Главная страница

61 сурак. 61 сұрақ с ответами. Миокард инфарктісі


Скачать 34.6 Kb.
НазваниеМиокард инфарктісі
Анкор61 сурак
Дата20.06.2021
Размер34.6 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла61 сұрақ с ответами.docx
ТипДокументы
#219302

  1. Құрсақ қуысындағы мүшелерге араласулардан кейін отадан кейінгі кезеңде жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан жиі туындайтын асқынулардың бірі:

  1. Миокард инфарктісі

  2. Тромбоэмболиялық асқынулар

  3. Аритмиялар

  4. Жіті жүрек жетіспеушілігі

  5. Кардиогенді өкпе ісінуі

  1. Бозғылт трепонема қандай антибактериялық препараттарға сезімтал?

  1. Пенициллиндер

  2. Макролидтер

  3. Фторхинолондар

  4. Тетрациклиндер

  5. Стрептомициндер

  1. «Эндемия (эндемиялық)» термині нені білдіреді?

  1. Сырттан әкелінген жағдайлармен байланыссыз, осы аймаққа тән инфекциялық аурулармен ауыру

  2. Осы аймаққа тән кез келген инфекциялық аурумен ауыру

  3. Сырттан әкелінген жағдайлармен байланысты, осы аймаққа тән инфекциялық аурулармен ауыру

  4. Осы аймаққа тән кез келген зоонозды аурумен ауыру

  5. Осы аймаққа тән емес кез келген инфекциялық аурулармен ауыру

  1. Жартылай бақыланатын бронхты демікпенің клиникалық белгілері болып табылады.

  1. Қажетті физикалық белсенділік

  2. Түнде тұншығудан ояну

  3. Дем шығару шыңының қалыпты көрсеткіштері

  4. «Шұғыл көмек» дәрі-дәрмектеріне қажеттіліктерінің болмауы

  5. Демікпенің күндізгі белгілерінің болмауы

  1. Қай инфекциялық ауруларды убиквитарлы деп атайды?

  1. Жаһандық таралатын

  2. Аймақаралық таралатын

  3. Белгілі бір кең аймақтарда таралған

  4. Белгілі бір табиғи аймақтарда таралған

  5. Осы аймақта таралған

  1. Науқаста айқын атаксия, бұлшықет әлсіздігі, үзілмелі сөйлеу, тремор байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

  1. Миастения

  2. Рейно ауруы

  3. Мишық ісігі

  4. Маңдай бөлігінің ісігі

  5. Самай бөлігінің ісігі

  1. Асқазан ойық жарасы перфорацияланған кезде ауырсыну сипаты мен орны:

  1. Эпигастрийда қанжар сұққандай ауырсыну

  2. Оң қабырға астында ұстама тәрізді ауырсыну

  3. Айналмалы сипаттағы интенсивті ауырсыну

  4. Кіндік маңындағы толғақ тәрізді ауырсыну

  5. Оң мықын аймағында сыздап ауырсыну

  1. Аралықтың ІІ дәрежелі жыртылуы сипатталады:

  1. Аралық терісі мен бұлшық етінің жыртылуы

  2. Қынап қабырғаларының жыртылуы

  3. Тері мен артқы күмбез жыртылуы

  4. Жамбас түбі бұлшықеттерінің жыртылуы

  5. Тік ішек қабырғаларының жыртылуы

  1. Экстрасистолия

  1. Менингит диагностикасында шешуші мағынаны икемденеді:

  1. Қызудың жоғарылауымен жүретін аурудың жіті бастамасы

  2. Менингеальді синдроммен жүретін аурудың жіті бастамасы

  3. Жұлын сұйықтығының өзгерісі

  4. Инфекция-токсикалық сұйықтықтың өзгерісі

  5. Анамнез

  1. Мейірбике таңу жүргізу үшін стерильді үстелді дайындау қажет. Қолын залалсыздандырудың қандай деңгейін орындауы қажет:

