--- 50 балл фарм - ПОЛНЫЙ. Науас 14 жаста. Науасты арау кезінде ісіну аныталды. Ісінуді себебі жрекпен байланысты екені аныталып, фуросемид таайындалды.
Скачать 75.53 Kb.
|
Науқас 14 жаста. Науқасты қарау кезінде ісіну анықталды. Ісінудің себебі жүрекпен байланысты екені анықталып, фуросемид тағайындалды. Тағайындалған дәрі жақсы зәр айдағыш әсер көрсетті, ісінудің азаюына байланысты салмағы төмендеген. Дәрілік заттарды қабылдау нәтижесінде, кеуде аймағында ауырсыну мен бұлшықеттерінде тырысулар пайда болды. 1.Асқынудың себебі? Жауабы: Фуросемидті ұзақ қабылдау Псевдо Бартер синдромын тудыруы мүмкін. Қан қысымымен бірге организмдегі калий мөлшері төмендеп кетеді. Соның нәтижесінде организм сусызданып, бұлшықеттер әлсіреп, бұлшықеттерінде тырысулар болады және науқас кіші дәретке жиі отырады. Асқыну себебі, фуросемид препаратының жанама әсерлері б.т. Сондай-ақ, АҚ-ның айтарлықтай төмендеуі, аритмия, апатия, құлақтың шыңылдауы, көру мен есту мүшелерінің қызметінің бұзылысы, шөлдеу, жүрек айну, диарея, олигурия, т.б. 2.Дәріні енгізу жолы? Жауабы: Фуросемид таб түрінде шығатын преп.; ішке, аш қарынға, шайнамай, жетерліктей сумен бірге қабылдау керек. Одан бөлек көктамыр ішіне немесе сирек жағдайда бұлшықет ішіне енгізеді. 3.Дәрілік препараттың тобы? Жауабы: Антигипертензивті дәрілердің ішіндегі су-тұз алмасуына ә.е. заттар – диуретиктер. Бұл топтың дәрілік препараттарына тағы дихлотиазид, спиронолактон. 4.Терапиялық дозасы? 1,5 г Жас ерекшелігіне байланысты, әрі нефротиаклық ісіну синдромында, бауыр ауруларының ісіну синдромында ж/е АГ байлансты әртүрлі болады. Бұл жағдайда бізге керектісі – АГ кезіндегі ТД-сы. Бұл кезде фуросемидтің «Фуросемид Софарма» деген препараты қолданылады. Монотерапия н\е басқа да гипотензивті дәрілермен сәйкестендіріп тағайындаса болады. Әдететгі дозасы 20-40 мг/тәул б.т. Тағайындалып қойған дәрілік препараттарға фуросемидті де қосатын болсақ, олардың дозасын 2 есе азайту кк. Егер АГ-мен бірге созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі болатын болса, препарат дозасын көбейтеді. Науқас А., 45 жас іш сүзегі диагнозымен спектрі кең антибиотик тағайындалды. Науқастың жағдайы жақсарды, бірақ қанында - лейкопения, агранулоцитоз, апластикалық анемия байқалды. 1.Қандай дәрілік зат тағайындалды? Жауабы: Науқасқа левомицетин тағайындаған. Левомицетин – әсер ету спектрі кең, грам+, грам- бактерияларға да әсер ететін антибиотик. Негізінен, іш сүзегі, сальмонеллез, риккетсиоздар кезінде қолданады. Левомицетинді кішкентай балаларға тағайындауға болмайды. 2. Қандай жанама әсерлер береді? Жауабы: Ол қан жүйесінің айқын тежелуін шақыруы мүмкін, бірқатар жағдайда аллергиялық реакциялар – тері бөртпесі, қызба және т.б. түрінде көрінеді. Аллергиялық емес жанама әсерлеріне көбіне шырышты қабықтың тітіркенуі, соның ішінде аноректалды синдром пайда болады. Кейде психомоторлық бұзылыстар, миокардқа тежегіш әсер байқалады. Левомицетин қан түзу жүйесінің айқын тежелуін шақыруы мүмкін, ол апластикалық анемиямен, гранулоцитопениямен, тромбоцитопениямен, эритроцитопениямен, ретикулоцитопениямен көрініс табады. Ең соңында адамды өлімге әкелуі де мүмкін. Сонымен левомицетин қабылдаған науқастардың қанын үнемі бақылап отыру қажет. Қан түзу жүйесінің тежелуін азайту үшін антибиотиктің тағайындалу уақытын азайту керек және осы антибиотикпен емдеу курсын қайталамау керек. Кейбір жағд-да аллерг. реакциялар: тері бөртпесі, қызба және т.