Главная страница

жазира. Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру. Науас ктімі кезінде тсек жаймасын ауыстыру


Скачать 0.51 Mb.
НазваниеНауас ктімі кезінде тсек жаймасын ауыстыру
Анкоржазира
Дата21.11.2020
Размер0.51 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаНауқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру.docx
ТипДокументы
#152515

 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру


Стационарда жағдайы ауыр науқастардың күтім іс-шарасының ең міндетті және күрделісі, бұл төсек жаймасын ауыстыру. Қозғалуға тыйым салынған жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын ауыстыру өте сақтықпен орындалып, жақсы көңіл-күйге және терінің инфицирленуінің қаупін алдын алуға, ойық жараның дамымауына әрекет етуі керек.

Іс-шараны жасар алдында таза төсек жайма жиынтығын (жайма, жастық тысы, көрпе тысы) және лас төсек жаймасын салатын қап дайындау қажет. Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіріп, келісімін алу міндетті. Науқас жағдайын және одан келетін көмек қабілетін бағалау. Қолды гигиеналық әдіспен жуып, бір реттік қолғап пен алжапқыш киеді.

Науқастың аз физикалық күш жұмсауы үшін төсек жаймасын ауыстыруға екі адам қатысуы қажет. Жайма матрасты тек үстінен және жан-жағынан ғана жаппай, сонымен қатар дөңбек жағын да жабуы керек. Жайма жиектерін салбыратпай барлық жағынан матрас астына бүктеп салады. Лас жайманы клеенкалы қапқа жинайды және палатадан алып кетеді. Кір жуатын бөлмеге дейін төсек-жаймасы арнайы бөлмеде (лас төсек - жаймасы) немесе арнайы бакта, контейнерде сақталуы қажет.

Төсек – жаймасын ауыстырудың бірнеше әдістері бар, бірақ күнделікті тәжірибеде көлденеңнен және ұзына бойлай ауыстыру кең қолданылады.

Ұзына бойлай ауыстыру әдісі төсекте белсенді қимыл жасауға және аунауға рұқсат етілген науқастарда төсек-жаймасын ауыстыру кезінде қолданады (сурет 57 а).

Көлденең ауыстыру әдісі науқасты бүйіріне ауыстыруға болмайтын кезде, бірақ денесінің жоғарғы жағын көтеруге болатын кезде қолданылады (сурет 57б).

Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ауыстыру

а – ұзына бойлай ауыстыпу әдісі, б – көлденеңнен ауыстыру әдіс

Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі

Іс-шараның орындалуы:

1. Науқасты абаймен бүйіріне ауыстырып, басынан жастығын алу.

2. Жастықтан тысын шешіп, лас жаймаға арналған қапқа салады, науқас жастығына таза тыс кигізеді.

3. Таза жайманы ұзына бой жартысына дейін бүктейміз.

4. Науқасты бетін өзіне бүйірімен қаратып төсек жиегіне ауыстырамыз (науқасты көмекші ұстап тұрғаны дұрыс).

5. Лас жайманы бұрамша ретінде ұзына бойы науқасқа бағыттап бүктеп алады.

6. Таза жайманы босаған бөлікке жаямыз.

7. Науқасты арқасына жатқызамыз, содан кейін таза жайманың үстіне ауыстыру үшін басқа бүйіріне жатқызамыз.

8. Лас жайманы алып тастап, таза жайманы жазып матрас астына бүктейміз.

9. Қолданылған жайманы қапшыққа саламыз.

10. Науқасты ыңғайлы жатқызамыз.

11. Көрпесіне таза тыс кигізіп, науқасты жабамыз.

12.Қолданылған тысты қапшыққа саламыз.

13.Қапшықты жауып, шаруашылық бикесіне зарарсыздандыру үшін апарамыз.

14.Қолғапты шешеміз

15.Қолды гигиеналық әдіспен өңдейміз.

Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі

Іс-шараның орындалуы:

1. Таза жайманы көлденең бағытта бүктейміз.

2.Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін абаймен көтеріп, басынан жастықты аламыз (науқасты көмекші ұстап тұрғаны дұрыс).

3. Лас жайманы науқастың бас жағынан бастап беліне дейін бүктейміз.

4. Таза жайманы босаған бөлікке жаямыз.

5. Таза жаймаға жастықты саламыз және науқасты оған жатқызамыз.

6.Науқастан тізелерін бүгуін сұрап, табанымен кереуетке тіреліп жамбасын көтеруін сұраймыз (егер науқасқа бұл қиын болса, көмекші сол жақ қолын науқас сегізкөзінің астына салып жамбасын көтеруге көмектеседі). 

7. Лас жайманы алып тастап, таза жайманы жазамыз.

8. Науқастан жамбасын түсіруді сұраймыз. 

9. Сирақ аймағынан науқастың аяғын демеп көтереміз де лас жайманы ысырып тазаны жаямыз.

10. Науқас аяғын түсіреміз.

11. Қолданылған лас жайманы қапшыққа саламыз.

12. Науқасты ыңғайлы жатқызамыз.

13. Қолқапты шешеміз

14. Қолды гигиеналық әдіспен өңдейміз.
2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру

Егер науқас толық болса немесе толығымен қозғалмаса, киімін жалғыз ауыстыру қиындық тудырады және мейірбике денсаулығына қауіпті. Бұл жағдайда киімді ауыстыру көмекшінің қатысуымен жүргізіледі. Науқас киімін ауыстырар алдында таза киім жиынтығын дайындап аламыз, қолданылған заттарды салатын қапты және медициналық қолғапты дайындаймыз. Таза жейде науқас көлемінен бір көлемге үлкен болуы тиіс (сурет 58).


Науқас жейдесін ауыстыру
Іс-шараның орындалуы:

1. Ең алдымен науқас басын жеңіл көтеріп, жастықты аламыз.

2.Науқасты абаймен көтеріп, науқас сегізкөз аймағына қолын өткізіп жейденің шетін ұстаймыз және оны мұқият қолтық астына дейін, ал арқасынан - мойнына шейін көтереміз. 

