Сйінші, Сйінші! Жазира жегем босанды! Звук ребенка
Скачать 56.5 Kb.
|
Гуля -Сүйінші, Сүйінші! Жазира жеңгем босанды! Звук ребенка Гаухар -Сүйінші! Менің жеңгем босанды!» /үй ішінде дастарқанды қоралай отырған ер-әйелі, кәрі-жасы аралас адамдар тобы көрінеді / /төрде отырған ақсақалға қарап / Гуля -Ақсақал, келініңіз аман-есен қол-аяғын бауырына алып, немерелі болдыңыз, немереңіздің бауы берік, жасы ұзақ болсын! Гаухар -Балаңыздың бауы берік болсын! Жоныс ағай: /өте тебіреністі бейнемен / – Айтқандарың келсін! Гаухар К -Ата, осы шілдехана тойын өзіңіз ата дәстүріміз бойынша ақ батамен бастап беріңіз?! / Дастарқан басында отырғандардың барлығы қолдарын жая ақсақалға қарайды / Жоныс ағай: -Аумиін! / көтеріле отырып, тамағын қырнап алғаннан кейін қолын жая / Көтерейік білекті, Нұрға бөлеп жүректі. Бөбекке бата берейік, Ағынан айтып тілекті: Сәбиіміз сүйкімді болсын, Өнер-білімге икемді болсын, Бәйтеректей бойшаңданып, Өрен, өршіл, өркенді болсын! Жақсы жолды таңдасын, Жамандық тәлім алмасын! Даналардың дәстүрін, Жаңаласын, жалғасын, Шұғылалы шуақты күн кешсін, Басын сұр бұлт шалмасын, Қос топшысы талмасын, Қырандай биік самғасын! Захар Н -Аумиін, айтқаныңыз келсін. Берген батаңыз періштелердің құлақтарына шалынсын. Мархаба -Аталарымыздан «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе, қойға қасқыр шабады» деген сөз қалған еді. Сіздер бүгін жас сәбиді өмір есігін аштырған ерекше құтты қонақ болып отырсыздар. Таң атқанша домбыра тартып, би билеп, өлең айтайық! Мархаба -Омыртақадан ауыз тиіңіз. Ақерке -Оны мүжіп болған соң не істейміз? Жоныс ағай - Бір тобылғыға тізіп үйдің ең жоғары жеріне іліп қоямыз. Айгуль апа -Баланың мойны тез бекісін деген қазақтың ырымы ғой. Мархаба -Қазақ халқында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүріміз бар. Баламызға ат қояйық. Отырған халық: /бәрі/ -Иә, иә... Захар Н -Ортамызда жасы үлкен ақсақалы бар. Баланын атын сол қойсын. /Жазира сәбиді Жоныс ағайға апарады/ Жоныс ағай -«Сенің атың Наурызбай» / деп үш рет қайталанады/ Өмірін нұрлы болсын, ата-анаңа , еліне нұрын жаусын. Бір үйдің баласы болма, Бүкіл елдің санасы бол! Бір елдің баласы болма, Бар елдің данасы бол! Бір тонның жағасы болма, Бүкіл елдің ағасы бол. Өзіңе-өзің берік бол, Халқыңа әділ бол! Жауыңа қатал бол, Досыңа адал бол! Карылгаш : - қой, баланы бесікке салайық. Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген, үбірлі-шүбірлі қадірмен әйелге тапсырылатын ырым бар. Ендеше, Айгуль апа, сіз көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді өнегелі тәтесіз. Бесікке сіз салыңыз баланы. Сіздің жолыңызды берсін мына отырған жас қыз-келіншектерге. Айгуль апа: қане, бесікті әкел. Бесік – өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы, мұны білген абзал. Гульжанат : апа, мына бесік тесік қой. Айгуль апа : ол әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаға тазалық, алаңсыз ұйқы сыйлайды. Алдымен тыштырма жасайық. /тыштырма ырымы - түбектің тесігінен» тышты ма» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіреді./ Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендік. Гаухар К: Енді бесікті аластайық. Бесікті аластау Алас, алас, баладан алас, Иесі келді, пәлесі көш! Алас, алас, бәледен алас, Көзі жаманның көзінен алас! Тілі жаманның тілінен алас! Қырық қабырғасынан алас, Отыз омыртқасынан алас! Алас, алас, аласы, Келді, міне, баласы. Көш, көш, пәлесі, Келді, міне, егесі. Аталарың ақырса, одан қорықпа, Аналарың, ағаларың шақырса, одан қорықпа, Ойнақтаған лақтан қорықпа, Сылдыраған бұлақтан қорықпа. Тулаған тайдан, Қуалаған ботадан қорықпа! Маң төбеттей ұйқылы бол, Түлкінің баласындай күлкілі бол. Алас, алас, аласы, Келді, міне, баласы. Ұйықтап дем алсын, Қунап оянсын! Мархаба : Бесік - баланың ұйқысын ғана күзетіп қоймайды, оны халық сенімі бойынша, жын-шайтаннан да қорғайды. Сол үшін де халқымыз бесікті 7 затпен жабдықтаған. Олар - көрпе, қамшы, жүген, шапан, тон, кебенек, шекпен. Баланы әруақтар қорғап жүрсін деп, ата-бабадан қалған сырт киім, ел тізгінін ұстар азамат болсын деп, аттың тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды. Бесікке бөлеу Мойнымдағы тұмарым, Тарқамайтын құмарым. Тағдыр берген алсын деп, Ақ бесікке салсын деп. Мойнымдағы маржаным, Қорадағы мал-жаным. Бесігіңе жата ғой, Тәтті ұйқыға бата ғой. Балам жатсын бесікке, Пәлесі қалсын есікте. Бесіктен шешіп аларда Анасы шешіп алсын, Ұйқысы бесікте қалсын. Балам бесіктен шықсын, Пәлесі есіктен шықсын. Айгуль апа: бата береді: Бата: Көтерейік білекті, Нұрға бөлеп жүректі. Бөбекке бата берейік, Ағынан айтып тілекті: Сәбиіміз сүйкімді болсын, Өнер-білімге икемді болсын, Бәйтеректей бойшаңданып, Өрен, өршіл, өркенді болсын! Жақсы жолды таңдасын, Жамандық тәлім алмасын! Даналардың дәстүрін, Жаңаласын, жалғасын, Шұғылалы шуақты күн кешсін, Басын сұр бұлт шалмасын, Қос топшысы талмасын, Қырандай биік самғасын! Айгуль апа : - Ал енді, қызым бесік жырыңды айтып, сәбиіңді ұйықтата ғой. Анасы бесіктің теріс жағынан отырады. Айгуль апа: бесіктің теріс жағынан отыруға болмайды. Оң жағынан отыру керек. Анасы жай уілдете бастайды. Айгуль апа: жоқ, қызым, бесік жырын үйренгенің жөн. Бесік жыры баланың дүние танымының ерте кеңеюіне жол ашады. Қазақ халқының балаларының тілі ерте шығып, жатық сөйлеуінің кілті - осы бесік жырында жатыр. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Ана баланы әннің ырғағымен тербетеді. Өкініштісі, бүгінде бесік жырын әндететін ана аз. Мархаба Қырық күннен кейін. Қырқынан шығару тойы Жазира су жинайды Айгуль БАйгуттиевна баланы ұстап жуындырады, Жоныс ағай шашын алады, тырнағын алады. Итті қуып шығып кетеді Ақерке Шілдехана әнін айту , бәрі қосылады. |