--- 50 балл фарм - ПОЛНЫЙ. Науас 14 жаста. Науасты арау кезінде ісіну аныталды. Ісінуді себебі жрекпен байланысты екені аныталып, фуросемид таайындалды.
Скачать 75.53 Kb.
|
13. Науқас Рафаэль созылмалы іш қатумен зардап шегеді, таблеткада бисакодил препаратын қолданады. 7 сағаттан соң науқаста жағымсыз сезімдер мен асқазан аймағында спастикалық ауырсыну,одан кейін жиі сұйық нәжіс пайда болды.Науқас аптека фармацевтінен фальсифицирленген (жалған-фальшивка) препарат берді деп шағымданады. 1)Бұл дұрыс ұйғарым ба? Жауап: Дәрілік препарат бисакодил-іш өткізгіш синтетикалық зат (препарат) 2)Препараттың фармакодинамикасын және фармакокинетикасын түсіндіріңіз.Мүмкін асқынулар мен алдын-алу шаралары. Жауап: Ішектегі сілтімен араласып және шырышты қабаттың рецепторларын тітіркендіруін шақырады, іш өткізгіш әсер көрсетеді. Ішке қабылдағанда бірнеше сағаттан соң әсер етеді. 3)Қолдануға көрсеткіш,қолдану ерекшелігі. Жауап: Біріншілік іш қатуда тағайындалады.Әдеттегі доза үлкендерде 1-2 драже немесе таблетка, шайнамай және сумен ішу қажет. Ұйықтар алдында ішу керек. Жағымсыз әсерлер және асқазан аймағында спастикалық ауырсыну, жиі сұйық нәжіс дамуы мүмкін(артық мөлшерде қолданған жағдайда). Бисакодил тоқ ішекте шырыштың бөлінуін арттырады, оның перистальтикасын жеделдетеді және арттырады. Әрекет тоқ ішектің шырышты қабығындағы жүйке ұштарын тікелей ынталандыруға байланысты.ішке қабылдаған кезде ол ішектен ең аз мөлшерде сіңеді. Іш жүргізетін әсер әдетте 6 сағаттан кейін, ұйықтар алдында қабылдағанда - 8-12 сағаттан кейін пайда болады. 14. Пациент Камал 18 жаста асқазан-ішек жолдарының асқынуларымен бірге, ұйқы безінің ішкі және сыртқы секрециясының жетіспеушілігі орын алды. Емхана жағдайында Ранитидин, Панкреатин дәрілерін 20 күн бойы қабылдаған. Соңғы кездері пациенттің жағдайы тӛмендеген. Аяғында, қолында ісіну, теріде қышыма пайда болды. 1.Пациенттің жағдайының төмендеуі немен байланысты? Жауап: Пациентте препаратқа қарсы аллергия пайда болған. 2.Қандай дәрілік зат жанама әсер кӛрсеткен? Жауабы: Панкратиннің жанама әсері дамыған. Ұйқы безінін жетіспеушілігінде орын басушы ем үшін панкреатинді (ірі кара малдын кептірілген ұйкы безінен алынған ұнтак) колдануға болады. Бұл препарат трипсин мен амилазадан тұратын ферментті препарат. Панкреатинді созылмалы панкреатитте, энтероколитте колданады. Оны тамак алдында ішке (препаратты сілтілі сумен-боржоммен және т.б.) тағайындайды. Ранитидин асказан-ішек жолынан жаксы cініріледі. Буйрек (шамамен 55%;B 4-8% метаболиттер түрінде) және ішек (45%) аркылы шығарылады. Ранитидинмен наукастар жақсы көтеріледі және қауiпті жанама әсерлер шакырмайды. Наукастардың біраз бөлігінде бастың ауыруы, кажу, теріде бөртпелер, диарея немесе іштін катуы байқалады 15. Науқас Баходыр 35 жаста , учаскелік терапевтке ранитидиннің сапасына шағымданады.Оның ойынша бұл дәрінің әсері төмендеген.Сұрастыру барысында анықталғаны:әсерін жоғарылату үшін алмагельді бірге қосып бір мезгілде қабылдайды екен. 1)Неге ранитидиннің әсері төмендеген? Алмагель препараты гистаминдік Н2-рецепторлардың блокаторларының (циметидин, ранитидин, фамотидин), жүрек гликозидтерінің, тетрациклин антибиотиктерінің, ципрофлоксацин мен кетониаздың, изониаздың және т.б.әсерін төмендетеді. 