Рез тұрлері рамки для теории. Мнай жне мнай німдерін сатау резервуарларды кмегімен жзеге асырылады
Скачать 435.5 Kb.
|
1 2 КІРІСПЕАуыл шаруашылығының дамуы мұнай, мұнай өнімдері және газды тұтынушылардың көбеюімен байланысты. Өндіріс,транспорт және ауыл шаруашылығы мұнай өнімдерінің 200-ден астам түрін жанар және жағар май ретінде қолданады. Газ металлургия саласында және электростанцияларда отынның ең арзан түрінде кеңінен қолданылады. Сондықтан,олардың тиімді пайдаланылуы оларды сақтау сапасына тікелей байланысты. Мұнай және мұнай өнімдерін сақтау резервуарлардың көмегімен жүзеге асырылады. Резервуар деп – мұнай және мұнай өнімдерін ұзақ мерзімге сақтауға арналған тұрақты және қозғалмалы, әртүрлі көлемдегі ыдыстарды айтады. Резервуар өте жауапты құрылғылар болып табылады, өйткені олардың ішінде үлкен мөлшерде сұйықтықтар сақталады. Дайындалатын материалдың түріне қарай резервуарлар металдық және металдық емес болып екіге бөлінеді. Металдық резервуарларды болаттан, кейбір жағдайларда алюминийден жасайды. Металдық емес резервуарларға темірбетонды және пластмассалы резервуарлар жатады. Резервуарлар пішіні бойынша тік цилиндрлі, көлденең цилиндрлі, тік, тамшы тәріздес және т.б. болып бөлінеді. Резервуарларды әртүрлі көлемдерде – 5 және 120000 м³ аралығында құрастырады. Мұнай өнімдері бар резервуарлардың пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету үшін олардың техникалық пайдалануына, бақылауына, ақауларды табу мен түзетуге қойылатын талаптар сақталады. Бұл жұмыстарды орындау шарты болып резервуарларды оларды мұнай өнімдерінің қалдықтары мен бөлінулерінен алдын ала тазалау мен жөндеу болып табылады. Резервуарлар кезеңді тазалануға, мұнай өнімі сұрыбының ауысым қажеттілігі кезінде тазалануға, пирофорлы бөлінулерден, минералды ластануы, тоттану мен суы бар жоғары жабысқақты тұнбалардан кезекті және кезектен тыс жөндеулер кезінде босатылуға, кешенді дефектоскопия мен басқа да пайдалану себептерін жүргізуге жатады. Резервуарларды мұнай өнімдері қалдықтарынан тазалау мұнай өнімдерімен қамтамасыз етудің технологиялық процесінің ажырамас бөлігі болып табылады Шикі мұнай резервуарларда сақталады. Уақыт өте келе осы резервуарлардың түбінде ауыр көмірсутектерден (парафиндер) және құм, тат және ауыр металдар сияқты бейорганикалық қоқыстан тұратын қабат пайда болып, сұйыққойманың пайдалы көлемін азайтады. Бұл қабат «гач» деп аталады. Қауіпсіздік техникасы бойынша тексерістен бұрын, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында сұйыққойманы түгелдей босатып, тазарту қажет. Резервуардың өлшемдеріне қарай, 1000 тоннадан 5000 тоннаға дейін пайдаға жаратылуға жататын шөгінді қалады. Шөгіндіні жағып жіберудің орнына «Flottweg AG» трикантерінің көмегімен оны қайта өңдеу мүмкіндігін ұсынамыз. Бұл орайда мұнайдың көбісі қалпына келтіріледі, ал суды тазартқыш қондырғыларға жіберуге болады. Мұнай өнімдері бар резервуарлардың пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету үшін олардың техникалық пайдалануына, бақылауына, ақауларды табу мен түзетуге қойылатын талаптар сақталады. Бұл жұмыстарды орындау шарты болып