Главная страница

--- 50 балл фарм - ПОЛНЫЙ. Науас 14 жаста. Науасты арау кезінде ісіну аныталды. Ісінуді себебі жрекпен байланысты екені аныталып, фуросемид таайындалды.


Скачать 75.53 Kb.
НазваниеНауас 14 жаста. Науасты арау кезінде ісіну аныталды. Ісінуді себебі жрекпен байланысты екені аныталып, фуросемид таайындалды.
Дата15.06.2022
Размер75.53 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла--- 50 балл фарм - ПОЛНЫЙ.docx
ТипДокументы
#592485
страница3 из 3
1   2   3

27. Науқас 50 жаста,клиникаға мынандай шағымдармен түсті : созылмалы тұрақты жөтел, себебі белгісіз дене температурасының көтерілуі. Тексеруден өткен кезде өкпе туберкулезі анықталған. Рифакомб және этамбутол тағайындаған. 6 аптадан кейін науқас жасыл мен қызыл түстерді ажырата алмай қалған, көруі нашарлаған.

1.Қандай препарат жағымсыз әсер етті?

Этамбутол мнемоника. Этамбутол жанама әсерлеріне көбіне көрудің бұзылуы тән соның ішінде түстің ажыратудың бұзылуы, жасыл жіне қызыл түсті айыру қабілеті. Көрудің бұзылуы әдетте этанбутол мен емдеп бастағанда 2-6 айдан кейін дамиды және ол заттың дозасына тәуелді. Препаратты уақытылы тоқтатса көру қабілеті қалпына келеді.

2.Қандай топтың дәрілерімен алмастыруға болады?

Миколий қышқылы синтезін ингибирлейтін изиониазидке не пиразинамидке алмастыруға болады.Екінші линиялы ретінде стрептомицин қолдануға болады.Пирозинамид бұл пирозинді қышқылдардың активті қосылуының нәтижесінде пайда болатын дәрілік препараттар.Қышқыл ортада жақсы әсер көрсетеді.

601-бет ХАРКЕЕВИЧ
28. Бұл универсалды анестетик, жансыздандырудың барлық түрінде қолданылады. Жансыздандыру күші новокаинге қарағанда 2,5 есе артық және 2 есе ұзақ әсер етеді (60 минут шамасында). Адреномиметиктермен комбинациялағанда әсері 2-4 сағатқа созылады.

1. Қандай дәрілік препарат?

Лидокаин. Себебі, анастезиялық белсенділігі новокаиннен 2,5 есе басым және 2 есе ұзақ әсер етеді. Мысалы, адреномиметиктермен жұптастырғанда новокаин ұзақтығы шамамен 1,5-2 сағ, ал лидокаин – 2-4 сағ (0,5% ерітінді) анестезия шақырады.

2. Дәрілік препараттың қолдану көрсеткіштері?

Қолдану көрсеткіштері: Шырышты қабықтың терминалдық (үсті) анестезиясы үшін: стоматологияда, оториноларингологияда, акушерияда және гинекологияда, аспаптық және эндоскопиялық зерттеулерде, хирургия мен дерматологияда, рентгенографиялық зерттеуде (жүрек айнуын және жұтқыншақ рефлексін жою) қолдануға болады.

Қарсы көрсеткіштері: 8 жасқа дейінгі балалардағы тонзиллэктомия және аденотомия үшін қолдануға; лидокаинге жоғары сезімталдық болғанда қолданылмайды.

Сақтықпен. Геморроидальды қан кету кезінде, эпилепсия, брадикардия, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, бауыр функциясының бұзылуы, ауыр шок кездерінде, кіші балалар жасындағы балаларда, егде жастағы пациенттерде, жүктілік және лактация кезінде кезінде өте сақтықпен қолдану керек.

88-бет ХАРКЕЕВИЧ
29. Препарат гипертиреозға қолданылады. Ұзақ пайдаланған кезде лейкопения, агранулоцитоз, тудыруы мүмкін.

1. Дәрілік затты анықтаңыз?

