практика неврология. прак. неврология пні бойынша практикалы дадылар Сезімталдыты трлерін зерттеу (стірт, тере, крделі). стірт сезімталдыты зерттеу
Скачать 37.16 Kb.
|
«НЕВРОЛОГИЯ» пәні бойынша практикалық дағдылар 1.Сезімталдықтың түрлерін зерттеу (үстірт, терең, күрделі). Үстірт сезімталдықты зерттеу Сезімталдықтың барлық түрлерін зерттеу кезінде сырқаттың көзі жұмулы болу керек. Жанасу сезімталдығын тексеру кезіндс дәрігер бір шоқ мақта немесе қыл шашағын алады да сырқаттың бас, дене, аяқ-қол терілсрінің әр түрлі жерлеріне тигізсді. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны «иә» деп мақұлдап отырады. Дененің сезімталдығы жойылған тұсында сырқат жанасу әсерін сезбейді. Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, аяқ-қолдың әрбір жерін симметриялық шамада екі жағынан жеңіл түртеді. Науқас түрткілеудің «өткір» немесе «өткір емес» екендігін айтып отыруға тиіс. Егер түйреуішпен түрткен кезде сырқат адам нерв жүйесі зақымданған аймақтарында ауырсынбаса (аналгезия), немесе сау жағымен салыстырғанда сәл ғана сезінсе, (гипалгезия) әйтпесе қатты ауырсына сезінсе (гапе-ралгезия), «өткір», «тұтқыл» немесе «өте өткір» екендігін білдіріп отырады. Температура сезімталдығын тексеру үшін бір пробиркаға қызуы 40 градустай, екінші пробиркаға 18-20 градус шамасыңда су құйып алған дәрігер пробиркалардың түбін адамның бетіне, денесіне, қол-аяғына симметриялы қашықтықта әр жерден тигізеді. Сонда тек-серілуші «жылы» немесе «салқын» деп өзінің нені сезгенін білдіріп отырады. Егер тигізген тұсында ыстық немесе суықты сезбесе (термогиперестезия), әйтепесе күштірек сезінсе (термогиперестезия), сезімталдық жолдарының осы аймақтарға қатысты құрылымдары зақымданған болып табылады. Терең сезімталдықты тексеру 1)Бұлшык ет - буын сезімталдығы. Дәрігер сырқаттың қол-аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағына қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады, соңынан жоғарғы буындарды қозғалтуға кіріседі де сырқаттан «қай саусағыңды немесе қай буыныңды ұстап отырмын», «қай жаққа қарай козғап (қимылдатып) отырмын» деп сұрайды. Егер сырқаттың нерв жүйесінің сезімталдыққа қатысты құрылымдары зақымданбаса ол дәрігердің әрекеттерін дұрыс бағалайды. Ал жауап дұрыс болмаса тексерілушінің сезімталдыққа қатысы бар нерв жүйесінін, белгілі бір құрылымдары зақымданған болып есептеледі. Тексеру арқылы алынған деректерге сүйене отырып, дәрігер сырқатта бұлшық ет-буын сезімталдығы қол немесе аяқ ұшы саусақтарында немесе иық, жамбас-сан буынына т. б. дейін бұзылғандығы туралы тұжырым жасайды. 2)Діріл сезімталдығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам денесіндегі қақ сүйектерге (толарсақ, тізе тобығы, жамбас сүйегінің қыры, омыртқалардың қылқанды бұтақтары (тармақтары, өсінділері), біз тәрізді өсінділер, шынтақ өсіндісі, бұғана, бас сүйектегі еміздік тәрізді өсінді) жанастырады да сырқаттан дірілдің сезілу немесе сезілмеу деңгейін симметриялык екі жағын сұрап біліп отырады. Осындай жерде тексерістер кезінде сырқат камертонның дірілін сезбеуі (апаллестезия) немесе оны болар-болмас қана сезінуі (гипопаллестезия) мүмкін. 3)Батыру-сығуды сезіну. Дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен немесе барэстезиометр деп аталатын арнайы аспаппен батыра сығып байқайды. Адам қалыпты жағдайда батырудың әр түрлі деңгейін ажырата алады. 4)Салмақты сезіну. Дәрігер сырқаттың екі қолын алдына созғызып, алақанына әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып бақылайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 15-20 г шамасында айырмашылығы анықталады. 