Главная страница

Мінезлы ауіп факторларын ерте анытауа профилактикалы медициналы тексеруге жататын адамдарды нысаналы топтары


Скачать 71.16 Kb.
НазваниеМінезлы ауіп факторларын ерте анытауа профилактикалы медициналы тексеруге жататын адамдарды нысаналы топтары
Дата04.10.2020
Размер71.16 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла-1930419797.docx
ТипДокументы
#140918
страница2 из 5
1   2   3   4   5


{

< 1 -төмен

≥ 1 және<5 — орташа

≥ 5 және< 10-жоғары

≥ 10 өтежоғары * қауіп тобы

}
50 жастағы әйел профилактикалық тексеруге келді, темекі шегеді, холестерин .6.0 ммоль/л, АҚҚ 120/80 мм. сын. бағ SCORE шкаласы бойынша жүрек-қантамырларық қаупін анықтаңыз)

{

< 1-төмен

≥ 1 және<5 — орташа

≥ 5 және< 10-жоғары

≥ 10 өтежоғары * қауіп тобы

}
60 жастағы әйел профилактикалық тексеруге келді, темекі шегеді, холестерин 6.0 ммоль / л, АҚҚ 160/100 мм. сын. бағ SCORE шкаласы бойынша жүрек-қантамырларық қаупін анықтаңыз)

{

< 1-төмен

≥ 1 және<5 — орташа

≥ 5 және< 10-жоғары

≥ 10 өтежоғары * қауіп тобы

}
60 жастағы ер адам профилактикалық тексеруге келді, темекі шегеді, холестерин 6.0 ммоль / л, АҚҚ 140/90 мм. сын. бағ SCORE шкаласы бойынша жүрек-қантамырлары қаупін анықтаңыз)

{

< 1-төмен

≥ 1 және<5 — орташа

≥ 5 және< 10-жоғары

≥ 10 өте жоғары * қауіп тобы

}
Мінез-құлықтың негізгі қауіп факторларын атаңыз:

{

авитаминоз

ауыр тұқым қуалаушылық

ластанған қоршаған орта

гиподинамия

өндірістік қауіп факторлары

}
Семіздік-қауіп факторы:

{

артериялық гипотония

лейкоз

асқазан обыры

панкреатит

шизофрения

}
Жүректің ишемиялық ауруының қауіп факторлары:

{

гиперхолестеринемия

жиі суық тию

гипотермия

жіті жұқпалы аурулар

лейкоцитоз

}
Тыныс алу органдары ауруларының қауіп факторлары:

{

алкогольді ішімдіктерді тұтыну

жиі суық

иіс сезудің бұзылуы

нашақорлық

артық дене салмағы

}


34 жастағы әйел, салауатты өмір салтын ұстанады, жүктілік жоспарлап отыр, бірақ біртіндеп дамыған үдемелі ентігуге, жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуына, соңғы 2-3 айдағы естен тануларға шағымданды. Әпкесінде де тыныс шамасыздығы бар. Об-ті: өкпесінде везикулалық тыныс, жүректің оң шекарасы кеңейген, IIІ тыңдау нүктесінде II тонның акценті және жарықшақтануы. ЭхоКГ ақаулық синдром анықталмаған. Жетекші синдромы және шешуші зерттеу тәсілі нақталды: біріншілік өкпелік гипертензия, ангиокардиопульмонография. Бұл жағдайда жүктілік

{

өкпелік гипертензияға байланысты қарсы көрсетілген

кальций антагонистерімен ем негізінде рұқсат етіледі

ААФИ ем негізінде рұқсат етіледі

сартандармен ем негізінде рұқсат етіледі

тұқым қуалаушылыққа байланысты қарсы көрсетілген

}
Жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, жұптасқан митральді ақау, стенозының басымдылығымен, ЖШ ФКII (NYHА) диагнозымен «Д» есепте тұратын жүкті әйелде (мерзімі 10-11 апта) физикалық күштемеге тұншығу ұстамасы, көп мөлшерлі қақырықты жөтел, психомоторлы қозу дамыды. Об-ті: ортопноэ, ТЖ 33 мин., өкпенің төменгі бөліктерінде – ылғалды түрлі калиберлі сырылдар, пульсі 120 мин., АҚ 110\70 мм сын.бағ. Дамыған асқынуын анықтаңыз:

{

сол қарыншалық жедел шамасыздық, өкпе шемені

бронхтық обструкциялық синдром

солқарыншалық жедел шамасыздық, жүректік астма

ангинозды статус

нозокомиальді пневмония

}
Жетекші симптомын, синдромын, мүмкін диагнозын таңдаңыз. 36 жастағы, жүкті әйел адам (мерзімі 26-27 апта), аяқ веналарының варикозды кеңеюімен сырқаттанады, кенеттен төс артында ауырсыну, аралас ентігу пайда болған. ЭКГ: SІ; QІІІ тіркелген.