Мерказолил (метимазол, метотирин) тироксин мен трийодтирониннің тікелей қалқанша бездегі синтезін бұзады.

2.Асқынулардың себебін түсіндіріңіз?

Оның ең ауыр жанама әсерлері – лейкопения және агранулоцитоз. Сол себепті мерказолилді қан құрамын тексеріп қабылдаған жөн. Диспепсиялық құбылыстарда байқалады. «Зобогенді» әсері болуы мүмкін. Ол гипофиздің алдыңғы бөлігінде тиреотропты гормонның өндірілуінің жоғарлауына байланысты (қанда айналып жүрген тиреодты гормонның концентрациясының төмендеуіне реакция ретінде). «Зобогенді» әсерінің алдын алу үшін йод және дийодтирозин препараттарын қолдануға болады.

436-бет ХАРКЕЕВИЧ
30. Суға салғанда ісініп кілегей тәрізді коллоидті ерітінділері түзетін, индифферентті заттар. Бұл заттар шырышты қабықты қаптай отырып сезімтал нерв ұштарының тітіркенуіне кедергі жасайды. Ағзаға сіңірілмегендіктен резорбциялық әсер көрсетпейді.

1.Қандай препарат екенін анықтаңыз?

Бұл препаратқа афферентті жүйке ұштарының сезімталдығын төмендететін – қаптаушы заттар жатады. Оларға крахмал шырышы, зығыр дәнінің шырышы және т.б жатады.

2.Анықталған препараттың қарсы көрсеткіштері мен жағымсыз әсерлерін түсіндіріңіз?

Қолданылу көрсеткіштері. Энтероколит; гастрит; ойық жаралы ауруларда; қышқылдармен, сілтілермен уланған кезде.

Қарсы көрсеткіштері: психикалық ауруларда; үлкен манипуляциялы оталарда; жалпы жансыздандыру қажет болған жағдайда.

84-бет ХАРКЕЕВИЧ
31. Қуық атониясымен ауырған науқасқа дәрігер дәрі тағайындады. Науқас өз бетімен оның мөлшерін көбейтті. Нәтижесінде зәр шығару қалпына келді, бірақ науқас тершеңдікті, сілекей ағуын, үлкен дәретке жиі отыратынын байқады.

1.Науқасқа қандай препарат берілген?

Ацеклидин

2.Асқыну себебі мен механизмі қандай?

Холиномиметик-тонусты жоғарылататын, ішектің (жеке үлкен нәжіс), қуықтың, жатырдың жиырылуын тудыратын М-холинорецепторларға әсер етеді. Бездердің секрециясы жоғарылайды-сілекей, терлеу және т. б.

3. Осы препаратқа ұқсас дәрілерді атаңыз.

М-холиномиметиктер тобы. Мысалы: Галуном, Глаудин, Глаукостат.

32. Миастениямен ауырған науқасқа дәрі берілді. Оны қолданған соң миоз, брадикардия, сілекей бөлінуінің көбеюі, диарея байқалды.

1.Қандай препарат қолданылды?

Антихолинестеразды препараттар-Прозерин немесе Галантамин

2.Жағымсыз әсерлерінің себебін түсіндіріңіз.

Бұл препарат холинестераза ингибиторы болып табылады, эндогендік ацетилхолинді күшейтеді. Бұл жүректің жүйке-бұлшықет жұмысын жақсартады-брадикардияны тудырады, асқазан - ішек жолдарының қозғалғыштығын арттырады, сыртқы секреция бездерінің жұмысын жақсартады - сілекей секрециясы жоғарылайды.

33. Гипертониялық ауруы бар науқасты симпатолитиктермен емдегенде АҚ-ның төмендеуі, ортостатикалық түрде байқалды.

1.Ортостатикалық гипотензия тудыру қандай симпатолитикке тән қасиет?

Октадин-перифериялық симполитик, оның асқынуы ортостатикалық гипотония түрінде пайда болады.

2.Симпатолитиктердің әсер ету механизмі?