резервуарларды оларды мұнай өнімдерінің қалдықтары мен бөлінулерінен алдын ала тазалау мен жөндеу болып табылады. Резервуарлар кезеңді тазалануға, мұнай өнімі сұрыбының ауысым қажеттілігі кезінде тазалануға, пирофорлы бөлінулерден, минералды ластануы, тоттану мен суы бар жоғары жабысқақты тұнбалардан кезекті және кезектен тыс жөндеулер кезінде босатылуға, кешенді дефектоскопия мен басқа да пайдалану себептерін жүргізуге жатады. Резервуарларды мұнай өнімдері қалдықтарынан тазалау мұнай өнімдерімен қамтамасыз етудің технологиялық процесінің ажырамас бөлігі болып табылады Шикі мұнай резервуарларда сақталады. Уақыт өте келе осы резервуарлардың түбінде ауыр көмірсутектерден (парафиндер) және құм, тат және ауыр металдар сияқты бейорганикалық қоқыстан тұратын қабат пайда болып, сұйыққойманың пайдалы көлемін азайтады. Бұл қабат «гач» деп аталады. Қауіпсіздік техникасы бойынша тексерістен бұрын, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында сұйыққойманы түгелдей босатып, тазарту қажет. Резервуардың өлшемдеріне қарай, 1000 тоннадан 5000 тоннаға дейін пайдаға жаратылуға жататын шөгінді қалады. 1 Технологиялық бөлім1.1 Резервуарлардың атқаратын кызметі Мұнай өнімдері бар резервуарлардың пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету үшін олардың техникалық пайдалануына, бақылауына, ақауларды табу мен түзетуге қойылатын талаптар сақталады. Бұл жұмыстарды орындау шарты болып резервуарларды оларды мұнай өнімдерінің қалдықтары мен бөлінулерінен алдын ала тазалау мен жөндеу болып табылады. Резервуарлар кезеңді тазалануға, мұнай өнімі сұрыбының ауысым қажеттілігі кезінде тазалануға, пирофорлы бөлінулерден, минералды ластануы, тоттану мен суы бар жоғары жабысқақты тұнбалардан кезекті және кезектен тыс жөндеулер кезінде босатылуға, кешенді дефектоскопия мен басқа да пайдалану себептерін жүргізуге жатады. Резервуарларды мұнай өнімдері қалдықтарынан тазалау мұнай өнімдерімен қамтамасыз етудің технологиялық процесінің ажырамас бөлігі болып табылады Шикі мұнай резервуарларда сақталады. Уақыт өте келе осы резервуарлардың түбінде ауыр көмірсутектерден (парафиндер) және құм, тат және ауыр металдар сияқты бейорганикалық қоқыстан тұратын қабат пайда болып, сұйыққойманың пайдалы көлемін азайтады. Бұл қабат «гач» деп аталады. Қауіпсіздік техникасы бойынша тексерістен бұрын, техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында сұйыққойманы түгелдей босатып, тазарту қажет. Резервуардың өлшемдеріне қарай, 1000 тоннадан 5000 тоннаға дейін пайдаға жаратылуға жататын шөгінді қалады. Шөгіндіні жағып жіберудің орнына «Flottweg AG» трикантерінің көмегімен оны қайта өңдеу мүмкіндігін ұсынамыз. Бұл орайда мұнайдың көбісі қалпына келтіріледі, ал суды тазартқыш қондырғыларға жіберуге болады. Мұнай резервуарларындағы «өлі» шөгіндіні қайта өңдеген кезде трикантерді пайдаланудың қолмен тазарту әдісіне қарағандағы артықшылықтары: Атмосфераға зиянды заттар барынша аз шығарылады; Резервуарлардың ішінде қызметкерлердің жүретін уақыты барынша азаяды; Гач құрамындағы мұнайдың 90-95% пайызын шығарып алуға болады; Трикантерде бөлініп алынған қатты фазада қордың