5)Кинестетикалық сезім (сезімталдық). Дәрігер саусағымен сырқаттың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, оңға-солға қозғайды. Сырқат тері қатпарының қозғалу бағытын ажырата білуге тиіс. Күрделі сезімталдылықты тексеру: Сезімталдықтың тұрақтылығы. Дәрігер қолына бір шөкім мақта немесе шашақша алып сырқат денесінің симметриялы тұстарын нуку арқылы аталған тітіркендіргіштердің нақтылы әсері сезілген нүктені дәл аныктауы керек. Дені сау адам белгілі нүктені дәл көрсетеді. Ал дертке шалдыққан болса тітіркенген жерін дәлдеп ажырата алмайды, тіпті мүлде басқа нүктелерді нұсқауы мүмкін. Мұндай ауытқушылықтар Топанестезия немесе топгипестезия деп аталады. Кейбір жағдайда сырқат тітіркенген жерін көрсетем деп, мүлде қарама-қарсы жақты нұсқайды. Бұл құбылыс сирек кездеседі. Мұндай ауытқушылық аллохейрия немесе синестезия деп аталады. Дискриминациялык сезімді тексеру үшін екі сирағы ортасында шкала сызықшалары бар қаргаша бекітілген Вебер циркулін (22-сурет) пайдалану арқылы дәрігер сырқаттың терісіне сипаты бірдей бірдей екі тітіркеніс жолдайды. Әуелі циркуль қадамы 8-10 м болса, кейінірек циркуль сирақтарын жақындата отырып оның ұшымен түртеді. Бұл әрекет сырқат екі тітіркеністің ара қашықтығын айыра алмаған кезінде тоқтатылады да қарғашадағы өлшем мөлшері қазылып алынады. Әдетте сау адам циркуль қадамын саусақ ұшында 2 мм және бел тұсында 60 мм дейін ажырата алатындығы белгілі. Дискриминациялық сезім бұзылған кезде бір мезгілде жанасқан екі тітіркеністі сырқат адам ажырата алмайды, немесе ол қалыпты жағдайдан едәуір ауытқиды. Екі өлшемді-кеңістікті сезіну. Дәрігер көзі жұмулы науқастың терісіне цифрларды немесе карапайым геометриялық кескіндерді (крест, шеңбер) салады. Сау адам денесіне жазылғанын айнытпай айтады. Сырқат цифралар мен фигураларды шатастырып ажырата алмауы (графанестезия) немесе оларды қиналып аныктауы (графгипестезия) мүмкін. Стереогностикалық сезім. Тексерілуші адамның алақанына ұсақ- түйек бұйымдарды (кілт, карындаш, түйме т. б.) ұстатып, оларды сипап білуі өтініледі. Егер бір қолымен сипау арқылы аталған бұйымдарды анықтай алмаса, онда оларды екінілі қолына ауыстырып сипатады (үстатады). Сонда тануы мүмкін. Ұстатылған бұйымдарды сипау арқылы ажырата алмауды астереогнозия дейді. Ауырсыну синдромын зерттеу тәсілдері Егер сырқат белгілі бір мүшелері маңайында немесе дене бөлшек- терінде ауырсыну сезетін болса, онда одан дәрігер оларды толық сипаттайтын мағлұматтарды сұрастыру қажет. Ауырсыну шаншу, сыздау, кеміру, шымырлау, солқылдау, күйіп-жану, қатты басу т.б. сипаттамалар арқылы сезінілуі мүмкін. Оған қоса ауырсыну іштей немесе сырттай сезіле ме, үнемі, әлде әлсін-әлсін жаңарып отыра ма, оның пайда болу себептерін, қандай жағдайда күшейеді немесе бәсендегендей болады деген сұрақтарға жауап алу қажет. Тәуліктің қай сәтінде ауырсынудың өршитінін немесе басылатынын, ауа райы құбылыстарының жағатын-жақпайтынын т.б. сыркатқа әсер ететін қоршаған орта және өзгерістер туралы егжей-тегжей сұрап білу дәрігердің міндеті. 2.Қозғалыс жүйені зерттеу (бұлшықет күші, тонусы, сіңір рефлекстері, патологиялық симптомдар). 