  1. Гигиеналық

  2. Әлеуметтік

  3. Қолды өңдеу қажет емес

  4. Хирургиялық

  5. Спиртті салфеткамен сүрту

  1. Жаңа туылған нәрестенің бірінші патронажы. Анасына төспен емізудің маңыздылығы жайлы айтылды. Тек табиғи тамақтандыруда болатын тамақтандырудың негізгі үрдісін көрсетіңіз:

  1. Тиімді сапа және негізгі нутриенттердің саны

  2. Ана мен баланың терілік-тактильді байланысы

  3. Анасының тамақ үлесінің антигендеріне иммунологиялық толеранттылықты дамыту

  4. Иммунологиялық қорғаныс

  5. Тиімді тамақ тәртібін қалыптастыру

  1. Науқас У, 44 жаста, отбасылық дәрігерге белді ораушы қасиеті бар іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуларға, іш өтуіне, жүдеуіне шағымданады. Анамнезден: 10 жыл бойы ішімдік қолданады. Объективті: дене салмағының дефициті, тері жамылғысы құрғақ, басқанда жоғалмайтын кеуде және іш терісінде ұсақ қызыл дақтар пальпация кезінде сол жақ қабырға астында ауырсыну. Нәжісі майлы жылтырлаған ботқа тәріздес, тәулігіне 3ретке дейін. Болжамалы диагноз:

  1. Созылмалы гепатит

  2. Созылмалы холецистит

  3. Созылмалы гастрит

  4. Созылмалы панкреатит

  5. Созылмалы колит

  1. Ұсынылған жағдайлардың қайсысы «әдеттегі түсік» деп ойлауға болады?

  1. Жиі жасалатын медициналық түсік тастауда

  2. Әйелдер желісіндегі келесі ұрпақтың тарихындағы түсік болған кезде

  3. Жақын арадағы медициналық түсік тастауда

  4. Анамнезде екі немесе оданда көп түсік кезінде

  5. Анамнезде бір түсік кезінде

  1. 22 жастағы науқас іштің төменгі бөлігінің, әсіресе оң жағы ауырсынуына, сондай-ақ тік ішекке берілуіне шағымданып түсті. Анамнезінде 2 медициналық түсік, соңғысы эндометритпен асқынған. Сондай-ақ, 3 аптаға етеккірі кешігіп жатыр. Болжам диагноз?

  1. Жедел аппендицит

  2. Басталған түсік

  3. Эндометриоз

  4. Жатырдан тыс жүктілік

  5. Эндометрит

  1. Ұрықтың жедел гипоксиясы дамитын жағдайды көрсетіңіз:

  1. Фетоплацентарлы жеткіліксіздік

  2. Жүктілер анемиясы

  3. Плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы

  4. Жүктілік кезінде темекі шегу

  5. Жүкті әйел жүрегінің туа пайда болған ақауы

  1. Іш сүзекпен ауыратын науқаста өршу кезеңінде байқалады?

  1. Тежелу және адинамия

  2. Сүзек статусы

  3. Ұйқының қалыптасуы

  4. Астеновегетативті синдром

  5. Жалпы жағдайы өзгермейді

  1. Патогенді қоздырғыштардың макрооргонизмге ену жолы:

  1. Инфекцияның резервуары

  2. Инфекцияның кіретін жері

  3. Суперинфекция

  4. Эпидермиялық процесс

  5. Диссеминация

  1. Іш сүзегімен ауыратын науқастың потенциальды спецификалық мәселесі:

  1. Пневмония

  2. Паротит

  3. Менингит

  4. Миокардтың диффузды зақымдануы

  5. Ішек ойық жарасының перфорациясы

  1. Науқаста ректороманоскопия болады. Сапалы зерттеу жүргізу үшін науқасқа сіз, жасайсыз:

  1. Премедикация

  2. Таңертең және кешке тазалағыш клизмасын

  3. Тік ішек температурасын қадағалау

  4. Контрасты затты енгізу

  5. Тамақтану мінездемесін қадағалау

  1. Науқас С, 22 жаста, 10шілде етеккірінің болмауына, таңғы уақытта жүрек айну мен құсуға шағымданып келді. Анамнез: соңғы етеккірі10 мамырда, жыныстық қосылу күнделікті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 110/70 мм с.б.б. Айнамен қарағанда қынаптың шырышты қабаты көгілдір. Бимануальды зерттеуде: жатыры қаз жұмыртқасындай ұлғайған, ауырсынбалы, консистенциясы жұмсақ, пальпацияда қатаяды. Жүктіліктің жіне босанудың болжамды мезгілін анықтаңыз:

