мәміле ұғымы, түрлері. Курсовая 2021 правильная. Мміле туралы жалпы ережелер
Скачать 71.07 Kb.
|
Мәміленің нысаны Мәміле еріктің мәлімдеуінен туындайтын құқықтық мәнге заңмен бекітілген нысанда болып қабылдануы мүмкін. Мәмілеге қатысушыларының ерік білдіру әдісін мәміленің нысаны деп айтады. Мәміле ауызша және жазбаша нысанда жасалады. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле, ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле орындағанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар чегі, затты сатып алғаннан кейін анықтайтын құжат және т.б.) сондай-ақ жетонг, билет сияқты растайтын белгілер ұсынылады . Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп кетер ештеңе жоқ. Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге де белгілі нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылытын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Мұндай мәміле адамның мінез-құлқына оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзгеде растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып танылады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле, жасауға ерік білдіру деп танылады. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе,тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін. Заңға қарсы және тараптардың келісілген реттерден басқа ауызша нысандар жасалуы мүмкін. Конклугентті әрекет (латынша concludere-жасау) сол арқылы тұлғалардың мәмілеге қатысуға ниетін білдіру әрекеті мәселен азамат автоматқа ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді. Мәміленің ауызша нысаны даулар туған жағдайда жарамды мәміле жасалды ма, шартты болды ма деген мәселелер бойынша жеңілдіктер туғызады, бұл жағдайда құқықтық әдістермен де куәгер айғақтарымен де дәлелденуі мүмкін. Мәмілені жасауды рәсімдеу сияқты, мәміленің өзгертілуі орындалуы немесе тоқтатылуы рәсімделеді. Бірақ кейбір жағдайларда нормативтік актілердің тікелей жарғы беруі күшінде немесе тараптар қалауымен заңға қайшы келмейтін, келісім шар жазбаша нысандар жасауға әрекет жасау ретімен орындалады,яғни мәмілені жасау құжаты жазбаша жасалған ретте,әр әрекетті рәсімдейтін. Мәмілелердің жазбаша түрі өз кезегінде жай және нотариалдық болуы мүмкін. Жазбаша келісім шартының графиктік белгілеу жолымен ресімделуі, сағаттық график бойынша сатыпалушыға тауарды әкелуді қарастыратын, жеткізілім орындалуы, растайтын белгі және т.б. осы тектес болғанда беріледі. Қарызға беру келісім шарты бойынша ақша беру жазбаша ресімделеді, кредиторға қарызданушыны қол хат беру арқылы. Қандай да болмасын жазбаша рәсімделусіз келісім шарт орындалған кезде қолхат қайтарылады. АҚ 151 бабында ауызша мәміле нысаны мәміленің көлемді шеқте жасалу жіберілген, ал 152 бапта қатаң шектеулер қойылған, мәміленінің жазбаша нысанына қажетті: - егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінді жүзеге асырылатын; - мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіш жоғары сомаға; -заңдарды немесе тараптардың келісімінде көзделген өзгеде реттерде жазбаша түрде жасалуға тиіс. Мәміленің маңызыды жеткіліктілігі, жазбаша нысанның сәйкестігімен анықталады. Мәміле қатысушыларының мүдделерінің берік қорғанысын қамтамасыз етеді және бухгалтерлік есептің дәл жүйесін қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік іс жүргізгенде жасалған мәміле жазбаша нысанды талап етеді. Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасаған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға тиіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимелдік көшірме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі. Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тарапта қол қойған құжаттарда алмасу арқылы жасалуы мүмкін. Хат, жедел хат, телефон жазба, телетайп жазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілердің және олардың ерік білдірудің мазмұнын анықтаудың һөзгеде құжаттар алмасуы, егер заңдар немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі. Заңдар мен және тараптардың келісімімен қосымша тараптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөр мен бекіту сәйкес келуде және оларда осы тарптарда орындамау салдары көрсетілуі тиіс. Егер азамат дене кемтарлығы сауатсыздығы немесе науқастығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қояды. Соңғысының қойған қолы, егер заңдар да өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәмілені жасау үшін өзі қол қоя алмаған себептерді көрсете отырып, куәландыруға тиіс. Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар. Жазбаша нысандар жасалуға тиіс: -Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттердің нысанына қарамастан, жазбаша тұрде жасауға тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы айыпталу туралы келісімінің жарам сыздығына әкеп соғады. -Кепіл пұл туралы келісім кепілпұлдық сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Бұл ереже негізгі міндетеме нотариалдық жол мен куаландырылуға тиіс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепіл пұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады. -Кепілдік немесе кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілдік немесе кепіл болушылық шартының жарамсыз болуына әкеп соқтырады. Егер кепілдік беруші немсе кепіл болушы борышқордың міндеттемені орындамауы өз жауапкершілігіне алатынын несие берушіге жазбаша түрде хабарласа, ол несие беруші кепілдік берушінің немесе кепіл берушінің ұсыныстарынан бұл үшін жеткілікті болатын қажатті уақыт ішінде бастартпаса, кепілдік немесе кепіл болушылық шарттарының жазбаша нысаны сақталған деп есептеледі. әдетте жазбаша мәміле бір құжатты жасау жолымен жасалынады, тараптан немесе олардың өкілдерінің қолы қойылатын, егер іс жүргізу айналымында бақаша көзделмесе. Мәмілемен жазбаша нысанда жасау жиі хатпен, телеграммамен, телефонограмма мен жасау қолданылады, шарт жасаудың іс жүргізу кезеңдерінде аферта және акцепт рәсімделеді. Шарт жасасу туралы бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткілікті дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылдаған жағдайда өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі ниетін көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шартты елеулі ережелері немесе оларды анықтау тәртібі көрсетілсе, ол жеткілікті дәрежеде айқын деп танылады. Оферта оны жіберген жақ ол алушының қолына тигеннен бастап байланысты етіп қояды. Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледі. Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта өзінде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мәнімен немесе ол жасалған жағдайдан туындамаса , алушының қолына тиген офертаны оның акцепті үшін белгіленген мерзім ішінде қайтрып алуға болмайды. Акцепт толық әрі бұлтарсыз болуға тиіс. Егер заң құжатынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе тараптардан бұрынғы іскерлік қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауапқайтармау акцеп болып табылмайды. Егер акцептті қайтарып алу туралы хабар оферта жіберген жаққа акепттің өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледі. Мәміленің кейбір түрлерін жасау үшін бірдей және типтелген(үлгі ретінде) нысандары қолданылады (тасмалдау, сақтандыру, қарызға тауар сату) мысалы жария шарты, қосылған шарт тәжіребиеде бола алады. Комерциялық құқығымен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай онай өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын таурларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттерін белгілейтін шарт жария шарт деп танылады, бөлшек сауда, көпшілік падаланылатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету және тағы басқа. Комерциялық ұйымның заңдарға кµзделген жайғдайлардан