1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру. Дәрігер сырқаттың дене қалпы (кейпін) мен аяқ-алыс кимылдарын байқаған соң, бірнеше нұсқаулар арқылы олардың қимыл мөлшерін анықтауға кіріседі. Ол нұсқаулар мына төмендегілер: -басыңызды мейлінше төмен қарай иіңіз; -шалқайыңыз; -екі қолыңызды жоғары көтеріңіз; -құлаштарыңызды жазыңыз; -білегіңізді шынтақтан бүгіңіз; -қолыңызды түзулеп жазыңыз; -жұдырыңызды түйіңіз; -оң аяғыңызды жоғары көтеріңіз; -сол аяғыңызды көтеріңіз; -аяқтарыңызды екі жаққа талтайтыңыз; -оларды қайтадан қосыңыз; -екі аяғыңызды қылтадан жоғары, төмен кезек-кезек бүгіңіз; -аяғыңызды жазыңыз; -аяқтарыңыздың ұштарын кезек-кезек бүгіңіз; 2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру. Дәрігер бұлшық еттердің белсенді қимыл мөлшерін анықтау кезінде олардың жиырылу күшін де тексереді. Сырқат адам қимыл- әрекеттерін белгілі бір бағытта өзгертіп, мысалы қолын бүгіп немесе жазып, жұдырығын түйіп т.б. отырады да сол қалпында бар күшімен дәрігердің осы қозғалысты күшпен өзгертуіне қарсылық білдіреді. Айталық, шынтақтан бүгілген қолдың қарын жазу үшін дәрігер сырқаттың шынтағын сыртынан ұстап, күшпен жазуға тырысады. Бұлшықеттердің күші алты балдық өлшем арқылы бағаланады: 0 сал болып қалу; 1 - әзер пайда болатын қимылдар; 2 - ептеп қимылдау, бірақ аяқ-қол салмағын көтере алмау; 3 -- қимыл көлемінің азаюы, бірақ аяқ-қолын көтеру; 4 - бұлшықет күші азайғанмен қимыл көлемі толык; 5 - бұлшықет күші қалыпты жағдайда сақталған. Қол ұшы бұлшықеттерінің күшін динамометр арқылы да өлшеуге Болады. Бұлшықет күші өзгеруі екі түрлі болады: 1) Сал болу немесе плегия (0); 2) Парез - бұлшықет күшінің әлсіреуі. Егер бұлшықет күші 4 ұпайға сәйкес болса парездің жеңіл түрі, 3 ұпай болса парездің орта дәрежеде болуы, 2 немесе 1 ұпай болса парездің деңгейі өте жоғары болғандығы деп есептеледі. Әдетте сал болу (плегия) немесе қимыл-әрекеттері әлсіреуінің (парез) мына төмендегідей варианттары болады: моноплегия - аяқтың немесе қолдың сал болуы; монопарез - аяқ немесе қол қимыл әрекеттерінің төмендеуі (әлсіреуі); параплегия - екі аяқтың немесе екі қолдың салдануы; парапарез - екі аяқтың немесе екі қолдың әлсізденуі; гемиплегия - оң немесе сол жақ дененің сал болуы; гемипарез - оң немесе сол жақ дененің әлсізденуі; тетраплегия - екі аяқ пен екі қолдың сал болуы; тетрапарез - екі аяқ пен екі қолдың әлсізденуі. Бұлшықет әлсізденуін (парезді) анықтайтын әр түрлі арнайы сынақтар қолданылады: 1. Русецкий сыны. Екі қол ұшы бір мезетте белсенді түрде жазылса, әлсізденген қолдың ұшы өзінен-өзі ақырындап бүгіле береді. 2. Жоғарғы Барре сыны. Сырқат екі колын алға созып, 1-2 минуттай көзін жұмып тұрса, әлсіреген қол өзінен-өзі бүгіле бастайды. 3. Барренің саусақ сыны. Әлсіреген қолдың саусақтарын бірінен- бірін белсенді түрде жазып ажырату қиын болады. 4. Вендерович сыны. Сырқат шынашағын шеттетуге әрекеттенген дәрігер ықпалына қарсылық жасай алмайды. 5. Барренің төменгі сыны. Сырқат көзін жұмып шалқасынан жатқызылады да екі аяғын 60° шамасында созып, еңісте немесе ол етпетінен жатып аяқтарын тізеден бүгіп ұстап тұруға тырысады. Осындай жағдайларда сырқат әлсіреген аяғын сол қалпында ұстап тұра алмайды. 3. Бұлшықет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері. Бұлшық еттің қалыпты жағдайда созылу, жұмсару және тез ширығу (жиырылу) қабілетін бұлшық еттің серпімділігі (тонусы) деп атайды. Бұлшықет қабілетін (тонусын тексеру барысында оның серпімділігін және ырықсыз қимылдарға қарсылық жасау шамасын байқау қажет. Бұлшықеттердің тыныштық (қимыл-әрекетсіз) күйіндегі серпімділігін дәрігер саусағының ұшымен оларды бірте-бірте қаттырақ басып, саусақ ұшын бұлшықеттің сіңіріне қарай бағыттау арқылы тексереді. Ырықсыз қимылға қарсылық қабілетін тексеру үшін дәрігер сырқаттың қолын немесе аяғын әуелі екі-үш рет оқыс иіп жазады, одан кейін буын тусын 4-10 рет еппен баяу