3. Осыдан кейін науқас қолдарын көтеріп, мойынында жиырылған жейдені басы арқылы өткізіп шешеміз, лас жейдені науқас бетіне тигізбейміз.

4. Науқас басын жастыққа түсіреміз. 

5. Науқас қолдарын жеңінен босатамыз: алдымен сау қолын, содан кейін ауру қолын.

6. Қапшықты жауып, шаруашылық бикесіне зарарсыздандыру үшін апарамыз.

Жағдайы ауыр науқастың таза жейдесін жоғарыда айтылған ретпен киіндіреміз:

1. Таза жейдені арқасында жинаймыз

2. Ауру қолына жеңін кигізіп, содан кейін сау қолын кигіземіз

3. Қолдарын кеудесіне қойып, оң қолымен науқасты демеп және сол қолымен жейдені мойын тесігінен басы арқылы кигіземіз

4. Төменге дейін жейдені жазамыз.
2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері


Науқасты Фаулер қалпында жатқызу

Фаулер қалпыбұл отыру мен жату қалпының аралық қалпы. Функциональді және қарапайым кереуетте де қолданыла алады. Физиологиялық бөліністерді төсекте атқарғанда қажет жағдайда қолданады, сонымен қатар сал науқастардың ойық жарасының алдын алу мақсатында қолданады (сурет 59).



Науқасты Фаулер қалпында жатқызу
Іс-шараның орындалуы:

1. Төсек бас жағын 45-60 градус бұрышына көтеру. Көтерілген жағдай өкпе вентиляциясын жақсартады, сонымен қоса науқаспен қатынасуға жайлылық тудырады.

2. Науқас басына төмен жастық қою мойын бұлшықеттерінің бүгілу контрактурасынан сақтайды.

3. Егер науқас қолдарымен өз бетінше қозғалыс жасай алмаса қолының астына жастық қоямыз. Қолға тіреу қою веноздық іркілуді азайтады және қол және қол басы бұлшықеттерінің  бүгілу контрактурасының алдын алады.Сонымен қатар, тіреулер иық жарақатының алдын алады.

4. Бел аймағының омыртқаларына жүктемені азайту үшін науқас бел астына жастық немесе поролонды төсем салған жөн.

5. Науқастың дене салмағының ауырлығы әсерінен тізе асты артериясының басылуының алдын алу үшін сан астына жастық немесе бұрау салады.

6. Өкше астына кішкене жастық салу (өкше сүйегінің ойық жарасының алдын алу мақсатында) және науқас табанына 90 бұрышта тіреу қоямыз («салбыраудың» алдын алу және табанның сыртқа бүгуін қолдау).

Науқасты Симс қалпында жатқызу

Симс қалпы – ішпен жатумен және бүйірімен жату арасындағы аралық қалып. Функциональді және қарапайым кереуетте де қолданыла алады. Науқастың мәжбүр пассивті қалпы үшін және ойық жараның алдын алу үшін қолданылады (сурет 60).



Науқасты Симс қалпында жатқызу
Іс-шараның орындалуы:

1.Төсек бас жағын  горизонтальді қалыпта ұстаймыз.

2. Науқасты «бүйіріне жату» және жартылай «ішімен жату» қалпына келтіреміз (төсекте науқас ішінің жартысы орналасады);

3. Науқас басына мойынның бүйірлік бүгілуінің алдын алуы үшін жастық саламыз.

4. Жастықты иық деңгейінің бүгілген шынтақ және иық буындарының 90 градустағы бұрышқа саламыз. Басқа қолын бүкпей жаймаға саламыз (дененің дұрыс биомеханикасын сақтау үшін); Мұның барлығы науқас денесінің жазылуына және иықтың ішкі бұралуының алдын алады.

5. Бүгілген «жоғарғы» аяғының астына жастық салу, себебі аяғы сан деңгейінде орналасуы үшін (санның ішке айналуының, тізе буындарының және тобықтың ойық жараларының алдын алу үшін қолданылады);

6. Аяқ табанының астына құм салынған қапты қою («салбыраудың» алдын алу және табанның сыртқа дұрыс бүгуін қолдау).
Науқасты жоғарыда аталған қалыптарға жатқызып, оның ыңғайлы жатқандығына көз жеткізу керек. Барлық қалыптар төсек тартып жатқан ойық жара дамуының қаупі бар кезде әрбір 2 сағат сайын бір науқасқа қолдана алынады.
2.4 Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер
Науқас адам жеке гигиенасын жүзеге асыру кезінде көмекке мұқтаж болады: жуыну, қырыну, ауыз қуысының күтімі, шаш, тырнақ күтімі, дәрет алу, ванна қабылдау және тамақтану. Бұл кезде мейірбике қолдары науқас қолдарының қызметін атқарады. Бірақ көмектесе отырып, науқас дербестігінде талап ету керек, сол үшін оның тілегін мадақтаған да жөн.

Медициналық қызметкер науқастың дербестігін сақтау мақсатында науқасты және оның отбасы мүшелерін «өзін- өзі күту» әдістеріне белсене қатысуына шақыруы керек (кесте 7-10).
Кесте 7.

Науқастың физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру кезіндегі көмек




Қажеттіліктер


Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер


Ауаға


Кереует бас жағын көтеру, науқасқа Фаулер қалпын беру.

Науқасты үйрету:

- жөтелу, тыныс алу жаттығулар техникасын;

- тұншығу ұстамасында өзіне-өзі көмек көрсету әдістерін;

- ингаляторды өзбетінше қолдануды.


Тағамда


Науқас тамақтануында көмектесу.

Науқасты адекватты тамақтануға үйрету.

Диетаны сақтауға науқасқа және оның туыстарына кеңес беру


Сұйықтық қабылдауда


Науқасқа ішуіне көмектесу.