  1. Жүктілік 5 апта, босану мерзімі 7ақпан

  2. Жүктілік 8 апта, босану мерзімі 17ақпан

  3. Жүктілік 12 апта, босану мерзімі 27ақпан

  4. Жүктілік 14 апта, босану мерзімі 7ақпан

  5. Жүктілік 16 апта, босану мерзімі 17ақпан

  1. Қалалық аурухананың жұқпалы бөлімшесіне қатты бас ауруы, құсу, гипертермия, 39С шағымдармен науқас түсті. Болжам диагнозы: менингококк инфекциясы, менингококкты менингит. Менингиттің диагностикасы кезінде менингиалдық белгілерді анықтайды, олардың бірі болып табылады:

  1. Желке бұлшықеттерінің сіресуі

  2. Гепатоспленомегалия

  3. Розенберг симптомы

  4. Падалки симптомы

  5. Штенберг симптомы

  1. Науқас Е 50 жаста. Қант диабетінің орташа дәрежесімен сырқаттанады. Шағымы: аяқтарында сыздап ауырсынуы, әсіздік, жиі шөлдегіштік, ентікпе. Емдік жаттығулардың әсері тиімді болу үшін жаттығулар келесі уақытқа созылу керек:

  1. 30-40 минут

  2. 10-15 минут

  3. 20-30 минут

  4. 25-35 минут

  5. 15-20 минут

  1. Күлдіреуік (пузырчатка) патогенезінде жатыр:

  1. Аутоиммунды реакция

  2. Некрозды қабыну

  3. Атрофиялық үрдіс

  4. Лимфа айналымының бұзылысы

  5. Қан айналымының бұзылысы

  1. Қабылдауға 34 жастағы еркек келді, түнгі клубта ди-джей, екі күн бойы дене температурасының 38С дейін жоғарлауы, дизурия, зәр шығару кезінде қышу және ашу, уретрадан жағымсыз иісті ақшыл-сары бөліністің бөлінуіне шағымданады. Науқас ретсіз жыныстық қатынаста болады. Қарауда жыныс мүшесі басының гиперемиясы мен ісінуі. Берілген клиникалық сурет қай ауруға тән?

  1. Жедел гонорея

  2. Урогенитальды хламидиоз

  3. Урогенитальды трихомониаз

  4. Урогенитальды кандидоз

  5. Гарднереллез

  1. Бала 4 жаста. Аймақтық дәрігер үйге шақырылған. Жөтелге, дене температурасының жоғарлауы, тамақтан және судан бас тартуға шағымдаады. 3күн бойы сипмтоматикалық ем қабылдаған, ем нәтижесіз. Қарау барысында тері жамылғылары боз, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы. Өкпеде тыныс әлсіреген, оң жақ төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Ауруханадан тыс пневмонияға күдікпен бала ауруханаға жіберілген. Шұғыл госпитализация көрсеткішін көрсетіңіз:

  1. Жасы 5 жасқа дейін

  2. Тамақ пен судан бас тарту

  3. Өкпедегі жергілікті симптомдар

  4. 3 күн бой фебрильді температура

  5. Емнің әсерінің болмауы

  1. Туберкулин сынамасының виражы деген не?

  1. Қақырықта Кох мико бактерияларының табылуы

  2. Теріс Манту сынамасы

  3. Алғаш рет болған оң Манту сынамасы

  4. Гиперергиялық Манту сынамасы

  5. Күдікті Манту сынамасы

  1. № 058/у формасы бойынша шұғыл хабарлама санитарлы эпидемиологиялық саладағы мемлекеттік мекеменің аймақтық бөлімшесіне ауру тіркелгеннен кейін неше сағатта жіберілу керек?