иіп жазады, әрі-бері қозғайды, ақырын бұрап байқайды. Сонымен дәрігер бұлшықет серпімділігін женуге қаншалықты күші жұмсағаны, ырықсыз Қимылдардың барлығының біркелкілігі, байсалдылығы, көлемі, агонистер антагонистер ара қатынасы және ырықсыз қозғалыстар тоқтатылған сәттегі серпімділік әсері туралы алған деректерге сүйене отырып бұлшықет тонусы (куаты) жөнінде тиісті қорытындылар жасай алады. Қалыпты жағдайда тексерілген бұлшықеттердің ырықсыз қимылдарға қарсылық кабілеті қозғалыстың барлық бағытында біркелкі жеңіл, ешбір бөгетсіз болатындығы байқалады. Агонистер мен антагонистер ара қатынасы иық пен жамбас-сан буындарын бүгетін бұлшықеттерде, ынтақ буынын бүгетін және сыртына қарай бұрайтын бұлшықеттер, тізе буынын создырғыштар, тірсек-аяқ ұшы буындарын созатын және ішіне қарай бұратын бұлшықеттер серпімділігінің басымдырақтығымен сипатталады. 4. Бұлшықеттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы. Бұлшықеттердің нәрлендірілу (трофикалық) қабілетін (функциясын) тексеру үшін сырқатты шешіндіріп мұқият қарау керек. Бұлшықеттердің қаншалықты азғандығын, солғандығын байқаған жөн. Егерде қолдың немесе аяқтың біреуінің бұлшықеттері азып солған болса, өлшегіш таспа көмегімен сау қолдың немесе аяқтың жуандығын өлшеп азған аяқтың жуандығын өлшегенде алынған мөлшерден айырмасын анықтау керек. Айталық азып солған санның жуандығы сау саннан 2-3 см-ге жіңішке болуы мүмкін. 5. Нервтер мен бұлшықеттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу. Бұлшықеттердің электр әсерінен тітіркенуін тұрақты (гальвандық) және тұрақсыз (фарадикалық) тоқ арқылы зерттейді. Қалыпты жағдайда нервті немесе бұлшықетті фарадикалык тоқпен тітіркендіргенде олар тоқ әсері үзілгенше сіресіп жиырылып тұрады. Ал гальвандык токпен тітіркендіргенде бұлшықет тоқ тұйықталған немесе үзілген кезінде ғана кенеттен ширығады. Тұрақты токтың анод және катод аталатын екі полюсы болғандықтан анод әсерінен ширығу (AӘШ) және катод әсерінен ширығу (КӘШ) болады. Қалыпты жағдайда егер тоқ күші өзгермесе КӘ АӘШ-тан жоғары болады (КӘ > АӘШ). 3.Мишық пен экстрапирамидалық жүйенің қызметтерін зерттеу. Экстрапирамдтік жүйе қызметін зерттеу тәсілдері: 1. Түрегеп тұру мен жүрісті тексеру. Сырқатты орнынан тұрғызып, 15-20 секунд шамасында қозғалмай тұруын өтінеді. Бұдан кейін көзі ашық күйінде бөлме ішінде ерсілі-қарсылы жүргізеді. 2. Жазу қабілетін тексеру. Сырқаттан оның жазуы, қол таңбасы өзгерген-өзгермегендігін сұрайды, бірнеше жаздырып байқайды. 3. Тонустық-постуралдык рефлекстерді тексеру: Аяқ ұшы феномені (Вестфаль феномені). Дәрігер шалқасынан жатқан сырқаттың тізесін мейлінше (созып), босатып жіберсе, экстрапирамидтік жүйесі зақымданбаған адамның аяғының ұшы қалпына келеді, ал наукастiкі сол күйінде қалып қояды. Шектен тыс қимылдар (гиперкинез) синдромында аяғынын ушын ұстап тұра алмайды. Тізе феномені (Фya-Teвeнaр феномені) Дәрігер етпетінен жатқан адамның тізесін бүгіп, өкшесін жамбасына жеткізгенде қалыпты жағдайда оның тізесі жазы- лып алғашқы қалпына келеді, ал акинетиктік-ригидті синдромда сырқаттың тізесі бүгулі күйінде қалып қояды. 4. Кері жұлқынуы (созылуы) болмайтын симптом (СтоартХолмс симптомы). Сырқат көлденеңінен бұрылған қолын бар күшімен шынтақ буынынан бүгеді (білек пен қол ұшы пронация күйінде, жұдырығы түюлі), дәрігер онын білезігінен жазуға тырысады. Дәрігердің қарсылығы кенеттен тоқтаған сәтте тексерілуші кеудесін қолымен қатты соғып алады. Сау адамда мұндай құбылыс болмайды, үйткені антагонистер тез қарсылық жасап соғылудың болмауын қамтамасыз етеді. 