Қажетті сұйықтық мөлшерімен қамтамасыз ету


Өмір қажеттіліктерінің өнімдерін бөліп шығару


Науқастың судномен және зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету. Науқасты және туыстарын памперсті, судноны, зәр қабылдағышты қолдануды үйрету.

Үлкен және кіші дәретке отырған кезде науқас қауіпсіздігін жіне жекеленуін қамтамасыз ету


Ұйқыда


Жайлы ұйқыға жағдай жасау.

Ұйқы бұзылысының себебін анықтау.

Ұйқыны реттейтін дағдыға науқасты үйрету (ұйқы алдында серуендеу)

Науқасты күн тәртібін құрастыруға, дем алуға үйрету.


Қозғалыста


Адам жағдайына қозғалыс шектелуінің әсерін анықтау.

Науқас және туыстарын төсектегі қозғалыс және ЕДШ әдістеріне үйрету.

Төсектен тұру, балдақпен немесе таяқпен жүру әдістерін үйрету (қозғалуға рұқсат бар кезде).


Жанасуда


Науқаспен сөйлесе отырып оны қолынан ұстау, жастығын және көрпесін түзеу.

Науқас жақындарына оны жиі құшақтауына кеңес беру



Кесте 8.

Науқастың қауіпсіздік қажеттіліктерін қанағаттандыру кезіндегі көмек




Қажеттіліктер


Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер


Сенімділікте


Кереуетті максимальді төмен деңгейге түсіру.

Мейірбике немесе туыстарының көмегімен тұруына және қозғалуына нұсқау беру.

Науқасты жүру кезінде таяқпен жүруге үйрету


Қорғаныста


Қоршаған ортаның қауіпсіздігінің науқас жағдайының әсер етуінің сыртқы факторларға тәуелділігін анықтау.

Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қолдайтын шараларға науқасты және туыстарын оқытып үйрету.

Шешілмейтін мәселелерге науқасты адекватты шешім қабылдауына көмектесу.


Паналықта


Стационардан шығарар алдында науқастың үйі бар екендігіне көз жеткізу.

Егер науқас панасыз болса мүгедектер немесе қарттар үйіне жіберуге әрекет жасау


Киімде


Киім таңдауда науқастың физикалық және сана-сезімдік қабілетін анықтау

Науқасқа киім киюіне және шешуіне көмектесу.

Науқастың өз бетінше киініп және шешінген сіттерін мадақтау.


Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау

Ұзақ төсек режимінде жатқан науқастарда ойық жараның дамуы мүмкін, әсіресе науқас көп уақыт бойы арқасымен жатқан қалпында болса. Басқа себептеріне терінің жүйесіз күтімі немесе оның болмауы, ыңғайсыз төсек немесе төсек жаймасын сирек ауыстыру, дұрыс тартып салынбауы жатады.

Ойық жаралар – терінің және жұмсақ тіндердің шығыңқы сүйектермен төсек арасында ұзақ жаншылу әсерінен беткей немесе терең зақымдалып, семуі.

Ойық жаралардың құралуы

Ойық жараның пайда болуына үш фактор әсер етеді:
қысым

«кесу күші»

қажалу


Қысым– адамның сүйенетін беткейлерінде өз дене салмағының әсерінен дене тіндерінің басылуы жүреді. Тіндердің басылуынан тамырлар диаметрі азаяды, тіндерге қан келуі азайып, «тіндердің ашығу» жағдайы дамиды. Толық басылғаннан кейін 2-3 сағат ағымында некроз (өлуі) дамиды. Осал тіндердің басылуының күшеюі төсек жаймасымен, тығыз байламдарымен және адам киімімен күшейеді.

«Кесу күші» - тіндердің бұзылуы және механикалық зақымдалуы тіндердің ауысуымен жүреді. Тіндердің ауысуы науқас төсегінен төмен түсіп кетіп, бас жағына қарай тартылғанда, сонымен қатар мед.қызметкердің немесе науқас туыстарының дұрыс емес қозғау нәтижесінде дамиды. Төмен жатқан тіндердің микроциркуляциясы бұзылып, тін оттегі жетіспеушілігінен өледі. Кейбір ауыр жағдайда бұлшықеттің және лимфа түйіндерінің жыртылуы жүреді де терең ойықтардың дамуына әкеледі.
Қажалу – «кесу күшінің» бөлігі болып табылады, бұл терінің мүйізді қабатының бөлінуін шақырып, оның беткейінде ойықтардың дамуына әкеледі. Теріні ылғалдандыру қажалу күшін күшейтеді. Көбіне зәрі тоқтамайтын, күшті тер бөлінетін науқастарда және ылғалды заттарды кигенде немесе ылғалды сіңдірмейтін (синтетикалық) киім кигенде немесе ылғалды сіңдірмейтін беткейі бар заттарда орналасу (пластикалық орындықтар, клеенкалар немесе сирек ауыстырылатын төсеніштер) .


Ойық жараларды дамытатын қаупі бар басқа да факторлар:




  • Төмен немесе жоғары дене салмағы


  • Қозғалыстың шектелуі


  • Анемия


  • Протеинді, аскорбин қышқылын аз қолдану


  • Сусыздану


  • Гипотензия


  • Зәрді немесе нәжісті ұстай алмау


  • Неврологиялық бұзылыстар (сенсорлы, қозғалысты)


  • Перифериялық қан айналым бұзылысы


  • Терінің жұқаруы


  • Мазасыздану


  • Естің ауысуы


  • Кома


  • Кең хирургиялық кірісулер


  • Кереует тұтқыштары


  • Науқасты бекітетін құралдар


  • Омыртқа, жамбас сүйектері, құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаттары және жұлынның зақымдалуы.