б. б.м. Сондай-ақ ол пенициллиндер мен цефалоспориндердің антибактериалдық қабілетін әлсіретеді. Фенобарбитал сияқты дәрілермен бірге тағайындалса, левомицетиннің метаболизмі әлсірейді. Дәрілік препарат жергілікті жансыздандыру әсерін көрсетеді. Үлкен мөлшерде ағзаға енгізген кезде жүйке - бұлшықеттерінің бұзылысы пайда болады. Қан-тамырлар жүйесіне гипотензивті әсер көрсетеді. Өткізгіш анестезия мен инфильтративті анестезия үшін қолданылады. Ағзаға қайта енгізген кезде тершеңдік, тахикардия, тыныс жолдарының түйілуі пайда болады. Дәрілік затты табыңыз? Жауабы: Лидокаин 2. Асқынулардың себебін түсіндіріңіз? Жауабы: Лидокаинмен уланғанда ұйқышылдық, көру қабілетінің бұзылуы, жүрек айну, дірілдеу, тырысу байқалады. Ауыр жағдайларда жүрек қан-тамыр бұзылыстары мен тыныстың тежелуі дамиды. Сол үшін оны адреналинмен бірге қолданған жөн (уыттылығы төмендейді және анестезияның ұзақтығы ұлғаяды). Аталық без обырымен ауыратын науқас бластомаға қарсы препарат-тиофосфамид қабылдаған. Алайда емдік курс басталғаннан 10 күн өткеннен кейін науқастың жағдайы нашарлаған. Жалпы әлсіздік күшейген, басының ауыруы тұрақты болған, жүрек айну және де құсу жиілеген. Қан анализінде лейкопения және анемия анықталған. 1.Асқынулардың негізгі себебі? Жауабы: Қан анализінде болып жатқан жағдайлар қан түзілуінің тежелуін айқындайды. Сол үшін тиофосфамидпен емделген кезде екі күн сайын қандағы лейкоцит деңгейін және аптасына екі рет тромбоцит денгейін тексеріп тұру керек. Науқаста гемоглобин мен лейкоцит денгейі түсіп кеткендіктен жағымсыз әсерлер болған. Ондай жағдайда науқасқа антианемиялық терапия және қан құюмен эритроцит, лейкоцит массаларын құю керек. 2.Тағайындалған препараттың қолдану көрсеткіштері? Жауабы: аналық бездердің, сүт бездерінің, қуықтың және кейбір ағзалардағы басқа да ісіктер (мезотелиома, ретинобластома және т.б.), созылмалы лимфолейкозбен және созылмалы миелоидты лейкозбен (лейкозды түрімен), лимфогранулематозбен, ретикулосаркомамен, лимфосаркоматозбен емдеуге арналған. Науқас К., 47 жаста. Поликлиникаға 1 аптадан бері мазалап жүрген құрғақ жөтелге шағымданып келді. Науқас анамнезіннен: Қант диабеті 2 тип, Артериальды гипертензия аурулары бар. Соңғы жылдары эналаприл қабылдайды. 1. Қай топтың дәрілік заты? Жауабы: Ангиотензин айналдырушы ферменттің жоғары тежегіштері. Эналаприл – антигипертензивті/гипотензивті (яғни қан қысымын төмендетуге бағытталған) дәрілік препараттарға жататын => артериялық қысымның жүйелі гуморалды реттелуіне әсер ететін заттар тобының => ішінде ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін => заттардың арасында ангиотензин 1-дің 2-ге айналуын тежейтін, яғни ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторы болып табылатын препарат. Дәл осы топқа тағы каптоприл деген препарат жатады. 2. Осы дәрінің кері әсерлерін табыңыз? Жауабы: Жанама әсерлерінен аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, қызба), дәм сезудің бұзылуы, ангиневротикалық ісіну, тахикардия, құрғақ жөтел, сирек жағдайда лейкопения, протеинурия болуы мүмкін. Қалқанша безінің өндірілуінің жоғарылауына байланысты, тиреотоксикалық кризбен ауыратын науқас, дәрігерге ақыл-ойының ауытқуына, жиі импульс, жоғары қан қысымына, дене қызуының жоғарылауына шағымданды. Дәрігер мерказолил, калий йодидын ішке қабылдауға, анаприлинді тамыр ішіне енгізу үшін тағайындады. Қабылдау барысында науқаста лейкопения, агранулоцитоз пайда болды. 