Главная страница

мәміле ұғымы, түрлері. Курсовая 2021 правильная. Мміле туралы жалпы ережелер


Скачать 71.07 Kb.
НазваниеМміле туралы жалпы ережелер
Анкормәміле ұғымы, түрлер
Дата20.05.2021
Размер71.07 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКурсовая 2021 правильная.docx
ТипДокументы
#207577
страница1 из 3
  1   2   3

МАЗМҰНЫ






КІРІСПЕ

3

1

МӘМІЛЕ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

5

1.1

Мәміленің түсінігі, маңызы

5

1.2

Мәміленің нысаны

12

2

МӘМІЛЕЛЕРДІ ТОПТАСТЫРУ

18

2.1

Мәміленің түрлері

18

2.2

Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың салдары

20




ҚОРЫТЫНДЫ

24




ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

26


КІРІСПЕ

Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі. Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік рөл атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.

Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын рөлі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі – сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.

Мәмiлелердi заңдастыру, құқықтық аспектiлердi қамту, азаматтық қатынасқа баға беру, заңнамаларды жетiлдiру уақыт талабы балып отыр. Мәмілелелердің құқықтық жақтарын игеру, бiлу мәмiлелердi жасау, орындау барысында туындайтын құқықтық проблемаларды шешу, мүмкiндiгiнше болдыртпау, санын азайту жағдайын қалыптастыра алу бүгінгі күннің талабы. Мәмiлеге түсушi әрiптестердiң ара қатынасын анықтайтын заңды құжаттарды кәсiби рәсiмдеу құқықтық мәселелердi тиiмдi шешудiң кепiлi болмақ. Сондықтан тек заңгерлер емес, құқықтық мемлекет, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мәміле талаптарын білу керек.

Курстық жұмыстың өзектілігі: нарықтық қатынастарда дамыған ел экономикасының тиімді құқықтық базасын құру, азаматтық қоғамның дамуы мен нығаюымен тікелей байланыстылығында. Бұл міндетті шешуде субъектілермен жасалатын әртүрлі құқықтық азаматтық мәмілелерді реттеудің құқықтық механизмдерін анықтайтын құқықтық нормалар аз рөл атқармайды. Жеке құқық түсінігі әрдайым мәміле ұғымымен үздіксіз байланыста. Қазіргі таңда мәміле ұғымының рөлінің артуы, азаматтық құқықтың мәміле жайлы барлық нормаларындағы маңыздылығын талап етуде.

Азаматтық заңдар өздерi реттейтiн қатынастарға қатысушылардың теңдiгiн, меншiкке қол сұқпаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерге кiмнiң болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, нұқсан келтiрген құқықтардың қалпына келтiруiн, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттiгiн тануға негiзделедi. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтiн кез-келген жағдайларын белгiлеуде ерiктi.

Қазiргi нарықтық қатынасты игеруде заман талабына сай мәмiлелер жасау, оларды құқықтық реттеу қоғамымызда елеулi қиындықтар тудыратыны баршаға мәлiм. Мәмiленi жасаудың жалпы тәртiбi, жарамдылық негiздерi жеткiлiктi зерттелген десек күмән туғызбас, ал мәмiлелерге байланысты дауларды сотқа дейiн, сотта шешу, сот тәжiрибесiнде жиi кездесетiн жекеленген мәмiлелердi жасау, мiндеттемелердi орындау барысындағы құқықтық мәселелер әлi өз шешiмiн толық тапқан жоқ, арнайы ғылыми еңбектерiң тапшылығын аңғаруға болады.

Осы жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы Азаматтық құқықтардың арасындағы елеулі рөл атқаратын мәміле түрлерін, олардың түсінігі мен маңызын ашып көрсету. Осы аталған мақсатқа жету үшiн мына мiндеттер туындайды:

– мәміле туралы жалпы түсінікті қарастыру;

– мәміленің белгілерін қарастыру;

– мәміленің нысаны және оның маңызын анықтау;

– мәмілені нотариаттық куәландыру тәртібін қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы кiрiспеден, 2 негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 МӘМІЛЕ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



    1. Мәміленің түсінігі, маңызы


Мәміле дегеніміз – азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгіленуіне, өзгеруіне және тоқтатылуына бағытталған әрекет. Мәміленің, мейлінше көп тараған түрі – шарт (яғни екі жақты немесе көп жақты мәміле). Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады (мысалы, өсиет). «Азаматтар мен заңды тұлғалардың, - делінген АК-тің 147 бабында, - азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады». Мәміле дегеніміз – заңды дерек, әрекет. Заңға сәйкес мәміле – азаматтық құқық субъектісінің заңды әрекет (заңға қайшы жасалатын азаматтық құқық бұзушылықтан ажыратқан абзал).