бастапқы мөлшерінің небары 10% пайызы ғана болады; Тіпті мұнай қорының құрамы өзгеріп отырған кезде де, өндіріс автоматтандырылған күйде үздіксіз жұмыс істейді. Табиғи резервуарлар көбінесе суға қаныкқан болады. Жер қойнауында пайда болған мұнай мен газ алғашқы қонысынан көшу (миграция) арқылы коллекторлы резервуарларға кездескеннен кейін, өздерінің тығыздығына сәйкес судан өтіп, жоғары — су бетіне көтерілуге тырысады. Осыған байланысты резервуар ішінде су (астында), мұнай (ортасында), газ (жоғарыда) орналасады Резервуарға құйылатын мұнай өніміне, ондағы қалдық түріне байланысты сұрыптау ауысымы кезінде мұнай өнімі сапасының сақталуын қамтамасыз етуде мынадай операцияларды орындау көзделеді: қалдықты жою; газсыздандыру; жуғыш затпен ыстық су қысымымен жуу (немесе булау); ыстық сумен кейіннен жуу; түбін желдету (кептіру); Жерасты резеруарлары үшін сору құралдарын пайдалану ұсынылады ;жалғастырғышты ұшы бар қолғаптар жұмыс сұйығы айналатын жабдықтар (сорғы, жуу машинасы, суэлеватор және т.б.) арасында коммуникациялық төсемдер үшін қызмет етеді. Технологиялық схемада бензинге тұрақты ішкі диаметрі 51, 66, 77 мм резеңке жеңдер және ішкі диаметрі 75 және 125 мм сымды шиыршықпен нығайтылған жеңдер пайдаланылады; РТ-80 үшжүрісті жеңдік тармақтану жең желілерінде жұмыс сұйығы ағынын басқаруға арналған; РС-Б қолмен тазалау ұңғысы тазаланған резервуар түбінен суэлеваторға шлам қалдығын жуу үшін пайдаланылады. 1)Ұңғы өнімділігі саптағы қысымға байланысты және 0,4 МПа (40 м су. бағ. қысым кезінде 0,35 л/с-ден, 0,6 МПа (60 м су. бағ.) қысым кезінде 4,0 л/с дейін өзгереді;өткізгіштер әр түрлі диаметрлі жеңдерді өзара қосу үшін қызмет етеді; 2)резервуарларды өрт қаупсіз ТЖҚ-мен механикаландырылған жууғаарналған құрылғы – жуу машиналары (гидромониторлар).Олардың кейбірінің техникалық сипаттамасы 2-қосымшада келтірілген; 3)резервуарларды мәжбүрлі желдетуге арналған құрылғы (электржелдеткіштер, буэжекторлар). Буэжекторлардың техникалық сипаттамасы 3-қосымшада көрсетілген. Желдеткіштер санын таңдау мен олардың сипаттамасы 4-қосымшаның кестесінде келтірілген желдетудің талап етілетін режимін қамтамасыз етеді; 4)резервуар атмосферасын флегматизациялау жүйесі 5-қосымшада; 5) ТЖҚ. ТЖҚ атауы мен саны жойылатын мұнай өніміне, резервуар құрылысына байланысты анықталады. Жалпы қолжетімді ТЖҚ: МЛ-51, МЛ-52, МЛ-72, Лабомид-203М (Темп-300) және басқалар. Жуу құралы ретінде суды (ыстық суды) және ТЖҚ қоспасында суды пайдалануға рұқсат беріледі;ТЖҚ пайдалану – қыздыру, мөлшерлеу температурасын таңдау, шаю өнімдерін бөлу шарттары және пайдаланудың басқа параметрлері осы ТЖҚ дайындаушылардың нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады; 6)дайындау, сақтау, ТЖҚ регенерациялау, тазалау өнімдерін жинау жүйесінде:қасбетті тұндырғыш, 6-қосымша; ТЖҚ резервуарға беруге және тазалау өнімдерін сорып шығаруға арналған құбыр өткізгіштер жүйесі;ТЖҚ беру сорғылары;Тазалау өнімдерін жинауға және онда қалған қалдық мұнай өнімдерін сығып алуға арналған құрылғы, 7-қосымша; 7)жабдықты энергиямен қамтамасыз ету жүйесі (қанық су буы, электрэнергия); 8) бекіту арматурасы