басқасында, жәрдем шарт жасасу жөнінде біреуге басқалардан артықшылық жасалуға құқығы жоқ. Тутынушылардың кейбір категорияларына женілдік беру заңдармен жол берілетін жағдайларды коспағанда, тауарлардың жұмыспен қызметтін бағасы сондай ақ теория шарттың өзге ережелері тутынушылардың бәріне бірдей болып белгіленеді. Тутынушыға тиісті тауарлар ұсыну мүмкіншілігі бола тура комерциялық үйымның жария шарт жасаудан бас тартуына жол берілмейді ережелерін тараптардың біреуі формулярды немесе µзге стандартты нысандарда белгіленген және басқа тарап оны ұсынған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шартты деп танылады. Егер қосылу шарты заңдарға қайшы келмейтінімен, бұл тарапты осындай шарттар ойынша берілетін құқықтардан айыратын болса немесе міндеттемесі бұзған үшін басқа тараптың жауапкершілігін жастын немесе шектейтін болса не қосылған тарап үшін онда оның қйындық келтіретін, шарттың талаптарын белгілеуге қатысатын мемлекеттін мүдделерін негізге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары болса шартқа қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге құқылы. Бұндай жағдайда құжат мәлімне көрсететін, бірдей белгіленген нысанда құрылады, типтік немесе үлгі ретінде. Бұл реттегі құжаттар өңделеді, сатушымен немесе жұмыста орындаушымен немесе қызмет өкілі мен. Тараптардың өзара келісіммен құжатқа өзгерістер еңгізуі мүмкін. Басылымдағы жазба шарт үлгілері келісім шарттың қажетті талаптарын сақтаған ретте әдеттегі іс жүргізу өрісінде қаралуы мүмкін. Талапты бағалау кезінде, мәмленің жазбаша нысанына мәлімдейтін Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы 11 маусым 1997 жылғы ескеру қажет, Қазақстан Республикасының барлық мәмлелер жазбаша кысанда жасалатын мемлекеттік және орыс тілінде баяндалады, қажетті жағдайда басқа тілге аударылуы мүмкін. Кейбір мәмілелерге заңнама жай жазбаша нысанды қатайтады, құжатты толтыруды ғана талап етпей, тараптар мен қол қойылатын, белігілі бланкіде мәміле мазмұнынның баяндалуын, мөр мен қол қойылған күәлік етілуін талап етеді. Бұл реттегі талаптар мәселелерін жазбаша нысанына міндеті, егер олар заңмен қарастырылған немесе тараптар келісім мен болған жағдайда. Басқа жағдайларда, егер мәселе заңсыз түлғалармен немесе олардың қатысуымен жасаған болса көрсетілген талаптарды сақтауы міндетті емес. Жазбаша нысанда жасалған мәмленің жалпы ережелерін бұзбау жеткілікті болып табылады. Егер азамат кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәселен басқа азамат қол қоя алады. Сонғысының қойған қолы, егер заңдарда өзгеше көзделмесе , нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәселе жасаушының өзі қол қоя алмаған себептері көрсете отырып,күәландыруға тиіс. Жазбаша түрде жасаған мәселесі орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанның растайтын құжат талап етуге құқықты. Мәселелерді жасау кезенің өзінде орындалатын сырынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәселені орындаған талаптың да осындай құқығы бар, әдетте бұл реттегі құжат болып, қолхат, квитанция, көшірме қосымша т.б. Заң актілерімен бекітілген жағдайда немесе тараптан, келісімімен, жазбаша мәміле оның материалдық куаландырылғаннан кейін жасалды деп танылады. Егер нотариаттың куалләндірілған талап ететін мәселесі тараптар немесе тараптардың бірі іс жүзінде орындалған болса ол өзінің мазмұны жағынан қаусарға қайшы келмесе және үшінші жақтардын құқықтарын бұзбаса, сот мүддесі тараптың арызы бойынша мәселені жарамды деп құқылы. Бұл ретте мәселені кейіннен нотариат куәләндырлуы талап етілмейді. Нотиаттық куәләндыру мәселені талап ету қажеттілігі мәліленің белгілі бір түрлеріне заңмен тағайындалады Рента келісім шартты нотариаттық куәләндіруді ойландыруға талап етеді, өсиетті нотариаттық куәләндіру. Талап етілген нысанды жеңілту жолымен бұзуға заң тиым салған. Мәселенің нотариаттық