{

ентігу, прекардиаль аймағының аурсынуы (коронарогенді емес кардиалгия), өкпе артериясының тромбоэмболиясы

коронарогенді кардиалгия (ангинозды статус), миокардтың жедел инфакті

плевра қуысына ауа жиналу синдромы, спонтанды пневмоторакс

бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы, бронхтық астма

өкпенің тығыздалу синдромы, ошақты пневмония

}
42 жастағы бронхтық астмамен дертті әйел, жүктілігі 11-12 апта, аптасына бірнеше рет мазалайтын тұншығу ұстамаларына шағымданды. Дипролспан еккеннен кейін 1 ай бойына ұстамалар болмаған. Қазіргі кезде ұстамалар басталып, беротекпен басылмайтын болған, түнде жағдайы ауырлай түскен. Об-ті: әйел мәжбүр қалыпта, ауыр ентігу, дистанциялық сырылдар. Осы жағдайдағы абзал тәсілді таңдаңыз.

{

метилпреднизолон 120 мг в\і, фенотерол ингаляциясы, оттегі

вентолин небулайзермен, оттегі

преднизолон в\і 30-60 мг, оттегі

фенотерол в\і, оттегі

преднизолон в\і дозе 30 мг, эуфиллин в\і, оттегі

}

29 жастағы жүкті әйел, мерзімі 20 апта, тәулігіне 5-6 ретке дейінгі түншығу ұстамаларына, кілегейлі сипатты қақырықпен жөтелге шағымданды. Әр түні тұншығу ұстамасынан оянады. Тексергенде ТЖ 26 мин. Тыныс шығару жылдамдығының шыңы 55%. Келесі диагноз тұжырымдалды: бронхтық астма, бақыланбайтын, ауыр дәрежелі, өршуі,ТШIІ

{

№626 бұйрыққа сәйкес медициналық көрсетпемен жүктілікті үзу

жүйелі ГКС ем негізінде жүктілікті созу

ИГКС емінің негізінде жүктілікті созу

салметерол тағайындап, жүктілікті созу

стационарда емдеп, жүктілікті созу

}
29 жастағы жүкті әйел, мерзімі 20 апта, тәулігіне 5-6 ретке дейінгі түншығу ұстамаларына, кілегейлі сипатты қақырықпен жөтелге шағымданды. Әр түні тұншығу ұстамасынан оянады. Тексергенде ТЖ 26 мин. Тыныс шығару жылдамдығының шыңы 55%. Осы жағдайды диагнозға тұжырымдаңыз:

{

бронхтық астма, бақыланбайтын, ауыр дәрежелі, өршуі,ТШIІ

бронхтық астма, бақыланатын, орта дәрежелі ауырлықта, ТШII

созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі, ТШII

өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, бронхиттік тип, А категориясы, ТШII

бронхоэктаздық ауру,өршуі, ТШII

}
28 жастағы жүкті әйел, мерзімі 13 апта, тұншығу ұстамаларына, ұстамалы құрғақ жөтелге шағымданды. Соңғы аптада екі рет түн мезгілінде тұншығудан оянған, беротек ингаляциясымен басқан. Тәулігіне 1 рет 10 мг преднизолон қабылдайды. ТЖ 22 мин. Тыныс шығару жылдамдығының шыңдық жылдамдығы 68%. Диагнозын анықтаңыз.