5. Көз, бет, тіл симптомы. Дәрігер сырқаттың көзін жұмғызып, тілін аузынан шығартқызады. Сау адам тілін шығарған күйінде сақтап ұзақ тұра алады. Хорея тәрізді гиперкинеза (шектен тыс қимылдар) бар сырқат тілін бұл қалпында 15 секундтан артық ұстап тұра алмайды. 6. Ырықсыз қимылдардың көмегімен бұлшықеттердің тонусы (күш- қуаты) тексеріледі. Мишық қызметін тексеру: 1. Ромберг кейпінде тепе-теңдікті тексеру. Сырқат табандарын қатарластырып, екі қолын алдына алақанымен төмен созып, екі аяғынан әуелі көзін ашып, одан кейін жұмып тік тұрады. Ромберг тәсілінің күрделі түрін тексеру үшін: а) сырқат бір табанын екінші табанының алдына бір сызық бойымен әуелі көзін ашып, одан кейін жұмып тура қояды; б) басын кезекпен екі жағына, алға, артқа бұрып, екі табанын біріне-бірін қатар тиістіріп, көзін ашып, одан кейін жұмып тұрады; в) аяғының ұшымен тұрады; г) бір аяғын көтеріп, көзін ашып, одан кейін жұмып тұрады. Егер мишықтың жарты шарының біреуі зақымданса сырқат сол зақымданған жаққа қарай теңселеді немесе құлап кетеді (атаксия). Мишықтың табаны зақымданған болса кез келген жаққа, көбіне шалқалап құлайды. Көзбен бақылау атаксия құбылысына айтарлықтай әсер етпейді. 2. Жүрісті тексеру. Сырқат бөлме ішінде бір сызық бойымен көзін ашып, одан кейін жұмып, алға-артқа, көлденең (флангалык жүріс) жүреді. Мишығы зақымданған сырқат екі аяғының арасын ашып, сақтанып, шайқалып жүреді («мас кісінің жүрісі»). Мишықтың табаны зақымданса, сырқат екі жағына шайқалып жүреді, жарты шары зақымданса, зақымданған жаққа қарай қисая кетеді, көлденеңінен қырындап жүре алмайды. 3. Саусақпен мұрын ұшын табу. Сырқат көзін ашып, одан кейін жұмып, сұқ саусағының ұшымен мұрнының ұшын табуы керек. Мишығы зақымданған адамда мына төмендегідей симптомдар пайда болады; a) сырқат саусағын мұрнының ұшына дәл тигізе алмай, мишығының зақымданған жағына қарай ауытқып иегіне, ерніне т.б. тигізуі мумкін; б) қолы дірілдеп, саусағы мұрнының ұшына таяған сайын ол діріл күшейе түседі (интенциялык діріл); в) саусағын мурнының ұшына жеткізе алмайды (гипометрия) немесе саусағы одан әлдеқайда ауытқиды (гиперметрия). 4. Өкше мен тізе арқылы тексеру.Сырқат бір аяғының өкшесімен екінші аяғының тізесін тауып, төмен қарай жіліншік бойымен аяғының ұшына дейін, одан жоғары тізесіне дейін жылжыту керек. Мишығы зақымданған адам өкшесімен тізесін тауып, оған жеткізе алмайды. Мишықтың жарты шары зақымданса, сол жағында аты аталған белгілер көрініс береді. 5. Днaдoхокинез сыны (әдісі). Сырқат екі қолын созып, саусақтарының арасын кезекпе-кезек жылдамырақ темппен супинация және пронация қимылдарын жасайды. Мишық зақымданса бұл қимылдар бытыраңқы, баяу, қолайсыз болып білінеді (адиадохокинез). Мишықтың зақымданған жағында аталған құбылыстар басым болады. 6. Саусақпен дәл табу сыны. Сырқат қолын созып тұрып сұқ саусағымен біраз алшақтау тұрған дәрігердің саусағын немесе оның қолындағы невралгиялық балғаның басын дәл табуы керек. Бұл сын көлденең және тік жазықта көзі ашық және жұмылу кезінде орындалады. Мишық зақымданғанда сырқаттын саусағы зақымданған жағында көздеген межеге жете алмай, көбіне дәрігердің саусағының сыртына қарай ауытқи береді. 7. Бабинский асинергиясы. Сырқат шалқасынан жатып екі аяғын талтайтып, қолдарын кеудесіне айқастыра ұстап көтеріле отыруы керек Мишықтың екі жарты шары бірден немесе оның табаны зақымданса, сырқат отыра бергенде екі аяғын бірдей жоғары көтеріп қалады. Ал отыруға әрекеттенгенде бір аяғы көтеріліп қалса, онда оның мишығының осы жағындағы жарты шары зақымданғаны. 