Главная страница

Мінез. Мінезлы ауіп факторларын ерте анытауа профилактикалы медициналы тексеруге жататын адамдарды нысаналы топтары


Скачать 75.33 Kb.
НазваниеМінезлы ауіп факторларын ерте анытауа профилактикалы медициналы тексеруге жататын адамдарды нысаналы топтары
Дата07.11.2020
Размер75.33 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМінез.docx
ТипДокументы
#148599
страница5 из 5
1   2   3   4   5


{

тек емдәммен емдеу

метформин 850 мг 1рет күніне

диабетон МР 1 таблетка күніне

акарбоза по 100 мг 3 рет күніне

қысқа әсерлі инсулинді әр тамақ алдында енгізу

}
Аутоиммунды тиреоидиттің, гипотиреоз сатысындағы 23 жастағы әйел жүктілікті жоспарлады. Осы науқасқа тағайындауға қажетсіз:

{

хирургиялық ем

L-тироксин қабылдау, ТТГ деңгейін 1-2 мкМЕ\мл жеткізу

L-тироксин дозасын жүктілік кезінде 50-100% жоғарылату

ТТГ деңгейін 10-12, 20-22, 30-32 апталарда бақылау

бос Т4 деңгейін 10-12, 20-22, 30-32 апталарда бақылау

}
Босанғаннан кейінгі бөлімшеге дәрігер шақыртылды. Жайылмалы уытты жемсаумен ауыратын әйелде дене қызуы 390 С дейін жоғарылады, психикалық қозу, айқын гипергидроз, тахипноэ 30 мин дамыды, АҚ 180\40 мм сын.бағ., ЖСС 137 мин. Осы науқасқа тағайындауға болмайтын дәрмек:

{

аспирин 100 мг\сут тағайындау

мерказолил 80-100 мг\сут дейін тағайындау

пропранолол 40-80 мг әр 6 сағат сайын венағаенгізу

преднизолон 200-300 мг\тәул немесе дексаметазон 4-8 мг\тәулігіне

транквилизаторлар

}
25 жастағы жүкті әйел, 17 жыл бойы І типті қантты диабетпен ауырады. Ұрықтың болжам салмағы 3900 г артық болғандықтан, босану 38 аптасында жоспарланды. Осы науқасқа босанатын күні тағайындауға болмайды?

{

ауырсынуды басу көрсетілмеген

тері астына ұзақ әсерлі инсулин тағайындау, гликемияны әр 2-3 сағат сайын бақылау

егер толғақ уақыты 8-10 сағаттан артық болса оперативті жолмен босандыруға шешім қабылдау

гликемия 5,5 ммоль\л дейін төмендесе, 200 мл 5% глюкоза ертіндісін, 10 мл 4% калий хлорид ертіндісін және 6Б жай инсулинді қосып венағаенгізу

гликемия 8 ммоль\л дейін жоғарласа, 2 Б қысқа әсерлі инсулин және 400 мл физиологиялық ертіндісін венағаенгізу

}
Әйелдерге кеңес беру емханасына 6 жыл бойы қантты диабетімен ауыратын жүкті әйел қаралды. Шағымдары: физикалық күштемеден кейін үдей түсетін мезгіл-мезгіл іштің төменгі жағының түйнеп ауырсынуы. Жүктіліктің 28-29 аптасы. 14 Б инсулин қолданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСС 80 мин. АҚ 110\60 мм сын. бағ. Қандағы глюкозанын деңгейі 10 ммоль\л, глюкозурия 0,5%. Босандыру кезіндегі ең тиімді дәрігерлік тактиканы таңдаңыз:

{

ұзақ әсерлі инсулин тағайындау

жай инсулинге ауыстыру

тиазолидиндиондерді тағайындау

бигуанидтерді тағайындау

сульфонилмочевина препараттарын тағайындау

}
Қантты диабет кезінде жүктілікке қарсы көрсетпе болып саналмайды:

{

глюкозаланған гемоглобин деңгейі НвА1с<6,5%

ЖИА

үдемелі пролиферациялық ретинопатия

активті туберкулезбен қосарланып кездесуі

ауыр нефропатия (креатинин клиренсі 50 мл\мин төмен, тәуліктік протеинурией 3 г жоғары, қандағы креатинин 120 мкмоль\л, АГ)