{

бронхтық астма, ішінара бақыланатын, орта дәрежелі ауырлықта, ТШII

өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, бронхиттік тип, С категориясы, ТШII

өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, бронхиттік тип, А категориясы, ТШII

бронхтық астма, бақыланбайтын, ауыр дәрежелі, өршуі, ТШIІ

өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, эмфиземалық тип, ТШIІІ

}
Жағдайының күрт нашарлау себебін анықтаңыз: ауыр бөліктік пневмониясы бар 32 жастағы жүкті әйелдің дене қызуының кризистік төмендеу барысында кенет ауыр әлсіздік, басының айналуы, құлақтарының шулауы, жүрегінің айнуы, лоқсу пайда болды. Об-ті: қуқыл, айқын акроцианоз, суық, жабысқақ тер, ЖЖС 120 мин., пульсі қылдай, жүрек тондары тұйықталды. АҚ 80\50 мм сын. бағ.

{

инфекциялық-токсиндік шок

кардиогенді шок

сепсис

өкпе артериясының тромбоэмболиясы

жедел респирациялық дистресс-синдром

}
Дұрыс тұжырымды таңдаңыз. Әлеуметтік жағдайы төмен жүкті әйелдің рентгендік зерттеуінде өкпе тінінде жұқа қабырғалы қуыстардың экссудатсыз түзілуі мен оның іріңді-деструкциялық ыдырауы анықталды. Бұл ерекшеліктері бар пневмонияны ... шақырады

{

стафилококк

клебсиелла

аденовирус

пневмококк

микоплазма

}
28 жастағы жүкті әйелді 3 күннен бері аз мөлшерлі қақырық тастататын жөтел, дене қызуының 380С жоғарылауы, әлсіздік мазалайды. Рентгендік зерттеуде – оң өкпенің төменгі бөлігінде әркелкі, ошақты көлеңке анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

{

ауруханадан тыс пневмония

жедел бронхит

өкпе рагі

инфаркт-пневмония

өкпенің ошақты туберкулезі

}
Болжам диагнозы мен шұғыл көмектің алғашқы қадамын шешіңіз: бронхтық астмамен сырқаттанатын 22 жастағы жүкті әйелде эмоциялық қозу, Т 36,70С, ЖСС 120мин., ТЖ 24,везикулалық тыныстың күрт әлсіздігі, бірлі-екілі құрғақ сырылдар. Анамнезінен тәулік бойы нәтижесіз беротектің 10 ингаляциясын алғаны белгілі болды.

{

бронхтық астманың өршуі, астмалық статустың І сатысы, кортикостероидтарды парентеральді қолдану

бронхтық астманың өршуі, астмалық статустың І сатысы, симпатомиметиктердің дозасын жоғарылату

бронхтық астманың өршуі, астмалық статустың І сатысы, регидратация

бронхтық астманың өршуі, астмалық статустың І сатысы, эуфиллин дозасын жоғарылату

бронхтық астманың өршуі, астмалық статустың І сатысы, өкпенің жасанды вентиляциясы

}
Бронхтық обструкцияның себебін анықтаңыз: 29 жастағы жүкті әйел адам түнгі уақытта дамитын тыныс шығарудың қиындауына, тұншығуғашағымданды. Об-ті: аускультацияда патологиялық шуларсыз везикулалық тыныс, жиілігі 19 мин. ФГДС: өңештің төменгі үштігінің гиперемиясы, біріккен эрозиялар.

{

гастер-эзофаголық рефлюксті ауру, өңештен тыс өкпелік синдром

бронхтық демікпе (астма), интенмиттолық ағымды

трахеобронхтық дискинезия

митральді стеноз, жүректік демікпе (астма)

паразитоз, бронхобструкциялық синдром

}
Дұрыс тұжырымды таңдаңыз: 32 жастағы жүкті әйелді жөтел, субфебриль дене қызуы, әлсіздік, тершеңдік (негізінен түнде) мазалайды. 2 ай өзін дертті санайды. Об-ті: өкпесінде везикулалық тыныс, ТЖ 16 мин. АҚ 110\70 мм сын. бағ. ЖЖС 76 мин. Рентгендік зерттеуде оң өкпенің ұштық және артқы сегменттерінде күшейген өкпе суреті негізінде әртүрлі өлшемді, контурлары анық емес ошақтар анықталды. Басқа патология жоқ.