Олар пресинаптикалық әрекет етеді, адренергиялық ұштар деңгейінде жүйке импульсінің жүргізілуін тежейді, норепинефриннің шығарылуын азайтады, нәтижесінде қан қысымы төмендейді. Октадин жүйке ұштарының цитоплазмасына және везикулаларға еніп, моноамин оксидазасымен ыдырайтын норепинефринді везикулалардан шығарады, нәтижесінде медиатордың қорлары біртіндеп таусылады. Сонымен қатар пресинаптикалық ұштардың мембранасын тұрақтандыра отырып, оның норепинефринге өткізгіштігін төмендетеді.

34. Өткір риниттен болған мұрынның шырышты қабығының ісінуін басу үшін, ауру мұрнына дәрі тамызды. 3 күн бойы үнемі қабылдағаннан кейін, оның ісінуді басатын әсері жойылды.

1.Қандай препарат қолданылған және әсерінің байқалмау себебі неден?

Вазоконстрикторлы препарат, мысалы, нафтизин, яғни α - адреномиметик.

2. Бұл жағдайды қалай деп атайды?

Тахифилаксия-бұл емдік әсердің тез төмендеуінен тұратын организмнің реакциясы. (Это происходит в результате быстрого истощения пресинаптического пула норадреналина.)

3.Әсерінің пайда болуының кейінірек байқауға бола ма?

Бірнеше күн үзіліс жасау керек, бірақ препаратты ұзақ уақыт пайдаланудан аулақ болу керек.

35. Ұйқысыздықтан зардап шегетін науқас түнге қарай ұйықтататын дәрі ішкен. Науқас өте жақсы, қатты ұйықтаған, келесі күні науқас делсалдылық бас ауруы, зерденің төмендеуі жөнінде шағым айтады.

1. Қандай ұйықтататын дәрі қабылдаған?

Диазепам немесе бензодиазепин қатарындағы басқа препарат (Медазепам, Лоразепам, Феназепам, т.б.)

2.Ұйықтататын дәрінің салдарын жою үшін қандай препараттар қолдануға болады?

Флумазенил
36. Бауыры өте ұзақ уақыт ауырған науқас ұйқысыздық кезінде әсерінің ұзақтығы орташа барбитурат тобына жататын дәрі қабылдаған. Ұйқының ұзақтығы әдеттегіге қарағанда көпке созылды.

1.Қандай препарат қолданған?

Этаминал натрий

2.Оның әсерінің ұзақтығын немен түсіндіруге болады.

Этаминал натрийдің әсерінің ұзақтығы бауырдың ферменттік жүйесі белсенділігінің төмендеуімен жүретін патологиясында барбитураттар әсерінің ұзақтығы ұлғаяды.Сонымен қатар этаминал натрий әсерінің ұзақтығы олардың бүйрек арқылы жылдамдығына да тәуелді.Бүйрек қызметінің бұзылуында осы препараттың әсері айтарлықтай ұзарады.

3.Бауыр патологиясында барбитурат қолданудың ерекшелігі қандай?

Бауырдың микросомалды ферменттерімен заттардың энзимдік инактивациясы.Көбінесе тотығу жүреді(С5 радикалдарының гидроксилденуі).Осыған байланысты бауырдың ферменттік жүйесі белсенділігінің төмендеуімен жүретін патологиясында барбитураттар әсерінің ұзақтығы ұлғаяды.Соңғысы,әрине,негізгі мөлшері биотрансфармацияға ұшырайтын препараттарға(этаминал-натрий)тән.
37. Науқас өте жоғары эмоциялық қозу кезінде ұйқысыздыққа шағым жасады. Ұйықтататын дәрі қабылдағаннан кейін ұйқы шамамен 30 мин. Кейін басталып, 6-7 сағатқа созылды. Ертеңіне науқас шамалы бұлшық етінің әлсіздігін сезді, бірақ ОЖЖ жағынан жағымсыз жағдай бақалмады. 2 күннен кейін тағы да осы препарат шарап ішкеннен кейін қабылдаған. ОЖЖ терең тежелген, туысқандары жедел жәрдем шақырған.

1. Науқас қандай препарат қабылдаған?