8. Алып, қайта қою (дисметрия) сыны - бір затты тұрған жерінен алып, қайтадан орнына дәл қою қабілеті. Сырқат столда жатқан нәрсені (қарындаш, кітап т.б.) алып, қайтадан орнына қоюы керек. Мишығы зақымданған адам тапсырманы дұрыс орындай алмайды, зақымданған жарты шар жағына ауытқи береді. 9. Сөзін (сөйлеу қабілетін) тексеру. Сырқат бірнеше сөзді немесе сөз тіркестерін, атап айтқанда, қиын айтылатын күрделі сөздерді (қанағаттандыру, ұйымдастырылмағандықтан, қауіпсіздендіру т.с.с.) дәрігермен бірге қайталауға тиіс. Егер мишық зақымданған болса сөздер бұзылып, созылып, буын-буынға бөгелініп, іркіліп-іркіліп айтылады (мәнерлеп сөйлеу). 10. Жазуын тексеру. Дәрігер сырқаттан оның жазуы, қол таңбасы өзгерді ме, жоқ па, соны сұрастырады. Жазу жазғызып тексеріп көреді. Мишық зақымданғанда сырқаттың жазуы бұзылып, түзу шыкпайды, иректеліп, әpirrері мүлде ірі болып келеді (мегалография). 11. Бұлшықеттердің тонусы (күш қуаты) зақымданған жағында кемиді. Кейде сіңір (проприорецептивтік) рефлекстер бәсеңдейді. 12. Hистагм - көз алмасының дірілдеуі. Дәрігер сыркаттың көз алдына неврологиялық балғаны ұстап оңға, солға, жоғары, төмен козғап, көз алмасын осы бағыттарда қимылдатуын өтінеді. Мишық зақымдан- ғанда сырқаттың көз алмасы екі жағына кезекпен-кезек ырғақты түрде тітіркенгендей болып дірілдейді (көздің өзіндік интенциалды дірілі) - көлденең нистагм. Сонымен мишықтың зақымдануына байланысты дененің тепе-теңдігі бұзылады. Егер мишықтың жарты шары зақымданса сол зақымданған жақта қол немесе аяқтың тепе-тендігі жойылады (статикалық атаксия), мишықтың ортасындағы табаны (табаншасы) зақымданса дене шайқала береді (динамикалык атаксия). 4.Мидың жоғарғы қызметтерін зерттеу. 1.Импрессивтік сөйлеу. Дәрігер әуелі сырқаттын белгілі бір сөз мағыналарын қалай түсінетінін анықтайды. Сыркатқа аты аталған заттарды (қалам, тарақ, орындық, денесінің мүшелерін) көрсетіп ұсынады. Бұдан кейін қарапайым және күрделі сөйлемдерді түсінетінін байқайды. Сырқатқа «көзіңізді жұмыңыз», «тіліңізді көрсетіңіз» т.б. қарапайым тілектер кояды. Одан кейін күрделірек өтініш қояды. «Тарағыңызбен кілтті нұсқаңызшы» деген тәрізді. «Хасен Ахметтің соңында келе жатыр» деген сөйлем айтып, сосын «Алда келе жатқан кім?» деп сұрайды.Мағынасы қарама-қарсы, бірақ сөздері бір «Піл шыбыннан үлкен»,«Шыбын пілден үлкен» деген сөйлемдерді айтыла, сырқаттың бұл сөйлемнің мағынасын қалай айырғанын анықтайды. Сырқаттың естіп саралау қабілетін байқау үшін айтылуы ұқсас: б- п, п-б, та-да, да-та, ма-па, па-ма сияқты әріптер мен әріп тіркестерін құлағына жеткізеді. 2. Экспрессивтік сөйлеу. Қайталау. Сыркаттан а, к, у. б әріптерін, та, ма, ди буындарын, одан кейін стол, қалам, әліппе сөздерін қайталау сұралады. Автоматты сөйлеу. Сырқаттан 1-ден 10-ға дейін санау, әліппе әріптерін ретімен айту, күндерді, апталарды, айларды атау өтініледі. Хабарлы сөйлем. Сырқаттан «қай жеріңіз ауырады?», «қалай ұйықтайсыз», «қашаннан бері сырқатсыз?» деген сауалдарға жауап сұралады. Немесе көпшілікке белгілі-ау деген қарапайым мәселелер жөнінде мағлұмат айту өтініледі. Мысалы, «кандай кітап оқыдыңыз, оның мазмұны қандай?» деген сиякты. 3.Сырқат тан өзіне таныс заттарды көрсетіп, атын атауды өтінеді. 4. Жазуын тексеру. Кітаптан немесе газеттен белгілі бір текст беріп немесе айтып тұрып жаздыру, койылған сұраққа жазбаша жауап қайтару. 5. Оқуын тексеру. Сырқатқа ірі әріптермен жазылған қарапайым мәтіндерді беріп оқытады. Қағазға «тіліңізді көрсетіңіз», «сол қолыңызды жоғары көтеріңіз» деп жазбаша жарлық беріліп, оның орындалуы өтініледі. 