Мәміленің маңызды ерекшелігі мынада: оны жасаудың нәтижесінде  азаматтық-құқықтық салдар пайда болады, құқықтар мен міндеттер және т.б. белгіленеді, өзгертіледі немесе тоқтатылады.

Мәміле дегеніміз –  ерік актісі. Онда азаматтық құқық  қатынастары қатысушыларының еркі көрінеді (оны адамдардың еркінен  тыс болатын оқиғалардан ажырата  білген жөн). Бұл арада ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталған. Атап айтқанда, өздерінің шаруашылық, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Мәмілеге қатысушының  ішкі еркін және байқалған сыртқы еркін ажырата білу керек. Егерде ерік сыртқы еркін білдірсе, ол басқа адамдардың қолы жететін нәрсе бола алмайды, яғни оның заңды салдары жоқ. Сонымен бірге ерік білдіру құбылысы мәмілеге қатысушылардың ішкі еркіне сәйкес келмесе, онда мәміле жасалмады деп танылады.

Азаматтық құқықтыр мен міндеттемелірінің негізгі пайда болу көзіне заңды айғақтар жатады. Олар айқын әрекет жағдайын көрсетеді. Айтылып кеткендей, мәмілелер ең көп таралған заңды фактілер болып табылады. Қазақстан Республикасынын Азаматтық Кодексінің 147-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азамттық құқықтыры мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерді анықтайды. Алайда, заңды мәмілелердің түсінігін толық анықтау үшін бірнеше керекті жағдайларға көз аударуға тура келеді. Барлық заңды фактілер әртүрлі негіздер бойынша жіктеледі. Яғни, әрекет пен оқиғаға бөлу субъектілер еркіне байланысты болады. Г.Ф. Шершеневичтің пікірі бойынша заңды әрекет: өзімен бірге заңды нәтижелер әкелетін адамның сыртқы еркін жеткізу Әрекет – бұл жеке немесе заңды тұлғалардың еркі көрініс табатын заңды фактілер (мысалы, шарт жасау). Осы жағдайларға сәйкес оқиғалар адамдардың еркіне тәуелсіз заңды фактілердің болуына әкеліп соғады (туу, өлу немесе адамның дертке ұшырауы, соғыстар, көтерілістер және тағы сол сияқты жағдайлар).

Осылардың қатарына стихиялық апат мінезіндегі барлық оқиғалар жатады, яғни өрттер, су тасқындары, дауылдар және тағы басқалары. Бұл түсінікте мәселенің оқиғадан айырмашылығын айтуға болады, өйткені Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 147- бабына сәйкес мәмілелер деп азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер танылады. Мәміленің анықталған құқықтық шешіміне жетуіне бағытталуы заңды әрекеттерге қайшы келеді, яғни субъектінің еркімен әрекет қабілеттілігінің болуына қарамастан құқықтық нәтижелер заңды күшіне енеді. Мәмілелер үшін субъектілердің еріктерімен әрекет қабілеттері болуы керек, бұл туралы төменде толығырақ айтыла кетеді.

Заң бойынша әрект екіге бөлінеді: заңды және заңсыз болып. Заңды – яғни орындалатын мәмілелердін барлығы заңдардағы талаптар мен құқық қағидасына сәйкес келуі керек. Ал заңсыз мәмілелер қатарына келесі әрекеттер жатады: басқа тұлғаға зиян келтіру, құқықтармен қиянат жасау, шарттағы міндеттемелерді бұзу және тағы басқалары. Мәміле, заңсыз әрекеттерге қарағанда, яғни азаматтардың құқықтары мен міндеттерін бұзатын, ол заңды әрекеттермен айқындалады. Мәміленің заңдағы талаптарға сәйкес келмеуі, оның жарамсыздығына әкеліп соғады және заңды нәтижелер болмайды. Мәмілелерді мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілерінен айыруымызға тиістіміз.

