Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.5 Резервуарларды тазалау және жөндеу

  • Экономикалық бөлім 3.1 Өндірістікті ұйымдастыру процестердің мәні және түрлері

  • 3.2 Өндірістің техника-эконмикалық көрсеткіштері

  • Еңбекті қорғау, ортаны қоғау және техника қауіпсіздігі 4.1Қ оршаған ортаны қорғаудың негізгі талаптар

  • Атмосфераны қорғау шаралары

  • Теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеру кезінд қоршаған ортаны қорғау

  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • Рез тұрлері рамки для теории. Мнай жне мнай німдерін сатау резервуарларды кмегімен жзеге асырылады


    Скачать 435.5 Kb.
    НазваниеМнай жне мнай німдерін сатау резервуарларды кмегімен жзеге асырылады
    Дата23.04.2023
    Размер435.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаРез тұрлері рамки для теории.doc
    ТипДокументы
    #1082957
    страница2 из 2
    1   2

    1.3 Мұнайды резервуарларда сақтау кезінде шығынды болдырма
    Гидравликалық сақтандырғыш  клапан 2 тыныс алу клапаны жұмыс істемей қалған кезде резервуардың газ кеңістігіндегі артық қысымды немесе вакуумды шектеуге, сонымен қатар, тыныс алу клапанының қимасы жеткіліксіз болған кезде тез арада газ немесе ауаны шығаруға арналған. Сақтандырушы клапандар тыныс алу клапандарына қарағанда жоғары қысымға және вакуумға есептелген (артық қысым 588 Па және босату қысымы 392 Па). Сақтандырушы клапанға гидравликалық тығын (затвор) түзетін қатпайтын, буланбайтын тұтқырлығы аз сұйықтар құяды (глицерин, этиленгликол ерітіндісі және т.б)

    Өрттен сақтандыргыш 3 резервуарда тыныс алу және гидравликалық сақтандыру клапандарымен бірге жинақталған түрде тұтас орнатылады, ол гидравликалық және тыныс алу клапандары арқылы резервуардың газ кеңістігіне жалынның кіріп кетпеуін қамтамасыз етеді.

    Оның жұмыс істеу принципі мынадай: жалын өрттен сақтандырғышқа түсе отырып, қимасы кіші каналдар жүйесінен (кассеталардан) өтеді, нәтижесінде жалын күші жекелеген ұсақ ағындарға ыдырайды да өшіп қалады. Өрттік сақтандырғыштардың негізгі бөлшектері -түсті металдардан жасалған спиралді ленталы кассета.

    Тыныс алу клапаны 4 резервуарды толтыру және босату кезінде, немесе сыртқы температураның өзгеруі нәтижесінде резервуар ішіндегі қысым шектен асқан кезде немесе вакуум туындаған кезде резервуардың газды кеңістігін автоматты түрде атмосферамен (яғни, сыртқы ортамен) байланыстырады. Ол екі клапаннан тұрады: қысым клапаны және вакуум клапаны.

    Тыныстау клапаны келесі түрде жұмыс жасайды: резервуар ішіндегі қысым жоғарылаған кезде қысым клапаны көтеріліп, артық газ атмосфераға шығарылады, ал резервуар ішіндегі қысым төмендеген кезде вакуумдық клапаны ашылып, резервуарға ауа кіреді.

    Қысым клапаны мен вакуум клапаны белгілі бір қысыммен реттеліп отырылады және резервуар ішіндегі қысымның ұлғаюы немесе азаюы белгілі бір шамаға жеткенде ғана ашылады. Тыныс алу клапандарының өлшемдері олардың өткізгіштік қабілеттеріне байланысты таңдап алынады. Тоттанбас үшін тыныс алу клапанының тұлғасы мен клапан отырғызылатын ершігі алюминий қорытпасынан жасалады.

    Клапанның өлшемі, мм 50        100     150      200      250

    Өткізгіштік қабілеті, м3/сағ     25       72        142       240     304

    Өлшегіш люк 5 резервуардағы мұнай деңгейін және тауарлы мұнай астындағы суды өлшеу үшін, сонымен қатар, сынама алғыш аспаппен мұнайдан сынама алу үшін қызмет етеді. Өлшегіш люктің ішінде бағыттаушы колодка орналасқан, ол арқылы резервуарға лоты бар өлшегіш лентаны түсіруге болады. Колодканы ұшқын шығармас үшін мыс немесе алюминиден жасайды.

    Резервуардағы мұнай деңгейін өлшеу және мұнай мөлшерін жедел есептеу үшін УДУ деңгей көрсеткішін қолданады (1суреттегі 6 ). Аспап саңылаусыз қапта орналасқан қалтқыма меп олшсгіш леитадан түрады. Децгсй езгергсн кезде қалтқыма бағыттауыш арқан арқылы қозғалады, ал өлшеуіш лента болса, бақылап отыратын аспап қорабындағы блокқа оралады. Аспапқа диспетчерлік пунктке мәлімет беретін (яғни, деңгей көрсеткішін көрсететін) құрылғыны қосуға болады.

    Кіру люгі 7 (люк-лаз) резервуардың төменгі белдігіне орнатылады және резервуарды тазалау мен жөндеу кезінде резервуар ішіне адамдардың кіруіне, сонымен қатар, осы жұмыстарды жургізу кезінде оны желдетуге арналған.

    Сифондық кран 8 резервуардың төменгі жақ бөлігінде жиналған қабат суларын мұнай ұстағышқа қарай ағызу үшін сифондық құралды қосу кезінде пайдаланылады.

    Дыбыстық жапқыш (хлопушка) 9 ысырмалардың істен шығуы кезінде немесе құбырлардың апаттық жағдайында мұнайдың резервуардан ағып кетпеуін қамтамасыз етеді. Дыбыстық жапқыштар басқарылатын және басқарылмайтын болып келеді. Резервуарға мұнай құйып жатқан кезде мұнай ағымының қысым күшінен дыбыстық жапқыштың (хлопушканың) қақпағы ашылады, ал мұнай айдауды тоқтатқан кезде дыбыстық жапқыштың қақпағы озінің салмағы әсерінен орнына қайта түседі де, құбырды жабады. Резервуардан мұнайды ағызған кезде дыбыстық жапқыштың қақпағын арнайы лебедкамен ашады, ал лебедканың өзі айналатын барабаннан және оған оралатын болат арқаннан тұрады.

    Қабылдау-өткізу құбыршасы 10 резервуарға сұйықты беру және резервуардан сұйықты шығару үшін қолданылады, оған резервуардың ішінен дыбыстық жапқыш (хлопушка) пен көтерілмелі құбырдың топсасы бекітілген. Қабылдау-өткізу құбыршасының диаметрлері айдалатын мұнайдың берілген өнімділігімен анықталады және 150-700 мм аралығында өзгеріп отырады. Қабылдау-өткізу құбыршасының диаметрін таңдау барысында сұйықтың қозғалу жылдамдығы 0,5-2,5 м/с аралығында өзгереді деп қабылдайды.

    Кері қосу құрылгысы 11 дыбыстық жапқыш (хлопушка) қақпағының екі жағындағы мұнай қысымын теңестіріп отыру үшін қажет, яғни мұнайды резервуардан қабылдау-өткізу құбыршасына қарай кері жібереді. Кері қосу құрылғысы биіктігі 6 метр болатын барлық резервуарларда орнатылады.

    Көтерілмелі құбыр 14 резервуардың ішінде топсаға (шарнирге) 15 орнатылады, ол қажетті биіктіктен мұнайды алуға арналған және роликті блок 16 арқылы лебедкамен 13 қозғалысқа келтіріледі.

    1.4 Резервуарлардағы мұнайдың булануы

     

    Жеңіл фракциялардың булануына байланысты мұнайдың негізгі шығындары резервуарлардың кіші және үлкен көлемде «тыныс алуының» әсерінен болады.