{

ошақты туберкулез

ауруханадан тыс пневмония

қатерлі ісіктің метастаздары

саркоидоз

өкпе рагі

}
Жүктілігі 20 апталық 19 жастағы әйел кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге, дене қызуының 38,2°С дейін жоғарылауына, ентігуге шағымданып келді. Об-ті: оң жауырын астынан бастап перкуссиялық дыбыстың қысқаруы және везикулалық тыныстың әлсіреуі, үнді ылғалды сырылдар. Тыныс жиілігі минутына 22. Пульс жиілігі 90 мин. Клиникасын бағалап, емдік тактиканы №173 бұйрыққа сәйкес таңдаңыз:

{

пульмонология бөлімі бар ауруханаға жолдау

үйінде таблеткалық дәрмектермен емдеу

күндізгі стационарда емдеу

патология бөлімі бар босану үйіне жолдау

емдеу керек емес, ұрығына зиян тигізеді

}
Дұрыс тұжырымды таңдаңыз: 25 жастағы әйел жүктілікті жоспарлады, бірақ келесі шағымдар мазалайды: төс сүйегінің артындағы, еңкейгенде және горизонталь қалыптарында күшейетін, күйдіріп ауырсыну; түн мезгіліндегі жөтел. Кардиолог патологияны жоққа шығарды.

{

рефлюкс-эзофагит

гастрит

стенокардия

асқазанның шығар трактінің рагі

миокард инфаркті

}
Дұрыс тұжырымды таңдаңыз. Жүктілер қатпасында науқасқа тамаққа қолдануды ұсынады:

{

қызылшаны

ақ нанды

бұршақты

картопты

күрішті

}
Дұрыс тұжырымды таңдаңыз. Төменгі қуыс венасының басылу синдромы (парадокстік синкопе синдромы) –

{

жүктіліктің соңғы апталарында шалқасынан жатқанда дамиды

бірінші жүкті болғандарда кездеседі

кофе, қою шай ішкенде басылады

жүктіліктің соңғы апталарында тіке тұрғанда мазалайды

бүйіріне жатқанда басылмайды

}
Дұрыс тұжырымды таңдаңыз. Жүктілердегі жүрек ырғағының бұзылысы –

{

жүктілікті үзудің жиі көрсетпесі

бас ми жарақатының салдары

жүктілікті үзуге көрсетпе емес

акушерлік патологиялармен байланысты

жиі себепсіз дамиды

}
Дұрыс тұжырымды таңдаңыз. 35 жастағы контрацепциялық дәрмектерді 5 жыл бойына қабылдаған әйел, терісінің күшті қышуына, сарғаюға, оң қабырға астының ауыруына, жауырын аралықтары терісінің қараюына шағымданып келді. Пигменттік дақтар 5 жыл бұрын көріне бастаған. Соңғы 2 жылда терісі қышиды, дерматологтардағы ем нәтиже бермеген. Анализдерінен: гипербилирубинемия, тікелей фракция есебінен, СФ, ГГТП көрсеткіштері жоғары.

{

біріншілік склероздаушы холангит

созылмалы гепатит вирусты этиологиялы

ауруы, Вильсон-Коноваловтың

өттас ауруы

антитрипсиндік шамасыздық

}
Жетекші синдромы мен диагнозын таңдаңыз: 28 жастағы жүкті әйел соңғы 3 күн бойына дене қызуының 38,50С жоғарылауы, әсіресе, “өкпесіне қадалған шаншудың” күштілігіне шағымданып келді. Об-ті: тері жамылғылары таза, паравертебраль нүктелері сол Th7-10 қатты ауырады. Өкпесінде везикулалық тыныс. Пульсі 74 мин. АҚ 130\70 мм сын. бағ. «Қабырға аралық невралгия» диагнозы тұжырымдалып, ем тағайындалды (ҚҚСЕД, В тобының витаминдері). Екі күннен соң науқастың кеуде сарайының сол жартысында Th7-10 қ\а бойымен, ішінде серозды сұйықтығы бар, ұшықтар пайда болды. Дене қызуы жоғарылады. Ауырсыну синдромы бұрынғыдай интенсивті.