Мемелекеттік органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдары да азаматтық құқықтары мен міндеттерінің пайда болуының негізі болып саналады. Бірақ Азаматтық кодекстегі мәмілелер туралы ереже оларға жатпайды. Өйткені, берілген органдардың актілері императивтік мінезді, ал құқықтық қатынас субъектілері тең құқылы болмайды, мұндай жағдай Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1-ші бабында бекітілген азаматтық заңның негізіне қайшы келеді. Жоғарыда айтылып кеткеннен басқа Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 147-ші бабында көрсетілген мәмілелер-азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттемелерін белгілеугі, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Басқа да азаматтық құқықтары мен міндеттемелерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға, құқық саласы мен құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған ерікті актілерден мәмілені Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 147-бабында белгіленген мәселелер анықтайды. Мысалы, жұмысқа тұру туралы өтініш тұлғаның ерікті актісі болып саналады, яғни ол еңбек туралы заңмен реттелетін құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған.

Мәміленің заңды фактілерден айырмашылығының негізгі белгілеріне осылар жатады. Жағарыда атап көрсетілгендерден шығатын болсақ, мәмілелердің ұғымы және олардың негізгі белгілеріне толығырақ тоқтала кетейік. Мәміле заңды фактілердің бірі, дәлірек айтсақ ол- заңды, ерікті, саналы және анықталған құқықтық мақсатқа жетуге бағытталған заңды әрекет. Мысалы, сатып алу-сату мәмілесінде сатып алушы затты өз меншігіне түсіруге тырысады.

Мәміле жасаған тараптар өз нәтижелеріне жету үшін, ол мәміле заңдағы барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Көрсетілген талаптар екі категорияда болады: жалпы және арнайы. Арнайы талап – азаматтық-құқықтық мәмілелердің анықталған бір түрінде ғана қолданылады. Ал жалпы талаптар тектік немесе түрлік жағына қарамастан мәмілеге таратылады.

Осындай төрт талаптарды айыра білуіміз керек:
1. мәміленің субъектілік құрамын;

2. ортақ еркін және еркін білдіруді талап ету;

3. мәміленің мазмұндылығын талап ету;

4. мәміле формасын талап ету.

Заң мәміле жасаушы тараптарға елеулі талап қояды. Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны тек құқық және әрекет қабілеттілігі бар тұлғалар жасай алады. Азаматтардың құқық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 13-ші бабына сәйкес азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтырға бірдей және ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Алайда, әрекет қабілеттілігінің бірдей бағамында барлық азаматтар бола бермейді.

Ол санаткерлі және ерікті дамыған адамда, өзінің әрекеттерінің мазмұнын түсініп, онымен басшылық ететін қабілеттілігене байланысты болады. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, жас шамасы мен медициналық негізде азаматтардың әрекет қабілеттілігін бес топқа бөлу көз қарастары бар, олар:

1. толық әрекет қабілеттілігі бар адамдар;

2. 14-18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі;

3. ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдар (6 жастан 14жасқа дейін);

4. шектеулі әрекет қабілеттілігі бар азаматтар;

5. әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтар.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтардың өз еріктерімен азаматтық құқықтарға ие балуға және оны жүзеге асыруға өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелеттке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемде пайда болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 22-ші бабына сәйкес 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушаларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды.

Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сәйкес келуге тиіс. Осы аралықтағы кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы.

Басқа да мәмілілерді олар ата-анасының, асырап алушаларының немесе қорғаншыларының жазбаша түрдегі келісімімен жасай алады. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көрсетілмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушалары немесе қорғаншылары жасайды.

Жасөспірімдер өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалытын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Ал жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншы белгіленеді. Әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмілелерді оның қорғаншысы жасайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 35-ші бабына сәйкес заңды тұлғалардың азамттық құқықтары болуы және заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында тиым салынбаған кез-келген қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті азаматтық міндеттерді атқаруы мүмкін. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі өз әрекеттерін және өзіне құқықтар мен міндеттерді құру мен байланысты.

Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың заң актілерінде көзделген жағдайларда белгілі бір қызмет түрін жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшін басқа қызметпен айналысу мүмкіндігі болмауы немесе шектелуі мүмкін. Сөйтіп, олар әртүрлі мәмілелерді жасауға құқылы, тек ол мәмілелер заңмен тиым салынбаған болуы және өздерінің құрылтай құжаттарында көзделген мақсаттарға қарсы келмейтін болуы керек. Заңды тұлға тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады.

Мәміле жасаған кезде заңды тұлғаның еркін оның органы немесе өкілі білдіреді. Егер орган немесе өкіл өздеріне берілген өкілет бойынша ғана әрекет жасаса, онда заңды зардаптар заңды тұлғаның өзінде пайда болады. Осылайынша, нақты мәміле жасау үшін мәміленің әр тараптары заңмен талап етілетін құқық субъектісіне сәйкес келуі керек, яғни олардың әрқайсысында сәйкес көлемде әрекет қабілеттілігімен құқық қабілеттілігі болуы керек. Құқықтар мен міндеттемелердің жүзеге асырылуы құқықтық қатынастың пайда болу еркіне қарамастан, қатысушылардың ерікті актілерінсіз мәнсіз болуы айқын.

Мәміледе басқа да ерікті акт сияқты ерік пен ерік білдірудің қабысқанын талап етеді. Маған не керек?- деген сұраққа ерік жауап береді, ал ерік білдіру: Мен ол үшін не істеп жатырмын? деген сұраққа жауап береді. Қойылған мақсатқа жетудің екі түрі бар детерминирлік және дәлелді: мысалы, тұлға өзін қартайғанда немесе ауырған жағдайда қамтамасыздандырылған болғысы келеді. Алайда, ерік және оның себептері заңды мәміленің заңды көрінісін білдіреді және өзінің заңды мағынасына оның ішкі және сыртқы әрекеттері білінгенде ие болады. Сондықтан, тұлға мақсатына жету үшін өмірін сақтандыру мәмілесін жасайды. Осыдан мынаны түсінуге болады, яғни ерік білдіру мәміленің ең негізгі элементі.

Мәміледегі ерік субъектінің мақсатына жету ғана емес, ол нәтижесінде мәміле жасау болып табылатын жүріс- тұрысын психикалық тұрғыда реттеу. Ерік білдіру объективті әрекетіне зорлау, өтірік алдау, қорқыту және тағы басқалары әсерін тигізбейді, ол тек қана субъектінің еркіне әсерін тигізеді. Оның мәжбүрлі түрде қабылдайтын шешіміне немесе психикалық реттелетін әрекеттерге.

Зорлау кезінде тұлға өз еркінен айырылады, оның еркін мәжбірлі түрде басқа біреу ауыстырады және бірінші тұлға басқа біреудің қолында ерік білдіретін құралы болып қалады. Осы жағдайлардың барысында зорлау, яғни мәжбүрлі түрде жасалған заңды әрекет ерік білдіру деп саналуы мүмкін емес. Бұл жағдайда субъектінің еркі ерік білдіруге сәйкес келді деп айтуға болмайды, өйткені мәжбірлеу заңды талаптарға қайшы келеді. Егер мәміле жасаған кезде тұлғаның еркі басқа тұлғаға тәуелді боса, яғни екінші бір тұлға оны қорқытып, зорлап немесе алдау арқылы мәміле жасауға мәжбүрлесе, онда бұл мәміле жарамсыз болып саналады. Осы жағдайларды айта келе мынадай шешім қабылдауға болады: тұлғаның субъективтік мақсаты объективтік көрініс табуына сәйкес келсе мәміле жарамды болады. Мәміле субъектілерінің еріктері қоғамға түсінікті болу үшін, мағынасы объективті түрде боуы керек.

Субъектілердің еркін айқындау, бекіту және куәландыру әдістерін мәміле формалары деп атайды формасын сақтай отырып, құқықтар мен міндеттер туғызады, сондықтан да мәміле формаларына заң өзінің талаптарын ұсынады. Жалпы ерік білдіру ережесі түрінде анықталған форма әрекетін қолданады. Бұл форма әрекеті арнайы сөздерден тұрады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 51-бабының 1бөлігінде көрсетілгендей мәмілелер ауызша немесе жазбаша нысанада жасалады. Жазбаша нысанда жасалған мәміле міндетті түрде жай немесе нотариалды болады.