    Резервуарлардың кіші «тыныс алуы» тәуліктік температураның және сырттағы ауаның барометрлік қысымының өзгеруі әсерінен болады. Күндіз резервуарлардың және оның ішіндегі мұнайдың жоғарғы бөлігі қызған кезде саңылаусыз жабылған резервуардағы булардың мөлшері мен олардың серпімділігі ұлғаяды және егер қысым резервуарға есептелген қысымнан асып түссе, онда булардың бір бөлігі сақтандырушы немесе тыныс алу (яғни, қысымды және вакуумды реттеуші) клапандары арқылы резервуарлардан атмосфераға (яғни, сыртқа шығады) шығады. Түнгі уақыттарда ауаның температурасы төмендеген кезде резервуардағы мұнай буларының бір бөлігі конденсацияланады да, қысым төмендейді және пайда болған вакуум резервуарға есептелген вакуумнан көп болған кезде резервуардың газды кеңістігіне сырттан ауа кіреді.

    Резервуарларды мұнаймен толтырғанда және оны босатқанда бу қоспаларын шығару және сырттағы ауаны кіргізу процестері жүреді, оны үлкен «тыныс алуы» деп атайды. Үлкен «тыныс алуы» кезіндегі жеңіл фракциялардың шығыны резервуарлардың кіші «тыныс алуы» кезіндегіге қарағанда айтарлықтай үлкен.

    Резервуарлардағы мұнайдың булануы кезіндегі көмірсутектердің шығынын азайту әдістерін шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

    1. мұнайдың булануын ескертетін әдістер;

    2. булануды азайтатын әдістер;

    3. булану өнімдеріп жинау әдістері.

    Мұнай шығындары — бұл негізінен мұнайды саңылаулы резервуарларда сақтау кезінде болатын жағдай, көбінесе мұнайдың булану дәрежесіне, яғни берілген температура мен қысым кезінде газ тәрізді күйге өту қабілеттілігіне тәуелді болады. Неғұрлым мұнайда жеңіл фракциялар көп болған сайын, соғұрлым оның булануы да жоғары болады. Буланудан болатын мұнай шығындарын азайту үшін мұнайдың қаныққан бу қысымынан асып түсетін қысымды резервуарларда ұстап тұру қажет.

    Бірақта бұл әдіс көлемі үлкен резсрвуарларға жарамайды, өйткені олар 1962 Па-дан жоғары қысымға есептелінбеген, сондықтан қазіргі уақытта қалтқымалы қалпақшаны немесе понтондарды қолдана отырып, резервуардың газды кеңістігін азайту немесе минимумға дейін апаруды қолданады.

    Қалқып жүретіп қалпақшасы бар резервуарлардың тұрақты жамылғысы болмайды (яғни, төбесі жабылмайды), ал шатырдың ролін сұйықтық бетінде қалқып жүретін болат листтерден жасалған диск қалпақша атқарады. Қалқып жүретін қалпақшасы бар резервуарлар тыныс алу клапан-дарымен, өлшеу қондырғыларымен және люктармен жабдықталады. Тыныс алу клапаны резервуар қалпақшасын (шатырын) резервуардағы өнімді толығымен алу, яғни босату кезінде пайда болатын вакуумнан және резервуар қалпақшасы (шатыры) төменгі жағдайда болған кезде резервуарға өнімді құю, яғни толтыру барысында пайда болатын артық қысымнан қорғау үшін қажет. Шатырдың батпауын саңылаусыз бөлім — понтондар қамтамасыз етеді. Қалқып жүретін қалпақшалар қалыңдығы 4-5мм болатын болат листтерден пісіріліп жасалады және өткізгіштілікке сыналады. Резервуардың қалпақшасы (шатыры) мен қабырғасының арасындағы саңылауды түсті металдан немесе асбесттік матадан жасалған арнайы тығындармен нығыздайды. Жауын сулары резервуар төбесінен дренажды құбырлар бойымен ағып, резервуардан тысқары жерге тасталады.

    Понтондары бар резервуарлар қалқып жүретін қалпақшасы бар резервуарлармен салыстырғанда едәуір қарапайым болып табылады. Понтондар металдан немесе пластмассадан жасалады. Понтондар, оның жүзбелігін қамтамасыз ететін қалқымалары бар дискті білдіреді. Понтон мен резервуар тұрқы (корпусы) арасындағы саңылауды тығындау үшін беизинге төзімді резинамен сіңірілген асбестік матадан немесе түсті металдардан жасалған арнайы тығындар жасалады, олар ішіне серпімді материал салынған пілте (петля) тәріздес пішінге ие. Тұрақты төбесі (шатыры) бар резервуарларда тұрғызылатын понтондар атмосфералық жауын-шашынның түсуінен сақтандырылған, ол синтетикалық жұқа материалдардан жасалған жеңілдетілген конструкцияларды қолдануға мүмкіндік береді. Шет елдерде пластмассалық тегіс шариктерден және пластмассалық пленкадан жасалған экрандар кеңінен қолдау тапты.

    Қалқып жүретін қалпақшаларды және понтондарды қолдану жиі толтырылатын және босатылатын резервуарлар үшін едәуір тиімді, яғни айналу коэффициенті үлкен.

    Қалқып жүретін қалпақшаның және понтондардың құрылысы резервуардың тұрақты төбесіне (шатырына) қарағанда қымбатқа түседі, алайда бағасындағы айырмашылық мұнайдың жеңіл фракцияларының шығынын үнемдеу есебінен бір жылдың ішінде-ақ өтеледі.

    Резервуарларда мұнайдың буланып ұшып кетуін азайту тәсілдеріне күн сәулесінің әсерінен қызудан қорғауды жатқызуға болады. Бұл үшін резервуарларды сәулені шағылыстыратын бояумен бояйды (ақ немесе алюминий түсімен), негізі ақ бояумен бояған алюминий түсімен бояғанға қарағанда едәуір тиімді. Резервуарларды бояу бір жағынан атмосфералық тоттанудан қорғау болып табылады, сондықтан да бояулар тоттануға төзімді болуы керек.

    Мұнайды резервуарда сақтау барысында мұнай шығынын (яғни, жеңіл фракциясының ұшып кетуін) азайту үшін газ теңестіру жүйесін пайдаланады. Резервуарлардың газды кеңістіктері газ құбырлары жүйесі арқылы бір-бірімен байланысады, яғни мұнай өнімімен толтырылып жатқан резервуарлардағы газдар босап жатқан резервуарларға өтеді, бірақ та резервуарлар жүйесінің синхронды жұмыс жасауын жүзеге асырудағы қиыншылықтарына байланысты оларға әдетте резервуар-компенсаторды және төбесі көтерілетін резервуарларды жатқызады. Бұл резервуарға (яғни, резервуар-компенсаторға) — резервуарларды толтыру барысында пайда болған артық газ келіп түседі және керісінше, резервуарлардан мұнайды босату (шығару) оны толтырудан асып түскен жағдайда, резервуар-компенсатордағы газ резервуарларға барады.

    1.5 Резервуарларды тазалау және жөндеу
    Резервуарларды пайдалану кезінде, оларды резервуарда жинақталып қалғанқалған мұнайдың «өлі қалдығынан» немесе парафиндік шөгінділерден, сонымен қатар тотығу өнімдерінен, тауарлы мұнай астындағы су мен механикалық қоспалардан аралық тазаруды жүйелі түрде жүргізіп отырады.