Нитразепам. Себебі, нитразепам негізінен ұйықтататын дәрі ретінде қолданылады. Барлық бензодиазепиндер сияқты, ол седативті, анксиолитикалық, құрысуға қарсы және айқын орталық бұлшықет босаңсыту әсері. Препарат орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін дәрілердің (наркотикалық, ұйықтататын, есірткілік анальгетиктер) әсерін ұзартады. Ұйқы 25-45 минутта пайда болады және 6-8 сағатқа созылады.

2.Неге себепті шараптан кейін дәрінің әсері күшейді?

Нитразепам наркозға арналған заттардың,этил спиртінің,наркотикалық қасиеті бар ұйықтатқыш заттардың әсерлерін күшейтеді және ұзартады.Осыған байланысты шараптан кейін дәрінің әсері күшейген.
38. Емдеу мекеменің балалар бөлімінде мейірбике түнде нашар ұйықтайтын балаға ұйықтататын дәрімен клизма жасаған. Ол өте жақсы, терең, ұзақ ұйықтаған. Келесі күні дәрігер тік ішегінің шырышты қабығының қызарғаның, жүрек қызметінің, тыныстың әлсірегенін байқады.

1.Қандай препарат енгізілген?

Хлоралгидрат

2. Мейірбике оны қолданған кезде нені ұмытып кетті?

Мейірбике хлоралгидратты шырыштармен бірге тағайындауды ұмытып кетті,себебі хлоралгидраттың айқын тітіркендіргіш әсері бар.Сонымен қатар оған паренхиматозды мүшелерге:бауырға,бүйрекке және жүрекке жағымсыз әсерлері болуы мүмкін.
39. Науқас асқазан жарасының өршуіне байланысты дәрігерге қаралды. Науқас эпигастрий аймағының ауыратынына, лоқсу сезіміне, нәжістің қараюына (мелена), әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: науқастың суықтап, дене қызуы жоғарлап, басының ауырғанына байланысты анальгезиялық препаратты 1 апта бойында қабылдағаны анықталды.

1.Науқас қандай препарат қабылдаған?

Ацетилсалицил қышқылы.

2.Асқазан жарасының өршуі неге байланысты?

Ацетилсалицил қышқылын ұзақ уақыт (дәрігердің бақылауынсыз) қабылдау кезінде кейде диспепсиялық бұзылулар және асқазаннан қан кету, асқазанның ғана емес, сонымен қатар он екі елі ішектің шырышты қабығының зақымдануы сияқты жанама әсерлер байқалады. Бұл препараттың ульцерогендік әсері бар екеніне байланысты.

Ульцерогендік әсер (дәрілік заттар) - асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығында ақаулардың пайда болуымен немесе бар асқазан жарасының қайталануын тудыратын дәрілік заттардың жанама әсері.

3.Дамыған асқынулардың алдын қалай алуға болады?

Ойық жаралы әсерді және асқазаннан қан кетуді азайту үшін ацетилсалицил қышқылын тамақтан кейін ғана қабылдау керек, таблеткаларды мұқият ұсақтап, көп сұйықтықпен (мүмкіндігінше сүт) жуу ұсынылады. Асқазанға оның тітіркендіргіш әсерін азайту үшін ацетилсалицил қышқылын қабылдағаннан кейін экскрецияны тездететін минералды сілтілі суларды немесе натрий гидрокарбонатының ерітіндісін қолдану ұсынылады.
40. Жедел пневманиямен ауырған науқас 7 күн бойында сульфадимезин қабылдады (1 таблеткадан, күніне 3 рет). Емдеу курсы аяқталған соң да, науқастың жағдайы жақсармады. Қақырықты қайта сепкен кезде, бұрынғы сезімтал флорада дәріге деген төзімділік анықталды.

1.Төзімділіктің даму себебі неде?

Сульфадимезиннің тәуліктік дозасы 1г, ал шығу қалпы 0,25 және 0,5 г таблетка немесе ұнтақ түрінде.