Мәміленің нотариалды куәлендырылуы міндетті түрде:

1. заңда көрсетілген жағдайларда;

2. заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландарғаннан кейін ғана жасалды деп саналады. Бұлардан басқа ерік білдірудің тағы екі әдісі бар. Кей кезде ерік туралы бір тұлғаның мінез- құлқын жанама түрде әңгіме қылуға болады, мысалы, биржадағы брокерді сәйкесінше жағдайда конклюдентті болып келеді, яғни шешім қабылдауға болатын жағдайлар.

Үндемеу, яғни өз ойын білдірмеу осыған ұқсас рөлді алады. Сондықтан да заңда немесе екі тараптың келісімдерінде үндемей қалу нені білдіретіні, яғни қандай мағынада оны түсіну керек екені міндетті түрде көрсетілуі керек (үндемеу жоқ немесе иәдегенді білдіреді). Мысалы, егер шартқа отырған кезде ай сайын анықталған көлемде бір затты сатыпалушыға сатушы әкеліп отыратын болса және келесі айда тұтынушы сатушыға ол затты әкелмеуі туралы мәлімдемесе, онда осы жағдайда үндемеу иә дегенді білдіреді.

Мәміле үшін оның құқықтық жағдайы мен мақсаты сай келуі қажетті. Мәміле жасаушы субъектілердің мақсаттары ол – меншік құқығына ие болу және тағы басқалары. Бұл мәмілелер қатарына моральді және тұрмыстық келісімдер жатпайды. Әр мәміле түріне оның құқықтық мақсаты тән. Мәмілелер осы құқықтық мақсатпен ғана жасалады және мәміленің негізі деп аталады. Мәміле негізі заңды және орындалатын болуы керек.

Заңды мақсаттарды (мәміле негізі) мәміле субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық мақсаттарымен ауыстыруға болмайды. Әлеуметтік-экономикалық мақсаттардан субъектілер еркі құралады: азаматтар материалды және діни қажеттіліктерін мәміле арқасында қамтамасыз етеді.

Олардың заңзы мақсатпен жіктелуінің негізгі екі себептері бар:
1. Әр түрлі құқықтық мақсаттарды іске асыру арқылы сол бір әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға жетуге болады.

2. Субъектілердің, мемлекеттің және қоғамның мүдделеріне қарсы келетін әлеуметтік-экономикалық мақсаттары бар мәмілелер жүзеге асса, олар жарамсыз болып саналады. Мәміленің заңды мақсаттарын мәміленің орындалу себептерінен ажырата білуіміз міндетті түрде қажет. Себеп айқындалған қажеттілік пен түрткі. Ол мақсаттың пайда болуының ірге тасы болады. Сондықтан себеп, субъектілердің мәміле жасауларына түрткі болады және құқықтық компоненті болмайды, құқықтық компоненті мәміленің құқықтық мақсаты болып саналады, яғни мәміленің негізі.

Себептерді есепке алу, азаматтық айналымның тұрақтылығын ойсырату деп есептеуге болады. Осылайша тараптар келісе отырып, себепке құқықтық мағына бере алады. Мұндай жағдайда себеп мәміле элементінің біріне айналады, яғни шартқа. Жоғарыда айтылып кеткендей, мәміле-заң талаптарына сәйкес жүзеге асатын заңды әрекет.

Мәміленің заңдылығы – ол мәмілеге отырған тұлғалар қолданған заңмен анықталған нәтижелерге және заңды фактілерге ие әрекет. Сондықтан заң талаптарына сай жасалған мәміле жүзеге асыруға болатын заңды факт болып есептеледі және мәміле тараптары өздеріне жағымды құқықтық нәтижелерін күте алады.