  1. 1 сағат

  2. 3 сағат

  3. 12 сағат

  4. 24 сағат

  5. 48 сағат

  1. Жыныс серіктестерін жиі ауыстыратын және жыныстық қатынаста жиі болатын 19 жастағы жас қызға контрацепция әдісін таңдаңыз:

  1. Мүшеқап

  2. Жатыр ішілік спираль

  3. Оральды контрацептивтер

  4. Пластырь

  5. Спермицидтер

  1. Босану хабашысының диагностикалық белгісін көрсетініз:

  1. Жиі тұрақты толғақ

  2. Қағанақ суының ағуы

  3. Жалған толғақ

  4. Ішінің жергілікті ауырсынуы

  5. Эпигастрийде ауырсыну

  1. Эпилепсиялық статустың 1 сатысында шұғыл көмек көрсету кезеңінде енгізілетін дәрілік препаратты көрсетіңіз.

  1. 10 мг диазепам т/і

  2. 40% глюкоза ерітіндісі т/і

  3. Дәрумен В1 – 5 мл т/і

  4. Дексаметазон 4 мг, т/і

  5. 2,4 – 4,0 мл фуросемид т/і

  1. Мүйіспен және қасаға симфизінің төменгі шеті арасындағы арақашықтық:

  1. 11 см

  2. 13,5см

  3. 20-21 см

  4. 12,5-13 см

  5. 25-26 см

  1. Науқас әйел іштің төменгі жағында кенеттен бүріп ауыруға, есінен танған күйге шағымданады, АҚ 90/60 мм с.б Тамыр соғу – минутына 100 соққы, терісі бозарыңқы, Щеткин – Блюмберг симптомы оң, төрт аптаға етеккірдің кідіруі, PV: кенеттен ауырғандықтан жатыр және қосалқылары анықталмайды, артқы күмбезі керіліп тұр. Нені болжауға болады?

  1. Түтіктің жыртылу типі бойынша ұзілген жатырдың тыс жүктілік

  2. Аналық без киста аяқшасының бұралып қалуы

  3. Аналық бездің апоплексиясы

  4. Көкбауырдың жарылуы

  5. Жатыр мойнындағы түсік типі бойынша үзілген жатырдан тыс жүктілік

  1. Көп босанған әйел , бала жолдасы туылды, қарау барысында түгел. Жатырдың жиырылу қабілетінің төмендігіне байланысты жатыр қуысын қолмен тексерді. Әйел 1000 мл қан жоғалтты және қан кету жалғасуда. Қанды тоқтату мақсатында қандай іс – әрекет жасалады?

  1. Қайталап жатыр қуысын қолмен тексеру

  2. Көктамырға метилэргометрин салу

  3. Бала жолдасын қолмен ажыратып шығару

  4. Жатырға сыртқы массаж жасау

  5. Жатыр ампутациясы, экстрпациясы

  1. Босанғаннан кейін әйел тәулік бойы үлкен дәретінің болмауына шағымданады, мейірбекенің қажетті іс – әрекеті:

  1. Тазарту клизмасын жасау, диетаны сақтауға ұсыныс

  2. Газ шығаратын түтікшені қою, тыныштандыру

  3. Асқазанды шаю, тыныштандыру

  4. АҚҚ өлшеу, ұйықтататын дәрі беру

  5. Дене қызуын өлшеу, ауырсынуды басатын дәрі беру

  1. Хирургиялық бөлімшеде науқасқа плазма алмастырғыш ертінділер мен қан тобына сәйкес қан құйылған. 3 сағаттан кейін арқасына ауыру, қалтырау, бас ауыруы, қан қысымының төмендеуі пайда болған. Бұл жағдайдың даму себебі:

  1. Гемотрансфузиялық шок

  2. Екіншілік пиелонефрит

  3. Гемолитикалық анемия

  4. Анафилактикалық шок

  5. Геморрагиялық шок

  1. Науқас әрбір жөтелген сайын алқызыл көбіктің қанның бөлінуі бойынша мейірбике палатаға шақырды. Қандай шұғыл жағдай дамиды?