куәләндіруды қажет ететін талап болған ретте жай жазбаша нысанда жасалуы мен шектелу немесе жазбаша нысан орнына ауызша нысан қолдану. Мәміле қатысушыларының келісімінен бекітілген нысаннан кері кету, заң ауызша нысанның болу мүкіндігін кµрсетеді де заң жазбаша нысанды нотариаттық куәландыруды талап етпесе де нотариаттық куәландырылуы мүмкін. Заң кейбір жағдайда мәміленің тіккеліке жасалуын талап етеді. - Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы басқа да құқықтар, бұл құықтарға шек қою олардың пайда болуы, аусуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркеуге тиіс. Меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құығы, арасында басқару құқығы, бір жылдан астам мерзімге пайдалану құқылы, жылжымайтын мүлікті кепілге беру жылжымайтын мүлікке рента, сенім білдіру арқылы басқару құқығы мемлекеттік тікеуден өтке кезден бастап пайда болады. Қозғалмайтын мүлікпен жасалатын мәселе тіркелуге тиіс. Мемлкеттік қозғалмайтын мүлікке құқықты және онымен жасалатын мәлілені мемлкеттік тіркеуді жүзеге асырушы орган құқық шешушісінің өтініш бойынша тіркеген құқық немесе мәлім туралы құжат беру арқылы не тіркеу үшін табыс етілген құжатқа жазба жасау арқылы өткенін растауға міндетті. Қозғалмайтын мүлікке құқықтарды және оны мен жасаған мәселен мемлекеттік тіркеу жарлық түрде өтеді. Тіркеуді жүзеге асырушы орган жасалған тіркеу мен тіркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген адамға беруге міндетті мүлікке құқықтарды және оны мен жасалған мәселені мемлекеттік тіркеуден бас тартқан не тіркеуден негізсіз жасырған жағдайда сотқа шағым жасалуы мүмкін. - Егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе нотариаттық куәләндіруға жататын болса, алушының меншік құқығы тіркелген немесе нотариаттық куәләндірған кезден бастап, ол шартты нотариаттық куәләндіруы да, мемлкеттік тіркеу қажет болған жағдайда ол тіркелген кезден бастап пайда болады. - Заң актілеріне сәйкес мемлекеттік немесе сөзге де тіркеуге тиіс мәселелер аса тіркелгеннен кейін ғана жасалған болып есептіледі. 2 МӘМІЛЕЛЕРДІ ТОПТАСТЫРУ 2.1 Мәміленің түрлері Мәмілелер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар); 2) ақылы және ақысыз; 3) нақты және консенсуалды; 4) казуалды және абстрактылы; 5) шартпен жасалған; 6) биржалық. Біржақты мәміле дегеніміз Заңдарға немесе талаптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Біржақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі өсиет қалдыру. Әдетте біржақты мәмілелер тым коп бола бермейді. Азаматтық айналым көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жакты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет. Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады (мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады). Ал, бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі. Консенсуалды мәмілелер (латынша concensus — келісім) — келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша res — зат) келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет. Мәмілелерді азамат құқықтану ілімінде каузальдық (себепті) және абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негіз бен құқықтық мақсатты (causa) еншілейді. Бірақта бір жағдайда мәміленің жарамдығы оның негізіне байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық). Абстракциялық мәмілелер өзінің негізінен қол үзгендей көрінеді (abstrahere — қол үзу, бөліну), (мысалы, вексельді тапсыру). Шартпен жасалған мәмілелер қаңдай да бір нәрсеге тәуелді болып келеді (оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі. (АК-тің 150-бабының 1-тармағы). Азаматтық кодекстің 150-бабының 2-тармағына сәйкес, егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің тоқтатылуын, басталу-басталмауын белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі. Егер шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады, ал шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады. Азаматтық кодексте (156 бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты құқықтары мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, кор және басқа биржалар туралы Заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады. Биржалық мәмілелер делдалдык, жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада тіркелуге тиіс. Биржалық мәмілелер жасауға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы биржа төрелігінде қаралады, оның шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін. Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Жоспарлы экономика кезінде барлық шаруашылық жүргізу орталықтандырылып атқарылған, жоспарланып, әкімшілік әдіспен жүргізілген. Сондықтан мәміленің аса қажеттілігі және маңызы болмаған. Ал нарық жағдайында мәмілелер субъектілердің арасындағы қарым -қатынастың негізі болып отыр. Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіру қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты деп есептелінеді. Шарт жасасу үшін екі тараптың не үш немесе одан дакөп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет. Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады.Жасалған кезд атқарылатын, жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады.Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады. Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді. Мынадай мәілелер: -кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын; -мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға; -заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс. Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы. Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. 2.2 Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың салдары Мәмiленi жарамсыз деп тану және оның құқықтық салдарлары. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 157- бабы нысанына, мазмұнына және мәмiленiң ғатысушыларына, сонымен қатар олардың ерiк бiлдiруi бостандығының талаптарына сай келмейтiн болса, мүдделi тұлғаның талабы бойынша мәмiленi мемлекеттiк орган немесе прокурор шешiмiмен жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Бұл қойылған талаптардың тек бiреуi ғана бұзылса, жасалған мәмiле құқықтық факт ретiнде танылмайды және заңдық күшке ие болмайды. Мәмiленi жарамсыз деп танудың негiздемелерi жоғарыда көрсетiлген болатын. Ендi Азаматтық кодекстiң 4-тарауында көрсетiлген мәмiленi жарамсыз деп танудың нақты негiздерiн айтатын боламыз. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң Ресей Федерациясының Азаматтық кодексiнен айырмашылығы- жарамсыз мәмiлелердi даулы (оспаримые) және болмашы (ничтожные) деп бөлмейдi, өйткенi мұның тек практикалық мәнi, яғни мәмiленi жарамсыз деп тануды кiм талап етедi- қатысушы ма, әлде басқа өкiлдi орган ба соған ғана қажетi бар. Бұл жөнiнде жарамсыздықтың нақты баптар бар. Ресей Федерациясы Азаматтық кодексiнiң 166- бабына сәйкес даулы және болмашы мәмiлелердiң арасындағы айырмашық мынада. Даулы мәмiле тек сот шешiмiмен жарамсыз деп танылады, ал болмашы мәмiленi жарамсыз деп тану үшiн сот шешiмiнiң қажетi жоқ . Дегенмен , мүндай белгi жеткiлiктi бола алмайды. Егер болмашы мәмiленiң қатысушысы жарамсыз деп берiлген бағаға келiспесе, ол кiмнен шықса да, бұл сауалда сот шешiмiнсiз айналып кету мүмкiн емес. Егер мәмiле жеке мүдделерге зиян келтiрсе, онда оны жарамсыз деп тануды мүдделi адамның берген талабы бойынша ғана сот сот жарамсыз деп таниды. Азаматтық кодекстiң 2-бабына сәйкес мемлекеттiк органдардың бұл дауға қатысуға құқықтары жоқ. Керiсiнше жалпы қоғамның мүдделерiне қатысты шешiм шығаруға мемлекеттiк орган араласуы қажет. Осы айтылғандардан келесiдей шешiмдер шығаруға болады: Демек, егер мәмiлелер мынадай талаптарды жүзеге асырмаса жарамсыз деп