6. Түйсінді тексеру. Жанасу түйсінуін тексеру үшін сырқаттың көзін жұмғызып, әуелі оң қолына, соңынан сол қолына өзіне таныс ұсақ заттар ұстатып, сипатып, олардың атын айтуы өтініледі. 7. Мақсатты іс-қимылдарды (праксисті) тексеру. Сырқат адам дәрігер көрсеткен қимылды қайталауға тиіс. Басын шұлғиды, бір қолын жоғары көтереді, екінші қолын алға созады. Сырқаттан белгілі заттармен қимыл-әрекеттер жасауын өтінеді мысалы «түйменізді салыныз», «сіріңке тұтатыңыз»).Сырқаттан көзіне елестетіп, белгілі іс-әрекеттердің қалай орындалатынын көрсету өтініледі: (мысалы, «қабырғаға шегені қалай кағар едіңіз», «инені қалай сабақтар едіңіз». Сырқатқа басқа да көпке танымал қимылдар жасау жөнінде жарлық беріледі («Салют берініз», «Әскери адамша құрмет көрсетіңіз»). Сырқатқа сіріңке шилерін беріп, солардан үй құрастырып, немесе құдық жасау, геометриялық фигуралар (төртбұрыш, үшбұрыш) құрастыру сұралады. 5.Менингеальды симптомдарды зерттеу. Люмбальды пункцияны орындау әдістемесі, ликвордың анализінің қорытындыларын қалыпты және патологиялық жағдайларында интерпретациялау. Ми қабықтары қабынуы, улану және оның тор кабығы асты кеңістігіне қан құйылуы кезінде ми қабықтары тітіркенуіне байланысты менингеальдык (ми кабыктары) синдром пайда болады. Менингеальдык синдромның клиникалық белгілері: 1) бастың қалпы өзгеруіне, жарық сәулеге және қатты дыбыстарға байланысты бас ауруының күшейе түсуі; 2) көк желке, омыртқанын артқы бойы ауруы; 3) тағам қабылдауға қатыссыз, кенеттен көп мөлшерде құсу және осыдан кейін бас ауруы денгейінің бәсендеуі; 4) көру, есту т.б. тітіркеністерге сезімділігінің өршуі (күшейе түсуі). Ми қабықтары тітіркенуінен пайда болатын бұлшықеттер тонусы өзгеруі арқылы көрініс беретін белгілер көмегімен менингеальдық синдромды объективті түрде дәлелдеуге болады. 1. Тазы иттің кейпі. Сыркат басын шалқайтып, аяғын бауырына алып, ішін тартып шалқасынан жатады . 2. Желке бұлшықеттерінің сiресуі - желкенің тартылып тырысып қалуы. Дәрігер алақанын сырқаттың желкесіне апарып, басын имек болса, желке бұлшықеттерінің ерекше ширығуына байланысты басты еңкейте алмайды. 3. Кернинг симптомы. Дәрігер сырқаттың бүгілген аяғын көтеріп созбақ болса, жіліншік бұлшықеттерінің қатты ширығуына байланысты оның аяғы тізе буынынан жазылмайды. 4. Брудзинский симптомы. Сырқаттың басын имек болсақ, аяқтары да иіледі - жоғарғы белгі (а); кіндіктен төмен басқанда да аяқ иіледі - ортаңғы белгі (б); Керниг симптомын тексерген кезде екінші жақтағы аяғы иіледі - төменгі белгі (в). 5. Мендель симптомы. Құлақтың сыртқы тесігінің алдыңғы жағын саусақпен (қаттырақ) батыра басса, сырқат бетін тыжыртып ауырсынғанын білдіреді. 6. Бехтеревтің бет сүйек рефлексі. Бет сүйегін балғамен тықыл- датып көргенде, беттің жақ жартысы ауырсынып тыжырынады, басы ауырады. 7. Лесаждық қолтықтан көтеру белгісі. Егер ауру баланы екі қолтығынан ұстап көтерсеңіз, ол аяқтарын бауырына жиып алып, қозғалмай қалады. Люмбальды пункцияны орындау әдістемесі: Көптеген нерв жүйесі ауруларында ми-жұлын сұйығының (МЖС) қысымы мен құрамы өзгереді. МЖС қысымы кұрамын анықтау үшін ликвор кеңістіктерін арнаулы ине көмегімен теседі. Күнделікті неврологиялық тәжірибеде мЖС жолының бел тұсы (ми-жұлын сұйығының соңғы цистернасы) тесіледі. 1)Бел омыртқалар арасы міндетті түрде сырқаттың оң жақ бүйірімен жатқызылу кейпінде тесіледі. 2)Сырқат аяқтарын ішіне қусырып, екі қолымен кұшақтап оң жақ бүйірімен тақтай төсекке жатады. Кейбір жағдайда сырқат тақ тай төсек шетіне отырғызылады немесе орындықтың арқасына бетін қаратып оған атша мініп отырады. 