бар резеңке маталы жеңдер (диаметрі 32 және 50 мм булы, сулы); 9) іске қосу аппаратурасы мен кабельдері бар басқарудың жылжымалыпульті(электрощит); 10) көлік және жүк көтергіш құралдар. Тақырыпты әзірлеуге негіз болып, мұнай және онымен байланысты өнеркәсіп салаларында резервуарларды тазалау процесстерін жоғары тиімділікпен жүзеге асыру барысындағы төмен энергия және күрделі шығындардағы аппараттарды құру қажеттіліг болып табылады Тақырыпты әзірлеуге алғашқы мәліметтер, бұл тазалау аппараттардың оң және теріс белгілері сондай –химиялық тазалау салаларындағы ғылым мен техниканың жетістіктері. Жоғары жабысқақты мұнай өнімдерін (мазуттар, майлар, мотор отыны және басқалар) сақтауға пайдаланылатын жерасты резервуарлары жөндеу мерзімімен және сапаны сақтау шарттарымен анықталатын қажеттілік бойынша тазаланады. Тазалау технологиясы, жабдықтар мен тазалау құралдары жер беті резервуарларын тазалау үшін пайдаланылатындардан біршама ажыратылады. Тазалау процесі үлкен жұмыс сыйымдылықпен және қауіптілікпен сипатталады. Тазалаудың технологиялық процесін ұйымдастыру мен жүргізу қиын орындалатын операциялардың барынша мүмкін механикаландырылуын әрі қауіпті және зиянды өндірістік факторларды жоюды көздейді Резервуарлардың әр түрлеріне пайдаланылатын сәйкес технологиялық операцияларды механикаландыру құралдарын, қауіпсіздікті бақылау аспаптары мен құрылғыларын пайдаланумен орындауды көздейтін технологиялық регламенттер, жұмысты ұйымдастыру тәртібі (бұдан әрі - ЖҰТ) өңделеді. Резервуарларды тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін резервуарлар санын, олардың көлемін есепке алумен механикаландырылған тазалау құралдарымен, тазалау құрылыстарының болуын, энергетикалық көздердің және басқа жергілікті шарттармен жарақталған мамандандырылған телімдер құру ұсынылады. Резервуарларды тазалау бойынша технологиялық операцияларды орындау үшін негізгі жабдықтар, жүйелер мен құрылғылар ұсынылады:ПСГ-160 базасындағы сорғылық қондырғының автомобиль қозғалтқышынан қозғалатын екі сатылы ортадан тепкіш сорғысы болады. Сорғының өнімділігі 110-160 м3/с және қысымы 5-14 кПа (50-140 м су. бағ.). Сорғылық қондырғы ТЖҚ жуу ерітіндісін резервуарды жууға және суэжекторға (эжекторға) беру үшін арналған; Г-600А суэлеваторы (эжектор) эжекция принципінде жұмыс істейді және жуу процесінде пайда болған эмульсия мен механикалық қоспаны (құм, тотану және сол секілділер) тазаланатын резервуардан сорып шығаруды қамтамасыз етеді. Г-600А су элеваторының өнімділігі ағын желісіндегі жұмыс қысымына байланысты. 0,8 Па қысым кезінде өнімділік 600 л/мин (36 м3/с) құрайды. 1.2 Мұнай резервуарлардың түрлері Мұнай резервуарлары деп — «шикі» және тауарлы мұнайды есепке алу, жинау және аз уақыт ішінде сақтау үшін арналған әр түрлі өлшемдегі ыдыстарды айтады. Бір жерде шоғырланған резервуарлар тобын резервуарлар паркі деп атайды. Тауарлы мұнай резервуарлар паркінің жалпы көлемі кез-келген кен орнының барлық өндіруші ұңғыларының екі тәуліктік жоспарлы өндірілген өніміне тең болуы керек. Мұнай резервуарларын өртенбейтін материалдардан — металл немесе темір бетоннан — тұрғызады. Резервуарлар