танылуы мүмкiн: А) оның шарттарының заңдылығы, яғни мазмұнының заңға сәйкес болуы; Б) мәмiлеге қатысушылардың әрекет қабiлеттiгi; В)олардың ерiк бiлдiруiнiң бостандығы; Мәмiленi жарамсыз деп тану үшiн барлық жаңылысулар емес тек маңыздылары ғана мәмiленi жарамсыз деп тануға негiз бола алады. Жаңылысудың мазмұны объективтiк сипатқа ие болу керек және ол болмаса мәмiле қатысушысы оны жасаспауға негiз қылып ала алатындай болуы керек. Мысалы, пальто сатып алушы пальтоның астарының матасынан қателессе, онда мәмiле жарамсыз деп танылмайды. Осы орайда тағы да бiр мысал келтiрген жөн. Тек бiр тараптың әсерiмен жүзеге асырылған мәмiле бойынша жарамсысдық туралы сот шешiм шығарар кезiнде заңның бұзылу фактiсi негiзiнде емес, талап-арыз берген тараптың құқықтарының бұзылуы фактiсi негiзiнде шешiм шығаруға тиiс. Бұл қорытындының маңыздылығын көрсету үшiн 2 мысал келтiрейiк: 1 мысал: Пәтердi сатып алу- сату жөнiнде мәмiле жасалған. Соғылған үйдiң құрамындағы қай пәтер сатылатыны жөнiнде шартта ешқандай аспектiлер көрсетiлмеген. Сатушы сатып алушыдан пәтер сомасын алады және соңғысына бiрiншi қабаттағы пәтердi ұсынады. Пәтер сатып алушы ол пәтерден бас тартады, өйткенi ол бесiншi қабаттан пәтер алуды көздеген болатын. Сатушы мұнымен келiспейдi. Бұл ретте сатушы мен сатып алушының арасында мәмiленiң заты жөнiнде дау туындайды. Азаматтық заңның негiзiнде сатып алушы сотқа мәмiленi жарамсыз деп тану жөнiнде талап арыз бередi. Сатып алушының талап арызы қанағаттандырылуға тиiс және ол дұрыс та. 2 мысал: Пәтердi сатып алу- сату жөнiнде мәмiле жасалған. Соғылған үйдiң құрамындағы қай пәтер сатылатыны жөнiнде шартта ешқандай жағдайлар көрсетiлмеген.Сатушы сатып алушыға салынған үйдiң кез келген жерiнен пәтердi беруге ынта бiлдiрiп отыр. Дегенмен, сатып алушы мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талап-арыз бередi. Бұл жағдайда мәмiле сатып алушының пәтер алуға қатысты ешқандай құқықтарын бұзып отырған жоқ, өйткенi сатушы пәтердi үйдiң кез келген жерiнен ұсынып отыр, сондықтан да пәтердi айқындау бұл жағдайда шарттың мiндеттi белгiсi болып табылмайды. Азаматты құқықтық қатынаста мәмiленi жарамсыз деп танудың тағы бiр негiзi- мәмiлеге қатысушылардың терiс пиғылда болуы. Терiс пиғыл дегенiмiз ненi бiлдiредi? Бұл сұраққа жауап бере отыра, алдымен терiс пиғылдағы әрекет дегенiмiз тек заңға қарсы келген әрекет пе немесе адамгершiлiк нормаларына да сай келмеген әрекет пе дегендi анықтап алған жөн. А.П.Сергеев., Ю.К.Толстой редакциясынан шыққан оұулыққа жүгiнейiк : Азамат тұрғын үйдi сатып алу-сату шартын жасайды. Оның негiзiнде үйдi сатып алушы үйге деген құқықты тек үйдi сатушы басқа қалада жұмысқа орналасқан кезiнде ғана иеленедi. Өзiнiң мүмкiндiктерiнiң барлығын пайдалана отырып, оның басқа қалада жұмысқа орналасуына жағдай жасайды. Мұндай салдар шарт негiзiнде туындады деп саналады, өйткенi құқыққа сай және адамгершiлiкке сәйкес әрекеттер арқылы мәмiленiң жарамдылығына ықпал етедi. Ал егерде үйдi сатып алушы барлық мүмкiншiлiктерiн салып, үйдi сатушы басқа қалада жұмысқа тек уақытша ғана орналасуына жағдай жасаса өзiнiң моральға жат әрекетi арқылы мәмiленiң жарамсыз деп танылуына ықпал етуi мүмкiн. Мәмiле нысаны. Мәмiле нысаны ауызша және жазбаша болады. Мынадай мәмiлелер: 1) Егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет үрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатынынан басқа, кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын; 2) Мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, жүз есептiк көрсеткiштен жоғары сомаға; 3)Заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де реттерде жазбаша жасалуға тиiс. Жазбаша нысан жай және нотариалдық болып бөлiнедi. Жазбаша нысан мәмiлелердiң мәнiн бiлдiретiн құжаттарды жасау арқылы және мәмiлеге қатысушы тұлғаларды сол құжатқа қол қоюы арқылы