{

қабырғааралық нервтерінің, бұлшық еттерінің ауырсынуы, Зостер ұшығы

дископатия – торакалгия, омыртқа аралық остеохондроз, түбіртектік синдром

қабырғааралық бұлшық еттерінің ауырсынуы, миозит

торакалгия, Бехтерев ауруы

жүрек алды аймағының ауырсынуы, Титце синдромы

}
Жетекші синдромы мен болжам диагнозын анықтаңыз: 29 жастағы жүкті әйел кеуде сарайының сол жартысының күшті ауырсынуына, ауа жетпеу сезіміне, ауыруының сағаттарға жалғасатынына шағымданды. Өзін 2 жылдай науқас санайды, бірнеше рет кардиологтарда болып, ЭКГ түсірген, патология табылмаған, неврологта емделген, нәтижесіз. Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, салмағы артық (дене массасының индексі 33). Омыртқа жаны нүктелері омыртқа жотасының мойын, кеуде бөліктерінде ауырады, қабырға аралықтарына тарайды, бұлшықеттер дефансы бар. Жүрек шектері солға ығысқан. АҚ 135\85 мм сын. бағ. Шұғыл түсірген ЭКГ: ырғақ көзі синусты, ЖСС 78 мин. ЖЭӨ горизонталь. Сол қарынша гипертрофиясының белгілері (Rv5,v6>Rv4).

{

дископатия – торакалгия, омыртқа аралық остеохондроз, түбіртектік синдром

қабырғааралық бұлшық еттерінің ауырсынуы, миозит

қабырғааралық бұлшық еттерінің ауырсынуы, Зостер ұшығы

торакалгия, Бехтерев ауруы

жүрек алды аймағының ауырсынуы, Титце синдромы

}
18 жастағы жүкті әйел есепке тұруға келді, жүрек тұсындағы ауырсыну мен сирек мазалайтын жүрегінің қағып кету сезіміне шағымданады. Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене бітімі астеник, перифериялық ісінулер жоқ. Жүрек аймағын қарағанда, перкуссияда өзгерістер жоқ, аускультацияда жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында I тоннан соң қосымша, үнді систолалық тон (шертпе), артынша систолалық шу естілді. АҚ 120\70 мм сын. бағ. ЭКГ өзгеріссіз. Қан анализдерінен қабыну белгілері анықталмады. Жетекші симптомы (синдромы) мен болжам диагнозын анықтаңыз:

{

жүрек аймағында шу естілу (қақпақтық ақау синдромы), дәнекер тіндік дисплазия: митраль қақпақтарының пролапсі (Барлау синдромы)

жүрек аймағында шу естілу (қақпақтық ақау синдромы), жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, митраль қақпақтарының шамасыздығы

жүрек аймағында шу естілу (қақпақтық ақау синдромы), жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, митральді стеноз

жүрек аймағында шу естілу (қақпақтық ақау синдромы), дәнекер тіндік дисплазия: үшжармалы қақпақтарының пролапсі

жүрек аймағында шу естілу (қақпақтық ақау синдромы), инфекциялық эндокардит

}
Болжам диагнозды белгілеңіз: 17 жастағы жүкті әйел дене қызуының 37-37,50С жоғарылауына, кеуде сарайы мен ішінің бұлшық еттерінің күшті ауыруына шағымданды. Ауырсыну қимыл-қозғалыста, жөтелгенде күшейеді, ұстамалы түрде, әр сағатта 5-10 минуттан мазалайды. Осыдан 3-4 күн бұрын да осындай шағымдармен ем алып кеткен. Айналасындағы қоршаған ортада жоғары тыныс жолдарының жедел респирациялық вирусты ауруларымен (ЖРВА) ауырғандар жиілеген. Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 380С. Жұтқыншағының кілегей қабаты қызарған, мойын лимфалық түйіндері үлкейген. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖЖС 90 мин.

{

эпидемиялық миалгия (Борнхольм ауруы)

лептоспироз

ботулизм

ревматизмдік полимиалгия

дерматомиозит

}
Жүктілердегі артериялық гипертензияны емдеуде қолданылатын дәрмекті есте сақтаңыз:

{

метилдопа (допегит), тәуліктік дозасын 4 ретке бөлу (әр 6 сағ сайын)

нифедипин (коринфар), тәуліктік дозасын 6 ретке бөлу (әр 4 сағ сайын)

фозиноприл (фозикард), тәулігіне бір рет қабылдау

индапамид (арифон), тәулігіне бір рет қабылдау

телзап (телмисартан), тәулігіне бір рет қабылдау

}
Есте сақтаңыз, жүктілерде артериялық гипертензия туралы диагнозтық тұжырым АҚ ... болғанда және одан жоғарылағанда жасалады (АМАД пен ДМАД жүргізілген жағдайда):

{

130\80 мм сын. бағ

140\90 мм сын. бағ

1   2   3   4   5


написать администратору сайта