3)Омыртка өзегінде жұлын екінші бел омыртқаның үстіңгі шетінде аяқталады. Осы деңгейден төмен мн-жұлын сұйығымен толтырылған соңғы цистерна мен ат құйрығы тәрізді түбіршелер орналасады. 4)Арнаулы инемен 2-3, 3-4 және 4-5 бел омыртқалары арасы тесіледі. Жұлынды жарақаттап алмау мақсатында бұдан жоғары омыртқалар аралықтарын тесуге болмайды. Омыртқа аралығы мандрені бар Бир инесі көмегімен тесіледі. 5) Тесетін жерді анықтау үшін жамбас сүйектерінің жоғарғы қырларын омыртқа бағанында үшінші бел омыртканын қылқанды өсігі бойымен (тармағымен) қиылыстыратын сызықпен байланыстырады. Операция алаңы йодпен тазартылады да таза салфетка көмегімен анықталады. Тесілетін жер спиртпен сүртіледі де сол тұстағы теріге 2-3 мл 1-2% новокаин ерітіндісі жіберіледі. 6)Мандренді инемен тері, тері асты клетчатка, омыртқа байламдары, қатты және торлы ми қабықтары тесіледі де торлы кабық асты кеңістігіндегі сонғы цистернаға кіреді. Мандренді ине алынғаннан кейін ми-жұлын сұйығы аға бастайды. Оның қысымы қалыпты жағдайда болса, сұйық минутына 60 тамшы шамасында ағады. Мн-жұлын сұйығы қысымы L тәрізді иілген шыны түтікшесі көмегімен өлшенеді. Ликвордың анализінің қалыпты қорытындысы Қалыпты жағдайда МЖС өңсіз және мөлдір болады. Оның меншікті салмағы мен тұтқырлығы (жабысқақтығы) судағы көрсет- кіштеріне таяу. Сондықтан ликвор қысымы су бағанындағы мм мөлшерімен өлшенеді. Қалыпты жағдайда ликвор қысымы көлденеңінен жатқан адамда су бағанымен 100-180 мм, отырғанда су бағанымен 300- 400 мм, ондағы белоктың мөлшері 0, 16-0,33%, клеткалар (тек қана кіші лимфоциттар) саны 5-тен аспайды, қант 40-60 мг% (2,5-3,5 ммоль/л), хлоридтар 680-720 мг% (200-225 ммоль/л) және басқа да ингредиенттер (микроэлементтер, витаминдер, антителалар т.б.) бар. Ми-жұлын сұйығы ошақты симптомдары бар нерв жүйесі ауруларының себебін және даму механизмін анықтау мақсатында тексеріледі. Менингеальдық синдромы бар сырқаттарда ми-жұлын сұйығы жедел тексерілуі шарт. Ми-жұлын сұйығының патологиялык өзгерістері Ми қабығы қабынуы кезінде ми-жұлын сұйығында клеткалар саны көбейеді (плеоцитоз). Ірінді кабынуға байланысты ми-жұлын сұйығында сегментті ядролар бар нейтрофилдер көбейеді, олардың саны 1 мм бірнеше мыңға жетеді, сұйық күңгірттенеді, сары- жасылданады, ірінді болып кетеді. Сероздық қабыну кезінде ми-жұлын сұйығында көбіне немесе тек қана лимфоциттер саны бірнеше жүзге дейін көбейіп кетеді, бірақ сұйықтың түсі өзгермейді де мөлдір күйінде сақталады. Ми қабының серозды вирустық қабынуына байланысты ми жұлын сұйығындағы қант қалыпты мөлшерде болуы немесе көбеюі мүмкін. Туберкулезді менингит кезінде ондағы қанттың мөлшері азаяды. Ми-жұлын сұйығында қанның қоспасы тор кабық асты кеңістігіне қан құйылған кезде анықталады. Сұйық күңгірттеніп, қызғылттанып немесе кып-қызыл болып кетеді. Мәс Фукс-Розенталь камерасында сілтісізденген тексергенде, жаңадан эритроциттер көбейеді. Сондай-ақ, сұйықты центрифугада айналдырғанда эритроциттер тұнады да, тұнбадан жоғарғы сұйықтар түссіз мөлдір күйінде сақталады. Тор қабық асты кеңістігіне қан құйылғаннан 7-10 күн өткенде эритроциттердің гемолизденуі мен гемоглобиннің билирубинге айналуы нәтижесінде сұйық мөлдір және ксантохромды (сарғыш хром түсті) болады. Ми немесе жұлын ісігі кезінде ми-жұлын сұйығындағы белоктың мөлшері 1,0-6,% және одан да жоғары көбейеді де клеткалар саны өзгермейді (белоктық-клеткалық лиссоциация). Белоктың мөлшері аса көп болса сұйық сарғыштанады. |