Азаматтық-құқықтық қатынастарына заңды әсерін тигізетін негізгі құрал ол құқық пен міндет. Мәміледен шығатын азаматтық-құқықтық қатынастар үшін уақытты дұрыс санау маңызды орын алады. Азаматтық құқықтағы мерзім – анықталған уақыттың бір бөлігін айтады. Бұл уақыт әр түрлі анықталады-күнтізбелік мерзіммен; жылдармен; айлармен; апталармен; күндермен; сағаттармен саналатын мерзімнің уақытына жетуімен; және де бір жағдайдың тууына байланысты есептелетін мерзім.

Азаматтық заңмен белгіленген мерзімнің келуі немесе өтуі, әрқашан да құқықтық нәтижелерге әкеледі. Бұл нәтижелер азаматтық-құқықтық қатынастардың тууымен, өзгеруімен немесе тоқтатылуымен байланысты болады. Сондықтан да заңдылық табиғаты бойынша мерзім заңды факт болып есептеледі. Алайда ол екі табиғатқа ие: біріншіден, заңды мерзімдер заңмен, әкімшілік актілермен, тараптардың келісімімен және де құқықтық жан-жалды қарастыратын органдармен бекітіледі. Бұл аталғандардың барлығы сәйкесінше шағуы бойынша ерікті болуға тиісті.

Ал екіншіден мерзім, уақыт ағымының объективті заңына бағынады. Осылайша құқықтың табиғаты бойынша ерікті бола тұра, заңды мерзімге уақыт ағымының объективті заңының белгілері де тән. Осы жағдайға сәйкес заңды мерзімдер, өзімен заңды фактілердің ерекше категориясын ұсынады, бұл фактілер оқиғалармен әрекеттерге жатпайды. Мәмілелерді мерзімді есептеу жалпы ережелермен жүзеге асырылады, жалпы ережелер азаматтық құқықтағы мерзімдерді есептеу үшін бекітілген. Мерзімдер осылайша анықталады:
1. Заңда немесе келісім-шарттағы анықталған мінез құлқы бойынша;

2. Тағайындауы бойынша.

Мерзімдердің бірінші категориясына жататындар, империативтік және диспозитивтік, анықталған және анықталмаған, жалпы және меншікті, уақыт үзігі түрінде анықталатын және уақыт жиелігі түрінде анықталатын, және тағы басқалары. Тағайындауға байланысты мезімдердің мынадай түрлерін қарастыруғаболады, азаматттық құқықтырды тудырушы, азаматтық құқықты жүзеге асыру мерзімі міндеттерді атқару және азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері.

Азаматтық құқықтың пайда болу мерзімдері – ол жаңа азаматтық құқықтың пайда болуымен байланысты туындайтын және өтетін мерзімдер , яғни құқық тудырумен байланысты мерзімдер. Азаматтық құқықтырда жүзеге асыратын марзімдер деп- бір мерзім ішінде құқылы субъект өзіне тиісті құқықтарды іске асыруға немесе міндетті тұлғадан өзінің құқығын іске асырумен байланысты анықталған әрекеттердің орындалуын талып етуге құқылы. Берілген мерзімдердің ішінен келесілерді айырып тану керек: азаматтық құқықтардың болу мерзімдерін, қиылысуларын, кепілдемелік және талып етушілік мерзімдерін.

Азаматтық құқықтардың болу мерзімін тағайындау ол өкілетті тұлғаға өзінің құқықтарын жүзеге асыру үшін берілген уақыт. Қиылысушы мерзімге байланысты, мұндай мерзімдер азаматтық құқықта көп емес. Мәмілелер үшін ең қажетті мерзім ол-кепілдік мерзімдері болып табылады. Кепілдік мерзімі ішінде әзірлеуші (жабдықтаушы, мердігер) заттың тоқтаусыз қызмет көрсетуіне кепіл болады.

Ал тұтынушы берілген мерзім ішінде заттың кемістігін тауып алатын болса немесе сол зат керексіз болып сынса, онда әзірлеуші заттың орнына басқа зат беріп ауыстыруға немесе заттың кемістіктерінің орнын толтыруға міндетті. Берілген мерзімдерь стандарттармен, техникалық шарттарман немесе тараптардың келісімдерімен бекітіледі.Пайдаланудың, сақтандырудың, пайдалану мерзімдерінің және тағы басқаларының кепілдік мерзімдерін анықтайды.


    1.   1   2   3


написать администратору сайта