Пневмония кезінде ересектер үшін сульфадимезиннің -1 қабылдауға 2 г тағайындайды, содан кейін 1 г күніне 4-6 рет. 3 жастан асқан балалар үшін-бірінші қабылдауға 0,1 г/кг, содан кейін 4-6 қабылдауға бөлінген тәулігіне 0,1 - 0,15 г/кг.

Препарат аурудың белгілері жойылғаннан кейін 2-3 күннен кейін тоқтатылады.

Бұл жерде тұрақтылық антибиотикті басында енгізгеннен кейін 1-2 күн күзету керек. Егерде науқаста оң өзгеріс боламаса, оны сульфадимезиннің басқада аналогтарымен алмастыру керек еді. Осы сульфадимезинді 7 күн бойында 1 таблеткадан, күніне 3 рет қабылдау резистенттіліктің дамуына әкеледі.

2.Тағайындалған препараттың жағымсыз әсерлері?

Жүрек айнуы, құсу, кристаллурия, аллергиялық реакциялар, лейкопения, агранулоцитоз.
40. Жедел пневманиямен ауырған науқас 7 күн бойында сульфадимезин қабылдады (1 таблеткадан, күніне 3 рет). Емдеу курсы аяқталған соң да, науқастың жағдайы жақсармады. Қақырықты қайта сепкен кезде, бұрынғы сезімтал флорада дәріге деген төзімділік анықталды.

1.Төзімділіктің даму себебі неде?

Жедел пневмониямен ауыратын науқасқа басында 4 таблетка қабылдап,сосын 2 таблеткадан күніне 4-5 рет 2-3 күн ішуі керек еді. Науқас аз мөлшерде және ұзақ уақыт ішкендіктен, адам ағзасы иммунитет қалыптастырды.

2.Тағайындалған препараттың жағымсыз әсерлері?

Құсу және жүрек айну, гемопоэздің бұзылуы, кристаллурия және аллергиялық реакциялар.

41. Дизентериямен ауырған 5 жасар балаға врач кең спектірлі антибиотик берді. Бала дәріні жақсы қабылдауы үшін мейірбике оны сүтпен бірге берді. Бірақ кішкентай пациенттің жағдайы 7 күн емнен кейін жақсарған жоқ.

1.Препараттың нәтижелі болмағандығы неде?

Науқас антибиотикті сүтпен ішкендіктен, сүт антибиотиктің сіңу процесіне әсер етеді.

2. Врач қандай дәрі тағайындаған?

Кең спектірлі антибиотик - Азитромицин.
42. Веналардың тромбозы бар науқасқа жанама әсері антикоагулянт тағайындалды. Осы науқастың бронхитін емдеуге салазодиметоксин берілді. Ем басталғаннан бірнеше уақыт өткен соң, науқастың қызыл иектері қанай бастады.

1.Бұл асқынудың себебі неде?

Салазодиметоксиннің антикоагулянтпен дәрілік өзара әрекеттесуі кезінде антикоагулянттар метаболизмінің баяулауы, олардың уытты әсерінің күшеюі орын алады, бұл қан кетуді туындатты.

2.Осы екі препараттың бірге тағайындалуы дұрыс па?

Жоқ, дұрыс емес.

43. Операция кезінде науқасқа наркозға тиопентал натрий енгізілді. Мөлшерден көп беру нәтижесінде тынысы тежелді. Дәрігер көк тамырға цититон енгізді.

1.Дәрігердің әрекеті дұрыс па?

Ия, дұрыс.

2.Цититон препаратының әсер ету механизмі?

Тыныс алу орталығының рефлекторлық қозуын тудырады, вазомотор орталығын, симпатикалық ганглияны және бүйрек үсті бездерін ынталандырады, бұл қан қысымының жоғарылауына әкеледі.

44. Өкпе (пневмония) қабынуымен ауруханада жатқан науқаста кенеттен өткір жүрек шамасыздығы дамыды, артериялық қысымы төмендеді, қолқасының қырылдап, ауызынан көбік ағып, өкпесінде ылғалды сырыл пайда болды. Дәрігер «өкпе ісінуі» деген диагноз қойды.

1.Науқасқа қандай препараттар тағайындау қажет?