2)Ранитидиннің әсер механизмімен жағымсыз әсерін көрсетіңіз. Жауап: Ранитидин асқазан шырышты қабығының париетальды жасушаларының гистаминді H2 рецепторларын блоктайды, барорецепторлардың тітіркенуінен, тағамдық стресстен, гормондардың және биогендік стимуляторлардың (гастрин, гистамин, пентагастрин) әсерінен туындаған тұз қышқылының базальды және ынталандырылған секрециясын төмендетеді. Ранитидин асқазан сөлінің көлемін және ондағы тұз қышқылының мөлшерін азайтады, асқазандағы рН деңгейін жоғарылатады, бұл пепсин белсенділігінің төмендеуіне әкеледі. Терапевтік дозаларда ішке қабылдағаннан кейін пролактин деңгейіне әсер етпейді. Микросомалдық ферменттерді тежейді. Жағымсыз әсерлері: диспепсиялық бұзылыстар, аллергия, лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, брадикардия аритмия, АҚ төмендеуі, бас ауру айналу, шаршағыштық т.б. 16. Науқас 15 жаста созылмалы пиелонефрит бүйрек жетіспеушілігі көрсеткішінің асқынуымен 0,5 мг дозасында ампилициллин қабылдауда, бұлшықетке 6 сағаттан. Емдік курс басталғаннан 2 тәулік өткеннен кейін бастың қатты ауырсынуы, көз көрудің нашарлауы, тырысу ұстамалары мазалай бастады. 1.Антибиотиктердің қолдану ерекшеліктерін қалай бағалауға болады? Жартылай синтетикалық пенициллин қолданған. Антибиотиктің қолдану ерекшелігінде доза қалыпты, 6 сағаттық интервал сақталған. Ампициллинді 4-8 сағат сайын енгізеді. Негізінен бүйрек арқылы шығарылады. 2.Асқынулардың себебі? Бүйрек жетіспеушілігі бар науқаста ампициллинді артық мөлшерде қабылдау ОЖЖ-не токсикалық әсер көрсетеді. Сол себепті науқас аталған симптомдарға шағымданған. Яғни, бас ауруы, көз көру нашарлауы, тырысу ұстамалары. Асқынуды тоқтату үшін дәрінің мөлшерін төмендету немесе өзге препаратқа алмастыру қажет. Харкевич-558-561 бет 17.Науқас Қасым 58 жаста. ДВС – синдромын емдеуде ұзақ уақыт гепарин қабылдаған. Гепарин дәрісін қабылдау барысында асқазаннан және мұрыннан қан кетулер болған. 1)Қан кетудің себебін түсіндіріңіз? Гепарин тікелей әсер ететін антикоагулянтқа жатады. Үлкен дозада гепарин тромбоциттер агрегациясын тежейді. Нәижесінде қан кетулер дамиды. 2)Оның әсер ету механизмі? Гепарин антитромбин III кофакторы деп есептелінеді. Қан сарысуында соңғысын (антитромбин III) белсендіріп, оның ұюға қарсы әсерін жылдамдатады (1000- есеге дейін). Бұл кезде қан ұюын активтейтін бірқатар факторлар, соның ішінде Ха бейтараптанады. Проторомбиннің тромбинге айналуы бұзылады. Сонымен қатар, тромбин де (IIа) тежеледі. Харкевич-412 бет 18. Науқас 63 жаста. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен зардап шегеді, ұзақ уақыттан бері фуросемид қабылдайды. Уақыт өте жалпы әлсіздік, жиі қарыншалық экстрасистолиялар, қан анализінде калий мен магний мөлшері төмендеген. 1. Науқас жағдайының нашарлау себебі? Науқас жағдайының нашарлау себебі ұзақ уақыт фуросемид қабылдағаннан гипокалиемия мен гипомагниемия және гипокалиемиялық метаболиттік алкалоз дамыған. 2. Қабылдаған дәрінің қолдану көрсеткіші және қарсы көрсеткіші? Қолдану көрсеткіші: Оны зәр айдайтын зат ретінде, артериялық гипертензияда артериялық қысымды төмендету үшін (соның ішінде, басқа гипотензивті заттармен үйлестіріп), өкпе ісінуінде, ми ісінуінде, химиялық заттармен жедел улануда күшейтілген диурез үшін, гиперкальциемияда қолданылады. Қарсы көрсеткіші: -ануриямен жедел бүйрек жеткіліксіздігі; -ауыр бауыр жеткіліксіздігі," бауыр " комасы және прекомасы; -жедел гломерулонефрит, кез келген этиологиядағы несеп ағуының айқын білінетін бұзылуы; -декомпенсацияланған митральды немесе аорта стенозы, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия, орталық веноздық қысымның жоғарылауы; -су-электролит алмасуының бұзылуы (гиповолемия, айқын гипонатриемия және гипокалиемия, гипохлоремия, гипокальциемия, гипомагниемия); -жүктілік; -лактация кезеңі; -3 жасқа дейін (қатты дәрілік түрі); -белсенді затқа және препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық. Харкевич-389 бет 19. Дәрілік препарат зәр айдағыш дәрілік зат ретінде қолданылады. Препаратты өкпе ісінуінде, орталық әсерлі ісіктерде қолданады. Нәтижесінде жүрек тұсының ауырсынуы, бұлшық еттердің тартылуы, тырысуы байқалады. 