}
Палатаға шақырту кезінде жаңадан босанған 23 жастағы әйел бірден жағдайының нашарлауына шағымданды. Қарағанда: есін жоғалтқан, құрысу ұстамасы байқалады.ТАЖ 16 рет\мин, тері жамылғылары ылғалды, АҚ 120\70 мм сын.бағ., ЖСС 110 рет\мин., ішкі органдар өзгеріссіз. Акушерканың айтуы бойынша науқас 8 жылдан бері І типті қантты диабетімен ауырады, 1 тәулік бұрын босанған, инсулин қабылдайды. Келесі шара қажетсіз:

{

баланы емізуден бас тарту

емізудін 1 аптасында инсулин дозасын 8-16 Б дейін төмендету, гликемия бақылауымен

көк тамырға 20-40 мл 40% глюкоза ертіндісін енгізу

тамақтану арасында көмірсуға бай тағамдарды қосымша қолдану

есі анықталған соң әйелге көмірсуға бай тағамды тамақ арасында беру

}
Палатаға шақырту кезінде жаңадан босанған 23 жастағы әйел бірден жағдайының нашарлауына шағымданды. Қарағанда: есін жоғалтқан, құрысу ұстамасы байқалады.ТАЖ 16 рет\мин, тері жамылғылары ылғалды, АҚ 120\70 мм сын.бағ., ЖСС 110 рет\мин., ішкі органдар өзгерісіз. Акушерканың айтуы бойынша науқас 8 жылдан бері І типті қант диабетімен ауырады, 1 тәулік бұрын босанған, инсулин қабылдайды. Болжам диагноз:

{

гипогликемиялық кома

кетоацидозды кома

гиперосмолярлы кома

гиперлактацидті кома

уремиялық кома

}
Жүктіліктің 16 аптасындағы 23 жасар әйел диффузды уытты жемсаумен, ауыр тиреотоксикозбен ауыратынына қарамастан жүктілікті үзуден бас тартты. Осы науқасқа қарсы көрсетілген шара

{

радиоактивті йодпен емдеу

бетта-блокаторлар тағайындау

бронхоспазммен асқынғанда верапамил тағайындау

преднизолон 15 мг дейін күнара тағайындау

пропилтиоурацил 150-300 мг\сут дейін схема бойынша босанғанға дейін

}
І типті қантты диабетімен ауыратын жүкті әйелде, босану кезінде АҚ 80\60 мм сын.бағ. дейін төмендеді, гликемия деңгейі 18 ммоль\л, ацетонурия ++. Осы науқасқа қарсы көрсетілген шара:

{

барлық шараларды орындау

әр 2-3 сағат сайын 2-4 Б қысқа әсерлі инсулинді гликемияны бақылай отырып, көк тамырға немесе б\е енгізу

400-800 мл физиологиялық ертіндіні венаға енгізу

гипотонияны коррекциялау үшін 60-90 мг преднизолон венаға енгізу

гипокалиемияны коррекциялау

}
Босануға 36 жасар жүкті әйел түсті, 28 аптасынан бастап гестациялық диабетпен ауырады, тамақтану алдында 10 Б қысқа әсерлі инсулин қабылдап жүрген. Осы науқасқа қарсы көрсетілген шара:

{

инсулинді жоспарлы түрде енгізу

әр 2-3 сағат сайын гликемияны бақылау

бірінші үш тәулікте нәрестеде гликемияны бақылау

гликемия 5,5 ммоль\л дейін төмендесе венаға 200 мл 5% глюкоза ертіндісін, 10 мл 4% калия хлорид ертіндісін, 6Б жай инсулин енгізу

гликемия 8 ммоль\л дейін жоғарыласа 2Б қысқа әсерлі инсулин, 400 мл физиологиялық ертіндісін венаға енгізу

}
Төменде аталған дәрмектердің біреуі жүкті әйелдердегі диффузды уытты жемсау кезінде пайдаланылады:

{

пропилтиоурацил

мерказолил

тирозол

левотироксин

калий иодиді

}
27 жастағы жүкті әйелде аш қарынға екі рет гликемия деңгейін анықтау 7,9 және 10,9 ммоль\л көрсеткен. Анамнезеінде гликемия деңгейінің жоғарылауы анықталмаған. Болжам диагноз:

{

гестациялық диабет

қантты диабет, ІІ тип

екіншілік қантты диабет

аш қарынға гликемияның бұзылысы

глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы

}
Әйелдер консультациясына ішінің төменгі бөлігіндегі ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданған жүкті әйел келді. Ауру сезімі физикалық жүктемеден кейін күшейеді.Жүктіліктің 28-29 аптасы, 6 жыл қантты диабетпен ауырады, 14 бірлік инсулин қабылдайды.Қарағанда жағдайы орташа ауырлықта, жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 80 мин., АҚ 110\60мм сын.бағ., қандағы глюкоза 10ммоль\л, зәрдегі глюкоза 0,5%. Босану кезеңіндегі ем тактикасы:

{

жай инсулин

бигуанидтер

диета № 9

ұзақ әсерлі инсулин

сульфанилмочевина препараты

}
Гестациялық диабет ұғымының анықтамасы:

{

жүктілік кезде пайда болып, босанғаннан кейін жойылатын қантты диабет

жүктілік кезінде пайда болып, босанғаннан кейін де жалғасатын қантты диабет

инсулинің салыстырмалы жетіспеушілігімен жүретін қантты диабет

2 типті қантты диабеті барлардағы жүктілік

глюкозаға төзімділіктің бұзылысы

}
Әйелдерде босану және босанудан кейін кезенде көп мөлшерде қан кетумен және сепсистік жағдаймен байланысты дамыған гипоталамус-гипофиздік жеткіліксіздік ... аталады.

{

Шиен ауруы

Симмондс ауруы

Аддисон ауруы

Конн ауруы

Иценко-Кушинг ауруы

}
25 жастағы әйел, босану кезінде қан кетіп, тоқтата алмағандақтан қайтыс болған. Бала кезінен «терісі көгергіш» болған, жылына 4-5 рет мұрнынан қан кеткен, 13 жасында жарақаттан кейін санының бұлшықеті арасында гематома болған. Коагулограммада: Дьюк бойынша қан кету ұзақтығы - 16 мин, VIII фактор концентрациясы 2%, тромбоциттер агрегациясы: спонтанды 5%, индукцияланған: АДФ - 22%, ристомицин - 2%, тромбоциттер 190х109. Болжам диагноз:

{

гемофилия

Виллебранд ауруы

Верльгоф ауруы

Гланцман тромбастениясы

Шенлейн-Генох ауруы

}
25 жастағы әйел, босану кезінде қан кетіп, тоқтата алмағандақтан қайтыс болған. Бала кезінен «терісі көгергіш» болған, жылына 4-5 рет мұрнынан қан кеткен, 13 жасында жарақаттан кейін санының бұлшықеті арасында гематома болған. Коагулограммада: Дьюк бойынша қан кету ұзақтығы - 16 мин, VIII фактор концентрациясы 2%, тромбоциттер агрегациясы: спонтанды 5%, индукцияланған: АДФ - 22%, ристомицин - 2%, тромбоциттер – 190х109. Аурудың түрі уақтылы анықтағанда бұл әйелге жүргізілетін ем:

{

криопреципитат

окситоцин

гепарин

тромбоциттердің трансфузиясы

преднизолон

}
Жүктіліктің нағыз теміртапшылықты анемия дамитын мерзімі:

{

20 апта

8 апта

12 апта

16 апта

24 апта

}
Гемоглобиннің келесі деңгейге төмендеуі жүкті әйелдердегі теміртапшылықты анемияның нақты белгісі болып табылады:

{

110 г\л

80 г\л

90 г\л

120 г\л

110 г\л

}
34 жастағы әйелдің екі жүктілігі туумен аяқталған, бірақ көп қан кету болған. Осыған байланысты теміртапшылықты анемиядан 2 жыл бойына емделген. Келесі жүктілікке бел буған, сіздің кеңесіңізге келді. Организмдегі темір қорын анықтайтын тәсілді таңдаңыз:

{

қан сары суының ферритині

қан сары суының церрулоплазмині

қан сары суының гемосидерині

қан сары суының трансферрині

қан сары суының лактоферині

}
Жүктіліктің соңында қан кетудің жиі себептеріне жатады:

{

қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен ерте сылынуы

басталып келе жатқан түсік

жатыр жыртылуы

қынаптың варикозды кеңейген веналары

көпіршікті тығын (пузырный занос)

}
Жүкті әйелдерде ТІШҚҰ синдромына әкелетін сирек себеп:

{

жүктіліктің І триместірінде аборт

плацентанің мезгілінен бұрын ажырауы

жалған жүктілік (пузырный занос)