1. Мұрын катетары арқылы спирт буымен ингаляция - енгізу жылдамдығын және ингаляцияның ұзақтығын біртіндеп арттыра отырып.

2. Гепарин 5000ЕБ көк тамырға струйно - антикоагулянт

3. Допамиергиялық дәрілер: дофамин, добутамин, ибопамин, допексамин және т.б

4. Фуросемид

5. Морфин

2.Тағайындалған препараттардың әсер ету механизмі?

-Ингаляция - көбікпен күресу үшін қажет.

-Морфин айқын анальгезиялық әсерге ие. Тыныс алу орталығын тежейді

-Гепарин-тікелей әсер ететін антикоагулянт, қан плазмасында АНТИТРОМБИН III белсендіреді,

оның ұюға қарсы әсерін жеделдетеді. Протромбиннің тромбинге өтуін бұзады.

-Допамин-кардиологиялық, гипертензиялық, тамыр кеңейтетін, диуретикалық әсері бар.

Жоғары дозаларда α1-адренорецепторларды ынталандыру басым болады

жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы және бүйрек тамырларының тарылуы.

-Фуросемид-диуретик, генле ілмегінің көтерілетін бөлігінің қалың сегментіндегі натрий, хлор иондарының реабсорбциясын бұзады. Сонымен бірге кальций мен магний иондарының шығарылуы артады.

45. Ревматизм салдарынан жүректің митралды ақауы пайда болған науқаста жүрек қызыметінің декомпенсациясы дамыды: ісік, ентікпе акроцианоз. Науқасты ауруханаға жатқызып, жедел дигитализация жүргізілді Ісікті қайтару үшін тұзсыз диета тағайындалды және ішетін сұйықтықтың көлемі азайтылды, организмнен калий мен натрий иондарын шығаратын несеп жүргізетін дәрі фуросемид тағайындалды. Көп ұзамай емдеу барысында науқаста гликозидтік улану белгілері дамыды.

1.Осы улану белгілерін атаңыз?

Жүрек гликозидтерімен улану белгілері

1. Асқазан-ішек (диспепсия, жүрек айну, тәбеттің бұзылуы).

2. Кардиологиялық (ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылуы: брадикардия, политопиялық экстрасистолия, бигеминия, тригеминия, ішінара немесе толық атриальды қарыншалық блок).

3. Неврологиялық (бас ауруы, шаршау, мазасыздық, көру қабілетінің бұзылуы, оның ішінде түс, галлюцинация).

4. Су балансының бұзылуы (диурездің төмендеуі, дене салмағының жоғарылауы), гинекомастия, аллергия (тері бөртпелері), тромбоцитопения аз байқалады.

2.Оның жылдам дамуының себебі?

Жүрек гликозидтерінің жүрек-тамыр жүйесіне тікелей әсері олардың Na+, K* Атфазаны тежеу қабілетіне байланысты. Жүрек гликозидтерінің аденозиндік рецепторларға және теріс инотропты әсері бар эндогендік аденозинмен антагонизмге белгілі бір мән беріледі.

Сондай-ақ, олардың құсу орталығы мен сезімтал рецепторлық аймақтарға тікелей әсер етуімен байланысты.

3.Жүрек гликозидтерімен улануды басу үшін науқасқа қандай дәрілерді тағайындау қажет?

1-белсендірілген көмірді (басқа энтеросорбенттерді), колестираминді немесе колестиполды (өт шығаратын дигитоксинмен уланған кезде) тағайындау.

2 - атропин сульфаты, белладонна тұнбалары, Зеленин тамшылары-брадикардия кезінде.

3 - антиаритмиялық (дифенин, лидокаин) - қарыншалық аритмияда.

4-калий препараттары (панангин, аспаркам, калий хлориді)

46. Науқас Нұриддин 57 жаста. Диагнозы:ИБС,жүрекшелердің фибрилляциясы (тахисистолиялық формасы). Дигоксинмен емдеу кезінде жүректің соғу жиілігі 120- дан 90- ға төмендегені анықталды. Дигоксиннің мөлшері 0,37 мг\ тәулігіне қабылдайды.Қосымша верапамил 40 мг күніне қабылдайды.Науқаста келесі аптада гликозидтен интоксикация белгілері байқалады (лоқсу,құсу,қарыншалық экстрасистолия).