1. Дәрілік затты анықтаңыз? Фуросемид дәрісі. Фармакологиялық жанама әсерлері(ауырсынуы, бұлшық еттердің тартылуы,тырысуы) байқалған. 2. Қандай фармакологиялық топқа жатады? Зәр айдайтын заттар (диуретиктер)—Бүйрек өзекшелері эпителийінің қызметіне тікелей әсер ететін диуретиктер—Құрамында сульфаниламидті топтар бар заттар—Әр түрлі (тиазид емес) құрылысты қосылыстар—Фуросемид. Харкевич-385 бет 20. 40 жастағы науқас Николай. Терапевтке төмендегі шағымдармен қаралды: эпигастрий тұсындағы ауырсыну, ауырсынудың тамақтан соң пайда болуы, қышқылды кекіруге. «Созылмалы жара ауруы, өршу сатысы» диагнозы қойылған. Анамнезінде: эрозивті гастрит, 10 күн бұрын мойын остеохондрозы диагнозымен невропатолог бақылауында емделген. Тамақтану уақытына байланыссыз диклофенак препаратын қабылдаған. 1.Жара ауруының өршу себебі? Диклофенак он екі елі ішек жарасының өршуіне алып келген, себебі оның жағымсыз әсерінің бірі асқазан-ішек жолының зақымдануы, шырышты қабатының жаралануына алып келеді. Және эпигастрий аймағының ауырсынуын тудыртады. 2.Дұрыс іс-әрекет? Неврапатолог диклофенактың тамаққа байланысты қабылдау уақытын ескертуі керек еді және 3 күнге дейін дәріні қабылдаудың ұзақтығын азайту, омепразолмен терапия жүргізу қажет. Харкевич-521 бет 21. 22 жастағы науқас 2 айдан астам уақыт асқазан жарасы ауруымен ем қабылдаған. Емнің нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарған, алайда емдік курстың аяғында науқасты толу сезімі, жүрек айну, метеоризм мазалай бастады. Компенсаторлы гипергастремия байқалады. 1. Науқасқа қандай препарат тағайындалған? Жауабы: Асқазан сөлі секрециясын төмендететін препараттардың ішіндегі, протонды насосты тежеуші препараттарын тағайындалған. Мысалы: омепразол немесе пантопразол болуы мүмкін. Тұз қышқылы секрециясын тежейді. Гастропротекторлық механизмі бар. 2. Препараттың қолдану ерекшелігін атаңыз. Жауабы:Қолданылуы: - 12елі ішек пен асқазан ойық жарасы, ойық жаралы эзофагит, Золлингер-Эллинсон кезінде ішке қолданады. Жанама әсері: -диарея, лоқсу,құсу, ішек шаншылуы, әлсіздік,бас ауру. Компенсаторлық гипернастринемия 22. Науқас туберкулез диагнозы бойынша антибиотикпен емделді. Бір уақытта нашар естуін байқады. Есту қабілеті ұзақ емделгеннен кейінде қалпына келмеді. 1.Қай топтың антибиотигін науқас қабылдады? 2. Қабылданған антибиотиктің қарсы көрсеткіштері? Жауабы: Стрептомицин тобы: Канамицин 2. Қабылданған антибиотиктің қарсы көрсеткіштері? Жауабы:Қарсы көрсетілім: - Бауыр дисфункциясы, есту қабілетінің жоғалуы (соның ішінде есту нервтерінің зақымдануы нәтижесінде), асқазан-ішек жолдарының бітелуі, анамнездегі канамицинге және басқа аминогликозидтерге жоғары сезімталдық. Парентеральді енгізу үшін: азотемиямен және уремиямен ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, VIII жұп нерв невриті, жүктілік. Медицина практикасында канамицинді туберкулезге карсы II топтын препа раты ретінде, сонымен катар грам-терiс микроорганизмдермен (ішек таякшасы, капсулалык бактериялар және баскалар), протеймен, алтын түстес