ұрықтың антенатальді өлімі

кесар тілігі

}
Жүкті әйелдерде ТІШҚҰ синдромы дамуының негізгі клиникалық белгісі:

{

полиорганды шамасыздық синдромы

плаценталық қанайналым бұзылыстары

ұрықтын жүрек соғуының бұзылыстары

зәр шығарудын төмендеуі

ми қанайналым бұзылыстары

}
Жүкті әйелдің гипохромды анемиясы бар, сарысудағы темiрi - 7,3 мкмоль\л, сарысудың темiр байланыстырушы қасиетi 120 мкм\л, дисфералдық сынамасы 0,3 мг. Болжам диагноз:

{

темiрдефициттiк анемия

сидероахрезиялық анемия

талассемия

В12 дефициттiк анемия (Адиссон-Бирмер ауруы)

дұрыс жауап жоқ

}
18 жастағы жүкті әйел, әлсiздiкке, шаршағыштыққа шағымданады. Гинекологиялық анамнезi: менструациясы 12 жасынан, көп мөлшерде, 5-6 күн ұзақтықпен. Терi жамылғысы қуқыл. Қан анализiнде: Нв 85 г\л, эр. 3,8 млн, т.к. 0,67, қан сарысулық темiр 4 мкмоль\л, лейк. 6 мың, формула өзгерiссiз. Көрсетiлген ем:

{

ферретаб

эритромасса

витамин В12

пиридоксин

ретаболил

}
Жүктілерде пиелонефриттің дамуына бейімдеуші фактор (инфекциялық агенттен басқа):

{

аталғандардың барлығы

гормондық өзгерістер

қуық-несепағарлық рефлюкстің болуы

суықтау

зәр шығару жолдарында кедергі болуы (жүктілік кезінде жатырдың несепағарды басуы, тастар)

}
Пиелонефриттің келесі асқынулары жүктілікті үзуге көрсетпе:

{

аталғандардың барлығы

бүйрек шамасыздығы

бір (жалғыз) бүйрек

көз түбінің өзгерісі

симптомды артериялық гипертензия

}
Пиелонефриттің даму қауібі жоғары топқа жататын жүкті әйелдер:

{

аталғандардың барлығы

симптомсыз бактериурия

анамнезінде бүйрек ауруы бар

балалық шағында скарлатинамен ауырған

этиологиясы белгісіз гипертензиясы бар

}
Жүктiлерге қауiпсіз антибиотик тобы:

{

пенициллиндер

аминогликозидтер

тетрациклиндер

фторхинолондар

имидазолдар

}
28 жастағы әйел жүктіліктің 17-18 аптасына байланысты әйелдер кеңес беру емханаға тіркеуге тұрған. Объективті қарағанда: аяғының ісінуі анықталған. АҚ 160\90 мм сын.бағ.. Зәрдің жалпы анализінде: салыстырмалы тығыздығы 1012, белок 1,066г\л, лейкоциттер 4-5 к\а, лейкограмма 40% лимфоциттер. Зимницкий сынамасы: салыстырмалы тығыздығы айырмасы төмен. ЭКГ – сол қарынша гипертрофиясының белгілері. Креатининннің қандағы деңгейі 100 мкмоль\л. Болжам диагноз:

{

созылмалы гломерулонефрит

жедел гломерулонефрит

жедел пиелонефрит

созылмалы пиелонефрит

жүктілік гестозы

}
22 жастағы әйел, жүктіліктің 12 аптасы, диспансерлік бақылаудан өтті. Шағымы жоқ. Ісінулер жоқ. Өкпе, жүрек, іш қуысында өзгерістер жоқ. АҚ 120\80 мм сын. бағ. Қан және зәр анализінде өзгерістер жоқ. Зәрді бактериологиялық зерттеуде E. Coli концентрациясы 105 \1 мл, пенициллинге, бисептолға, ципрофлоксацинға сезімтал. Сіздің іс-әрекетіңіз:

{

зәрдін бактериологиялық зерттеуін қайталау

бензилпенициллинмен емді бастау

бисептолмен емді бастау

ципрофлоксацинмен емді бастау

бисептолмен және ципрофлоксацинмен емді бастау.