1. Дәрілік топтардың әсер механизмі? Жауап: Мерказолил мен калий йодиді – қалқанша безінде тиреоидты гормондардың (тироксин мен трийодтирониннің) тікелей қалқанша безіндегі синтезін тежейді. Антитиероидты дәрілер болып саналады. Қалқанша безінің гормондарын йодтандыруға қатысатын пероксидаза ферментін блоктайды, бұл тироксин мен трийодтиронин синтезінің бұзылуына әкеледі. Бұл қасиет тиреотоксикозды симптоматикалық емдеуге мүмкіндік береді, қалқанша без жасушалары жойылғаннан кейін (радиактивті йодпен немесе тиреоидитпен емдеуден кейін) гормондардың бөлінуіне байланысты тиреотоксикоздың дамуы жағдайларын қоспағанда. қалқанша безінің фолликулдарынан синтезделген тирониндердің бөлінуіне әсер етпейді. Бұл қан плазмасындағы T3 және T4 деңгейінің қалыпқа келуіне дейін болуы мүмкін әртүрлі ұзақтығының жасырын кезеңін түсіндіреді, яғни, клиникалық көріністі жақсарту. Калий йодідін комплексті терапия үшін қолданылады. Анаприлинді қан қысымын төмендету үшін қолданады. 2. Препараттардың жағымсыз әсерлерін түсіндіріңіз? Жауап: Ең ауыр жағымсыз, жанама әсерлері лейкопения мен агронулоцитоз. Сол себепті мерказололилді қан құрамын тексеріп қабылдаған жөн. Кейде диспепсиялық құбылыстар байқалады. Науқас ревматизм салдарынан дамыған созылмалы жүрек қан айналым жетіспеушілігі диагнозымен ем қабылдауда. Препаратты пероралды қабылдағаннан кейін науқастың жағдайы жақсарды, ісінулермен ентігу азайды. Бірақ 1 ай өткеннен кейін науқаста тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, бас ауру, басының айналуы, көрудің өзгеруі (барлық заттардың сары түске боялуы) және жүрек қағуына шағымдар пайда болды. ЭКГ да қарыншалық экстрасистолия( ЖСС 60 рет мин). Науқас қандай препарат қабылдаған? Жауабы: Жүрек гликозидтерінен Дигитоксин қабылдауы мүмкін. Бұл дәрілерді жүрек жеткіліксіздігінде тағайындайды, жанама әсерлерінде осы науқаста келген белгілерді көрсетеді. Емдеу ретінде зардап шеккен адамға энтеросорбенттерді беру, ЭКГ көмегімен жүрек бұлшықетінің жұмысына мониторинг жүргізу, қан плазмасындағы дигитоксин мен калий деңгейін бақылау ұсынылады. 2.Пайда болған жағдайдың себебі? Пайда болған жағдайдың себебі науқас қабылдаған дәрілік заттың жанама әсерлеріне байланысты болған. Мысалы атап айтатын болсақ; Жүрек-тамыр жүйесі жағынан: брадикардия, AV блокада, жүрек аритмиясы. Асқорыту жүйесінен: анорексия, жүрек айну, құсу, диарея. Орталық жүйке жүйесі жағынан: бас ауруы, шаршау, бас айналу; оқшауланған жағдайларда - сананың шатасуы, депрессия, ұйқының бұзылуы, эйфория, сандырақ күй, естен тану. Гемопоэтикалық жүйеден: тромбоцитопениялық пурпура, тромбоцитемия. Көру мүшесі жағынан: сирек – ксантопсия, көз алдында жыпылықтайтын «шыбындар», көру өткірлігінің төмендеуі, скотомалар, макро- және микропсиялар, мұрыннан қан кету. Қанның ұю жүйесі жағынан: жекелеген жағдайларда – мезентериальды тамырлардың тромбозы. Репродуктивті жүйе тарапынан: ұзақ қолданғанда гинекомастияның дамуы мүмкін. Басқалары: аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Төрт айлық балада рахит пайда болды. Асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары байқалмайды. Аурудың көріністері тиісті терапия мен күн сәулесінің әсерінен кейін азайды. 1.