Ойық жаралар белгілері

Ойық жараның бірінші дәрежесінде терінің бозаруы, цианоздануы, ісінуі, зат алмасу үрдісінің бұзылыстарын көрсетеді. Содан кейін эпидермистің бөлінуі жүреді – көпіршіктер пайда болып, алғашында түссіз, содан кейін іріңді қосылыс пайда болады. Беткей некроз (гангрена) дамып, терінің терең қабаттарына, маңындағы тіндерге таралады. Ауру дамуының 4 дәрежесін анықтайды (сурет 61):



Ойық жараның даму дәрежелері
1-ші дәреже. Эпидермальді және тері қабаттарымен сипатталады. Науқас терісінде тұрақты қызарумен, көкшіл таңбалар пайда болады. Олар басқан кезде жоғалмайды және сау тіндерге таралмайды. Бұл дәрежеде үрдіс қайтымды және басылуды жойғаннан кейін қанайналым қалпына келеді.

2-ші дәреже.Тері жамылғысының бүтіндігінің терең емес бұзылыстары май шелі қабатына таралғандығы айқын байқалады. Басылған жерлерде тұрақты көкшіл тартқан гиперемия байқалады. Терінің тырналып зақымдалуы, көпіршіктер мен терең емес кратерлер пайда болады.

3-ші дәреже. Тері жамылғысының барлық қабаттарында бұлшықетке дейінгі қабатта толық бұзылыс немесе тіндердің некрозы дамиды. Патологиялық үрдіске бұлшықеттерде шалдыққан. Сұйық бөліністер болуы мүмкін.

4-ші дәреже. Барлық жұмсақ тіндер зақымдалған. Зақымдалған тіндерде – теріде, бұлшықетте, сіңірде (сүйекке дейін) қуыстар пайда болады. Тіндерде жылан көздер мен қуыстар кездеседі.

Науқас денелерінде мәжбүрлі қалпында анықталатын ойықтардың орналасуы (сурет 62).

Арқасында жатқан қалпында(сурет 62 а):




  • өкше сүйектерінің дөңес аймағында


  • сегізкөз


  • құйымшақ


  • жауырын


  • шынтақ буындарында


  • кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділерінің үстінде


  • сыртқы қарақұс аймағында


Ішімен жатқан қалпында(сурет 62 б):




  • сирақтың сыртқы беткейінде


  • тізе аймағында


  • мықын сүйектерінің қырлары


  • қабырға доғасының жиегінде



Ойықтың жиі орналасатын жерлері

а – арқасында жатқан қалпында, б – ішінде жатқан қалпында
Қырымен жатқан қалпында (сурет 63):
тобықтың латеральді аймағында

сан сүйегінің үлкен ұршығында

аяқтарының бір-біріне тығыз қосылған жерінде және ішкі беткейінде.




Сурет 63.

Қырымен жатқан қалпында пайда болатын ойық жаралардың орналасатын орны




Отырған қалпында (сурет 64):

бөксе аймағында
сегізкөзінде аяқ басында жауырындарда тізелерде

Сурет 64.

Отырған қалпында пайда болатын ойықтар орны
Арқасына жатқан қалыпта – ойық жаралардың көп дамитын жерлері. Ішімен жатқан қалпында ойық жаралар даму қаупі аз.

Қырымен жату қалпы кейбір жағдайларда ғана қолданылады, себебі көптеген қолайсыздықтардың дамуымен сәйкес. Қырымен жатқанда қысым қалыпты таралмайды. Басым бөлігі санға келеді. Сонымен қатар, бұл қалып "контрактураның" пайда болуына әкеледі – бұлшықет қозғалысының шектелуі – күндіз бүгілген, түнде отырған қалыппен жалғасады. Әсіресе бүйірімен жатқан қалыптағы әйелдерде – зәр шығару қиындайды. Сонымен қатар, түнімен бір қырында ұйықтау мүмкін емес, науқастың тыныш ұйқысына кедергі келтіреді.
Ойық жараларды емдеу жолдары

Ойық жараларды емдеу үрдістің дәрежесіне байланысты болады. Емді 1-ші дәрежеде бастаған аса маңызды, үрдіс күшейген сайын емнің тиімділігі де азаяды.

1-ші және 2-ші дәрежедегі ойық жараларды консервативті емдеуге болады. Бұл үшін жараны антисептикалық өңдеу жүргізіп және май жақпалар қолданамыз, мұндай әдіс терінің эпителизациясын күшейтеді.

1-ші дәрежедегі ойық жарада зақымдалған жерді балаларға арналған иісмай немесе шырғанақты жағып, ультракүлгін сәулелерімен емдік сеанс өткіземіз. Теріде мацерация пайда болса бриллиант көгімен өңдейміз, жиектеріне солкосерил майын жағамыз. Солкосерилмен окклюзивті таңғышты қолдану (дене бөлігін ауа және сумен байланысының алдын алу үшін қолданылатын герметикалы оқшаулау) терінің қажетті ылғалдануына, үйкелісті, ауырсыну сезімін азайтуға және терінің эпителизациясына әсер етеді. Жақпа май майлыққа 2-3 мм қалыңдықта жағылады және жараны өңдегеннен кейін жауып тұрады. Теріні уқалауға болмайды. Жараны жазылу тиімділігі бар аэрозольдер: олазоль, пантенол және т.б. Аэрозольдерді көпіршікті жараға біркелкі жағып күнде немесе күнара қолданады.

2-ші дәрежедегі ойық жара пайда болған жағдайда, жараны күніне бірнеше рет дезинфицирлеуші ертіндімен өңдеп, солкосерилмен, левомиколмен немесе стратомедпен биоокклюзивті таңғыш қойған пайдалы және жараны жазылуына тиімділік көрсететін аэрозольдерді, содан кейін солкосерилмен жүйелі терапия қолданған дұрыс. Жақсы емдік тиімділікті ферменттермен, гидроколлоидты және гидрогелді аппликация қою көрсетеді, бұл әдіс жараны тиімді тазалап, қабынуға қарсы және жараны жазөғыш әсер береді. Теріде көпіршік пайда болғанда бриллиант көгі ертіндісімен өңдейді, содан кейін құрғақ дәкелі таңғыш қояды.