}
ҚР ДСМ №626 бұйрығына сәйкес несеп жолдары ауруларының ішінде жүктілікті созуға рұқсат етілетін ауру:

{

ремиссия сатысындағы пиелонефрит

жалғыз бүйректің пиелонефриті

симптомдық артериялық гипертензиямен асқынған созылмалы пиелонефрит

жедел гломерулонефрит

диабеттік нефропатия ІV-V сатысы

}
26 жастағы науқаста екі рет табиғи жолмен босанғаннан кейін лабильді артериялық гипертензияның пайда болуы байқалған. Ұзақ жүргенде және вертикальді қалыпта жағдайы нашарлай түседі. Шамалы горизонтальді қалыпта тыныққан соң артериялық қысым қалыптасуы мүмкін. Сіздің тактиканыз:

{

бандаж киюді ұсыну

хирургиялық ем тағайындау

антибактериялық ем тағайындау

антигипертензиялықі ем тағайындау

емді қажет етпейді

}
25 жастағы әйел, жүктілік 12 апта, диспансерлік тексеруден өткен. Шағымдары жоқ. Ісінулер жоқ. Өкпе, жүрек, іш қуысы ағзалары жағынан бұзылыстар анықталмаған. АҚ 120\80 мм сын. бағ. Қанның жалпы анализі және несептің жалпы анализдері өзгеріссіз. Несептің бактериологиялық зерттеуінде - E. Coli концентрациясы 1 мл-ге 105, пенициллинге, бисептолға, ципрофлоксацинге сезімтал. Сіздің тұжырымыңыз:

{

симптомсыз бактериурия

жедел пиелонефрит

созылмалы пиелонефрит

тынжы-тас ауруы

жедел гломерулонефрит

}
30 жастағы әйел, жүктіліктің 25-26 аптасы. Шағымдары: бел аймағының ауырлауы, кіші дәретке жиі бару. Қанның жалпы анализінде: Hb 112 г\л, ЭТЖ 25 мм\сағ, Несептің жалпы анализінде: салыстырмалы тығыздығы 1012, белок 0,066г\л, лейк. 15 – 17 к\а., бактериурия ++. Инфекциянын таралу жолы:

{

уриногенді

гематогенді

контакті

лимфогенді

дұрыс жауап жоқ

}
Жүктіліктің І триместрінде ревматизмдік қызбаның өршуі анықталғанда, қолданылатын шара:

{

жүктілікті үзу

глюкокортикоидармен белсенді емдеу

салицилаттармен белсенді емдеу

глюкокортикоидармен және салицилаттармен белсенді емдеу

жүктілікті жалғастыру

}
Жүктілік кезінде ревматизмдік қызбамен ауырғанда кортикостероидтарды қолдану тактикасы:

{

жүктіліктін барлық кезеңінде

12 аптадан кейін

24 аптадан кейін

20 аптадан кейін

қолдануға болмайды

}
18 апталық жүктілікпен әйел қол басы буындарының бір сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысуына, әлсіздікке, субфебрилдік температураға шағымданады. 6 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады. Қарағанда: екі қолдың II-IV саусақтарының проксималды фалангааралық буындарының симметриялы дефигурациясы, қозғалысының шектелуі. Неғұрлым тиімді тактика:

{

преднизолон

кризанол

диклофенак

метотрексат

сульфасалазин

}
Жүктілігі 20 апталық 19 жастағы әйел кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге, дене қызуының 38,2°С дейін жоғарылауына, еңтігуге шағымданып ауруханаға түсті. Об-ті: оң жақ өкпенің жауырын астынан бастап перкусияда дыбыстың қысқаруы және тындағанда везикулалық тыныстың бәсендеуі байқалады, ТАЖ минутына 22, ЖЖС минутына 90 . Болжам диагноз:

{

бөліктік пневмония

бронхтық астма

эксудатты плеврит

жедел бронхит

өкпе ателектазы

}
Жүктілігі 20 апталық 19 жастағы әйел кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге, дене қызуының 38,2°С дейін жоғарылауына, еңтігуге шағымданып ауруханаға түсті. Об-ті: оң жақ өкпенің жауырын астынан бастап перкуторлы дыбыстың қысқаруы және везикулалық тыныстың бәсендеуі байқалады. Тыныс алу жиілігі минутына 22 . ЖЖС минутына 90 рет. Осы науқастың этиологиялық еміне келесі дәрмек көрсетілген:

{

амоксициллин

гентамицин

ципрофлоксацин

эритромицин

левофлоксацин

}
1   2   3   4   5


написать администратору сайта