  1. Өкпеден қан кету

  2. Асқазаннан қан кету

  3. Өңештен қан кету

  4. Ауыз қуысынан қан кету

  5. Мұрыннан қан кету

  1. Науқас 2 күн бұрын суық сыра ішкеннен кейін дауысының қарлығуына, жөтелге, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,5 С. Ларингоскопияда көмейдің шырышты қабығы гиперемияланған дауыс саңылауы кең. Тыныс алуы еркін. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

  1. Жедел фарингит

  2. Жедел ларингит

  3. Лакунарлық ангина

  4. Паратонзиллит

  5. Жедел аденоидит

  1. 70 жастағы науқасты қарау барысында, сіз іштің кебуін, жиырылуыдың күшейген дыбысын және « алпыл шуын» байқадыңыз. Клиникалық бейне қандай ауруға тән:

  1. Орны толтырылған ойық жаралы стеноз

  2. Бауыр шаншуы

  3. Жіті ішек түйілуі

  4. Ішек инфарктісі

  5. Перитонит

  1. Босанушыда меконий аралас қағанақ суы кеткеннен кейін мерзімі жетілген нәресте туылды. Нәрестенің жағдайы ауыр, пульс 80 соққы/ мин, бұлшықеттер атономиялы терісі боз, бала жыламайды. Акушердің арғы әрекетін көрсетініз:

  1. Нәрестені құрғату және анасының кеудесіне жатқызу

  2. Реанимациялық шаралар үшін нәресені неонатологқа беру

  3. Құрғату, жылыту және динамикада жағдайын бағалау

  4. Өздігінен адреналин ерітіндісін енгізу

  5. Тыныс жолдары босату үшін арқасынан қағу

  1. Жүкті әйел кезекті дәрігер қарауына әйелдер кеңес беру мекемесіне келді. Жүктілік мерзімі 28-29 апта. Тексеру барысында АҚ – 160/100 мм сын.бағ көрсетті. Аяғында ісігі бар. Зәрдегі ақуыз мөлшері 1 г/л дейін. Сәлден кейін әйел басының ауырғанына, көзінің қарауытқанына, құсқысы келетіндігіне шағымданады. Жедел жәрдем көмегі шақырылды. Ол келгенше сіздің тактиканыз?

  1. Сульфат магний ерітіндісі 25 % - 20 мл тамырға 10 – 15 минут ішінде

  2. Глюконат кальций ерітіндісі 10% - 10 мл тамырға баяу енгізу

  3. Диазепам ерітіндісін 10 мг тамырға баяу енгізу

  4. Эуфеллин ерітіндісі 2,4 % - 10 мл тамырға баяу енгізу

  5. Сульфат магний ерітіндісі 25% - 8 мл тамырға 10 минут ішінде енгізу

  1. Анафилактикалық шоққа көмек

  1. Құюды жалғастырып, дәрігерге хабар беру

  2. Смазмолитиктер енгізу

  3. Система құюын тоқтату, көктамырдан инені шығармай физиологиялық ерітінді адреналин, гормондар енгізу

  4. Ауруға қарсы препараттар енгізу

  5. Ауруға қарсы препараттар енгізу, гормондар енгізу

  1. Пациент медициналық көмек алу, ал қызметкер – кәсіби қызметінің барысында жұқтырған жұқпалы аурулар қалай аталады:

  1. Карантиндік

  2. Аса қауіпті

  3. Ауруханаішілік

  4. Ішек

  5. Парентеральды

  1. Адамның иммундық тапшылығының вирусы жұқтырған ағзада орналасқан:

  1. Бұлшық еттің

  2. Лимфа тіндерінде

  3. Эпителиалдық жасушаларында

  4. Тері мен тері асты клетчаткасында

  5. Шаш жамылғысында

  1. Жылағыштық, жазуының бұзылуы, қозғалу кезіндегі мазасыздық, сөйлеу мәнері баяу – тән:

  1. Гастритқа

  2. Миокардитқа

  3. Хореяға

  4. Полиартритқа

  5. Остеомиелитқа

  1. Жарақаттары бар науқастардың шоққа қарсы негізгі профилактикалық іс – шаралар:

  1. Тамыр тарылтатын препараттар енгізу

  2. Оттегі ингаляциясы

  3. Жансыздандыру, сыртқы қан кетуді тоқтату, сынықтарды иммобилизациялау

  4. Сынықтарды иммобилизациялау, оттегі ингаляциясы

  5. Сынуларды иммобилизациялау, оттегімен ингаляция

  1. Балалар жұқпалы ауруханасына 7 жастағы бала түсті. Клиникалық симптомдарына сәйкес дәрігер «Менингит» диагнозын қойды. Инфекция көзін атаңыз:

  1. Жұқтырылған жануарлар

  2. Жұқтырылған құстар

  3. Жұқтырылған су

  4. Жұқтырылған тағамдар

  5. Жұқтырылған адамдар

  1. Жүрек қан тамырларының ауруы, ентігу бар науқастарға жартылай отыру қалпын қабылдау, мына мақсатпен тағайындалады:

  1. Емізу кезінде ыңғайлылық

  2. Кіші қан айналым жүйесіндегі кептелді азайту

  3. Ойылудың пайда болу қаупін азайту

  4. Киім ауыстыру ыңғайлылығы

  5. Асқорыту жолының жұмысын жақсарту

  1. ДСҰ анықтамасы. «Мақсаты ауру немесе жарақат салдарынан бұзылған қызметтерін толық қалпына келтіру болып табылатын белсенді үрдіс, егер ол мүмкін болмаса мүгедектің физикалық, психикалық және әлеуметтік потенциалын тиімді орындау, оның қоғамдағы адекватты интеграциясы» сай келеді:

  1. Медициналық реабилитация

  2. Паллиативті көмек

  3. Гериатриялық көмек

  4. Санитарлы – шипажайлық ем

  5. Гериатриялық реабилитация

  1. 23 жастағы А. Есімді науқас екі көзінің бірдей айқын қышуына, жас ағуға, ісінуге шағымданып ауруханаға келеді. Анамнезінен науқас 1 күн бұрын үй тазалығымен айналысқан. Сіздің болжамды диагнозыңыз

  1. серозды иридоцикилит

  2. глаукоманың жедел ұстамасы

  3. аллергиялық конъюнктивит

  4. тұқымқуалаушылық катаракта

  5. бактериялық кератит

  1. Қабылдау бөліміне түскен науқаста педикулездің белгілері анықталғанда миірбикенің іс әрекеті:

  1. Педикулезге қарсы тазалауды санитарлық өткізу бөлмесінде жүргізу

  2. Науқасты дезинфекциялық станцияға жолдау

  3. Педикулезге қарсы тазалауды есдеу бөлімінде өткізу

  4. Педикулез анықталған жағдайда бас дәрігерге хабарлау

  5. Науқасты инфекциялық ауруханаға жатқызу

  1. Ауруды оң үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Жыныс ерні ісінген, қатты ауырады, оның үстіндегі терісі қызарған, қатты ісік білінеді. Сіздің диагнозыңыз:

  1. Жедел вульвит

  2. Бартолин безінің кистасы

  3. Жедел лимфоаденит

  4. Бартолин безінің абсцесі

  5. Қысылған шап жарығы

  1. 33 жастағы науқас Б, оң жақ көзде пленка түрінде ісіктің пайда болуына, көру өткірлігінің төмендеуіне, жиі қызаруына, бөгде дененің сезіміне шағымданады. Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін птеригиумның үшінші сатысы диагнозын қойды. Аурудың осы сатысында қандай асқынуды болжауға болады:

  1. Глаукоманың жедел ұстамасы

  2. Онкологиялық ауру

  3. Орбита флегмонасы

  4. Теріскен

  5. Аллергиялық конъюктивит

53. Үйдің төбесінде бояу кезінде жұмыскер жерге құлап түсті, оң жақ санының тіліп алды, жарадан алқызыл қан бөлінуде, қан кету түрін және уақытша қан тоқтату әдісін көрсетініз:

  1. Артериялық, жгут салу

  2. Капелярлық қысып байлау

  3. Веноздық, тығыз байлау

  4. Аралас суық басу

  5. Парихматозды,жедел жәрдем келгенше ештене жасамау

54. Сіз-оқиға орнына келген «Жедел-жәрлем» фельдшері. Пациент 32жастағы ер адам, салынып жатқан үйдің екінші қабатынан құлаған. Ол, сол жақ санының қатты ауырсынуына, қимылдың шектелуіне шағымданады. Пациент қозып,тұруға әрекеттенеді. Қарағанда:сол жақ санның ортаңғы 1/3 бөлігінде гематома байқалады, сол аймақтын пальпациясы кезінде ісу мен пішінінің өзгеру (деформация)анықталады , пациент, тұрамын деп әрекет жасағанда, поталогиялық қозғалыспен крепитация байқалады. Бұл жағдайда фельдшкрдің тактикасын анықтаныз.

  1. Ауырсынуды басу,транспорттық иммобилизация, жарақаттық шоктын алдын алу

  2. Зақымдану аймағына суық басу,тығыз таңғыщ,,оттекті ингаляция

  3. Жай анальгетикпен ауырсынуды басуға,гипстік лонгетаны салу

  4. Наркотикпен ауырсынуды басу,сан-жамбас буынына масақ таңғышы

  5. Наркотикпен ауырсынуды басу, бақа қалпында ағаш қалқанды тасымалдау.

55.Жаңа туылған нәрестеге алғашқы патронаж жүргізілуде. Дәрігер анасына төспен емізу маңыздылығы жайлы төспен тамақтандыру

  1. Түнгі үзіліссіз әр 3 сағат сайын

  2. Түнгі үзіліспен әр 3 сағат сайын

  3. Баланың тамақ көлемі мен уақытын анықтауы

  4. Белгілі уақыттарда тамақтандыру көлемін бала анықтайды

  5. Әр 4 сағат сайын көлемін анасы анықтайды

56.Операция алаңын өңдеу үшін қолданылатын ерітінді:

  1. 1% йоданат ерітіндісі

  2. 1% хлорамин ерітіндісі

  3. 6% сутегі асқын тотығы

  4. 0.1% күміс нитраты ерітіндісі

  5. 0.1% фуразидин ерітіндісі

57.Гинекологиядағы шұғыл жағдайларға жатады:

  1. Жатырдан тыс жүктілік, мерзімінен бұрын босану

  2. Миоматозды түйіннің некрозы, аналық без кистасы

  3. Аналық без аполексиясы, аппендицит

  4. Аналық без аполексиясы, жатырдан тыс жүктілік

  5. Сальпингоофорит, эндометрит

58.Балалар саны 0-4 жасқа дейінгі 800 0-4 жасқа дейінгі балалар арсында 320 қызылша жағдай тіркелген.Таралуы қоршаған ортада 40% .Бұл көрсеткіш :

  1. Интенсивті көрсеткіш

  2. Қатынастар көрсеткіш

  3. Көру көрсеткіші

  4. Экстенсивті көрсеткіш

  5. Орта арифметикалық шама

59.АИВ инфекциясы кезінде инкубациялық кезеңнің аяқталуы немен сипатталады

  1. Дене температураның жоғарлауы

  2. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы

  3. Шырышты қабаттар мен тері жамылғыларында кандидоздың болуы

  4. АИВ ке қарсы антиденелердің пайда болуы

  5. Бірден салмақ тастау

60.Іш сүзекпен ауыратын науқаста өршу кезеңінде байқалады:

  1. Тежелу және адинамия

  2. Сүзек статусы

  3. Ұйқының қалыптасуы

  4. Астеновегатативті синдром

  5. Жалпы жағдай өзгермейді

61.Төменде көрсетілгендердің қайсысы шашыранды склероздың клиникалық сипаттамасы болып табылады :

  1. Деменция

  2. Көрудің нашарлау

  3. Клоникалық тырысулар

  4. Бұлшық ет атрофиясы

  5. алопеция


написать администратору сайта