3-ші және 4–ші дәрежеде басты емнің түрі – бұл хирургиялық ем. Іріңді жараны санациялау үшін антисептиканың барлық түрлерін қолданады: механикалық, физикалық, биологиялық, химиялық.

Механикалық антисептика некроздалған тіндерді кесіп алып тастау, іріңді қуыстарды ашу. Егер жараның санациясын жүргізбесе, онда тіндердің шіріген өнімдері және микроб токсиндері интоксикацияны күшейтеді.

Биологиялық антисептика май жақпаларды және аэрозольдерді қолдануды көздейді, ол некроз тінін шектеуге, еруіне және тартуына, жараның тазалануына әсер етеді. Грануляцияның және эпителизация үрдісінің жетілуін күшейтетін жақпа майлар (солкосерил, левомиколь, стратомед және т.б.), аэрозольдер (олазоль, пантенол және т.б.) ферменттермен аппликациялар (трипсин, химотрипсин), сонымен қатар гидроколлоидты және гидрогельді таңғыштар (Purinol гель, Comfeel плюс, Biatain байлам және т.б.)

3-ші және 4–ші дәрежедегі ойық жаралардың көлемі үлкен ауқымды, сондықтан науқас ағзасында біршама сұйықтық жоғалту байқалады. Науқас ағзасында дегидратацияны дамытпай, қажетті сұйықтықтарды энтеральді және парентеральді енгізген дұрыс. Жарадан көп мөлшерде экссудативті бөлініс бөлінсе арнайы абсорбирлейтін сорғыш таңғыштарды қолданған жөн, олар өз алдына жараны құрғатуға және сұйықтықты соруға әрекет жасайды.

Физикалық антисептика айналымды жақсартатын іс-шаралардан тұрады: гироскопиялық таңғыш материалдарды, дренажды қолдану, жараны ультракүлгін сәулелермен және лазермен өңдеу.

Химиялық антисептика – теріні және жара маңайын өңдеуге арналған антисептиктерді қолдану. Антисептик ретінде 70% этил спиртін, йодтың спирттік ертіндісін (1%-5%), 3% сутегінің асқан тотығы, диоксидиннің 0,5% ертіндісін, хлоргексидинді, микроцидті және т.б. қолдану.

Жарадан көп мөлшерде экссудативті бөлініс бөлінсе арнайы абсорбирлейтін сорғыш таңғыштарды қолданған жөн, олар өз алдына жараны құрғатуға және сұйықтықты соруға әрекет жасайды.

Ойық жараны тазалаған соң, грануляция тіндерінің жетілуі, барлық шараларды жүргізу және жарадағы микрофлораның болуын бақылау, хирургиялық емді қолдануға (оперативті) - жергілікті тіндерден пластика, тері-фасциальді немесе тері-бұлшықетті жамаулармен пластика жасау қолданылады.

Операциядан кейін пайда болған асқынуларға тері астына сұйықтықтың жиналуы, қан кетулер, жараның іріңдеуі, жіптердің жабылмауы, тері жамауының некрозы және жылан көздердің пайда болуы жатады.
Ауыз қуысы күтімі


Ауыз қуысының күтімін барлық науқастарға жүргіземіз, ауыз қуысында микроорганизмдер жиналады. Әлсіреген немесе қызбасы бар науқастардың аузының шырышты қабатында, тістерінде өңез пайда болады, ол жабысқақ шырыштан және эпителий жасушаларынан тұрады, сонымен қатар шіріген немесе ыдыраған тағам қалдықтары, бактериялар жиналады. Нәтижесінде кариес, қабыну үрдістері (стоматит), қызыл иектің қабынуы (гингивит) және т.б. дамиды. Науқастар жайсыздықты сезінеді: көңіл-күйі бұзылып, тағам қабылдағанда ауырсыну пайда болып, сілекей ағу, ауыздан жағымсыз иіс пайда болады және тәбет төмендеп ауыз кебеді, ауыз бұрышында жарық дамиды (хейлит).

Жалпы режимдегі науқастар ауыз қуысының туалетін өз беттерінше атқарады. Әрбір науқас тағам қабылдағаннан кейін немесе ұйқыдан кейін тістерін тазалауы керек. Тіс тазалау үшін тіс эмалін қатайтатын фтор қосылған тіс пастасын қолданады. Тіс шөткесі иекті жарақаттамайтын жұмсақ болуы керек, әлсіреген науқастарға мақта немесе дәке тампондарын қолданады. Ауыз қуысын шаю үшін 0,5% натрий гидрокарбонат ертіндісін (ас содасы ертіндісі) немесе 0,9% натрий хлорид ертіндісін (физиологиялық ертінді) қолданамыз. Ауыз қуысын түймедақ, шайқурай және шалфей тұнбаларымен шайған пайдалы. Ауыз қуысын тазалауды аяқтағанда тілді де шөткемен тазалап, өңезді алған жөн.

Ауыз қуысының қабыну үрдісі кезінде аппликациямен емдейді: қабынған шырышты қабатқа дезинфицирленген ертіндіге малынған зарарсыздандырылған майлықты күніне бірнеше рет 3-5 минутқа қояды. 20 грамдық Жане шприці немесе арнайы груша арқылы дәрілік заттармен ауыз қуысын шаяды. Бұл үшін шпатель арқылы ұртты тартып, ауыз қуысын жуады (сурет 70).

Ауыз қуысының күтімі
Тіс протезі бар науқастар түнгі уақытта протезді шешіп қояды және оны мұқият сабынмен жуып, таң атқанша жеке ыдыста сақтайды, ал таңертеңгілік уақытта ағынды сумен шайып, киеді. Жағдайы ауыр науқастардың ауыз қуысын мейірбике немесе туыстары күніне екі рет өңдеп тазалайды. Ауыз қуысын әлсіз ас содасы немесе арнайы антисептикалық ертіндісімен (фурацилин, риванол) резеңкелі баллон көмегімен жуып отыру қажет. Науқас қалпы – басын алдыға қарай еңкейту (сұйықтықтың тыныс жолдарына түсіп кетпеуі үшін), ауыз бұрышын тарту (жақсы ағып кетуі үшін). Жағдайы өте ауыр науқастарда ауыз қуысын Жане шприці арқылы шаю қолданбайды, себебі жоғарғы тыныс алу жолдарының аспирация қаупіне байланысты.