Рахит кезінде тағайындалатын дәрумен және оның қарсы көрсеткіштері? Жауабы: Рахит кезінде қолданылатын дәрумен Д. Сонымен қатар остеопорозда қолдану зор назар аудартуда. Остеопорозда сүйектің осалдығы жоғарылап, оның сынғыштығы артады. Д дәруменін артық дозада тағайындау жедел және созылмалы уланулар (Д гипервитаминоз) шақырады. Ол сүйектің патологиялық деминерализациялануымен және кальцийдің бүйректе, тамырларда, жүректе, өкпеде, ішекте шөгуімен сипатталады. Бұл жағдай аталған мүшелердің қызметінің бұзылуымен жүреді және өлімге соқтыруы мүмкін. ОЖЖ-де зардап шегеді. Қарсы көрсеткіштері: 1) гиперкальциемия; 2) гипервитаминоз D3; 3) гиперфосфатемиямен бүйрек остеодистрофиясы; 4) кальцийлі нефруролития; 5) жоғары сезімталдық (соның ішінде тиреотоксикозбен). 2. Бұл дәруменнің ағзадағы фармакологиялық әсері қандай? Жауап: Фармакологиялық әсері:D дәрумені тапшылығына қарсы құрал. Кальций-фосфор алмасуын реттеуге қатысады, ішекте кальций мен фосфаттардың сіңуін (ішек эпителийінің жасушалық және митохондриялық мембраналарының өткізгіштігін арттыру арқылы) және олардың бүйрек түтікшелерінде реабсорбциясын күшейтеді; сүйектің минералдануына, балаларда сүйек қаңқасы мен тістерінің қалыптасуына ықпал етеді, сүйектену процесін күшейтеді, қалқанша маңы бездерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Жедел психозды жеңілдету үшін препараттың бір ғана парентералды енгізуі балаларға қауіпті гипотензияны тудырды. 1. Науқасқа қандай дәрі берілді? Жауап: Аминазин (Хлорпромазин, Ларгактил және т.б.) - 0,025 және 0,05 г драже түрі; 2,5% ерітіндісі 2 және 5 мл ампуласы. Бұл антипсихоздық, тыныштандырғыш әсер береді, бұлшық еттерді босатады. Құсу аймағының хеморецепторларына бөгеу жасап, құсуға қарсы әсер береді. Наркозға арналған, ұйықтататын дәрілердің, наркотикалық анальгетиктердің әсерін күшейтеді. Шеткі иннервацияға әсер етеді, әсіресе адреноблокаторлық әсері күшті, нәтижесінде күре тамырлық қысым төмендейді. Аминазин негізінен басқа дәрілердің әсерін күшейте алады. Бұл негізінде шизофрения және психозды аурулар кезінде қолданылады. Жанама әсері: гипотензия, коллапс, аллергиялық реакциялар, бауыр, бүйрек және асқазан аурулары, дәрілік паркинсонизм. Жүрек-тамыр декомпенсациясы және жоғары жанама әсерлерінде қолдануға болмайды. 2. Таңдалған дәрі-дәрмектер қандай топқа жатады? Жауап: Нейролептик, фенотиазин туындысы. Аминозин – психозға қарсы «типті» заттар, фенотиазин туындылары тобына жатады. 3. Препараттың антипсихотикалық әсер механизмі қандай? Жауап:Лимбиялық жүйенің D2, D4-дофаминді рецепторларын тежейді. ОЖЖ –не, сондай-ақ шеткі иннервацияға, атқарушы мүшелерге және зат алмасуға айқын әсер көрсетеді. Аминазинге жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ету тән. Ол артериялық қысымның айқын немесе аз әсерімен төмендеуімен көрінеді. Қозғалыс белсенділігінің төмендеуімен жүретін миорелаксациялаушы әсер тән. Шеткі иннервацияға да әсер етеді. Оның әсіресе альфа-адреноблокаторлық әсері айқын байқалады. Осыған байланысты, адреналиннің прессорлық реакциясы күрт төмендейді н/е адреналин әсерінің бұрмалануы дамиды да артериялық қысым түседі. Оның тағы М-холиноблокаторлық (атропин) тәрізді қасиеті бар. Ол адреналиннің қызметін былайша бұрмалайды: адреналин негізінен тамыр ішінде альфа-адренорецепторлармен ж/е бета-адренорецепторлармен байланысады. Альфа-адренорецепторлармен байланысқан кезде тамырлардың қысылуына алып келеді, егер тек бета-адренорецепторлармен байланысса, тамырлар кеңейеді. Осы аминозин препараты альфа-адреноблокатор болғандықтан, альфа-адренорецепторларды тежеп, адреналиннің тек қана бета-адренорецепторларымен байланысуына жағдай жасайды. Сон-н, оны қабылдағанда, қан қысымының төмендеуі/гипотензия дамиды. Науқас Камал 56 жаста. Стенокардияға байланысты нитросорбид 10 мг тәулігіне 4 рет қабылдайды. ЖЖЖ-80 рет минутына. АҚҚ 140/80 мм с.