    Мұнай резервуарлары арнайы оқытылған және дайындалған қызметшілерімен тазартылуы керек . Ең қиын операцияларға өзінен - өзі өртенуге қабілетті пирофорлық шөгінділерді тазарту болып табылады . Олар күкіртті мұнайларды сақтау кезінде пайда болады және негізінен күкіртті темірден (FеS) тұрады және де күкіртсутегінің темірге және оның тотықтарына әсер етуінен түзіледі. Аралық тазартусыз резервуарларды ұзақ уақыт бойы пайдалану аталыш шөгінділердің едәуір көп жиналуына ( 1.5м дейін ) әкеп соқтырады. Тазалау алдында резервуар мұнайдан толық босатылуы керек, «өлі» қалдық арнайы тазартқыш құрылғымен – жуу машинасы ММ-4 – пен тазартылады, ол насаадкалы айналмалы головкадан тұрады . Жуу сұйығы 0.8-1.2 МПа қысыммен беріледі де, жуу головкасын айналдыратын турбинканы қозғалысқа келтіреді.

    Тазартқаннан кейін жөндеу үшін барлық люктардан ашып, оны буландырады, содан соң оны желдету мен толық салқындатуға қалдырады, артынан оны ыстық сумен жуады.

    Резервуарды ішкі тоттанудан сақтау үшін оның қабырғалары құм – арынды аппаратпен өнделеді, құрғағанша сүртіледі де тауарлы мұнай астындағы судың биіктік бойына резервуардың қабырғаларын эпоксидті шайырлармен және лактармен қаптайды.

    2 Есептеу бөлім

    2.1 Резервуарлардағы мұнайдың жеңіл фракциаларының шығынын анықтау
    Резервуарларда сақталатын мұнайдың жеңіл фракциялары негізінен тыныс алу клапандары арқылы буланып ұшып кетеді. Резервуарларда сақталатын мұнайдың жеңіл фракцияларының шығынын анықтаудың бірнеше әдістері бар. Негізгі олардың барлығы мыналарды өлшеуге негізделген :

    • резервуарға мұнайдың құйылу биіктігін;

    • газды есептегіштердің көмегімен резервуардан шығатын жеңіл фракциялардың мөлшерін;

    • газ кеңістігінің биіктігі бойынша көмірсутектердің концентрациясын ;

    • мұнайдың резервуарда сақталуға дейінгі және одан шықаннан кейінгі мұнайдың қаныққан бу қысымдарының айырмашылығын ;

    • мұнайды резервуарда сақтауға дейінгі және сақтағаннан кейінгі мұнайдың салыстырмалы тығыздығын анықтау.

    Резервуарлардан атмосфераға шығатын көмірсутектердің массалық шығыны мына формула бойынша анықталады :
    G=V00 (2.1)

    Мұндағы: V – қалыпты жағдайға келтірілген өлшенетін уақыт аралығында резер - вуардан шыққан газды – ауалы қоспаның көлемі, м³; с-бірлік үлестегі газды – ауалы қоспадағы көмірсутектердің орташа концентрациясы; ρ-қалыпты жағдайға келтірілген резервуардан шыққан көмірсутектердің тығыздығы, кг/м³.

    Мұнайдың физика-химиалық қасиеттерінен байланысты резервуардағы газ кеңестігінің биіктігінің бойынша көмірсутектердің концентрациясы бір қалыпты және бір қалыпсыз болуы мүмкін .

    Резервуарларды жеңіл мұнаймен толтырғанда және босатқан кезде резервуардың газды кеңістігінің биіктігі бойынша көмірсутектердің концентрациясы (ρ =800÷820 кг/м³)бір қалыпты сақталады, ал ауыр мұнайлар үшін (ρ=820÷920кг/м³)бір қалыпсызжәне тұрақсыз болады (себебі, ауыр мұнайларға қарағанда жеңіл мұнайларда еріген газдың булануы және бөлінуі қарқыны ). Резервуарлардың газ кеңестігіндегі көмірсутектердің орташа кон- центрациясы қабылдау – тапсыру операциясын (яғни , резервуарды мұнаймен толтыру немесе босату кезінде ) жүзеге асыру барысында резервуардағы мұнай деңгейінің көтерілуі немесе түсу жылдамдығына да тәуелді болады. Газдыауалы қоспаның көлемін қалыпты жағдайға келтіру мына формула бойынша жүргізіледі:

    (2.2)

    Мұндағы : Р және Т – резервуардың газдыауалы кеңестігіндегі қысым мен температура ; Р және Т – қалыпты жағдайдағы қысым температура (Р=0.1МПа , Т=273К); z – наздың жоғарғы сығымдылық коэффиценті , төменгі қысым кезінде оны 1- тең деп қабылдауға болады .

    Көмірсутектердің орташа концентрациясы мұнайдың булану қарқынына –qжәне булану ауданынан -F мұнайдың буланып ұшып кету ұзақтығына – t ( резервуардағы босату , толтыру және мұнайды сақтау кездері)тәуелді болады . Ол келесі өрнектен анықталады .

    (2.3)

    Мұндағы: V гк – резервуардың гаыауалы кеңестігінің көлемі.

    Есептеу кезінде тәжірибелік мәлеметтерге сүйене отырып көмірсуттектердің орташа концентрациясын 0.1-0.5 деп алады.

    Резервуардағы мұнайдан көмірсуттектердің булану қарқынын резервуарды толтыру , босату және мұнайды сақтау процестері үшін бөлек жеке - жеке анықталады .


    1. Экономикалық бөлім

    3.1 Өндірістікті ұйымдастыру процестердің мәні және түрлері

     

         Әрбір кәсіпорын қызметінің негізін өндірістік процесс құрайды. Барлық өндірістік процесс – бұл өзара байланысты еңбек процестерінің, технология-лық  және табиғи процестердің жиынтығы.     

    Еңбек процесі еңбектен, еңбек заттары  мен еңбек құралдарынан тұрады. Еңбек  процесінің нәтижесі еңбек өнімі  болып табылады, яғни адам-ның мақсатты бағытта еңбек құралы көмегімен  еңбек затын өзгеріс-ке ұшыратуы.      

    Технологиялық процесс – бұл адамның қандай да бір еңбек құралын қолдана отырып, еңбек затына әсер етуі нәтижесінде орын алатын еңбек затының сапалық (физикалық-химиялық және механикалық) өзгерісі. Еңбек затының өзгерісі адамдардың тікелей қатысуынсыз, табиғат күштерінің әсерінен де, яғни табиғи процестер нәтижесінде де орын алуы мүмкін.     

    Әрбір өндірістік процесте негізгі процесс маңызды орын алады. Негізгі процесс - бұл еңбек затының кәсіпорынның мамандануына сәйкес дайын өнімге айналуы. Негізгі өндірістің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін жүзеге асатын процестеркөмекші процестер деп аталады.     

    Өндірістік  процесті ұйымдастыру мақсаттары үшін жұмысшының оны жүзеге асыруға қатысу сипатын, өндірістік процестің сипаты мен маз-мұнын, оған материалдық элементтердің  қатысуын, өндірістік процес-тің қайталану  кезеңі мен ұзақтығын, өндірісті  ұйымдастыру әдістерін білу өте маңызды болып табылады. Бұл жерде, өндірісті ұйымдас-тыру дегенде  еңбек процестерін және өндірістің материалдық элементтерін уақыт  ағымы мен кеңістікте ұтымды үйлестіру  әдістерінің жиын-тығын түсінеміз.     

    Жұмысшының  өндірістік процесті жүзеге асыруға  қатысу сипаты бойынша келесі процесс  түрлерін ажыратады: қол, механикалан-дырылған  қол, машиналық - қол, машиналық, автоматтандырылған, аппараттық.      

    Қол процестері – бұл жұмысшының механизмдердің (жабдықтардың) қатысуынсыз орындайтын жұмысы; мысалы, кілттердің көмегімен құбырларды немесе шлангыларды бұрау, тесіктерді қолмен тесу және басқалар.      