Егер науқас ес-түссіз болған жағдайда ауыз қуысының күтімін күндіз және түнде де әрбір 2 сағат сайын жүргіземіз. Еріндердің кебуінің және хейлиттің алдын алу мақсатында ерінге фурациллин ертіндісіне малынған (1:5000) дәке майлығын салып қоямыз

Ауыз қуысының күтімінің алгоритмі:

Жабдықтар: клеенка, резенкелі қолғап, сумен стакан, тіс пастасы, жұмсақ тіс шөткесі, вазелин, зарарсызданған дәке түйіршіктері, шайынды суды жинайтын ыдыс, қоқыс салатын қап; 

Іс-шараның орындалуы:




  1. Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіру. 


  2. Науқасты дұрыс қалыпқа отырғызу: 45° градусты бұрышпен арқасына; қырымен немесе ішімен жату (немесе арқасында), басын бүйірге қарату.


  3. Науқас мойыны мен кеудесін клеенкамен жабу, иек астына астауша қою. 


  4. Қолды жуып, қолғап кию. 


  5. Науқасты қолымен ыдысты ұстап тұруын, аузына суды жинауын және шаюды жүзеге асыруын өтіну.


  6. Тіс шөткесін суға малып, оған тіс пастасын жағу. 


  7. Тіс тазалауды жүргізу. Әрбір тісті иегінен бастап, азу тістерінен кескіш тістерге қарай тазалау (тісті жоғарғы жақтан бастап тазалаған дұрыс). Ретпен ішкі, шайнау тістерін және тістердің сыртқы беткейін тазалайды. Іс-шараны екі рет қайталайды.


  8. Науқасқа тілін шығаруын өтіну (немесе ауыздан абайлап зарарсызданған дәке майлығымен тарту).


  9. Тілді антисептикалық ертіндіге малынған дәке түйіршіктерімен тіл түбірінен ұшына қарай бағытта сүрту


  10. Дәке түйіршіктерін ауыстырып ұртты және тіл астын, қызыл иекті сүрту.  


  11. Науқасқа ауызын сумен шаюға көмектесу (немесе груша баллонымен шаю). 


  12. Иегін сүрту, науқас еріндеріне май жағу, жарықты 1% бриллиант көгі ертіндісімен өңдеу. 


  13. Ыдысты, клеенканы жинау, қоқысты қапқа салу және дезинфекцияға жіберу.


  14. Резенкелі қолқапты шешу, қолды жуу. 



Тіс протезінің күтімі (науқастың есті):

Тіс протезі иектің жиі тітіркену, афтозды стоматиттердің және саңырауқұлақты ауруларының себебі болып табылады. Сондықтан оны үнемі өңдеп отыру керек. Кешкі мезгілде жүйелі тазалап отыру маңызды. Түнгілік уақытта протезді шешіп, мұқият тазалап, құрғақ ыдысқа салады. Протезді стаканда сақтау дұрыс емес, себебі протездің беткейінде орналасқан микробтар/саңырауқұлақтар ылғалды ортада жақсы сақталады.

Жабдықтар: сүлгі, резеңкелі қолғап, астауша, протез тістерді салуға арналған ыдыс, тіс пастасы, тіс ысқыш, ерінге жағуға жақпа, дәке салфеткасы, су құйылған стақан, қоқыс салатын қап.

Емшараны орындау:

1. Пациентке емшара барысын түсіндіру. 

2. Пациенттен басын қырына бұруын өтіну.

3. Сүлгіні пациенттің кеудесі мен иегіне дейін жабу. 

4. Қолды жуу, қолғап кию. 

5. Пациенттің иегінің астына астаушаны қою. 

6. Пациенттен бір қолымен астаушаны ұстап тұруды, ал екінші қолымен суы бар стақаннан суды аузына толтырып аузын шаюды өтіну. 

7. Пациенттен тіс протездерін шешуді өтіну. Егер пациент өз бетімен шеше алмаса салфетканың көмегімен оң қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен тіс протездерін шешу.

8. Протездерді арнайы ыдысқа салу.

9. Пациенттен ауыз сумен шаюды өтіну.

10. Салфетканың көмегімен ауыз қуысын өңдеуге көмектесу: тісін, тілін, таңдайын, ұртының ішкі бетін, қызыл иектерін тіл асты аймағын тазалау.

11. Қолданған салфеткаларды қоқыс салатын қапқа салу.

12. Пациенттен ауызын шаюын өтіну.

13. Пациенттің иегін сүрту.

14. Тіс протездері салынған ыдысты қабыршаққа салу. 

15. Шүмекті ашу, судың температурасын реттеу.

16. Ысқышпен және тіс пастасымен тіс протездерінің барлық бетін тазарту.

17. Ағынды суық сумен тіс протездерін және ыдысты шаю.

18. Тіс протездерін түнгі уақытқа сақтау үшін ыдысқа салу немесе пациентке қайта кигізу.




  1. Қолғапты шешу, оларды арнайы қоқыс салуға арналған ыдысқа тастау. 


  2. Қолды жуу. 



Есі жоқ жағдайдағы пациенттің ауыз қуысының күтімі:

Жабдықтар: 2 сүлгі, резеңкелі қолғап, астауша, су құйылған стақан, дәке салфеткасы, лейкопластырь, қайшы, шпатель, жұмсақ тіс ысқыш, вазелин (ерінге жағуға жақпа), ыдыс, қоқыс салатын қап.

Емшараны орындау:
1. Пациентке емшара барысын түсіндіру. 

2. Ағаш шпательге салфетаны орау және оны лейкопластырьмен бекіту.