жер асты, жер үсті немесе жартылай көмілген болып келеді. Мұнайды жинау, сақтау және көлемін өлшеу үшін көпшілік жағдайларда болаттан жасалған цилиндрлік резервуарларды қолданады, ал бетоннан немесе темір бетоннан жасалған резсрвуарларды сирек қолданады. Кен орынның тауарлық парктерінде жазық немесс конустық жамылғысы бар, сыйымдылығы 1000-5000 м3 болатын резервуарлар түұрғызылады, резервуарлардың ортасына жамылғы қалқандары (щиттары) тірелетін орталық тірек орнатылады. Резервуарлардың конус тәріздес болып келген төбесі жиналған қардың салмағын, яғни сыртқы күштерді, ұстап қалады, ал резервуар ішінде вакуум пайда болған кезде оған карсы әсер етеді, және қалыңдығы 2,5 мм-ден аспайтын болат жапырақтардан (листтерден) жасалады. Тік болат резервуарлардың негізгі мәліметтері 9.1 кестеде келтірілген. Тік цилиндрлі резервуарлар былай жіктеледі: -төменгі қысымдағы резервуарлар, оларды атмосфералық деп те атайды; понтондары бар резервуарлар; -төбелері қалқымалы келген резервуарлар. сурет 1 - Понтоны бар резервуарды жуу схемасы 1 – кесте. Тік болат резервуарлардың негізгі мәліметтері
Атмосфералық типті (яғни, төменгі қысымдағы) резервуарлардың газ кеңістігіндегі ішкі қысымы атмосфералық қысымға жақын, оларға төбесі конус тәріздес болып келген резервуарлар жатады. Болаттан жасалған резервуарларды зауытта жасалған элементтер мен дайын рулондық дайындамаларды пайдалана отырып индустриялық құрастыру әдістерін қолданып пісіріп-жабыстыру (сваркілеу) арқылы тұрғызады. Резервуардың корпусы сұйықтың гидростатикалық қысымына шыдайтындай етіп есептелген цилиндрлі қап тәрізді болып келеді. Резервуардың іргесі мен табаны құрылғаннан кейін зауыттан дайын түрде жасалып әкелінген резервуар түбі салынады. Содан соң резервуардың бірінші белбеуі пісіріліп-құрастырыла бастайды. Құрастыру жұмыстары жүргізілген кезде шеңбер ұзындығына және геометриялық пішініне тұрақты бақылау жасалып отырады. Резервуардың бірінші белбеуінің тік қосылған жерін ультрадыбыспен және гамма-сәулелерін түсіріп тексереді. Болаттан жасалынған резервуарлардың жабдықтары Шикі және тауарлық мұнайды қабылдап алу, сақтау және өткізу шараларын жүргізу үшін резервуарлар арнайы арматуралармен және жабдықтармен жабдықталады. Резервуарлардың жабдықтары мыналарды қамтамасыз етеді: резервуарлардың толуын және босауын; мұнай деңгейін өлшеуді; мұнай сынамасын алуды; резервуарлардың тазалануын және жөнделуін; мұнайдың тұнуын және тауарлы мұнайдың астындағы судың жойылуын; резервуардағы қысымды қауіпсіздік шегінде ұстап тұруды. Жер үстінде орна-ласқан тік цилиндрлі резервуардағы жабдық-тардың орналасу сұлбасы 9.1суретте көрсетілген. Сурет 2- Жер үстінде орналасқан тік цилиндрлі резервуардағы жабдықтардың орналасу сұлбасы 1 — жарық люгі 1,2- гидравликалык сактандырғыш клапаны, 3 — өрттен сақтандырғыш, 4 — тыныс алу клапаны, 5 — өлшегіш люк, 6 — деңгей көрсеткіші, 7 — кіру люгі, 8 — сифондық кран, 9 — дыбыстық жапқыш (хлопушка), 10 — қабылдау-өткізу қуұбыршасы, 11 — кері қосу кұрылғысы, 12 — дыбыстық жапқышты басқару, 13 — лебедка; 14 — көтерілмелі құбыр; 15 – көтерілмелі кұбырдың топсасы; 