    Механикаландырылған қол процестері қандай да бір механикалан-дырылған инструменттің көмегімен қандай да бір энергия көзін қолдану арқылы тікелей жұмысшымен орындалады, мысалы, гайкаларды бұрау, тесіктерді бұрғымен тесу, резервуардағы мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеу және басқалар.     

    Машиналық - қол процестері жұмысшының тікелей қатысуымен ма-шинамен орындалады; мысалы көтергіш тракторда жұмыс жасау және басқалар.     

    Машиналық процестер жабдықтың жұмыс бөлігімен жұмысшының қатысуынсыз жүзеге асады; мысалы, жер асты жөндеуде немесе бұрғылау процесінде құбырларды ұңғыдан көтеру және т.б.     

    Автоматтандырылған процестер адамның қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асады; мысалы, қашауды ұңғы забойына автоматты түрде беру, парафинді тазалау үшін қырғышты автоматты түрде беру және басқалар.     

    Аппараттық процестер ыдыстар мен аппараттар жүйесінде орын алады, және де еңбек заты технологиялық режимнің қатаң белгіленген көрсеткіштерінде өзгеріске ұшырайды. Мұнда жұмысшы (немесе жұмысшылар тобы) аппараттар жұмысын бақылайды және оларда жүріп жатқан процестерді бекітілген тәртіпке сәйкес реттеп отырады. Мұнай өндірісінде бұған мұнайды электрлік тұссыздандырғыш қондырғыда (ЭЛОУ) диэмульсациялау мысал бола алады, ал кейбір мұнай базаларында майларды өндіру процесі аппараттық болып табылады; бұрғылауда – балшық зауытындағы жуу сұйықтарын өндіру; мұнай өңдеу және мұнай-химиялық процестер де аппараттық процестерге жатады.     

    Мазмұны мен сипаты бойынша өндірістік процестер механикалық және физикалық-химиялық процестерге бөлінеді.     

    Механикалық процестер – бұл механикалық күштердің әсерімен еңбек затының формасы, мөлшері, жағдайы мен орналасуы қандай да бір өзгеріске ұшырайтын процестер. Оларға шикізатты немесе өнімді басқа физикалық жағдайға өңдеу немесе қайта өңдеу, форма қалыптастыру, жинақтау, өндіру процестері, тасымалдау, сақтау және мұнай өндірісіндегі секілді т.б. процестер жатады. Бұрғылау процесі де механикалық процестерге жатады.     

    Физикалық-химиялық процестерге материалдардың физикалық-механикалық және механикалық қасиеттері, олардың ішкі құрылымы өзгеріске ұшырайтын процестер жатады (химиялық, жылу, диффузиялық, еріту, электрохимиялық және басқа да процестер).      

    Сонымен қатар, еңбек заттарының орнын ауыстыру бойынша транспорт-тық процестерді және олармен байланысты тиеу-түсіру процестерін; дайындалған еңбек заттарының белгіленген стандартқа немесе техникалық жағдайларға сәйкестігін сынау және тексеру бойынша бақылау процестерін; өндірістік процестердің жекелеген түрлерінің жүру жағдайлары мен параметрлерін зерттеу бойынша зерттеу жұмыстарын; жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды барлау бойынша геологиялық барлаупроцестерін ажырату қажет.     

    Өндірістік  процестің негізгі бөлігі кезеңінің  ұзақтығы бойынша үздіксіз және үзілісті процестерді ажыратады.     

    Үзілісті  процестер процестердің кезеңділігімен және қайталануымен сипатталады. Оларға, мысалы, геологиялық барлау және бұрғылау жатады.     

    Үздіксіз  өндірістік процестерде кезеңділік белгісі болмайды, технологиялық процесс үздіксіз жүреді, процестің үзілстілігі мен қалпына келтірілуі оның технологиялық ұзақтығымен емес, мысалы, мұнай өндірісіндегі секілді, жабдық жұмысының жөндеу аралық мерзімінің ұзақтығымен анықталады.     

    Осылайша, өндірісті ұйымдастыру – бұл  еңбек процестерін және өндіріс-тің материалдық элементтерін уақыт  ағымы мен кеңістікте ұтымды үйлес-тіру  әдістерінің жиынтығы.     

    Процестің кеңістікте орналасуы дегенде операциялардың жұмыс орындары бойынша орналасуын түсінеді. Процестің уақыт ағымында орналасуы – бұл өндірістік процестің ұзақтығын анықтайтын өндірістік процестің әртүрлі операцияларының орындалуының уақыт ағымында үйлесу дәрежесі.     

    Процестің кеңістік пен уақыт ағымында орналасуы кері пропорционалды тәуелділікте болады. Егер, мысалы, өндірістік процес бес операциядан тұрса және олардың барлығы өз жұмыс орындарында бір уақытта орындалса, онда процесс уақыт ағымында толықтай үйлестірілген және кеңістікте бөлістірілген. Егер олардың барлығы бір жұмыс орнында орындалса, процесс кеңістікте толықтай үйлестірілген және уақыт ағымында бөлістірілген (бұл жағдайда уақыт әйлесімі орын алмайды). Процестің кеңістікте орналасуының әрбір түріне оның уақыт ағымында орындалуының белгілі бір тәртібі сәйкес келеді және де ол операциялардың үйлесу түрімен және еңбек затының бір жұмыс орнынан келесісіне берілу тәртібімен анықталады.     

    Операциялардың  үйлесуінің үш түрі бар: кезекті, параллель  және параллель- кезекті.     

    Кезекті үйлесу әрбір келесі операцияның алдыңғысы аяқталғаннан кейін орындалуын білдіреді. Мысалы,мұнара құрылысында оған қатысты барлық процестерді қатаң ретпен бірінен соң бірін орындау қажет. Әйтпесе өндірістік міндетті (мысалы, мұнара құрылысы) шешуге жұмсалатын уақыт аса ұзақ болады. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарында операциялардың кезекті үйлесуі қолданылмайды.      

    Операциялардың  кезекті үйлесуі жағдайында процестің  технология-лық бөлігінің ұзақтығы Ткез төмендегі формуламен анықталады: 

    m

    Ткез=Σtшт,1     

    мұнда, tшт – операцияның әрқайсысының ұзақтығы; т – операциялар саны.

     

         Операциялардың параллель үйлесуі олардың уақыт ағымында толықтай үйлесуімен сипатталады. Мұндай үйлесу әрбір операцияның бір жұмыс орнындағы бірдей ұзақтығы мен орындалу мүмкіндігінде ғана мүмкін болады. Тәжірибе жүзінде мұны жүзеге асыру қиын болғандықтан үйлестірудің бұл түрін қолдану шектеулі болады.      

     Операциялардың параллель-кезекті (аралас) үйлесуі – мұнай және газ өнеркәсібіндегі операцияларды үйлестірудің ең кең тараған түрі. Мұнда операциялардың бір бөлігі кезекті, ал бір бөлігі параллель орындалады. Операциялардың параллель-кезекті (аралас) үйлесуінде процестің технологиялық бөлігінің ұзақтығы Тар келесі формуламен анықталады: 

    m

    Тар=Σtшт – Σtпер,1     

    мұнда, tпер – әр аттас операцияларды жабудың жалпы уақыты.      

    Барлық  өндірістік процесс өзара әрекеттесуші әртүрлі еңбек процес-терінің, технологиялық  және табиғи процестердің жиынтығын  білдіре-ді және ұтымды үйлестіруді  талап етеді. 

     
    3.2 Өндірістің техника-эконмикалық көрсеткіштері

     

         Ұтымды  ұйымдастырылған өндірістік процестің  маңызды принцип-теріне үздіксіздік, ырғақтылық және пропорционалдық жатады.     