б. 1 айдан кейін терапияны қайта бастағанда стенокардия ұстамасы жиіледі. 1)Жағдайының нашарлау себебі? Жауап: Дәрілік затты қайталап енггізген кезде әсерінің төмендеуі – бейімделуіне байланысты. Нитраттарға атап айтсақ, нитросорбидке толеранттылық, бейімделу, дәрілік тәуелділік дамуына байланысты науқастың жағдайы нашарлаған. Бірқатар анальгетик, гипотензивті заттарға бейімделудің пайда болуы оларға рецепторлық құрылымдардың сезімталдылығының төмендеуімен немесе олардың тіндерде тығыздығының азаюынан болады. 2)Тағайындалған препараттың жағымсыз әсерлері? Диспепсиялық бұзылыстар болуы мүмкін. Рефлектролы тахикардия, бастың ауыруын, бастың айналуын шақыруы мүмкін. Нитросорбидті үлкен дозасы артериялық қысымының күрт төмендеуі коллапсқа дейін әкелуі мүмкін. 11. Науқас Константин 62 жаста. Лабильді гипертониялық аурумен ауырады. Соңғы жағдайының нашарлауы психоэмоциональды стресске байланысты.Тексеру кезінде жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, аздап бас ауруы. АҚҚ 170/100 мм рт.ст. (қалыпты АҚҚ 120/80 мм рт.ст.). ЖСС 90 рет минутына. Дәрігер анаприлин 20 мг 3 рет тәулігіне тағайындаған. 1)Тағайындаған дәріге келісесіз бе? Жауап:Анаприлин гиперкинетикалық типті АГ (арт кысым жоғ кезде) қолдану көрсетілген. Бұл жүрек соғу жылдамдығын және қан қысымын тез азайтуға, дүрбелеңді шабуылын болдырмауға, сондай-ақ кейбір басқа патологиялардағы жағдайды жеңілдетуге қабілетті өте тиімді 2) 5 күн ем қабылдаған соң жағдайы толық жақсармады (АҚҚ 150/95 мм рт.ст.) ЖСС 75 рет минутына. Сіздің тактикаңыз? Жауап:Анаприлин дозасын 40мг 3рет немесе 2 рет 80 мг тәулігіне жоғарылату керек. Науқасқа 5-7тәулік бақылау жасау. 12. Науқас 5 жасар бала, бронхиальді астманың жеңіл дәрежесімен есепте тұрады. Құрғақ жөтелмен бірге тұншығуға және физикалық жүктеме кезінде ентігуге шағымданады. Жаңа жуылған киімдерді қолданғанан соң бірінші тәулікте бірден құрғақ жӛтел пайда болып ары қарай тыныш жағдайда құрғақ ысқырықты сырылды ентігу пайда болған. Анасы дәрігерге кӛрсетпеген, емханадағы дәрігерінің нұсқауы бойынша инталмен небулайзер арқылы ингаляция жүргізген. 1.Дәрілік препараттың дәрілік әсері қандай? Жауап: Интал аллергияға қарсы және демікпеге қарсы препарат. Натрий кромогликаты аллергиялық қабынуды тежейды мастикалық жасушалардың (тучных клеток) дегрануляциясын және олардың қаюыну медиторларының босатылуын болдырмайды. Осылайша интал демікпенін алдын алады. Бронхтық обструкцияның ұстамалары кезінде бета-адреномиметик (сальбутамол,фенотерол), М-холиноблокатор(ипратропия бромид), комбинирленген заттар (фенотерол-ипраторопия бромид\беродуал),метилксантин (аминофиллин\эуфиллин) қолдануға болады. 5жастағы бала осы топ препараттарын ингаляциялық жол арқылы қабылдай алады. Сальбутамолдың эффективтілігі аз, эуфиллин қолдануға қауіпсіз, бірақ бұл препараттарды қолдану тиімсіз. Интал қай фармокологиялық топқа жатады? Жауап: Интал мастикалык (тучных клеток)жасушаларды тұрақтандыратын және аллергияға қарсы препараттар тобына жатады |