стафилококкпен және канамицинге сезімтал баска ауру коздыргыштармен жұктырылган инфекцияларда колданады. Канамициннiн ототоксикалык әсерi, әсiресе антибиотиктi узак уакыт колданганда (туберкулезді емдегенде) кауiптi. Вестибулярлык бузылыстар салыстырмалы турде аз болады. Канамициннiн айкын нефротоксикалык та әсері бар. Осыған байланысты емдеу барысында тек есту жагдайын емес, сондай-ак буйрек кызметiн де унемi бакылау керек. Сонымен катар ол бауырга терiс әсер керсетуi мүмкiн. Кейде аллергиялык реакциялар байкалады. 23. Туберкулезбен ауратын науқас күшті әсер ететін туберкулезге қарсы зат қабылдады. Оның әсер ету механизмі миколий қышқылдарының синтезін тежеуімен байланысты. Сонымен қатар жанама әсерлерін алдын алу үшін науқас В6 дәруменін қабылдады. 1.Науқасқа қандай препарат тағайындалды? Жауабы: Изониазил туберкулез микобактериясына бактериостатикалык немесе бактерицидтiк әсер көрсетеді, онын механизмi әліге дейiн түсiндiрiлмеген. Изониазид туберкулез микобактериясынын жасуша кабыргасынын манызды курылымдык компонентi миколь кышкылынын синтезiн тежейдi деген мәліметтер бар. Изониазидтiн микобактерияга өте тандамалы әсер етуiн осымен байланыстырады, себебi макроорганизм тiнiнде, сонымен катар баска микроорганизмдерде миколь кышкылы жок. Нуклеин кышкылынын синтезi тежелуiнiн де белгiлi бiр манызы бар екендiгiн ескерген жөн. Изониазидке туберкулез микобактериясынын турактылыгы стрептомицин мен рифампицинге караганда оте баяу дамиды. 2. Тағайындалған препараттың жанама әсерлері? Изониазидтiн негiзгi терiс қасиеті онын нейротоксикалык әсері. Негiзiнен, ол неврит түрiнде, сонын iшiнде кейде көру жүйкесінің невриті байқалады. ОЖЖ жағынан жағымсыз әсерлер (ұйкысыздык, тырысу, психикалык бузылыстар, есте сактаудын бузылуы, тепе-теңдiктiң бұзылуы) болуы мүмкін. Кейбір науқастарда ауыз куысының құрғауы, локсу, құсу, іштің катуы, жеңiл анемия байкалады. Аллергиялык реакциялар салыстырмалы түрде сирек болады. Бiркатар жағдайларда тері реакциялары, кызба, эозинофилия пайда болады. Изониазидтің жанама әсерлерінің аминқышқылдарының әр түрлі өзгеріске ұшырауына қаджетті коэнизмдер болып табылатын пиридоксаль түзілу үрдісінің тежелуіне байланысты. Осыған байланыты жанама әсердің алдын алу үшін изониазидпен пироксидин (витамин В 6)тағайындылады. Rp.: Tab. Isoniazidi 0.3 № 50 D.S. По 1 таблетке 3 раза в день после еды. 24. Науқас ұзақ уақыт сульфаниламидты препаратпен емделді. Кенеттен онда белінің қатты аурсынуы пайда болды, несеп шығарылуы тоқтады. Бүйрек рентгенографиясы екі бүйректеде ұсақ тастардың барын анықтады. 1.Сульфаниламидтердің қандай ерекшелігімен осы асқынулары байланысты? Жауабы: Организмде сульфаниламидтердiн баска затка айналуынын негiзгi жолы – ацетилдену, ол бауырда жүреді. Бұл кезде түзiлген косылыс антибактериялык белсенділігінен айырылған. Кейбiр аце тилденген туындылар бастапкы сульфаниламидтерге караганда нашар еридi және зәрде кристалдардын (кристаллуриянын) түзiлуiнiн себебі болуы мүмкін. Әр түрлі препараттардын ацетиллену дәрежесi бiрдей емес. Ен аз ацетилденетін уросуп фан, сульфацил-натрий, этазол. Сульфаниламидтер және олардын метаболиттерi негiзiнен бүйректен сүзiлу жолымен бөлінеді. Сульфаниламидтердiн кейбiр бөлiгi реабсорбцияга ушырайды. Дәрілік заттардың аз мөлшері ішек аркылы, тер және сілекей бездерiмен шыгады. 