    Үздіксіздік дайын өнімнің үздіксіз өндірісінде еңбек затының үздіксіз өңделуін білдіреді. Өндірістік процестің үздіксіздігі негізгі қорларды неғұрлым толық пайдалануды, айналым құралдарының аса жылдам айналымдылығын қамтамасыз етеді.     

    Ырғақтылық кәсіпорынның өнімді берілген жоспар (кесте) бойынша біртектес шығаруын білдіреді. Ырғақтылық кәсіпорынның барлық цехтары мен бөлімшелерінде өндірістің біртектес жүруін қамтамасыз етеді, бұл жерде оның өндірістік-шаруашылық қызметін жоспарлау үлкен рөл атқарады.     

    Өндірістік  процестердің пропорционалдығы операциялардың тепе-теңдігін немесе қысқалығын білдіреді. Пропорционалдық негізгі өндіріс пен көмекші бөлімшелер арасында сақталуы тиіс. Кәсіпорынның дамуында қандай да бір бөлімше негізгі өндіріс мұқтаждықтарын қамтамасыз етпейтін немесе оның қажеттіліктерінен асып кететін диспропорцияға жол бермей сандық пропорцияларды сақтау қажет. Бұл екі жағдайда да өндірістік процестің ырғақтылығы, үздіксіз жүруі, кәсіпорын жоспарымен белгіленген уақытылы өнім өндірісі бұзылып, өнімнің өзіндік құны едәуір артады.     

    Өндірісті ұйымдастырудың өз әдістері мен даму нысандары бар. Қазіргі уақытта  өндірісті ұйымдастырудың негізгі  әдістеріне толассыз (жаппай), топтық (сериялы) және бірлік әдістер жатады. Мұнай  және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында олар ішінара қолданылады.      

    Өндірісті ұйымдастырудың толассыз (жаппай) әдісі жаппай өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдісі болып табылады. Ол біртектес өнімді жаппай көлемде үздіксіз шығарумен сипатталады. Толассыз өндірісте бұйымдар бір операциядан кейін келесісіне арнайы құрылғылар көмегімен тез беріледі.     


    1. Еңбекті қорғау, ортаны қоғау және техника қауіпсіздігі

    4.1Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі талаптар
    Мұнайгаз өндіруші өнеркәсіптер қоршаған ортаны ластайтын негізгі салалардың қатарына жатады. Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану барысында, оның қоршаған табиғи орта мен жер қойнауына техногендік әсері өте зор.

    Қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі заңына сәйкес жүзеге асырылуы және халықаралық нормалар мен ережелерге сай болуы керек.

    Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғаудың негізгі талаптары Қазақстан Республикасы Заңының негізінде құрылып, 1996 жылдың 18 маусымында бекітілген «Қазақстан Республикасының мұнай және газ кен орындарын игерудің бірегей ережесінде» «Мұнай туралы», «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы», «Лицензиялау туралы», «Жер қоунауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» және басқада нормативтік актілерінде баяндалған.

    Экожүйеге мұнайдың биохимиялық әсер етуінен көптеген көмірсутектік және көмірсутексіз компонеттер соның ішінде минералды тұздар мен микроэлементтер қатысады. Кейбір компонеттердің улы әсері келесі бір компонеттің қатысумен бейтараптануы мүмкін. Сондықтан, мұнайдың улылығы, оның құрамына кіретін жеке бір қосылыстардың улылығымен анықталмайды. Бірақ айта кетер жайт, кейбір қосылыстар суммация эффектісі деп аталатын қасиетке ие. Суммация эффектісі бұл оның құрамына кіретін жекелеген компонеттермен салыстырғанда едәуір қауіпті және өте улы болып келетін аралық қосылыстардың түзілу процесі. Мұнай газ кен орындарын игеру кезінде ең көп қауіпті жағдай, бұл гидросфераның, атмосфераның және литосфераның ластануы болып табылады. Химиялық құрамы бойынша әртүрлі болып келетін қатты қалдықтар сондай-ақ ағынды сулар жер топырағын және жер бетіндегі суларды ластай отырып, олардың санитарлы-гигиеналық жағдайын нашарлатады және биологиялық құнарлығын азайтады.

    Технологиялық жабдықтардан зиянды заттардың бөлініп шығу себептеріне мыналарды жатқызуға болады: фланецті қосылыстарда саңылаудың болуы; коррозия салдарынан апаттың болуы; құбырлардың жарылып кетуі; жөндеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу барысында мұнайдың ағып кету жағдайы.

    Мұнай газ өндіруші және өңдеуші кәсіпорындарында атмосфераға бөлініп шығатын негізгі ластаушы компонеттер; күкіртсутек, күкіртті ангидрид, көміртегі тотығы, көмірсутектер, азот тотығы және басқада қауіптілігі ІІІ-ІV класстарға жататын улы заттар болып табылады.

    Батыс Қазақстан мұнайының зимиялық құрамының ерекшелігін айта кетуіміз қажет. Өйткені оның құрамында меркаптандар, күкірт сутегімен күкіртті газдар өте жоғары болып келеді. Санитарлық көзқарастан алғанда жоғарыда алған компонеттер ішіндегі ең зияндысы және агрессивті ластаушы болып табылатыны күкіртті қосылыстар, ал көмірсутектік компонеттер ішінен – пентан.

    Күкіртсутек – бұл жүйкені – жансыздандырушы күшті у, аяғы өліммен аяқталатын ауыр улануды туғызады, сонымен қатар күкіртсутек жоғары коррозиялық әрекеттілікке ие.

    Күкірттің қос тотығы адам ағзасына, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиянды әсер етеді, ол азот тотығының және көмірсутектердің бөлшектерімен өзара әсерлеседі. Жоғары күккіртті отынды жаққанда немесе құрамында күкіртсутек бар газдарды факельге жағу кезінде SO2-нің көп мөлшері атмосфераға шығарылады.

    Органикалық отынды жағу кезінде атмосфераға күкірттің қос тотығынан басқа азоттың қос тотығы да шығарылады. Күкірт пен азоттың қос тотықтары «қышқылдық жаңбыр» деп аталатын жауын түсуінен себепші болады, олар топыраққа түсе отырып оның қышқылдығының жоғарылауына әкеліп соқтырады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізеді. Қышқылдық жаңбырлар металды жабдықтармен құбырлардың тоттануын туғызуы мүмкін. Мұнайлы кешендердің сыртқа шығарар зиянды қалдықтарының құрамына кіретін қышқылды газдар өсімдіктерге әсер етіп, нәтижесінде олар қатты зақымданады. Газдардың топырақпен өсімдіктерден кері әсері шектеулі, Бірақ өсімдіктер үшін ең қауіпті күкірттің қос тотығы мен азот тотығы болып табылады. Өйткені олар хлорофильді бұзады. Осының әсерінен 20% құрайтын жасыл массаның өсуі шектеледі.

    Газдарды факельде жағу кезінде атмосфералық ауаның ластануы мен қатар, 200-300 м радиустағы өсімдіктер толық жойылады, ал факелге дейінгі 2-3 км қашықтықтағы ағаштар қурап, жапырағын тастайды.

    Ластаушылардың негізгі көздеріне жататындар: сағалық арматура сальнигінің, сораптардың, фланецтік қосылыстардың, ысырма тиектердің тығыз болмауы; газды факелдерде жағы барысында және мұнайдың булануы кезінде болатын зиянды заттар; химиялық реагенттер; қабат сулары т.б.

    Мұндағы өндіру барысында үстіңгі сулы қабаттар мұнаймен және ілеспе өндірілетін сулармен ластанады. Мұнай улы қасиеттерге ие, оның аз мөлшерде суда болуы оны ішуге және шарушылық-тұрмыстық қажеттілікке қолдануға жарамсыз етеді.