3. Ауыз қуысын шаюға арналған антисептикалық ерітінді құйылған ыдыс.

4. Пациентті бір жақ қырына жатқызу, пациенттің беті жастықтың қырынан шығып тұру керек.

5. Пациенттің басының астына сүлгіні жаю.

6. Екінші сүлгіні ашып кеудесіне жаю.

7. Астаушаны пациенттің иегінің астына қою. 

8. Күш көрсетпей жайлап пациенттің аузын ашу.

9. Төменгі және жоғарғы жақ тістерінің арасына ауызды кеңейткішті салып, және абайлап жоғарғы және төменгі жақ тістері арасын ашамыз.

10. Тістердің арасына ағаш шпательді салып қою, ауызы ашық тұру үшін.

11. Сұқ саусаққа салфетканы орып үлкен саусақпен қысып тұрып фурациллиннің 0,02% ерітіндісіне немесе 2 пайызды натрий гидрокарбонаты ерітіндісіне малу.

12. Таңдайды, ұрттың ішкі бетін, тістерді, қызыл иекті, тіл, еріндерді салфетка былғанғанша сүрту.

13. Қолданған салфеткаларды қоқыс салуға арналған қапқа салу.

12. Пациенттің тісі жұмсақ ысқышпен тазалау (тіс пастасын қолданбай).

13. Еріндерін вазелинмен майлау

14.Сүлгілерді жинау.

15. Пациентті шалқасына жатқызу.

16. Қолғапты шешу, қолды жуу. 


2.10 Шаш күтімі

Өзін күте алатын науқастар шаштарын өздері күтеді. Ол үшін күнделікті шашын тарап отыру керек (өзінің жеке тарағымен шашын тарау қажет) және аптасына 1 реттен кем емес сусабынмен жуу қажет.

Жағдай ауыр науқастардың шашына медицина қызметкері немесе туыстары күтім жасайды. Ер адамдардың жеке гигиенасын сақтау мақсатынды шашын өте қысқа етіп қияды, ал әйелдердің шашын күнделікті тарап отырады. Инфекциялық аурулары бар науқастардың шашын олардың келісімімен тақырлап алып тастайды.

Жатқан науқастың шашын тарау үшін оның басын алдымен бір жағына одан кейін екінші жағына бұрады. Шашты тістері жиі тарақпен жұлмай тарайды, шаштың түбінен емес ұшынан бастап тарайды және біртіндеп түбіне қарай көтеріледі.

Шатысқан шашты тарау үшін тістері сирек тарақ қолданылады. Ондай тарақтар басты зақымдамайды және ауырсыну тудырмайды. Тарақтарды таза ұстау керек, спиртпен, сірке қышқылымен сүрту және ас содасы немесе нашатыр спиртімен тазалау қажет (сурет 71 а).

Жағдайы ауыр науқастың басын 7-10 күнде 1 рет төсегінде жуады. Ол үшін науқастың басын арта шалқайтып төсектің бас жағына қойылған шараға шашын батырып жуады. Кейбір ауруханаларда бұл мақсатта арнай арнай кереуеттер қолданылады - арқасы көтерілетін (сурет. 71 б).


Жабдықтар: жылы суы бар суқұйғыш. Таза шара, жайма, сусабын, сүлгі, шаш кептіргіш, шаш тарайтын тарақ, медициналық қолғап, алжапқыш, қоқыс салатын қап.

Емшараны орындау:

1. Орындалатын емшараның барысын пациентке таныстыру. 

2. Қолды жуу, алжапқыш және қолғапты кию. 

3. Пациенттің басын қарап, шашын дұрыстау.

4. Пациентті шалқасынан жатқызып, жастығын алып, желке-мойынның астына жапқыш төсеу.

5. Пациенттің иығының астына басын көтеретін жастықша салу және шара қою.

6. Науқастың басын шалқайтып шараның үстіне қарай жақындатады.

7. Басына суқұйғышпен жылы су құйып шашын сулайды.

8. Шамалы сусабын тамызып басын шашын көпіртіп жуады.

9. Құлақтарының артын және шашын мұқият жуады.

10. Басына таза су құйып сабын көпіршіктерін жуады.

11. Шашын таза сумен шаяды.

12. Шашын, құлағын таза сүлгімен сүртеді.

13. Шаш кептіргішті қолданып шашын кептіреді.

14. Жай және абайлап шашын тарайды.

15. Шараны алып, жайманы жинайды, суды төгіп сүлгіні кір жаймаларға арналған қапқа салады.

16. Таза тыс кигізілген жастыққа науқасты жатқызады.

17. Алжапқыш пен қолғапты сүртіп қоқыс салатын қапқа тастайды. 



  1. Қолды жуады.  


Жағдай ауыр науқастарды күту бойынша заманауй технологиялар пациенттің жағдайын және медициналық емшараларды орындауды едәуір жеңілдетеді.

Пациенттің басын жуу бойынша осындай әдістерді қолдану сусыз арнайы сусабындарды қолданумен жүзеге асырылады. Сусабынның құрамында бас терісін және шашты тазартатын белсенді заттар бар. Бұл сусабынды шашқа жаққаннан кейін 2-3 минуттан соң ерітіліп оңай сүртіледі. Осыдан соң шашты құрғақ сүлгімен сүртеді.

Бұдан басқа су қолдану арқылы төсекте басты жууға арналған арнайы үрленген қауызшалар бар. Қауызшалар тез үрленеді пациенттің басын бір қалыпты ұстап тұрады, иыққа күш түсірмейді, оның мойынға арналған арнайы ойығы бар (сурет 72-73).

2.11 Көз күтімі
Жүретін науқастар таңертең өздері жуынады. Жағдай ауыр науқастардың көзін күту аса маңызды. Егер науқастың көзінен кірпіктерін жабыстыратын іріңді бөліністер бөлінсе оны зарарсыздандырылған мақталы немесе дәкелі тампондарды дезинфекциялық ерітіндіге (фурацилин ерітіндісі 1:2000, риванол) малып сүртеді.