2. Олардың алдын алу үшін не істеу керек? Жауабы:Бүйректе кристалдардын тұнбаға түсу мүмкіндігін азайту үшін көп мөлшерде сiлтiлi сұйықтарды (кышкыл ортада сульфаниламид және ацетилденген туындыларының тұнбаға түсуіне ықпал жасайды) енгiзу аркылы жүзеге асыруға болады. Аллопуринол. Магний мен В6 витамині, Цистеамин, Литокинетикдер: тамсулозин (альфа адр блок) 25. Науқас Нұрман 63 жаста. Пневмонияны емдеу үшін ұзақ уақыт гентамицин дәрісін қабылдаған. 1 аптадан соң құлағында ауырсыну, естудің төмендеуі, бас айналу, құлақта шу мазалай бастаған. 1)Гентамициннен қандай жағымсыз әсер дамыған? Жауабы: 1) гентамицин Фармакологиялық тобы: антибиотиктер, аминогликозидтер. Гентамицин сульфаты (гарамицин) турiнде шығарылады. Әсер ету спектрі кен, грам-он және грам-терiс бактерияларды камтиды. Кок iрiн таякшасы, протей, iшек таякшасы, сонымен катар бензилпенициллинге туракты стафилококктарда онын белсендiлiгiнiн улкен практикалык манызы бар. Гентамицинге турактылык баяу дамиды. Гентамицин неомицинге караганда уыттыгы аз. Бiрак гентамициндi колданғанда да аминогликозидтерге тән негiзгi жағымсыз әсерлер байкалады. Олардын бiрi - ототоксикалык әсер. Гентамицин негiзiнен бас сүйектiк жүйкенін VIII-жұп вестибулярлы тармагын закымдайды. Есту сирек закымдалады. Нефротоксикалык касиетi неомицинге караганда аз дәрежеде айкындалган. Кураре тәрiздi әсері бар. 2)Қандай топ препаратпен алмастыруға болады? Жауабы: Амингликозид тобы препараттарымен цефалоспорин, пенициллин, ауыстыруға болады. Амингликозидтерден: Бұл топ антибиотиктері: стрептомицин, неомицин, канамицин, амикацин, тобрамицин, сизомицин, номомицин. Цефалоспорин Пенициллин Rp.: Sol. Gеntamycini sulfatis 4%-2 ml D.t.d. №10 in ampullis 26. Науқас 13 жаста, дәрігерге жалпы әлсіздікке, бас ауруына, құрғақ жөтелге шағымданып келді. Бір аптадан бері өзін ауру санайды, жедел бронхитке антибиотиктермен ем алған. Дене температурасы түскен, бірақ қарау барысында бронхоспазм белгілері сақталған. 1. Миотропты спазмолитиктердің қандай препаратын тағайындауға болады? Эуфиллинпрепаратын тағайындауға болады. Ол айқын бронхолитикалық әсерге ие, сонымен қатар қан айналымының кіші шеңберіндегі қысымды төмендетеді, жүректегі, бүйректегі және мидағы қан ағымын жақсартады. Орташа диуретикалық әсер байқалады. Эуфиллин орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Фосфодиэстеразаның белсенділігін бәсеңдетеді, аденозин рецепторларын бөгейді, адреналин бөлінуін ынталандырады. 2. Тағайындалған препараттың қолдану және қарсы көрсеткіштері? Қолдану көрсеткіштері: Кез-келген генездегі бронхтың обструктивті синдромы: бронх демікпесі (физикалық стресс демікпесі бар науқастарда және басқа формаларға қосымша құрал ретінде таңдау препараты), өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, өкпе эмфиземасы, созылмалы обструктивті бронхит, өкпе гипертензиясы, өкпе жүрегі, түнгі апноэ. Қарсы көрсеткіштері: Жоғары сезімталдық (оның ішінде ксантиннің басқа туындыларына: кофеин, пентоксифиллин, теобромин), эпилепсия, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы (өршу сатысында), жоғары қышқылдығы бар гастрит, ауыр ағымдағы артериялық гипер - немесе гипотензия, тахиаритмия, геморрагиялық инсульт, көздің тор қабығына қан құйылу, 3 жасқа дейінгі балалар. Сонымен қатар жүктілік, жүрек-қан тамыр жүйесіндегі (инфаркт миокардының жедел кезеңі, стенокардия),эндокриндік жүйелердегі және т.б. жағдайларда өте сақтықпен қолдану керек. Препарат кумуляцияны дамытуға қабілетті, бұл кейде жүрек ырғағының бұзылуына әкеледі, ал жоғары дозаларда құрысулар мен коллаптоидтық жағдайдың дамуы мүмкін. 264-бет ХАРКЕЕВИЧ |