    Өндірістік және тұрмыстық ағынды сулардан, сондай-ақ ыдыстардан, құбырлармен басқа да құрылымдардан аққан зиянды заттардың фильтрациялық ағыннан жер асты суларының ластануы мүмкін.

    Мұнаймен бірге өндірілетін ілеспе қабат суы – минерализациясы жоғары су болып табылады. Оның жер бетіне шығуы жер үсті және жер асты көздерінің тұздануына және олардың ауызсудың сапасын жоғалтуына әкеліп соқтырады.

    Мұнай газ кен орындарын игеру барысында топырақ мұнаймен, әртүрлі химиялық заттармен, минерализациясы жоғары ағынды сулармен ластанады. Мұнай және оның басқа да компонеттері топыраққа түсе отырып оның қасиетін едәуір дәрежеде, ал кейде тіпті қалпына келместей етіп битумдық сорлардың түзілуіне, гидронизациялануына, цементтелуіне және т.б. өзгертеді. Бұл өзгерістер өсімдік пен жердің биоқұнарлылық жағдайының нашарлауына әкеп соқтырады. Топырақ бетінің бұзылуы нәтижесінде топырақ эрозиясы, дефляция, криогенез процесі жүреді.

    Мұнай топырақ пен өсімдікке өте зиянды әсерін тигізеді. Мұнаймен ластанған топырақта көмірсутектер мен азоттың арасындағы арақатынас тез өседі, бұл топырақтың азоттық режимін нашарлатып және өсімдіктердің тамырымен қоректенуін бұзады. Сонымен қатар, мұнай жер бетіне төгіліп топыраққа сіңгенде, топырақты қатты ластайды, нәтижесінде жердің құнарлы қабаты ұзақ уақыт бойы қалпына келмейді.

    Адамдар шоығрланған жердегі атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды заттардың шекті мүмкін концентрациясы төменде келтірілген.

    Кесте 2- Шекті мүмкін концентрация шамасы.

    Ластағыштардың атауы

    Шекті мүмкін концентрация (ШМК), мг3

    Максималды бір реттік

    Орташа тәуліктік

    Бензин

    Көміртегінің тотығы

    Азоттың қостотығы

    Күкіртті ангидрид

    Күкіртсутек

    5,0

    3,0

    0,085

    0,5

    0,008

    1,5

    1,0

    0,085

    0,5

    0,008



      1. Атмосфераны қорғау шаралары


    Өнеркәсіптік игеру барысында мұнай кен орындарын тұрғызу жобасы, ондағы мұнай газын жинау және тиімді пайдалану мәселелері өз шешімін тапқан жағдайда ғана бекітілуге жіберіледі.

    Ауаны ластайтын негізгі көздерге кен орындарында қолданылатын технологиялық жабдықтар жатады:

    • мұнайды қыздыру пештері;

    • резервуарлар;

    • аппараттар;

    • газотурбиналы қозғалтқыштар;

    • қазандық ошақтарында;

    • Факелдік жүйелер.

    Құрамында күкіртсутегі бар газдарын атмосфераға жағусыз немесе бейтараптандырусыз шығаруға тыйым салынады. Технологиялық аппараттар мен сыйымдылықтардың жұмысшы және резервті сақтандырушы клапандарынан шыққан газ факелдік жүйе асырылуы қажет.

    Газды күкіртсутек пен меркаптандардан тазарту бойынша тиімді іс шаралар үзеге асырылуы қажет.

    Қондырғыларда, ғимараттарда, жұмыс аймағының ауасында күкіртсутектің бөлініп шығуы мүмкін жерлерге автоматты тұрақты газосигнализаторларды орнатады, сондай-ақ күкіртсутектің жиналуы мүмкін жерлерінде алып жүретін газосигнализаторлар мен газоанализаторлар арқылы ауа кеңістігіне бақылау жүргізеді.

    Мұнай мен газ өндіру аудандарында зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға шығуының жалпы мөлшерін, технологиялық процестерді жетілдіру арқылы және газды толық пайдаға асыру мен оны тазалаудың әр түрлі әдістерін кеңінен енгізу негізінде төмендетуге болады.

    Олардың едәуір тиімдісіне мыналарды жатқызуға болады:

    • магистралдық газ құбырларында атмосфераның газбен, конденсатпен, мұнайдың буланған өнімдерімен ластануын болдырмас үшін конденсант жинаушы және дренаждау желілерін орнату керек;

    • мұнай құбырларын, лақтырма желілерін, ағынды суды таситын коллекторларды және жинау коллекторларын өз уақытнда жөндеп отыру қажет.

    • сұйық көмірсутектерді сақтау үшін артық қысымда немесе изотермиялық жағдайларда жұмыс істейтін резервуарларды, яғни буланудан үсті қорғалған резерварларды қолдану;

    • құрамындағы жеңіл компонеттері буланып атмосфераға шығуына жол бермес үшін шағын ыдыстар мен аппараттарды сүзгі – жұтқыштармен жабдықтау;

    • кен орынан тауарлы өнімді алу барысында газды утилизациялайтын арнайы қондырғыларды енгізу;

    • шығарылған газды пайдаға жарату мен қайтару мүмкін болмаған немесе тиімсіз болған жағдайда оларды жағып жіберуге факелге бағыттау;

    • газдарды жағуға арналған факелдер бар болған кезде, олардың биіктігі мен орналасуы стандарттарда қарастырылған концентрацияға дейін атмосфераның жер үсті қабатында зиянды заттардың ыдырап таралып кетуін қамтамасыз ету қажет.

    Күкіртсутегі бар ортада қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін, технологиялық жабдықтар, құбырлық арматуралар және құбырлар күкіртсутегіне төзімді, берік, арнайы болат маркаларынан жасалуы керек.

    Күкіртсутекті ортада жұмыс жасайтын жабдықтардың сенімділігі және апатсыз пайдаланылуы арнайы ингибиторларды енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Ингибиторды – сйымдылықты аппараттан, мөлшерлік сораптан және құбырларға жалғанған жіңішке түтікше арқылы береді.

    Газды күкіртсутегінен тазалап алу, оны тасымалдау барысында құбырлардың коррозияға ұшырауына жол бермейді және атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың жалпы мөлшерін азайтады.

    Сыз сулары ластанудан және оларды сарқылта пайдаланудан қорғалады. Су обьектілерінде өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастауға тыйым салынады. Ағынды суларды белгіленген тәртіппен, қадағалау орындарымен келісілген жекеленген технологиялық шешім бойынша зиянды заттардың құрамы рұқсат етілген нормадан артық болмаған жағдайда ғана төгуге болады.

    Қоршаған ортаны қорғау үшін оларды қайта пайдалану, тазарту жұмыстары жүргізіліп және ағынды суды одан әрі қабат қысымын ұстау жүйесінде қолданады.

    Ағынды сулардағы мұнай өнімдерінің болу нормасы 40 мг/л құрайды.

    Мұнаймен бірге өндірілген қабат суы, ондағы қатты түйіршік заттар мен мұнайдың құрамының нормасына сәйкес тазаланады да, одан әрі ҚҚҰ жүйесінде немесе кему мақсатында арнайы жұту ұңғырлары арқылы қабатқа кері айдалады. Қабат суын жер үстіндегі су көздеріне тастауға жер асты суларының ластануына алып келетін жер асты қабаттарына қайта аудауға, сондай-ақ құрамында күкіртсутегі бар сұйықтарды бейтараптандырмай канализацияның ашық жүйесіне ағызуға тыйым салынады. Құрамында күкірсутегі бар қабат сулары өңделуі және саңылаусыз сыйымдылықтарда сақталуы тиіс.

