмектермен үзу

жүктілікті пролонгациялау, гипотиреозын емдеу

жүктілікті операциялық жолмен үзу

емханада гипотиреозын емдеп, жүктілікті ІІ триместрде үзу

дұрыс жауап жоқ

}
Қантты диабетпен ауыратын жүкті әйелдің емдеу және бақылау тәртібіне қатысы жоқ тұжырым:

{

емді жүктілік 12 аптасынан кейін бастау

әйелдегі жүктілікті анықтағаннан кейін оны ары қарай сақтау сұрақтарын шешу

гликемия деңгейін физиологиялық шегінде ұстау

жүктіліктің асқынуларының алдын алу мен инсулинотерапияны коррекциялау қажеттілігін анықтау

жүктілікті І- ІІ триместрінде (27 аптаға дейін) үзу

}
Жүкті әйел 35 жаста , ДМИ (ИМТ) 27 кг\м2, анамнезінде салмағы 4 кг артык нәресте босанған. Қазіргі жүктіліктің қандай мерзімдерінде гликемияны анықтау қажет?

{

есепке тұрған кезде және 28 аптасында

4 және 16 аптасында

8 және 38 аптасында

есепке тұрған кезде және 36 аптасында

16 және 33 аптасында

}
Әйелдерге кеңес беру емханасына 28 апталық жүктілікпен әйел қаралды, бастапқыда ДМИ (ИМТ) 34 кг\м2, жүктілік кезінде 18 кг қосты, аш қарынға веналық қанда гликемия 6,7 ммоль\л (капилярлы қанда 5,8 ммоль\л), №9 (2000 ккал) емдәм сақтап жүр . Ем тактикаңыз:
1   2   3   4   5


написать администратору сайта