Главная страница

мәміле ұғымы, түрлері. Курсовая 2021 правильная. Мміле туралы жалпы ережелер


Скачать 71.07 Kb.
НазваниеМміле туралы жалпы ережелер
Анкормәміле ұғымы, түрлер
Дата20.05.2021
Размер71.07 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКурсовая 2021 правильная.docx
ТипДокументы
#207577
страница3 из 3
1   2   3

ҚОРЫТЫНДЫ




Мәміле заңды әрекет, ол арнайы азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына, тоқтауына немесе өзгертілуіне бағытталған. Мәміле азматтық қатынастарды туғызады, өйткені мәміле жасау нәтижесінде туындайтын құқықтық салдар нақ азаматтық заңмен айқындалады. Сонымен, мәміле дегеніміз ерік актісі. Онда арады ерік саналы маққсатқа жету үшін белгілі бір құқықтық салдары туғызуға бағытталған, яғни өздерінің шаруашылық, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мәміленің ырықты сипаты оның тиісті құқықтар мен міндеттер жасауға, оларды өзгерту мен тоқтатуға бағытталуымен айқындалады.

Және де мәміле қоғам өмірінің негізгі салаларында (жеке тұлғаның жағдайы, меншік, азаматтық айналым, мұрагерлік және т.б.) мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастардың тұрақтылығын, орнықтылығын және айқындылығын қамтамасыз ету. Ол адамдар өмірінің маңызды бастауын-өмір мәселелерін келісім, диалог, өзара келісілген ерік негізінде шешуді жүзеге асырады.

Мәміле жасаған тараптар өз нәтижелеріне жету үшін, ол мәміле заңдағы барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Көрсетілген талаптар екі категорияда болады: жалпы және арнайы. Арнайы талап азматтық құқықтық мәмілелердің анықталған бір түрінде ғана қолданылады. Ал жалпы талаптар тетік немесе түрлік жағына қарамастан мәмілге таратылады. Осындай төрт талаптарды айыра білуіміз керек:

1.мәміленің субъектілік құрамын;

2.ортақ еркін және еркін білдіру талап ету;

3.мәміленің мазмұндылығын талап ету;

4.мәміле формасын талап ету.

Заң мәміле жасаушы тараптарға елеулі талап қояды. Мәміле ерікті әрекет болғанлықтан, оны тек құқық және әрекет қабілеттілігі бар тұлғалар жасай алады. Азаматтардың құқық қабілеттілігі ҚР АК-нің 13-ші бабына сәйкес азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтырға бірдей және ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Алайда, әрекет қабілетілігінің бірдей бағамында барлық азаматтар бола бермейді. Ол санаткерлі және ерікті дамыған адамда, өзінің әрекеттерінің мазмұнын түсініп, онымен басшылық ететін қабілеттілігіне байланысты болады. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, жас шамасы мен медециналық негізінде азаматтардың әрекет қабілеттілігін бес топқа бөлу көз қарастары бар, олар:

1. толық әрекет қабілеттілігі бар адамдар;

2. 14-18 жас аралығындағыларын әрекет қабілеттілігі;

3. ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдар (6жастан 14жасқа дейін);

4. шектеулі әрекет қабілеттілігі бар азматтар;

5. әрекет қабілеттілігі жоқ ақаматтар.

Осы «Мәміле ұғымы, түрлері және нысаны» тақырыбына жазылған курстық жұмысты орындау барысында, жұмыстың мақсатына сай мынандай қорытынды жасауға болады: Мәміле — азаматтар мен заңды ұйымдардың азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеті. Мәміле жасау үшін ұсыныс, ниет, екінші тараптан келісім керек. Ниет үш түрлі тәсілмен білдіріледі:

  1. ауызша не жазбаша жасалатын тікелей ниет білдіру. Мысалы: келісім жасау, залалды өтеуге келісетінін хабарлау, хат жазысу, тағыда басқа.;

  2. жанама ниет білдіру. Мысалы.: адамның тауарды сөреге орналастыруы оның саудагерлік Мәміле жасау ниетін білдіреді. Ол тек ауызша ғана жасалады;

  3. кейбір жағдайда үндемеу де ниет білдіру болып саналады. Алайда мұндай ниет білдірушілік тек қана заңда немесе өзара келісімде көрсетілген жағдайда ғана орын алуы мүмкін.

Курстық жұмысты орындау барысында,мәміле ұғымы, мәміле түрлері туралы толық және ерекше мән беріле жазылды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Қазақстан Республикасы Конституциясы 2011ж өзгерістермен;

2.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы және Ерекше бөлімі 2019 ж берілген өзгерістер мен толықтырулармен;

3.Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ғ.И. Төлеуғалиев., Алматы 2000 ж;

4.Диденко А.Г., Басин  Ю.Г., Иоффе О.С. и др. Гражданское право.(учебное пособие). Алматы 1999;

5.Жайлин Г.А. Азаматтық құқық. І том. Алматы. 2003ж;

6.Жайлин Г.А. Азаматтық құқық. ІІ том. Алматы. 2003ж;

7.Жайлин Ғ.А. ҚР Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім.-1 том.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004. 264 бет;

8.Сүлейменов және Басин «Азаматтық құқық» - жалпы бөлім I том 59-69 беттер;

9.Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» - жалпы бөлім I том 40-43 беттер;

10.Төлеуғалиев. Азаматтық құқық. Жалпы және Ерекше бөлім. Алматы: Жеті Жарғы .-2003. 426бет;

11. Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз, 1998 жылы 7 қазандағы № 284 І заңымен енгізілген өзгертулер мен тылықтырулар./ Алматы: «ҚҰҚЫҚТАНУ» Баспасы. - 2004, 31 бет.
1   2   3


написать администратору сайта