    Өндірістік ағынды суларды жер астындағы арнайы жұту қабаттарына айдауға тек ерекше жағдайда ғана жол береді:

    • су айдау әдісін қолданбай кенішті игерген жағдайда;

    • су айдау жүйесінің құрылысы аяқталғанға дейін, иегурдің бастапқы кезеңінде өндірістік ағынды сулардың аз мөлшерін алған кезде;

    • жобаға қарағанда өндірістік ағынды сулардың мөлшері артық болып және оларды басқа кен орындарына тасымалдау тиімсіз болғанда;

    • мұнайды дайындау қондырғынысында жинақталған кейбір өндірістік ағынды суларды тазартудың технологиясы тым күрделі болғанда.

    Топырақты қорғаудың негізгі шаралары:

    • мұнайды жинау, айыру, дайындау және тасымалдау жүйелерін саңылаусыздандыру;

    • ұңғыларды апат кезінде ажыратқыштар көмегімен автоматты түрде ажырату;

    • ұңғы сағасына төгілген мұнайды топырақпен көму;

    • жер бетіне төгіліп, ластамас үшін қабаттық және кәсіпшіліктік ағынды суларды қабат қысымын ұстау жүйесінде толықтай қолдану;

    • құбырларды 1,2-1,8 аралығындағы тереңдікте көміп, жер асты арқылы төсеу;

    • жерге сапалы техникалық қайта қалпына келтіру шараларын жүргізу.

    Жердің рекультивациясы – бұзылған және ластанған жерлердің өнімділігін және құнарлылығын қалпына келтіруге, сонымен қатар, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар кешені. Топырақта микроорганизмдердің өздігінен тазаруы және сол жерге бейімделу механизмі жүреді. Рекультивацияны жүргізу әдістері микроорганизмдердің өздігінен тазаруы және сол жерге бейімделуінің табиғи механизмдері үшін қалыпты жағдай туғызады, сонымен қтар бұл процесті жеделдетеді.

    Кәсіпшілік территориясында мұндай шламын сақтайтын қоймаларды орналастыруға тыйым салынады. Қолданыстағы шлам жинақтағыштар өңделіп немесе пайдаға асырылып кейіннен жерлері рекультивациялануы тиіс.

    Жер қойнауын қорғау, сақтау шаралары мұнай және газ ұңғыларын және кен орнының объектілерін тұрғызу кезіндегі барлық негізгі технологиялық процестердің маңызды элементі және құрамды бөлігі болып табылады.

    Жер қойнауын қорғау шаралары мыныларды қамтуы қажет:

    • төгілуді, ашық фонтандауды, грифон түзілуін, ұңғы оқпанының қирауын, жуу сұйығының жұтылуын және т.б. қиындықтарды болдырмайтын шаралар жиыны;

    • жер асты және жер үсті құрылғыларының максималды саңылаусыздығын қамтамасыз ету;

    • коррозияға қарсы жобаланған шараларды іске асыру;

    • биргенді күкіртредукциясының түзілуін ескерту үшін айдалатын суды оның пайда болуын болдырмайтын реагенттермен өңдеу керек;

    • қабатқа су айдау үшін ағынды суларды пайдалана отырып сумен қамтамасыз етудің тұйықталған жүйесін енгізу.



      1. Теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеру кезінд қоршаған ортаны қорғау


    Теңіздегі мұнай кен орындарын игеруде жалпы қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен қатар өзіне тән талаптар жүреді. Қоршаған ортаны қорғау барысында негізгі қиыншылықтар болып, теңіз бен көлдерді кейде күкірт сутегі мен беттік-әрекеттік заттардан тұратын мұнай, мұнай өнімдерімен, сондай-ақ қабат суларымен дастануына жол бермес үшін жүргізілетн күрес болып табылады.

    Су бетіне түскен мұнай және мұнай тауарлары су мен ауа кеңістігінің арасындағы оттегі алмасуын айтарлықтай қиындататын үлкен аудандарды жұқа қабықшамен қаптайды. Бұл сулы ортадағы биологиялық объектілердің өміріне зақым келтіреді.

    Судың мұнаймен ластану концентрациясы 800 мг/м асқан кезде суда оттегінің негізгі өндірушісі болып иабылатын фитопланктон өмірінің жойылуына әкеледі. Кейбір балықтар құрамында мұнайы бар суға бейімделуі мүмкін. Олардың ағзасына түскен мұнай қан құрамы мен көмірсутегінің алмасу деңгейін өзгертеді, мұның салдарынан балық еті өзіне тән иіс пен дәмге ие болады.

    Мұнайды өндіруде және дайындауда қолданылатын жер үсті әрекеттік-заттар да суға түссе аса қауіпті болып табылады, олар су бетін көбіктендіріп осы арқылы ортадағы биохммиялық алмасуды азайтады. Сонымен қатар, БШЗ өсімдіктер мен балықтарға да тікелей әсер етіп олардың өліміне әкеледі.

    Су тоғандарының мұнаймен, ілеспе сулармен және де технологиялық сулармен ластануын болдырмау үшін мұнай, газ жинауды ұғыдан мұнай жинау пунктіне дейін толық саңыраусыздығын қамтамасыз ету керек. Тізбек головкаларының, фонтанды арматураның, құбырлар мен арматуралардың фланецті және бұрандалы қосылыстарының саңылаусыздық жағдайын жүелі түрде қадағалап, барлық ақауларды тез арада жою керек. Құйылатын сұйықтарды жинау үшін ұңғы сағасы ағынды суларды жинайтын ыдыспен біріктірілген поддонмен жабдықталады.

    Мұнайды құюға қатысы бар фланецті қосылыстарды ажырату жұмыстары кезінде тасымалдағыш поддан қолданылуы қажет, ал жиналған сұйықтық ағынды суларды жинайтын резервуарға құйылады. Құбырларда парафиннен, тұздан тазартқан кездегі қалдықтарды контейнерге жинап, сонан соң оны көму үшін жағаға шығарады. Егер эстакада алаңында немесе өзінің жеке платформасында жоғары қысымда жұмыс істейтін ыдыстар болса, онда сақтандырғыш клапаннан келетін құбыршалар қалдықты факел мен ағынды суларды жинау ыдысына шығару тиіс. Мұнай жинау үшін резервуарлардың құю құбыршалары да ағынды суларды жинау ыдысымен қосылады.

    Қазіргі уақытта су бетінің үлкен аумағынан мұнай мен мұнай өнімдерін кетірудің, яғни тазартудың әдіс-амалдары баршылық, бірақ олар көбінесе арнайы құрылғыларды, қымбат адсорбенттерді қолдануды және көптеген шығындарды талап етеді. Бұл кездегі тазару дәрежесі әр уақытта жоғары емес.

    Су тоғандарының мұнаймен ластануын жою үшін келесі әдістер қолданылады:

    • механикалық

    • физика – химиялық

    • химиялық

    • биологиялық

    Механикалық әдіс – мұнайды жоюдың бұл әдісі мұнайды қолмен сүзіп алудан бастап мұнай жинағыш машиналар кешенін қолдануға дейінгі алуан түрлі жұмыстар мен құрылғыларды қамтиды. Су бетінде қалқып жүрген мұнайды алдын-ала бір жерге жинап, оқшаулап, қоршау үшін бондық қоршау көмегіне сүйенеді.

    Бондық қоршаудың құрылысы қалқымалы, экрандаушы және баланстық бөлімдерден тұрады. Қоршаудың қалқымалы бөлімі ауамен толтырылған жеке қалтқылардан жамалуы мүмкін. Ал экрандаушы бөлімі бонның қалқымалы бөліміне бекітілген және балласты бөліміне тұрақтылық беру үшін шынжырмен, құбырмен немесе керіп тұратын белбеулермен жүктелген майыспалы немесе қатты пластина түрінде болады.