16 — роликті блок. Резервуар төбесіне қабылдау-тарату құбыршасының үстіне жарық люгі 1 орнатылады. Төбесі ашық тұрған кезде ол арқылы резервуар ішіне жарық өтеді және тазалау немесе жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында резервуарды желдетіп ауасын тазартады. сурет 3- резервуарды тазалауға арналған қондырғының технологиялық схемасы 1 - тазаланатын резервуар; 2 – соратын сорғы; 3 - компрессор; 4 - манометр;5 – мөлшерлеу сорғысы; 6 - 5 м3 көлемді су ерітіндісне арналған ыдыс; 7 - өрт гидранты, 8 – мұнайды айдауға арналған ПНА агрегаты; 9 – сүйеу сорғысы; 10 – мұнайы бар резервуар; 11 - резервуар-тұнба; 12 - ММС-100 жуу машинасы сурет 4-резервуарды ММС-100 көмегімен мұнай қалдығынан тазалаудың технологиялық схемасы 1 - тазаланатын резервуар; 2 – жуу машинасы; 3 – арба; 4 – жүкшығыр; 5 – жуу суының сорғысы; 6 – эжектор; 7 – тұнба; 8 – қосу жеңі; 9 – ысырма; 10 - өрт су өткізгіші; 11 - өндіріст ік нөсерлік канализация; 12 – шлам шығару сурет 5 -РВС жууға арналған МБ-3 жабдығының орналасу схемасы Резервуар төбесіне қабылдау-тарату құбыршасының үстіне жарық люгі 1 орнатылады. Төбесі ашық тұрған кезде ол арқылы резервуар ішіне жарық өтеді және тазалау немесе жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында резервуарды желдетіп ауасын тазартады. Гидравликалық сақтандырғыш клапан 2 тыныс алу клапаны жұмыс істемей қалған кезде резервуардың газ кеңістігіндегі артық қысымды немесе вакуумды шектеуге, сонымен қатар, тыныс алу клапанының қимасы жеткіліксіз болған кезде тез арада газ немесе ауаны шығаруға арналған. Сақтандырушы клапандар тыныс алу клапандарына қарағанда жоғары қысымға және вакуумға есептелген (артық қысым 588 Па және босату қысымы 392 Па). Сақтандырушы клапанға гидравликалық тығын (затвор) түзетін қатпайтын, буланбайтын тұтқырлығы аз сұйықтар құяды (глицерин, этиленгликол ерітіндісі және т.б) Өрттен сақтандыргыш 3 резервуарда тыныс алу және гидравликалық сақтандыру клапандарымен бірге жинақталған түрде тұтас орнатылады, ол гидравликалық және тыныс алу клапандары арқылы резервуардың газ кеңістігіне жалынның кіріп кетпеуін қамтамасыз етеді. Оның жұмыс істеу принципі мынадай: жалын өрттен сақтандырғышқа түсе отырып, қимасы кіші каналдар жүйесінен (кассеталардан) өтеді, нәтижесінде жалын күші жекелеген ұсақ ағындарға ыдырайды да өшіп қалады. Өрттік сақтандырғыштардың негізгі бөлшектері -түсті металдардан жасалған спиралді ленталы кассета. Тыныс алу клапаны 4 резервуарды толтыру және босату кезінде, немесе сыртқы температураның өзгеруі нәтижесінде резервуар ішіндегі қысым шектен асқан кезде немесе вакуум туындаған кезде резервуардың газды кеңістігін автоматты түрде атмосферамен (яғни, сыртқы ортамен) байланыстырады. Ол екі клапаннан тұрады: қысым клапаны және вакуум клапаны. Тыныстау клапаны келесі түрде жұмыс жасайды: резервуар ішіндегі қысым жоғарылаған кезде қысым клапаны көтеріліп, артық газ атмосфераға шығарылады, ал резервуар ішіндегі қысым төмендеген кезде вакуумдық клапаны ашылып, резервуарға ауа кіреді. Қысым клапаны мен вакуум клапаны белгілі бір қысыммен реттеліп отырылады және резервуар ішіндегі