жүзеге асырылады. Нотариалдық мәмiле басқа жазбаша мәмiлелерден оның нотариуспен немесе мұндай нотариалдық әрекеттердi жасауға құқығы бар адаммен куаландырылуымен ерекшеленедi. Шарт жасасу кезiнде бiр тарап екiншi бiр тарапқа құжат жiберiп, ал екiншi тарап оған ешқандай қарымта құжат салмай оны орындауға кiрiсiп кетсе, яғни тауарды жөнелту, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы басқа, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 394-бабының 2-тармағына сәйкес шарттық жазбаша нысаны сақталған деп тануы мүмкiн. Заңмен, құқықтық катiлермен немесе тараптардың өзара келiсiмiмен жай жазбаша нысанда жасалған шарттарға қосымша талап қойылуы мүмкiн (мысалы, қағазда белгiлi бiр таңбаның болуы,белгiленген түрдегi бланкi және тағы басқа) Жай жазбаша нысандағы шарттың мiндеттi талабы- шартқа өкiлдi адамның қол қоюы болып табылады. Егер азамат құжатқа физикалық кемiстiгiнiң , ауруының немесе сауатсыздығының салдарынан қол қоя алмаса, оның өкiлi бойынша басқа басқа азамат қол қоюы тиiс. Белгiлi бiр себептердi (ауруы, физикалық кемiстiгi, сауатсыздығы) көрсетiп, нотариус ол азаматтың қолын растайды. Бұл орайда қол қойған азаматтың мәмiлеге қатысты ешқандай құқықтары мен мiндеттерге ие болмайтынын және мәмiлеге қатысты ешқандай құқықтар мен мiндеттерге ие болмайтынын атап кеткен жөн. Ол тек мәмiлеге субъект кемiстiгiнiң орнын толтырушы қызметiн ғана атқарады. Мәмiленi жасаудың нотариалдық нысаны тiкелей заңда көрсетiлген немесе ондай нысанның қажетi жоқ жағдайда тараптардың ұсынысымен жасалуы мүмкiн. Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiмен белгiленген реттерде жазбаша мәмiлелер оларды нотариат куәландырғаннан кейiн ғана жасалды деп танылады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстiң 157- бабының 3-тармағында көзделген салдармен мәмiленiң жарамсыз болып қалуына әкеп соқтырады. Нотариалдық нысан жай жазбаша нысаннан тек құзыреттi өкiлдi адамның- нотариустың жазбаша құжатта куәландыратын белгi қоюыменен ерекшеленедi. Нотариалдық әрекеттердi жасау ережелерi нотариат туралы заңның негiздерiмен жүзеге асырылады. Нотариалдық нысан , әдетте тараптардың ерiк бiлдiруiн мiндеттi түрде белгiлеп алу қажеттiлiгi бар мәмiлелерде жасалуы қажет. Мысалы, өсиет қалдыру, сыйлау, жылжымайтын мүлiктi сату-сатып алу. Бiрқатар кездерде нотариалдық нысан заңды тұлғалардың және олардың арасында жасалған мәмiлелерге талап етiледi. Мысалы, жылжымайтын мүлiктiң кепiлi- ипотека нотариалдық нысанды талап етедi. Бiрқатар жағдайларда бекiтiлген мәмiлелердiң тiркелуiн талап етедi. Мысалы, 238-баптың 2-тармағы:”Егер мүлiктi иелiктен айыру туралы шарт мемлекеттiк тiркеуге немесе нотариалдық куаландыруға жататын болса, алушының меншiк құқықтары тiркелген немесе нотариалдық куәландырылған кезден бастап, ал шартты нотариаттық куәландыруы да, мемлекеттiк тiркеу қажет болған жағдайда ол тiркелген сәттен бастап пайда болады”. Азаматтық кодекстiң 155- бабында бекiтiлген тиiстi құқықтар мен мәмiлелердi тiркеу туралы ережелерде бекiтiлгендей, заң бойынша тiркеудi қажет ететiн мәмiлелер тек тиiстi органның тiркеуiнен кейiн ғана заңдық күшке ие болады. Мәмiлелердi тiркеу бiрқатар мәселелердi шешедi: бiрiншiден , мәмiле жоғарыда айтылғандай толық заңдық күшке ие болады. Екiншiден, тiркеу туралы құжат субъектiнiң мәмiле бойынша ие болған құқықтарын растайды. Үшiншiден, мәмiлелердi тiркеудiң бiркелкi жүйесi мәмiлелерге толық есеп жүргiзудi ретке келтiредi. Мәмiлелердi нотариалдық куәландыру және оны мемлекеттiк тiркеу – ұқсас процедуралар, бiрақ олар бiр-бiрiнен елеулi түрде ерекшеленедi. Мемлекеттiк тiркеуге көбiнесе мәмiлелердегi құқықтар жатады, бiрақ нотариалдық куәландыруға жататын барлы құқықтар мемлекеттiк тiркеудi талап етедi, дегенмен мемлекеттiк тiркеуге жататын мәмiлелердiң барлығы нотариалдық бекiтудi талап ете бермейдi. |