    Төгілген мұнайды жинау үшін ластанған бетпен қозғала алатын және ластаушы заттарды әр түрлі құрылғылар көмегімен жинай алатын арнайы кемелер мен жүзбелі құралдар қолданылады.

    Механикалық әдістердің біріне ластанған суды сеппелі және шаймалы құмды сүзгілер арқылы сүзуді де жатқызуға болады.

    Физика – химиялық әдістер – бұл әдістерге адсорбациялайтын заттарды қолдануды жатқызамыз. Адсорбенттер ретінде пенополиуретан, көмір тозаңы, резина ұнтағы, ағаш қиқымы, пенопласт және т.б. қолданылады. Байланысты жоғарылату, жақсарту үшін мұнайды жақсы адсорбациялау қабілеті бар синтетикалық маталар қолданылады. Сонан соң мұнайды сіңіріп алған маталардан мұнайды ажыратып алу мақсатында сығу валиктері арқылы өткізеді. Сорбциялайтын заттар өз салмағынан 1040 есе үлкен мөлшерде мұнайды сіңіру қабілетіне ие.

    Химиялық әдіс – пленкалы мұнайды тұнбамен бірге шөктіру қабілетіне ие коагулянттарды қолдануға негізделген. Бұл әдіс су бетін басқа әдістерден кейін одан да тереңірек тазарту үшін қолданылады.

    Биологиялық әдіс – мұнайды қорек ететін микро-организмдер мен арнайы бактерияларды қолдануды қарастырады.

    Мұнай кен орындарын пайдалану платформадарының игеру кезіндегі негізгі қауіп қондырғылардың толып кетуінен, саңылаулардың болуынан немесе апат жағдайларының болу салдарынан болатын мұнайдың кездейсоқ немесе бірте-бірте ағып кетуі болып табылады.

    Техникалық тізбектің бірінде апат болған жағдайда қауіпсіздік жүйесі технологиялық процесті толығымен немесе оның бір бөлігін тоқтатуы тиіс. Өрт кезінде қауіпсіздік жүйесі өртті сөндіру жұмыстарынан басқа барлық жұмыстар мен қондырғыларды тоқтатуды қамтамасыз етуі қажет. Мұндай жағдайлар табиғи құбылыстардың, кемелермен қақтығысуының, қондырғылар ақауының, сонымен қатар, қызмет көрсету ұжымының қателіктерінің салдарынан болуы мүмкін. Технологиялық қондырғылардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін теңіз платформаларын жобалау кезінде келесі жағдайлар ескерілуі тиіс:

    • қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету мүмкіндігі және табиғатты қорғау шараларының орындалуы технологиялық қондырғыларды таңдаудың негізгі талабы болуы қажет;

    • әр түрлі бағыттағы қондырғылар алаңы құбырлардың ұзындығын қысқарту мүмкіндігі есебінен таңдалуы керек;

    • қондырғылардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету жүйелері қорғаныстың бір-біріне тәуелсіз екі сатысын қамтуы қажет;

    • қондырғылардың әрбір түрі оның ең төмен, қолайсыз шарттарда жұмыс істеу мүмкіндігінен есептелуі қажет;

    • кез-келген технологиялық режимдердің бұзылыстары орындау механизмдерімен қосылған датчиктердің көмегімен сәйкесінше көрсетілген ауытқулармен анықталуы қажет;

    • әр апатты жағдайды келесі тәртіпте қарастыру қажет: себеп, салдары және анықталуы белгілері, қауіпті жағдайды жою қорғанысы.


    ҚОРЫТЫНДЫ


    Резервуарлар деп – мұнай және мұнай өнімдерін ұзақ мерзімге сақтауға арналған тұрақты және қозғалмалы, әртүрлі көлемдегі ыдыстарды айтады. Резервуарлар өте жауапты құрылғылар болып табылады, өйткені олардың ішінде үлкен мөлшерде сұйықтықтар сақталады.

    Дипломдық жоба келесі бөлімдерден тұрады:

    Кіріспе

    Технологиялық бөлім

    Есеп бөлімі

    Экономикалық бөлім

    Техника қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар бөлімі

    Кіріспеде резервуарлар және олардың қолданылу аясы туралы қысқаша мағлұмат берілген.

    Технологиялық бөлімде: Мұнай және мұнай өнімдерінің қасиеттері, резервуарлардың арналуы және жіктелуі, оларды дайындау үшін қолданылатын материалдар және сол материалдарға қойылатын талаптар, тік болатты резервуарларға қойылатын талаптар, резервуарлардың жабдықтары қарастырылған.Тік болатты резервуарларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, беріктікке сынау.Қысқаша айта кететін болсақ, резервуарларға үш түрлі жөндеу жүргізіледі. Олар: алдын – ала, ағымдағы және күрделі жөндеу. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жөндеу жұмыстарының сапасы тексеріледі, яғни дәнекерлі тігістер сапасын бақылау және т.б. Резервуарлар жөндеуден және сынаудан өткеннен соң оларды пайдалануға қабылдайды. Пайдалануға қабылдау үшін арнайы комиссия құрастырылады. Резервуарларды саңылаусыздыққа сынаудың бірнеше тәсілдері болады: гидравликалық, пневматикалық және химиялық. Резервуарды беріктікпен тығыздыққа сынау оған су толтыру арқылы жүргізіледі. Сынаудың алдында резервуарды лас пен шаңнан тазалайды. Барлық ақаулар жөнделгеннен кейін гидравликалық сынауға акт құрылады.

    Есеп бөлімінде 2 есеп қарастырылды: 1) Резервуардың бірінші белбеуінің қалыңдығын анықтау; 2) Резервуар жамылтқысының моментсіз контурындағы күшін анықтау.

    Техника қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар бөлімінде еңбекті қорғау заңдылықтары, резервуарларды пайдалану кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын – алу шаралары қарастырылған.

    Дипломдық жобаның түсініктеме хаты төрт графикалық сызбамен толтырылған.

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
    1. Арзунян А.С, Афанасьев В.А, Прохоров А.Д.

    «Сооружение нефтегазохранилищ» Москва «Недра» 1986

    2. Арутюнов С.А «Эксплуатация нефтебаз» Москва «Недра» 1983 г.

    3. Верёвкин С.И, Ржавский Е.Л. « Повышение надёжности резервуаров, газгольдеров и их оборудования» Москава «Недра» 1980 г.

    4. Галеев В.Б, Харломенко В.И, СощенкоЕ.М. «Эксплуатация магистральных нефтепродукто проводов» Москва «Недра» 1973 г.

    5.Джиембаева К.І, Насибуллин Б.М. « Мұнай кен орындарында ұңғы өнімдерін жинау және дайындау»Алматы 2005 ж.

    1. Казтрансойл «Магистральді мұнай құбырларының резервуарларын

    техникалық пайдалану ережелері жқ 39-015-02» Астана 2003 ж.

    7. Казтрансойл« Технический отчёт» Устькаменогорск 2005 г.

    8. Каймолдинова М, Родионова С, Таракунец И.«Еңбек кодексі» Алматы 2005

    Лебедев Г.К, Колесников В.Г, Зиканов Г.Е. «Правила технической эксплуатации резервуаров и инструкции по их ремонту» Издательство «Недра» 1988

    9.Латай А.Б, Растова Г.В. «Правила и инструкции по технической

    эксплуатации металлических резервуаров и очистных сооружений» Москва «Недра» 1977

    10.Тугунов П.И, Новоселов В.Ф, Арбузов Ф.Ф. «Транспорт и хранение нефти и газа» Москва «Недра» 1975



    ДЖ. 0805000.22.000 ЕТЖ

    Бет


    Өзг

    Бет


    Құжат №


    Қолы

    Күні



    1   2


    написать администратору сайта