1.Себебін анықтаңыз?

Дигоксинді Верапамилмен бірге қабылдағаннан қандағы Дигоксин концентрациясы артады, бұл бүйрек экскрециясының төмендеуіне байланысты, осындай стмптомдарға әкеледі.

2.Осы жағдайда тактикаңыз?

Декстроза 5% - 500 мл және KCl, Инсулин 10 ЕБ = көк тамырға, денені сұйықтықпен толтыру үшін (декстроза) және гликозидті интоксикация кезінде (калий хлориді) және қоректік заттармен толтыру үшін (инсулин).

47. Науқас Нұрсултан 43 жаста.Соңғы 18 жылда созылмалы гломерулонефриттің аралас түрімен ауырады. Ауру екендігіне қарамастан соңғы 6 айда амболаторлы жағдайда – верошпирон, изоланид, фуросемид ішкен. Науқастың жағдайы соңғы кездері ауырлай түскен. Бетінде, аяғында ісіктер көбейген, жалпы бұлшықеттік әлсіздік, тері қышымасы, асқазан аймағында дискомфорт, аузына металл дәмі келеді. ЖСС -64 рет минутына, АҚҚ 190/120 мм рт.ст. Қан плазмасындағы калий -6,2 ммоль/л, натрий 120 ммоль/л, креатинин 208 мкмоль/л.

1)Науқастың жағдайының ауырлауына не себеп?

Ол диуретиктерді дұрыс қабылдамаған, яғни фуросемидтің (гипернатриемия), верошпиронның (гиперкалиемия)жанама әсерлеріне және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің өршуіне әкелген.

2)Қай дәрілердің жағымсыз әсерлері көп көрініс береді?

Фуросемид-Na реабсорбциясының алдын алады, яғни несеппен қарқынды шығарылады;

Верошпирон-K реабсорбциясын күшейтеді, яғни қанға қарқынды енеді.

48. Науқас Асқар 48 жаста. АГ 1 сатысымен ауырады. Ишимиялық инсультпен емделген. 30 күн көктамырға тамшылатып церебролизин қабылдаған. Осы уақыт емдеу барысында науқастың дене қызуы 38 С сақталған. Дене қызуын түсіру үшін терапия жүргізілген: цефазолинмен , бірақ нәтижесіз.

1)Дене қызуының көтерілу себебі?

2) Бұл жағдайда кім кінәлі?

3) Не істеу қажет?

49. Бұл универсалды анестетик, жансыздандырудың барлық түрінде қолданылады. Жансыздандыру күші новокаинге қарағанда 2,5 есе артық және 2 есе ұзақ әсер етеді (60минут шамасында). Адреномиметиктермен комбинациялағанда әсері 2-4 сағатқа созылады.

1.Қандай анестетикалық препарат екенін анықтаңыз?

2.Анықталған препараттың жағымсыз әсерлерін түсіндіріңіз?

50. 14 жастағы анемиямен ауыратын науқасқа темір препараттары тағайындалды. Науқас бұл препараттарды қолданудан қорқып жатыр,себебі бұл препараттарды қабылдағаннан кейін науқастың тістерінің эмалі қарайып кеткен. Басқа темір препараттарын тағайындаңыз.

Ферроплекс - драже

1.Темірдің сіңірілуі қай жерде болады?

Темір кариозды қуыстардағы күкіртсутекпен әрекеттесіп, сульфид - қара түсті құрайды. Сіңіру негізінен аш ішекте, белсенді тасымалдау арқасында жүреді. Fe+2 апоферритин ақуызымен байланысады және энергияны

2.Қандай темір жақсы сіңіріледі?

Fe+2 жақсы сіңіріледі

3.Препараттың қарсы көрсетілімдері?

Апластикалық анемия, гемохромотоз, лейкоз, бауырмен бүйректің созылмалы аурулары.
1   2   3


написать администратору сайта