қысымның ұлғаюы немесе азаюы белгілі бір шамаға жеткенде ғана ашылады. Тыныс алу клапандарының өлшемдері олардың өткізгіштік қабілеттеріне байланысты таңдап алынады. Тоттанбас үшін тыныс алу клапанының тұлғасы мен клапан отырғызылатын ершігі алюминий қорытпасынан жасалады. Клапанның өлшемі, мм 50 100 150 200 250 Өткізгіштік қабілеті, м3/сағ 25 72 142 240 304 Өлшегіш люк 5 резервуардағы мұнай деңгейін және тауарлы мұнай астындағы суды өлшеу үшін, сонымен қатар, сынама алғыш аспаппен мұнайдан сынама алу үшін қызмет етеді. Өлшегіш люктің ішінде бағыттаушы колодка орналасқан, ол арқылы резервуарға лоты бар өлшегіш лентаны түсіруге болады. Колодканы ұшқын шығармас үшін мыс немесе алюминиден жасайды. Резервуардағы мұнай деңгейін өлшеу және мұнай мөлшерін жедел есептеу үшін УДУ деңгей көрсеткішін қолданады (9.1суреттегі 6 ). Аспап саңылаусыз қапта орналасқан қалтқыма меп олшсгіш леитадан түрады. Децгсй езгергсн кезде қалтқыма бағыттауыш арқан арқылы қозғалады, ал өлшеуіш лента болса, бақылап отыратын аспап қорабындағы блокқа оралады. Аспапқа диспетчерлік пунктке мәлімет беретін (яғни, деңгей көрсеткішін көрсететін) құрылғыны қосуға болады. Кіру люгі 7 (люк-лаз) резервуардың төменгі белдігіне орнатылады және резервуарды тазалау мен жөндеу кезінде резервуар ішіне адамдардың кіруіне, сонымен қатар, осы жұмыстарды жургізу кезінде оны желдетуге арналған. Сифондық кран 8 резервуардың төменгі жақ бөлігінде жиналған қабат суларын мұнай ұстағышқа қарай ағызу үшін сифондық құралды қосу кезінде пайдаланылады. Дыбыстық жапқыш (хлопушка) 9 ысырмалардың істен шығуы кезінде немесе құбырлардың апаттық жағдайында мұнайдың резервуардан ағып кетпеуін қамтамасыз етеді. Дыбыстық жапқыштар басқарылатын және басқарылмайтын болып келеді. Резервуарға мұнай құйып жатқан кезде мұнай ағымының қысым күшінен дыбыстық жапқыштың (хлопушканың) қақпағы ашылады, ал мұнай айдауды тоқтатқан кезде дыбыстық жапқыштың қақпағы озінің салмағы әсерінен орнына қайта түседі де, құбырды жабады. Резервуардан мұнайды ағызған кезде дыбыстық жапқыштың қақпағын арнайы лебедкамен ашады, ал лебедканың өзі айналатын барабаннан және оған оралатын болат арқаннан тұрады. Қабылдау-өткізу құбыршасы 10 резервуарға сұйықты беру және резервуардан сұйықты шығару үшін қолданылады, оған резервуардың ішінен дыбыстық жапқыш (хлопушка) пен көтерілмелі құбырдың топсасы бекітілген. Қабылдау-өткізу құбыршасының диаметрлері айдалатын мұнайдың берілген өнімділігімен анықталады және 150-700 мм аралығында өзгеріп отырады. Қабылдау-өткізу құбыршасының диаметрін таңдау барысында сұйықтың қозғалу жылдамдығы 0,5-2,5 м/с аралығында өзгереді деп қабылдайды. Кері қосу құрылгысы 11 дыбыстық жапқыш (хлопушка) қақпағының екі жағындағы мұнай қысымын теңестіріп отыру үшін қажет, яғни мұнайды резервуардан қабылдау-өткізу құбыршасына қарай кері жібереді. Кері қосу құрылғысы биіктігі 6 метр болатын барлық резервуарларда орнатылады. Көтерілмелі құбыр 14 резервуардың ішінде топсаға (шарнирге) 15 орнатылады, ол қажетті биіктіктен мұнайды алуға арналған және роликті блок 16 арқылы лебедкамен 13 қозғалысқа келтіріледі. 1 2 |