Әр көзді бөлек тампондармен кірпіктерін және қабақтарын көздің сыртқы бұрышынан ішіне қарай бағыттап сүртеді. Көзін жуған сұйықтық ағу үшін науқас өзі иегінің астына астауша ұстап тұрады. Көзді 4-5 рет тампондарды ауыстырып сүртеді. Емшараның соңынан аққан ерітіндіні құрғақ тамондармен құрғатып сүртеді.

Көзде қабыну үрдістері болса дәрілік заттарды көзге тамызады немесе көзге арналған жақпаларды жағады.

Көзге тамшы тамызу (инсталляция) (сурет. 74)

Жабдықтар: көз тамшылары құйылған құты, стерильді пипетка, мақта тампоны.

Көзге тамшы тамызу

Емшараны орындау:



  1. Қолды жуу, қолғап кию.


  2. Пациентті отырғызу немесе жатқызу, басын шалқайтып көзін жоғары қаратуын өтіну.


  3. Сол қолдың үлкен саусағымен мақталы тампонды қысып ұстау, төменгі қабақты төмен тарту, сол қолдың сұқ саусағымен жоғарғы қабақты ұстап тұру.


  4. Пипетканың ұшын кірпікке және қабаққа тигізбей (пипетканы көзден 1,5 см алыста ұстау), 1 тамшы ерітіндіні қабақпен көз алмасының арасындағы кеңістікке көз саңылауының ішкі бұрышынан 1 см қашықтықта тамызады.


  5. Көзден аққан көз тамшыларын құрғақ тампонмен құрғатып сүрту.


  6. Көз тамшыларын екінші көзге осындай реттілікпен тамызу.


  7. Пипетканы залалсыздандырылған ерітіндісі бар ыдысқа салу.


Көзге жақпа жағу (сурет 75)

Жабдықтар: жақпа, зарарсыздандырылған шыны таяқша, мақта тампоны.


Көзге жақпа жағу
Емшараны орындау:




  1. Қолды жуу, қолғап кию.


  2. Пациентті отырғызу немесе жатқызу, басын шалқайтып көзін жоғары қаратуын өтіну.


  3. Жақпаны күрекшемен зарарсыздандырылған шыны таяқшаға жағу.


  4. Үлкен саусақпен науқастың төменгі қабағын төмен тарту.


  5. Күрекшені қабаққа параллельді ұстап күрекшенің ұшындағы жақпаны көз алмасының төменгі жағына жағу. Кейде жақпаны тікелей тюбиктен қысып жағуға болады.


  6. Көзді жұмғызып сыртынан жайлап уқалау арқылы жақпаны жаю.


  7. Артық жақпаны мақта шаригімен сүрту.


  8. Қолғапты шешіп, қолды жуу. 



2.12 Мұрын күтімі

Өзін күте алатын науқастар мұрын қусын өздері күтеді. Жағдайы ауыр және төсекте жатқан науқастардың мұрын қуысында тыныс алуды нашарлататын және жағдайын ауырлататын шаң, кір жиналады, сондықтан мұрын қуысына күтімді бекеттегі мейірбике жүргізеді.

Мұрын қуысындағы қабыршықтарды тазалау (сурет 76)

Емшараны орындау:




  1. Мензуркаға вазелин майын құю (немесе глицерин).


  2. Турунданы пинцетпен алып майға батырып шамалы сығады.


  3. Мұрын жолдары жақсы көріну үшін пациенттің басын шалқайтады.


  4. Турунданы мұрын қуысына айналдыра енгізіп 1-3 минутқа қалдырады.


  5. Турундны айналдыра қозғалтып мұрын қуысынан қабыршақтармен қоса алады.

  6. Мұрын қусындағы қабыршықтарды алу


Мұрын қуысына тамшы тамызу

Мұрынға тамшыны (немесе эмульсияны) алдын-ала жылытқан күйде науқасты отырғызып немесе шалқасынан жатқызып тамызады. Тамшыны пипетка арқылы тамызады.

Жабдықтар: зарарсыздандырылған пипетка, вазелин майы (немесе глицерин).

Емшараны орындау:




  1. Тамызатын мұрын қуысына қарама-қарсы жаққа науқастың басын шамалы шалқайту.


  2. Пациенттің мұрнының ұшын саусақпен жоғары көтеру.


  3. Мұрын қанаттарына тигізбей мұрын қуысына тамшы тамызу.


  4. Тамшы тамызған жаққа басын бұру.


  5. 1-2 минуттан кейін екінші мұрын қуысына тамшы тамызу.


  6. Пипетканы дезинфекциялық ерітінді бар ыдысқа салу.



2.13 Құлақ күтімі

Сау құлақты күту оны үнемі жылы сабынды сумен жуумен жүзеге асырылады. Құлақты үшкір заттармен тазалауға болмайды (оның ішінде сіріңке шиімен) себебі құлақ жарғағын немесе есту түтігінің қабырғасын жарақаттауы мүмкін. Наууқастың сыртқы есту жолдарын құлақ тығындары толып қалмау үшін аптасына 2-3 рет тазалап отыру қажет.

Құлаққа тамшы тамызу

Жабдықтар: пипетка, құлақ тамшылары құйылған құты, стерильді мақта.

Емшараны орындау:




  1. Тамшыны адамның дене температурасына дейін жылыту.


  2. Науқастың басын дәрі тамызатын құлаққа қарама-қарсы бұру.


  3. Пипеткаға қажетті мөлшерде тамшы сору.


  4. Сол қолмен науқастың құлақ қалқанын артқы және жоғары қаратып тарту, ал оң қолмен есту жолдарына пипеткамен тамшы тамызу.


  5. 15-20 минут пациент осы қалыпта жата тұру қажет (сұйықтық құлақтан ағып кетпеу үшін)


  6. Сыртқы есту жолына мақта тампонын тығындау.


написать администратору сайта